Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 17 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Орта Азиядағы түркі тұқымдылар орыс пен Қытайдың арасында еді. Тарихта бұл түркілердің қызылбаспен, арабпен соғысқаны бар. Бірақ ешқашан сонау алыстағы Америкамен бетпе-бет соғыспаған еді. Тарихтың осы бір «кемшін» тұсын біздің қырғыз туыстарымыз толтырды. Мұхиттің ар жағындағы алпауыт ел Американы «құшағына алды». Шынын айту керек, алпауыт Америка алақандай қырғызды «бауырына басты». Бұл қырғыздар үшін ғана емес, қырғыздың барлық түркі тұқымды туыстарына, Орта Азиядағы барлық елдерге аса қауіпті құбылыс еді. Себебі, Америка мен Ресейдің бір жерде бейбіт қатар тұруы мүмкін емес болатұғын. Демек, ендігі қырғындар мен соғыстардың ошағы осы Орта Азия болуы бек мүмкін. Бұл саяси қақтығыстар бойынша талдау жасағанымыз. Ал, орта Азиядағы, әсіресе, көмірсутек қорына аса бай Қазақстандағы байлықтарға қарап сілекейі шұбырғандардың түптің түбінде кез-келген бір мәселені сылтау қылып, соғыс өртін Орта Азияға тұтастыруы бек мүмкін. Себеп табуға қиналатын алпауыттар болған жоқ. Себеп дегенің аяқтың астында шашылып жатыр. Кез-келген нәрсені себеп қылуға болады. Америкадағы қыркүйек оқиғасынан аман қалған тағы бір ғимаратты жарып тастауға болады. Мәскеудегі метрода жарылыс ұйымдастырып, ол жарылыс алаңынан Дағыстан қызының таза арабша жазған хатын тауып алуға болады. Я, ол қыз ешқашан араб тілін үйренбесе де, өзінің сүйген жігітіне арабша хат жазған әрі мұнысын өзі жарылыс ұйымдастырардан бұрын «қалтасына салып алған!»

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 09:01:28

Қазақстандағы, Қырғызстандағы дұнғандардың атамекені - Қытай. Қытай болғанда да, Қытайдың Шанши өлкесі. Осы жылы жазда мен Ши-ан қаласында кемді күн іссапарда болдым. Бұл менің Үрімжіге қайтып келуден бұрынғы Қытайдағы соңғы қалам болатын. Осы Ши-ан қаласының қасындағы бір елдімекен Қазақстандағы дұнғандардың атамекені дейді, маған сол жерге барып келуге ұсыныс жасалынды. Бірақ мен уақыт ажырата алмадым. Шанши өлкесіндегі зиялы жұрттың барлығы Қазақстан деген ел барын біледі. Онда дұнғандар бар екенін біледі! Дұнғандар болғанда оның саны қанша екенін де мұндағылар жатқа білетіндей! Қысқасы, менің Қытай әріптестерімнің Қазақстан туралы аса мол білетіндіктерін көріп менің өзім таң қалдым. Себебі, Қазақстанға, Қазақстандағы дұнғандарға осыншама қанық, осыншама ғашық қытайларды көргенім осы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:01:09

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-28 11:06 өзгерткен

Ши-ан нән қала ғой. Қытай мен дүңгеннің ортақ қаласы. Қытайдың сан патшалығына астана болған ескі шаһардағы дұнғандардың саны аз емес. Аса қомақты. Буддизм, дауизм діндері мен исламның мидай араласқан жері. Дүңгендердің ешқашан жоғалмасына осы Ши-ан куә сынды. Қытайдың байырғы астанасын ұстап отырған дүңгендер мұнда Бейжіңдегі Нюжие (сиыр көшесі) қарағанда да көп сезілді маған. Мен бір нәрсеге таңырқадым. Осы дүңген деген халықтың бойындағы өмірге деген өлермен құштарлық. Байлыққа деген шексіз махаббат! Діндеріне деген беріктік! Ешқашан Қытайға сіңісіп кетпейтін, жоғалып кетпейтін осы халықтың тағдырының бір ұшы қазақтармен қатысты еді. Қазақ пен дүңген тарихы тарихта бірімен-бірі қиылысқан гипербола, парабола сызықтары құсап екі рет қиылысты. Бірі - бай Янху батырдың қырғыны заманында. Бірі - Ма жұңиыңның қырғыны заманында...

