Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 21 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Тәжіктер де солай, өзбектерге де солай. Жоғары оқу үшін оларға арнайы жеңілдетілген жеңілдіктер, квоталар беріледі. Қазақтың жоғары оқу орындарында арнайы жеңілдікпен олардың балалары оқиды...

Қазақ деген осындай шүлен ұлт қой. Өзімізге қимайтын дарқандығымызды өзгеге таласа-тармаса береміз...

Қойнымыздағы қатынымызды бере салуға әзер қаламыз. Төрді береміз. Білмеймін, беретін басқа неміз бар екенін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 20:00:53

Оралмандардың Қазақстанға жасаған ықпалы ересен. Оны бір-екі ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шетелден отанына оралған бір миллион оралман Қазақстан қоғамының барлық саласында өлшеусіз өзгерістердің тууына себепші болды. Өзбекстаннан келген оралмандар жеке кәсіпкерлік саласында ерекше орынға ие болды. Әрі Өзбекстан қазақтары да Кеңес кезінде орысша оқу-тоқуға жетік болғандықтан (әрине, Қазақстанға қарағанда, өзбектің орысшасы далада қалады) Қазақстанның үкіметтік салаларында, оқу-ағарту салаларында Өзбекстан қазақтарының ықпалы жоғары болды. Өзбекстандағы жоғары оқу орындарындағы ұстаздар, жоғары мамандар Қазақстанға келіп, қазақ тілінің көсегесін көгертті. Олар еш қиналмастан мұнда қазақ тілді аудиторияны қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты.

Мұңғылиядан келген зиялы қазақтар да сол. Олардың көбісі мұғалім болды. Біразы журналистика саласында еңбек етті. Қоғам қайраткері болғандары да көп. Ақындары да болды. Көпшілік қара бұқарасы жеке кәсіпкерлікпен айналысты, қала жағалаған Мұңғылия қазақтарының дені ағаш шебері болды, Алматыдағы ортанқол үй жиһаздарын осы мұңғылиялық бауырларымыз жасады, сафа, төсек, үйдегі орындық-үстел, шкаф - барлығын осы мұңғылиялық қазақтар жасады, қазірдың өзінде де Алматы мен Астана және солтүстік-шығыс жақтарда орташа үй жиһаздарын тұтасымен осы Мұңғылия қазақтарының қолынан аласың...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 20:06:20

Мұңғылия қазақтары - нағыз қазақтар. Олардың тілінде орыс тілінің ықпалы жоқтың қасы. Қытайдың қазақтары құсап, ұйғыршадан қазақшаға сіңіп, Қытай қазақтарының өзі де қазақша не ұйғырша екендігін айыра алмай қалған «шағатайлық терминдер» Мұңғылия қазақтарында болмайды. Әрине, мұңғылия қазақтарының Қазақстанда оқыған, Қазақстанда өскен жас буыны жерлік қазақтар құсап кеткен. Бірақ, мейлі, жасы болсын, мейлі кәрісі болсын, олардың тілі бәрібір қазақша. Олармен салыстырғанда, қытай қазақтарының тілі әлдеқашан быт-шыт, шұбарала болған. Сыртқы келбеті, тұлғасы жағынан қазақшадан еш аумай кеткен ұйғыр сөздері мен қытай тілінен төте аудару арқылы енген аударма тілдер біздің барлық сөздік қорымызды мейілінше былғап болған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 20:18:59

Мен бұл арада ұйғыршадан қазақшаланып, қазақ тіліне сіңісіп кеткен сөздер туралы айтпаймын. Себебі, бұл хақында көп айтылды...

Оның жалғамасын оқырмандар тауып, іздеп, осы араға беретін болар. Бұл салада сүбелі ойлар айтып жүрген азаматтар бар. Ал, қытай тілінен біздің тілімізге аударма арқылы енген сөздер туралы бір-екі ауыз айта кетелік.

Мысалы, Қытай қазақтарының тіліндегі қытайдан енген, қытай сөз саптау үлгісі бойынша бізге жұққан «бір» сөзі!

