Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 25 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 04:36:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 04:38 өзгерткен

Жалпы Жуас мырзаның сол бір мезгілдерде жолдаған барша жолдамасы екі тақырыпқа ғана қатысты болыпты, бірі - дін, бірі - виза. Қысқасы, қазаққа қатысты тақырып екен, оны мына арадан көре аласыздар:

Http://www.kultegin.net/bbs/my.php?Item=threads&uid=6426&page=2

Тағы бір беті:

Http://www.kultegin.net/bbs/my.php?Item=threads&uid=6426&page=1

Қайтесің, өзімше өзімді жасырып жүрмін ғой, кім екенімді әлдебір асабалар үнемі әшкерелеп, жерден жеті қоян тапқандай болып жүрді, онысына еш ренжімес ем, мен жарнамасын жасап жүрген бір бауырымыз бар еді, оның телефон өнері үстем еді, оның ғаламтор телефоны хақындағы білімдері кез-келген осы сала мамандарынан жоғары еді, баяғыда мен соның ғаламтор телефондарына жарнамашы болдым, бар мақсатым Қазақстан, Қытай, Түркияға шашылып қалған қазақтарға арзан, қолайлы, қауіпсіз байланыс ұсыну болатын. Себебі, Бұл телефондар тым арзан, тым қауіпсіз еді. Қысқасы, жаңағы пысықтар сол телефоншы жігіттің телефондарына қоңырау шалып, қоқан-лоққы жасауға дейін барды ғой...

Айта берсек, сөз көп, қайсысын айтамыз, менің хат сандығыма түскен қоқан-лоққы хаттар мен қысқа хаттар, әсіресе сен-қазақта маған жолданған хаттарды айтсам, оқырман өзі кей азаматтардың адамдығынан күмәнданар еді, көбісін осы күнге дейін ішіме бүгіп келдім...

Іште жатқан сырлар көп қой...

Кейде бұға берген сайын сұға беретін, сипағанды білмейтін сиырларды көргенде, амалың таусылады екен...

Бүгін біраз соның қалпына түстім. Артық кетсем, кешірсін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 04:51:28

Жаңағы «Египеттен туған ой» шығармамды оқып отырып ойға кетемін. Ол кезде с әуір айы еді ғой, міне, қазір қазан айы болды. Осы барыста қаншама арабтың қаны төгілді. Қаншама беюаз бұқара қырылды. Қаншама әйел жесір қалды, қаншама бала жетім қалды! Ойлап отырсаң, адамзаттың мынау өркениетті қоғамының барлығы да жалған. Адамдар Шыңғыс хан заманында қандай жабайы, дүлей, қанқұмар болса, қазір де сонымен біп-бірдей. Бар болғаны ол заманда бір ұлт екінші бір ұлтты көпе-көрнеу жаулап алатын. Ол ерлік саналатын. Ол - өмір сүрудің бір түрі ғана болатын. Ал, қазір бар болғаны әдемі сылтаулар тауып алатын болды. Арабтардың диктаторларын қуып шығып, арабтарға демократияны көктен жаудырған батыс қоғамының ең соңында байлыққа ие болып шыға келуі қазіргі күні шындыққа айналды. Алла Тағала біздің қазағымызды осы нәубеттен сақтасын! Қазақ қайтсе бақытты болады?

Ол үшін қазақ алдымен Алланың сүйетін амалдарын орындасын. Тиыл дегенінен тиылсын! Бақсы-бәлгерге барғанын, бейітке түнегенін, аруақтан медет тілегенін қойсын! Дінін қайтадан тапсын! Арағын құртсын! Тойдағы сырапшылдықты құртсын! Қазақ бұл күнде Қытайдағы ең кедей халық. Қытай бізден бай, оған еш күмән жоқ. Ұйғыр бізден бай, оған да еш талас жоқ, қысқасы, жер емген дүңген бізден бай. Бізден кедей ешқандай халық жоқ. Себебі, біздің қалыптасып қалған ұлттық дәстүріміз дұрыс емес. Өте сырапшыл халықпыз. Сол көл-көсір тойымыздың кесірінен барлық қазақ топтық жағдайда кедей! Тойда шашқан ештеме емес дерсің-ау, соңғы кезде өлімде де шашатын болдық! Мұнан өткен масқара тірлік болмас-ау...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 05:08:18

