Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 29 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Біз сонау Сталин заманында барлық зиялысын, барша ұлтжанды азаматын, барша көкірегінде ожданы бар жігітін «жапонның шпионы, халық жауы, ұлтшыл, байшыл, Советке қарсы» деген сан айдар тағып, арызды қарша боратып, орыстың қолымен қырғызып тастаған жұртпыз. Кем дегенде, жақсысы жалаланып кетіп бара жатқанда араша түспек түгілі, жеке бастық араздығы үшін ішінен «шоқ-шоқ» айтып қалған сорлы жұртпыз. Біздің зиялы қауымымыздың бейшаралығы да сонда, олар ішкі-сыртқы себептер салдарынан, ұзақ замандық бодандық-құлдық қамыт себебінен, тағы да басқа себептер себебінен, ұлт мүддесі хақында ортақ ұйысудан гөрі, қожалары беретін мансап пен қызметті артық көрген. Біздің нағыз ұлтшыл зиялы жігіміз, ұлтшыл буржуазиямыз қалыптаспаған жұртпыз. Біздің зиялымыз өзінің қарын мәселесін шеше алмай жүр, қоғам соған кіріптар еткен, санасы да салданған, ұйыса алмайды. Ал осындай жағдайда ұлтымызды құтқарудың жалғыз ғана жолы-қазақтың салданған санасын емдеу ғана еді...

Ал біз осы сананы сауықтырушыларымызды қаралауға келгенде алдыға жан салмаймыз...

Кей бауырларымыз еш дәлел, еш фактсы жоқ жағдайда, дымды білместен олардың сыртынан бал ашады. Карта ашады. Бақсылық болжам жасайды. Оларды біртұтас әсіре діншілдерге, уаһабшыларға жатқызады.

Болжам айтуға әркім құқылы, ал болжам исламдық, имандық тұрғысынан қарай алатын азаматқа ғана салмағы болмақ. Біздің жеңілдікпен жасай салған болжамымыздың артында бірнеше немесе бірнеше топ азаматтың жекелік тағдыры ғана жатқан жоқ, тұтас қазақтың тағдыры жатыр. Сопыға алданған, барша сопысын радио мен телеарнадан сарнатып қойған, артынан онысының қатерлі саяси топ екенін аңғарып, сметолласын, Саят Ыбырайын ұстаған қазақ үкіметі ендігіде дін мәселесінде өте сақ болмақ...

Бірақ бұл сақтық жақсы зиялы азаматын ақ-қарасын айырмай жатып күстаналау негізінде болмайды.

Бет-бетімен тидаусыз кеткен, ғаламның барша оңды-терісті діндерін, нанымдарын, шайтани шатпағымен қоса илаһи ақиқатын қоса астанаға жинап алып, сонысына жат та кеп мақтанатын біздің тоғышар билік ендігіде осы бір туындаған келеңсіз оқиғалардан соң жауырды жаба тоқитын ауруынан немесе ашық күнде ұйықтамай жатып түс көретін қиялилығынан арылуы мүмкін...

Нобел сыйлығынан дәмеленген сырқат сана осы бір шошыныс пен сілкіністен соң басқаша ойлау жүлгесіне енуі мүмкін...

Иә, барлығы да құдыреті күшті бір ғана Алланың қолында. Халқымыздың қандай өмір сүрмегі халқымыздың ниетіне байланысты. Алланың ақиқатына нанар болсақ, біз өз ішіміздегілерімізді өзгертпейінше, Алланың бізге беретін нығыметінде өзгеріс болмақ емес! Ниетіміз қалай болса, тағдырымыз солай болмақ.

Алла қаласа, күні ертең-ақ біз ғаламдағы ең еркін, ең дамыған, ең тыныш, ең берекелі, ең бай, ең бақуатты, ең сауатты, білімді, ғылымды елге айналуымыз бек мүмкін. Барлығы да Алланың қалауында. Кім нені қаласа, соған қолын жеткізбек.

Мұсылман жамағаты – екі дүниенің қамын қатар жасайтын қауым. Бұл дүниенің тірлігін, қызығын о дүниеден жоғары қоюына да болмайтын. Сонымен қатар о дүниенің қызығы деп бұл дүниенің қаракетін тәрк етуіне болмайтын жамағат. Қашан да Алла деген ел адаспақ емес. Қысқасы, мына дүниедегінің барлығы бізге сынақ қана. Сен маған, мен саған сынақпыз. Сөз тәмам.