Мысалы, неге екені белгісіз, Бейжің мен Шаңхай қаласы жарнамаланбай тұрған заманның өзінде Қытайдың небір керемет әдемі, саяхат орындары жарнамаланбай тұрғанда, Чұңчиң дейтін қаланы жарнамалау Қытай қазағының екі телеарнасында бір жылға дейін жалғасты. Біреулер мұны жалғамалы сату қылмысымен қатысты дейді, ол жағын біз бірдеме дей алмаймыз. Бірақ осы қаланың жарнамалануы мен ол жаққа жалғамалы сату қылмыстық ісіне алданып барған қаракөздеріміздің арасында бір байланыс болуы мүмкін. Болмаса, Қытай қазағы қиырдағы Чүңчиңның атын да сирек біледі...

Ал, жаңағы жалғамалы сатуды жарнамалаушылар қазақ арналарындағы осы жарнаманың өзін біздікі деп айтады екен. Себебі, осы жарнамалары арқылы бізді «жоғары жақ» жасырын қолдап отыр дейді екен! Себебі, ашық жарнамаға шықса, барлық қазақ жұмысын тастап, жаңағы жалғамалы сатушылардың ашық айтқанындай, егінші егінін, малшы малын, дохтыр дохтырлығын, әскер қызметін тастап, осы жалғамалы сатудың «қаржы қосу», «халық ішіндегі шашыранды қаражатты айналысқа салу» істерімен айналысып кетеді екен-міс! Міне, әңгіме қайда жатыр, мүмкін, қазақ телеарнасы қазақтарды Чүңчиңге саяхаттап баруға үгіттеп жатқан шығар. Мүмкін, мұны сол қаланың басқа саладағы адамдары беріп отырған болар, сөзімізді қысқарталық, осы қаланың жарнамасындағы «бұл бір......қала» деп басталатын «бір» сөзі қазақы сөз саптауға мүлде жат еді. Бұл қытайдың 这是一座 деп бастайтын сөйлеміндегі «бір» болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 20:42:25

Жалғамалы сатуға қарсы тұру қозғалысымыз басталудан бұрын да мен осы жарнамадағы «бір» сөзін иттің етінен жек көретінмін. Жалғамалы сатуға қарсы тұру барысында мұны тіптен жек көріп кеттім. Себебі, мен Чүңчиңде болдым. Баяғыда Сычуан өлкесіне қарағанымен, соңғы жылы төте Пекинге қарайтын төте қарасты қала жасағалы бұл қаланың дамуы ересен болған екен. Бірақ соншалық жарнамалайтындай бұл қаланың өзге саяхат қалаларына қарағанда ерекше артық ештеңесі де жоқ еді...

Осы жағын ойласаң, үшбу жарнаманың жайдан-жай еместігін айтқан жаңағы айтылымдардың қисынына бір уақ нанбай да амалың жоқ...

Мүмкін, біреулерге жарнамалауға тұратындай-ақ керемет көрінетін шығар. Бірақ, маған бұл қала еш қызық емес еді. Керісінше, қаланың шеттеу алыс шеттеріндегі табиғат басқашалау еді. Таулы, баулы, өзенді Сычуан табиғатының ерекше тұстары молтұғын.

Ашығын айту керек, Қытай қазағының телеарнасындағы ақпаратты көру маған мүлде қиын. Себебі, ондағы қазақшаға мүлде жат сөздердің тықпалануы, шала аудармалар менің мазамды алады, қатты жайсызданамын, онан да таза қытайша көрейін деймін. Аз қазағымның тілі шұбарланып бара жатыр деп зарлаймыз-ау, таза қытайланып бара жатқан қазақтар хақында неге айтпаймыз? Жабылып жатқан мектептер, қытайша оқып жатқан қазақтар...