Виза дауында Қытайдағы қазақ үшін шыр-пыр болғандардың бірі «Жас қазақ» газетіндегі ұлтжанды ағамыз Тоқтар Жақаштың «Қытайдағы бауырларға үшбу хат» деген жолдамасы мынау екен:

Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid=15701

Жолдаманы көріп отырып, осы кісімен хат алысқан naymanstan@gmail.com хат сандығым есіме түсті. Аштым. Бетімнен отым шықты. Ол кісіге мен Алматыға келгесін, газетханаға бір соғуға баяғыда бір уәде бергем. Алматыға келгесін де бір хабарласқам. Қу тірліктің күйбеңімен жүріп, оның барлығын тақыр-таза ұмытқаным-ай! Міне, мен сондаймын! Жаным қысылғанда, басқа күн түскенде, ес болған, қолдаушы болған, қорғаушы болған ағамызға ісіміз біткесін, арнайы барып, бір сәлем беріп, алғыс айтуға да жарамаппын! Мен ғой бала күнімнен мақұлбаймын, бала күнімнен ұмытшақпын, осы ғаламторда осыны оқып отырған ағайындар, сол виза дауында, біз ол кісінің қолфонына дейін ашық жарияладық, қайсыларыңыз сол кісіге бір смс жолдап, алғыс айтты екенсіздер? Айтушылар болса, Алла разы болсын!

Көнсілдегі ұятсыздар анау шешесі Алматыдағы Шелек ауылында қайтыс болған Абдыбақыт Абдыманапты қыспаққа алып, арыз бен дауды кім ұйымдастырып жүргенін сұрастырғанда, ол бейбақ менің аты-жөнімді оларға айтып беріпті, қорыққанынан мені сатып кетіпті. Менің азғыруыма еріп арыз жаздым, енді сол арызымды қайтарып аламын деп қағаз жазыпты. Артынан маған қоңырау шалып, кешірім сұрады. Мен оған ренжігем жоқ. Дереу болған істі осы ағаларыма хабарладым. Олар мұны тағы да қозғады. Ақыры Абдыбақыт визасын алды, мен қолфон нөмірімды өзгертуге мәжбүр болдым. Себебі, бір ғажап сырлы әйелдер мені түн жарымда көнсіл алдына шақырып тұрып алды...

Қауіптендім. Себебі, телефон нөмірімды жаңағы жігіттер ғана білетін еді. Демек, арыздән соң абыройдан да, қызметтен де айырылып қалған парақорлар маған қастандық жасауға дайындалып жүр еді...

Олардың жалақор болатындарын мен білемін, ұрмасаң да ұрған болып шығасың немесе әйелге ұятсыздық қылды десе де, дайын куә шыға келетініне көзім жететін еді. Қазақстанда сыйлы, беделді адамдарды үнемі осындай жоспарлы жалалармен қыспаққа алатын...

Кем дегенде, олардың дипломатиялық құқықтары бар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 05:16:19

Осы барыста есімнен өле-өлгенше кетпейтін бір оқиға болды! Мен осы оқиғаны жазамын деп, міне, осы уақытқа дейін созып келген екемін! Бұл оқиғаның адамдарға беретін әсері ересен еді. Бұл оқиғаны қарапайым кино қылып та түсіруге болатын еді. Мен бір жігітті іздеп жүрмін, оқырмандар көмектесіп, осы бауырымды маған тауып берсе, шексіз алғыс айтқан болар ем...