Құдыреті шексіз Алла Тағала барша қазақ баласына береке мен бірлік бергей! Барша қазақ баласының жүрегін иман нұрымен нұрландырғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Бәле-жала бізден аулақ болғай!

Қандай адамдарды мүгедек саналылар дейміз? Санасы ту бастан батыс ақпараттарының жетегінде кеткендер. Олар үшін алғанда Ауғанстанның қазіргі жағдайы олардың мұсылмандығымен қатысты екен! Қандай сорақы көзқарас! Қандай сауатсыздық! Шындығында сорлы ауған халқы бірі орыстың, бірі Американың саяси ойыншығы болып отырған жоқ па?! Ең қарапайым осыншалық нәрсені түсінбеген адамдарға не айтарыңды да білмейді екенсің! Алғашында озбыр орыс басып кірді оларға. Бейшара халық олармен жан беріп жан алып алысты. Аянған жоқ. Сосын, орыс шегініп шықты, онан соң Америка кірді. Ауғанның соры да оның өте маңызды жағрапиялық орнында еді. Себебі, ауғанды контрольдаған мемлекет бір жағынан кіндік Азиядағы ТМД елдеріне ықпалын жүргізе алса, бір жағынан Қытайға, Пәкістанға ықпал жасай алатын еді. Ең маңыздысы, ауған арқылы Иранға ықпал етуге болатын еді...

Ауғанның маңызы аса жоғары еді. Сол үшін олар қашан да батыс алпауыттарының ойыншығы болып келе жатқан еді...

Батыс алпауыттары қуатты мемлекеттік қуаты арқылы, әскери күші арқылы өзімен бірге христиандандыруды, өз діндеріне шоқындыруды, иеһоваға табындыруды қашан да бірге ала жүреді. Олардың бұл әрекеті Жапонияда, Кореяда өте табысты түрде іске асты. Бұл күнде жапоның да, корейің де батыстық діндердің шылауына мейлінше батты. Сонымен қатар шығыс халықтарына тән барлық биязы, ұятты қасиеттерінен айырылып, батысша тыр жалаңаштанып шыға келді...

Бірақ Батыс отаршылдарының іске асыра алмаған бір ғана ісі болды. Олар бір нәрсені анық білді, ислам елдерін өзге исламда емес елдер сықылды рухани жағынан жаулап алудың мүмкін еместігі еді. Ислам - батыс отаршылдары бұза алмайтын ең берік қамал еді. Сонымен, олар исламды қаралаудың, күстаналаудың жолына көшті. Өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, барлық күшін жұмсай отырып, ислам атын жамылған терроршыларды жетілдіріп шықты. Ислам атын жамылған секталарды өз итаршылары арқылы жетілдіріп шықты. Себебі, Ауғанда бейбітшілік орнаса, АҚШ әскерінің онда тұруына еш себеп жоқ еді. Ирақта да қырғын толастамауы керек еді. Болмаса олардың онда тұруына себеп жоқ еді. Сондықтан қырғыз да солай болды. Шындығында мұның барлығын олар исламға жаба салады, мақсаттары сол. Ал біздің адырақбай һәм мүгедек саналы күшіктеріміз батыстағы қожаларының айтағына қосыла, мұнда сен-қазақта үруге ешқашан да жалықпайды...

Айтаққа үре жөнелетін мұндай мүгедек саналыларды бірнеше топқа бөлуге болады.

Бірі - мақсатты түрде исламды қаралайтындар. Олар үшін алғанда, исламды қаралаудың барлық мүмкіндігін пайдаланып қалу керек. Айдалада біреу оқ атса да, айдалада біреу мен біреу құқық мәселесіне бола бір саяси актге барса, мұның барлығын олар исламды қаралаудың құралы ретінде қолдана қалудан ешқашан бас тартқан емес. Сол арқылы ақиқат діндегі ирадасы әлсіздерге исламды жаман көрсету арқылы исламнан алыстату болатын...

