Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 20 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жаңағы кәрістер менен қайыр болмасын кеш білді. Мен шамам жеткенше, істі созуға тырыстым. Қырғын ішіндегі қырғыз ағайындарға жаным ашыды. Алла разылығы үшін оларға Алладан тыныштық пен береке тіледім. Жаңағы кәрістер ақыры зым-зия жоғалды. Ол кезде қырғыз іші де тынышталған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 11:11:25

Қазақ баласы ендігіде салғырттығы мен салақтығын, қамсыздығын қою керек. Әсіресе, шеттегі қазақ баласы. Басқасы емес, үйіңдегі тележәшігіңе қарап бір мезет ойлансаң-ақ жетеді. Ғалам дегенің қазір апалай да топалай. Бүгін басым аман екен деп ойлама. Ертеңің қалай болары белгісіз. Сол үшін жаңағы паспорт жасатып алу туралы немесе Шяңгаңға (Гонконгқа) баратын жолхат жасатып алу туралы айтқандарымды әрбір зиялы қазақ айналасына айта жүргені оң. Әр зиялы қазақ айналасындағы құда-жегжат, ағайын-туыс, нағашы-жиендерін қадағаласа, соларға осыны ұғындырса. Сабақтас, дос, олардың досы, сабақтасы деп ары қарай сабақтасып кете берсе, бар қазақ қамсыздығын қайыра тұрып, құжаттарын дұрыстап алса. Түптің түбінде осыдан зиян көрмесі анық...

Қырғызстандағы қырғыз бен өзбек арасындағы қырғын бізге көп сабақ берді. Одан біздің алатынымыз өте мол болды. Менің бір таныс қырғыздарым Мәскеуде тұрады. Ары-бері ұшып жүргенде әуежайда танысқанбыз. Бір қырғыз жігітті Шынжыннан Гуаңжоуға жүргелі тұрғанда, Шынжынның Луоху пойыз бекетінде кездестірдім. Қырғызстан қырғызы. Осы сынды қырғыздардың барлығымен мен араласып-құраласып, сырласып, қал-жағдайларын біліп жүремін. Қазір біздің ғаламдық ақпараттағы қырғыз бен өзбек арасындағы мағлұматтар, ашығын айту керек, болған істің оннан бірін ғана айтып отыр. Ал, шын мағынасында, онда болған жағдай әлдеқайда қорқынышты. Әлдеқайда адам ақылына сыймайтын деңгейде.

Алла тағала бізді бәле-жаладан, бүліктен, азаптан, аурудан сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Біздің Қытайдағы қазақ қырғынның не екенін, тұтас бір ауыл, тұтас бір әулеттен адам қалмай қырылып қалудың не екенін ұмыта қойған жоқ! Күні кеше ғана кең даладан жаныңа сая таппай, шыбын жаның шырылдап, сонау Алтай, Шәуешек бетінен шығыс Шыңжаң, онан ары Тибет, онан ары Үндістан - Пәкістан, онан ары Түркияға қашқаныңды ұмыта қоятын кезге келмедің, қазақ баласы! Тұқымы тұздай құрыған әулеттерді керей мен найман руларының ішінен көптеп кездестіруге болады! Өлгенін көмгенге де шамасы болмаған жағдай қызыл қырғында Қазақстанда да, Қытайда да болды! Сүйегі айдалада шашылып қалған сол есілдердің есімін іздесең, шежірелерден табасың. Ал, осының барлығы ұлт жадысынан өшер болса, онда болашағыңды да қоса өшіргенің! Қамсыз қазақ осыны ескерсін!

Озбырдың озбырлығын ұмыта қалатын ұмытшақ қазақтың есіне осыны салып тұру керек. Қасқыр мен қой ешқашан дос болмайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 21:41:14

Әссалаумәғәләйкүм уа рахматуллаһи уа Баракәту!

Аман-есенсіздер ме, қадірлі жамағат!

Қасиетті жұма күнінде тілеген тілектеріміз қабыл болғай!

Алматыда бүгін күн ерекше. Шайдай ашық. Кеше қара күз құсап кетіп еді. Бүгін жаздай. Кештете жаңбырлатты. Қазақтардың жайлауға салып алған қаласының мінезі де қызық...

Бәрінен де жаһиляттағы қыздарға обал болды...

