Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 14 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жә, құрметті оқырман, Алматыда түнгі сағат бір болды. Рұхсат болса, енді біз демалайық. Рақымы шексіз Алла тағаладан қазақты, қазақ елін, қазақ халқын барша бәле-жаладан, барша қиындықтан, машақаттан, соғыс өртінен, обадан, індеттен сақтағай деп тілейік! Патшалардың жүрегіне Алла тағала таупиқ бере көргей! Жер бетінде тыныштық, береке болсын! Қазақтың басына бас, жанына жан, малына мал қосылғай! Бұл дүниеде де, о дүниеде де халқымды нығыметіңе бөленген құлдардан еткейсің...

Жүректерімізге иман шұғыласын сеуіп, ақиқаттың ақ жолына бастағайсың...

Әумин! Аллатағала тілектерімізді қабыл еткей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 08:42:21

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 08:43 өзгерткен

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қайырлы таң, қазақтар!

Қайырлы таң, мен үшін ең сүйікті адамдар!

Қазақтың ескі астаналарының бірі Алматыдан жазып отырмыз. Кең ғаламның түкпір-түкпіріндегі барша қазақ баласына жалынды сәлем! Асқар Алтайды ұстап тұрған қазақтарға, тарлан Тарбағатайды мекендеп тұрған қазақтарға, Жұңғардың қақпасындағы қазақтарға, Еренқабырғаның ен жайлауларындағы қазақтарға, Құмылдың құмындағы қазақтарға, құжынаған Қытай ішіндегі қазақтарға, Такла-Макан жиегіне тарыдай шашылған қазақтарға, Ақсайдағы арманшыл қазақтарға - бәріне, беріне, бәріне дұғай-дұғай сәлем!

Арайлап атқан әр таңды Алла тағала бізге берекелі де нығыметті еткей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 09:09:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 09:11 өзгерткен

Арқасын Алтайға төсеп отырған қазақтарға,

Аяғын Каспийге малып отырған қазақтарға,

Астанаға көшкен «ақсүйек» қазақтарға,

Алматыда қалған қалғын қазақтарға,

Ташкентті бермей отырған қазақтарға,

Тәжіктен келмей отырған қазақтарға,

Жердің шегіндегі қазақтарға,

Аспанның көгіндегі қазақтарға,

Сартаудағы сағындырған қазақтарға,

Қаратаудағы қарымды қазақтарға,

Омбыдағы дарынды қазақтарға,

Астарханның ар жағындағы қазақтарға,

Ібір-Сібірдің бер жағындағы қазақтарға,

Қара теңіздің шетіндегі қазақтарға,

Иранның бетіндегі қазақтарға,

Аты аталған қазақтарға да,

Аты аталмаған қазақтарға да,

Алматыдан дұғай-дұғай сәлем!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 09:42:12

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 09:43 өзгерткен

Отанына келген қазақтарға,

Жүрегін берген қазақтарға,

Орал десе оралмай жатып алған қазақтарға!

Атамекенім деп тістей қатып алған қазақтарға!

«Алмасты кепіреш деп татып алған» қазақтарға...

Хасакі-хазу болған қазақтарға,

Ұлттық рухы солған қазақтарға,

Келерін не келмесін білмей,

Шара басы шақшадай болған,

Іші дертке толған қазақтарға

атамекеннен дұғай-дұғай сәлем...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 11:51:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 11:54 өзгерткен

Иә, Какаша, қазақ пен қалмақ әлі көрші жатыр. Бір қызығы, шығыста Мұңғылия Республикасы мен Қазақстан арасы төте тұтаспайды, білуімше, арасында шамасы 50 шақырым аралықты орыс иелеп отыр. Біртұтас Алтай тауын төртке бөліп алған Қазақ-орыс-Қытай-мұңғыл арасы сан кітапқа сыр болар-ақ.

Ал, батыста, сен берген қаританың өзінде айтып тұрғандай, қалмақ пен қазақтың арасын орыс бөліп тұр. Даланың екі арыстаны тағы да мың жылдықтар бойы алысып кетпесін деп «береке мен бейбітшіліктің тұтқасы» болып орыстар тұрғандай-ақ...