Екіншісі - үзақ уақыттан бері, өзі оқыған-тоқыған жалаң ақпараттық «ми жуулардың» кесірінен, дербес ойлау қуатынан айырылған мүгедек саналылар еді. Бұлардың өзі екі түрлі еді. Бірі - олар исламнан хабарсыз еді. Исламға жаттардың ұзақ жылдардан бергі ақпараты нәтижесінде, олар исламды батыстың көзімен немесе атеисттердің көзімен ғана көре алатын еді. Қай көзбен көрсін, өз көзі емес еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 21:07:02

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-6 09:16 өзгерткен

2350-қабатта сен-қазақтағы сол мақала және ондағы оқырмандардың сұрауларына берген жауабым тұтасымен берілді. Қазақ торлары бірі ашылғанда бір жабылып тұратындықтан, бір күн ауру, бір күн сау жағдайда оқырмандар тауып оқи алмай қалмасын деп, үшбу сапарнамаға қостым. Айыпқа бұйырмаңыздар. Қағазға бастырып алатындар болса, оларға да қолайлы болар еді.

Бір бауырым маған оқырман сұрақтарына қайырылмай, шығармамен ғана болуымды айтады, диалогты қалай қоярмын, біреу сұрақ қояды, біреу бірдемені түсінбей қалады. Ал, біреу мені уаһабсың дейді. Онсыз да Қазақстанда бірін-бірі уаһаб деп шағып, түрмені толтырып жатқандардың дені мұсылман қазақтар. Сыртынан біреудің басына бәле тауып беру оңайға айналған заман болды. Сақшыға барып оны уаһабист екен десеңіз болды. Жұмысынан да қуылады, оқуынан да қуылады, қысқасы басына бәле үйіледі. Сол үшін өзімді оқырмандар қате түсінбесін деп, өзімнің ұстанған діни жолымның қандай екендігін жұртқа түсіндіру үшін жоғарыдағы диалогтарға бардым. Амалсыздан. Болмаса, мен арқылы кем дегенде, зина мен арақ-шараптан, серік қосу күнәсынан арылып келе жатқан бауырларым, мені уаһаб екен деп, менен шошынып жиреніп жүрер. Алла онан сақтасын. Біреуді біреу уаһаб деу оңай ғой, бірақ Қазақстанда, Өзбекстанда қазір бұл сөз, осы бір ауыз сөз жан алатын ажалға айналды. Өмірді қор қылып жіберетін, барлық бақытынан айырып, адам емес, малдың өзі тұрса да құрып кететін Кеңес түрмелеріне тоғытып жіберетін болды!

Ей, мұсылмандар, береке мен бірліктен айрылмаңдар. Біріңді-бірің қараламаңдар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 21:51:03

Бүгінгі қазақ, бүгінгі қазақ зиялылары бірін-бірі шұқығанды доғаруы керек. Біз арақкеш қазақтың арағын қойдыра алмай отырған жұртпыз. Дінге келген қазақтар арақ-шарапқа қош айтуда, нәтижесінде қазақтың жан саны да өсіп келеді, ұл балалар көптен туылып жатыр, Аллаға шүкір, қаракөздеріміз тізесін құшақтап, жалғыздықпен өмірін өткізбейтіндей болды, бірден - жан санымыз артты, екіден - ұлымыз бен қызымыздың арасындағы тепе-теңдік баяғыдан бері қатты бұзылған еді, енді бұл ұл-қыз балалар арасындағы орташа тепе-теңдікке бара жатыр, мұның арақпен қатысы зор еді. Туылған ұл балалардың 40 жасқа дейін арақтан, арақ арқылы туылатын қылмыстан, қатынас шырғалаңнан өлуі өте жоғары еді. Мұсылмандыққа бет бұрғасын, бұл көрсеткіштер азайып келе жатыр. Аллаға шүкір.

Міне, исламның қазаққа бергені. Біз зинақор шалдарымыз, билік ұстаған зиялы қауымымыз зинақорлықты махаббат деп әспеттеп жыр жазған елміз. Сыраға арнап ән шығаратын мұсылман жұрты біз ғана болармыз. Жастарымызды арақ пен шараптан, онан туылатын сұмдық апаттардан құтқара алмай жүрсек, «көтерейік, қане достар, мол бақыт үшін» деп жыр жазатын, айтатын елміз. Енді-енді ғана есіміз кіріп, оң-солымызды тауып келе жатсақ, дұспандарымыз біздің арамызға от салуда...

Алдымен қазақтың діншілдері мен қазақтың ұлтшылдары арасында жік пайда болды! Онан ұлтшылдардың өзі жүздеген жікке бөлініп кетті! Ұлт мүддесі айдалада қалды! Міне, біздің зиялы қауым деген жұрттың сиқы!