Құбылған ауа райына қарап, Алматының жаһил қыздары не киерлерін біле алмай қалды...

Олардың бүгіні үшін жаным ашымайды-ау, ертең ол дүниедегі жағдайын ойлап шошына беремін...

Мейірімі шексіз Алла тағала қазақ елін қаһарыңнан сақтай көр!

Жә, рұхсат болса, шығармамызды жалғастыра берелік...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 22:05:21

Мен білгенде, напос қайда болса, сол жерден паспорт (төлқұжат) жасатасың. Шыңжаңның әр облысында, әр ауданында паспорт жасау барысы ұқсамайды. Кей жері әсіре қатаң, кей жері заң бойынша жасайды. Үрімжіде шақырту алдыртпайды. Туысыңнан Қазақстан поштасы арқылы заказ хат алдырасың. Ол келгенде Қытай поштасының таңбасы басылады. Сол хатты және конвертті сақшы жақ көреді. Жеңіл бітеді. Кей жерлерде туыстық шақырту бойынша жасайды. Кей жерлерде Қазақстан тарапындағы шақыртушы адамға қарап, «мынау өте көп адам шақыртты, бұның шақыртуы бойынша паспорт жасамаймыз» деген сылтаулар айтады. Заң бойынша мұның барлығы қате. Ашығын айту керек, төре табақ тауық етін дәметкендерге парамен болса да қағазыңды өткізу керек. Себебі, қазіргі жағдайда едірең қалпақ кигендердің түкірігі жерге түспей тұрған заман. Қалауын тапсаң, қар жанады. 10 рет шақырту алдырып, есігінің алдын тоздырып болмағасын, бір туысқанымызға ең қырсықты деген құжатшының өзі ұялғанынан құжатын берген екен...

Ебін тап. Ісіңнің біткені есеп. Баяғыда бір жігітті Шяңгаңға (Ганконгқа) жібермей, кедергі жасай бергесін арызданып, әлгі қырсықты бастықты шенінен алдырып тастаған болатын. Сонымен, сол жердегі қазақтың бағы ашылған екен...

Амал қалмай бара жатса, заңға сүйен. Тәртіп тексеру комитетіне, парткомге арыз түсірсең, шаңын қағып алады. Сондай қылған қазақтарды да білеміз...

Жәннат жолданған уақыты: 2011-9-30 22:12:14

Бұл темені соңғы рет Жәннат да 2011-9-30 23:24 өзгерткен

«Асан қайғы Абылайды сындағанда» дегеніңіз артық кетті-ау деймін ағасы. Асан қайғы XIV-XV ғасырларда қазақ хандығының құрылатын кезінде өмір сүрген адам. Ал Абылай болса XVIII ғасырларда өмір сүрген кісі ғой, жаңылсып тұрсыз-ау деймін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 23:01:40

Мүмкін, жаңылысқан болармын. Сізге Алла разы болсын. Жоғарыдағы жалғаманы оқып көріңізші. Докторлық қорғаудағы еңбек. Мұнда Асан атамыздың қай заманның адамы екендігі туралы ұқсамаған көзқарастар бар екені айтылған. Шындығы бір Аллаға ғана аян...

Алда, тағы да осылай өрелі ойларыңызбен бөлісіп отыруыңызды сұраймын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 13:50:09

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қайырлы таң, қадірменді қандастар!

Қырғыздағы әңгімемізді жалғай берелік.

Қырғыздар өз үйін апат түйініне айналдырып алды. Обаманың өзі араласып отырып, Путин берген миллиардқа бүйрегі бұрылып, Америка әскеріне «шық, еше, шық» деген қырғыздарды сөзінен қайтарды. Сонымен Путиннің ақшасынан да дым өнбей қалды. Обаманың өзі араласқанының өзі Путинге: «Сары күшік, сен көп абаламай, аузыңды жұм» деген сигнал еді. Сонымен, орыс үшін енді қатал шараға көшуден басқа амал қалмады. Орыс үшін екі таңдау бар еді. Бірі - қырғыздардың Америка құшағына кеткеніне қол қусырып қарап отыру. Қақ іргесінде ата жауының әскерін тұрғызу. Бір бүйірін жауға ұстату. Онсыз да Ауғаннан айырылған орысқа бұл сұмдық соққы еді. Қырғыздар саяси шахматта ойнап жүріп от басты. Орыстардың осылай қарекетке барарын ойламады. Ақыры быт-шыт болды. Туысқан екі ұлт арасына өшпенділік ұрығы себілді. Орысқа керегі де осы еді, орыстар қырғызды тыныштандырып, өзге Түркі Республикаларына, Украинға, Беларусқа ескерту бергендей болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 13:53:55

Енді осы қырғынның ар жағында Америка тұр деген болжам хақында айтайық.

