Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 24 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

4 ғасыр өзге текті көшпендінің бодандығында болған Қытай жұртын батыстың жаулай бастағанына да көп болған еді, басы сонау 1840 жылдардағы апиын соғысынан бастау алатын. Онан ертеректе тиіп қашқан спандар мен португалдар болғанымен тура осы апиын шайқасындай болмаған-ды. Апиынға қарсы, батысқа қарсы ардагер, елім деп еңіреп туған ер, Қытайдың азаматы Лин Зышұй еді! Осы Лин Зышұйды сонау қиырдағы Ілеге сүргіндету де батыстың қысымы мен айласынан болған еді. Оған қоса, іштегі жеке мүддесін, ұлт мүддесінен, мемлекет мүддесінен зор қойған надандар мен тар ойлы қапас саналылардың кесірінен елім деген ер еңіреген беті күшіне ене алмай кетті. Сонан бастау алған отарлық кезек Қытай қоғамында қандай болғанын баяндаудың өзі артық еді, басқаны қоя тұрып, апиын мен улы шегімдіктер салдарынан ұлттың денсаулығы мен сапасына да адам ақылы жетпес деңгейде зиян салынған еді.

Сахара торласымыздың лебізі:

Көрген-білгеніңіз мол екен. Қытай жазбаларын құныға оқығансыз ба екен деп қалам...

Алла адамдарға сабыр, нысап берсін!

Жуас:

Бұл темені соңғы рет жуас да 2011-4-24 18:30 өзгерткен

Онан аттап өтіп Мау заманына көз салалық. Мау - ұлтын құтқарушы ғана емес, ұлтының басын біріктіруші де еді, өкінішке орай, Американың қарғылы төбеті Жан Кайши дегенді сахнаға шығарды батыс. Маудың асқақ армандарын жөргегінде тұншықтыру үшін қаншама жанталасса да, Жан Кайши өз дегеніне жете алған жоқ. Бірақ аттан түссе де, үзеңгіден түспеген батыс алпауыттары отан тұтастығын іске асыру арманын Маудың орындауына қашан да кесе-көлденең болды. Соның кесірінен бұл күнде бір текті, бір тілдегі қытай баласы Қытай құрлығы мен Таюан болып бөлек тұр...

Бұл да батыстың мақсаты еді. Қытайдің зораюынан, күшеюінен, басы бірігуінен қорқатын еді.

Рауа5 торласымыздың лебізі:

Тамаша тақырып екен, жалғасын күтудеміз.

Жуас:

Либиядағы қақтығыстың екі қайнары бар. Бірі - батыстың мұнайға таласы. Бұл аса маңызды фактор. Ашығын айтқанда бірден-бір фактор. Мұны біреулер Қаддафидің дара билеушілігімен байланыстырады, мәселе Қаддафидің дара билеуші екендігінде гәп жоқ, бірақ барлық дара билеушіге батыс киліге бермейді ғой, батыстың аялы алақаны астында келе жатқан дара билеушілер жыртылып айрылады. Мұнайға құныққан батыс алпауыттары Қаддафидың дара билеуші билігін аударуды мақсат қылғанымен, Американың мұнан шегініп шығуының себебі-ақ мұны айқын көрсететін еді. Бұл түйеде Обаманың жүгі жоқ болатын. Италия мен Францияның жүгі мол еді, жанталасып жатқандар да сол екеуі. Мүдде деген осы. Бала-шағаға дейін білетін осы ақиқатты бүркемелеп, қайдағы бір демократия деген жалған жалауды көтерген батыстың бар құныққаны мұнай мен байлық қана болатын. Демократия сылтау ғана еді. Жер астынан жік шықса, екі құлағы тік шықса, оларға керегі сол болатын. Болмаса, батыс ұстанымындағы демократиямен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын елдер Либия ғана емес еді. Мәңгілік дос жоқ, мәңгілік жау жоқ, мәңгілік мүдде ғана бар деген еврей қағидасы осының дәлелі еді...

Ғаламин торласымыз арада бір кескін құжатты қосыпты. Бұл арада шығармадық.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Бұл темені соңғы рет Асаңқайғы да 2011-4-24 20:17 өзгерткен

Жуас мырза, мына мақалаңызды толық оқи алмасам да айтайын.