Кеше «ұлы дала» құрылды, онан бір күн бұрын Мұхтар Шаханов бастаған топ «Қазақ тіліне қолдау» ереуілін өткізді. Кешегі «ұлы дала» құрылмай жатып, Мұхаңа найзасын кезеп үлгірді. Мүмкін, ішіндегі жекелік біреуінің ғана көзқарасы шығар. Қысқасы, ұлт мүддесінде басымыз ешқашан бірікпейтін, бірімізді-біріміз ешқашан мойындамайтын, бірімізді-біріміз кешіре білмейтін, бірімізді-біріміз шұқудан жалықпайтын, бірақ шұқу емес, найзамызды, қылышымызды алып күресуге тиісті жауымыз босағамызға келсе, оған төрімізді беретін қазақ деген халықпыз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 23:07:13

Уағалайкум ассалам, Ердоға бауырым! Алла разы болсын!

Сенімен толық келісемін.

Діни білімі төмен, бақсы мен молданы айыра білмейтін, шірік күнәсына белшесінен батқан, зинаның зиянын білмейтін, арағын тастай алмай жүрген, арақсыз тойы болмайтын Қытай қазағының алдында біздің, Қытай қазақтарының аузында иманы бар, кәлимаға тілі келетін бес тал азаматы көзқарасымызды дұрыстап алайық. Алдымен осындағы бауырларымызды дінге шақырып алалық. Арағын тастаталық. Зинадан қашыралық, бақсыдан алыстаталық, Аллаға серік қосудың ауыр күнә екенін білдірелік. Кем дегенде, он жылға дейін осының өзі Қытай қазақтарына жетіп асады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-6 10:10:24

Бүгінгі қазақтың барлық қасыреті - отарлаушылар жағынан аямай сіңдірілген бастағы құлдық санадан. Бұл құлдық сана мемлекет құрып отырған, егемендігін алып отырған Қазақстан қазағында да бар, Қытайдың қарашасы болып отырған Қытай қазақтарында да бар. Егемен қазақтың бойында орыс отарлығынан қалған қалдығы қалды, көбі кетіп, азы қалды. Бірақ сол азының өзі намысыңды өлтіріп, санаңды салдандырып, рухыңды жаншып, жүрегіңді езіп жіберетін шамада. Ал Қытай қазағындағы құлдық сана - қожасына жақпақ болған бейшара құлдың жағымпаз, жампой, жәутеңкөз сорлылығы. Әр жердің қазағының бойындағы осындай құлдық сананы көріп, біліп, қаның қайнап, көкірегің қасыреттен қарс айырылмай қалмайды! Қайтейін, қазағымның басының біріге алмай тұрғаны да сонан. Азаттық алғанына 20 жыл болса да, бірі ары, бірі бері тартып, бір шаңырақтың астына берік топтаса алмай тұрған қазақ баласының бүгінгі халін басқа ешқандай себеп-сылтаумен түсіндіре алмайсың!

Қазақстан қоғамындағы қазақ зиялыларының арасындағы басты қайшылық та осыдан туындайды. Бір бөлім қазақтар ұлтшыл болғанымен, саналары әлі бодандық уынан айықпаған, Мәскеуге жалтақтағыш болса, бір бөлім қазақ зиялысы орыс тілінен айырылса, қазақ мылқау болып қалады деп сенеді. Еш күмәнсіз сенеді. Кеңес кезінде орыс пен Қытайдың арасы салқын болған қырық жылда, әсіресе, орыс-қытай Қазақстанның Алматы облысы аумағында, Қытайдың Шәуешек, Бұраталаға аймақтарына шектесетін Қазақстанның Жалаңашкөл деген жерінде, Қытай жақтағы Теректі деген жерде қанды қырғын соғысқа барған кезде Кеңес Одағы осы оқиғаны қазақтардың санасына мықтап тұрып ұялатқанды білген. Ұялатқанда да мықтап тұрып ұялатқан. Қара Қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей болар деген мақалдарды жасап шығарған. Демек, Қытайдың қырғынынан қазақты құтқарып қалушы орыс екен! Міне, құлдық сана! Осы санада осы күнге дейін жүрген қазақ қаншама! Құдай-ау, орыс қазақты жаны ашығанынан құтқарайын деді ме? Мұны ойлаған адам бар ма? Қазақ үшін орыс кім, қытай кім? Міне, орысқа бір бүйрегі бұрып тұратын қазақтардың санасына орыстар осыны әбден сіңірген! Орыс - біздің қамқорымыз, орыс біздің құтқарушымыз, орыс біздің ағамыз, орыс біздің жағамыз, орыс біздің күніміз, орыссыз таң атып, күн батпайды, міне! Сонда орысы жоқ ел қалай күн көріп жүр екен деші! Кейде орысы жоқ елдерге жаның ашиды, мал құсап, сорлы, бейшара халде жүр ғой деп ойлап қаласың.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-6 10:15:01

