Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 28 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Дарын Мүбаров - атақты уағызшы. Қазақ арасында өз күшімен исламды таратып, уағыз айтып, сансыз көп адамды мұсылмандыққа әкелген білімді азамат. Зинақорлық романтикаға бағаланған адасқан қоғамды ақиқатқа жетелеген ардақтымыз.

Мұхаметжан Тазабек - айтыс ақыны. Қазақ арасына кеңінен таралған «Жігітті жастық шақта еркі жеңер» деп басталатын жырларымен танымал. Осы азаматымыздың арқасында ата-баба дінін дәріптейтін тұңғыш телеарнамыз құрылды. Ширек ғасырға жуық өзге дінді уағыздаған телеарналарымыздан бөлек мұсылман ағарту телеарнасын құрғаны үшін өзіне қисапсыз дұспан тауып алған жігіт. Оның дұспандарының келу қайнары:

1. Кәпірлер. Олар Қазақстандағы ата-бабасы исламды ұстанғанымен, бүгінгі ұрпағы оны түсіне бермейтін бір қауымдарды өз діндеріне тарта алмасын, мына телеарнаның олардың миссионерлік қызметтеріне аса қатты соққы боларын біліп, Мұхаңа және Мұхаң айналасындағыларға мың-сан жала жауып өшігіп жүр. Тіпті, жеке басына қастандық жасауға да барды...

2. Атеист зиялылар. Олар өз заманында дінсіз болғандар. Онысымен қоймай, олар КГБ заманындағы арызқой, сатқын, екіжүзділер, енді олар кім ақша берсе, соның мақаласын жазып жүр, олар да сан амалмен осы азаматтарға жала жауып жүр.

3. Қызғаншақтар. Бұлардың көбісі қатардағы бір азамат, қалтасында көп қаржысы жоқ бір ақын жігіттің тек қана патша айналасындағылар мен «үлкен отбасы мүшелері ғана игіліктене алатын телеарна ашу сынды аса ірі істі істеп кеткеніне іштері қыз-қыз қайнап жүр. Себебі, оларда қаржы бар еді, мансап та бар еді, тек отбасы мүшелерінен аса алмай, қор болып, телеарна аша алмай жүргендер еді...

4. Мүнәпиқтер. Олар көрнеуде өздерін мұсылман көрсетеді, шынында олар мұсылмандардан еместер еді. Олар кеше ғана шаңырағы құлаған КГБ-ның адамдары еді, араб тілін мұсылман болу үшін емес, араб не мұсылман елдеріне тыңшы болу мақсатында оқи қалғандар болатын. Кеңес ыдырамағанда оларды үлкен мансап, жақсы қызмет күтіп тұр еді. Өкініштісі, олар оған жете алмады, Сонымен, аңқау елге арамза болып, тонын теріс айналдырып киіп алды да, қолдарына тасбиқ ұстап, мешітке барып, сырт көзге мұсылман бола қалды. Кітаптар жазды. Шындығында Кеңес заманында араб елдеріне жіберілетін тыңшыларды, дипломаттарды кілең екіжүзділерден, мүнәпиқтерден қатал екшейтін. Әкелері Кеңес үшін жан беретін, ұлт азаматтарын сатқан, ол сатқындықтары туралы материалдары Мәскеуде толық сақталған осы сықылды мүнапиқтер бұл күнде де Мәскеудің қызметінде еді. Себебі, олар Мәскеу үшін істемесе, баяғыдағы былық-шылығын орыстар әшкерелей салатын еді... Әсіресе, желтоқсан көтерілісі кезінде мұны Мәскеуге жағудың, биік мансап алудың орайы деп білген қазақ адырақбайларының барлығы бұл күнде Мәскеудің басыбайлы қарғылы төбеттеріне айналған болатын, айналмай да амалдары жоқ еді...

5. Сопылар. Сопылардың Қазақстан телеарнасынан, билік тарапынан аласталуына діннен сауаты толық азаматтардың үлесі зор еді. Себебі, ислам қағидаларына қайшы, адасқан бағыттарда жүрген осы бір ағым Қазақстанның біраз зиялысын, әсіресе Кеңес заманында діннен сауатсыз қалған біраз зиялысын адастырып кеткен еді. Бірақ батыстың қитұрқы саясат мектептерінен толық өткен осы бір топ дінді бетперде еткенімен, олардың саяси ұйым екендігі енді-енді ашылып келе жатыр, мұнысы жағынан Қытайдағы «пәлең кім» деген шайтани нанымға ұқсап кететін еді...