Қалай болмасын, Перғауын заманында мысырлықтардың бәрі кәпір, ана пирамидалар сол кәпірлердің ақылـпарасатының, еңбегінің ұлы жемісі.

Жаңа эрадан бұрын 5000 жылдағы дүниені қалайша жаңа эрадан кейінгі VII ғасырларда пайда болған исламмен байланыстырып отырғандығыңызға қайранмын.

Аламан11 -дің жауабы:

Жауап 17# Асаңқайғы

Сөзді дұрыс түсінсеңіз болады, бұл жерде пирамиданы мұсылмандар жасады демеді, пирамиданы жасаған қазіргі мұсылман мысырлықтардың ата-бабасы деп отыр!!! Мұсылмандыққа тіс тырнағыңызбен қарсы екеніңізді білеміз, солайды бүйректен сирақ шығармай, пәле іздемей тыныш жүргеніңіз жөн.

Боздақ2012 -нің лебізі:

Дұрыс-ақ!

Басын осылай әп-әдемі бастайды да, ең соңында араб пен батысы өшестіреді де, екі танауға жұдырығын тығып мәз болып отырады. Мәселен, сіз айтқандай, демократия деп барып, болашақ мүдделерін бөлісіп жатқан батыстықтар мен Қаддафиге сырттан тамашалап тұрған қытай мен орыстар секілді.

Боздақ2012 лебізі:

Қорғанудың ең жақсы тәсілі - шапқыншылық деген Гитлердің ақылы керемет қой шіркін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 04:17:30

Әку торласымыздың лебізі:

Рахмет, жуас тордос! Өз білгендеріңді бүкпесіз ортаға салып, өзіңдей зиялы қауыммен ой бөліскенің ұлтжандылық, білімділік, жомарттық белгісі-ғой... Бұндағы көп сараптамаларың шындыққа жанасымды, толғақты ойларға толы екен. Әрине, темаңа қарсы пікірлердің болуы да кісіні қуантады. Қалай болмасын, оқырман үшін ұқсамаған әр екі жағын көре алғаны, одан өзінше ой қорытып, өзінің талғам-таразысына салып елеп-екшегені дұрыс.

Қарсы пікірлерге қарсы болмайық, шындықтың бетін ашушы-қайшылық.

Жаңбыр торласымыздың лебізі:

Жуастың «жуан» тұжырымдарына ой жүгіртпей амалымыз жоқ сияқты... Осы «осырық» бізді де улап жатқан жоқ па? Барған сайын батыстың сөзін сөйлеуге арланбайтын боп барамыз. Тұрмысымз да бейімделе бастады...

Бізге ешқандай бөтен болмай барады. Осы жақындық сіздерше болу керек пе, жоқ, жолаушының «жортуылы» жолда деп жүре береміз бе? Көп үйектен бір үйекке көшуді дәріптейтін батыстықтар үшін басың аман болса да, ұрпағың аман қалмайтынын білдіріп отырған сыңайлы...

Үйсін торласымыздың лебізі:

Е, бұл да болса да, араб мұсылмандарының берекесіздігі.

Жуастың күлтегінде жазғаны:

Сен-Қазақтағы Зят бауырдың жазғандары:

Басында мысырлықтарды иманы кәміл араб баласы деп бастап едіңіз, аяғында надан болып кетті.

Жаттың, жаудың шатпағына азғаны рас болса, онда олардың әу баста иманы кәміл болмаса керек. Әйтпесе, Алла иманын берік адамды шайтан да аздыра алмайды ғой.

Олардың не иманы кәміл екені өтірік, не азғаны өтірік.

Сіздің қай мәзһәбтан екеніңізді білмеймін, бірақ тәуелсіздігі қолына тиіп, етек-жеңін жинап, өз тарихын зерттеудің мүмкіндігі өзіне енді бұйырған қазақ елінің баба тарихымен рухани, генетикалық байланыстарын үзіп тастау үшін қолдан келген тірлігіңізді жасап, Алла жаратқан адам баласын жік-жікке болып, мәмілеге емес, ұрыс-керіске, жаулыққа шақырып жүргеніңізден ішімді тарта беремін. Тәуелсіздігімді берік етер тарихи тұғыр керек бізге.

Талғаусыз қабылдай беру керек дедім бе?

Зерттеу керек!

