Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 15 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 01:43:58

Енді осы ғаламтор қазақ үшін бақ па, әлде сор ма, сол жағын қарастыралық. Иә, жоқ кезінде жоқ деп жыладық. Бар кезінде баяу деп жыладық. Енді бәрінен басып озған еді, ойлана қалдық. Адам баласы ешкі сынды суыққа да, ыстыққа да шыдамайды деген дәл осы. Барды да, жоқты да көтере алмаймыз. Ашығын айту керек, ғаламтор қазаққа керек. Онсыз осы замандық ұлт емессің. Онсыз осы замандық мемлекет емессің. Бірақ, ғаламтор қос жүзді алмас семсер сынды еді. Мұның пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар еді, зияны - Қазақстан сынды ақпараты мен медиасын орыс меңгерген елде, ғаламтордың өзін қазақтың басы бүтін меңгеруі, мемлекеттік контролдауға алуы тіптен қиын дүние еді. Арабтарды қоқ қылған да осы ғаламтор болатын. Ағылшындардың фейсбук, туиттер сынды лездік хабарласу бағдарламалары араб қоғамын жаулап алғаны соншама араб жастары онсыз өмір сүрместей болған еді. Пәленің барлығы осы фейсбуктен шықты. Ақыры, араб былықты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 02:03:29

Сайттардың шектелу құбылысын Қытайдағы қазақтарға ежіктеп отырудың қажеті шамалы. Бауырластарымыз мұны бес саусағындай біледі. Былтыр жазда Пәкістанда сайтқа қатысты ереуіл болды. Мұсылман жамағаты сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммет (с.ғ.с)-ды ажуалаған сайттарды жабуды талап қылды. Нәтижеде фейсбук бастаған ютюб қостаған жарты мыңға тарта ғаламдық атышулы сайт Пәкістан үкіметі тарапынан шектелінді. Ютюб Қытайда да шектелінеді. Гуглдің іздеуішінің өзі Шяңгаңға (Гонконгқа) шегіндірілді. Түсінікті жағдай. Ал, соншама шулы-даулы осы сайттар не екен дейсіз ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 02:24:25

Араб елдеріндегі былықтың бір себебі осы ғаламтор болатын. Ғаламторды пайдаланған араб жастары Американың, батыстың арнайы тәрбиеленген жұмыс тобының меңгеруіне түскенін өздері де білмей қалды. Батыс та оңай емес. Діні берік арабты құрту үшін арабпен тілі бір, діні басқа христиан арабтарды мықтап тұрып жұмысқа салды. Мұнысын мен Дубайға барғанымда байқаған едім. Дубайға ең алғаш баруым 2004 жылдың қысы еді. Сол заманда мен арабтардың түбі былығарын сезгендей едім. Себебі, араб телеарналарын жаулап алған христиан арабтардың әндері мен кинолары еді. Дубай сол заманның өзінде Пекин, Шяңгаң, Шаңхай, Сеулден айырмасы жоқ жаһиляттық қала еді. Дубайдан мұсылмандық иіс кете бастағанын кейін сездім. Құжынаған жат жұрттықтар еді онда. Ал, байыған арабтардың шат-шадыман өмірін құрту үшін алдымен олардың берекесі мен бейбіт өміріне құрт салу керек еді. Бұл құртты батыс қоғамы ғаламтор арқылы шашты. Иманы әлсіреген жүректерге түскен сол құрт өсіп, өркендеп, молайып, ең соңында қанды қырғынға себеп болды. Себебі, фейсбук, туиттер сынды араб тілінде жұмыс жүргізетін батыстық сайттар араб жастарының санасын жаулап алып, ендігіде біртіндеп, біртіндеп араб жастарын арабша өмірдің өзіне қарсы айдап салған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 02:36:02

Кеңес Одағын радио, газет арқылы құлатқан еді. Ол заманда ғаламтор жоқ болатын. Орыс тілінде, оған қоса орыс боданындағы барша халықтың ана тілінде хабар таратқан азаттық, еркін Азия, еркін Еуропа радиолары Кеңес Одағының ыдырауында ең маңызды роль атқарған еді. Ал, араб дүниесі үшін, батыстың арнайы дайындалған радио жүйесі аса зор роль атқарғаны белгілі. Оған қоса, осы заманғы мықты өнердің бірі осы ғаламтор болды. Ғаламтор мүлде жабық әлемнің есігін теуіп ашты. Қысқасы, ең сорақы басқарудағы диктаторлық жүйенің өзінде еркін ғаламтордың дамуы сол жерге, сол елге ашықтық пен жариялылықты, ақпараттағы еркіндікті алып келетіні шын. Арабтардың бүгінгі жағдайы тоқсаныншы жылдардардағы Кеңес жағдайымен бірдей еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 02:41:23