Құрдымға кетіп бара жатқан қазақ тілі...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 20:53:30

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-1 21:22 өзгерткен

Қазақта «ғұмыр бойы», «өмір бойы» деген сөздер бар еді. Бірақ, «бір өмір» деген сөз жоқ еді. Бұл Қытайлардың 一辈子 сөзінен бізге енді, біздің тіліміз арқылы Қазақстанда таралуда. Осы сынды «бұл ғұмырымда» ұғымы да бұддылық ұғым еді, 这辈子, 下辈子 деген қытай нанымы бойынша осы сөздер де бізге еніп келе жатыр. Алдымен, тілімізге енсе, сосын ділімізге енер. Мұндағы қауіптің көкесі тілдің бұзылуында жатқан жоқ, сол бұзылған, былғанған тіл арқылы ділдің бұзылуында жатыр. Сол үшін баласын қытайша оқытып жатқан барлық қазақ осы мәселені дұрыстап тұрып салмақпен ойлағандары абзал. Баланың тілімен бірге нанымы да сол елдің нанымына аунап кететіні болады. Өз көзіммен көрген бір дәлел: қытайша оқыған балалардың, қыздар мен жігіттердің өзіне-өзі қол салу мөлшері қазақша оқығандарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Қытайша оқығандардың өзге ұлтпен үйленуі де қазақша оқығандарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Тілі бірдің ділі бір болып кетуі бек оңай! Тілі бірдің діні де бір болып кетуі де бек оңай! Сол елдің жаңағындай сөз саптаулары олардың нанымдарындағы адасқан тұстары еді. Шайтани нанымдардың көкейлеріндегі беріктігі соншалық, ол олардың тіл саптауларына дейін сіңісіп кеткен еді. Қытай тіліндегі, әсіресе, сөз көркі болған мақал-мәтелдеріндегі буддалық, дауизмдік элементтер аса мол еді. «Бұл өмірінде» менімен «кештеу танысып қалғанына» қатты өкінген қытайша оқыған бір қаракөзіміз болды. Оның жаһилдық талаптарына мен келіскен жоқпын. Себебі, мен мұсылман едім. Сүйген жарыма опасыздық істеп, некесіз арам қатынасқа бару - мен үшін өлім еді. Оның талабы бойынша уақыттық ойнап-күлуге, мезеттік романтикаға зауқым жоқ еді. Себебі, ол күнә саналатын. Сонымен, әрі-бері айналдырып, онысынан ештеңе өндіре алмаған жаңағы қыз «бұл өмірінде» орайы жоқ екенін біліп, «алдыңғы өмірінде» маған қатты қарыздар болғанына сеніп, «келесі ғұмырында» менімен үйленіп, «бір өмір» менімен тату-тәтті болғысы келетінін жазып, егер мен оның талаптарын қабыл қылмасам, өзін-өзі мерт етіп, «сар бұлақ жолында» (黄泉路) мен үшін бақыт тілейтінін жазған хатын ойлаған сайын жүрегім тітіркеніп кететін еді. Қазірдің өзінде сол хатты тауып алып қайталап оқып шықтым. Шяңгаңның (Ганконгтың) әншісі, әртісі 刘德华 Людыхуа айтқан «Маған бір кесе махаббатты ұмыттыратын су берші» (给我一杯忘情水) деп аяқтаған екен...

Тілдің ділге қаншалықты әсер ететінін ойлап, қытайша оқыған қазақтардың барған сайын молаятынын ойлап, шошынып кетемін. Ислам ұғымы бойынша, бізде 上辈子 немесе 下辈子 болмауы керек еді. Бұл будда нанымдары еді. Олардың ойында, өлген адамның жаны бұл өмірге қайтадан келеді, кім алдыңғы өмірінде біреуге қарыздар болса, мейлі сезімдік, адамгершілік жақтан қарыздар болса, оны келесі өмірінде қайтарады-мыс.

Міне, гәп қайда жатыр...

Қараңыз тілден ділге өткен заһарларды. Қанымызға өтіп барады. Жанымызды алмаса болғаны. Жанымызды алса, бізде 下辈子 жоқ қой айналсоқтап келе беретін. Бізде ғана емес, күллі адамзат баласына жоқ еді. Себебі, барша адам баласы өлгесін барзақ әлемінде - көр әлемінде жатады, сосын ақырзаман келеді, сосын жәннаттық немесе тозақылық болып мәңгіге өмір сүреміз. Жәннат та мәңгілік, тозақ та мәңгілік. Жәннаттағы рахат пен ләззат күннен күнге басқаша, бір күнінен бір күні артық болса, тозақтағы азап пен қорлық та күннен күнге басқаша, бір күнінен бір күні артық болып өсе бермек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 21:39:08

