Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 26 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Міне, осылай жалғасқан мата үлестіру, шапан үлестіру бір сағаттан ұзаққа созылды! Жиналған жұрттың бала-шағасына дейін қалмай, сыйлыққа қарық болды! Мұның не той екенін, не өлім екенін айыра алмастайсың. Жарайды, кеткен кісі қарт кісі делік, кейін білгеніміздей жас бала, жас жігіт мотоциклден өлсе де, осылай мата тарату, шапан кигізу моды болған! Қазақтың ойлап тапқан тың тапқырлығы!

Ал, жаңағы нағашыларымыз бұл маталарды ауылдағы қытай магазиншіден қарызға алған. Жаздырып қойған. Қалыпты бағасынан әлдеқайда қымбатқа келісіп, күзде мақта жинағанда беретін болып, өзі танымайтын қытайша келісімшартқа қол қойып тұрып алған екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 08:14:52

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 08:19 өзгерткен

Қайтыс болған нағашыларымыздың туыстарының ішінде бір бала жүрді ақсаңдап. Өңін шырамытсам да, анық есіме ала алмадым. Артынан сәлемдескесін жөнін өзі айтты. Аз бұрын араққа қарсы жазғандарымның ішіндегі шешесі өлгенде мас жатқан жігіттің баласы! Бұл жігіттің әкесі арақтан өлген болатын. Арақ ішкенде қатты салынып ішетін еді. Шешесі ақтық демін үзер алдында қатты қиналып, хал үстінде жатып, туыстарымен қоштасып жатқанда ол бейбақ мас жатыпты. Қанша тырысып, қанша жұлқылап, суық суды басына шелектеп құйып жүріп те мұның қалған туыстары мұның есін жидыра алмаған екен! Байқұс ана өле-өлгенше алқаш ұлына қарап, қимастықпен бұл дүниеден аттанған екен...

Шешесі жан үзген сәтте қос бас үйдің үлкенінің қақ төрінде құсып, тышып, бүкіл үйді сасытып, есін жия алмай жатқан жігіт ертесі шешесін жерлегенге жиналған ел молайған кезде ғана есін жиыпты...

Арақкеш жігіт шешесінің сүйегіне де түсе алмаған...

Шешесі өкінішпен өмірден өткендей өзі де ересен, сұмдық, жан баласы көрмеген лағынеті өліммен өліпті. Арақ ішіп үйіне келген. Әйелімен ұрсысқан! Әйелі де аямаған. Сосын бұл алған да мақтаға шашатын аса уытты дәріні алған да ішіп алған! Өлемін деп қорқытпақ болса керек. Анау «өлсең өлем қап» деген! Сонан іші-бауыры өртеніп, жанып, құлын дауысы құдайға жетіп шыңғырып жылап, үйдің ішін быт-шыт қылып аунап, қиратып, сонан есінен адаса сыртқа қарай жүгіріп, иен далада аунап, адамдарға ұстатпай, соншалықты бір сұмдық жанталас, сұмдық қиналыс ішінде өңі қап-қара болып, қолдары білеу-білеу болып қатып, тамырлары адырайып, сыртына шығып, көзі шарасынан атылып кетердей сыртқа шыға аузынан қан аралас көбік ағып, жалпы адам бейнесінен кетіп, бір сұмдық кейіпте өлген екен!

Жаңағы ақсаңдап жүрген бала жігіт соның ұлы. Баяғыда сабағын мықты оқитын. Аяғын арақ ішіп мотцикл айдап, зақымдап алыпты. Дохтырхана дұрыс салмай, сүйек қисық бітіп, қазір ақсақ болып қалыпты. Ол дохтрмен дауласқанға уақыты жоқ екен, егін басталған дейді. Мөлиіп, үнсіз қалыпта жерге қарайды...

Көптің ішінде тағы бір туысқанымыздың балалары жүр. Әйелі ұйғыр еді. Өзі жоқ. Біраз жыл бұрын мақтаға шашатын дәріні ішіп алып, ол да өлген еді. Қыстың қысқа күнінде еріккен диқандар қарта ойнайды. Ақшаға ойнап, айлакер қытайларға тақыр-таза ұтылады. Сосын ызадан арақ ішеді, үйіне келеді. Келсе оқу тауысып келген қызы әкесіне тиіседі!