Енді сметолласы ұсталған, басқа уағызшылары қуғындалған осы бір топ өздерінің қас дұспаны ретінде нағыз таза діндарларды таңдап алған. Сонымен, «Үш қиян» газеті бастаған, өзге сайттар қостаған барлық медиада ұлтжанды азаматтарды қаралайтын мақалаларымен қарсы шабуылға өтіп жатқандарды да сонан еді...

6. Адырақбайлар. Олар дымды да түсінбейді. Кімнің кім екенін білмейді. Әйтеу, бірдемені құлағы шалса, соған шәуілдеп үруге бар. Ақиқатты түсінбейді де, өзін білгіш, керемет санап жүргендер. Мұндайлардың қатарында дербес ойлау қуаты жоқ мүгедек саналылар да жетіп артылады. Дінсіз қоғамда, дінсіздер мен мұсылманға қарсылардың уағыздарын тыңдай-тыңдай милары буылып қалғандар. Олар үшін алғанда ислам - кертартпа. Сақал қойғандардың барлығы Бен-Ладеннің жақтастары. Саналарының жеткен жері осы. Құдай-ау, саған керек болса айтайық, Маркс пен Энгельс аталарың да қапсақал емес пе еді? Ауызы-басын тұтас басқан сақалды аталарыңды ұмыта қалғандарың ұят емес пе екен?! Сол үшін сақалға жармаспаңдар, сақалға емес, сақал иесінің ойына, ұстанымына қараңдар...

7. Арам ниетті саясаткерлер. Олар үшін алғанда мәңгілік ақиқат жоқ, мәңгілік дос та жоқ, мәңгілік қас та жоқ. Олар үшін мүдде барлығынан жоғары. Өз мүддесінің құлдары Алланың құлы болғысы келмейді. Аллаға құл болғысы келмеген пендесін Алла Тағала өзге нәрсеге құл қылған да қойған. Олар сол мүдде үшін барлығынан безуге де бар. Сонымен кейбір саясаткерлер ішінде жаңағы мұнапиғы бар, жат діндегісі бар, қызғаншағы бар, Мәскеудің қарғылы төбеті бар, барлығының мүддесі бір арадан тоғысып, ұлты мен елі үшін еңбек етіп жатқан азаматтарға шабуылға өтуде. Шайтанның әскерлері мұндайда қабағат берекелі де ұйымшыл.

Ислам діні - берекенің діні, бейбітшіліктің діні. Исламда бір адамды өлтірудің күнәсінің ауырлығы күллі адам баласын өлтіргенмен бірдей екені айтылған. Жоғарыдағы аты аталған азаматтарымыз немесе Қазақстан діни басқармасындағы, діни басқарма қарауындағы барша мешіттердегі имамдар ешқашан кісі өлтіру, терактге бару туралы уағыз айтқан емес. Асыл арна телеарнасының ашылу салтында мемлекеттік дінбасы Әбдісаттар қажының өзі аталмыш арнаны ашуға баяғыдан атсалысқанын айтты. Ғалым, зерттеуші, дінтанушы, халықаралық деңгейдегі қайраткер Әбдісаттар қажы Дербісәлі ағамыз Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді серігі, басты ақылшыларының бірі. Аталмыш арна елбасының төте құптауымен, қолдауымен құрылған. Енді осы арнаны жаптыруға немесе арна билігін тартып алуға әрекеттенген жаңағындай сан-алуан мақсаттағы адамдар Қазақстан еліндегі заңдардың тесігінен, жыртығынан пайдаланып немесе бетімен жіберілген демократияны желеу етіп, халқымызды адастыру жолында жанталасуда.

Имамға бағыну - ислам шартының бірі. Өзі қандай мазһабты ұстанса да, барған жерінің мазһабы бойынша құлшылық жасау да ислам талабы. Себебі, исламдағы аһлы-сұннаның төрт мазһабы – ешқашан бір-біріне қарсы емес, себебі оны төрт ғалым ақылдаса, кеңесе отырып, құлшылық жолдарын жер-жердің табиғатына жарай, басқа да жағдайларға сай төртке бөлген. Исламда бір мазһабқа қатып қалу деген жоқ. Жоғарыдағы кей азаматтарымыздың мінін терген арам ниетті кей жандар оларды Қазақстан діни басқармасымен бір мазһабта емес дегенге дейін барды, бірақ шындық қашан да шындық, дарын ұстаз, шындығында Әбдісаттар қажы басқаратын күллі Қазақстан мұсылмандары қауымдастығының Жезқазғандағы мешітін басқарады...

