Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 13 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Көлімді біреу меншіктеніп алмасын дегендей, қазақтар қазақтың Каспийін айнала қоныстанған...

Енді осы Каспийдің көл екендігі немесе теңіз екендігі бұл күнде ғаламдық дау-шардың бірі ретінде тұр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 16:26:57

Араб мұнайының иелері анықталып болды. Демократия аңсаған Либия 48 пайыз мұнайын батысқа тегін берді. Демек, жарты мұнайын батыс жалмап алды. Патшасына қарсы шыққан, демократия аңсаған Либияның демократиясы іске асса асқан болар-ау. Бірақ, батыстық демократияға мұнайларын айырбастаған елдің келесі күні қалай боларын біз білмейміз...

Алла ғана біледі. Ирақтың мұнайын да батыс алды. Арабтарды артта қалған деп айтатындарға бұл бап болды. Араб артта қалғаны үшін таяқ жеді ме, әлде байлығы үшін таяқ жеді ме, ол жағы күллі ғаламдағы қызу талқы тақырыбы. Талқылай берсін.

Орта Азияның мұнайы, әсіресе, Каспийдің мұнайы батыс алпауыттарының ендігі талас мақсаты болмақ. Қазірше мұнда Ресей ықпалы ғана тұр. Қытай ептеп-септеп Ақтөбеге, қазақ мұнайына үлескер болғанымен, оның да Ресей қабағына қарасты екені шын. Өзге ел алған басқа жерде дау-шар туылмай, Қытай алған Ақтөбеде атыс болғаны да кездейсоқ құбылыс емес. Қытайдың қазақ батысындағы мұнайдағы үлесін қызғанып отырғандар бар. Ол мүмкін Ресейдің өзі. Мүмкін батыс. Ол жағын алда өмір ашады. Біз бал аша алмаймыз. Ақтөбеде атыс болғанда әлдебір ақпарат саласының барлық бәле-жаланы діншілдерге артып шыға келгені де шын. Діншілдердің бүлігі дей салу Ресейге де, батысқа да аса қолайлы. Топалаңда тоқаш ұрлау немесе біреу тойға айланғанда біреудің қойға айлануы бұрыннан бар әңгіме.

Қазақта былық туылса, байлық қайтадан бөліске түссе, кімнің қалтасы толары белгілі. Алам дегенін ала алмай қалғандар мен жетем дегеніне жете алмай қалғандар былықты аңсайды. Бала күнімізде қой бағып жүрген кезімізде зерігіп қарта ойнайтынбыз...

Қарта ойынындағы ұтыста шыдамас ойыншының қартаны шашып, біліктіріп жіберетіні сынды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 16:41:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 16:43 өзгерткен

Мұнайын суша, газын буша сатқан қазақтың ертеректе базардағы бағадан ұтылғанын даулайтындар бар. Байлық бар жерде дау қоса жүреді. Байлық екеу болса, бәле төртеу болады. Ғаламдағы қырғындардың, соғыстардың, дау-жанжалдардың ар жағында байлық көзіне деген талас қашан да бірінші орынды ұстайды. Осы түйінді түсінбейтіндердің барлық бәле-жаланың сыртқы бетіне ғана қарап, жауырынға қарап бал ашатыны қызық. Қытайдың Қазақстандағы ықпалын қызғанатындардың бірі және бірегейі орыс. Орыс үшін алғанда Қытайдың Орта Азиядағы ықпалының артуы жақсылық емес. Әрине, орыстың мүддесі бәрінен маңызды. Сол үшін біздің Қазақстандағы сатымсақ, жалған оппозицияны бағып, қаржыландырып отырған Мәскеу еврейлері (еврей қатын) Қазақстан баспасөзінде, Қазақстан ғаламторында Қытайдың қаупін айтып, ауық-ауық дабыл қағып тұратыны бар...