«Елдің әкесі жол жүріп, артқы есігін істеп, парасын беріп, оқыған ұлы-қызын жұмысқа тұрғызады, сен жүрсің арақ ішіп» дейді! Анау алады да ерегеседі. Ақылдан адасады да «бүйтіп өмір сүргенше, өле қалайын» дейді. Сонан, соңы жаңағыдай болады тағы да...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 08:36:33

Осы кедей қазақтар не әңгіме айтады екен деп ойладым. Дастарқан басында кем сөйлеп, көбінде қалыс қалып, ел-жұрттың әңгімесін тыңдадым. Айтары бір әңгіме. Анау бәлен мың дайкуан (несие) алыпты, түген бәлен мың дәйкуән алыпты. Ең мықты алған қазақ он мың юан әзер алады екен. Ал, өле қалған басқа ел жүз мыңдап басады екен! Тағы бір туысқанымызды көрдік. Банкден алған несиесін қайыра алмай жерін тартқызып алған. Тағы бір арақкеш жүр. Бұған арақты өлгенше ішкізген жоғары өсімді қарыз беретін бір сығыр бұл әбден мас болған кезінде келісімшартқа қол қойғызтып алған. Бас бармағын басқан. Сонымен екі жыл қайтара алмаған мардымсыз қарызы үшін, мұның жерін анау заңды түрде иелеп алған...

Қазір жерсіз жүр, көктем шыға елдің мақта атызына күндікке жалданады...

Осы кедей қазақтар кейде Қазақстан туралы әңгіме айтады. Қандай әңгіме айтады дейсіз ғой. Кілең жамандау әңгімесі. Бәленше көшіп барып, қайтып келіпті деген әңгіме. Түгенше барып, сол арада байып кетіпті екен, атып кетіпті деген әңгіме. Онысын біреу дұрыстайды, «атпапты, өзі өліп алыпты» дейді. Бір оңған әңгіме болмайды...

Сөйтеді де, қазіргі күндеріне шүкірлік қылып, жаңағы Қазақстанға көшіп кеткен ауылдастарының ол арада көрген қоршылықтарын әркім әрқалай өсіріп айтып, ақыры дауласып кетеді. Әңгіменің арты осылай аяқтайды.

Ішінде мен танитын бірнеше жігіттер болды. Қоралы жігіттерге арнап, кең үйде дастарқан жасады. Соншалық ерекше айырма. Ағаштан салынған нан сакы үстінде 30 шақты жігіт отырса, төменде еденде осы отыз шақты жігіттің аяқ киімі шашылып жатыр. Дастарқанды тойдың дастарқаны дерсің. Соншама жұпыны адамдардың алдында хан дастарқаны тұр, соншалықты үлкен айырма. Баяғыда бала күнімізде тойдың озінде мұндаи дастарқан болмайтын!

Ішіп-жеген ел. Гу-гу әңгіме. Тойға келген сықылды. Бұлар жастар ғой, үлкендеріміз қалай екен деп сол жаққа бардым. Оларда да сол. Біріне-бірі қалжың айтып, қарқылдап күлген адамдар, жезде мен балдыз, нағашы-жиен болып, мұнда қу сөз бен шайтани қалжың, ыржың-тыржың күлкі мол екен! Біраздан соң бұл жастар арасына да келді. Жағаңды ұстайсың! Мыналар жаңылысып, тойға келдік деп ойласа керек...

хттп://ууу.кұлтегын.нет/ббс/выеутхреад.пхп?тыд=12243

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Күні бойғы ала шапқын тірліктен кейін күлтегінімізге оралып отырғанымыз осы. Бүгін сейсенбі. Алматыда ауа шайдай ашық болды!

Алла қаласа шығармамызды жалғастыралық.

