Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 16 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 17:04:38

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-27 17:32 өзгерткен

Қырғыздардың оқу-тоқу деңгейі Қазақстан қазақтарына қарағанда көп төмен. Бірақ ұлттық рухтары тасып тұрған халық. Билік басына келген орыс тілді қырғыздар мұнда қырғыз тілді қырғыздарға есе-теңдік бермей отыр. Қасыреті мен қайғысы жағынан қырғыз туыстарымыздың қазақпен еш айырмасы жоқ сынды. Қазақ басында қандай қасырет болса, мұнда да сондай қасырет. Бірақ қырғыздар қазақтар құсап жылай бермейді. Сөзден гөрі іске бейім екенін көрсетеді. Қырғыз ұлтшылдарының қырғыз тілінің мәртебесін көтеру жолындағы еңбектері қазақтардікіне қарағанда әлдеқайда қарпымды көрінді маған. Ең бастысы, халықтың бойында бір түрлі рух бар. Иә, кейде қырғыздардың қылығы жабайылау көрінуі мүмкін, бірақ маған осы қырғыздар атам заманғы көшпенділердің қайсар рухын сақтап қалғандай сезіле береді. Қырғыздарға қарағанда өмір сүрудің қай қырынан болсын алда тұратын қазақтардың ұлттық рухы жаншылып кеткен. Ал, қырғыздар кедей болғанына қарамастан, кеудесін керіп, басын тік ұстап отыр. Ешкімге жалпақтап, ешкімге жағатсиын деп отырған жоқ. Қырғыздар қуып тастаған дүңгендерді қазақтар жеті атасындай қарсы алып, жер кесіп берді. Сол дүңгендер осы кезде қазақтың сол жақсылығын біле ме екен деші?! Жамбылдағы дүңген ауылдарындағы барымталанып, ұрланып кеткен қазақ қыздарының құлға бергісіз аянышты тағдыры бір мезет елді дүр сілкіндірген еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 17:51:49

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-27 17:57 өзгерткен

Біздің қырғызды айтуымыздың мәні бар еді. Қырғыз бен қазақтың тағдыры орыс пен Американың қолында тұр, бұл кезде. Қырғыздар адамзат тарихында болмаған сұмдық істі істеді. Ешқашан басы бір жерге тоғыспайтын екі алпауытты Бішкекте тоғыстырды. Тоғысудың артында соғысу тұр.

Қырғыздағы былтырғы бүлік күллі ғаламды дүр сілкіндірді. Қырғызстандағы қырғыз бен өзбек арасындағы қырғынның артында кім тұр? Бұл туралы әркім әртүрлі айтады. Біз енді осыған келелік.

Бұл хақында екі болжал бар.

Бірінші талдау бойынша, былтырғы қырғыз-өзбек бүлігінің авторы - Путин! Иә, өзіміздің Пүкең ғой! Бұл бейне орыстың Грузиядағы әрекеті сынды дейді білгіштер.

Екінші бір топ мұның артында Америка тұр дейді.

Енді осыған жеке-жеке тоқталып өтеміз. Себебі, бауырлас, туыс бір туған қырғыз ағайындардың тағдыры қазақтармен де қатысты.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 18:37:09

Қырғыз саудагерлері Алматыны ғана емес, сонау Ақтөбені жаулап алған. Қазақтың қай жеріне барсаң қырғыз саудагерлер. Көшеде жүрсең, Алматыдағы барахолка базарына әлдебір жұмыспен бара қалсаң қырғыз. Ауылға бара қалсаң алдыңнан қырғыз жұмыскері кездеседі. Алматыдағы туыс-туманың үйін салатын да қырғыз. Алматы іргесіндегі Ащысайдағы туыстарымның темекісін егетін де осы қырғыздар. Алматыдағы шаңырақтағы, алтын орданың ар жағындағы іргелідегі туыстарымның үйлерін салатын қара жұмысшылар да осы қырғыздар. Қайда барсаң қырғыз. Ақтөбеге ұшатын ұшақтың билеті таусылып, бір рет пойызбен бардым. Онда да қырғыз. Пойыздың ішінде сауда істеп жүрген қырғыздар.