Ал Сарматтың ойынша өткен тарихты зерттеу өте қауіпті екен, себебі азып кетуің мүмкін екен!

Жуас:

Зят:

Ол ғылымның қателігі емес.

Қасиетті Құран Кәрімде де айтылған «оқы!» деп. Бұл білім алудың маңыздылығын көрсетеді дейді ғұламалар. «Мен білімсіз надан едім, сондықтан біздейлер адасып кетпеуі үшін өткен заманды қозғамау керек» деген себеп бола алмайды. Адасу өз қолыңызда. Оқыңыз, біліңіз, үйреніңіз...

Ғылым исламда да өте жоғары бағаланады.

«Құранды Аллаһ өз ғылымымен түсірген» (һұд сүресі 11/14),

«(Құран) әрқандай бір жақтан төнуі мүмкін шабуылдардан және нұқсандардан қорғалған» (һижр сүресі, 15/9, 17),

Діндерінің быт-шытын шығарып, жіктерге бөлінгендер бар емес пе, сенің оларға еш қатысың жоқ! Олардың ісі Аллаһқа тиесілі! Аллаһ оларға жасап қойғандарын хабарламақ! (Анғам сүресі, 6/159)

Демек, Құран - Алланың ғылымы, адамның ғылымы оған қатер төндіре алмайды. Егер иманың берік болса, ең тылсым дүниелер туралы да зерттеулер ол сеніміңді шайқай алмайды.

Сондықтан, иманыңды берікте!

Жуас:

Менің жазғандарым:

Зят, мұнда бір ғана Мысыр адамы айтылып тұрған жоқ, ел болғасын, ұлт болғасын, иманы кәмілі де, иманы әлсізі де болған, бұл бар халыққа ортақ жағдай. Мәселе - осылардың ара салыстырмасы. Мен Жуас болып кіре алмағасын, бұрынғы жазғандарымды қайталаймын. Біздің бұрынғы ата-бабамызды зерттеуіміз әбден дұрыс. Оған мен қарсы емеспін. Дін де қарсы емес. Мәселе, біздің бұрынғы ата-бабамызды зерттеуімізге енді ғана орай болып отыр, бұрын біз қытайша, мұңғылша, арабша, парсыша, орысша деректермен ғана «зерттедік». Шын мағынасында, орыстар бізге XV ғасырда пайда болдың десе, бас шұлғыдық, бодандық деген осы. XV ғасырдан бұрын қазақ жат жұлдызда жасап келіп, аяқ астынан жершарына көшіп келген жоқ, шынайы тарих енді ғана зерттеледі. Біз бейне мұсылман ғалымдары жаһилият дәуіріндегі тарихын зерттегендей зерттеуіміз керек. Бейне, Мысыр ғалымдары батыстың шатпағы негізінде емес, өз ұлттық тұрғысынан баяғыдағы Перғауынды зерттегендей зерттеуіміз керек. Осыған біздегі ғалымдарда білім де, біліктілік те, иман да керек. Болмаса, қайдағы бір азған, азғын, қолдан жасалған тарих шыға келеді.

Жуас:

Зят бауырым, туысым, Алла саған разы болсын! Мұндағы дүре сықылды, Оспан сықылды, Қазақфильм сықылды «отаншыл», «қызыл» азаматтар мені «халық жауы» ретінде қарап, менің айпи адресімді, кім екенімді «қатысты тарауларға апарып бердік» деп айқұлақтанып отырғанда, жүрегінде иманы, басында ақылы бар сенің өзің менің «қай мазһаптан» екенімді тектей қалғаның қызық-ақ. Мүмкін, ұр да жық, қырғыш-жойғыш бауырларға «дәлел» тауып беріп жүрген боларсың, оныңа да рахмет! 1936-1937 жылдары қазақтың қаншама арысын қырып салған орыс билігі қазақ зиялыларын тура осы сен-қазақтағыдай бір-біріне айдап салған болатын. Көз алдыма сол кез айна қатесіз келді...

Сол замандағы қазақ өзгермеген екенбіз!

Жуас:

Мен басқа ешкімге ренжіген емеспін. Виза деп жүгірсем де, басқа тірліктерім де тек бір Алланың разылығы үшін ғана еді. Бірақ, мен де ет жүректі пендемін ғой, мен сен-Қазақта осындай қақпай мен жалаға ұшыраған сайын ешқашан қайтпаған едім. Менің бар айыбым қазақты жат діннен, әсіресе, Алматыдан келіп, Үрімжіден үй алып, қазақтың жас жігіттері мен қыздарын азған дінге уағыздап жүргендерден сақтау ғана еді, сақтандыру ғана еді, айыбым сол екен!