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Ол кезде мен нағашыларымыздың қарызданып, қауғаланып, жоғары өсімді қарыз алып өлім ұзатқанын білмеген екенмін. Жоғары өсімді қарыздың қаржылық тұрғыдан аса зиян екенін айтпағанда, діни тұрғыдан ол аса үлкен күнә еді. Өсімді алушы да, өсімді жеуші де күнәһар еді. ­Өлімнің шығыны орта шарқы бір отбасының келін түсіруіне парапар екен! Міне, қазақтардың соңғы кезде ойлап тапқан ақша шашудың тың жолдары! Дін жолына қаншама теріс әрі өмірдің өзінде қаншама сырапшылдық! Осыны біле тұра, осыны көре тұра қой деп айтпаған екі молдаға қатты кеттім. Олардың молда деген аты ғана бар еді. Үрімжіден оқып келген, қызыл идеялы молдалардың жұрт арасына нағыз қажетті уағыздарды айтпауының өзі «аяғы бірдемеге соғып жүрмесе игі еді» деген құлдық санадан басқа ештеме емес еді. Басқасын айтпаған күннің өзінде Қытайдың саясаты ысырапшылдыққа қарсы тұруды шектемес еді. Жарайды, дінін уағыздамай-ақ қойсын, араққа қарсы шықпаса шықпай-ақ қойсын, бірақ аузына қараған елі мен жұртына мынау сықылды не шариғатқа дұрыс келмейтін, не өмір талаптарына дұрыс келмейтін, өлім шыққан үйді қаржылық дағдарысқа белшесінен батырып, күнәға онан арман батыратын осындай қисынсыз салттармен күрессе, тура сол молдалардың аузына қақпақ қоятын компартия шықпас еді! Себебі, қараша халқын байытсам деп, баяшатты өмір сүргізсем деп жанталасқан Қытай компартиясының негізгі саясаттарына бұл қайшы емес еді. Керісінше, біздің қызыл молдалардың өзі осы еңбектері арқылы өздерінің партиясына адал еңбек еткен болар еді...

Сендер құдайдың да кадрісіңдер, Қытайдың да кадрісіңдер, құдай үшін де қызмет қыла аласыңдар, Қытай үшін де қызмет қыла аласыңдар. Қолдарыңда ислам институтының дипломы бар, қалталарыңда үкметтің қып-қызыл ақшасын алатилық карочкаларың бар. Сендер осыны дұрыс жолға саламын десеңдер құдайдың разылығын алған болар едіңдер, ары Қытайдың да разылығын алған болар едіңдер. Байлықтың басы - үнемшілдік. Мал төлден, ақша тиыннан құралады. Осыны неге қолға алмасқа?!-дедім екі молданы ауаша шақырып алып. Екеуі де үнсіз келісті. Ел арасында жүріп, мұнан да сорақы сұмдықтарды естідік. Өлім ұзатамыз деп, осындай ысырапшылдыққа ұрынып, жоғары өсімді қарыз алып, мата сататын ұйғырлардан қарызға мата алып, азық-түлік, жеміс-жидек, шай-тұз, тәтті-мәтті атаулының барлығын қарызға жаздырып қойып алып, енді сонысын өтей алмағанына 5-6 жыл болған отбасылар бар екен...

Алды сотқа жүгініп өндіріп алса, арты алдап-сулап, бес му, он му жерін басы бүтін иемденуге дейін барыпты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 00:26:13

Жерінен айырылған диқан қызметінен айырылған, «шягәң» болған кадрден де сорлы. Біздің бір танысымыз малшаруашылық фермасындағы қызметінен кетірілген күні асылып өліп алыпты. Сөйтсек, мұндай қазақ аз емес екен. Имансыздықтан туатын мұндай сойқанның қазақтар арасында неге соншама мол екендігіне таңмын! Мотоциклден өліп жатқандар кімдер?! Барлығы да біледі. Арақтан өліп жатқандар кімдер? Оны да барлығы біледі. Ауылдағы қазақ тойға барады. Тойға басқамен емес, мотоциклмен барады. Барғасын ішеді! Ішкесін құтырады. Сосын, мотоцикліне мінеді. Сөйтеді де өле қалады. Бұл күнде мотодан өлген жастар мен жасөспірімдерге елдің көзі де, құлағы да, еті де үйреніп кеткен. Қазақтың өрімдей ұлы мен қызы, атпал азаматы мотодан өлуі керек сияқты немесе қазақ мотодан өлсе, ешкім таңырқамастай. Мотодан ажалы жету - қазаққа жазылған заң сықылды. Мото деген де бір бәле болған. Әшейін, бар-дағы жер кінешкеңді кепілге қойып, өзің танымайтын жазудағы бір келісімшартқа қол қой да, айдап кете бер! Міне! Тауда да мото, ойда да мото. Бұл мото дегені баратын жеріңе де тез жеткізеді екен, ажалыңа да тез жеткізеді екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 00:36:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 00:51 өзгерткен