Қырғыздар бұл күнде қазақпен үйленіп, қазақ азаматтығын алып жүр. Алматының баяғыда оралмандарды қан қақсатқан делдалдары енді Қытай қазағының аяғы саябырлаған соң қырғыз бен өзбекке, қарақалпаққа, ұйғырға қарай ойысқан. Қарақалпақ пен қырғызды, өзбек пен ұйғырды қазақ деп, оралман деп жалған куәлік жасап, Қазақстан азаматтығын алып береді. Бағасы да қымбат емес. Осы есептен молайып тұрған «қазақтардың» саны күн өткен сайын молайып келе жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 01:14:51

Ассалаумағалайкум!

Көңіл-күйім қатты нашар болып тұр, жарандар! Сол үшін бүгін түстен кейін шығарманы жалғастыра алмадым.

Екінті намазынан соң далаға шыққан ем. Таза ауа жұтып, біраз бой жазып, өзен бойында қыдырып қайтпақ болғамын. Үртіс неше күн күні-түні жазу жазғандығым себепті, спортты ұмытқан едім. Ары-бері керіліп-созылып жүрсем, екі қазақ анадайдан арнайы бұрылып келіп сәлемдесті. «Ассалауы» жоқ болғасын-ақ, ішім қылп ете қалды. Сонда да «Қой, жаман ойламайын, мүмкін, мұсылманша сәлемді білмейтін қазақтар шығар» деп қана ойладым. Бастабында жол сұрағалы келгендер шығар деп те ойладым. Себебі, түрлеріне қарағанда ауылдан келген кісілерге ұқсап тұр еді. Байыптап қарасам, бірі - жап-жас 25 шамасындағы жігіт те, бірі - елулерге келген адам. Галстук тағып, біртұтас қара кастюм киіп алған. Түйеден түскендей болып, менен таңғажайып сұрақтар сұрай бастады. Мен де шешіліп жауап бере бастадым. Кімдер екенін білгім келді. Сонан біраз сөйлесікесін барып, сөз арасында «Киелі кітап» деп оттап қалғандарында барып бұлардың «Иегова куәгерлері» екендігін білдім. Білдім де жүрегім мұздап сала берді. Өзімнің қаракөз қазақтарым! Әр қазақ менің жалғызым дегендегі жалғызым болған қазақтарым! Енді өздері адасқандарымен қоймай, мені адастырғысы келеді. Қазақстанда бұларды «Иегова куәгерлері» деп атайды. Қытайшада 耶和华见证人 деп атайды. Ағылшыншасы jehovah's witnesses еді. Бұл туралы ақпаратты ғаламтордан жоғарыдағы кілт сөздер арқылы іздеген оқырман тез тауып алады. Бірақ, ескертемін, мұсылманша білімің болмай тұрып, бұлардың шатпағын оқысаң, шайтан азғырып, жолдан адасып кетуің бек мүмкін. Сол үшін жүрегіңді алдымен мұсылманша біліммен нұрландыр. Кеудеңді ғылыммен, иманмен толтыр. Сосын бұлармен таныса жатарсыз. Чарльз Тазе Руссел деген біреу мұны 1870 жылдар шамасында Америкада «тыңнан ойлап тапқан» дін еді. Ал, қазіргі аттарын қазақ басына ең ауыр күн туған 1931 жылы қойған. Енді осы адасқан ағым Қазақстанды қатты жаулап тұр. Қайда, қашан болмасын, екі-екіден жұптасқан қазақтар жолыңды бөгеп, дін таратады. Өткенде үйде жалғыз отырған ем, біреулер сырттан қоңырау басты. Шығып, есікті ашсам, ай мен күндей сұлу екі қыз! Бастабында қателесіп тұрғандар шығар десем, олар мақсатты түрде келгендер екен. Біз тұрған аумақта сол күні бұлардың үлкен бас қосуы болады екен. Шетелден қонақтары келеді екен. Барлық қатысушыға сыйлық беріледі екен...