Ши-ан қаласында болған күндерімде жұмыс арасында арнайы уақыт шығарып, сонда оқып жүрген екі бауырымызбен кездескен едім. Ақылды, білімді, ойлы азаматтар екені есімде мықтап қалды.

Сол жігіттерді үнемі ойлай беремін. Егер сол жігіттер осы жазбамды оқыса, менімен хабарласса жақсы еді. Ұмытшақ ағалары баяғыдан бергі дәстүрі бойынша қолфонын үздіксіз һәм жалғасты түрде жоғалтып отырады. Байланыстарын жоғалтып алдым...

Ши-андегі қазақтар үшін, ашығын айтқанда, Қытайдың нән қалаларында жүрген барлық іскер, ашық ойлы азаматтар үшін бір жұмыс бар еді. Ол осы Қазақстандағы дүңгендердің тарихы хақында Қытай мен Қазақстан бірлесіп бір кино түсіру тақырыбы еді...

Бұл жұмысты менің бастағаныма бір жылдан асты. Қазақстандағы мықты екі жазушы, мықты бір кино режиссері бар бірнеше адамға осы ойымды уағыздап жүргеніме бір жылдан асқан болатын. Бұл кино түсіріле жатса, базары күсет боларында еш күмән жоқ еді. Себебі, Қытай кино саласы қазір тақырып таба алмай тұр. Ананы түсірді, мынаны түсірді, қазір қызу тақырып таба алмай отырған Қытай киногерлеріне осы ұсынысты қоя білетін қазақ азаматтары керек еді! Себебі, біз осы кино арқылы сол бір заманда, Қытай қырғынынан, ашығын айтқанда, Қытайды билеп тұрған шүршіт қырғындарынан қашып құтылған дүңгендерді саясына алып, паналатқан, оларды аман-есен сақтап қалған қазақтар хақында күллі әлемге ашық ақпар бере алған болар ек. Осы арқылы бірін-бірі өмірі көрмеген, бірінің түрін бірі білмейтін, бірінің тілін бірі білмейтін екі мұсылман жұрттың тек Құран сөздері арқылы ғана түсінісіп, бірінің мұсылман екенін екіншісі біліп, оларға адамгершілік көмек жасап, оларды өлімнен, аштықтан, суықтан, қырғыннан аман-есен алып қалғандығын күллі адамзат баласына, күллі мұсылман баласына өнеге ретінде паш еткен болар ек! Мұсылманның мұсылманға бауыр екенін осындай бір кино арқылы дәлелдеген болар ек!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:16:42

Алла разы болсын, бауырым! Ақ ниетіңді Алла қабыл еткей! Алдымен жазып үлгірейін деп ойладым. Бұл ой менде де болды, бірақ уақыт мәселесі қиын болды. Себебі, осы көлемді шығарманы Қазақстан қазақтарының жазуына аудару үшін тура осы шығарманы жазған уақытпен бірдей уақыт кетер еді. Олардың жазу емле заңдары, орфографиясы бізбен өте көп айырмаға ие еді. Бір қазақтың екі жазуының арасындағы осындай айырма себепті мұны анау әріп сәйкестіргіш бағдарламалар арқылы төте аударуға келмес еді. Ал, бір торластарымыз осыны аударып береміз деген еді. Міне, оның өзіне де бір жыл болайын деді. Уақыттары шықпай жүрсе керек. Егер қол үшін беремін деген қазақ баласы болса, алғыстан басқа айтарым жоқ! Тым құрығанда, осы көнеше бетінде блог жасап бергендер болса, шығарманың өшіріліп кетпеуі үшін керек еді. Себебі, Қытайдағы қазақтардың сайттарының ұшарын жел, қонарын сай білетінін білеміз. Қожасының қас-қабағына қарап телмеңдеген бұратананың күні сол. Көмектесем дегендер болса, хабарлассын. Ал, мен жаза берейін...

Жаза берейін! Алла разылығы үшін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:24:48

Соған қарағанда бұлар психикалық шабуылдың алуан ама...

Кәкәшә жолдаған 2011-9-28 11:06 http://www.kultegin.net/bbs/images/common/back.gif

Иә...