Ол жігіттің суреті де бар. Баяғыда виза дауында көнсіл алдын суретке түсірген бір қарындасым болды. Суреттерді маған алып келді. Есімде қалуынша құлжалық қыздар болатын. Мен ол фотоларды дереу сурет шығаратын сайтқа шығардым. Атын әдейі «зарлаған» деп қойдым. Бұл ағылшыншасы ғой, қазақшасы «зарлаған» еді. Кейін осы суреттер Қазақстанның барлық газеттерінде, орысша зона.кз сайтында, қазақша сайттарда жарияланды.

Http://photo.163.com/zarlagan

Осы суреттерді көріп отырсаңыз, ішінде бір жігіт бар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 05:36:51

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 05:47 өзгерткен

Жігіттің аты, есімде шала қалуынша, Әбдіжәлел еді. Өзі Іле жақтың жігіті болса керек-ті. Ол жағы да есімде жоқ. Маған қазақтың барлығы туыс. Елін немесе жерін сұрастырып кетпеймін! Барлығы өзімнің бір туған бауырымдай сезіледі. Иә, әр қазақ менің жалғызым! Осы жігіт осы виза дауында ерекше рөл атқарды. Мен Алматыдан арнайы Үрімжіге барғанымда, Үрімжідегі ел әліде дауды бастамаған болатын! Көнсіл алдындағы сабылған қазақта сан жоқ еді. Бірақ, солардың ешқайсысы арыздануға құлықты емес еді...

Ең бастысы, бізге факт жинау керек болды!

Факт жинау үшін адамдарды арыз жазуға ұйымдасып, болып жатқан әділетсіз, заңсыз іс хақында жоғары жаққа шағымдануға, ақпарат саласының назарын аудартуға уағыздау керек болды!

Бірақ соншама қиналған, соншама тарыққан адамдардың өзі арыз жазуға қорқатын еді. Олар менің уағыздарымды естігесін, арыз жазғанның орнына маған жабысатын. «Қарағым, соншама күшті байланысың бар екен ғой, менің мына зәру шаруамды шешіп берші, сосын арыз айтайын» дейтұғын маған. Ел-жұртты арызданғанда ғана істің шын сырынан жоғары жақтың хабардар болатынын, сонда ғана істі шешуге болатынын сендіру үшін менің сол жақта жатып тұрып жұмыс жасауыма тура келген еді! Ол жақта қазақтардың ашып алған аса арзан жатақханалары бар еді. Іші тар, жарығы жақсы түспейтін. Адамдардың жеке төсегі деген атымен жоқ. Өлшемді қонақ үйлер үлгісінде стандарт рум бойынша, жеке бөлме болуы мүмкін емес еді. Ағаш тапшан үстіне ерлер тұтасымен ығы-жығы болып құлайтын да, көрші бөлмеде әйелдер жататын! Барлығы да біріне-бірі денелері тиісіп, сығылысып жатады екен. Мен осындай бөлмелердің біразын ерінбей аралап шықтым, өз көзіммен қаншама ашынышты оқиғаларды көрдім. Виза аштыру үшін күніне 3 уақ шай мен нан жейтін қазақ ақсақалды көрдім! Ыстық тамақ ішпегеніне бір ай болған екен! Ақшасы тақыр-таза таусылған! Еш амалы жоқ! Қарыз алатын жері де қалмаған. Мұның көшкелі жатқанын біліп, ел де бұған қарыз бермес болған. Аз ағайынның барлығынан қарыз алып біткен. Делдалға алданып, ақшасынан бір айырылған, Пекинге барып екі желінген. Енді Үрімжіде тозып жүрген жүрісі мынау...

Сол кісінің ашынышты әңгімелерін естігенімде, көзімнен аққан жастарға ие бола алмай қалған едім!

...Ой, сұмдық-ай...