Аузы-ауыздарына тимей, жатық, әдеби, тұнық қазақ тілінде осы хабарларды маған айтып үлгерген еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 01:32:00

Мына екеуі де сол екі қыз сықылды екен. Таскенедей жабысып алған. Ары айтсаң анасын айтады, бері айтсаң мынасын айтады. Маған қайдағы-жайдағы бір теріс уағыздарын айта бастады. Қолдарында қазақша киелі кітап! Сосын мен олардың өзіне қарсы сұрақтар қоя бастадым. Сұрақтарыма жауап таба алмай, сасқалақтап, біріне-бірі қарады да қалды. «Біз тозаққа сенбейміз» дейді. Маған ұсталғандары да тура осы жерінен болды. Мен айттым: «Сендердің «киелі кітаптарыңда» айтылуынша құдайдың әскері келгесін, ғаламда тыныштық орнайды. Сосын сұрақ болады, жақсылар бұнда жалғасты өмір сүреді де, жамандар сотталады» солай ғой дедім. «Иә» деді олар. «Сол сотталғандар азапталады ғой, тозақ деген сол емей немене» дедім. Ауыздары ашылды да қалды...

Бұлардың дінінше болғанда, әскерге бармау керек. Мемлекеттік ту шығарғанда қолды кеудеге қойып құрмет білдірмеу керек. Қысқасы, мемлекет атаулыны мойындамайды...

Қайран қазақтарым! Қазақшалары Алматыдағы кез-келген телеарнаның ортанқол тілшісінен таза әрі әдеби! Арнайы оқытылған, арнайы тәрбиеден өткен адамдар екені бесенеден белгілі. Бұлармен мен ұзақ дауластым. Ауыздарын аша алмай, менің сұрақтарыма жауап бере алмай қалды. Өздері дін деп нанатын шатпақтарының барлық былық-шылықтарын жаңағы «киелі кітаптарын» ашып отырып, көздеріне шұқып тұрып түсіндіріп бердім. Мен оларға айттым: «Не үшін сендердің Америкадағы ең үлкен ғұламаларың ең соңында исламды қабылдайды? Не үшін Ресейдің бас епискобы исламды қабылдайды? Не үшін сендердің иеговашыларыңның отбасынан шыққан ғаламдық атақты жұлдыз Майкл Джексон (қазақшаласақ, Майқұл Жексенұлы) исламды қабылдайды? Не үшін сендердің көзқарас бойынша арғы-бергі миллиардтаған адамзаттан небәрі 144000 адам ғана жәннаттық болады? Не үшін Израильдің бас равиыны исламды қабылдайды? Не үшін Толстой, Гете исламды қабылдайды? Не үшін Мұхамет Әли, Тайсн исламды қабылдайды? Не үшін Юсуф Эстес исламды қабылдайды? Не үшін Германияның атақты ғұламалары тұтасымен исламды қабылдайды?

Менің қойған сұрақтарыма олар шамаларынша жауап беріп көрмек болды...

Бірақ, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, абдырады да қалды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 02:29:57

Жасамысы мұндайды көп көрген болса керек. Ал жас жігіт кәдімгідей ойланып қалды. Мен оған ғаламтордан исламды қабылдаған иегова мүриттерінің қалайдан қалай иегованың жалғандығын, қолдан жасалған секта екендігін байқағандығын, сосын қалай ақиқатты тапқанын, осыған қатысты құжаттарды қалай табуға болатынын үйреттім. Ол маған алғысын айтты. Ал, жасамысы маған үрке қараған беті жаңағы жас жігітті сүйрелегендей қылып отырып алып кетті. Болмағанда тағы біраз сұхбаттасқан болар едім. Бір қызығы, осы қазақтардың екеуі де, өткендегі есік алдына келген сұлу қазақ қыздар да тұтасымен өте жоғары деңгейде оқығандар еді. Олардың қазақшаларының тазалығы, сөз сөйлегендегі сөздерінің логикалылығы, қисындылығы адамды таңырқататын еді. Дүбара-дүдамал тілдегі алашұбар Алматы қазақтарының күнделікті тұрмыс тілдеріне қарағанда, олардың қазақшасы кез-келген тілші, жазушыны қызғандырғандай еді. Қазақшасы мұндай керемет қазақтарды Қазақстаннан табу оңай емес еді. Кітап оқитын адам азайған мына заманда қазақы әдеби тілде сөйлейтін жастарды көрсек, бас салып еңіреп жылардай ек...

Өкініштісі, қазақ болғанымен адасқандар еді. Олар бастабында менің сөйлескенді қаламай тұрғанымды білсе де, маған тас кенедей жабысқан болса, соңыра ала мен оларға тас кенедей жабысып алған едім. Әсіресе, ана жас жігіттің ойланып қалғанын көргесін, мен орайды қолдан жібермей, оған дұрыс жол нұсқауға, кем дегенде жүрегіне бір тал ұрық сеуіп кетуге тырысқан едім...