Қытайдың қаупін айтқан ұлтшылдардың орыс қаупі хақында ауыз ашпайтыны бесенеден белгілі. Қазақстан қоғамындағы мәскеушілдіктің бір көрінісі осында жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 18:17:16

Шырайлы да шұрайлы батыс қазақтарының тілі зерттеуді қажет ететін тақырып еді. Қазақтың қазіргі тілі Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуез бастаған, алашшылдар жалғастырған шығыс қазақтарының тілі. Соңғы кезде Алматы жағалағандардың тілі телеарна арқылы жалпыласып келеді. Қазақша-орысша шала оқығандардың телеарнаны толтыруы, бай да шұрайлы сөздік қоры бар қазақтардың лайықты қызметтен шеттетілуі себепті, бытқыған былық тіл ендігіде біздің ортақ тіліміз болатын түрі бар.

Батыстағы мұнайдың ашылуы батыс қазағын орыстандырды. Орыстанған, орысша сауатын ашқан батыс қазағының бір буыны қазақтың әдеби тілімен таныспай тұрып орыс болды. Осының нәтижесінде олардың ауызекі тіліндегі бай да шұрайлы өзгешелеу сөздік қоры аман-есен сақталынып қалды. Бір жамандықтың артында бір жақсылық тұрады деген осы болды. Егер олар қазақы әдеби тілмен оқып кеткенде, олардың өзіндік даралық ерекшелікке ие лексикасы, сөздік қоры шығыс қазақтарымен ортақтыққа баяғыда жетіп кетер еді. Бұл дегеніміз қазақта акцент бар дегеніміз емес. Қазақта ұлт ретінде акцент жоқ. Бар-жоғы біздегі бірен-саран өзгешелеу өңірлік сөздердің ғана айырмасы біздің талқылап отырғанымыз. Қазақ қашан да рухани, мәдени біртұтас тұлға. Бірақ, Кеңес кезінде біреулер қазақта акцент барын дәлелдеп, сол арқылы ғалым атанды. Орыстың не ойлағаны түсінікті. Алматыдағы қазақ тілінің докторлық атағын Мәскеуден, орыстардан қорғаған шалдардың сөйлемнің бес мүшесі мен тоғыз сөз табын дұрыс ажырата алмайтынына талай мәрте куә болған ек. Ендігіде солар қазақ тілінің ғылымдағы тағдырын шешпек. Ал, орысша оқыған, қазақша дым білмейтін қара орыстар қазақ тілінің саяси тағдырын шешпек. Бүгінгі күн қазақ тілінің тағдыры сынға түскен күн. Осыдан аз күн бұрын Мұхтар Шаханов бастаған топ бастама көтерді. Осымен қатар қазақтың ішінде бұқпантайлап жүрген сатқындардың да кім екені айқындалды...

Оны Қытайдағы қазақ күнделікті ақпараттан анық біліп отыр деп сенеміз...

Қасыреті мол қазақтың тілі қыспаққа түскенде, Каспийдің мұнайы да талқыға түскен заман болды. Саның аз, шанағың шақты болса, осы. Ендігіде, Қазақстанға оралған шеттегі қазақ қана қазақ болмақ та, орала алмағаны қазақ болудан қалады. Себебі, сонау ноғай ордасы кезінде ноғай құрамында қалған қазақтар бұл күнде алдымен ноғай, сосын орыс болып кетті. Ақсақ Темірдің кезінде Ақсақ темірдің әскері болған қазақтар отырықтанып өзбек болып кетті. Иран-парсының қылықты қиғас қастары, отырықшы түріктің апай төс арулары азияттық қазақтарды магниттей тартып, отырықтандырып, өзбек қылып жіберді, Иран, қызылбас қылып жіберді. Қысқасы, Ыстықкөлге демала барғанымызда, қырғыз Алатауындағы қазақтардың қырғызша сөйлегенін көрсең, жыларыңды, күлеріңді білмейсің. Жегенің желім, ішкенің ірің болады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 18:24:21

Каспийдің мұнайы - қазақтың тағдыры. Каспий ғана емес, қазақтың батыстағы мұнайлы өлкелері қазақтың тағдырын шешпек. Ендігідегі әңгімеміз осы хақында болмақ...

