Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 22 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қашан да іштен шыққан жау жаман...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 02:58:28

Бір қазақ орысты құтқарушы жұлдызым деп санайды. Бір қазақ Американы құтқарушы жұлдыз деп санайды. Біреулер Түркияға жақындауды, пәнтүркілік идеяларды уағыздайды. Баяғыда Түркиядан келген бір қазақпен бір түн сырласқаным бар. Оның айтуында, қазіргі замандағы ең құдіретті мұсылман елі - Түркия. Қазақтар Түркиямен одақтасуы керек. Басқасын қою керек. Иә, Түркияның қазақтарды қатты қолдайтыны шын. Күллі ғаламнан қазақтың дербестігін бірінші болып мойындаған ел де осы Түркия. Қазақтың алғашқы қиыншылық жылдары көмек қолын созған да осы Түркия. Бірақ, біздің Түркия түріктері армандағандай, олардың қанаты астына бірігіуіміз, түрік тілін өз ана тіліміз қатарында «түркі дүниесінің ортақ тілі» ретінде қарауымыз мүмкін емес. Себебі, біз қазақпыз. Оны Нұрсұлтан да айтқан, мойнымызға мініп алған бір ағаны түсіріп, орнына екінші бір ағаны мінгізіп алудың қажеті жоқ. Одақ болуға болар, бірақ тепе-тең күйде ғана...

Қазіргі халықаралық жағдайда мүдде барлығын шешеді...

Қазақтың мүддесін барлығынан жоғары қойғанда ғана біздің ұлттық мұраттарымыз жүзеге асады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 03:06:40

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 12:04 өзгерткен

Қазақта не жоқ?! Алла тағала қазаққа барлығын да үйіп-төгіп бере салған. Алланың қазаққа берген нығметі шексіз, мұны Қазақстанға келген Қытай премьері (зұңлиы) айтқан болатын, бірақ премьердің сөзінен соң Шерхан аға бастап, өзгесі қостап, біраз шу болған еді. Оны оқырмандар білер. Демек, біздің байлығымыз, біздің нығметтеріміз бәрінен мол. Енді осы байлықты дұрыс қолдану керек. Бұл қазіргі күндегі ең басты мәселенің бірі және бірегейі. Байлық бар жерде бәле қоса жүреді. Ақша молайған сайын арамдық та молаяды. Қазақтың осы байлықты ұстап тұруы үшін қазақ деген елдің бір тудың астына жиналуы керек. Ол үшін экономист ғалымдардың сөзіне жүгінсек, мемлекетіміздің жан саны 40 миллион болмайынша, біздің Қазақстанның шарықтап дамуы, ішкі базардың дербес жағдайда қалыптасуы мүмкін емес. Осыны іске асыру үшін шеттегі қазақтардың шартсыз түрде Қазақстанға жиналуы шарт. Ол үшін мемлекеттің әлдеқандай бір тиімді шарттарды әзірлеуі міндет емес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 03:12:17

Әттең, біздің халқымыздың ислами білімдері төмен. Егер халқымыздың ислами білімдері мол болғанда, бізде қазіргі ұлттық бас ауруға айналған мәселелер болмаған болар еді. Шынайы мұсылман тағдырына сенген болар еді. Шынайы мұсылман басшысына бағынған болар еді. Шынайы мұсылман Аллаға тәуекел еткен болар еді. Себебі, Алланың бергенін ешкім тартып ала алмас еді де, Алланың бермегенін ешкім сұрап ала алмас еді. Бізде ең қарапайым исламдық түсініктің осындай түрлерінің өзі кем болғандықтан, біздегі азаматтар анадан да, мынадан да қорқа береді. Алладан қорықпайды, Алладан басқаның барлығынан қорқады. Аллаға сенбейді, Алладан басқаның барлығына сенеді. Аллаға ғана құл болмайды, Алладан басқаның барлығына құл болады. Мансапқа құл болады, қызметке құл болады, қатынына құл болады. Ақшаға құл болады. Беделге құл болады...