Үшбу шығармамызды қытайшаны түсінетін қазақтармен қатар қытайша бір ауыз сөз білмейтін қазақтардың да оқып жатқанын ескеріп, жоғарыдағы қытайлардың шайтани, адасқан нанымдарына қатысты сөздердің қандай мағына беретіндігін қысқаша түсіндіре кеткенді жөн көрдім. Кей оқырмандардың хат жазып немесе осы сайтта лебіз қалдырып айтуларына қарағанда, үшбу сапарнаманы олар қағазға бастырып алып, ата-аналарына да оқытып жатса керек. Біздің алдыңғы буын қазақтарымыздың қытайшаларының негізінен шала екендігін біз білеміз. Себебі, менің әкем солай болды. Ол кісілердің тұстастары да солай болды. Олардың заманында қытайлардың өзі қазақша сөйледі. Ендігіде барлығы да басқаша болды. Балабақшаға барған баласының тілі қытайша шыққанын мақтаныш еткен бір туысқаныма қатты ұрысқаным бар еді. Ертең сен өлсең, осы балаң саған сары қағаз күйдіреді деп айтқан болатынмын. Ішкен-жегеніңді есептеп, ауыра жатсаң, дохтырға апарғанына дейін есептеп отырады деген едім.

Жә, аудармамызға келелік:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 22:56:25

Қытайлардың адасқан һәм шайтани нанымдары бойынша болғанда, адам өлгесін «қытайлардың о дүниесіне» бармақ. Мұны қытайша иын сау ди фу-阴曹地府 деп атайды. Осы араға жеткенге дейін мәлім аралық жол басатын болса керек. Осы жолды «сары бұлақ жолы» хуаң чюан лу 黄泉路 деп атайды. Үйлерін қуыс-қуыс қылып салатын, қаласы иыр-қиыр көшелі келетін қытайлар о дүниені де осындай ұзын дәліздермен қиялдайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 23:05:00

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-1 23:43 өзгерткен

Қытайша оқыған бір қазақ қыздың бір қызметтесімізге қазақшалап «мен шайтан болсам да, сені бос жібермеймін» деп айтқанын естіген едік. Жағамызды ұстадық. Онысы 我做了鬼也不会放过你 еді. Ал, осы гүй-鬼 деген ұғымды қазақша түсіну қиындау. Себебі, бұның шайтан деген мағынасымен қатар, аруақ деген мағынасы да бар еді. Бірақ, бұлардың аруақ нанымы ислами аруақ нанымына келмейді. Исламда аруақтың адамға не зияны, не пайдасы болмайды. Олар ешқашан ести алмайды. Мұны құранда анық жазған. Бірақ, бұддылық нанымдары мен дауизмдік -道教 нанымдары мидай араласып, былығып кеткен қытайлардың ұғымында аруақтар адамдарды жарылқай алады, әрі адамдарға зиянын да тигізе алады. Демек, жаңағы қазақ қыздың «шайтан болсам да сені бос жібермеймін» деуі осыдан шығып отыр. Мұндай сөзді қытайлар біреуге кектенге кезінде айтады. Шамасы жетпеген кезінде, өзінің өлгеннен кейін де кек алатынын айтады. Қазақта «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» десе, бұлар да «ер жігіт кегін қайтаруы үшін он жыл да кештік етпес»-君子报仇十年不晚 дейді. Адамдарды кекшілдікке баулиды. Қазақтарда «өлімнен ұят күшті» десе, бұларда 好死不如赖活 дейді. Онысы, «ерше өлгеннен езше жасаған артық» дегендері...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 23:21:53

Біздің исламдық ұғымымыздағы аруақ ұғымы болса, адамның жаны шыққасын, Алланың дәргейіне кетіп, енді сол қабір әлемінде, барзақ әлемінде ақырзаман келгенше күтіп жатады. Демек, ол аруақтар бізді жарылқай да алмайды һәм бізге зиянын да тигізе алмайды. Олар естімейді. Оны Құранда былай айтады:

«Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (фатыр сүресі, 14-аят).