Жуас:

Себебі, мен Алматыда, Астанада, Қазақстанның ауылдарында көріп жүрмін ғой иегова болған қазақтарды, христиан болған қазақтарды, саны дегенің ересен мол. Тіпті, Мұхтар Шахан айтқандай, жарты миллионнан да көп болуы мүмкін. Себебі, Шымкент дегенің қалың қазақтың шұрайлы ордасы ғой, соның өзінде ауыл-ауылымен басқа дінге өткен қазақтарды көргенде, өкіріп тұрып жылаған болатынмын! Жауымнан қан майданда жеңілсем жыламас ем ғой!

Жуас:

Сенің Құраннан дәлел келтіргенің дұрыс-ақ. Бұлардың барлығы Алланың қалауы. Алла кімді қаласа, соны дұрыс жолға салады. Біздің қаншама қаракөзіміз ақиқаттың не екенін білместен бұрын солардың шырмауы мен арбауына түсіп кетті. Біз қарап отырып, қан қарындасымызды жау қолына беріп қойдық! Жау емей немене, адамның жауы шайтан екенін ту бастан ашық айтқан ғой, соның барлығына үнсіз көнудің өзі - күреспеу емес пе? Қарекет қыл, нәтижесін менен күт деген Алла сөзін ұғынғанымыз осы ма?

Жуас:

Мен шаршадым! Қатты қалжырадым! Көз алдыма 1936-1937 жылдар келді. Алла Тағала сол нәубет заманды көрмеген маған сол замандағы Алаш ардақтыларының халінің қалай болғанын түсіндіргендей болды! Мен білдім, біздің қазақтың қалам ұстаған зиялы қауымының қандай екенін! Мұстафа Шоқайдың үстінен Мәскеуге арызданған, Алаш ардақтыларын қидай сыпырып түрмеге жапқан, Сәкенді жынды қылып, қақаған аязда басынан суық су құйып жынды қылып өлтірген, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгірді абақтыда аяусыз қинап өлтірген де сол өз қазағымыз еді!

Жуас:

Менің жүрегім қатты жайсызданды. Мен қазақ торларына уақытша қош айта тұруға мәжбүрмін! Өз ұлтымды сүйгенім үшін осыншама азаптанамын деп ойламаған екенмін! Маған келіп жатқан жалаға толы, қорлауға толы хаттарға жүрегі еттен жаралған адамның шыдауы мүмкін емес! Күшіктеріне талатып қарап отырған сайт иесі Ақытбек мырзаға менен дұғай-дұғай сәлем! Жақсысын түрмеге тоғыту ұлттық дәстүрімізге айналғанын мен енді ғана білдім! Қош болыңдар, мені жек көргендер де, жақсы көргендер де. Мен аз уақыт, өз-өзіме сайтсыз да өмір сүре алатынымды дәлелдеп корейін! Қаламымды құшақтап, өз ойымдағыларымды қағазға жазармын! Алла қаласа, менен тың шығармалар күте беріңіздер! Бірақ, сен-қазаққа мәңгіге қош айтамын! Қош бол, Қазақфильм! Қош, Оспан! Қош, Ақсаң! Қош, Перне! Қош, Дүре! Қош, барша оқырман!

Хәстүлек торласымыздың лебізі:

«Қош, жарық дүние!» дей ме екен деп, жүрегім тас төбеме шықты.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Бұл темені соңғы рет асаңқайғы да 2011-4-26 08:10 өзгерткен

Жуас, жаның қиналды ғой. Бір мезет демалғаның да дұрыс.

Қоғамдағы өзгерістің бәрін құдайдың қалауы ма деп ойлаймын. Әйтпесе, құдайдың құдыреті жетпейді дейсің бе соны тежеуге.

Мына кәпір Қытайды дүниедегі ең күшті ұлттардың бірі етіп қойды, бұл да құдайдың қалауы ма деп ойлайсың.

Қазақ сияқты аузың қайсы десе, мұрнын көрсететін момын халықты әлсіз қылып қойды, бұл да құдайдың қалауы ма деп ойлайсың.