Каспий мұнайы хақында, оның ғаламдық мұнайдағы орны хақында, оның қазақ тағдырымен қатысы хақында енді сөз бастаймыз. Себебі, қазақтың басқа өнеркәсібі жоқ еді. Өндірістің өзге саласы Қазақстанда қатты кенжелеп тұрған мына заманда біздің дамыған әлдебір елдер құсап, өзгеге тауар сатып байитын елге айнала қалуымыз түс сынды еді. Бірақ, үмітсіз шайтан. Балғынбек ақын айтқан өтірік өлең сынды Пекинді Қазақстан тауары жаулап қалатын заман бола ма, болмай ма, ол жағын бір Алла ғана біледі. Қалай болмасын, осы жақынғы жылдарда қазақтың қандай күн көретіні батыстағы мұнаймен ғана тікелей қатысты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 00:52:57

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 00:56 өзгерткен

Орыстың Қытайға салған зобалаңы жалпы екі кезеңге бөлінеді. Бірі-патшалық Ресей кезі болса, бірі - Кеңес кезі. Ал, Кеңес ыдыраған соң, орыстар Қытаймен қайтадан одақ бола қалды. Себебі, оларға халық ақшасы ренминби керек еді. Қытайдың доллар запасы керек еді. Алыстағы Америка бұл кезде еврейлердің айлакерлігі бойынша екі елді қатарынан қыспаққа алудың жоспарын жасады. Ол мұнай газдың бағасын ғаламдық деңгейде шексіз шарықтату арқылы орыстарды алдап соғу болатын. Орыстар бастабында көктен жауған көк қағазға аң-таң қалды. Кеңес кеткен соң қалтасы қампиып көрмеген орыс көк қағаздың буымен біраз құтырына қалды. Керісінше, осы кезде батыс алпауыттары орыстың мемлекеттік банктерінен кепілдеме алу арқылы орысқа қарыз беруді көбейтті. Мұнайы мен газына сенген орыс аспандаған бағаны сол беті тұра береді деп сенді. Бірақ, келісімшарттар жасалып біткесін-ақ, мұнай бағасы құлдырай бастады. Базарды меңгеріп отырған батыстың айласының қасында Путин амалсыз қалды...

Алдап-сулау, кісі өлтіру, біреуді бопсалап, мансабын тартып алу сынды КГБ стиліндегі көне күрестерге қарағанда осы заманғы батыстық жаңа күрес айласы орыстың кәрі түлкісіне бейтаныс еді. Айлакер түлкі қапысызда қақпан қапты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 01:03:42

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 01:04 өзгерткен

Ал, бүгінгі орыс-қытай қатынасының қайшылығы қазақ мұнайының үстінде болуы бек мүмкін. Қазақстанның Қытаймен жақындаса түсуі орыстың қызғанышын шексіз қоздырады. Қазақстандағы жалдамалы медиа мен орыс айтағындағы үргіштер мұндайда қазақтың шығыстағы көршісіне қарап абалап үреді. Орыс ақпаратының Қазақстанды жаулап алғаны белгілі. Себебі, Қазақстандағы жұрт күллі ғаламға Қазақстанның дербес көзқарасы бойынша емес, орыстың, Ресейдің көзімен қарайды. Себебі, күллі ақпаратты орыс ақпараты, Ресей ақпараты иелеп отыр. Қысқасы, Грузияға орыс шабуылдап кірген кезде күллі Қазақстандағы қазақша-орысша медианың ұстанған көзқарасы Мәскеумен біп-бірдей болды. Тіпті Мәскеудің шабуылшы әскері Қазақстанға шабуылдап кірер болса, құдай оның бетін ары қылсын, ел көзі үшін болса да «әу» деп қарсы шығар бір адам шықпай қала ма деп алаңдайсың. Бұл қазақтарды түсіну өте қиын. Әйтеу, орыспен іші-қарыны жабысқан да қалған. Немес, өздерін орыс сезінеді. Қазақ өзін мың жерінен орыс сезінсе де, қазақты орыс көріп отырған Ресей жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 01:19:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 01:27 өзгерткен

Қазақстанды меңгеріп тұрудың бірнеше амалы бар еді орыс қолында. Бірі- Қазақстандағы орыс ұйымдары арқылы қазақтың жалтақ ой билігіне қысым түсіру. Екіншісі - Қазақстандағы бөлшектеуші күштерге жасырын дем беру. Соңғы кезде екіншісін көбірек пайдаланып жүр. Жетісу тарихын аяқ астынан зерттей қалған орыстың ойлағаны басқа болатын. Қолдан тарих жасау, жалған тарих жасап бүлік тудыру, біреудің жерін біреуге бөліп беріп, арасына от салу, көршілерін қырылыстырып, арасында өзі төреші болу-орыстың ең кәнігі тәсілдері еді...