Ең соңында ұрпағын өз қолымен құлдыққа тастап отырғанын немесе құл болатын ұрпақты бағып-өсіріп отырғанын білмейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:00:41

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 15:06 өзгерткен

Американың Орта Азиядағы ықпалының артуы - орыс пен қытай бастаған, Қазақстан қостаған Шаңхай ынтымақтастығы үшін тиімсіз еді. Сол үшін соңғы жылдары аталмыш ұйымның әскери жаттығулары үздіксіз молайып келеді. Әсіресе, Қытай батысы мен қырғызда туылған бүліктерден кейін Қазақстан, Қытай, орыс үшеуінің одақтастығы арта түсті. Бір анық фактор, бұл күнде орыс, қазақ, қытай үшеуі бір кемеде еді. Олардың жауы ортақ болатын. Қазақстанның Қытаймен шекаралас үш ауданындағы жан саны небары 150 мың келетін «етник топтардың» Америка қаржысымен тікелей қолдауы нәтижесінде қазақ жерінде бөлшектеушілік сипаттағы әрекеттерге баруы, Қазақстандағы ұлтаралық берекені бұзатын әрекеттерге жиі-жиі баруы, әрі олардың зиялыларының бұл мәселені барынша жасырып, жауырды жаба тоқып, барлық ұлтаралық қақтығыстарды жай содырлық әрекеттер деп ақтауы олардың Қытайдағы зиялыларының әрекетімен біп-бірдей еді. Онда да алдымен,олардың ұшқарылары оқиға тудырады, сосын зиялылары ән сала бастайды, әндерінің әуені бір. Ойлаған адамға осының өзі үлкен ой салады. Біз мұнда Қытайдағы істер хақында сөйлеп отырғымыз келмейді. Бұл барша оқырманға таныс. Қазақстандағы бөлшектеуші күштердің құтырыну себебі туралы тоқталамыз.

«Бұға берсең, сұға береді» деген қазақ мақалының ақиқаттығын олар бізге үйреткендей болды. Қазақтың аялы алақанынының қадірін білмей, ел аман, жұрт тынышта биті семірген зәндемілердің алаяқтығы бірден белгілі еді. Олар Қазақстанды өздерінің күрес мақсаттарына айналдырып алған болатын. Себебі, шығыстағы алпауыт елге шамалары жетпейтінін білді. Күрдтер де түріктермен ғасырлап алысып, ақыры шамалары жетпесін білді. Күрдтердің Түркиядан ала алмаған есесін, азаттығын, жеңісін Американың қолдауы арқылы Ирақтан алғандығын білеміз. Бұл күнде Ирақтағы күрдтер дербестік деңгейінде. Арабтар оларға «әу» дей алмайды. Олар ертең ашық дербес болуы мүмкін. Керісінше, Америка қолдауындағы күрдтер Ирақтың саяси сахнасын меңгеріп келе жатыр. Гәп қайда! Болмаса, Түркиядағы күрд басшысы Аужаланды түріктер сонау қиырдан аузы-басын тұмылдырықтап, аяқ-қолын кісендеп, ит құсап ұстап алып келді ғой! Түркиядағы 20 миллион күрдтің аңсаған азаттығы ақырында Ирақтың мемлекет ретінде бодан болуының нәтижесінде іске асты. Біздің қазақтар да Ирақ құсап қалмайын десе, өз құшағындағы күрд рөлін сомдап жүрген аталмыш «бауырларын» мықты қадағалауы керек...

Саясатта достық та жоқ, туыстық та жоқ! Қазақтың мүддесі бәрінен жоғары. Ата-бабамыздың қан кешіп жүріп қорғаған сүйемдей жерін берудің өзі - тарих алдындағы қылмыс!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:17:31

Түріктер Американың одақтасы еді. Арабтар мен Израильдерді ұстап тұру үшін, түрік арқылы қорқытып тұру үшін, Америкаға Түркиядай одақтас керек еді. Себебі, араб жерінің біразы Оспан түркілерінің отары болғаны тарихтан бізге белгілі. Ағылшындардың араб жеріне кіруі, Түркияны шіріктестіріп, арабтарды түріктерге қарсы айдап салуы нәтижесінде жер бетіндегі ең алып империя құлады да, арабтар егемендік алды. Бірақ, күрдтер орайдан қағыс қалды. Шын мағынасында, күрд ұлтының бағынан соры қалың еді. Күрдтердің ақшаны ұлт мүддесінен жоғары қойған ұлттық бұржуазиясы ұлттың барлық жерін саудаға салып жіберді. Міне, осы күнге дейін жан саны 60 миллионнан асатын елдің отаны жоқ. Әр елде, әр жерде шашылып жүр. Түркиядағы күрдтер ырықты-ырықсыз жағдайда түрік болып кетті. Бірақ, күні ертең Ирақ, Иран, Түркия арасынан Күрд мемлекеті құрыла жатса, жалғаннан түрік болып алған күрдтердің ашыққа шығуына еш күмән жоқ. Бұл күнде Қазақстан сақшылары жалғаннан қазақ болып жазылып жатқандарға жасыл шырақ жағып отыр. Күні ертең сол жалған қазақтар ел билігіне ұмтылуы мүмкін. Себебі, оларды қолдайтын шетел қаржысы бар. Қашан да бір мемлекетті билеген, сол елдің тумасы емес адам ол ел үшін сатқындыққа тез барады. Әрине, Мысырды билеген қалың арабты құдыретті елге айналдырған біздің сұлтан Бейбарыс бабамыздан басқасы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:27:26