Батыстың ғаламторда Ресейге қаратқан идеологиялық шабуылы да ересен. Олар Ресей қоғамының тыныштығын бұзуға мүдделі болып тұр. Сол үшін жұрттың Путинге, Путин командасынә деген наразылығын олар аса шеберлікпен пайдалана біледі. Батысты жәннат білген орыстардың көптеп шетел асуының өзі американдар үшін дайын уағызшылар тобын дайындап берді. Ендігіде олар мұнай мен газдың мемлекеттік меншігі арқылы қолдарында ересен күш пен қуат ұстап отырған Путинді байлығынан айырудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Ол - жұрттың ұлт байлығына деген қызығуын арттыру. Мұнай мен газдан түскен пайданың есебін ашық көрсетуді сұрау. Ең соңында Путин қолындағы мемлекеттік меншіктегі мұнай-газды жекешелендіру. Соңында оны батыс меншігіне айналдыру...

Міне, бұл Путиннің басын қатырған ең күрделі сұрақтар еді. Путин өз жұртының арақ ішіп, мас болып жүре беруін қаласа да, олардың шектен тыс батысшыл болуын қаламас еді. Себебі, ненің еркіндік екенін білетін орыс жоқ еді әліге...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 12:10:15

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қадірлі жамағат, аман-есенсіздер ме?

Төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі қазақ баласы, Алладан сіздерге, ата-аналарыңызға, туыстарыңызға, достарыңызға амандық тілей отырып, енді әңгімемізді жалғастырайық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 12:20:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-27 12:26 өзгерткен

Фейсбук дегені мына сайт еді:

Http://www.facebook.com/

Туиттер дегені мынау болатын:

Http://twitter.com/

Мұның қолфонмен шығатын түрі де бартұғын: Http://mobile.twitter.com/

Иә, соңғы кезде бұндай сайттардың барлығы қолфонға арналған түрін шығарды. Қытайдағы көкектің өзі қолфон түрін шығарған. Қытай жастары бұл күнде көкексіз күн көрместей. Ғаламдағы барлық осындай хабарласу, танысу, қоғамдық аралас-құралас сайттарының барлығы бірімен-бірі бәсекелесіп, бірімен-бірі таласып, өз иқуаттарын күн санап дамытып келе жатыр. Қытайлар фейсбукті 脸谱 деп төте аударып алды. Лянпу - төте аударма. Қытайларда 家谱 дейтін нәрсе болады. Онысы қазақтың шежіресіне ұқсап кетеді. Жаңағы фейсбукті «лянпу» деп алғаны да оның шежіреге ұқсап қалатын қасиетіне қараған сияқты. Себебі, фейсбуктен іздеп таппайтын адамың болмайды. Бірінен-бірін іздеп жүріп, керек адамыңды ғаламның қай бұрышынан болса да таба аласың. Бұлардың қасында скайп skype-, ем ес ен-MSN сықылдылар мықты болмай қалды. Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 12:38:35