Демек, өлі адамдардың тірі адамдарға көмегі де болмайды, әрі зияны да болмақ емес. Өлген адам мың жерінен әулие болса да, батыр болса да, би болса да, патша болса да, өлгеннен кейін оның тірі адамдарға пайда әкелуі де, зиян салуы да мүмкін емес. Керісінше, тірі адамдар оларға пайдаларын тигізе алады. Себебі, салихалы ұрпақ қалдырған ата-ана үшін сауап жазылады, егер оның ұрпағы салихалы амалдармен айналысса. Имани жолмен жүрсе.

Бұл жағынан қарағанда қытайлық ұғымдағы аруақтардың иқуаттары «мол» болса керек. Я, олар адасқандар ғой. Алла сақтасын. Алланың ақиқаты Құран ғана. Демек, мейлі қытай бол, мейлі орыс бол, мейлі қазақ бол, Алланың алдына барарымыз қақ. Құй, илан, құй, иланба, Алланың заңы бойынша сұраларымыз хақ. Біз сол заманда, сұраққа жауап алынған заманда, сол қытайларды да көретін боламыз, қандай жауап бергенін. Себебі, жаратушы біреу. Жаратушының заңы бәрімізге ортақ. Қойылатын сұрақ та бірдей.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 00:01:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 00:04 өзгерткен

Бізде бір қырыс жандар бар. Олар өздерінің адасқандардан екендігін мойындағылары келмейді. Қолдарында дәлел келтіретін кітабы жоқ, қайдағы бір адасқан шаманизмді уағыздағысы келеді. Сол шаманизмнің не кітабы, не басқа айтылған ғылымы жоқ. Айтатын қасиетті пайғамбары жоқ. Қай-жайдағы тауға, тасқа табынып, әр нәрседен жәрдем күтеді. Өлген ата-бабасынан, өніп тұрған ағаштан, қасқырдың асығынан, әлдебір қабірден. Мұның барлығы жоғарыдағы қытайлардың үғымдарымен бірдей еді. Қытайлардың діни нанымдары барынша былыққан. Мұнда баяғыдағы тәңіршілдік пен көп құдайшылдық элементтерімен қатар бұддалық наным да жүреді, оған қытайдың дауизм діні де кіреді. Қысқасы, қытайлар өздерінің неге сенетіндерін де білмейді. Сол үшін де оларда бір мезет күллі Қытайды былықтырып жібере жаздаған «пәлең кім» атты теріс діннің, теріс сектаның көсемі Ли Қоң Же деген бәлелер үнемі туылып тұрады...

Қытайдың соңғы кезде түсірген тарихи фильмдерінен бірі бар еді-铁梨花 «Тие Лихуа» деген. Біреулердің арнайы айтуымен Қытайдың батыс терістігіне қатысты болғандықтан, сол киноны көрдім. Онда әскери милитаристің бір бақсысы болады. Аяғын матамен бунап алған, кәдімгі бақсы. Қытайлардың сөзімен айтқанда дауизм мүриті. Бірақ, соның аузынан үнемі бұддалық сөздер шығып тұрады. Демек, сценарияны жазушының өзі қытай нанымдарынан хабарсыз. Бұндай қателік қытай киноларында аса көп кездеседі. Ал, жай бұқараның өзі неге нанып, неге сенерін ешқашан білген емес...

Баяғыда өлген батырларына, юефиге, гуән гүңге бұтқана арнап жасап, соларға сиынып, солардан медет тілейтін қытайлардың кей адасқан қылықтары біздің қазақтардың да бойында бар. Өлген ата-бабасының басына барып, аруаққа мал арнап сойып, аруақтардың қолдап-қоршауын тілеп жүрген қазақтардың жаңағы қытайлармен ұқсастығын қарашы! Бұлардың барлығы адасқандық еді...

