Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 27 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

-Жұмысыңа қанағаттанбай жүрсің бе, ендеше, мұнан шық та, Үрімжі жағала, жекеменшік компанияларда істе. Сені үкімет мекемесіне ешкім байлап тастаған жоқ қой. Ішкі Қытайға бар, Шяңгаңға (Ганконгке) бар. Немесе Қазақстанға бар...

Айтып осы араға келгенде, ол жаңағы жарапазанын тағы да қайталай бастайды...

-Я, бауырым, былай болсын! Сен алдымен баршы, сосын байы, үй ал, машина ал, зауыт сал, тоқалдан тоқал ал, сосын сені әуре қылмай-ақ, олар өзі-ақ атып тастамай ма? Мұнда өлемін деп бірнеше мәрте өле алмай қалған екенсің, өз қолыңмен өлсең, күнәсі ауыр, бұл дүниеде өзіңе қалай қол жұмсасаң, ол дүниеде солай тірілесің, оның азабы мол, құдай сақтасын, онан да сол жаққа барып, алдымен байып, әйел алып, тоқал алып, сосын солардың қолынан өлмейсің бе? - дедім сабырым таусылып...

Бұл айтқаным қырғыздардың бір күлдіргісі еді. Сонда өзіне-өзі құл жұмсағыш ұлына әкесінің айтқаны осылай болатын...

Қазақстанға ептеп жетсе, ондағы ислами тәрбиені көрсе, мүмкін бойындағы жыны мен шайтанынан арылса, дұрыс жолға түсер ме екен деп ойлағаным ғой. Мына ауылда жүре берсе, білімі мен ілімін тереңдеткені бар болсын, өзін-өзі мұжып жеп, күн сайын құруға бет алатын түрі бар. Бұған дұрыс жол нұсқайтын молдалардың түрі анау...

Қысқасы, шайтан билігі салтанат құрған мекеннен аман шығудың жалғыз жолы - иманға келу еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 11:21:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 11:33 өзгерткен

Біздің жігіттерімізге тәуекел жетіспейді! Жалғыз атымен жауға шабатын баяғыдағы көзсіз батыр қазақ бұл күнде жоқ. Бұл күндегі қазақтың ақылды, зиялы жігітінің дені - қорқақ. Құр сөздің адамы. Істің адамы емес. Мәдениет төңкерісінде, Такламаканның құмында отыз жыл отырып шыққан шалдардан арман қорқақ жігіттерді көргенде, қақ шекесінен атып кеткім келіп кетеді де, өзімді-өзім сабырға жеңдіремін! Неге соншама мұжылып, құрып, кеміріліп, кетіліп рухсызданып кеткен ел болдық екен?! Айналып келгенде бір ауыз сөз ғана, иманнан айырылып қалғандығымыздан! Тәуекелге бел буа алмау-имансыздықтан. Алланың тағдырына иман келтіре алмаған қорқақ әрі имансыз жігіт үшін алғанда, қазіргі қалыптасып қалған өмірінен басқа өмір жолына қадам басу аса қорқынышты. Ана сылтауды айтады, мына сылтауды айтады. Айналып келгенде өзімен қоймай, өзінің ұрпағын қоса құртады. Сонау қиырдағы құм басқан ауылынан мойынына ала дорбасын арта салып, Үрімжіні бетке алып шығып кететін ұйғырдың әрі оқымаған, әрі надан жігіті біздің табақтай-табақтай дипломы бар, оқудан оқу тауысқан жігіттерден әлдеқайда жүректі. Міне, сол ұйғырлардың кәсіпкерлік салада қазақтардан табысты болу себебі де олардың тәуекелдік рухында жатыр. Біздің жігіттеріміз құсап, қызыл туға қарап бір ойланып, қатынына қарап екі ойланып, қыр аса алмай отырған ұйғыр көргем жоқ. Ішкі Қытайда жүрген кездерімде, әсіресе, Пекинде жүргенімде менің ең көп көретінім хотанның қас тасын, ұйғырдың доппасын қолдарына ұстап сатып жүрген ұйғырдың жігіттері болды. Міне, сол жігіттер ауылдарында нағыз тақыр-таза кедейлер еді. Қазақша айтқанда сығарға биті, үрерге иті жоқтар еді. Күс басқан аяқтары өмірі су көрмей кетсе де, сол күс табандар қазақтың небір ақмаңдай зиялысына несіп болмаған жерлерді басатын еді! Мен олармен да әңгімелесу орайын ешқашан құр жіберген емес ем. Себебі, олар біздің бауырларымыз, мұсылман бауырларымыз. Онан да жақын жері - олармен біздің тіліміз бір, діліміз бір. Түркі тұқымды туысқанымыз. Олардан біздің үйренетін тұсымыз өте көп. Әсіресе, осы көзсіз ерлік пен кәсіпкерлік жағында. Жапаға шыдап, кәсіп көзін ашу рухын біздің үйренуімізге татиды! Қайсы қазақтың баласы шілденің шіліңгір ыстығында, тамыздың аптабында Үрімжінің шыжыған ыстығында тонарға түсіп нан жапқысы келеді?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 11:45:24