Мұны айтатындар орыс тілді ақпараттар. Олардың айтуынша қайда Америка барса, сонда қырғын туады. Американың Қырғызға келуі, орналасуы - Қырғыздағы сойқанның басты себебі. Олар сөйтеді де, онан ары Американың күллі ғаламдағы істеген қырғындарын бір-бірлеп дәлелдей бастайды. Бір ойлаған адамға бұлардың айтқанының да жаны бар құсап сезіледі. Болмаса Ауғанды басы бүтінге жуық меңгеріп тұрған Американың тау арасындағы үңгірлерге жасырынған пүштулерді, тәлібтерді біржолата құрта алмайтындай қисыны жоқ еді, Америка үшін Ауғанның басы бүтін тынышталуы керек емес болатын, Ауғандағы соғыс аяқтамаса, олардың Қырғызда осыны сылтауратып әскер тұрғызуына мүмкіндік шығар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 14:03:35

Ауғандағы тәлібтер баяғыдағы тәлібтер емес еді. Ол кездегі күші мен қуаты қайтқан еді. Жұрт соғыстан жалыққан болатын. Күллі елді билеу дәрежесіне шақ қалған тәлібтерді қалпағымен ұрып алған Американың енді тау қуысындағы азғантай партизандық деңгейдегі азшылықты құрта алмай отыруы еш қисынға сыймайтын. Иә, басы бүтін бір мемлекет Ирақты жаулап алған Америкаға Ауған әңгіме болмауы тиіс еді. Бұл бейне кішкене кезімізде, кәмпиттің мол кезінде қатырлатып-қатырлатып, шайнап-шайнап, тез-тез жеп алып, соңғы бір талы қалғанда, бір жолда жеп тастамай, жұтып жібермей, дәмін алып, ұзақ сорып, ауызымызда малтап жүргеніміз сияқты әңгіме еді. Мен кішкене кезімде сөйтетінмін. Қазіргі Ауғанстан Американың аузындағы чупа-чупс (сорма кәмпит) еді. Мәмпазидің дәмін келтіріп тұру үшін үнемі жарылыстар туылып тұруы керек. Жұртты үрейде ұстап тұру керек. Өзге халықаралық жамағатқа Американың мұнда неге тұрғаны үшін сылтау тауып беру керек. Америка барлығының бас амандығының кепілі екендігін ұғындыру керек. Міне, Американың ойы осы. Кейде, мұсылман ауғанның мұсылман ауғандардың мешітін жарып жіберетінін телеарнадан көреміз, мұның барлығы Америка әскерінің қылығы. Болмаса кез-келген өзін мұсылманмын деп сезінетін адам Алланың үйі мешітті күл талқан қылып жарып жіберу былай тұрсын, мешіт ішінде дауыс көтеріп сөйлеуге де, дүние әңгімесін айтуға да болмайтынын біледі. Анық біледі! Мешіт түгілі, мешіттегі намазға асығып жүгіруге де болмайды. Бұл ислам талаптары. Мешітте, әлдебіреулер тыныштық бұзардай сыбырлап сөйлесе, соған қарап әлдебіреудің «үш, тыныш» дегенінің өзі де күнәға жазылатын еді. Бұны кез-келген мұсылман білетін еді. Мұның барлығы мешіт әдебі болатын. Ал, осындай талаппен өскен мұсылмандардың Ирақ пен Пәкістанда, Ауғанда мешіттерді жаруының барлығында еш қисын жоқ болатын. Сорлы мұсылмандар Американың қолжаулығы болып келе жатыр еді. Бір Аллаға тапсырдық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 14:15:13