Сонан, үйге келгесін, басымды көтере алмай қалдым...

Жүрегім елжіреп, көңілім босап, өз-өзімнен жылағым келді өкіріп тұрып! Жүрегім қасыреттен қақ айырылып кеткендей болды...

Тынысым ауырлағандай болып, мишығымды ашып қойып, мелшиіп біраз отырдым. Шынымды айтсам, әлдебір асылымды жоғалтқандай болып, елегізіп, қатты мазасыздандым...

Сонан, таһаратымды қайталап алып, Құран оқуға кірістім...

Менің бауырларым ғой олар! Менің қаракөз қазақтарым ғой олар! Міне, осындай адасқан қазақтар қазіргі ресми есепте 600 мың. Демек, жарты миллионға жеткен! Демек, біз қазақтар енді таза мұсылман жұрт болудан кеттік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 03:10:49

Иә...

Осы үшін кеше екінтіден кейін мен шығармамды жалғастыра алмай қалдым. Санам санға, ойым онға бөлінді. Қайран қазақтарым-ай. Егемендікке қолың жете сала, тура осылай жіктелеріңді ойладың ба екен?! Бұл күнде қазақ жік-жік...

Өзге дінге өткен қаракөздеріміз, буддист болып кеткен ұлдарымыз, үндіге үйленіп, кришнайт болып кеткен қыздарымыз күн санап молайған мына заманда біздің қоғамымыз ең алдымен исламға қарсы шықты. Әрине, бұның барлығы жат күштердің қылығы еді. Себебі, жаңағы сан-сапалақ аздырғы діндерден ислам ғана аман алып қалар еді бізді.

Сол үшін де жаңағылардың барлығы бірлесе отырып, Қазақстаннан исламды құртуды ойлайды. Себебі, ислам - Қазақстан қоғамының вирусқа қарсы программасы (杀毒软件) еді. Ислам от қорғаны - файры уол (防火墙) еді, осылардан айырылсақ, олар бізге емін-еркін кіре алар еді. Сол үшін күллі қоғамда жаңағы сансыз адасқан ағымдар бірлесе отырып, жалғыз ғана исламға қарсы тұратын еді. Себебі, олар бір-бірінің достары еді. Ұстанымдары сан түрлі болса да, исламға қарсы тұруда барлығының мүддесі бір еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 03:27:16

Баяғыда бір христан қазақтар мені жағалағыш болды. Ол заманда менің ислами білімдерім терең емес еді. Жаңағылар соны байқаған болуы керек. Мені қатты айналдырды. Шетелге шығуды айтып, қызықтырғысы келді. Бұл олардың кәнігі тәсілдері еді, мен оларға онсыз да өз күшіммен шетелдерге шығып жүргенімді айттым. Олар маған Шяңгаңды (Ганконгты), Еуропаны айтып, сонда арнайы білім алатынымды айтып былжырады-ай келіп. Олардың арасында ағылшындар да бар болатын. Бірақ Қазақстанда ағылшын тілін үйретуді бетперде етіп, ағылшын тілі курстарын ашып қойып, шынтуайтында дін тарататындар еді, мұны мен сол заманда-ақ сақшыларға мәлімдегем, бірақ біздің сатқын сақшылар олардың берген параларын алатын да, жайына кететін еді. Ал, күн өткен сайын осыларға алданған, осылардың торына шырмалған, тұзағына түскен қазақтар арта беретін еді, мұнымен ешкімнің қақысы жоқ еді...

Олар мойындарына дәу қылып крест тағып алатын. Мұнысын маған да сыйға тартқан, мен алудан бас тарттым. Олар түсінбей қалды. Мені крестті алуға уағыздады. Мен:

–Не үшін крестті тағасыздар?

–Құдайды крестке шегелеп өлтірді ғой, сол үшін.

–О, сендердің құдайларың өлетін құдай болды ғой сонда?!

–Иә, өледі, қайта тіріледі.

– Егер сол заманда құдайларыңды крестке емес, ток орындыққа отырғызып өлтірген болса, мойындарыңа орындық асып жүретін бе едіңдер?!

...Жауап жоқ...