Бұл бәлелердің оқу-тоқуы күшті. Уағызшылары арнайы дайындықтан өткен! Психология ғылымдарының мамандары. Көкейіңдегіні көзіңнен оқиды. Ұйғыршасын көріп аң-таң қалдым. Демек, ұйғыр ағайындарға да бір бәле үйірілейін деген екен. Такламаканның құмында, Қытайдың қорғауында жатқан ұйғырларды Қазақстандағы осындай теріс діни нанымдардың шатпағынан алыс жатқан шығар деп ойлап жүрсем! Баяғыда христан ба, әлде осы иехова ма, әйтеу мұсылман емес бір дінді уағыздайтын радионы ішкі Қытайда 90 жылдарда естуші едім. Түннің бір уағында беретін еді. Күшарда, Ақсуда, Үрімжіде христиан болған ұйғырлар барлығын білетін едім, мына сайттарын бірінші рет көріп отырмын! Рахмет, Какаша мырза. Бір білімге ие болдым, біле жүретін болдым! Жауыңды да, өзіңді де білген жақсы ғой, Қытайша айтқанда:

知己知彼

百战百胜

Сынтас1 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:25:59

Дүние қорқынышты екен, иеһова куәгерлері деген пәлекет қайдан пайда болды, быт-шыт болған дүние-ай...

Бұл кітапты аудару жоғары сауяны қажет ететіні көрініп тұр, шіркін осыны аударып отырған қазақтың тап...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:28:20

Немесе 知己知彼,百战不殆 деген мақалы да бар емес пе еді! Сол сықылды біз қазақ баласы бұл күнде кімнің дос, кімнің қас екенін анық білгеніміз ешқашан артықтық етпес еді. Себебі бұл күндегі қазақтың сыртқы жауынан гөрі ішкі жауы басым еді. Ішімізде өріп жүрген осылардың барлығы біздің ұлтымыздың, біздің мемлекетіміздің сатқындары еді! Бір басы ашық әңгіме иеховашылдар әскерге бармайды! Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуден бас тартады! Міне, сатқын қайда жатыр!

Сынтас1 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:32:46

Иеһова куәгерлері байқамасаң миыңды тез жуатын заһарға ұқсайды, бұл торапты көрген адамдар абайлауы керек, елдің алдам қалтасына түсіп кетіп жүрмеңіздер, шынайы өмірге бет алыңыздар. Дүниеде тегін тамақ болмайтындай ақиқатты естен шығармаңыздар, құлшыныс, ізденіс, еңбек, адалдық, қамқорлық, ұлттық намыс қана бізді ертеңге жетелейді.

Сынтас1 жолдаған 2011-9-28 11:32 http://www.kultegin.net/bbs/

Бұндағылардың көбі оқыған зиялылар ғой, дербес ойлай алады деп ойлаймын, компартия 20 жыл жуғанда да жуылғамыз жоқ. Біліп, көріп қойған абзал. Қарсыластың мықты екенін білсең сен де құлшынатын боласың.

Христан дінін таратындардың бәрі өздерін мейірімді, адал, кішпейіл, сабырлы етіп көрсетуге ұмтылады, бұл психикалық шабуыл, абайламағандар әсерленіп кетуі мүмкін.

Шынын айтқан жөн, біздің молла-имамдардың өресі төмен, уағыз айтуда кітаппаздық басым. Уағыз ортасына, уағыз тыңдағандардың жас шамасына қарай әрекет ету керек. Содан соң тарихтан, әлемдік саясаттан хабары болғаны жөн. Әйтпесе шетінен доктор, психолог болып келетін христан дін таратушыларына төтеп бере алмай қаласың.

Қорған өзі берік болса, сыртқы шабуыл оны құлата алмайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 11:52:15

2104-қабаттағы Какаша ойымен қосыламын! Иә, уағыздың қалай айтылуы хақында біздің молдаларымыз сын көтермейді. Әсіресе, Қытайдағы хүкметтің аузынан түскен бел баласы - қызыл молдалар. Олар кем дегенде, өз құқықтары аясындағы, өз шамалары жететін істермен де күресе білмейді немесе содан ерінеді. Баланың ашамайы жақсы сауда еді. Оны дохтырлар тартып алды. Сосын бар пейілін жаназа мен құран қатымға ғана арнап жүргендер қаншама? Бақсыға құл болған қазақты, жынға ойыншық болған қазақты, өлімін аспатөк өткізетін қазақты солар дұрыс жолға салса, қызыл партия қой демес еді ғой!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 12:01:35