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-27 12:43 өзгерткен

Осыдан 3 жыл бұрын қазақтарға арналған осындай лездік хабарласу құралын жасауды мен де армандадым. Бел шешіп осы іске кірістім. Ол заманда оның артығы мен кемін, пайдасы мен зиянын есептеген мен жоқ екемін. Мүмкін, сонысы маған қайырлы болған шығар, соңында бұл жұмысым сәтсіз аяқтады. Лездік хабарласу бағдарламасының қазақша түрін жасау іске аспады. Орта жолда өз жұмысымды тоқтаттым. Ол кезде мен Шынжын қаласында көп жүрдім. Алитұң компаниясымен, Әлибаба компаниясымен, Көкек компаниясымен, мұнан сырт тағы осы сынды лездік хабарласу жұмысын жасайтын скайптың «Том скайп» компаниясымен байланысқан едім. Серверлерін жалға алмақ болғамын. Ол замандағы менің ойым шетелде тарыдай шашылып жүрген қазақтарды ғаламторда болса да, бір шаңырақтың астына жисам деп едім, сол үшін болашақ ғаламтор құралыма қойған атым екі түрлі еді, бірі «шаңырақ» болатын. Бірі «шежіре» болатын. Иә, шындығы осы, бұл күнде қазақ баласы мемлекет шекаралары арқылы бөлініп қана қалған жоқ, отаршылдар бізге зорлықпен таңған жазулардың кесірінен біз мәдени, рухани жақтан да бөлініп қалдық! Күллі ғаламның бұрыш-бұрышын жалғаған ғаламтор қазақты бірімен-бірін жалғай алмай отыр. Қазақстандағы орыс жазуымен жазу жазатын қазақ біздің араб жазуындағы төте жазуымызды, Қытай қазағының сөзімен айтқанда, көнеше жазуымызды танымайды. Ал, біздің қазақтың олардың жазуын танитыны да көп емес. Аз ғана зиялы қауым, оның ішінде осыған қызығатындары ғана кирилшені таниды. Танығандарының өзі оқуға бапандай болса да, жазуға орашолақ. Себебі, олардағы орыс жағынан таңылған жазу белгілері, екі «и» таңбасы, «я», «ю» таңбалары, «щы» мен «ш» таңбалары, жіңішкерту белгілері – осылардың барлығы біздің қазақтың төл жазу ережелеріне қайшы еді...

Сосын ол жақтағы қазақтар бұл жақтағы қазақтардың ғаламторда жазған жаңағыдай дүниелерін көріп, Қытай қазағын сауатсыз деп біледі. Сол Қытай қазағын сауатсыз деп сезінетін сорлылардың өзі Ахмет Байтұрсын әліпбесін білмейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 13:08:19

Ал, қазір ойлап көрсем, мұны іске асырудың жолы аса оңай екен. Егер біздің ептестіруіміз дұрыс болса. Мысалы, қазақсофт сайтының иесі Ойлан мырза қазақтың төтеше, кирилше, латынша жазуларын біріне-бірін мүлтікісіз қотаратын әріп сәйкестіргіш бағдарламасын сәтті жасап шықты. Бұл бағдарламаның бірнеше түрін біздің сайттарымыз да қатар қолданып жүр. 33 әрібі бар төтешеге 42 әрібі бар кирилшені аудару оңай болса да, керісінше аудару да өте көп қателік туындағаны шын. Бір кездері біздің күлтегін сайтымыз да кирилше нұсқасын шығарып барып, аяғы аяқсыз қалды. Біреулердің айтуынша біздің әріп қотарғышымыз кирилшеге дұрыс қотармағаны үшін ол жақтағы қазақтардың алдында «ұят» болса керек...

«Өлімнен ұят күшті» дегендей. Жә, бұл енді техникалық қана мәселе ғой. Ештен кеш жақсы, жоқтан бар жақсы емес пе еді?! Көнешеңді лупамен қараса да танымайтын қазақ қате болса да, кирилшеңді ежікшелесе де оқыр еді ғой. Бұл хақында біз қытайлардың тәжірибесін пайдалануымыз керек екенін мен бір жолдамамда жолдаған болатынмын. Тайвань, Гонконг (Шяңгаң), Макау (Аумын) қытайлары Қытайдың ескі дәстүрлі жазуын қолданса, құрлық қытайы, Сингапур жаңа Қытай жазуын қолданатын еді. Ескі жазу көзге әдемі, түсінуге қолайлы еді де, жаңа жазу басы-көзге қарамай күзеп тастағандай, тымпиған еді. Оның өзінде де, қызыл партияның кезінде артық күзелген кей әріптер соңыра қайтадан қалпына келтірілген еді. Бес мың жылдық тарихы бар қытай жазуын бес минутта күзей салған Қытай компартиясының соңынан Сингапурдің ілесе жөнелгені де қызық. Олардікі бақа сасыған батпақ порттағы сасық балықшыларды тезден сауаттандырудың қамы болса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 13:20:31

Айналайын, Жөкеш, Алланың қазаққа бере салған Жөкеші екенсің ғой! Алла разы болсын!

Сен де бұған бас қатырған болдың ғой! Енді осыны іске асырудың қамын қарастыралық та!