Москваны татар мен әзірбайжан жаулап алған десе, өтірік екен демеңіз. Біздің татар туыстарымыз бен әзірбайжан туыстарымыздың Мәскеуді жаулап алғандығында гәп жоқ. Былтырғы құрбан айтта құжынаған мұсылмандардан Мәскеу көшесі қарақұрым адамға толып кеткен. Орыс баспасөзі мұны аса бір сұмдық қорқынышпен жарыса жазды. Көшеде, микроаудандарда, биік қабатты үйлердің алдында, балкондарында бауыздалған, құрбандыққа шалынған қойда есеп болмаған! Мәскеу көшесінде қой қаптаған! Камаз-камаз қойлар! Ол қойларды бірлеп, екілеп жетелеп, машиналарына басып алып бара жатқан мұсылмандар! Есігінің алдына қалың қойды иіріп алғанда, қабат үйлер арасындағы алаңқайларда қырғын қызыл қасап басталғанда, орыстардың көзі алақандай болған!

Міне! Өзін жаулаған жат жұртты біздің мұсылман түркі бауырларымыз осылай жаулап алған. Біздің орыстан қатын алған Олжасымыз Алжас болса, Нұрланымыз Нурик болса, орысша сөйлеп, орысша шоқынып кетсе, татар мен әзірбәйжан алған орыстың қызы алхамдулилласын айтып, мұсылман болып, дінге кіріп, басына хиджабын киіп шыға келеді. Баласы орыс емес, татар не әзірбәйжан болады. Осының барлығының арғы астары неде деп ойлайсыз?! Болмаса, солардың жігіттерінің қазақтың жігіттерінен оқу-тоқуының артық екенін көрген емеспін. Басының керемет істеп тұрған жері де жоқ! Бір ғана нәрсе, оларда берік иман бартұғын! Иманы бар адам өзіне-өзі сенеді. Өзінің берік ұстанымы болады. Өзінің құндылықтарын жанынан артық көреді. Өзгеге соны қабылдата алады. Ал, имансыз адам ол қуыс кеуде мал ғана. Бұл дүниеде оны мал деп айту жарасар-ау, ал о дүниеде имансыз адамның күні малдан да қиын болады. «Әттең, мал болып жаралсамшы» деп зар-зар жылайтын болады. Себебі, малдарда тозақ азабы болмайды. Ал, иман сізді өртейтін тозақ азабы болады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 12:27:33

Мәскеуді Қапқаз жұртының жаулауы қызыл империяның шаңырағы ортасына түсіп, Кеңестің ақтық демі шығуға таяған соңғы жылдарындағы жылымық замандарда басталған болатын. Ол заманда Қазақстанға, Орта Азияға күшпен қоныс аударылған Қап тауының тұрғындары өздерінің атамекендеріне қайта бастаған болатын. Бұған сол кезде рұқсат беріле бастаған-ды. Бірақ олардың атамекендерінде өзге атаның баласы отыр еді. Орыстың арамзалығы да осында жатыр ғой, жаңағы өз мекенінен күшпен айырылған соры қалыңдардың атамекенінде өзге ел отырған болатын. Әрі олардың саны да мол еді. Жылы орнынан жылжығысы келмейтін. Сонымен барар жер, басар тауы қалмаған, баспанасы жоқ қайта оралған ел ақырында Мәскеу мен Петербургті жағалауға мәжбүр болған еді. Нән қаланың көшесін сыпырып, нанын жапса да, шашлык-кәуап пісірсе де, орыстың пивасын сатса да өлместің күнін көретінін білген пысық, тірлігі күшті ел ақырында тәуекелге бел буып, бірінің артынан бірі шұбап, Мәскеуді жаулап алған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 15:11:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 15:14 өзгерткен