Ендеше құдайдың қалауы болса, соны қабылдау керек қой, соған тура қарау керек қой.

Өзгертуге шамаң келмеген істі қабылдау ـــ ең үлкен сабырлылық, кешірімшілдік және құдайдың қалауын қабылдағандық.

Құдай қазақтың басына не салса да, соны қабылдағанымыз жон. Бұл құдайдың қалауы болмаса да, заманның талабы.

Сондықтан Жуас мырза, бұған күйініп жаныңды қинап қайтесің. Бұған күйініп өлсең де, дүние сол ауқым бойынша кете барады. Амал жоқ.

Енисей торласымыздың лебізі:

Асаңғайғы демалшы сен де...

Шаршадың-ғой. Жатағыңа барып інжіліңді оқып, піскен момаңды жеп жатшы.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Бұл темені соңғы рет асаңқайғы да 2011-4-26 08:19 өзгерткен

Жуас бізден бір мезет түңілсе де, жақсы қазыналарын қалдырып кетті.

«Мәскеу сапарынан естелігі» жүрек қанымен жазылған дүние. Оның діни тұрғыдан түсіндіруіне сын көзбен қарап, ол ойының ықпылына ұшарап қалмауымыз, ал оның жалпы таныстарған тарихи шындығын жақсылап, қайталап оқуымыз керек.

Жуасқа амандық тілеймін. Жақсы демалып, ғылмилықпен бұл араға қайта оралуын күтемін.

Жихат торласымыздың лебізі:

«Мәскеу сапарынан естелігі» діни тұрғыдан жазылған деу мүлде қате болар, әлемдегі әртүрлі дінге дұрыс талдау жасаған, дұрыс баға берген шығарма, оны бүкілдей исламиятқа тіреу қате!!!

Қошалақ торласымыздың лебізі:

«Мәскеу сапары» - аты затына сай жауһар!

Шағыр торласымыздың лебізі:

Мына біреу қаңғыбас христианның көзін жоғалтыңдаршы! Көп-көрім сұхбаттың дәмін кетірді ғой.

Карол торласымыздың лебізі:

Мынау Асаңқайғы деген кім өзі? Қазақша оқыған мұңғыл болар, қазақшаны судай қып айтатын талай мұңғыл бар.

Салқар торласымыздың лебізі:

«Асаңқайғы» ештеме де жаза алмайсың, сен өлекшінге ұқсайтын пендесің сұрқия айнаға қарашы кәпір...

Жуастың садағасы бол...

Тұнжыр торласымыздың лебізі:

Жарайды, сенің кәусәр сөздерің мен ұшқыр ойларыңа шөлдегелі қашан мынау жұрттың.

Мешел торласымыздың лебізі:

Жуас бауырым, Алла саған разы болсын. Жақсырақ тынығып ал, Асаңқайғы да демалатын болды.

Маған екеуің де керексің, мен мешелмін, сендерден ислам діні мен христиан діні туралы сауат күтемін.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Жуастың әңгімесіне қарағанда, өзі ылғи да иехова мен христиан алпауыт саудагерлерімен ауыз жаласады екен, солардың микробын жұқтырып алмағанына кім кепіл.

Мешел торласымыздың лебізі:

Асаңқайғы сен бағана Жуасты исламшыл деп едің ғой. Енді оны өзіңе жақын тартып қалыпсың ғой.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Жуастың «Мәскеу сапары естелігінің» басын оқысаңыз, тонның ішкі бауындай болып жүрген достарының бәрі христиандықтар мен иеховашылдар.

Сондықтан, күйеге үйкелгеннің бір жеңі қара (менің жаңа мақалым).

Ар-тұмар торласымыздың лебізі:

Әсеке, сіздің бар ойыңыз заманның ыңғайына бағып қана кете бару ә... Заман қалай құбылса, сен де солай құбылып, өзіңнің құрсағың тоқ, көйлегің көк болып жүргеніне, әрі сөйтіп жүре беруіне ғана ырзасың...

Мейлі ит болып кет, не шошқа болып кет, әйтеу алдыңдағы асыңнан айрылғың келмейді. Ол үшін мейлі қандай жаманшылық істеу керек болса да, тайынбай бара аласың...

Көзсіз ерлікті қайтесің...