Менің мақсатым мынау: қазір Қытай қазағы өзара хабарласуда құралға оншалық мұқтаж емес. Себебі, көкек бар. Оның қазақша көкегі, ұйғырша көкегі қатар шықты. Ал, Қазақстан қазағы майл.ру агентпен немесе скайппен хабарласады. Менің мақсатым көкекшіл Қытай қазағы мен агентшіл Қазақстан қазағының арасына бір көпір орнату ғой. Қысқасы, барлық қазақ ортақ қолданатын бір бағдарлама жасап шығу болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 13:28:52

Мұны іске асырудың жолы бірнеше түрлі еді. Бірі, скайп сықылды, агент сықылды, көкек сықылды, г-талк сықылды ғаламдық хабарласу құралдары ішіне қазақ тілін енгізу керек еді. Бұл күрделі емес болатұғын. Skype magent MSN QQ ICQ YAHOO MESSENGER gtalk деп басталып, аяғы ұшы-қиыры жоқ болып кететін осы тектес бағдарламалардың негізі бір болатын. Бірақ, соңғы кезде фейсбук пен туиттер барлығын басып озып барады. Қытайлар көкектің ағылшынша нұсқасын шығарды. Біз мүмкін көкектің орысша, қазақстанша қазақша нүсқасы, көнеше-төтеше қазақша нұсқасы дегендерді шығарсақ ше? Бұл қарапайым ғой, мысалы, олардың ішіне «тыл боқшасы» дегенді қосасың. Тыңнан жасағанға қарағанда, барды дамытқан қолайлылау. Оның үстіне олардың серверлері қуатты ғой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 13:47:02

Ол үшін бізге Ойлан мырзаның әріп сәйкестіргіш бағдарламасы қосылған осындай бір қуатты хабарласу құралын жасап шығу керек. Оның көрінер беті көнеше-төтеше қазақша, қазақстанша кирилше қазақша, қытайша, орысша, ағылшынша, түрікше, немісше, керек десең иранша да қосылған болуы керек. Қытайшаны қосқан себебіміз – біздің қытайша оқыған қазақтарымыз үшін, орысша қосу себебіміз Кеңес кеңістігі қазақтары үшін. Төтеше-көнеше қазақша жазу болса қазақша оқыған Қытай қазағы үшін болса, қазақстанша кирилше қазақша Қазақстан қазағы үшін керек еді, қысқасы, біз осы арқылы ғаламдағы барлық қазақ ортақ қолданатын хабарласу құралын жасай алған болар ек. Жасай алмаған күнде де, егер әріп сәйкестіргіш иқуатын қоса алсақ, бұрынғы бар бағдарламалардың өзін бірінің жазуын бірі білмейтін екі қазақ ортақ қолданатын деңгейге апарар ек, отаршылдардан қалған ойранның қасыретін, міне, осылай көріп отырған жұртпыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 13:59:29

Жер шары ауылының тұрғындары ғаламтор деген қос жүзді семсерлерін ойнатып, өзін не өзгені жазатайым еткенге ерекше құмартқан бір заман осы болды. Дубайда болғандарымда арабтың балалары интернет клубтан шықпайтынын байқаған ем. Арабтардың аса бай, бақуатты екені шын. Олардың, әрине, үйлерінде ғаламтор болуы, ол ғаламтордың аса жылдам болуы еш күмәнсіз еді. Бірақ, интернет клубтарын толтырып отырған араб балалары ауыздарында «алла, алла» деп айқайлағанымен, ойнап отырғандары батыстың қанды қырғын ойындары болатын. Аллалап отырғандары әдетке айналған одағай сөздері ғана екен. Бірдемеге қуанса, ойында жеңсе немесе бірдемеге өкінсе, ойында жеңілсе, Аллалап айқайлап кетеді екен. Сол арабтың бүгінгі халін көрген сайын сол бір клубтар есіме келе береді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 14:24:17