Біздің күндіз үкімет қызметінде болып, кеште үйіне келіп, сафада жамбастап жатып, си-си-ти-ви көретін бауырларымыз осы заманғы қазақтың «қара таяқтары» ғой. Бұл Абайша айтқанымыз еді. Осы қара таяқтарымыз кем дегенде тамақтан тарылмас еді. Ішкені алдында, ішпегені артында еді. Үкіметтен несиеге алып алған үйлерін ай сайын болып төлеп, сенбі, жексенбісін тоймен өткізетін зиялы қазақ өмірі маған аса таныс. Бірақ осы зиялы қазақтар, кәдір қазақтар ауылдағы қара қазақтың халін көз алдына бір уақ келтірсінші...

Тамақ мәселесінің өзін шеше алмаған, ары-бері жүруіне бірнеше жүз юан ақша таба алмайтын, ауырса емделе алмайтын қазақтардың саны неткен көбейіп кеткен! Мен осыны көріп шошыдым! Жаңағы ақсақалдың визасы ақыры шешілді...

Айрылысарда ол да жылады, мен де жыладым! Ол ісінің біткеніне қуанып жылады, тез біткеніне қуанып жылады. Менің азғантай көмегіме жылады. Ал, мен осы ақсақал сынды тағы қаншама қазағым бар екен деп, соны ойлап жыладым! Қайран менің қазағым!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 05:46:20

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 05:54 өзгерткен

Жә, жаңағы Әбдіжәлел бауырымыз хақында айталық!

Азаттық немесе басқа сайттардан іздесеңіз, виза дауы барысында визасын шеше алмай, оқуына жете алмай, арызданған, өзі Шымкентте медреседе оқитын қазақ жігіті туралы айтады. Ол осы жігіт еді. Менің Әбдіжәлелге айтар алғысым көп еді. Бұл жігіттің діни білімі ересен екен. Мен осындай жаңа бір буын жастарды көріп, қуанғаным соншалық, ішімнен Аллаға сансыз шүкірлік айттым! Себебі, бұл біздің қазақтың жас буыны еді. Имани білімге бет бұрған қазақ жастарының жаңа буыны еді! Ұлтымыздың болашағы еді. Осы Әбдіжәлел бауырымыз көнсіл алдындағы жұртты уағыздауда маған үлкен қолғанат болды. Жұртты ұйымдастырды. Екеуіміз көптен көп сырластық. Арамызда Еңбекшіқазаққа көшіп келген, әйелі мен екеуі қазақ азаматтығын алып алғандарына бес жыл болса да, қыздарын Қытайда тастауға мәжбүр болған Амантай деген жігіт бар еді. Оның қызы биыл 16-ға толып, енді паспорт бітіріп, әке-шешесімен қауышайын десе, көнсіл виза бермей, сан сылтаумен қаңғыртып жүрген екен.

Осы жігіттер ел-жұртты ұйымдастырды. Сосын арыз дегенді айдадық-ау келіп. Құжаттарды тұтасымен суретке алдырдық. Сканерледік. Арыздарды жазып, қол қойдырып, оны да сканерледік. Соңында апалар мен аталарды, зарлаған әжелерді, жылаған әйелдерді, ызаланған, ашуға булыққан жұртты тұтасымен камераға түсірдік. Бұл аса үлкен факт болды...

Осы жиналған темірдей фактнің өзінде Алматыдағы парақорлар сан сылтау тауып үлгірді. Анау деді, мынау деді. Қысқасы, он мың адамды жоқ деп айтуға дейін барды. Барлығы дұрыс, барлығы орнында, арызданып жүргендер бәлеқор делдалдар деген мансаптылар да болды. Оның барлығын сол кездегі сайттардан ерінбеген адам таба алады...