Қазақтар үшін дінді қалай ұстау керек? Бұл маңызды мәселе. Бірақ, шынтуайтында аса қарапайым да мәселе. Оның жолы мынау:

Қазақстанда, Қазақстан үкіметі мойындаған, халық иланған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолымен жүру керек.

Қытайда, үкімет рұқсат берген, Жүңгодағы үкімет мойындаған заңды ислам оқу орындарынан оқыған молдалар басқаратын мешіттердің жолымен жүру керек.

Кеше ғана орталық мешіттегі аса ғұлама дінтанушы ғалымымыз Қайрат Жолдыбай мырза күллі қазақ баласын елеңдетіп отырған қазақ даласының батысында болған атышулы оқиғалар хақында өз ойларын айтты. Демек, біздің көзқарасымыз да дін ғалымының көзқарасымен бірдей. Анығы мен қанығы әліге соңғы шешімін таппаған ол оқиғалардың исламмен еш қатысы жоқ, себебі, исламда нақақтан кісі өлтіруге қатаң тыйым салған.

Кейбір жастарымыз аса аңғалдықпен, аталмыш оқиғаны исламмен шатыстырып шыға келеді. Ақылды адамдардың барлығы біледі, үкімет пен қоғамдағы аса ірі қайраткерлер саналатын Дарын Мүбар да, Мұхамеджан Тазабек те ешқашан ондай қанды әрекеттерге бару туралы уағыз жүргізген емес. Керісінше, қазақ мүддесі үшін, Қазақстан мемлекет мүддесі үшін, күллі Қазақстан халқының тыныштығы мен берекесі үшін күресіп жүрген, ерінбей еңбек етіп, тынбай тер төгіп жүрген азаматтар. Дінбасы Әбдісаттар Дербісәлі қажы бастаған, күллі Қазақстандағы 2000-ға жуық мешіттің имамдары, барша дінтанушы ғалымдардың мақсаты - бейбітшілік екені шын. Себебі, олар қазақ халқын негіз еткен, қазақтардан да басқа мұсылман халықтар жасайтын Қазақстандағы жұрттың 85 пайызға жуығының рухани ұстаздары, оларға жала жабу, жасыра айтқанда - надандық, асыра айтқанда - қастандық!

Исламның терроризммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ислам-бейбітшілік діні, адамгершілік діні. Егер барлық саяси күрестерді,мқұқықтық күрестерді, мемлекетаралық қайшылықтарды дінмен ғана байланыстырсақ, ендеше бұл ғаламда терроризммен байланыспайтын дін қалмайтын болса керек. Себебі, бұл дұрыс көзқарас емес. Мысалы, Шри-Ланкадағы үкіметке қарсы күрестердің үздіксіз жасайтын жарылыстарын, террактлерін «буддизм терроризмі» деуіміз керек пе? Әрине, олар буддизмге уәкілдік ете алмасы шын. Ал, Англия мен жалпы Еуропаның тыныштығын ауық-ауық жасайтын терактлері арқылы алып отыратын Британия құрамындағы терістік Ирландия мен дербес Ирландия елі ішінде болып тұратын лаңкестіктерді христиан дінімен байланыстырудың да еш қисыны жоқ.

Шындығында Британия құрамындағы ирландтар, Британияның терістік Ирландия өлкесіндегі ирландтар, ағылшын қысымы астында ағылшындар сенетін дінге еніп кеткен еді, мұнысы жағынан дербес Ирландиядағы ирландтармен арасында діни қақтығыс бұрыннан бар еді, бір ұлт болғанымен екі дінге бөлінген ирландтардың басы қосылмай жатқаны да сонан еді. Шындығында осы оқиғаның өзін батыс ақпараты ешқашан христан мен католик арасынан іздеген емес.

Жапонияның дертіне айналған қарақолдар нанатын ому діні де шынын қуғанда буддизмның бір тармағы іспетті еді. Құрамында өзгеше фактлері де бар болғанымен, осы дінді жамылған лаңкестердің жапон метроларындағы қырғындарын біз барша буддизмге немесе жапон нанымдарына арта салғанды адамгершілік санамас ек.

