Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 33 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ал, дүңгендер мен ұйғырлардың мешітінен көз сүрінеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 03:31:13

Мешіттің үлкен есігінің екі жақтауындағы екі босағалық менің назарымды бірден аударды. Қытайдың салты бойынша, босағалықтар нән әріптермен жазылған. Оң жақ босағалықта қытайша былай жазылған екен: 重庆市清真寺管理委员会. Демек, үкіметтің тіркеуінен өткен, рұхсатын алған мешіт. Бұл да дүңгендердің іскерлігі. Пысықтығы. Діні басқа қытай мен тілі бір болғасын да, дүңгендер қытайлармен қалай жұмыс жасау керектігін әбден білсе керек. Ал, мешіттің сол жақ босағалығында қытайша -重慶市伊斯蘭教協會- «Чұңчиң қалалық ислам діні бірлестігі» деп жазылған. Тақтай аздап сарғайған, ескірген, ең бастысы, мұндағы жазу қазіргі қытайлардың заңмен қорғап отырған, дәріптеп отырған «қарапайымдастырылған қытай жазуында» емес, қытайдың ескі жазуында - традициондық қытайша жазуда еді...

Мүмкін, бұл мешіттің өзі тарихи мешіт шығар деп ойладым. Өкініштісі, мешіт жабық болғандықтан, біздің бұл хақында сөйлесуге, имамдармен сырласуға мүмкіндігіміз болмады. Алла несіп етсе, келесі жолы бара жатсақ, анық-қанығын біле жатармыз. Себебі, Қытай жерінде мұндай ескі мешіттерде мен аса көп болдым. Чян Лұң патшаның заманындағы мешіттерде намаз оқыдым...

Қытайдың үкіметі мұсылмандардың өз діндерін ұстануларына осындай мүмкіндіктер беріп отыр. Дүңгендерің де пысық жұрт. Заң рұхсат беретін барша мүмкіндікті ең жоғарғы шекте пайдалана біледі...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 03:56:44

Дүңгендердің қытайлармен байланысы ерекше. Мен бұлардың тарихын арнайы кәсіби деңгейде зерттеген жоқпын. Сол үшін бұлар хақында кесімді сөз айта алмаймын. Қазақтың ішінде үш жүзге жатпайтын қожа деген ру болады. Сунақ деген ру болады. Төре деген ру болады. Дүңгендерді қытайдың қожа руы деп атауға әбден болады. Гендік қайнарына қарағанда олардың келу тегі бірнеше түрлі болса керек. Біріншісі - дін таратқалы келген арабтар мен парсылардың немесе басқа да мұсылман жұрттарының тұқымдары. Әрине, олардың біразы қытай қыздарымен үйленгені шын. Екіншісі - Шыңғыс хан заманында ішкі Қытай мен қазіргі Қытай терістігін, Қытай батыс терістігін айырып ұстап тұрған түркі тұқымды, мұсылман дініндегі жұрттардың ұрпақтарынан алынған әскери қосындардың соңғы тұқымдары болуы мүмкін. Себебі, Шыңғыс хан көбінеки, түркі текті әскерлерден құралған зор қосындар арқылы қытайларды жаныштап отырған, әрі қытайлардың терістік жақ пен батыс жаққа босуының алдын алып отырған. Демек, түркі тұқымды, мұсылман дінін ұстарған әрі қытайларды күзетіп отырған осы бір әскери адамдардың қытай қыздарымен үйлене-үйлене дүңген деген ұлт болып қалыптасуы бек мүмкін...

Тағы бір мүмкіндігі ислам ақиқаты жеткен кезде, Алланың әміріне мойынсұнған таза қытай жұртының өзі болуы да бек мүмкін. Бұл дүңгендерді гүмәндән үкіметі, әсіресе, Шың Шысай қолындағы ойыншық қылды. Шыңжаң тарихнында дүңгендердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дүңгендердің Шыңжаңдағы қазақтармен, ұйғырлармен қатынасы да осы кезде өзгешелеу бір сипат алды. Ашығын айту керек, осы дүңгендердің өзін сол заманда сонау қиырдағы Мәскеу алыстан меңгеріп отырды...