Атила5 жолданған уақыты: 2011-10-4 05:51:33

Жауап 2241# жөкеш

Қырда Қытайым, ойда орысым аман болса, ортадағы қазақ тыныш болады деген сөз «тұрмыс тілшісінде» айтылған. Нықаң ойдан құрап айтпаған бұрыннан бар сөз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 06:16:17

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 06:38 өзгерткен

Әбдіжәлелдің адамгершілігі, оның имандылығы, оның нағыз қазақ азаматтарына тән қайсарлығы мынау еді: Көнсілдің қысымына мойынсынбай, қаһарынан қорықпай, қоқан-лоққысы мен бопсасын елемей, менің үстімнен арыз жазуға қаншама қысаса да, оның сол арызды жазбағаны - нағыз мұсылмандық, нағыз тақуалық еді! Қылмыстары мен былық-шылығы ашылып қалғасын, көнсілдегі оңбағандар жаңағы арызданғандардың визасын кезексіз ашып беруге мәжбүр болған еді, ішінде Әбдіжәлел де бар еді. Себебі, оның визасын кезексіз ашу туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Үрімжідегі көнсілге бұйрық келген! Себебі, оның арызы барлық газет, барлық сайтқа шығып кеткен! Ол - оқушы ғой! Оның еш кезексіз виза алуға әбден қақысы бар еді. Біздің парақорларымыз тура осындай жерлерінен бізге ұсталды. Біздің фактлерімізді жоқ қылудың қазақстандық қалыптасқан амалы бар еді. Ол арыз жазған адамның арызын қайтып алуы болатын. Жаңағы тоғышарлар оған визасын бергелі жатып, тағы қысым салған. Менің атымды әлдебіреуден біліп алған, енді «осы адамның құтыртуы мен азғыруы бойынша ғана білместікпен арыз жазып едім» деп жаз деп арызшылардың барлығын қысымға алған. Көбісі мені сатып кеткен! Алла оларды кешірсін! Қолдарына армандаған визаларын алуды мақсат қылған қара халыққа мені сату оншалықты ауыр күнә сезілмесе керек. Оның үстіне визасы жапсырылған паспортты көрсетіп отырып, жаңағыдай арыз жазбасаңдар, паспорттарыңды бермейміз деген бопсаға оқу-тоқуы аз, өзі қорқақ, су жүрек болып кеткен қара халық қайдан төзсін! Жалғыз Әбдіжәлел ғана қасқайып қарсы шыққан!

«Визамды, паспортымды бермесеңдер бермеңдер, мен де алмаппын, ендеше! Мен мұсылманмын, арызды өзім жаздым, өз еркіммен жаздым, есім дұрыс, біреудің алдағанына, азғырғанына көнетін жаста емеспін. Алжыған шал емеспін, мен мұсылманмын, біреуге жазықсыз жала жаба алмаймын, жала жауып, жаланың күнәсін арқалағанша, визамды алмаппын» деп есіктен шығып кеткен! Олар соның өзінде де сол кезде барлық ақпаратты дүрліктірген оқушы баланың, медресе түлегінің виза ала алмау дауын осылай шешкісі келген! Онсыз олардың күні қараң еді. Оларға осылай ғана құтылуға болатын еді. Мұның өзі тағы да ақпаратқа шықты. Алматыда пресс-конференциядан көз аша алмай қалған сыртқы істер министрлігі көнсілдік департаменті мен қазақ қауымдастығы қысымында Үрімжідегілердің арманы орындалмады. Әбдіжәлел арызынан қайтқан жоқ. Бірақ, визасын алды! Арада Құлжаға кетіп қалған. Оның виза ала алмауы керісінше көнсілге бәле болды, ақыры өздері телефон шалып жүріп, жалынып жүріп, визасын беріп тыныш тапты...