Араб бүлігі хақында мен жаздым, айттым, оны осыдан бірнеше ай бұрын жазған «Египеттен туған ойлар» деген шығармамда да кірістіргенмін. Намаз кезінде машинасына тығылып алып, екі метр жердегі мешітте жамағатпен оқылып жатқан жұма намазға қатыспай отырған араб жастарын көргенімде, мен олардың рухани бүлгіншілікке әбден ұшырағандығын білгенмін. Әрі олардың мұнысы үшін таңырқағанмын. Оны алдағы шығармаларымда тәптештеп жазамын.

Қазіргі Қазақстан жағдайында ақпарат аса жалаң. Баяғыдағы Мау заманындағы жағдай Қазақстанда қайталануда. Сыпыра мақтау мен жалған докладтан көз аша алмайсың. Қазақ мүддесі аяққа тапталған. Қазақ тілді хабар жасау жоқ. Тұтас ақпарат орыстардың, еврейдің қолында, Қазақ мемлекетіндегі қазақ тілі Үрімжідегі екі арна сықылды аударма деңгейінде ғана! Осындай мезгілде тек ақпараттық тұрғыдан азаттықты пайдалғанның несі айып?! Біле білсең, Алаш Ордашыларды, Қытайдан Түркияға қашқан қазақ көшін, 1931-1933ж.ж. ашаршылық, қызыл қырғындардың сыры хақында да Қазақстан зиялылары ауыз ашпақ түгілі, мұнан мүлде сауатсыз кезде осыны жұрт санасына салған осы азаттық екеніне келісесіз бе? Демек, бізге Мау аталарыңыз айтқандай қауызын тастап, дәнін алу керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 15:22:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 15:30 өзгерткен

Қазақстандағы ақпарат саласындағы сыпыра мадақтау, жалған мадақ, жеке басқа табыну, жұрттың көзін бақырайтып тұрып, көлеңкесі де жоқ зауыт туралы жылына бәлен миллион тауар өндіріп отыр деу сынды кісі ақылына сыймайтын сұмдықтардың орын алуы - Қытайдағы Мау заманындағы жағдаймен біп-бірдей. Ол заманда адамдар бір му жерден 65000 килограмм күріш алдық деген доклад жасаған. Мау осыған нанған! Бұл 1958 жылғы Шинхуа агентігінің хабары! Бидайдың бір мудан алынғаны 4300 килограмға дейін жеткен! Мұнан да сорақысы болған, қызды-қыздымен жалған ақпарат беруге әбден жаттыққан коммунистер бидайдың бір муынан алынған өнімді бір жолда 60 мың килограмға бірақ жеткізген! Демек, бір му жерден 60 тонна бидай алған қытайлар астықтың астында қалған! Міне, керек болса! Міне, осыған есі дұрыс адам нана ма? Бірақ, Мау нанған! Қазақстандағы дара билеушілік араб дара билеушілігінен сабақ алуы керек. Болмаса, араб елдеріндегі болған былықтың Қазақстанда туылуын ешкім тоса алмайды! Бір түп байсайды 260 килограмм болды десе, кім нанады? Осы ақпараттар 1958 жылғы 11 тамыздағы «Халық газетінде» жарияланған...

Күллі адамзат баласы аузын ашып, аң-таң болған да қалған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 15:56:04