Өзіне-өзі қол жұмсаудан атағы шығып, «ауыл жұлдызы» атанған адамдар да бар екен. Жастардың арасында бұл үйреншікті құбылысқа айналған. Жігіті тастап кетсе, қыз өле қалады. Қыз қарамай кетсе, жігіт өле қалады! Қандай керемет махаббаттар! Нағыз ұлы махаббаттар ғой шіркін! Шайтанның жетегіне түскен, шайтанның қақпанына түскен қазақтың жастарының қылығы осы! Ілім-білім іздеу жайына қалған! Алланың ақиқатын іздеу - жоқтың қасы. Дін десе, ауылдағы есалаң бақсыны көз алдарына елестетеді. Дінді бақсыға сену деп біледі. Бақсыда бір ғайыптың күші бар деп сенеді. Қатынынан ажыратып жатқан да бақсы. Отбасын ойрандап жатқан да бақсы...

Бақсылардың мұндағы кірісі де тәуір. Қытайдың бақсыларына еліктеп, бұлар соңғы кезде ауылдың шолақ мансаптыларының болашағын болжау қызметін қолға алған. Кімге қандай пара беруді, Жаңға қалай жағуды, Уаңға қалай жағуды бақсылардан сұрайтын ауылдың әкім-қаралары молайған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 01:04:34

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 01:07 өзгерткен

Жаңағы өзіне қол жұмсаудан атағы шыққан, сонысы арқылы «ауыл жұлдызы» болған жігіт мені көп жағалады. Сөйлескісі келеді. Өзінше әңгімеге тартады. Менің Қазақстаннан келгенімді білетін. Аузын ашса болғаны-Қазақстанды жамандай жөнеледі. Қазақстаннан келген туысқандарға қарағанда, мұның білетіні әлдеқайда көп сықылды. Нұрсұлтан Назарбайдан бастап, Жармахан Тұяқбайға дейін Қазақстандағы адамдардың атын атап, түсін түстеп, тура араласып жүргендей соғады.

«Азаттыққа» уланғандардың бірі. Иә, азаттық Американікі ғой. Оның ақпарат еркіндігі турасынан бетің-жүзің демей, шындықты шырылдатып айтатыны да бар. Бірақ оның мақсаты басқа еді. Бәкімен нан турауға болғанымен, онымен кісі өлтіруге де болатын еді. Азаттық осы бәкі сынды дүние еді. Қазақтың біраз зиялысы жағалаған азаттықты басы бүтін жоққа шығарудың өзі қиын еді. Қазақтың арғы-бергі жоғын жоқтаған азаттықтың ар жағындағы жылтыңдаған Америка үмітін есепке алмағанда, саяси астарына үңіліп қарамағанда, өзгесі амалсыздан мойындатарлық еді. Алаш Ордадан бастап қазақ зиялыларының Қазақстанда айта алмайтын, жаза алмайтын, бара алмайтын тақырыбының барлығына осы «Азаттық» (радио) барып жүрді. Хасен Оралтайдың тұсындағы азаттық қазақ азаттығы үшін күресті. Кеңес Одағының саяси у дәрісіне уланып қалған қазақ зиялысының көкірегіне ұлттық ұғымды құйған да осы «Азаттық» сынды дербес ойлы ақпарат көзі болатын. Бірақ Американың ниетінің не екенін білсең, мұны тыңдамас, оқымас болар ең...

Я, бәкіні әркім өз ниетіне жарай қолданады. Біреу онымен ағаш жонар, біреу онымен нан турар. Ал, біреу онымен кісі бауыздауы мүмкін...

Бәкіні қолданушының ниеті әр басқа болғаны сынды, Қазақстандағы ақпарат саласы толық дербестене алмаған, қазақ тілді басылым өз күшіне толық ене алмаған осы бір өтіспелі заманда, қазақ мүддесін қорғайтын кейбір сын сағаттарда Азаттыққа жүгінбей амалымыз жоқ еді...