Қысқасы, Шыңжаңдағы барлық ұлттың тағдырын сол заманда қанішерлер шешті. Мәскеудегі қанішер Сталин де, Үрімжідегі қанішер Шың Шысай да. Осы бір қасиетті мекенге көз тіккендердің барлығы шетінен қанқор, жендет, қанішер болып келетіндігі ғажап-ақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 04:18:22

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 04:20 өзгерткен

Шыңжаң тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі - осы дүңгеннен шыққан еді. Аты Мажұңиың болатын. Мұның туған жері Шыңжаң еместұғын, Шыңжаңға көрші Кеңсу өлкесінің Линшя деген жерінікі еді. Мұның Шыңжаңға келуіне ұйғырлар себепші деген сыбыс сөз бар. Анық-қанығы бір Аллаға ғана аян. Себебі, сол заманда Құмылдағы Қожа Няздың Жяң Жиешіге жіберген құпия елшісінің Ма Жұңиыңды Шыңжаңға кіруге уағыздағандығы хақында деректер бар. Демек, бұл дүңгендерді ту сонау Кеңсудан арнайы шақыртқан өзіміз сықылдымыз...

Бір қызығы, 1931 жылы Шыңжаңға кіргенде бұл дүңгеннің айналасында не бары 400 адамдық қана әскері болған екен! Бұл оның бірінші рет Шыңжаңға кіруі еді. Шыңжаңдағы қан төгістер осыдан бастап өзгеше сипат алды...

Бұл хақында ұйғыр тарихшылары мен қазақ тарихшылары «тарихи романдарында» біраз сілтеді...

Ойлы оқырман өзі бағамдай жатар...

Мажұңиың дүңгеннің Шыңжаңға екінші рет кіруіне Жяң Жиеші үкіметі себепші болды. Ол заманда бұл дүңгенді мансап беру жолы арқылы Жяң Жиеші алақанына қондырған болатын. Сонымен екінші рет Шыңжаңға кірген кезде оның қарамағында 6000 адам болды. Дені дүңгендер. Бұл 1933 жылдың қаңтары еді. Көп өтпей, Шыңжаңды мекендеген ақ орыс әскерлері мен «Шығыс Солтүстік Жапонға қарсы тұрушылары» жасақтарына арқа сүйеген Шың Шысай осы жылы көкек айының 12-күнінде Жиін Шу Рынды аударып, Шыңжаң билігін өз қолына алады...

Қазақстан жерінде қазақтарды аяусыз қырғындап, Қытайды паналаған ақ орыс әскерлері Шыңжаң тарихындағы ең бір сұмдық заманның пердесін ашуға осылай түрткі болды...

Қытайдағы қазақтардың қасіретті тарихы да тура осы 12 көкектен бастау алады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 04:47:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 04:50 өзгерткен

Мажұңиыңның соңғы өмірі хақында ешқандай анық дәлел жоқ. Бірақ осы дүңген Шыңжаңды астан-кестен қылды. Бұл шұбасыз шындық. Бірақ өмірінің соңында Кеңес Одағына қашып кетті делінеді. Бірақ оның Кеңес Одағына не үшін кеткендігі ешқашан анық айтылған емес. Бір айтылуларында, оны Сталин үкіметі арнайы түрде Мәскеуге шақырған делінеді. Мәскеуде аса құпия жағдайда соғыс өнерлері бойынша тәрбиеленді деген сөз де бар, біреулер оны осы барыста Кеңес Одағында, Мәскеу маңында әскери ұшақты жүргізуді үйрену барысында өлді дейді. Ал біреулер ондағы «фанисламдық» көзқарастары үшін Сталин оны өлтірді дейді. Әлдебіреулер оны Испаниядағы соғыста өлді дейді...

Бірақ осы дүңген хақында швециялық жаһангер sven anders hedin деген адам шығарма жазып қалдырды. Сол үшін де Мажұңиың Шыңжаң тарихына қызығатын батыс әлемінде аса танымал. Атақты швет жаһангезі Құмыл қаласының сыртындағы құба құмда бұл дүңгенді қапияда кездестіріп қалады. Ол заманда әскерінен де, абыройынан да айрылған Ма Жұңиыңның қашып жүрген кезі еді. Сол үшін де «Жаһангез» 《大马的逃亡》 деген кітап жазып қалдырды. Ма Жұңиыңның оңтүстік Шыңжаңнан 500 мың әскер жинап, күллі Қытайды жаулап алып, Түркияға дейін тұтасқан алып ислам мемлекетін құрмақ болған қиялы осы кітапта айтылады...