Жөкеш бауырым, дара ақпарат билеген Қытай санасымен мың құбылған мынау жаһанды бағамдау мүмкін емес екенін сезсеңші. Билікті мақтай беру, -«сенен ұлығы жоқ, сен кереметсің, сенің арқаңда 2000 мешіт соқтық дей беру»-біздің билікті алжастырмаса, адастырмаса, дұрыс жолға салмайды! Осыны білетін кез келді. Сенсіз де биліктің табанын жалап жүрген қалың жағымпаз-жампоздан көз сүрінеді! Қазақ баласы бұл күнде мұндай мадақ сөзден жалыққаны соншалық, жүйкелері жұқарып біткен. Ал, бүлік тудырмай, елді осы дағдарыстан аман алып шығудың арабша емес, қазақша жолын табу - басты мақсат. Мақтай-мақтай Мауды алжастырған Қытай тәжірибесі осыны ұғындырады. Себебі, барлық мадақ бір Аллаға ғана тән. Шикі сүт емген адам баласы мадақты көтере алмайды. Мұсылмандардың Құранды дұрыс білмеуі, билік басындағыларға дұрыс сын, дұрыс ақыл айтқанды билікке қарсы шығу деп білуі, ең соңында биліктегілердің барлығын дара билеушілерге айналдырды. Арабтың диктаторлары аспаннан түскен жоқ, оларды сол құлшыл, надан, санасыз, ақыл айта білмейтін, жол көрсете білмейтін, көзсіз бағынуды ғана білген құл саналы халық тудырды...

Ал, керісінше, баяғыдағы халифаттар мұндай болмаған. Олар халықтың сынын дұрыс қабылдаған. Бұқараша, саудагерше киініп жұртын аралап жүрген. Мақсаты не? Жұрттың құлшыл, мадақшыл екенін біледі. Сол үшін шын сөзді қара бұқараша жасанып алған кезінде ғана ести алатынын білген.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 17:33:36

Әй, Жөкеш бауырым-ау, менің сен болуым, сенің мен болуың мүмкін емес қой. Сол үшін Алла екеуімізді екі бөлек пенде қылып жаратты емес пе?!

Менікін өсек дейсің, өсек емесін сенің айтуыңа болады ғой. Менікінің өсек екенін дәлелде, болмаса, мынауыңның сұрағы жоқ деймісің? Мынауымыз ұяттау болды. Маған қойғаныңды саған да қоямын, биліктің соншама бауырымызды кәпірлік жолға түсіп кетуіне, қазақ дейтін халықтың арасына 5000 жыл бойы ешқашан қағылмаған сынаны қаққанына, ғасырлардан ғасырлар бойы біртұтас қазақ халқы болып келген біздің осы қып-қысқа 20 жыл ішінде мұсылман қазақ, кәпір қазақ, иехова қазақ, христиан қазақ, кришна қазақ болып жіктелгенімізді сен ақтай алмассың!

Сөйлесең, бізде факт болғасын сөйледік, бауырым! Күнә-есебін білгесін, мұсылман үшін сөйледік! Отаныңа оралмай тұрып, қиырдағы Қытайда жатып алып, алыстан дүрбімен көріп отырған саған қарағанда, қазақ өмірінің қақ ішінде жүрген менің көбірек білерім хақ. Айтқыш болсаң, менікін біртұтас өсекке шығарғаныңның өзі сенің иманыңа, ұятыңа сын емес пе?! Ойлан, бауырым!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 17:37:09

Қоғамдағы келеңсіздіктерді, әділетсіздіктерді, адасқан, алжасқан бауырлардың халін көре тұрып көзімді жұмып алсам, өмірден қашып үңгірге тығылып алған бұдданың монағы болып кетпеймін бе? Кім айтты мұсылманды аққа жақ болмасын деп?! Өзіңдікінен басқанікі қате деп ойлағаныңның өзі астамдық қой, бауырым! Мен бір қырын айтсам, кем болса, бір қырын сен айтпайсың ба?! Болмаса, Нұротанды қайталай берсек, адам емес тоты болып кетерміз! Арабтардың құрдымға беталуы да осы сенің басыңдағы сынды догмадан туған ғой! Қой, бауырым, екеуіміздің шарпысқанымыз мұндағы жұрт алдында ұят болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 18:09:08

Мен түңіліп кеттім. Қойдым. Көңіл-күй астаң-кестең...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 18:28:54