Иә, бұл түріктер мен бұл күрдтер Қазақстанда да бар. Қазақстанда не жоқ дейсіз. Бізде негрлерден басқасының барлығы бар. Африкадан біраз негр импорт қылсақ, Америкадан аумай қалғалы тұрмыз. Билік басындағы тоғышарлардың армандап жүрген «қазақстандық ұлты» да осы американдық ұлт сынды нәрсе. Шын мағынасында, американдық ұлттың тілі - Американы отарлаушы ағылшындардың тілі еді. Оларға құрамалы-құранды тың тіл жасалынған жоқ болатын. Қазақстандық ұлт теориясының мақсаты да сол болатын. Қазақты отарлаған орыстың тілін осы жаңа ұлттың тілі ретінде сақтап қалғысы келді. Бұл бір еді. Екіншісі - Қазақстандағы мәлім бір ұлттың Қытайдағы туыстарына баруы қиындаған еді. Қытай елшілігі паспорттарында өздерінің ұлты бадырайып жазылып тұрған әлгілерге, Қазақстанның «аз санды ұлтына» Қытай визасын беруді мүлдемге қиындатқаны себепті, саудагер жұрттың ары-бері сабылысуы қиындаған болатын. Сөйтті де, биліктегі жалған қазақтар арқылы Қазақстан паспортындағы «ұлт қарастылығы» деген жерге ештеме жазбайтын заңды шығарды. Рахат! Кімнің кім екенін ешкім білмейді! Сонымен, солардың ары-бері жүріп-тұруына қолайлы болу үшін тұтас бір мемлекеттің заңы өзгерді. Паспорт туралы заңдарымен қатар ұлт заңы да өзгерді. Бұл аса қатерлі құбылыс еді. Қазақтар сақ болуы керек!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:38:15

Әрине, қазақ ұлтшылдары бұған қарсы тұрды. Бірақ, қарсы тұрудың нәтижесі бәрібір жаңағы «туыстарымызға» пайдалы жаққа шешілді. Ұлтшылдар алданды. Жаңа заңда қалаған адам паспортына ұлтын жазады, қаламаса жаздырмайды! Демек, сен күрдсің, Қазақстан паспортында ұлтыңды күрд деп көрсетуіңе де, жаздыруыңа да болады, жаздырмауыңа да болады...

Мінеки, гәп қайда жатыр. Сонымен, шекара аймақтағы Қытаймен сауда жасағыш, Құлжаға барғыш, Үрімжіге қыдырғыш жаңағы туысқан ұлтымыз паспорттарын тұтасымен өзгертіп, ұлт қарастылығы деген жерді бос қалдырды...

Қазақстанның қайыстай созылғыш, сағыздай иленгіш солқылдақ заңы күнде өзгереді. Билік басында ұлтсыз, дінсіз космополиттердің отыруы - қазақтың сан мүддесін сатудың арқасында іске асып отыр...

Алыстағы Американың мақсаты да Қазақстанда бүлік тудыру! Себебі, Қазақстанда бүлік туылса, Қытайға баратын мұнайға тосқауыл қойылады. Американың мақсаты да сол, Қытайды мұнай арқылы қыспаққа алу. Қазақ мұнайынсыз, қазақ пен түрікпеннің газынсыз Қытайдың күні қараң. Қытай оңтүстігінің барлық өнеркәсібі, жүз миллиондаған адамның кәсіптенуі, тұтас мемлекеттің қаржылық өсуі – тұтасымен қазақ мұнайына, қазақ пен түрікпеннің газына ғана байланысты еді. Қытайда өндірістің сан-саласы бар, дамудың біраз салмағын осылар береді, бірақ мұнай мен газсыз мұның барлығы бос әңгіме болар еді...