Ал, Қытай қазақтарындағы құлдық сана хақында осыдан тұп-тура он ай бұрын, ашығын айтқанда, 2011 жылдың бірінші айының 12-күні мен бір шығарма жазып, оны қазақ сайттарында жариялаған едім. Сен-қазақ, күлтегін, парасат, бозбала, мүмкін басқа да қазақ тораптарында көшіріліп жарияланды.

Жалғамасы: Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid=11766

Тақырыбы: «Қожасынан ұялып жүрген құлдарға жұбату немесе Қытай қазақтарындағы құлдық сана»

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-6 10:17:32

Енді осы шығарманы осы араға кірістіре кеткенді жөн көрдім. Қасыретіміздің, қайғымыздың бастауы санамызда екенін білсек, диагнозын айырған науқас адам сынды боларымыз хақ. Ауруымыздың не екенін білсек, сауығудың қарекетін қылармыз, иншалла. Кем дегенде ауруымызды емдеп, біржолата жаза алмасақ та, онан арман ушықтырып, онан арман асқындырып алудың алдын алатын болармыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-6 10:23:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-6 10:52 өзгерткен

«Қожасынан ұялып жүрген құлдарға жұбату немесе Қытай қазақтарындағы құлдық сана» хақында туралы қалам тербеу көптен ойымда жүрген мәселе болатұғын. Бейне Мұхтар Мағауиннің «Ұлтсыздану ұранын» қаншалық ашына отырып оқыған болсам, соншалық ашына отырып осы мәселені қозғағым келеді. Бі, қолында 5 теңгесі артықтау бес тал қазақ шамамыздың жетісінше, Қазақстан мен Қытайдың екі ортасында ары-бері шапқылаған болып жүрміз, өзімізше көз аямыз ашылған құсап, жалғанды жалпағынан басқан құсап жүргенімізге де он жылдың жүзі бола қойған жоқ болатұғын. Онан бұрын «Ай мен күнді біле алмай, отырамыз ырғалып» болатұғын жағдайымыз. Мәдениет төңкерісінің салған зардабы қытайлардың санасын қаншалықты салдандырса да, күн өте бұл қауым сақайып, есін жинап алған болатұғын, оған өз қолындағы ақпарат құралдары да, құжынаған зиялы қауымы да себепкер болар, ал Маудың төрге ілінген суретін алып тастаудан әліге қорқып жүрген қазақ қаншама?! «Арты бірдемеге соғып жүрмесе игі еді» деп өз-өзінен қуыстанған құндақтаулы адамдарымыздың қаншалықты мол екенін білсек-ау. Апанасидан күні-түні алаңдаған Беликовтарды қазақ арасынан молынан тауып аларыма еш күмәнданбаймын да...

Кейде осы ойлап қаламын, осы атышулы бәле бүкіл Қытайдың халқының ішінде, осы біздің қазақ деген халықтың ортасында аса бір сойқан деңгейде жүрді ме екен деп. Болмаса, өзіміз бір соншалықты деңгейдегі шаш ал десе, бас алғыш сорлы тобыр ма ек соншама?! Әйтеу, бір сорлы қалпымыздан жазбаймыз да қаламыз, жәутеңдеп, жетім баланың қалын кешкен жұпыны, жұтаң, жәутең қалпымыз осы!

Қожамыздың мүсіркеуін, жан ашытуын күткен мүсәпір бейне! Алыптың артын күткенді ақыл десек те, заманынан құр қалған топастығымызды не дерміз?

Қазақстан шекарасы алғаш ашыла салғанда, оның есігін алдымен біздің қазақ ашқан жоқ, қызығын алғаш көруші де біздің қазақ бола қойған жоқ. Әрине, алғашқы қызуын, алғашқы тәттісін өзгелер көрді, ол жақта да, бұл жақта да...