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 18:39 өзгерткен

Қазақстан мұсылмандары қазір бір сорлы, ғарып жамағатқа айналды. Мешіттерде сақал қоймау хақында ашық уағыз айтылады. Имам емес әлдебір ақсақалдар «ұсталып кетесіңдер» деп жастарды қорқытады. Мұсылмандар құлшылығы мен ғибадатын тастап, кімнің уақап, кімнің салаф, кімнің құранит, кімнің ахмадишы екенін анықтап кетті. Бірімізді бірімізге айдап салып, қалың атеист, шайтан, кәпірлер қарқ-қарқ күліп отыр. Молдалардың негізгі міндеті -жұртқа ислам ақиқатын жеткізу еді. Қазір олар оны қойған, уақабизммен күресіп кетті! Ау, сонда мұсылман баласы, біріңді-бірің шұқылағанда, анау кәпір болып кеткен қазақтармен кім айналысады?! Ислам дұспандарымен кім айналысады? Атеист бұқараға, адасқан, бақсыға нанған бұқараға ақиданы кім жеткізеді? Біріңді-бірің жау көргенде, досты қайдан табасың? Қаптаған қалың уақабшыны қайдан таптыңдар, бауырларым!

Осы бірін-бірі уаһаб, бірін-бірі салаф дейтін сұмдық сойқанды жаулар қазақ мұсылмандарының арасына салды да жіберді! Алданған, аңқау мұсылмандар жүр, сонымен бірін-бірі жалалап. Қолын кеудесіне қойып намаз оқыса, уаһаб. өзге мазһаб жолымен жүрсе, уаһаб. Сақал қойса - террорист, уаһаб. Құдай-ау, Жөкеш бауырым-ау, кімнің уаһаб екенін, кімнің сақаб екенін анықтайтын куәліктеріңді көрсетіңдерші. Бас-басымызға бірден «сен уаһабсың» дейтін сен қай баласың? Пекинде «уаһабтарға» куәлік тарат деді ме саған біреу? Мынау бірден - ұят, екіден - күнә ғой, бауырым! Тіліңді күнәлі қылып нең бар?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 18:49:20

Қалай болмасын, тыныш көңілім астаң-кестең болды! Бүйтіп шығарма жазғаннан, аузымды тігіп тастап тыныш отырайын. Уаһаб болмай-ақ қояйын. Сыртынан жақсы көріп жүрген бауырларым осылай атақ таратса, өзгеге өкпелеп жүрген мен жынды екенмін. Құдайсыз қазаққа ақида жеткіземіз бе деп жүрсек, уаһаб атандық. Арағын қойдыра алмай, бақсыдан жеріте алмай жүрсек, бұл жақтағы ел сонау арабтағы измдермен айналысып кетіпті ғой! Рахмет, бауырларым! Мен қойдым!

Бұл тақырып осымен тәмам!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 20:27:31

Қазақстан түрмесінің негізгі тұрғындары - қазақтар. Бұл көрсеткіш соңғы кезде еселеп көбейіп келеді. Қазақстан қазақтарының дінге келе бастауы дініміздің жауларын шошыта бастады. Біздің молдаларымыз айқайлап-шуламай-ақ, жайымен жүріп-ақ мешіттерде қазақ тілінің көсегесін көгертті. Мейлі шешеннің, мейлі татардың, мейлі ұйғырдың мешіті болсын, уағыз біртұтас қазақ тілінде жүргізілді! Міне, бұл ислам күш берген қазақ тілі! Молдаларымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының біртұтас формасын киінеді, ақ түсті әдемі киімде қазақы өрнек бар. Міне, ислам қуат берген қазақ тілі. Баяғыда орталық мешітте орысша уағыз естігенде түңіліп кеткеміз, ол кезде мұсылманша уағызды «кәпірдің» тілінде сөйлегені қалай деп шошығамыз, сөйтсек бала екеміз. Қазір уағыздар тұтас қазақша...