Қазақтың қырда Қытайым аман болсын, ойда орысым аман болсын деген мақалы қазіргі жағдайға да бап келеді. Керісінше, осы мақалды бір жарты миллиард Қытай айтуға тиіс еді. Айтпасқа амалы да жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:47:15

Қиырдағы Түркияда күрдтермен түріктердің жұлдызы қарсы болса, Қазақстандағы күрдтер мен түріктер де ежелден тату өткен емес. Әрине, зор көлемді қақтығыс болмағанымен, осы екі ұлттың арасындағы береке болмайтыны қызық. Кім ата кегін ұмытсын?! Қазақстандағы армяндардың Қазақстандағы түріктерді иттің етінен жек көретіні де қызық. Себебі, баяғының баяғысында түріктер әрмендерге ұлттық қырғын жасаған-мыс. Кім білсін?! Бұл хақында Армения мен Түркия әлі де дауласып келеді. Жә, біздің тату-тәтті, берекелі Қазақстанымыздағы бірінің аузын бір жалаған 136 ұлттың ішіндегі осы екі жұпқа таңырқамай амалың жоқ. Әлде Кеңес кезінің адам миын біржола жуып тастайтын, өз ұлтынан бездіріп, өз тарихын ұмыттырып, өзгеге емешегі үзіліп тұратын қылып тастайтын сиқырлы дұғалары біздің қазаққа ғана дарығаны қалай екен, ә? Кеңес Одағы соншама құдіретті болған болса, осы ұлттарды неге берекелестірмеді екен?! Демек, осының барлығы да сол ұлт зиялыларына байланысты. Шың Шы Сайға арнап өлең жазған қазақпыз ғой. Бізді кім неге сендірсе, соған сене береміз. Енді, сонымызды қойғанымыз абзал. Кімнің жау, кімнің дос екенін Кеңестен қалған сарғайған сары оқулықтарға қарап емес, өз басымызбен ойланып, өз көзімізбен көрген шындыққа қарап қана шешуіміз керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:50:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 15:54 өзгерткен

«Қырда Қытайым аман болсын, ойда орысым аман болсын».

«Қытай-қайыс ноқта, орыс-темір ноқта».

Осы сынды мақалдардың бар екенін сіз білмегенге бола, ол мақалдарды жоқ қыла алмаймыз. Ежелден қытай-орыс сынды екі көршісімен қатар жасаған қазақтың бұндай мақалды шығармайтынына қандай дәлеліңіз бар?

Қазақтың Қытаймен көршілестігі, одақтастығы сонау үйсін заманынан бар. Мүмкін, онан да ары шығар. Шайжан ханыша соның мысалы. Орыспен көршілестігі де ежелден, кем дегенде рустарды көшпенділердің жаулап алуынан бастап, орыстың көшпенділер жерін тура өз келген ізі бойынша қуалай отырып, қайтадан жаулауына дейінгі аралық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 15:54:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 15:58 өзгерткен

Есіме баяғының баяғысында, Қазақстан алғаш егемен болғанда, Түркияның Қазақстан жеріне алғаш келген басшысының бір әңгімесі түсіп отыр. Әңгімені сол заманда сол кісілермен сапарлас болған қазақтың көнекөз қаряларының аузынан, қоғам қайраткерлерінің аузынан естіген едім...

Шын екендігінде күмәнім жоқ...

Жихат жолданған уақыты: 2011-10-2 16:14:29

Жарқын мырза, Алла Тағала сізге зор денсаулық, мызғымас иман, телегей теңіз білім берсін! Амин!!!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 16:19:40

Рахмет, Жихат! Жақсы тілектің өзі құлшылық қой, Алла разы болсын! Тілектерің қабыл болғай! Өзіңе де соны тіледім! Баршамызға да!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 17:47:20

Қазақ алғаш егемен болғанда туысқан түріктің басшысы, Түркия елінің басшысы келеді егемен Қазақстанға. Қасиетті мекен Түркістанға барады. Сол заманда Қазақстанды мекендеген түріктердің кейбір қу ауыздары әлдебір уәжбен сол басшыға кездессе керек. Қазақстандағы түріктерді Қазақстанға әкелген де орыстар болатын. Сталин заманында ту сонау Қара теңіз маңынан, Еуропадан, Арменияның арысынан, Иранның шегінен Қазақстанға қарай жөткеген еді. Кең қолтық әр қазақ үйіне бес-алтыдан түріктерді бөлісіп алған екен. Бәрімен бөлісіп, жарты дәнді жарып жеген кездері болыпты. Оны бұл кезде қаншалаған түрік ақсақалдарының аузынан өз құлағыммен естідім...