Бір уақ демалсай...

Әйтпесе битіңіз...

Сіз сол өз ойыңыз бойынша өмір сүріп кете беріңіз. Ол сіз үшін аса парасатты талғам. Бірақ, ол ойларыңызды бұлай әкеліп қоқсытып, өзі де тозуға шақ қалып тұрған халықты одан бетер тоздырмаңыз. Үндемей кетсеңіз, соның өзін ұлтыңыз үшін қосқан ең үлкен үлесіңіз дер едім...

Әбен торласымыздың лебізі:

Жуас аға, битке өкпелеп тоныңызды итке тастамаңыз. Ит үред,і керуен көшеді ғой.

Жақсы жолдамаларыңызбен және де жанымызды жадыратқайсыз.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Осында айтылып жатқандардың «Бәрі болмыстың, амалияттың бейнесі, оны мен қалтамнан шығарып жатқан нәрсе екен деп қалма. Әйтеуір болмыс болады екен, оның ақылға сыйымды жері болады. Сондықтан адамның идеясы тектен тек пайда болмайды, сен сияқты реаль өмірден қашқанша, қорыққанша, жақсы деп өзіңді-өзің алдағанша немесе оны әдемілеп бояғанша, қайта оған ерлікпен тура қараған, дәуірмен бірге алға басқан ақылдырақ.

Сайт деген әлеуметтік пікір ортасы болғаннан кейін барлық адамның көзқарас білдіру еркіндігі болады. Жаман айтпай жақсы жоқ. Қай жағынан айтылса да, бәрі де білген қазаққа ой салу, сақтандыру.

Заманның ыңғайына көнбей не істей аламыз? Заманға қарсы келгендердің күні қандай болды кешегі? Сенше біз де солай істеуіміз керек пе?

Онан қалса құрсағы тоқ, көйлегі көктердің бәрінен жаман ой шығады деу өте қисынсыз ғой, ұлы Абай болсын, бәрі бардам адамдар. Жаман ой болсын, жақсы ой болсын, оның бай-кедейлігімен қатыссыз.

Асаңқайғы торласымыздың лебізі:

Осы сөзің өзің белгілеген «өшіріледі, шектеледі» деген белгілеменің мына тармағына қайшылық жасап отыр. Аса бола отырып, өз белгілемелеріңізге өздерің бойсұна алмайсыздар. Сонда қайтіп елді басқара аласыздар.

Былапыт, боқтық сөз айтып, мәдениетсіздік көрсеткендерге ескерту беріледі, жауабы өшіріледі.

Арـтұмар асабаның әдепсіздігін есепке алмағанда, сөзінің логикалық қателіктері тағы жоғарыда айтылғандай шодырайып байқалып отыр.

Ар-тұмардың лебізі:

Суды сіңетін жерін тауып құйған дұрыс екен ғой...

Асаңқайғының лебізі:

”Буынсыз жерден пышақ салмау “ десе, тіпті де дәлірек болар...

Бұл материалдың келу қайнары күлтегін сұхбаты http://www.kultegin.net/bbs/ Авторлық құқығы мен баспа құқығы қорғалады! Тораптағы келу адресі: Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid=15824

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 04:23:27

Иә, сонымен Жуас деген бүркеншік атты неге қолданды дейсіздер ғой. Ол заманда виза дауын қоздатып жүрген ек. Әлдебіреулер артымнан ит қосып қуіп, Үрімжі қаласында менің ғаламторға шығуымның өзі бір сұмдық болып кеткен еді. Қайсы айпи адреспен шықсам, сол адрес құлыпталып тұрды. Жұртшылықты виза дауына атсалысуға үндеген жолдамаларым атсыз-атақсыз кей сайттардан өшірілген үстіне өшіріліп тұрды. Оны айпи тексергіш асабалар әбден біледі ғой, мен ең тұрақты шыққан екі айпи адрестің екеуі де құлыпталумен болды, тек күлтегін жігіттері мені ешқашан құлыптаған, қуған емес! Алла оларға разы болсын! Сен-қазақта кем дегенде 20 шақты ат қолдансам керек. Себебі, жұртты аттанысқа келтіру керек болды! Бір атпен шыққан сайын, менің атыма сан түрлі өсек айтып, жұртты қорқытып, үркітіп жүрген жігіттер болды...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 139 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)