Орыстың қолында құпия құжат көп еді. Бұл оның Қазақстан билігін бопсалаудағы ең мықты құралы болды. Кеңестен қалған шалдардың барлық былық-шылығы Мәскеудің құпия сыр сандықтарында сақтаулы еді. Әрісін айтпай-ақ қоялық, күні кеше болған желтоқсанда қазақтың аяулы ұл-қыздарының қанымен қолын қандаған қанішерлердің біразы бұл күнде әлі де үлкен мансап тағында отыр. Кем дегенде олардың үрім-бұтақтары мансапта отыр. Осыларды бопсалаған орыс үш әріптілері Қазақстан билігін өз қалаған бағытына кез-келген уақытта өте оңай түрде бұра алатын еді...

Біздің биліктің не үшін қазақ мүддесі үшін қызмет істей алмайтынының бір сыры осы еді. Себебі, оларды Мәскеу сатып алған немесе Мәскеу бопсалап алған болатын. Біздің біресе қазаққа пайдалы, біресе қазаққа зиянды болып өзгеріп тұратын ата заңдарымыз, қазақ тілін көрге қарай сүйреп бара жатқан алдамшы үкіметіміз, оралмандар туралы мың құбылған солқылдақ заңдарымыз, қазақтың молаюына қарсы әрекет жасап жатқандардың ұйымды, жоспарлы әрекеттерінің молаюы - осының барлығы Мәскеудің бақылауындағы дүние еді...

Мәскеудің ортекесі болған қазақтар қазақ үшін қаншалықты қызмет істей қояйын деп ойласа да, жайшылықта қаншалықты жақсы сөйлеп, жақсы әсер қалтырса да, нағыз шешуші кезеңге келгенде бәрібір қазақты сатуға мәжбүр болатын еді. Өзінің желтоқсандағы қылмыстарын мойындаған сол замандағы қазақтың белді мансаптыларының ішінен бірнешеуі ғана болды, бірі Жармахан Тұяқбай болды, ол желтоқсан ескерткішін ашу салтанатында, желтоқсандағы өз істері үшін өкінетінін ашық жариялады. Сол кезде мен солардың қасында жүрдім...

Ал, мұндай батылдық біздің басқа көсемдерімізден шыға қоймады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 01:46:52

Абайша айтқанда қазақтың дін исламға кіре алмай қалған «туыстарының» бірі қалмақтар еді. Соларды орыстар бұл күнде басы бүтін орыстандырып болды. Бұл қалмақтар Каспийдің батыс жағалауына жақын жерге орналасқан. Қалмақия дейтін орысқа бодан республикасы бар. Бір жағынан орыс қыса бергесін бұлар баяғының баяғысында шүршіт билеп тұрған Чиң патшалығына өтініш білдіріп, Қытайға көшкен. Қытайлар бұл тақырып хақында көп кино түсірді. Күн көсем Лениннің бір қаны осы қалмақтардан еді...

Қазіргі Каспий маңындағылар сол заманда көше алмай қалған торғауыттар болатын. Бұл күнде Шыңжаңдағы Байынғолин Мұңғыл автономиялы облысындағы торғауыттар осы Каспий маңындағы торғауыттардың көшіп кеткен туыстары еді. Әрине, ұланғайыр қазақ даласынан өткенше оларды қазақтар сан мәрте қырғындап отырды. Қызын қатын қылды, қатынын отын қылды, еркектерінің құлағын кесіп, маңдайына таңба басып, кесікті құл қылды. Кейбірін өзбек-сарттарға сатып жіберді, ал ең көбін қырып салды...