Бірақ қалмақ та, мұңғыл да арыстан болудан қалды, бұл күнде тышқан іспетті. Асса, тырнағы бар мысық қана болар...

Баяғыдағы мұңғыл теңіз болса, сосын көлге айналды, бұл күнде сасық көлшік. Шықпа жаным шықпамен ғана отырған жайы бар...

Мұңғылиядағы Баян-Өлгей – бай өлкедегі қазақтарымыз Қазақстанға көшіп келуі үшін орыс шекарасына кіреді, сосын онан шығады, сосын қазаққа кіреді...

Міне! Қаншама қолайсыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 13:38:24

Жихат пен Какашаның үшбу сұхбатқа шығарған қариталарына қарап отырып қаритаға қатысты бір іс есіме түсіп кетті. Бұл осыдан біраз жылдар бұрын болған әңгіме еді. Шамасы 2006-ның айналасы болса керек. Алматыдағы 31-телеарнаның «информбюро» деген ағымдағы ақпараттар бағдарламасын көріп отырған болатынмын. Хабар орыс тілінде еді. Арманжан деген орыс тілді қазақ жүргізетін. Онда ғаламдағы әр елде болған оқиғалар айтылатын. Сөйтетін де сол елдің қаритасы ғалам қаритасы ішінен ұшып, қалықтап шығып, тұтас экранға көрінетін еді. Францияда бүлік туып жатқан болатын. Италияда тағы бірдеме туылған. Осының барлығында алдымен экранға ғалам қаритасы - дүние картасы шығатын да артынан жаңағы елдердің қаритасы солардың ішінен қалықтап ұшып экран бетін алатын еді. Бұл көзімізге әбден үйреншікті болған бір монтаж түрі ғана еді. Барлық хабарын осы стилмен беретін. Бұл енді көзді өзіне үйіру үшін телеарналар жаппай қолданатын сан түрлі монтаж әдістерінің бірі ғана ғой. Сонан көзім жарқ ете қалсын! Қарасам жаңағы дүние қаритасында біздің Қазақстан жоқ! Қазақстаннан басқасының барлығы бар! Қысқасы құрттай Еуропа, Араб, Африка елдерінен тартып, алақандай Мұңғылға дейін анық сызылған. Басқа елдердің барлығы, әсіресе, қаритаға мығы-жығы түсетұғын аумағы шанақты кішкене мемлекеттер тіптен солай. Ал, ғаламның 9-үлкен мемлекеті Қазақстан атымен жоқ. Сонан ертесі қайта көрдім. Тағы солай. Демек, күні-түні беріліп тұратын барлық ақпаратта, қаритаға қатысты осы бағдарламада Қазақстан жоқ! Қазақстан жері Ресеймен қосылып кеткен! Араларында шекара сызығы жоқ. Ал, онан басқасының барлығында араларында мемлекет сызығы тұр...

Сонан, сөзім дәлелсіз болмасын деп телевизорды мишыққа жалғадым. Барлық хабарын қатты дискге жазып алдым. Екі түрлі пішімде. Бірі эфирден беруге жарайтын AVI пішімінде, бірі тасымалдауға кішілеу mpeg2 форматта. Ғаламторға шығаратын флв форматын кейін жасадым. Тура жаңағы жерлерін фото ретінде қиып алып, оны түсті сурет ретінде бастырып шығарып алдым. Сосын шауып отырып Жүрсін Ерман ақсақалға бардым. Ол кісі ол кезде Қазақстан радиосын басқарып отырған болатын. Жүрсін аға мұны көріп маған қатты риза болды, алғысын білдірді, жаңағылардың қылықтарына қатты ренжіді. Сосын мені сол кездегі «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Исаға жіберді. Шапқылап отырып қаланың екінші шетіндегі Қақаңа жеттім. Ол кісі де таң-тамаша болды да қалды. Тұтас кескінді ары-бері көрді, көзі жетті. Сөйтті де ертесі газетке жазды да жіберді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 13:45:49