Ел болғасын, ауыл-үйдің арасында ары-бері қақтығыс болуы табиғи. Қазақтың кей тентегі оларға тізе батырып та қойған болуы мүмкін. Енді, жаңағы қу ауыз түріктің біреуі осыны Түркия басшысына айтып, түріктерді ту сонау Түркияға көшіріп әкетуді, әлде Қазақстанда ерекше қамқорлыққа алу хақында Нәкеңе бір-екі ауыз базына айтуды өтінсе керек...

Сонда, түріктің кемеңгер басшысы былай деген екен:

-Қазақ деген халық жер бетіндегі ең момын, ең ақкөңіл, ең жомарт, ең кеңпейіл халық. Осындай халықпен сиыса алмаған сендер жұмыр жердегі ешқандай жұртпен сиыса алмайсыңдар, тіпті Түркиядағы бір туған бауырларыңмен де...

Міне! Осы әңгімені маған әңгімелеп берген қарттардың бұған қосқан тағы біраз әңгімесі бар еді. Оны кейінгі кезге қалдырдық...

Өз басым Алматы маңындағы Қаскелеңді жағалаған түріктермен көп араластым. Түрік достарым да болды. Мен жастармен сөйлескеннен гөрі, қарттармен тез табысып кетуші едім. Түріктің қарттарымен де өте көп достарым болды. Сол шежіре қарттардың қай-қайсысы болсын, сол бір нәубет замандағы қазақтардың түріктерге жасаған жақсылығын айтып, ағынан ақтарылып отыратындар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 18:12:23

Түрік басшысының өзінің бір туған бауырларына айтқан жоғарыдағы сөзін мен Қазақстандағы барлық бұратананың шаңырағына жазып қойғым келеді де тұрады. Қазақстандағы барлық бұратана, әсіресе, тағдыр талқысына түсіп, қазақ жерін паналаған барша келімсектің қазақтан көрген жақсылығында шек жоқ! Біз осыны кино етіп түсіруіміз керек! Бізге қай-жайдағы қазақ намысын таптайтын «Келін» мен «Қайрат - чемпион» немесе «Қара ой» сынды шайтани туындылар керек емес, бізге тура осындай шығармалар керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 18:30:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 18:31 өзгерткен

Қытайдың намысын жаныған Жан-Лушұн еді. Сол Лушұн және Лушұн қатарындағы қытай алғабасар жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өткір һәм уытты қаламы болмаса, Қытайдың жастары лек-легімен ұлт-азаттық төңкерісіне шыққан болар ма еді? Олар сол замандағы Қытайдың ең алғабасар адамдарына уәкілдік етті. Шүршіт-манжудың астында 4 ғасыр иленген, санасы мейілінше салданған, дербес ойлау қуатынан айырылған, ұлттық санасы салданған қытайлардың өлген рухын тірілткен, санасына сәуле жіберген де Лушұн және сол сынды қытайдың алғабасар зиялылары еді. Сол заманда кертартпа билікке сатылған зиялылар да болды. Қытай зиялылары ол заманда бірнешеге жіктелді. Бірі - буржуазиялық Гүмандан партиясына ерді. Бірі - кедей әрі әлсіз болған Қытай компартиясына ерді. Бірі - Уаң Жиң Уидың сатқын билігіне ерді. Арада сансыз милитарист өзімен-өзі болған «Құдай көкте, патша алыста» болған жартылай егемен өмір сүрген заман еді. Қытайдың қоғамының былыққаны соншама, торыққан қытайлар Отанын тастап, шетелге кеткен еді. Оңтүстік тынық мұхит Азияға Қытай көшінің ағылуы да сол заманда ересен болды. Байлардың барлығы дерлік байлығын Шяңгаңға (Ганконгқа) жасырды. Біз құсап, түйеге тиеген алтындарымызды тибетке, қытайға, мұңғылға, үндіске тартқызып алдырған жоқ. Ақшасын банкке тығып, чегін чемоданында сақтап, заманның оңалуын күтті. Басы да аман болды, малы да аман болды. Біз болсақ, байлығымыз үшін қызыл қырғынға түстік. Басымыздан бір айырылдық, байлығымыздан екі айырылдық. Сол замандағы қазақтың байлары тыққан алтындар мен күмістер, қымбат бағалы тастар осы күнге дейін адам баспас тау қуыстарында, үңгірлерде бар...