Үндістандағы толассыз қақтығыстарда қаншама дін факторы жатыр? Кеше ғана «жарлы лашығынан шыққан миллионер» фильмі оскарды еншіледі. Соның өзінде бөгде дін мүриттерінің бейбіт мұсылмандарға жасалған аяусыз шабуылы суреттелген эпизот бар. Бірақ, осыған бола әлгі дінді террормен байланстыруға қақымыз жоқ. Себебі, дінді бетперде қылып, өз діттеген мақсаттары үшін пайдаланатын адамдар барлық елде, барлық жерде бар.

Жоғарыдағы фильмның орысша аудармасы мақсатты түрде қате аударылған! Мұның өзі нені білдіреді? Мың-сан фильмді еш қатесіз аударып отыратын орыс аудармашылары аталмыш фильмде «байқаусыздан» «кіп-кішкентай ағаттық» жіберіп «алған екен!»...

Қате аударманың нәтижесінде басына әлем-жәлем бірдемелерді киіп алған, кіп-кішкентай баланы тірі құдай ретінде табынатын әлгі діннің мүриттері беюаз мұсылмандарға шабуыл жасаған емес, керісінше жаңағы «тірі құдай бала» былай дейді:

«-Мұсылмандар, шабуылдаңдар!»

Естіген құлаққа осы әлем-жәлем киінген, жас баланы тірі құдай деп табынғандар мұсылман ретінде көрінеді де, олар жаңағы кім екені белгісіз беюаз бұқараға қанды қырғын жасағандай болады...

Қыркүйек оқиғасынан соң қанішер Буштың қатал саясаты кесірінен жалпы ғаламда исламды терроризммен байланыстыратын жаман әдет қалыптасты. Бұған бірінші болып қарсы сөз айта алған тағы да өзіміздің тіл кеспек жоқ дейтін қазағымыз болды. Барлық мемлекет басшылары Буштан сескені соншалық, ешқайсысы бөгде сөз айтуға шамасы жетпей тұрғанда, қазақтың патшасы: «Ислам дүниеге қауіп төндіріп тұрған жоқ, дүние исламға қауіп төндіріп тұр» деп қадап тұрып айтты. Осы бір ауыз сөзі үшін қазақ елбасының халықарадағы беделі аспандады, әрине қазақтың да беделі аспандағаны шын. Себебі, ақиқатты ашық айтқан біз қазақ қана болдық ең алғаш.

Боданындағы ирландтарды ирландтардың ата-баба дінінен аздырып, өздерінің діндеріне енгізіп алуда ағылшынның басым түскені, саяси амалдар қолданғаны баршаға аян. Бірақ екі жақтағы ирланд жұрты бұл күнде өздерін бір халықпыз деп санауы күннен күнге қиындап кеткен. Себебі, бір ұлт болғанымен, бір нанымда болмаса, ұлт ретінде ұйыса алмайтынын осыдан-ақ аңғарамыз. Қазақстандағы «христиан қазақ болайық, буддист қазақ болайық, мұсылман қазақ болайық, иеһова қазақ болайық, бәріміз бірлесіп бір қазақ деген ұлт болайық» деген оттамалардың іске аспастығын осыдан-ақ көруге болады. Мұның барлығы қазақтың санасын салдандыра тұру үшін ұрылған жансыздандыру дәрілері екендігін ерте бастан ескеруіміз керек.

Жат дінге өткен қазақтардың, олардың қожаларының, олардың уағызшыларының бейне бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай айтар сөздері жоғарыдағыдай. Сол үшін де Алматыдағы Алматы-1 шойын жол бекеті маңындағы «жаңа өмір» иеһовашылдар дінінің сарайында қазақы киіз үй тігіліп, домбырамен ән айтылып, қымыз құйылып, қазақы би биленіп, қазақша уағыз айтылатыны да сонан. Бірақ сырты қазақ болғанымен, іші қазақ еместермен біздің біртұтас ұлт ретінде өмір сүруіміздің мүмкін еместігін алда тарих өзі дәлелдейтін болады. Себебі, бізден өзге жұрттардың осы тектес мәселедегі тағдырлары бізге айна болмақ...