Қазіргі дүниенің шындығы осы. Айдаладағы Ауған үшін қырғыздар күйді. Болмаса, момын қырғызға орыс та, Америка да, Ауған да қызық емес еді. Ауған мен қырғыз орыс пен Америка таласындағы шахмат тастары ғана. Бұл күнде Терістік Корей (Чаушян) мен Түстік Корейдің жағдайы да сол. Терістік Корей қытай мен орыстың Америкадан сақтанатын бекіністері ғана. Соғыстары мен қақтығыстарын өз ауласында емес, көршісінің ауласында жүргізу амалы. Терістік Корейдің басшысы - орыстың Америкаға қаратып арсылдатып үргізтіп қойған иті. Оның нағыз орыс авчаркасы екендігін Мәскеуде тарихшыл еврейлер жатқа айтып берді. Шындығында, қазіргі терістік Корей басшысының әкесі, атақты Кемерсін мырза (金日升) орыс өз қолымен бағып өсірген қарғылы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 14:29:16

Осы жолғы ішкі Қытайға барған іссапарымда Жяңсу өлкесінің жоғары лауазымды мансаптыларымен, іскер азаматтарымен кездесулерде болдым. Сол кезде Қытайдың бұрынғы басшысы Жяң Зымын мырза да сол Нанжиң әскери аумағында демалыста екен. Менің Нанжиңге баруымнан шамалы уақыт бұрын жаңағы терістік Корейдің дара билеуші есалаң басшысы да осы Нанжиңге ат басын тіреген екен. Мақсаты әскери көмек алып қайту болғанын Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары сауналар мен дастарқандардағы емін-еркін әңгімеде ашық әңгіме қылып айтып отырды. Қытайдағы демократияның бір белгісі осы еді. Қазір еркін әңгімеге рұхсат. Баяғыда болса, мұның барлығы мүмкін емес еді. Негізі түстік Корейдің әскери жаттығуларына сай Қытайдан әскери көмек алуға келсе керек, Қытайдың қазіргі төрағасы онымен кездесуді қаламапты. Терістік Корей Қытай үшін бас ауру екені шын еді. Жақыннан бері ақшадан, қаражаттан тарыққан терістік Корей улы есірткі заттарды, улы шегімдік заттарын ашық өндіріске қостырған еді, терістік Корейден Қытайдың Жилин өлкесіне енген есірткі заттары Қытайдың бас ауруы болған еді. Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым деген Қытайдың да халі түсінікті болатын. Кездескісі келмеген Ху оны Жяңге жіберіпті. Жяң ол кезде Нанжиң әскери аумағында емделіп, демалып жатқан екен, тыныштығын бұзған Кимді сүле-сапа қарсы алыпты. Алдын-ала бұйрық беріп, барлық жаңа әскери қаруларды жасырып қойыпты. Кезінде Кеңес Одағынан алған, бұл күнде ешкім де менсінбейтін ауыр қаруларды ғана ашыққа шығарып қойыпты дейді. Сонан жаңағы есалаң бұл қаруларды көріп, өзінде де бар болғасын, басқа алатын зат таппай, бірдеңе миллион тонна бидай мен күріш алып қайтқан екен дейді еліне...

Иә, Қытайдың байлығы асқан, тасы өрге домалаған қазіргі кезі емес, баяғыда өз халқы ішер асқа, киер киімге жарымай тұрған Мау заманында да, саяси одақтастарына аса шүлен, ерен жомарт еді. Тек, Албания компартиясының басшысы Ануар қожаның өзіне Маудың берген көмегінің өзі естіген ел таңырқарлық еді...

Осы тектес әңгімелерді айта берсек, ұлы Жұңхуа ұлтының өзі жемесе де, өзінің қарашасы аш отырса да, өзгеге өзегіндегісін жұлып беретін ерен ұлылығын, жомарттығын көре алған болар ек...

Айта берсек, ұлы жұрттардың ұлылығы көп қой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 15:17:14

Осындай қым-қуыт халықаралық қатынастар арасында қазақ дейтін халықтың мемлекеті Қазақстанның дұрыс жол тауып жүруі оңай шаруа емес еді. 28 жыл қан кешіп, Қытайды 1949 жылы әзер азат қылған Маудың өзі құл Қытайды азат қылғанымен, қарынын тойдыра алмаған беті көзін жұмған еді. Маудан бұрын қанша қытайдың осы мақсат жолында жанталасқанын тарихтан білеміз. Ашығын айту керек, биыл атақты Шинхай төңкерісінің (辛亥革命) бір ғасырлығы, 100 жылдығы. Қытайлар биыл қабаттаса келген компартия құрылғандығының 90 жылдығы мен Сұн Ятсын бастаған көтерілістің 100 жылдығы алдында қайсысын ұлықтап тойлайтындығын біле алмай дағдарды. Бұл жай мәселе емес еді...