Исламда Алланың ақиқатын тыңдаушы адамына қарай айту хақында көп айтылған. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бірнеше (он шақты бұд болуы мүмкін, анық есімде жоқ) бұтқа нанатын мүшірікпен әңгімесі еске түседі мұндайда. Бала күнде соғым басына жиналған ақсақалдардан құлаққа сіңген бұл әңгіме жадымда бұлдыр қалса да, есте бар ескі сұлбасын баяндайын:

Сонда жаңағы мүшірікке пайғамбарымыз (с. ғ, с) оған:

-Жаның ең қиналғанда қайсысына табынасың? - деп сұраса керек. Жаңағы мүшірік мынаған табынамын деп, қолындағы қалың бұдтың ішінен біреуін көрсеткен екен дейді.

-Ендеше, басқасын қоя тұрып, барлық кезде де сол бір ғана бұдқа жалбарына бермедің бе? - деген екен пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Демек, жаңағы мүшірік шалға ислам ақидасы туралы, тауқид туралы әңгіме қозғаудан бұрын оны көп құдайлылықтан бір құдайлылыққа әкелу керек қой. Кем дегенде, Оны Аллаға серік қосудан Алланың бірлігіне әкелу керек қой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 13:47:50

Жә, әңгімемізді жалғастыралық. Торластардың ортақ ой өрбіткені қандай тамаша! Осындай өрелі, ақылды, білімді торластармен сұхбаттасып отырудың өзі Алланың нығыметі ғой! Мың сан шүкірлік! Кеше қатты қайғырған едім, қазір қуанып отырмын, кеше адасқан екі қазақты көріп қайғырсам, қазір ақылды сан қазақты көріп, қуанып, көңілім толып, тоғайып отырмын! Елім дейтін ерлерім барда біз қашан да қазақ деген елміз! Алла бізді өз панасында сақтағай!

Жә, шығармамызды жалғай берелік...

Сонымен, Мәскеу мен Вашингтонның қақпа қылына түскен қырғыз туыстарымыз хақында біраз сыр шертелік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 15:30:59

Керекті мырза, ойларыңызбен бөліскеніңізге Алла разы болсын!

Путин қырғызды орнына қойғанда қазаққа жақсы болсын деген емес қой. Оның өз мүддесі үшін ғана екені шын. Асса орыс мүддесі, болмаса өз мүддесі. Біздің қазақ осы мүдделер арасынан дұрыс жол таба білсе болғаны, айтарымыз да, діттемегіміз де сол. Қымбат ойларыңыздың артына қыжыл сөз жалғап қайтесіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 16:34:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-28 16:37 өзгерткен

Қырғызстандағы қырғыз-өзбек арасындағы бүлікке қатысты ғаламдық сарапшылар екі пікірде екенін айттық, бірі - бұл бүліктің ар жағында Ресей тұр десе, екіншісі - мұның артында Америка тұр дейді. Қазір біріншісі бойынша талдап көрелік.

Ресейдің қырғыздағы мүддесі тұрғысынан алғанда бұл болжалға 100 пайыз сенуге болады. Біріншіден, Қырғызстандағы Америка әскери базасы Ресейдің жеңілісі еді. Ашығын айтқанда, америкалықтар Нью-Йорктегі дүние сауда орталығының онсыз да уақыты жетіп, қиыр атылғалы отырған ғимаратын өздері жоспарлы, мақсатты түрде қирату арқылы мұның жаласын Бен-Ладенге жауып, мұнысы арқылы аса табысты түрде Ауғанстанға шабуыл жасауға сылтау тапты. Ауғанды жаулап қана қойған жоқ, жалғаннан қаһарына мінген Америка кәпірлерінің басшысы еврей мүддесі үшін күллі ғаламда қолдауға ие болып, енді-енді егемендікке қолы жеткелі отырған Палестина үшін де Израиль еврей пайдасына сылтау тауып берді. Бір оқпен екі қоян түгілі бір қора қоян атқан Америка қаһарының алдында күллі ғаламдағы мықты-мықты деген елдердің барлығы қатты сасып қалды. Америка талабы бойынша олар ашық көзқарастарын білдіріп, не дос, не жау екендіктерін мәлімдеуге мәжбүрленді. Осындайда қаражаты аз, қанағаты онан да аз орыс ойналып жатқан ойынның сырына бойлай алмады. Ол да қатардағы қалың елдің қатарында лаңкестікке қарсы екенін, лаңкестікке қарсы күресте Америкамен бір майданда екенін айтып ең алдымен ақталды. Оның артынан Қытай, олардың артынан Араб елдері кетті. Осы орайда Америка Ауғанды жаулап қана қоймай, күллі ғаламда исламға қарсы толқынды да тудырып үлгірді. Осы кезде ғаламдық сахнада ешкім мұсылман үшін жақсы сөз айта алмаған сәтте қазақ елбасы исламды ақтап алды.