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-27 14:26 өзгерткен

Атыс-шабыс, қырғын ойындары біздің балаларымызды, жастарымызды құртып бітті. Бұл күнде бұл ауруды жұқтырмаған баланы, жасты, жасөспірімді табу қиын-ақ. Корей мен Жапония сынды елдерде ата сақалы аузына түскендердің өзі бала-шағасын ұмытып, ғаламтор ойындары мен автомат ойындарының қызығына батып кеткен. Осының кесірінен, рухани ауытқу аурулары мен қанішерлік мінездер адамзат баласына жалпыбеттік келген ауру болды. Енді осының зардабын қалай жою мәселесі осы күндегі барлық жұрттың бас қатырған мәселесі болды. Ойын өз алдына, мұнан да қауіптісі фитна еді. Қоғамда бүлік тудыру исламда шектелінген еді. Бірақ, мұсылман басшылары да мұсылмандардың басшыға қарсы шықпау деген осы ұстанымдарын пайдаланып, орын тақтарында құйрықтары ойылғанша отырып алды, мұның өзі араб қоғамының былығуына себеп еді. Ал, орыс қоғамы да арабтар құсап былығуы мүмкін. Бұл күнде Путин билігі тек орыс әсіре ұлтшылдығын желеу етіп қана өмір сүріп отыр. Орыс әсіре ұлтшылдарына демократия керек жоқ. Оларға орыстың зорекер үстемдігі керек. Ағылшындар мен еврейлер ойлап тапқан, демократияның қант қабыршығына жасырынған ауру вирусы орыстарға жұға қоймады. Себебі, демократия орыстың басына дарымай, бұтына дарығанын олар білмей қалды. Ал, биліктегі әсіре ұлтшыл Путин өз жұртының осы мінезін барынша қолайлы пайдаланып отыр. Орыс ұлтшылдығының күшейгені соншалық, күллі батыс ғаламында демократияның ең шырқау шыңы ретінде бағаланған батшағарлық, қызтекелік орыс қоғамында іске аспай қалды. Еуропадағы, Америкадағы, Латын Америкадағы, Австралиядағы қызтекелер ереуілі, батшағарлар ереуілі сынды ереуілдерді Мәскеуде, Петербургта ұйымдастырмақ болған орыс қызтекелері, батшағарлары орыстың әсіре ұлтшылдарынан, скинхедтерден, жаңа фашистерден өлгенше таяқ жеді. Қызтекелердің тұмсықтары қанап, тістері төгіліп қалды. Азғындардың жыныс мүшелерін кесіп алып, итке тастады...

Демек, батыстың үйреншікті демократия ауруы орысқа жұқпайтын болып шықты...

Батыстың басы қатты, енді олар орыс үшін аса қауіпті жаңа рухани ауру ойлап табудың қамына кірісті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 14:37:26

Араб қоғамының былығуының бір себебі ғаламтор екенін айттық. Бұл басы ашық әңгіме. Араб қоғамын былықтырған тағы бір нәрсе-батыс көзқарасындағы жастар. Олардың діни нанымдары қатты әлсіреген! Намаз оқуға құлықсыз. Бұзылған, азғындаған секталар оларды мұсылмандықтан алыстатып кеткен. Құлшылықтарына бидғат қосылған. Осымен қатар, медиа, телеарна арқылы батыстың былыққан ақпараты олар үшін нағыз еркіндік деп батысты көрсетті. Сөйтті де, олар патшаларына қарсы шықты. Араб қоғамы батыс пен еркіндік арасынан, егемендік пен байлық арасынан жол таба алмай адасты. Қазір батыстың көздеген мақсаты іске асты. Арабтар бірімен-бірі қырылысты. Ең соңында мұнайдың иесі болып батыс шыға келді. Демократиясын құшақтап қалған арабтардың қандай халге қалғанын білу үшін дербес ойлана алу керек. Диктаторлар кетті. Демократия қалды. Қанды қырғында беюаз тұрғындар қырылды. Бұрынғы мемлекеттік меншіктегі мұнай тұтасымен немесе жартылай батысқа берілді. Теңсіз шарттарға қол қойылды! Бұл дүниедегі сұрақтан құтылу оңай болар-ау, бірақ осы қырғынға себеп болған сол бір адамдардың о дүниеде қалай сұралғанын Алла қаласа, біз әлі көретін боламыз...

Ол күн алыс емес. Барлығымыз сұраламыз, осы сайтта жазған әрбір ауыз сөзіміз үшін сұралатын боламыз, торластар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 15:59:20

Дубай - араб бірлескен әмірліктерінің үлкен қаласы. Араб елдеріндегі ең ашық қалалардың бірі, әрі бұл қала шығыс пен батыстың өркениеті ортақ тоғысқан нән қала болатын. Мұнда мұнарасы көкке тірелген зәулім мешіттер, аттам сайын ашық тұрған намазханалар, ислами таза өркениет мен мұндалап тұратын еді. Мұсылманның қытайға да, орысқа да ұқсамайтын өзгеше бір өркениеті мұнда айқын көрініп тұрар еді.