Мұнан тыс қытай жазушысы Хұң Кі (红柯) жазған «Батысқа кеткен шабандоз» -《西去的骑手》деген кітап бар. Бұл кітап бір замандарда «Маудұн» әдебиет сыйлығына да ұсынылған болатын...

Я, тарих қашан да осылай жазылады, әркім өз қолайына жарай тарих жазады. Нағыз шындықты бір Алла ғана біледі. Адам жазған тарихта шындық болғаны аз. Мүмкін, жоқ шығар...

Бірақ, бір шындығын айта кету керек, мұсылман дінін ұстанған Мажұңиыңның не үшін айналасына соншама дүңгендерді, дүңген болғанда да қарулы дүңгендерді топтастыра алғандығы біздің ойлануымызға татиды! Бұл да дүңгендердің ұйымшылдығының бір белгісі. Өздерінде ешқашан мемлекеттік құрылымдары болмаған осы бір халық тарих сахнасында осылайша бір мезет жылт етіп пайда болды да жоғалды...

Бірақ қазақтардың осы мезеттегі тарихы кілең қанды қырғындар мен қашулар, босулар болып келгендігі ғажап-ақ! Не үшін?! Мұны да дұрыстап ойлағанымыз абзал! Біз не үшін қырыла бердік?! Біз не үшін өспедік?! Не үшін бізді анау да келіп қырып кетеді, мынау да келіп қырып кетеді?! Осыны бүгінгі барша қазақ баласы дұрыстап тұрып ойлағаны абзал. Себебі, тарих қашан да қайталанады. Тарих - ұстаз. Тарих - ыждағатты ұстаз. Ұстаз қашан да бір өткен дәрісінен сабақ ала алмаған ақпақұлақ шәкіртіне қайталай сабақ өткеннен жалықпайды. Оны Абай ғұламамыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 05:02:51

Бұл Мәскеуге кім келіп, кім кетпеген?! Туған жеріміз Шыңжаңды ту-талақай қылған дүңген Мажұңиың де осы Мәскеуге келген! Мүмкін, мен Мәскеуде жүрген кездерімде тура соның басқан іздерін басып жүрген шығармын! Оны бір Алла ғана біледі!

Бұл Мәскеуге кім келіп, кім кетпеген?! Екі қолы қазақтың қанына малынған Шың Шысай да осы Мәскеуге келген! Қаритадан қарасаң, қиырдың қиырында жататын Мәскеудің біздің тарихымызбен қатысы осындай еді...

Шың Шысайдың Шыңжаң билігіне келуіне Мәскеу төтеден төте себепші болған еді. Қысқасы, орыстың ақ әскері де, орыстың қызыл әскері де қазақтың соры болған еді...

Бұл Мәскеуге кім келіп, кім кетпеген?! Бұл Мәскеу атақты Маузыдұң келген Мәскеу еді. Маузыдұңның біраз ізі осы Мәскеуде қалды. Маудың Мәскеудегі саяси әрекеттері дүние тарихына өзгеше ықпал етті. Мау мен Сталиннің, Мау мен Хрущевтің қатынастары жүз миллиондаған адамзат баласының тағдырын өзгертті. Жүз миллиондаған адамзат баласының тағдыры осы күн көсемдердің арасындағы «көсемдік дипломатиялық» байланыстар аясында шешіліп отырды...

Иә, бұл Мәскеуге кім келіп, кім кетпеген?! Мәскеуде күлтегіннің «халық жазушысы» Жақаңның да ізі қалған...