Қазақстандағы сатымсақ, жалған оппозиция мен дінсіз, имансыз жалған ұлтшылдардың берекесіз мың бір шатырақ-шатпақ істерінің қасында «Азаттық» тұрақты түрде ұлт мүддесін қозғап, қорғап келе жатыр еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 01:14:43

Жігіт өзіне бірнеше мәрте қол жұмсаған. У ішкен. Алғашында тышқан дәрі болса керек, соңынан мақта дәрісін ішкен. Онан соң асылып та көрген. Бұның барлығын жаңағындай дастарқандардағы берекесіз ыржақ-тыржақ күлкі кезінде тыңдадым. Дастарқан мұнда көп жайылады. Жетісі, қырқы деген баяғыдан бергі салттарға жуықтан бері Қазақстан жағалағыш қазақтар үшісі, жүз күндігі дегенді қосқан. Қайтыс болған күнін атап өту де бар. Қайтыс болғандығының бір жылдығы немесе екі жылдығын атап өту бастабында туыс, дос, жар арасында бір мал союмен басталып, қазір кәдімгідей бір дәстүрге айланған...

Көп ел-жұрт шақырылатын болған...

Қылжақбас құрдастарының айтуынша, жаңағы «жұлдыздың» ішкен дәрілері жалған, сапасыз дәрілер болған екен. Болмаса, баяғының баяғысында «оның палауын жеп отыратын болар ек» дейді бір қылжақбас құрдасы. «Бәленнің палауын жеу» деген сөз кәдімгі тұрақты тіркеске айналған. Ол сол адамның өлгендігін білдірсе керек...

Біреуге біреу кезіксе, жөн айтысса, «түгеншенің палауын жеп келе жатырмыз» дейтін болған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 10:03:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 10:06 өзгерткен

Жаңағы жігіт ішкі Қытайда мықты оқып келген қазақтың бірі екен. Өз құрбысының алды болған арманшыл жігіттің тірегі болмаған. Үрімжіде мамандығы бойынша жұмысқа қала алмаған. Оқығаны үкіметтік қызметке ғана жарайтын бір мамандық екен. Сонымен, облысқа да, ауданға да қала алмай, ауылдың әкімшілігінен бірақ шыққан. Өз өміріне қатты наразы. Талантты екені шығып тұр. Бағы жанбаған таланттар қаншама! қазақтың осындай қоршылықта құрып кететін қалың таланттарының бірі! Ішкі Қытайда жүргенде бес жыл бойы бірге тұрған, бірге жатқан ғашығы мұның қауқарсыз қара кедей екенін білгесін, «қош бол, сәулем, көргенше» деген де өзгемен қол ұстасып кете берген! Иә, Қытайдың қызы ғой. Оқуын тәмамдағанша, ең атақты, ең талантты, өзіне оқу-тоқу жағынан көмектесе алатын жігітпен есеппен «уақыттық бас құраған». Қазір Қытайдың жоғарғы оқу орындарын оқып жатқан жаһиляттағы қыздарды «оң жақта отырғандар» деу қиын болған заман болды. Ұнатқан жігітіне бір кеште «күйеуге шығып», холливудша «бір түндік махаббатқа» ерік беріп, «ұшқын» тауып кете береді. Ұзаса бес жыл, не төрт жыл бірге тұрып, бірге жатады да, біреудің басыбайлы қатыны болып, оқуын тауысқасын түк көрмегендей болып, суда балықтың ізі жоқ деп, «бақыты болып басқа жанның» кете береді! қазіргі қоғам осы болды! Осындай нәубетке өзіндік ұлттық санасы мен сезімі, ұлттық дәстүрі бар Қытайдың белшесінен батуы - батыстың идеясынан болды. Батыс көзқарасындағы кинолар мен шығармалар, кітаптар қызы ибалы, жігіті ұяң болатын Қытайды бұл күнде тыр жалаңаш шешіндіріп болды! Шығыстық салты мен дәстүрін 5000 жыл бойы мықты ұстанған осы ел діни нанымдарының әлсіздігінен батыстың жалаңаш мәдениетінің құрбандығы болып келе жатыр. Қытайдың дәстүрі мен салты оны батыстан келген құла тасқыннан аман алып қала алмады. Дәстүр, дәстүр деп кеңірдегін жырта айқайлайтын қазақтың жалаң ұлтшылдарына осы мысалдың өзі жетіп асады. Себебі, дәстүр дегенің сағыз балшық сынды. Оны қалай болса солай илеуге келеді. Дәстүрі мықты Жапон мен корейдің батыстың тыржалаңаштандыруына еш қарсы тұра алмағаны сынды, Қытайдың да оған еш қарсылық таныта алмайтынында күмән жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 10:23:29