Бұл аса ірі саяси мәселе болатын. Қытай жерінде Сұн Ятсеннің, пекинше айтқанда, Сұн Жұңшанның орны баяғыдан бері төмендетіліп отырды. Шындығында, Қытайды ұлт ретінде манжу ұлтының 4 ғасырға созылған құлдануынан азат қылған оғлан сол болатын! Сұн болмаса, Алтай текті алыс туыстарымыз Қытайды осы кезге дейін билеген болар ма еді, кім білсін?! Мәнжулер мен қытайлардың үйленуіне тыйым салып, тек мәнжу тектілерді ғана мансапқа қоятын, ірі әскери мансаптарды ешқашан Қытайға ұстатпайтын мәнжулердің санының соншама аздығына қарамай, осы бір алып елді соншама жыл билеуінің өзі адамзат тарихындағы таңғажайыптардың бірі еді. Тегінде түркі тұқымының барлығында осындай таңғажайып тарих көп болды. Орысты Алтын Орда кезінде билеген қазақтардың да орыстарға көрсетпегені қалмаған еді. Ұлы құл, қызы күң болған еді орыстардың. Орыстарды сасық көргені, арам көргені соншама, сыйлығы мен салықтарын алып келген орыс княздерін өздері қатарлы мұсылман елдердің бағынышты хандарымен қоспай, бөлек әдіспен бөлек тамақ беріп аттандырып отырған екен. Жиіркенген ғой! Қазақтың кеден сөзінің де мағынасы бар еді. Кеденнен өткен шетел адамдарын аластап, тазалап барып қана қазақ жеріне кіруіне рұхсат берген...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 15:39:57

Қытай санағына сенер болсақ, шүршіттердің саны 11 миллионға жете қабыл. Қытайдағы әлдеқашан қытайланып кеткен бір ұлт бар. Аты жуаңзу, қазақшаласақ жуаң ұлты. Шүршіттер осы жуаңнан кейінгі екінші ұлт. Бұларға қазірше автономиялы облыс немесе автономиялы район мәртебесі берілмей отыр. Бірнеше автономиялы аудандары мен автономиялы ауылдары ғана бар. Санның аз болғаны сол, ұлттың қаншама мықты болса да құрып кетуіне апарады. Мысалға, соншама арабтарға қарсы шығып, Американың арқасында құтырып отырған израильдерді алалық. Бүгіні мықты болғанымен сол еврейлердің ертеңі бұлыңғыр. Себебі, еврей қатындары туғысы келмейді. Америкадағы еврейлер келгісі келмейді. Израильдегі еврейден гөрі Америкадағы еврейлердің саны көп. Бұл баяғыдағы санақ болатын. Керісінше, соғыс пен қырғындаулардан көз ашпай отырған араб әйелдері туғыш. Туғанда да көп бала туады. Осыны ойлаған сайын еврейлердің ішкені ірің, жегені желім болуда...

Мәнжулердің 11 миллион екеніне күмәнім бар. Себебі, менің өзім қаншама адамды білемін, олардың ұлты қытай деп жазылғанымен, өздерінің айтуында олар манжу. Себебі, Сүн Ятсен бастаған көтеріліс кезінде, сосын Мау бастаған мәдениет төңкерісі кезінде мәнжулер жаппай қытай аттарын, қытай тектерін қолданып, ұлттарын қытай деп өзгертіп алған!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 15:47:58

Ноғай мен қазақ екі айырылғанда, ноғай-қазақ жыласып айырылысқанда, ноғай құрамында қалған қазақтар сол беті қазақ болмай кетті! Олар сол заманда ел аман, жұрт тыныш болса, араласып, құраласып тұрармыз деп ойласа керек-ті. Бірақ, сол ноғайларды кейін орыстар қанды қырғынға алды. Патша кезінде де, кейінгі қызыл Кеңес кезінде де, сонан, бұрынғы қазақ болған, кейінгі ноғай болған туыстарымыздың тұқымы тұздай құрып кетті. Ұқсас мысалды башқұрттарға, қарашайларға да қолдануға болады. Кеңес кезінде осы елдердегі қазақтар ел аман, жұрт тыныш деп ойлады, бірақ бұл күнде сол елдердегі қазақтардың үлкендері ғана аман қалған да, жастары башқұрт, қарашайлармен үйленіп, мидай араласып кетті...