Ауғанның маңызы зор еді. Ауғандар бағынан соры қалың ел еді. Кім Ауғанды жауласа, Қытайды қырына алып, орысты ойландыра алар еді. Иранды айтқанына көндіріп, Пәкістанмен ойын ойнар еді, сол арқылы Кашмир мәселесін ұпай қылып, әлемдегі ірі елдің бірі Үндістанды да меңгеретін еді...

Ауғандар осы мүдделер үшін ғана соғыстан көз аша алмай кеткен ел! Баяғыда мұны ағылшындар жаулап алғанда да, осы мүдде үшін болса, онан ары орыс жаулап алған заманда да сол үшін еді. Онан соң Кеңес әскері шегініп шыққан заманда Ауғанды жаулаудың еш қисыны жоқ еді. Америкалықтар ойлап тапқан жаңағы әдіс адамзат тарихындағы ең сұрқия амалдардың бірі болып қалды. Есесіне Америка өте көп жеңіске жетті.

Ал, Ауғандағы шахматта Американың алдамына түскен орыс онан ары жеңілген үстіне жеңіле түсіп, Қырғызстанда Америка әскерін тұрғызуға келісімін беріп, екінші мәрте жеңілген болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 16:40:27

Орыстың шегіне беруі америкалықтардың аса табысты жоспарларының өзегі болатын. Америка сол заманда Қазақстанға да қысым салды. Оған бола қаймыққан қазақ елбасы болған жоқ. Ең алдымен, Алматы әуежайын сұрады. Қазақтар оған «жоқ» деген жауап берді. Онан ары Алматы әуежайында әскери ұшақтарын қондыру туралы, жанармай құю қызметін пайдалану туралы қысым салды. Қазақ елбасы бұған да келіскен жоқ! Ақшамен де, айламен де алдаған шығар, ол жағын біз білмейміз. Бірақ қазақ басшылығының көрегендігі мен қайсарлығы осы кезде айқын көрінді. Қарт саясатшы асыққан да жоқ, абдыраған да жоқ. Екі оттың арасынан дұрыс жол тапты.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 16:47:07

Сол заманда Шымкент әуежайына қонуды сұраған Американың әскери ұшағы туралы баспасөзде көп айтылған жоқ. Бұл қазақ елбасына Американың жасаған қоқан-лоққысы еді. Американың ұшағы қисынсыз сылтаумен Шымкентке қонуды сұрады. Бірақ шын сыры бізге мәлім емес. Өзге жерге аяғы тиісімен кетпей қоятын Америка бұл кезде жанармайын құйып алады да, тайып тұрады. Қазақтардың Америкамен не ойын ойнағанын біз білмейміз, бірақ қазақ жерін осы бір қолы қанға малынған шайтандар әскері басқан жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 16:59:57

Ауған жерінде екі рет, қырғыз жерінде екі рет оңбай жеңілген орыстардың өкінішінде шек жоқ еді. Өз образын ұлтшылдық арқылы көтеріп келе жатқан Путиннің қаршылдатып бармағын шайтайтын жөні бар еді. Ауған жеріндегі орыс жеңілісінің біріншісі Кеңес әскерінің Ауғаннан шегінуі еді. Қаржысы азайған, қауқары кеткен Кеңестің соғыс шығынын көтере алмауы бір себеп болса, екіншіден, Ауған және Ауғанға көмек берген күллі мұсылман еріктілерінің күн санап үдеген шабуылдары орыстарды қанды қырғын ішінен қашып шығуға мәжбүр еткен еді. Мұнан тыс, ақымақ Горбачевтің нобел деген қарғыға қызығуы да бар болатын. Нобелдің аңсаған қарғысын мойнына таққандардың барлығы ұлтының мүддесін алақандай алтынға айырбастап жіберетінін білмей қалатын. Соның бірі осы Горбачев болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 17:05:19