Әй, Мәскеу-ай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 11:30:51

Шың Шысайды манзулердің өзіне телитін қисыны бар. Оған екі себеп болса керек. Бірі - ол шығыс терістік адамы. Шығыс терістік пен Бейжіңнің басым көп санды тұрғындары мәнжулер болып келеді. Қазіргі күнде бұлардың басым көп сандысы өздерін қытай атағанымен, оның өзі Сұн Ятсен төңкерісіндегі қырғындаулардан аман қалудың амалы ғана еді. Онан соң мәдениет төңкерісінде де мәнжулер қатты соққыланды. Сол себепті басым көп сандысы қытай болып өмір сүрудің тыныш екендігін етінен өтіп, сүйегіне жеткенше анық түсінді. Бұл - бір. Екіншісі Шың Шысай сол замандағы манчиң ұғымы бойынша чирын (旗人). Яғни, байрақтылар. Бұл шүршіттің арғы замандағы көсемі Нұрқаштан қалған жол. Шүршіттерді сегіз байраққа (сегіз руға) бөлген. Бұл сегіз байрақтылар шүршіттердің сегіз руы сынды болған. Шындығында бұл дәстүр қазақтарда да болды. Қазақтың үш жүзге бөлінуі де осындай әкімшілік басқарудың қажетінен туындады. Бірақ ескі шежіреде мұны үш жүзге енген қазақтың ірі руларының туыстық қатынасы арқылы түсіндіреді, міне, бұл да көшпенділерде сонау есте жоқ ескі замандардан қалған бір ортақтықтың белгісі болса керек. Бірақ, бұл чирын дегендері де Чиң патшалығының соңғы замандарында қытайлардан да алынатын болған. Сондықтан, Шың Шысайдың қытай болуы да бек мүмкін...

Шындығы бір Аллаға ғана аян. Егер ол өзін Манжу деген болса, Сұн бастаған, Жяң қостаған қытай төңкерісішілері ішінде қақпайға ұшырауы да бек мүмкін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 20:10:00

Шың Шысайдың Шыңжаңды билеуіне Кеңес үкіметінің төте көмегі болғанын жаздық. Егер Кеңес үкіметінің төтелей қарулы көмегі болмағанда, Шың Шысайдың Шыңжаң билігін қолына алуы мүмкін емес еді. 1931-1933 жылдарда қазақ халқы бір ғана Қазақстанның өзінде төрт жарым миллион адамынан айырылды. Жан саны ғылымы ғалымдарының есептеуінше, егер қазақтар осыншама мол адамынан айырылмағанда бұл күнде қазақ халқы ғаламдағы ірі халықтардың қатарында тұратын еді. Бір есептеулерде, егер осы екі жылдағы қырғындар болмағанда, қазақ жұрты 50 миллион шамасында болар еді дейді. Бірақ бұл жай ғана есеп қой. Бұл жылдардан тыс, осыдан бес жылдан соң жүргізілген 1936-1937 жылдар арасындағы қуғын-сүргін заманында қазақтың барша игі-жақсысы орыс қолынан қаза тапты. Бұл тарихтың шындығын Қазақстан ғалымдары енді-енді ашып келе жатыр. Ал, осы жылдар шамасында Қытайдағы қазақтар да қанды қырғындарды бастан кешірді. Шыңжаң қазағын қанды қырғындарға бөктірген Шың Шысайдың таққа келуі, Шыңжаңды жеке дара билемек болуы - сол замандағы Кеңес үкіметінің тікелей араласуымен ғана іске асқан болатын. Бір ауыз сөзбен айтқанда Кеңес үкіметі Мәскеу билігі қиырда жатып алып, Шыңжаң халқының тағдырын шешіп отырды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 20:29:24