Бұл күнде қазақ емес.

Осы мысалды өзбектерге де қолдануға болады. Өзбектерді үшке бөлемін. Бірі - сарттар. Яғни, отырықшы түріктер. Бірі - тәжіктер. Яғни, иран-парсы тектілер. Қазақтар баяғыда бұларды да сарт дей салған. Үшіншісі - қазақтар. Енді сол өзбек елінде қалған қазақтар Кеңес кезінің өзінде өзбектеніп кетті. Үлкендері қаншама жанталасса да, ұрпағы өзбек болып кетті...

Шеттегі барлық қазаққа айтайын дегенім сол, Қазақстанға келе алғаны ғана болашақта қазақ болады да, келе алмағаны қазақ бола алмайды. Ертең Қазақстанда туылған әлдебір басқа атаның баласы қазақтың жыртысын жыртып жүргенде, сенің балаң басқаның жыртысын жыртып жүреді. Себебі, саясатты сен шеше алмайсың. Өзің келе алмағасын, ұрпағыңның қандай нәубет заманда күн көрерін, ерікті, не еріксіз халде ұлттық өзгеруге түсерін, не түспесін сен білмейсің. Ел іші алтын бесік...

Ел ішінде жүрсең көппен бірге боласың. Ұшарыңды жел, қонарыңды сай біліп, өзгенің құзырында жүрген қазіргі мына заманыңда ертеңгі немесе онан арғы замандағы ұрпағыңның қазақ болмай қалатынына сен өзің қылмыстысың!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 16:22:51

Баяғыда дүниежүзі қазақтары қауымдастығы алдында бір оралманды көрдім. Өзі ту сонау Семейден Алматыға келіпті. Қазақстан азаматтығына құжаттарын тапсырайын десе, қазақ екендігіңді дәлелдейтін «қазақ куәлігі» дейтін бәле құжатты алып келуді айтыпты. Оны Алматыдағы сыртқы істер минстрлігі консулдық департаменті береді екен! Оған келсе, қауымдастыққа жіберіпті. Сонымен сонда кезек күткеніне бір апта болған екен...

Әке-шешесінің құжаттарында тұтасымен қазақ деп жазылған екен де, бұның құжатында зорлықты түрде өзбек деп жазылып кеткен! Арғы аталары ашаршылық заманда Семейден Қытайға аса алмағасын, Алматы жағалап, сосын Өзбекстаннан бірақ шыққан екен. Енді үшінші ұрпағы атамекеніне қайтпақ. Бірақ жағдайы жаңағыдай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-1 16:32:05

Осындай өзбек болып жазылып кеткен қазақтарды аса көп көрдім. Бұл ештеңе емес қой, бірдеңе қылып, қазақ екеніңді дәлелдей алсаң, қазақ азаматтығын алсаң, ұрпағыңның қазақ болатыны шын. Бірақ Өзбекстанда қалып қалған қазақтың енді қазақ болудан біржолата кететіні шын. Себебі, онда қазақ мектептер тұтас жабылған. Қазақша газеттер, журналдар жабылған. Қазақ ұлты деп құжатында көрсетілген адамға қызмет берілмейді, сол үшін амалсыздан өзбек болып жазыласың. Ауылдарда тіптен сорақы. Екі қазақ сөйлесіп отырса, үшінші бір өзбек келсе, амалсыздан өзбекше сөйлескенсіп отыруы керек. Болмаса, айқай-шу шығады. Балалар тұтасымен өзбек мектебінде. Керісінше, біздің Қазақстанда өзбектер мен тәжіктерге, ұйғырларға ерекше көңіл бөлеміз. Мәдениет орталықтарын ашып береміз. Әрине, мемлекет қаражатымен! Бес тал ұйғыры бар Астананың өзінен ұйғыр мәдениет орталығын құрып береміз. Тағы да басқа облыстарда құрылып жатыр. Жер тегін беріледі! Үйді үкімет салып береді! Сонымен, Алматының өзінде ұйғырлардың бәленбай мектебі, оқу орталығы бар...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)