Ортадағы құжатын құшағына басқан жігіт сол еді:

Http://photo.163.com/zarlagan/big/#aid=221832975&id=6896494436

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 06:31:26

Әбеке бауырым визасын алғанда маған қоңырау шалды. Қазақстандағы таныс-білістері оны сайттан, телевизордан көргенін айтқан. Өзі күліп жүр. Визасын алу барысы осыншама күрделі болды. Әлемнің көптеген елінде, тез дегенде, жарты минутта, тіпті 20 секундта бітетін виза жұмысы біздің Қазақстанда осылай, айлап, жылдап бітеді! Өзгелер үшін минуттың өзі өмір. Ал, біз үшін жыл мен ай өмір есептелінбейді! Біздің өміріміз құнсыз!

Көнсіл маңындағы қазақтар ашып алған тар жатақханалардағы ығы-жығы сығылысып жататын, өңдері тозған, жанарлары үмітсіз, киімдері жұпыны қазақтар менің көз алдымнан осы уақытқа дейін кетпейді! Көбісі қарт адамдар. Бала-шағасы мол отбасылар. Бір отауы Қазақстанда, бір отауы Қытайда қалған, екіге айырылып қалған шаңырақтар. Құдасына бара алмай ұяттан өлермен болған құда. Қызы босанғаннан бастап визаға жүгірген апа. Қазір жиенінің өзі шауып жүр. Әне-міне туамын деп аузы-мұрнынан шығып, әзер отырған жүкті әйел, арманы Қазақстанда туу, барлығының бір ерекшелігі – кедей! Барлығы кедей! Дұрыстау жатаққа жатқанға ақшалары жоқ. Ішетін тамақтары да қарапайым. Екі-үш күнде бір ыстық тамақ ішеді. Себебі, әрі-бері сандалып, жарты жыл жүріп, виза ала алмау дегеніңіз, кімді болса да тоздырып жібереді ғой...

Осы барыста Пекинге барып визасын ала алмай келген бір жігіт кездесті. Жас жігіт. Малшы жігіт. Бір балалары бар. Оның арызы да ерекше еді...

Айта берсек көп қой! Бірақ, неге біздің қазағымыз соншама кедей?! Не үшін біз өзге халықтар сынды ақша жия алмаймыз?! Осы мәселе мені көп ойландырады! Ойлана-ойлана келе, мен мұның сырларын да тапқандай болдым! Ол - біздің ұлттық салттарымызға өзгеріс енгізу! Қазаққа ақша ұғымын ұғындыру! Ақша ұғымын ұғыну үшін қазақты Израильде оқытудың қажеті жоқ. Мәліш сауда болса да, бақал сауда болса да, қазақ баласы саудаға бет алуы керек. Ақшаның тиыннан құралатынын қазақ баласы сезінуі керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 07:24:00

Қазақ қайтсе байиды?

Осы мәселе – бұл күндегі ең ірі мәселердің бірі. Басқасын айтпайық, бұл мәселе Қытайдағы екі жүз түмен қазақ үшін аса ірі мәселе еді. Қытайдағы қазақтардың оқу-тоқу деңгейі төмен емес. Қаншама доктор, қаншама ғалым шықты. Ұлттың жан санына шағып кеп жібергенде, біздің оқу-тоқу деңгейіміз Қытайдағы кәрістерден ғана кейін, көбінен жоғары тұрады. Бірақ, осы оқу-тоқу бізді байыта алған жоқ!

Қазақ қайда барса да кедей! Ауылдағы кедей қазақтың қаншалық кедей болатынын мен білмейді екенмін. Оны 2009 жылы мамырда өз көзіммен көрдім! Оған дейін қазақтардың қаншалықты кедей екенін ешқашан білмеген сықылды екемін! Менің көріп жүргендерім қала жағалаған қазақ екен. Қалтасында артық бес теңгесі болмаса да, сырт көзге шытырайып киініп алған қазақтарға қарап, алыстан сүйініп жүріппін. Сөйтсем, кедейліктің көкесі ауылда екен ғой...