1936-1937 жылдар арасындағы қырғындардан соң, 1939 жылы ғаламдық екінші соғыс басталды. Кеңес үкіметінде бұл 1941 жылдан басталды. 1941-1945 жылдар арасында Кеңес әскері құрамында болып өлген қазақтардың саны енді-енді дұрыс анықталып келе жатыр. Гитлердің сарайына Кеңес туын қадаған адамның қазақ ұлтынан шыққанын осы бертінде ғана орыстар әзер дегенде мойындады. Оның тегі Қошқарбаев еді. Бір қызығы, «о» дыбысын «а» деп оқитын орыстар оны Қашқарбаев деп атаған-ды. Мұның өзі де қарапайым күстабан жұрт арасында әлдебіреулердің оны өздеріне теліп, қазақ емес дегісі келгендеріне себеп болған-ды. Бірақ тарихи құжаттар, дәлелдер ақырында оның Қашқарбаев емес, қазақтың Қошқарбайы екенін дәлелдеді. Осы соғыста Қазақстан қазақтары қырылып жатқанда, Шыңжаңдағы қазақтар да бейбіт-тыныш өмір сүре алған жоқ. Дүңген соғысының өзі қазақты ойсыратып кетті. Ілені билеген дара билеуші Жаң Пей Юан мен Кеңсудан келіп Үрімжі шығысын, Құмыл, Тұрпанды жаулап алған дүңген Мажұңиың, Үрімжі қаласын меңгеріп отырған Шың Шысай үшеуі шын мағынасында Шыңжаңды үшке бөліп билеп тұрған заман болатын. Қара қазақтың қолында қаруы жоқ, басында билігі жоқ еді де, бұлардың қолында қару-жарақ бар еді. Сонымен ешқандай халықаралық күш қорғамайтын, не өзінде саяси билігі жоқ қазақ халқы милитаристердің ашса алақанында, жұмса жұдырығында еді...

Бұл замандар туралы біраз тарихи романдар жазылды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 20:34:19

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 20:51 өзгерткен

Бұл жылдар қазақ халқы үшін Қазақстанда да, Қытайда да, Мұңғұлияда да ең ауыр қасірет жылдары болып қалды. Осы үш елде бөлініп жасаған қазақ халқы осы жылдар арасында алапат апат ішінде жасады. Ұлтымыздың ең сапалы гендік қорынан айрылдық. Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан қазақ қауымының ақсүйек нәсілінің басым бөлігі құрып кетті. Қанды қырғындар мен ұлттық, нәсілдік қырғындар себебінен қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы жетістіріп шыққан, табиғи сұрыпталған, ұлтымыздың қаймағы - ақсүйектер қауымы осы кезде тұтасқа жуық құрып кетті. Ақ орыс құртты, ақ орыстан қалғанын қызыл орыс құртты. Қызыл орыстан қашқанын Қытайдағы дара билеуші қытайлар құртты. Біразін Кеңес Одағына қайтарып берді, оны орыстар шекара асар-аспастан құртты. Осының барлығынан аман-есен қалғанын мәдениет төңкерісінде өзіміз құрттық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 21:12:35

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 21:46 өзгерткен

Осы замандық оқу-тоқудан аздап сауаты бар адамдарға жоғарыда айтқандарымыз өте түсінікті сөздер саналған болар еді. Атам қазақ баяғының баяғысында-ақ нәсіл деген ұғымды білген. Жүзден озған жүйрігі мен мыңнан озған тұлпарын қалай жетілдіріп шығуды қазақ баласы білген. Мұнысын өзі баптаған мал түлігіне ғана емес, ұрпағына да қолданған да. «Қатын алма, қайын ал» дегенінің өзі де болашақ ұрпағының сапалы болуы үшін, баланың ана жұртының да маңызды екендігін, шығуы мен тегіне қараудың қажеттілігін білгені. Мұны бұл заманда кейбір тоғышарлар қайын жұртының бай-бақуатты болуымен ғана түсінеді, ол шалағай түсінік болған болар еді. Қазақтың «қатын алма, қайын ал» дегендегісі шыққан жеріне, өскен еліне қарап қызын ал дегені еді. Қазақ мұны «үйдің жақсы болуы ағашынан, жігіттің жақсы болуы нағашыдан» деп те айтқан. Қазақта бұған қатысты мақал өте көп. Қысқасы, атақты Біржан салдың ұлы Абаймен қоштасарда шығарған атақты әні «жиырма бесте» айтылғандай:

-Жабыдан жүйрік шықпас баптағанмен,

Жаманнан жақсы шықпас мақтағанмен,

Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,

Алтындап томағасын қаптағанмен,-

дегендей еді. Қазақта нәсілге қатысты мұндай ұғымдарды айта берсек сан жетпейді...

Осы заманда сапалы тұқым, сапалы сұрып жетілдіру үшін ғалымдар ұзақ жылдар бойы еңбектенеді. Сапалы күріштерді өзара шаңдастырады, онан сапалы ұрық алып, оны тағы да өзгеше қасиеті бар басқа сұрыптармен шаңдастырады, сөйтіп ең сапалы күріш жетілдіреді. Бұған аса күрделі барыс кетеді. Ұзақ уақыт кетеді. Нәсілді жылқы дегенді де осылай жетілдіреді.