Қазақстан дінбасы, ғалым Әбдісаттар Дербісәлі қажының «Бір ұлт, бір дін, бір мазһап» үндеуі ғалымның аса күрделі халықаралық тәжірибелерді көре отырып түйіндегенінен туып отырса керек. Айтолды бауырымның дара ойлы екенінде дау жоқ, бірақ қазақ баласының мұсылман ретінде біртұтас нанымда болғаны оның христиан, иеһова, будда, католик, кришна, сайентология діндеріне өтіп, ұлттық біртұтастығынан айырылып қалғанынан әлдеқайда жақсы. Себебі, мұсылман татар мен провослав татардың бірін-бірі бауыр дегенін ешқашан көрмейсің, сол сықылды христиан арабтарды мұсылман арабтардың бауырына басқанын ешқашан көрмейсің, осы қағида қазаққа да дұрыс келеді. Ең дұрысы, жіктелмегеніміз дұрыс. Жүзге бөлініп, жерге бөлініп, енді оралман қазақ, жерлік қазақ болып быт-шытымыз шығып тұрған жағдайда христиан қазақ, буддист қазақ, иеһова қазақ, кришнайт қазақ деп бөлінудің бізге ешқандай пайдасы болмақ емес.

Кей торласымыз Ақтөбедегі шұғыл жағдайларды, Қазақстандағы қайшылықтарды қазақтың осындай адал азаматтарына жапқысы келеді. Бұл Қазақстандағы дінсіз һәм қызғаншақ, тар өрісті қазақ сайттарындағы жала. Ғаламтордың ар жағына тығылып отырып, ел алдындағы сыйлы азаматтарды қаралаудың бұрыннан қалыптасқан дағдысы. Біз оларды ақтап, ел-жұртқа олардың терроршылармен қатысы жоқ екенін жазсақ, бізге дәлелдерің жоқ деп айтады. Жарайды, қоғамдағы сыйлы, беделді азаматтарды еш сылтаусыз қаралай жөнелгенді қашан доғарамыз? Ғаламторда сұрақ жоқ болғаны үшін бейпіл ауызға не келсе соны айту керек пе? Алланың алдындағы сұрағын ойлауымыз керек қой. Аз қазақ бірімізді-біріміз шұқығанда, мына қара халықты ертең кім бастамақ?! Әлде 1936-1937ж.ж.-дағы Сталин заманындағы сынды, ірі-ірі ұлттық зиялымыздың барлығын қырып салып, қысқасы ауылдағы көзі ашық, еркін ойлай алатын қазақ сауаттыларына дейін ит жеккенге айдатқанда, қазаққа не пайда келмек?

Ақиқатында, бізде емес, сізде дәлел жоқ. Кем дегенде, ол азаматтарды, ол телеарнаны қазірге дейін үкімет тарапынан анау-мынау деген сөз болған жоқ. Ал, заңды шешімі шықпағә\ан, ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған нәрсеге күн бұрын байбалам салған сіздікі керісінше нағыз бақсылық болжам болмақ. Ал, біз болсақ, дәл осы минутқа дейін, Қазақстан заң органдары, мемлекет аппараты жағынан олар туралы, діни басқарма туралы анық шешім шықпайынша, біз оларды басқаға жөріп, еш дәлелсіз түрде сіз құсап бәле арта алмаймыз.

Қысқасы, айдалада атылған оққа ол азаматтарды сыртынан себепкер деуіңіздің қаншалық қисыны бар? Не үшін біз әлі де анық-қанығы болмаған іс үшін байбалам саламыз?

Қазақстан деген заңы бар мемлекет. Егер сіздің көріпкелдігіңіз дәл келе жатса, ертең қазақ үкіметі олардың сол оқ атқыштармен байланысы барын дәлелдесе, біз де үкімет шешіміне сенеміз. Себебі, еш дәлелсіз жала жабу -заңды айтпаған күннің өзінде, адамгершілік өлшемдерге сыймайды...

Қазақстандағы діндар азаматтарды біртұтас әсіре діншілдер дейтін бауырларым, сендердің ұлтшыл екендіктеріңді білемін, Алла разы болсын! Барлығымыз да қазақ үшін шыр-пыр болып жүрміз. Дін мәселесі өте сезімтал мәселе. Кейде біздің халқымызды, әсіресе дінсізденген, наным-сенімнен жұрдай халқымызды осы дін ғана құтқаруы мүмкін деп ойламасқа шарамыз жоқ. Сенің болжам айтуыңа құқың бар, ол өз еркің. Бірақ мына нәрсені ескерейікші. Біз дабыл қағып сақтанумен қатар, өзіміз де сақтанайықшы...

Себебі, егер сен де қазақ үшін ғана деп, Алла үшін ғана деп шынайы бір тірлікке көшіп көрші немесе сақалыңды Абай атамызша немесе Ахмет Байтұрсын, Ыбырай Алтынсары немесе Шәкәрім Құдайберді ұлынша қойып көшеге шықшы, қанша қазақ сенімен сөйлеспей, тілдеспей жатып сені қандай ойлайтынына куә болар едің. Сондықтан сақалда тұрған дәнеңе жоқ, ол сақалды барлық ата-бабамыз қойған. Абай атамыз да, Ахмет Байтұрсын да, Ыбырай Алтынсары да, Шәкәрім да қойған сақал ол...