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 13:47 өзгерткен

Бұл қарита дегеніңіз ойнайтын нәрсе емес еді. Абылай ханның қолындағы қазақ қаритасы қандай құнға ие? Әрине, бағалауға келмейтін деңгейде құнды! Бірақ, бір елдің барлық аумағына тарайтын, тіпті, ғаламтор арқылы, жасанды жер серігі арқылы күллі ғаламға тарайтын телеарналардың жоғарыдағы қылығы кісі кешірерлік немесе кейін осы телеарналар арнайы кешірім сұрағанындай «ағаттық» қана емес еді. Бұл құбылыс ұқсас уақытта Алматыдағы «рахат» телеарнасында да қайталанды. Онда да осындай халықаралық хабар. Бірақ, стилі мүлде бөлек, мүлде басқа хабар бағдарламасы еді. Онда да осындай дүние қаритасы экраннан арлы-берлі қалқып, ұшып көрінетін. Бірақ 31-арнамен ұқсамайтын еді. Бірақ мұнда да Қазақстан жоқ. Қазақстаннан басқасының барлығы бар. Мұнда да Қазақстан мен Ресей бір ел ретінде сызылған! Ал, қалғандарының арасында шекара сызығы бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 13:55:13

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 13:58 өзгерткен

Осы мәселе бойынша жаңағы «Рахат» телеарнасындағы қазақ тілді хабардың бастығы маған ашына айтқан әңгімелер әлі есімде. Оларда техниканың барлығын орыстар мен еврейлер меңгеріп алған. Қазақтарды бұл салаға жолатпайды. Бағдарлама жасау, оның қаражат қаржысы, бейне түсіргіштер, осының барлығы тұтасымен жаңағылардың қолында. Қандай бағдарлама жасау керек екенін де солар шешеді. Қазақтарға кілең концерттік, жеңіл, арзан бағдарламар ғана тиеді. Ал, сараптамалық, күрделі, қоғамдық, тарихи бағдарламар жасауға олардың ғана құзыреті бар...

Иә, «Рахат арнасы» да мұны «жай ғана компютерлік ағаттық» деп түсіндіріп құтылды. Негізі мен аса қатты қателескен екемін, негізі мен тура сол кезде соларды сотқа беруім керек еді...

Бірақ, сот демекші, мен осы фактлерді алып, мүйізі қарағайдай кей ағаларымыз ұстап отырған мекемелерге барғанымда олардың 31-дің иесі болған кісіні айтып тайсақтап, жалтақтап, қашқаны әлі есімде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 14:09:01

Ұлы Абайдың өлеңін осында қоса кетсек, жыртық шекпенімізге алтын түйме таққандай болар ма едік деп ойлаймын:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік
Ер табылса жарайды қылса сұхбат.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз.
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт құрмет етіс.
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас.
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.

Жарқын жолданған уақыты: 2011-9-26 14:25:23

Жаңағы арналардағы өңдеуші, әрлеуші, программист еврей-орыстардың ақталуынша, олар «ескі» Кеңес қаритасын пайдаланыпты. Білмей қалған екен! Жә, Кеңес қаритасын пайдалансын-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстаны несі? Ол жағына олар жауап берген жоқ! Қысқасы, олар біресе Кеңес қаритасын білмей пайдаланғанын, біресе компютерлік ағаттық екенін айтып ақталғанымен, мұндағы барлық фактлер олардың мұны қасақана жасағанын көрсететін еді. Мұның ар жағында олар өз мүмкіндіктерін пайдаланып, өз көзқарастарын ғаламға жария етіп отырғандар еді...

Қазақстанды Ресейге қосып алу хақында орыс ақпараты, Ресей ақпараты қашан да сергек...

Жириновскийдің өзі Қазақстанды Ресей жері дейді. «Қазақтар көшіп-қонып жүрген, оларда мемлекет, ел болған емес», - дейді Жириновский. Бірақ, елдігі жоқ елдің Кене ханы неге орыспен алысқанын айта алмайды, елдігі жоқ болса Алаш Ордамен Ақ патшаның неге санасқанын айта алмайды, елдігі жоқ болса Алаш Орданы Лениннің қалай құртқанын, неге соншама өшіккенін айта алмайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 14:54:29

Қарита туралы, қарита болғанда да Қазақстан қаритасы туралы екінші бір әңгіме еске түсіп отыр. Бұл Қытайдың атақты жалғаспалы киносы болған «Жасырыну» (潜伏) киносындағы Қазақстан қаритасы туралы еді. Кино атын мен мүмкін дұрыс аудара алмай отырған болармын, негізгі мағынасы бір жерде мақсатты түрде бұқпантайлап, жасырынып қалуды айтады ғой. Жансыз ретінде қалып қалған іш-бүйенді білдіретін осы сөздің ең дұрыс баламасын оқырмандар айта жатар...