Менің нағашы жағымнан бір сыйлы кісі қайтыс болды. Жол бойынша менің кіші нағашы атам еді. Ол кезде ішкі Қытайдан келіп, Үрімжіде аз уақ аялдаған кезім болатұғын. Суық хабар жеткесін, алыстан ұшақпен Үрімжіге жеткен тағы бір туысымды Үрімжідегі әуежайдан күтіп алдым да, ауыл жаққа тарттым да кеттім. Түнделетіп суыт жүріп, таң ата жеттік ауылға.

Салт бойынша таяққа сүйеніп, жылап тұрдым. Аза тұтуым міндет болатын. Ой, бауырымдап, жан-жақтан жиналған ел! Сан жоқ. Көктемнің кезі еді. Адамдар егін жұмыстарымен айналысып жатқан кез болатын. Нағашымыз жасарын жасаған, асарын асаған кісі еді. Бала-шағалары тегіс үйлі-баранды болған, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған кісі еді. Менің назарымды ересен аударғаны тіз қатар тізіліп, таяққа сүйеніп, теңселе жылап отырған біздерді - бір қатар еркектерді бас салып, жоқтап, көріс айтатын келуші адамдардың киімдерінің аса жұпынылығы болды! Мен бұған таңырқағаным соншалықты, ақырында бір әредікте мұның себебін елден сұрадым...

Жұпыны болғандары соншалық, арқасын күн күйдіргеннен ағарып кеткен кейбір көк түсті киімдерді мен Мау заманынан қалған болар деп ойладым...

Сөйтсем, ол Мау заманының киімдері емес екен. Мұндағы ел тұтасымен егінші. Мақта егеді. Жақынғы бірнеше жылдан бері мақта ақша болмай қалған. Сонан диқандар қатты күйзеліске ұшырағән. Көп қазақтар банкден алған несиелерін қайтара алмағандықтан, биылдың өзінде банклер оларға несие беруден бас тартқан. Сонымен егіндерін еге алмай, атыздарын жырта алмай қалған қазақ көп екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 07:49:55

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 07:52 өзгерткен

Еңкейіп таяғыма сүйеніп «жылап» тұрған менің көз алдымнан неше түрлі аяқ киімдер өтетін еді. Көбісі қоңқиған, шоңқиған, ескілігін суреттеудің өзі қиын болатындай аяқ киімдер! Кейбірі жамау үстіне жамалған! Көбісі 20-30 юан тұратын арзан қол, жасанды теріден жасалған арзан аяқ кимдер еді. Ішкі Қытайда мұның бір жұбының бағасы не бары үш-төрт юанға тура келетін еді. Кейін шәй ішіп отырып байқағанымда, еркектер жағы ғана емес, әйелдер жағы да тұтасымен ескі-құсқы киінген! Мен тіптен таңырқадым! Сексенінші жылдардың өзінде адамдар мұндай жұпыны киінбесе керек...

Әңгіменің көкесін кейін әңгіме қоздаған шай мен тамақ кезінде естідік...

Мұндағы қазақтар өлімді ұзатып отырып, мұнда дүниенің әңгімесін айта береді. Ол ешкімге де оғаш сезілмейді. Қайғырып отырған өлім иелерінен басқа жамағайын-туыстың қайғырып отырғаны шамалы. Барлығы да жасанды жылау. Жасанды көріс. Өлімге сойылған малдың етін жеп, сорпасын ішіп, сүйегін мұжып, бір қарық болып қалады. Көктемнің арықшылық заманында сорпа-суан ішіп, бір қарық болдық-ау деген іспетті ел көп. Қазан басын жағалап, сорпаға нан шылап жеген бала-шаға. Бәрінен де сорақысы жаназа шығарардан бұрын, мәйітті жаназаға жиналған елдің алдына әкеліп, әлдебір тізімдік жазылған қағазға қарап, мұндағы жұртқа киімдік мата тарата бастады. Бәленбай ақсақалға бір шапан! Түгенбай ақсақалға бір шапан! Түгенбай құдаға бір тон!...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)