–Егер сол заманда құдайларыңды мылтықпен атып өлтірген болса, мойындарыңа мылтық асып жүретін бе едіңдер?

...жауап жоқ.

–Сендер не үшін құдай, құдайдың шешесі, құдайдың әкесі деп үштік ұғым дегенге нанасыңдар?

–Бұл бейне судың үш түрлі күйі сынды, құдайдың да үш түрлі күйі болады. Сұйық күй-су, газ күй-бу, қатты күй-мұз болғаны сынды, құдай да үш түрлі күйде болады...

–Жә, ендеше, ғалымдар судың төртінші күйін байқады ғой, яғни иондық күй...

Ендеше, сіздердің құдайларыңыз да сондай төртінші күйде бола ала ма?

...Жауап жоқ...

–Інжілде «Иса құдайға жалбарынып дұға қылды» дейді. Сонда, ол өзі құдай болса, кімге жалбарынды?!

...Жауап жоқ.

Шын мәнінде, осы сұрақтардың барлығын менің бір діндар жақыным маған үйреткен еді. Айтса айтқандай, жаңағылар мұның ешқайсысына жауап бере алмады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 03:42:24

Бір қызығы, христандар мен иегова куәгерлері бірін-бірі мойындамайтын еді. Сол үшін біз жалпы беттік түрде оларды жалпылай христиан дей салғанымызбен, олардың ар жағында неше түрлі көзқарастық қақтығыстары бар еді. Сол үшін өткенде мен жазған «христиан қазақтар Қытайда қаптап келеді» деген мақалам тек жалпы беттік мақала еді. Ал, іштерінен бұлар өздері сан жікке бөлінетін. Бірін-бірі мойындамайтын. Ал, жаңағы иеговашылдар крест тақпайтын. Үштік құдайға нанбайтын. Зерттей берсең, шырма шату еді.

Ей, Алла, бізді қашан да дұрыс жолға сала көр. Адасқандардың, ашуға ұшырағандардың жолына емес...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 03:52:44

Иә...

Осының барлығы әрбір өзін қазақ сезінетін азаматтың қайғысы еді. Біз енді ғана егемен ел болғанда, осындай бір нәубетке ұшырадық. Қандай қасырет!!!

Баяғыдағы рухани тұтастығымыздан айырылдық. Мыңғырған мол болсақ бір сәрі. Қытай құсап, миллард немесе орыс құсай жүз миллиондармен саналатын болсақ, бір сәрі. Бұл күнде иеховашылдар Қытайда қатты кеңіп, дамып келеді. Баяғыда мен жазған Шяңгаңдағы Ержан Нұрхасенов деген әнші қазақ та осы дінді ұстанады. Алматыда «жаңа өмір» деген қазақы діни топтары бар. Қазақша көйлек киген қыздар мың бұралып биге басады. Қазақша киінген жігіттер домбырамен ән салып, иехова құдайларын мадақтайды, соны айтып, еңіреп, әсерленіп жылайды! Көздерінен аққан жастары жалған емес, шын еді! Қалай жылайтынын білмейсің, әйтеу, «иехова құдайға сен» деп жабысып, «азаптан құтыл» деп жалынып жатқан қазақ! Бірін-бірі құшақтап, бірімен-бірі аға-қарындас болып жатқан қазақ! Топтық хор айтып, биге басып, «Қазақстанды иехова құдай сақтасын» деп тілек тілеп жатқан қазақ! Шындығында, бұлардың негізгі ұстанымдарында ешқандай мемлекеттілікті мойындамайтын еді...

Быт-шыт, түсінбейсің!

Жастармен қоса, ақсақалдар, апалар, әжелер жүреді. Барлығы қазақша киініп алған. Бейне бір әртістер сықылды...

Әлгі, қазақша киінсе болғаны, қазақша кино түсірсе болғаны, қазақы мәдениетті дамытса болғаны қазақ құтқарылады дегендерді Алматыға келсе, осы жерге ертіп апарар едім. Себебі, жаңағылардың сыртқы көрінісі қазақ еді! Тіпті, ешқандай қазақ олар құсап қазақылыққа ұмтылмас еді! Әртістерден басқасы! Ал, оларды мен қазақ демес ем! Себебі, қазақ мұсылмандығымен ғана қазақ! Қазақ – исламмен ғана қазақ!