Осылай дами берсек, халқымыз біріншіден құдайсыздықтан арылар еді, екіншіден арақ-шарап, зина-есірткіден арылар еді. Ел аман болар еді, басымыз аман болар еді. Қоғам дамыр еді. Ең бастысы, мұсылман болған қазақтардың тілі де қазақша шығатын еді. Мұның барлығы қазақ жауларын шошытты. Олар қазақ тіліне қарсы тұрудың жолын әбден білетін еді. Қазаққа қарсы бірнеше саясаткерді сатып алса, қазақ тіліне қарсы заңдарды қабылдатып кету боқтан оңай болатын. Бірақ жұрт арасында, қара халық арасында күннен-күнге тарап бара жатқан, ислам арқылы қуаттанып бара жатқан қазақ тілін құрта алмай қалды. Сонымен найзаларының ұшын исламға кезеді. Ислами арна құрылды. Дін жаулары, қазақ жаулары қан құсты. Енді осы арнаны жаптыру керек болды! Сонымен қазақ қоғамындағы барлық зиялы, діндар азаматтарды шетінен тізіп, олардың барлығын уаһабшы деп жала жабатын үрдіс жарыққа шықты. Мұсылмандар арасына жік түсті. Ондай видеоның бірі youtube сайтында ашыққа шықты, оны Көктүрік бауырымыз осында әкелген еді. Онда Мұхаметжан Тазабеков, Дарын Мүбаров, Балғынбек Имашев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербай бастаған өте көп санды ұлтшыл, білімді, қазақшыл, оралманшыл зиялылардың барлығын шетінен айдап, шетінен уаһабшы деп жала жапты. Бұл анау Ақтөбеде жарылыс болған кезде тақиясын көкке атқандардың қылығы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 20:35:07

Видеоның соңында әдейі мақсатты түрде «қазақтың ата діні - тәңіршілдік, исламды тастап, шаманға сенейік» деген мазмұндағы сөздерді қосқан. Шындығында Қазақстанда Әуезхан Қодар бастаған бірнеше зиялысымақтан басқасы өздерін тәңіршілміз деген жоқтұғын. Олардың не ұйымы, не қаржылары, не бір діни бірлестіктері жоқ, әшейін шетел қаржы берсе, атың шықпаса жер өрте дегендер ғана еді. Өзін тәңіршілміз дейтін қазақ та жоқ еді. Әдейі осы жалаларын тәңіршілдерге аудара салуларының ар жағында бұлар өздерінің саяси арам мақсаттарын жасырып отыр еді. Тәңіршілдерді сондай бір қолдап отырған жұрт жоқтұғын. Демек, соншалық мол қаражатпен ғана, соншалық мол еңбекпен ғана жасалына алатын аталмыш фильмде қазақ зиялыларын қазаққа жек көрсетудің небір сұрқия амалдары қолданылған болатын! Онда аталған азаматтардың барлығы қазақтың бас бармақпен санарлық азаматтары еді. Елдің іргетастары еді. Қазақ үшін жүрегін жұлып беретін азаматтар еді, барлығы да оралман деп, қазақ бірлігі деп жанталасқандар еді, қазақтың тілі мен діліне, дініне тірек болып отырған осылардың көзін құртса, Қазақстанда дінсіздер мен кәпірлердің, қазаққа қарсылардың, қазақ тіліне қарсылардың алдын тосатын адам шықпас еді. Себебі, жоғарыдағылар өте актив жұмыс жасап жатқандар еді...

Соларды уаһаб деу басталды. Тұтас қоғамда соларды қорқынышты көрсету нәтижесінде аңғал қазақ енді кімге нанарын білмей қалды. Міне, ұлт ішіне жік салудың көкесі!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 20:38:48

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-6 09:12 өзгерткен

Уағалейкум ассалам, Аспан1000 бауырым! Алла разы болсын!

Өзімнің діни көзқарасымның қандай екенін оқырмандарға ұғындыру үшін, осыдан 3 ай бұрын, яғни 2011 жылы шілдеде жазған бір мақаламды осы араға тұтасымен кірістіргелі отырмын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 20:42:07

Бұл хақында мен сен-қазақ сайтында осы жылы 7 айдың 8 күні бір мақала жарияладым. Аты «Кімнің кім екенін білейік» деген мақала болатын. Жалғамасы:Http://www.senkazakh.com/bbs/forum.php?Mod=viewthread&tid

Күлтегіндегісін таба алмадым. Таба алғандар, осында шығара жатар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 20:51:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-6 09:32 өзгерткен

Кімнің кім екенін білейік

Қазақстандағы қым-қуыт саяси қатынастарды мұндағы жұрттың толық түсініп кетуі екіталай. Кейде әлдебір жастарымыз ондағы бір топтың сыңаржақты сыңарезу мақаласын көшіріп алып келеді де, мұндағы жұртқа айқай-сүрен салуға құмар. Жерден жеті қоян тапқандай болатын жағдайлары да көп. Сол үшін мұндағы құдай деп тыныш жатқан қандастарымыздың кімнің кім екенін білуі үшін осы жолдаманы жазғанды дұрыс көрдік...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)