Соны іздеп жүрген қазақтар да бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 19:31:56

Исламнан құтылсақ болғаны аспанға ұшып дамып кетеміз деп жүрген кейбір жартыкештерге келтіретін бір ғана мысалымыз бар. Оңтүстік Тынық мұхит Азияда Филиппин, Малайзия, Индонезия елдері бар. Осы елдердің барлық көрсеткіштері шамалас еді. Жер түзілісі де, айнала шарт-жағдайы да. Егер ислам ажырғы болатын болса, не үшін Малайзия мен Индонезияның дамуы мұсылман емес Филипиннен жоғары? Малайзияның оқу-тоқуы неге онан жоғары?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 21:16:43

Қазақстан батысындағы мұнайшылардың ереуілі басылмай тұр. Егер осы жағдай дұрыс шешімін таппаса, біздің қазіргі билік мұнайшылардың бірнеше жылдан бері үртіс жалғасқан наразылық шараларын ең ұтымды жолмен шеше білмесе, Қазақстан қоғамының қырғызша былығуында гәп жоқ. Алла онан сақтасын. Араб елдеріндегі былықтар да тура осылай басталған болатын. Араб дикаторлары істі дұрыс шеше алған жоқ. Өміріне наразы болған жұртшылық диктаторлардан есе аламыз деп жүріп, ең соңында ел мұнайын шетелге беріп тыныш тапты. Билік басына батысшыл сатқын адамдар шықты. Билікке қолы жетер-жетпестен мұнайдың қақ жартысын батысқа тегін бере салғандардың ертең сол арабтарды алтынмен аптап, күміспен күптей аларын немесе алмасын бір Алла ғана біледі. Біз бірдеме дей алмаймыз. Алла өмір берсе, оны да көрерміз. Мен бұл арада араб диктаторларын ақтағалы отырған емеспін немесе бүлікші арабтарды жақтағалы отырған емеспін. Шын мағынасында, диктатор да араб еді де, бүлікші де араб еді, екі араб тіл табыса алмады да, екеуі де қор болды, екеуі де хар болды. Екі қарға таласса, бір түлкіге жем болардың өзі болды. Ортадан батыс пайда тапты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 21:57:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 22:00 өзгерткен

Араб диктаторлары мен араб ереуілшілерінің түпкі мақсаты жұртты қырғынға ұшырату болмауы әбден мүмкін. Себебі, олар мұсылман еді. Бейбіт өмірдің мұсылмандары еді. Бірақ сыныққа сылтау таба алмай отырған Италия, Франция, Америка бұл орайды қолдан бермес еді. Олар жағдайды ушықтырудың амалын әбден меңгергендерден еді. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыстан соң, бейбіт замандағы жаулаушылықты іске асыру хақында Америка идеологиясын меңгеріп алған еврейлердің күллі ғаламда былықпалық тудыру арқылы билікті қалай тартып алу хақында жазған-сызғандарын оқысаңыз, жағаңызды ұстарыңыз хақ. Араб елдері бұл дүниенің үшінші үйегі еді. Иә, бірінші үйек - Америка бастаған, Еуропа қостаған батыс қоғамы болса, екінші үйек – орыс, қытай, қазақ басын қосқан Шаңхай ынтымақтастығы еді. Арабтар болса, осы екеуінің арасындағы үшінші үйек еді. Төте тіреске бара алмаған алдыңғы екі үйек көптен көп үшінші үйекті сынақ майданы ететұғын. Ирақта қыруар ақшасы күйіп кеткен Ресей билігі арабтармен тым жақын бола алмайтын еді. Ара-тұра қару сатқаны болмаса, Путиннің бар назары есігінің алдына дейін келіп тірелген НАТО-ға қалай қарсы тұру ғана болатын. Өкпе тұсынан сыққан қырғыздағы Америка әскері де орыс дерті еді. Я, орыс дерті ғана емес, күллі Орта Азияға тұтанатын соғыс өрті де осы қырғыз бауырларымыздан тарауы мүмкін. Алла онан сақтасын...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)