Тірі қалғандары Байынғолинға әзер жетті. Өте аз санды бір бөлімі Бұраталада, басқа жерлерде шашырай тұрақтап қалды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 02:04:24

Қазақ сықылды өскен жұрт емес еді қалмақ. Жүрегінде иман болмағасын, орыстың азғыруына тез ілесті. Бұл күнде қалмақ деген аты бар, заты жоқ ел болды. Он алты түменге жетер-жетпес жан саны бар қалмақ елі бұл күнде ұлт ретінде өлім аузында жатқан елдердің бірі. Бүгін бар ел, ертең жоқ. Біздің балаларымыз осындай бір елдің болғанын ендігіде тарихи кинолардан ғана көре алатын болмақ. Каспийдің батысында осы қалмақтармен аралас-құралас бес мыңнан аса қазақ жасайды. Тілдерін жоғалтпаған. Бірімен-бірі ғасырлап қырылысқан екі көшпендінің екеуі де жұбына жете шаршап, болдырып титықтағанда баяғыдағы басыбайлы құлдары болған орыстар екеуін де қалпақпен ұрып алған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 02:20:16

Сөз кезегі келгенде қоса кетелік:

Осы қалмақтардың бірі Қаддафимен байланысты еді. Айдаладағы кердаланың шөлінің ар жағындағы Қаддафи мен Атыраудың ар жағындағы қалмақтың қатысы қанша дерсіз ғой. Я, ол жаңағы қалмақтардың президенті Кирсан Илюмжинов еді. Илюмжи дегені біздің ұлымжі дегеніміз ғой. Қаддафиды бірде Қаддафи деп, бірде Каззафи деп жүргеніміздің себебі бар еді. Бұл арабтың тілі де қызық. Арабшадағы «д» дыбысы мен «з» дыбысы аса жақын дыбысталады. З-ның таңбалануы да қызық. Д-ның үстіне бір нүкте қойылады. Сосын дыбыстағанда қазақтың «д» дыбысы мен қазақтың «з» дыбысының ортасынан дыбыстаса керек. Ол бізге кейде «д» болып, кейде «з» болып естілетін болғасын, осындай жаңылыс туады екен. Біздің атақты батырымыз, діндар қажымыз Зуқаның аты да осы арабшадан келген екен, «Зуқа» сөзі «Дуқа» сөзі екен. Демек, «дуқа намазы», яғни, сәске намазы дегендегі Дуқа екен. Зуқамыз Дуқа, Каззафиіміз Қаддафи екен...

Осы Қаддафимен келіссөзге барған адам жаңағы қалмақ қой. Путиннің елшісі! Оның қалмақ екенін Қытайдағы қалмақтар не білді, не білмеді. Арасына бес мыңнан аса шақырым аралық қалдырғасын, Қытайдағы қалмақ пен Ресейдегі қалмақтың туыс болмай кетері шын. Туыс бір жүрсе туыс, бір жүрмесе туыстығы сыртында ғана қалмақ, ішінде болмайды...

Шетте қалған қазақтың да көрер күні осы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 02:37:50

Осы қалмақтарды қырғандардың бірі кіші жүздің ханы Нұралы хан болса, бірі орта жүздің ханы Абылай болған екен. Қырылғаннан аман қалған қалмақтарды басыбайлы құл қылып шашып жіберген екен. Солардың бірін мен кезіктірдім. Кезіктіремін деп ойламаған едім.

Астана қаласының маңындағы жайлауларда, есімде қалуынша, 2007 жылы жазда болған едім. Аты жайлау дегенімен, онда кәдімгі ауылдар тұрақтап тұрады екен. Сарыарқаның қақ төріндегі қазақтың қонағуарлығында шек жоқ еді. Мұндағы рулардың көбісі керейлер. Керей болғанда да ашамайлы керейлер. Осы ашамайлы керейдің ішінде бір отбасы қалмақ жасайды екен. О, ғажап. Қалмақ десең қалмақ! Кәдімгі сары қалмақ! Мұңғылдардың ішінде бір сары мұңғылдар болады. Терілері сары, көздері көкшіл, тіпті шегір болатын. Тура сол сары мұңғылдар сықылды. Бір қызығы, біздің бір танысымыз бар еді, ол да мұңғыл болатын. Ол Қытайда Үрімжіде жасайтын. Ал, Астанадағы жаңағы қалмақ сол танысымызбен құйып қойғандай ұқсас. Қазақша айтқанда, сойып терісін қаптағандай-ақ...