Мәселе көзқараста ғой...

Біз неге сонша сақалға сезіктіміз? Ауғанның киноларымен немесе шешендерді жамандаған киноларымен орыстар біздің басымызды әбден улап болған. Америкада оқып жүрген студент жігіт Алматыға келеді ғой, Америкада кәдімгідей сақал қойып алған жігітке онда еш кедергі болмаған екен, ешкім де таңырқамаған екен, ешқандай сақшы оны сұраққа алмаған екен. Ал Алматы әуежайынан түскеннен оған шүйіліккен қазақ сақшылары оны такси ұстағанша 10 рет сұраққа алып үлгірген...

Міне, бұл - Қазақстан...

Қазіргі біздің қазақтың қарапайым бұқарасы да осы.

Америка қорықпаған сақалдан қазақтың соншама шошынатыны несі?

Бір оқырмандарымыз осы арада лебіз жазып, бүгін болмаса да ертең жаңағы діндар азаматтарымыздың «шынайы кеспірі» ашылатынын айтыпты. Онысын «ақиқат кешігіп жетеді» депті.

Ақиқаттың кешігіп келетіні шын. Бірақ еш дәлелсіз қаралау, фактсыз сөз айту - ол жала ретінде болары шын. Әсіресе, қаншама жастарымыз арақ пен темекіден, зинақорлыққа толы, харамға толы былық өмірден ада-күде тазарып, таза жолға түсуіне жоғарыдағы азаматтардың ықпалы бар. Бұл қазақ үшін пайдалы емес пе еді? Телеарнасы күні-түні ашық зинақорлықты уағыздайтын, жәлебі ашық-шашық қалпында, кіммен қалай жасағаны хақында, табыстары хақында ашық сұхбат беретін, газетінде жезөкшесі ашық жарнама беретін былыққан, тидаусыз кеткен қоғамнан тап-таза жүрген бір қауымды көрсең, соны ұлтымның болашағы екен деп ойламайсың ба? Әрине! Біз арақ-шараппен, зинамен, Алланың қаһарын келтіретін барша күнәлі істерімізбен ешқашан оңған ұлт болмаймыз, біз қашан да ақыретке дейін мұсылман қазақ болып қалатын ұлтпыз...

Сол үшін де жауларымыз жанталасуда...

Біздегі байлық, біздегі Алла берген барша нығымет - жауларымыздың мақсаты...

Сондықтан сақал қойған артс-әскерімен арандату жасау деген жауларымызға ештеме емес. Оны Қырғызстанда анық білдік емес пе? Қырғыз бен өзбек арасына от салған, керемет қарулармен қаруланған топтың қырғыз да, өзбек те емес, ешкім білмейтін бір адамдар екенін ақпарат ашып тастағанын білмей жүрміз бе?!

Біз – өзін дұрыс ұстаған, арақ ішпейтін, зинаға бармайтын, арын таза сақтайтын, сонымен қатар әурет жерін жауып жүретін мұсылман қыздың басындағы шытымен алысып қалған елміз. Ал жартылай жалаңаш қыздарымыз хақында ауыз ашпайтын елміз. Біз ұятсыздық пен имансыздықты көрсек, оны қалыпты құбылыс ретінде қарайтын, ал имандылық пен ұят сезімі бар қыздарымызды, жігіттерімізді көрсек, оларды қалыпсыз санайтын қауымбыз.

Себебі, санамызды солай салдандырып тастаған. Біздің санамыз уланған. Сөйте тұра, өзге Сау саналыны уланған деп білеміз!

Кеңес кезінде спиртті ішімдік пен осы спиртті ішімдік кесірінен туындайтын қылмыстық әрекет жағынан Ресей мен Украинадан кейінгі бірінші ел болып біздің Қазақстан тұрған екен. Ал, бізбен тегі бір әзербайжан, өзбек, татар, түрік, шешенде арақ кесірінен туындайтын қылмыс жоқтың қасында болған екен. Қу арақ біздің иманымызды әлсіретіп, қаншама боздағымызды қыршынынан қиды. Халқымыздың өсіміне де қаншама ауыр зиян келді. Ал бізден басқа бізбен аталас туыстарымыз олар бұл дерттен әлдеқайда таза болған, өсімі де мол болған...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)