Орыстың Ауған жеріндегі екінші үлкен жеңілісі - Американың қыркүйек оқиғасын сылтауратып, Ауғанға шабуыл жасап, Ауғанды басы бүтін жеке-дара иемденуіне көзі бақырайып, шарасыз қарап тұруы еді. Орыс үшін бұл аса үлкен жеңіліс еді. Стратегиялық, әскери маңызы аса зор Ауғаныстанды орыстың кірпігінің астынан ұрлап алған Америка осы жолғы халықаралық шахматта ерен шеберлік танытқан болатын. Әрине, жеңімпаз Америкаға қарап, тісін қанша басқанымен орыстың қауқары белгілі еді. Батыс қақпасына күн санап жақындап келе жатқан НАТО-ға қарсы дым қолдана алмай отырғанда, бір туған бауыры украин мен туысы беларусь қиқалақтап, оған Түркия ағасына арқа сүйеген әзербайжан қосылып, орыстың шара басы шақшадай болған сол заманда Путин үшін орын тақ мәселесі де маңызды болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 17:08:55

Қырғыз жеріндегі орыстың бірінші жеңілісі - Кеңес құлаған сәтте олар қырғыздың болашағын, маңызын бағамдай алмады. Болмаса, обалы кәні, Жириновский жылап отырып, қазақ пен қырғыздан айырылып қалмау хақында айтты. Қырғыздың дербес болуы - Алланың қалауы еді. Құдайсыз қурай да сынбайды деген! Болмаса, қырғызға қарағанда әлдеқайда көп, әлдеқайда бақуатты татарлардың өзі орыстан бөлектене алмағанда, айдаладағы артта қалған қырғыздардың егемендік алып кетуі, шынында, мұғжиза еді! Иә, Алла нені қаласа, сол болады. Ешқандай ұлт күштілігінен, не ақылдылығынан дербес болмайды. Алла қаласа ғана болады. Қырғыздар соған лайық болды. Алла олардың дербес болуын қалады. Осы қағида қазақтарға да келер еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 17:33:59

Қырғыздағы бүлікшілердің Ресейдің арнайы жаттыққан адамдары екенін ғаламдағы барлық сарапшы айтып отыр. Қырғыз бүлігінің кескін құжаттарын қарап отырсаңыз, бұл арнайы кәсіби сарапшылар түгілі, жай бұқара біздің де көзімізге бірден ұрылған болатын. Қырғыз әскері мен сақшылары Ресейдің ғаламдық өредегі жаттыққан арнаулы қызмет ұжымының адамдары алдында еш қауқарсыз еді. Себебі, олар бұқараша киініп алған болатын. Еш дайындықсыз тұрған қырғыз сақшыларын бір нұқығаннан-ақ өлтіріп не талдырып тұрғандарынан олардың қара халық еместігі айдан анық болатын. Мұны экшн фильмдерді 动作片 көретін жастар жағы бірден аңғарар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 00:02:52

Путиннің жоспарынша болғанда, ақшадан тарығып отырған қырғыздарға 2 миллиардтан асыра қаражат берсе, американдарды Бішкектен шығаратын еді. Бірақ ақшаны аларын алып алған қырғыздар Американы шығара алған жоқ. Шатақтың барлығы сонан шықты. Сауда бұзылды. Онсыз да шыдамы таусылып әзер отырған орыстар енді қырғыздардың Америка мен орыс екі арасында екі қожаға бір малайдың қалын кешіп отырғанын білді. Бұл кезде Америкаға тым жақындап кеткен қырғыз билігі екі жаққа қатар ойнап, шеберлік танытқысы келді. Бірақ, мұндай сайқалдық ойындарға орыстың зауқы жоқ еді. Бакиев билігінің ес қатасын білгесін, онымен құпия шарт жасасты. Бірі - былық тудыру. Сол арқылы Американы қысым астына алып, ең соңында шығару. Екіншісі - Бакиев сынды есқатпаған құлды алып тастап, орнына орыстың ымымен жүретін, сөз тыңдайтын, іс бітіре алатын құлды қою керек болды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)