Ең алғаш рет Дубайға бару үшін Алматыдан автокөлікпен шығып, Жамбылға қарай жылжып, Қордай шекарасы арқылы Қырғызстан Республикасына өтіп Бішкекке бардық. Бішкек - кішкене қала. Кішкене болғанда да өте кішкене қала. Ерінбеген адам ары-бері жаяу аралай салатындай қала. Манас әуежайына жеткесін, онда аз уақыт аялдап алдық та, Дубайға ұшқан болатынбыз. Алатаудың мына бетінен ана бетіне шыққанымыз болмаса, өзге бір жат елде жүргендей сезім болған емес менде. Мүмкін, қырғыз бауырларымды туыс көргенімнен шығар. Мүмкін мұнда да Алматымен ұп-ұқсас, еш айырмасы жоқ орыстарды, талтаң-талтаң еткен делегей қалпақ сақшыларды, сауда істеп жанталасқан әйелдерді, сұрғылт үйлерді, орыстық үлгідегі бір қалыптан шықпайтын Кеңес Одағының үйлерін, біп-бірдей жарнамаларды көргесін болар. Мұндағы қырғыз сақшылар қазақ сақшыларымен бірдей. Парақорлығы да бірдей. Түрі де бірдей. Бірдеме дәметіп, бірдеме ала қойғысы келіп, құжатыңды арлы-берлі тексерген құсап, ішін ақтарып, бірдеме дәметіп тұрған тұрысы Алматыдағы әріптестерінен аумай қалған! Бірақ, біз дым да берген жоқпыз. Бішкекте бізді қарсы алып алатын адамның атын айттық. Олар бізді жібере салды...

Дубайға ұшатын қырғыз ұшағында тең жартысына жуығы қытайлар еді де, оған шамалас шамада орыстар отырған болатын. Қалғаны қырғыздар мен қазақтар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 16:16:15

Қырғыз қоғамындағы орыстардың ықпалы Қазақстандағыға қарағанда әлдеқайда жоғары сезілді маған. Қазақтармен салыстырғанда қырғыздардың орыстарға деген, орыс тіліне деген махаббаты ерекше. Қырғыздың орысқа деген махаббатының қасында қазақтардікі ойыншық болып қалады. Бір қызығы, қырғыздардың орыс тілі өресі қазақтардікіне жетпейді! Міне, қызық. Біз араласып көрген қырғыздардан байқауымызша, қырғыздар қазақтар құсап орыстарды орысшадан жаңылдыратындай деңгейде емес! Бірақ, соның өзінде де орыс деп, орыс тілі деп өмешегі үзіліп тұрады екен. Акцентпен, акцент болғанда ерекше нашар акцентпен, шала грамматикамен, тисе ағашқа, тимесе бұтаққа деп албаты орысша сөйлеуге тырысып, қиналған қырғыздарға мен қырғызша сөйлеп кеп жібергенімде олардың таңырқағанын көрсең ғой. Мен оларға Манастан бір-екі ауыз жырлап кеп жібергенімде, қырғыздар жаңадан бергі қылықтары үшін ұялып қалды. «Манастың елі, Айтматовтың елі орысша сөйлеуге міндетті емес» деп қоштастым мен қырғыз ағайындарыммен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 16:55:01

Қырғыз қоғамы да қазақ қоғамы сынды екі үлкен жікке бөлінген! Бірі- қырғыз тілді қоғам-дағы, екіншісі - орыс тілді қоғам. Мұнда да ана тілінде, қырғыз тілінде оқыған қырғыздардың бағы жанбай, тасы өрге домалай алмай қалады екен де, орысша оқыған, орысша сайраған қырғыздың десі қашан да, қайда болса да басым болады екен. Онысын Дубайға бара жатқан жолда Бішкекте аялдағанда Манас әуежайында аз-кем сырласу барысында және Дубайдан келе жатып Бішкекте аялдағанда қырғыздардың берген қонағасы кезінде байқадық. Орыс тілі мұнда мемлекет тілі. Қырғызстан Республикасының мемлекет тілі - орыс тілі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)