Үшбу киноның мені қызықтыруы ондағы Гомандан мен Компартия арасындағы қым-қуыт қатынас өзге киноларға қарағанда өте образды әрі шын бейнеленген еді. Соңғы кезде Қытай тарихи кинолары бұрындары шектелінген тақырыптарға да емін-еркін бара алатын болып жүр. Қытай жұрты Гомандан ішінде де өңді, сұлу адамдар болатынын немесе Гомандан ішінде де отаншыл, ақ жүрек, адал адамдар болатынын он жыл бұрын ғана экраннан көре алатын мүмкіндікке жеткен болса, он бес жыл бұрын жапондардың барлығы бір қалыптан шыққандай быртық, ақымақ, надан көрсетілетін еді. Ал, Кеңес Одағының шығыс солтүстікті азат етуі хақында немесе Кеңес әскерінің қытайларды, Қытай тұрғындарын қынадай қырғандары хақында немесе шығыс солтүстікте хайуани тонаушылық, әйелдері зорлау, өртеу, қырғындау жүргізгендігі хақында осы уақытқа дейін ашық айтылмай келеді. Ал, Сталиннің шүршіт мемлекеті Манжұрияны мойындап, жапонмен одақ болғандығы хақында да, жапондардың қытайды қырғындауы үшін ішкі келісімін бергендігі хақында ашық айтылмай келеді.

Сталинге алғыс айтатындардың бірі Мұңғұлия еді. Ал, қарғыс айтатындар туралы біз кейін айтамыз...

Жә, жоғарыдағы киномыз 姜伟、付玮 деген қытайлар режиссерлік қылған тамаша кино еді. Негізі кино Лұң и龙一 жазған повест бойынша сценарияланған. Бас рөлде 孙红雷 Сұм Қоңлы деген қысық көз Қытай ойнаған еді. Осы киносы арқылы осы қысық көздің бағы ашылды. Бұл күнде бұл қысық көзді Қытайдың барлық телеарнасынан, барлық бұрыш-бұшпақтағы жарнамадан көресің. Бұл қатыспай кино түсірместей болды, Қытай мен Гонконг. Жә, біздің Қазақстанымыздың қаритасын осы кинодан көре қалдым.

Тегі, 30 бөлімнен тұратын бұл киноның қай бөлімі екенін анық кесіп айта алмаймын, бірақ есімде қалғаны, кино серияның соңына таман болса керек. Бас әртіс бастығының бөлмесінде коммунисттердің гүмандандарды тағы бір шайқаста жеңгендігі хақында орасан зор бір қуанышты хабарды тыңдаса керек. Бұл жағы есімде анық емес, сонда бөлмедегі глобусты қолымен айналдыра береді ғой, айналдыра береді. Менің көзім шартсыз рефлекс бойынша глобустан Қазақстанды іздесін! Сөйтсек, Бұл жаңа глобус болған! Глобуста егемен, дербес Қазақстан тұр! О, тәуба!

Демек, қытайлар жаңылысып, сонау 1940 жылдарда қолданатын ескі глобустің орнына осы замандағы жаңа глобусті қолдана салған. Ал, ол заманда Кеңес Одағы ғой, қазіргі глобустә дербес Қазақстан!