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-5 10:26 өзгерткен

Индиядағы хинди діні мен басқа да сан-алуан біз атын атап та бере алмайтын діндегілер бұл күнде Қытай құсап жалаңаштанып бара жатыр. Баяғыдағы үнді киносындағы көзі алақандай үнді қыздары үйіндегі бар матасын үстіне іліп алушы еді ғой. Алпаң-салпаң, қызыл-сары, көк-қара болып, сан алуан матаны біріне-бірін матап, жалғап үстіне жамай беретін үнді қызы бұл күнде жоқ. Киносының өзінде жалаңаштанып бара жатыр. Баяғыда маған үнділер үйіндегі терезе пердесін үстілеріне орап алып жүре беретіндей сезілетін. Енді, сол қалың орамыштарынан да айырылып бара жатыр. Шяңгаңдағы (Ганконгтағы) Чүңкиң Маншн (重庆大厦) маңын кеш бата қалың үнді жезөкшесі жаулайды. Ұнатып баратын түрік ресторанына баратын жолда осы тірі өліктерді көргенде, салт пен дәстүр арқылы ұлтты құтқарамын дегендердің қылықтарының барлығы бос далбаса екендігін тереңнен сезе түсемін! Иманнан айрылған немесе исламмен нұрланбаған салт пен дәстүрдің баратын жері осы. Оған ту шығыстан Жапон, оған көрші Корей, онан бері Филиппин, онан ары үнді елін жатқызуға болады. Осылардың барлығы тамыры тереңде жатқан халықтар еді. Дәстүрі мен салтына берік қауымдар еді. Бірақ, бұларға исламның нұры жетпеген сорлы бейбақтар болатын. Ақыры, мыңдаған жыл мықтап оранып алған барлық орауыштарын ұзаса 40-50 жылға жеткізбей батыстың тыр-жалаңашизмі қабат-қабаттап, бір-бірлеп шешіп алып болды...

Осы күнде бұлардың қыздары киімді шайтандардың қатарын молықтырып жүр...

Көше толы тірі өлік, құжынаған жезөкшеге көздері үйренген дінсіз қауым ұлтының тамырына құйылған уға қарсы тұрарлық қауқарды қайдан аларын білмейді. Батыстың жойқын күшіне ештеңе тең келмес еді! Қарсы келгенін жайпап, құртып, жұтып кетіп бара жатқан осы құла тасқыннан бізді аман алып қалатын жалғыз нәрсе - ислам ғана еді. Исламмен біте қайнасқан, мидай араласып кеткен қазақылығымыз ғана бізді ұлт ретінде сақтап қалатын еді. Онсыз да тыр-жалаңаш шешінген қазақ қыздарының бүгінгі халін ойласақ, ұлт ретінде өмір сүруіміз немесе исламға ене алмай қалған түркі тұқымды туыстарымыз сынды тұтасымен жойылып кетуіміздің арасы қылдай ғана еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-5 10:44:33

Арманына жетудің жолы – өзіне-өзі қол салу деп білген жігітпен мен таң атқанша сырластым. Оған имани тәрбиелер бердім. Я, біз себепші ғанамыз. Оның дұрыс жолға түсуі мен түспеуін Алла ғана шешеді. Алла кімді қаласа, соны дұрыс жолға салады, кімді қаласа, соны адастырады. Алла - ұлы. Бір ғажабы, жаңағы жігіт азан дауысын естісе, Құран оқылған жерге келсе, қатты мазасызданып кететінін айтқан еді...

Оған Қазақстанға бару туралы айттым. Ақыры, өз жұмысына өзі қанағаттанбай жүргесін, оған өмірде мұнан басқа да өмір сүру жолдары бар екенін ұғындырғым келді. Қазақстанға барсам, онда байып кетсем, ондағы қарақолдар мені өлтіріп кетеді деген ой мұның басына берік орнап қалған екен. Оның ойынша, Қазақстанда баюға болмайды екен. Кім байыса, соны үптеп кетеді екен. Тұтас мемлекет аппараты - қарақшылық ұйым сынды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан адамның қаржысын, банктегі ақшасын көріп отырады да, сосын қырқып отырады. Мемлекеттік сипаттағы ұйымдасқан қарақшылық! Міне, жаңағы жігітіміз осыны айтып, зар-зар етеді. Ары айтсам да осынысын көлденең тартады, бері айтсам да осынысын көлденең тартады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)