Ал, таңырқамай көр.

Бірақ, қазақ арасындағы бұл қалмақтар өздері қалмақ деген бір ру екен. Баяғының баяғысында қазақтарға сіңісіп кетіпті. Құжаттарында, жеке куәліктерінде, төлқұжаттарында қазақ деп жазылғанымен, қазақтың рулық шежіресінде Қазақтан бөлектеніп, тектерін қалмақ деп ашалап, айырып қойған екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 02:53:28

Қазақ пен қалмақ, қазақ пен мұңғыл, қазақ пен жұңғар қаншама ғасыр өзара қырғын соғыстар салумен болды?! Шындығында, батыр да ержүрек осы көшпенділер айналасындағы отырықшылардың алдауына түскен еді. Бұлар ол заманда ынжық отырықшы елдерден қауіп келеді деп күткен жоқ. Қауіпті өздері сынды батыр, ер жүрек көшпенділерден көрді. Сөйтті де, даланың екі тағысы таласты, екі жолбарыс ұстасты. Екі арыстан шайнасты. Нәтижесінде екеуі де қор болды...

Бұл күндегі орыс қарамағындағы түркі тұқымдылардың да қалы осындай еді. Айлакер орыс түркілердің бірін-біріне айдап салғанды жақсы меңгерген! Араларына сына қағып, бірлесіп кетуінің алдын алып есі шыққан орыстың бар қорқынышы шешендер, татарлар, башқұрттар, қарашай, хакастар, балғарлар, т.б. еді.

Бұл орыс кімнен қорықпайды, бұл орыс кімнен күманданбайды? Ең қысқасы, бар жоғы он алты түмен жан саны бар қалмақтардың өзінен қорқып, олардың Қытайдағы тибеттен ламаларды алдыруына тыйым салды, бұтханаларды салдыруларына кедергілік жасап жүр. Сонымен қатар, қалмақтарды шоқындыру жұмыстарына да ерен күш салуда...

Ал, қалмақ тілін қолданыстан басы бүтін шығарып тастады. Оралманын шақырып қуанған қалмақтардың оралман көші де қаңтарылды. Шеттен келетін қалмағы тоқтаған қалмақтар орыстанудың құла тасқыны алдында қауқарсыз қалды...

Қазақстандағы оралман көшінің тоқтауы да осындай себептен еді. Себебі, Кремльде тығылып отырған шүңірек көз орыс патшасы орыс тілін білмейтін, білгісі де келмейтін қанша қазақтың әр күні Қытайдан Қазақстанға ағылатынын есептеп отыратын еді! Бұл Мәскеушіл сатқындар үшін де аса маңызды еді. Жаман айтпай жақсы жоқ. Қытайдағы қазақтың Қазақстанға оралуына алдағы уақытта Қазақстан тарапынан ресми түрде тосқауыл қойылуы да бек мүмкін...

Ал қазір болса бұл көшке барынша кедергілер жасалынып, қитұрқы заңдар қабылданып, оралмандарды қаңғытатын, Қазақстаннан суындыратын сан алуан механизмдерді күшіне енгізіп, айналысқа салып отыр...

Ал ертең бұл заң жүзінде ресми бекуі мүмкін...

Оралман көші, оралман саясаыі, ресми түрде, заңды түрде тоқтауы мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 02:59:30

Мәскеушілдер Каспий мұнайын орыстың иеленуіне қарсы емес. Орыс үшін ең қауіптісі - қазақтың ұлттық санасының оянуы. Бұл үшін орыстар барын салады. Салып та жатыр. Қазақстандағы ешқашан бітпейтін тіл тартысы, дін көзқарасындағы даулы мәселелердің барлығының артында Мәскеу тұр...

Мәскеу үшін алғанда Қазақстан ең жайлы мемлекет. Айтқанына көнеді, айдағанына жүреді. Сөз тыңдауы жағынан өзге бұратананың барлығынан жақсы, көнбіс...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-26 03:04:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-26 03:05 өзгерткен


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)