Ел дербес болып, сауда деген нә

Бұл жақта шетке шығып сауда істемек түгілі, шеттегі туысын, бір туған аға-бауырын іздеуге біздің қазекең тұп-тура араға өнеше жылды салып жіберіп барып, кешігіп барып лап қойды...

Оның өзінде де жан-жағына қарай-қарай, алаңдай-алаңдай. Паспорт жасатсам мемлекет сатқыны болып қалар ма екем деп алаңдай отырып кірісті біздің қазекең! Қазақстанға барып, туысымды көріп қайтып келсем, мемлекет шекарасынан кіргізбей қоймас па екен дегендей, қорқа-қорқа, қусырынып, тартынып, қожасынан ұяла жүріп, партияға, Отанға деген адалдығын айта жүріп кірісті біздің қазекең. Ал бұл кезде шекараның саудасы қыз-пыз болып жатқан болатұғын! Жә, оған бола өкінбелік, Алланың берген ырыздығы сол дерміз...

рсені халық енді біле бастағанда, Қытай дейтін мемлекетпен Қазақстан дейтін мемлекет өзара шекара саудасын жасай бастағанда, осы майлы жіліктің кемігіне дейін сорып алған, оның алғашқы қызығын көрушілер, Қазақстан жақта қазақ болмаған болатұғын! Ол жақтың қазағы ол заманда сауда дегенді білмейтұғын! Біреу сауда жасаса менсінбейтін, саудагерді алдамшымен қатар көріп, оны мүсіркейтін көзқарас ол жақта сол кезде аса басым болғандығын ағаларымыз бұл күнде күлкі ретінде айтып отыратұғын. Ал, соның арты не болды?! Қазақ саудагері ақырын-ақырын ес жиды ол жақта. Ала дорба арқалаған бір қауым, жаңа қауым, жас қауым пайда болды ол жақта. Ал, бізде ше?! Бізде бұл тұп-тура он жылдан артық уақытқа кешігіп барып пайда бола бастады. Бұл кезде бастауын бізбен қатар бастаған өзге ұлт әлдеқашан қоңданып алған болатұғын! Біз асықпай, «ақырын жүріп анық басып» жүргенде, өзгелер қарбыта асап, қамтып қалған болатұғын...

Бұған да шүкір, ата-бабасынан тиын санауды ар көрген арда өскен халықтың ұрпағы аз ғана уақыт ішінде өзгеше бір қауымын жетілдіріп үлгірді...

Сосын қазақтар паспорт бітіргіш бола бастады...

Шетке шыға бастады, шетелге шығып келсе, қылмыскер болмайтынын біле бастады. Онсыз да Отанына адал, компартияны құлай сүйген жуас қазақ қорқа-қорқа жүріп, Қазақстандағы туысына барып келіп, оларды мұнда шақырып, мәре-сәре бола бастады...

Сосын бір жазушымыз ол жаққа барып «келмей қойыпты» деген өсек гу ете түссін! Бүкіл қазақ көзі бақырайып, жүрегі дүрсілдеп шошынып қалсын! Бітті дей бер, құрыған деген осы дедік! Абройымыз айрандай төгілген құсап, бір адамға бола бүкіл қазақ кінәлі болған құсап, бейне қонаққа барып төсекке сиіп қойған ересек тартып ес білген шыжың баланың халін кештік. Барса барсын-ау, қайтпай қойғаны несі деп жазғырдық ол кісіні! Ашығын айтып баспасөзде ұран салмағанымен, біраз қаламгеріміз басын көтере алмай қалған құсады, ауыл үйдің өз ортасындағы күбір-сыбырда мұны бір үлкен сатқындық ретінде бағалап, шошына сөз етісті...

Сөйтсек, біздің ол жазушымыздың «қашып кеткеніне» бола ақырзаман орнай қоймайды екен, оған да ақырын-ақырын көзіміз жетті, күн баяғысынша шығыстан шығып, батысқа батып жатты...

Сөйтсек, ол ағамыз қашпай-ақ, заңды түрде, өз еркімен, халықаралық заңнамаларға сай, өзінің бұрынғы азаматтығынан баз кешіп, Қазақстанның азаматтығын алған екен емес пе?! Міне, қызық...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)