Негізі, осыны қытайша блог жасап жазғым келген. Соған бір орайы келмей-ақ қойды. Қытайға барғанымда уақыт шықпайды, Қазақстанда жүргенімде жаңағы киноларды Қытайдың байдуынан көре алмаймын. Шектелінген. Әйтеу, бір қисыны келмеді. Осыны ерінбеген оқырман іздеп тауып, қытайша жазса жақсы еді. Жазғанда да Сұм Қоңлы баяғының баяғысында немесе Гүмандан баяғының баяғысында Кеңес Одағының ыдырайтынын біліп, оған глобустарында сызып қойған деп тұрып жазса ғой. Гүмандан мен Гүнчандан соғысындағы заманда қайдағы егемен Қазақстан! Қазақтар ол заманда ол жақта да, бұл жақта да қырылып жатты ғой. Қысқасы, Қытайдың қиыр шығысында да - Тибетте, Еуропада, Үндістан, Пәкістанда, Ауғанстанда, Иранда, Құмылда, Такламаканда, Алтайда, Сауан, Манас, Жың, Тақия, Бұратала, Сайрам, Ластай, Құлжа, Нылқы, Шәуешек - осы жерлердің қайсысында қазақ қырылмаған еді?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 00:45:10

Жә, құрметті оқырман, жаңадан бері Қытайдағы ел-жұрт, туыс-тумамен сөйлесіп, майрағай да тайрағай болдық. Енді, шығармамызды жалғастыралық...

Бұл күндегі қазақтың күні осы. Бөліндік те қалдық. Отан деп Қазақстанға келдік. Ел-жұрт артта тапжылмай қалды. Бауыр, туыс-туған қалды. Біріміз анда, біріміз мұнда. Біреу онда үйленеді, шапқылап барамыз. Біреу мұнда үйленеді, олар шапқылап келеді. Әрлі-берлі сабылған қазақ...

Әйтеу, алла тағала патшалардың көңіліне тыныштық, жүрегіне таупиық берсін деп тілейміз. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Қазақ аман болсын. Баяғыда қазақтар «қырда қытай аман болсын, ойда орыс аман болсын» деген екен. Ендігіде біз «сирды аусылдан сақта, қазақты көнсілден сақта» деп тілейтін сияқтымыз. Визасын аша алмаған қазақ, кезегі келер жылы келетін қазақ...

Бұған да шүкір, аштырар визаң болса аштырасың, аштырары жоқтар да жүр ғой...

Аллаға сансыз мадақтар, шүкірліктер болсын! Илайым, барлығының ең қайырлысын жазсын...

Жә, Путиннен әңгіме бастап, қаритаға ойысып, ол қаритадан Қытайға бірақ шыққан екеміз. Қариталардағы сызықтар өзгерген сайын, қаритадағы сызықтар ары-бері жылжыған сайын қан төгіледі. Қан төгілмей сызық жылжыған емес. Осы қан төгістерден құдай сақтасын. Өткенін жоғалтқан ел болашағын қоса жоғалтады. Сол үшін өткенімізді, кеміміз бен кетігімізді толықтамай, болашаққа жете алмақ емеспіз...

Жә, әңгімемізді жалғастыралық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 00:57:56

Баяғыда осыдан шамамен он жыл бұрын, Қазақстанға келген оралмандар мұндағы зиялы жұрттың өзі ғаламтордың не екенін дұрыс білмейтінін көріп жағаларын ұстаған еді. Ол заманда қазақ тілді сайт жоқ заман болатын. Бар деген сайттың өзі байсырағандардың бай іздейтін, қатынсырағандардың қатын іздейтін, негізі зинақорлыққа құрылған «романтикалық танысу» сайттары ғана еді. Кең жолақты ғаламтор жоқ заманда, қөазақтелекомнан тілдескі сымы арқылы шығатын, телефон номерге модеммен қоңырау шалу арқылы даталық ақпарат алатын заман еді. Ол заманда жоғары оқу орнындағы ұстаздардың өзі «менің сайтым бар» десе, ауызымыз ашылып, бас-басына сайт ашып алғандарға таңырқап жүрсек, хат сандық пен сайтты айыра алмай жүргендер екен ғой. Сөйтсек, олардың сайт дегені электрондық хат сандық екен дағы, ал электрондық поштаны майл.ру дейді екен. Демек, сенде хат сандық, электронды пошта болса, ол міндетті түрде майл.рудан ашылуы керек екен. Сондай бір заман болды. Www.mail.ru-дың Қазақстанды жаулағаны соншалық, ол заманда қазақтың өз электрондық қызметі болмады. Бір заман mail.kz шықты да, артынан жоқ болды. Соңы не болғанын біз білмедік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 01:05:33