Аузымен құс тістеген тұлпарды қойшының жаман мәстегімен ешқашан қоспайды да.

Міне, бұл табиғаттың ғылымы еді. Жабайы, ұсақ алманы жетілдіре жүріп, адамзат баласы қазір небір сортты алма тұқымын өсіріп шықты. Бұл салада айта берсек, таңды таңға жалғармыз.

Бір ұлт та жаңағы біз айтқан сұрып, сорт мәселесі бойынша өмір сүреді. Ұлттық буржуазиясынан айырылған ұлттың көгергенін, көктегенін көрген емеспін. Ақсүйегінен айырылған ұлт құруға бет алады. Осы күндегі орыстың, осы күндегі қазақтың тез арада оңала алмай отыруы да сонан. Себебі, ғасырлар бойында, мың жылдықтар бойында қалыптасқан ең сапалы, ең білімді адамдар тобынан, ақсүйектер жігінен айырылған еді...

Бұл бейне, дәні ұсақ, дерт-дербезге қарсылық қуаты төмен, қақаған аязға төзімсіз, өсімдік ретінде барлық көрсеткіштері бойынша нашар саналатын бидайдан немесе күріштен тез арада дәні ірі, өміршеңдік күші жоғары, дерт-дербездерге қарсылық қуаты жоғары, аязға төзімді, сақтауға қолайлы, өсіруге ыңғайлы бидайдың немесе күріштің сапалы сұрыпын, жоғары сортын жетілдіріп шығудың қиындығымен парапар еді.

Иә, адамдарды жансыз, рухсыз өсімдікке теңегеніміз әшейін мысал үшін ғана еді. Егер бұған айрандай ұйып сенсек, Дарвин шатпақтарына сенген болар ек. Онан құдай сақтасын. Адам баласының малдан, жануардан айырмасы оның ақылында жатыр, Алла тағала бізге таңдау еркін берген! Жақсылықты да, жамандықты да өзіміз таңдаймыз. Біз Алланың тағдырына сеніп, иман келтіреміз, Алла берген ілім-білім бойынша талдау жасаймыз. Қателік жасамайтын адам болмайды. Дана да қателеседі. Нағыз ақымақ бір қателігін екінші, үшінші мәрте қайталай береді, ақылды мен ақылсыздың айырмасы осында. Еврей нақылымен айтқанда, «сүрінбейтін адам болмайды, барлығы сүрінеді, тек ақымақ қана бір жығылған жеріне екінші рет жығылады»...

Ұлт та жеке адам сықылды. Ұлт та тұтас ұлт ретінде адасады, тұтас ұлт ретінде жығылады. Ұлт та тұтас ұлт ретінде таңдау мәселесінде адасады. Ақылды ұлттар ғана дұрыс таңдау жасайды, сонысы арқылы өседі, өркендейді. Ақымақтар бір қателігін ғасырлар бойында қайталай береді. Ең соңында, тұқымы құриды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:14:02

Сталиннің түпкі мақсаты - Жүңгоны бөлшектеу болатын. Қытай жұрты орыстардан өмір бойы тепкі көріп келді. Орыстар ту сонау Мәскеу княздығынн күрт зорайып, шығысқа кеңігеннен бастап, бір шеті Қытайға келіп тиіскенге дейінгі аралықта, арадағы барша түркі жұртын қынадай қырумен ғана болды. Соры қалың түркі жұрты соншама ұланғайыр жері, мыңғырған малы, шалқыған байлығы, өскен басы, жер қайысқан адамы, құжынаған шаһар-қалалары бола тұра, өздерімен шамалас орыстар алдында қауқар көрсете алмады. Екі себеп. Біріншісі: олардың өзара берекесі болмады. Бірлесіп, ұйымдасып, орысқа қарсы тұра алмады. Орыстар бұларды жеке-жеке халде қалпақпен ұрып алып отырды. Екінші себеп: түркілердің барлығы да от қарудың жоқтығының зиянын шекті.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)