Алланың алдында, Аллаға серік қосқаннан артық күнә болмақ емес...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 01:54:48

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-2 02:30 өзгерткен

Иә, қазақтар «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейді. Қытайларда 笑贫不笑娼 деген мақал бар. Онысы «Кедейге күл, зинақорға күлме» дегені. Қырсықты мақал әр елде, әр жұртта бар ғой, бірақ «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі» деген ұлағатты мақалдың иесі болған біз өз батырларымызды тура қытайлардай әспеттей алмай жүрміз. Ғаламтор ойындарынан тартып, киноларына дейін, бұлардың ұзын шашты, ұзын сақалды батырлары. Баяғыдағы қытайдың батырларының, хандарының барлығы сақалды болса, бүгіндегі қалың көсе қытай қайдан келді екен, соған таңмын....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 02:40:59

Қырғыздар халықаралық деңгейде конференция өткізді. Конференцияның негізгі қаражатының келу қайнары - шетелдік бір ұйым. Конференцияның негізгі тақырыбы - шаман діні туралы. Батыстың «зерттеушілері» аяқ астынан қырғыз сынды осындай мәселелі елдердің «шаман діндеріне» неге қызыға қалды ғой дейсіз?! Америка мен Еуропаның іздегені ел ішіндегі қақтығыс. Бес есалаң қару көтеріп көшеге шықса болғаны. Оларға керегі сылтау ғана. Сол үшін осы керек. Ақымақ, жалданба ғалымдарды жалдап алады. Басы толған білім болғанымен шайтани нәпсі үшін, жалған атақ үшін жоқты бар деп, барды жоқ деп дәлелдейтін дәлдірлер молайған мына заманда, батыс үшін жалданбалы ғалымдар қырғыз мемлекетінде де шаман дінін талқылай қалды. Анық бір ақиқат сол еді. Олардың барлығы исламы әлсіз қазақ пен қырғызды шаман қылып алмақ еді. Қазақ пен қырғызды шаман қылып алса, айналасындағы мұсылмандармен қырылыстырып отырғанға жақсы еді. Әрине, тұтас ұлттың шаман болып кетуі мүмкін емес қой, олардың үміті, кем дегенде, бір қора есекбас шығып, өздерін шаманбыз деп жариялап, сол дін хақында ұйым құра қалса, сол ұйымды олар қаржыландырып, көлемін ұлғайтып, ұлтты өз ішінен ірітсе, ел бірлігін бұзса, сосын бұл елді жаулап алу дегеніңіз боқтан оңай болмақ. Сол үшін де олар қазақ ішінен, қырғыз ішінен осындай сатқын зиялыларды іздеп тауып алады. Оларға ғалым атағын береді. Қайта-қайта Еуропаға алдырып, ондағы жалданбалы оқу орындарында «лекция оқытып», сосын марапаттап, ең соңында өздерінің басыбайлы құлдары жасап алады. Ал, жаңағы Қазақстанда, не Қырғызстанда еш абыройы жоқ, атағын шығарайын десе, өртейтін жерді де таба алмай жүрген жәртікештер мұндайда көктен тілегенін жерден тапқандай болып, естерінен адаса іске кіріседі...

Өзге емес, өмірдің өзінде емес, осы біздің қазақ ғаламторының өзінде де сондай жалданбалы ұйымдардың жалақшылары, уағызшылары жүр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-2 02:50:34

Біз кейде Қытай аңыздарында айтылатын аңқау шаруаға ұқсаймыз. Аңқау шаруа жолда үсіп жатқан жыланға жаны ашып, шапанының ішіне салып алады ғой. Бойы жылынған жылан ақырында өзін шағып өлтіреді. Америкалық иеховашыны біз сол жылан құсатып киіміміздің ішіне салып алдық. Сонау Америкадан келіп еді, Әл-Фараби атындағы қазақтың ең жоғары оқу орнында оны ғылым кандидаты жасадық. Оған қазақша үйреттік, атақтар бердік, кітабын шығардық, оған қаншама ақылды қазақ алғы сөз жаздық. Сөйтсек, ол бізге сіңіп алды да, енді біз үйреткен қазақшамыз арқылы бізді іштен ірітпекке көшті. Қазақтарды иеховаға сендіре бастады...

Астанада бір ағылшынды тағы да осылай жарылқадық. Ол енді қазақ жерінде ереуілдерді ұйымдастырудың бас маманы болды. Қазақты қазаққа айдап салып, ертең қазақтар да қырғыздар құсап, қырылысып жатпасақ болды...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)