Баяғыда басқа дінде болсақ болған шығармыз. Ал, бүгінгі күнде тек ислам ғана бізді құтқарады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 04:02:49

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-28 04:05 өзгерткен

Жә, қадірлі жамағат...

Алматыда түнгі сағат екіге аз қалды. Пекинше болғанда таңғы төртке аз қалды.

Кеше, яғни 27 қыркүйектің сейсенбісінің түстен кейінінде бастан өткізгендерімді осыншалық қана жаза тұралық...

Арада сен-қазақ, күлтегіндегі өзге жолдамаларға да жауап жазып отырдым, оны да оқырсыздар.

Енді аз мызғап алалық.

Ал, Мәскеуімізді, Мәскеу былықтырған қазағымыз бен қырғызымызды таң намазынан соң жазалық, Алла қаласа!

Алла Тағала баршамызға баянды бақ, ашық аспан, берекелі отбасы, салиқалы ұрпақ берсін! Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың жатқан жері жәннат болсын! Қазақ баласына екі дүниенің нығыметін берсін! Қазақты берекеден айырмасын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Ойда орыс, ортада қазақ, қырда қытай аман болсын! Аумин!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 08:23:21

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-28 08:25 өзгерткен

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Бөлек бір тақырыпқа жазған лебізімді осы араға қыстыра кетсем, артық етпейтін сықылды:

Мұхтар Шахан ағамызбен бір жиналыста отырсақ, әлдебіреулер ол кісіге тек «әдеби шығармалар» жазып, «мәңгілік тақырыптарға барып», мынау қоғамдағы «ұсақ-түйектерге» алданбай, уақытын кетірмей, зіиінін шашпай, «ұсақтамай», жүрсе құба-құп боларын айтып жатты. Иә, мұндай сөз ол кісіге достары жағынан да, қастары жағынан да айтылды. Достары оған алаңдап айтты. Арыстан басымен тышқандармен алысты деп айтты...

Не айтпады дейсің?

Иә, бізде қазір «таза көркемөнердің» адамдары көбейді! Өздерін «саясатқа араласпаймыз» дейді...

Жә, сонда ақиқаттан алшақтаған, бүгінгі шынайы өмірден қашқан көркемөнер керек пе елге?

Қарап отырсаң, «еңку, еңку жер шалған» Махамбет те қызық екен ғой, бұлардың көзқарасынша болғанда, Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың» демеуі керек еді, ұсақтағаны болар еді ол оның! Жүрегінде мейірімі азайғаны ма Махамбеттің? Жо-жоқ, қарындасым, кейде ащы да болса шындықты айтатын бір адам керек! Барлығымыз «ақылды», барлығымыз «зерек» рөлін алып алсақ, «сүйкімсіздеу» образды ойнайтын адам қалмас, сол үшін кейде сүйкімсіздеу рөлдерді де «сомдауға» тура келеді...

Ойлашы, өзінен-өзі жасып, өмірдің төріне емес, көріне қарай кетіп бара жатқан қазіргі қазақ үшін бір айғайшы керек-ақ шығар?! Біреу ғана емес, бізге миллионы керек! Себебі, біз тым жуаспыз!

Қазаққа енді керегі актив, белсенді адамдар. Отарлық қоғамдағы езілген сана, жасыған рухты тастау керек. Қазақ мына дүниенің қожасы өзі екенін ең алдымен өзі сезінуі керек, әрі өзгеге сезіндіруі керек!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-28 08:51:33

Қазіргі қырғыз елінің бір тұрғындары - дұнғандар. Олар токмок, кенбулун аймақтарында жасайды. Қырғыз оңтүстігінде өзбектер көп те, солтүстігінде орыстар көп. Қырғыздағы ұлтаралық қақтығыс нәтижесінде бұл елдегі ең үлкен ішкі жара жарылды. Ашығын айтқанда, Қырғызстан сонау Кеңес кезінің өзінде осы мәселесі үшін «шатақ шығуы мүмкін» делінген аймаққа жататын еді. Себебі, қырғыздардың өз сөзімен айтсақ «түштік» пен «түндік» арасындағы теке тірес түптің түбінде ушықпай қоймас еді. Қырғыз оңтүстігі мен солтүстігінің түбі бір бөлінетін күні бұрын болжаған саяси сәуегейлердің болжамын қырғыздар былтыр ғана быт-шыт қылды...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)