Осы жылы мен ішкі Қытайда жүргенімде атышулы mail.ru-дың Қытайда ашылмайтынын байқаған едім. Себебі, Қазақстандағы кей жора-жолдас осы сайттың лездік хабарласу құралы болған mail.ru агент дегенді қолданатын еді. Біздің сөзбен айтқанда бұл орыстардың кюкюі еді. Орыстардың ғана емес, жалпы Кеңестік кеңістіктің кюкюі, көкегі осы агент болатын. Қытайлардың мұны неге шектегенін мен білмедім, бірақ орысқа, орыс мүддесіне қарсы мұндай «сойқан» һәм «сұмдық» ақпарат Қазақстанның телеарналарында хабарланды деп естідім. Қазақтар жағасын ұстап, «тәубасын үйіріп» жүр дейді. Я, қытайың да қызық, орыстың көкегін шектеп, қазақтарды ренжіткені несі екен?! Жасырары жоқ, бұл сайтты мен иттің етінен жек көруші едім. Аша қалсаң, жалаңаш қыздар шыға келетін. Орыстар өзіне өзі ғашық халық. Бұл барлық орыста бар ауру. Өздерін жақсы көргендері соншама, өздерінің өздерінен басқа итке де, битке де керегі жоқ жартылай жалаңаш суреттерін ғаламторда жариялауға құмар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 01:20:31

Жаңағы орыс көкегінің іш-бүйендік бағдарлама спаюере-spyware (间谍软件) екендігін менің бағдарламашы жолдастарым көп айтатын еді. Оның ішінде Американың Кремний аңғарынан шыққан бір танысымыз да осыны айтатын. Онысынан бұрын орыс көкегінің сұмырай бағдарлама rogue software (流氓软件) екендігі де бағдарламашылар әлемінде ашық айтылып жүрген әңгіме болса керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-27 01:38:17

Бұл күндегі Қазақстан ғаламторының Қытайдан көш ілгері екенін айтқанбыз. Қытай ғаламторының жылдамдығы Қазақстаннан әлдеқайда артта қалды. Мұны Қытайдағы қазақ оқып, біліп, естіп отыр деп сенеміз. Сол үшін бұл арада көп тоқталмаймыз. 3G-дің өзі қазақтар үшін қызық болмай қалды, бұл күнде жастар wi-max пен ғаламторға шыққанды ұнатады. Ал, біздің Қазақстанның уаймакске өткенін естігенде, Қытайдағы бағдарламашы Қытайлардың жер бауырлап, бауырларын жаза алмай жатып қалғаны бар. Себебі, уаймакс бұл күнде Сауд Арабия сықылды аса бақуатты азғантай елдің азаматтары үшін ғана арналғандай еді...

Қытайлар бәлен жыл байбалам салып, жан-жағына жар салып, жырлап жүріп жалпыластырған үшінші дәуір ғаламторын қазақтар үндемей-түндемей жүріп басып озды. Шын мағынасында Қытай патенттері көбейтілген GPRS-тың EDGE түрі сықылды бір дүние еді. Ал, TD-SCDMA дегенінің өзі HSDPA болып, Қазақстан қоғамы үшін алғанда қажетті қанағаттандырудан әлдеқайда алшақ еді. Себебі, мұның назариялық жылдамдығының өзі небары 14.4Mbps болып, амалиятта үш ем бипиеске жетпейтін еді. Не істетсе де, не қолданса да ең жақсысына жүгіретін қазақ табиғаты мен қанағатшыл, үнемшіл Қытай табиғаты ғаламторының өзінен шығып тұратын еді. Бұл күнде Қазақстандағы сымды-сымсыз тілдескі серіктіктері, желілі телеарналар тұтасымен ғаламтормен қамдау қызметімен айналыса алады, еркіндік берілген. Баяғыдағы қазақтелекомның бюрократтығы келмеске кеткен. Осы кезде қазір қоңырау шалсаң, қазір орнатып беремін деп жалмаңдап, жанталасып тұр.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)