Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 12 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Атом қаруы бар деген күмәнмен Ирақты бір айналдырған еді, онан ары бактериялық қарулар бар деп шыр айналдырды. Онан ары химиялық қарулар, биологиялық қарулар деп күллі ғаламды біраз уақыт шулатқан Америка ең соңында Ирақты жаулап алып тыныш тапты! Сөйтсе...

Сөйтсе Ирақта биологиялық қару-жарақ түгілі, химиялық қару-жарақ түгілі нанның ашытқысын өндіретін зауыттың өзі жоқ екен...

Сосын мыңдап қырылған беюаз мұсылмандарға қарап, «ойбу, кешіріңіздер» дей салды...

«Ай ем сорри» деді...

Сонымен, іс бітті...

Америкадан үйренген әдісін орыстар практикадан өткізді. Өте сәтті болды...

Келесі кезектегі құрбандықтың кім екені белгісіз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 02:21:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 02:23 өзгерткен

Орыстың шапқыншылығы бұл ғана еместұғын! Орыстың қанында шапқыншылық бар десем артық айтқан болмаймын. «Мас күйеулер» Мәскеу княздығы болғаннан бастап, айналасына шапқыншылық жасай бастады, сонан тура дәл қазіргі күнімізге дейін бұлар шапқыншылығынан бір тынған жоқ. Ақ патшаның екі миллион долларға алданып, ағылшындарға сатып жіберген Аляскасын бұлардың әліге ұмытпағаны шын. Кәмшәт (Камчатка) бұғазынан ары асудан бұрын, қиыр шығыстағы, Қытайдың шығыс-терістік үш өлкесінің терістігіндегі, бұл күнде Ресейге қарасты «Жыланды», «Күн тимес» деп аталатын жерлерге дейін жаулап алған орыстар ондағы біздің туыстарымызды бір-екі ғасырдың ішінде құртып тынды...

Тып-типыл жойды. Өзі жойылған жұрттың жерге берген атауларының көбі өздерімен қоса жойылды. Бұл жерлердегі аттар бұл күнде аса сирек кездесетін тарихи қариталарда ғана қалды...

Бұл күндегі бұл жердің атаулары орысша...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 02:50:00

Орыс пен Қытайдың арасында атам заманнан жер таласы бар екені баршаға аян. Ашығын айтқанда, орыстардың шүршіт билеп тұрған замандағы Қытай жерін жаулап алуы біздің тарих кітаптарымызда соншалықты анық айтылса да, Қытай компартиясы билікке келген соң Кеңес одағымен болған әскери қақтығыстары хақында біз ресми ақпараттардан тым кеш ұқтық. Бала күнімізде «Советтің әскері келеді екен» деп барлық астықты, барлық орын-көрпені жерге көміп жатқаны хақында аса бұлдыр, аса анық емес елес қана бар. Мұның менің бұлдыр елесім екендігі, әлде үлкендердің сөзі бойынша менің ми жасушаларымда бейнеленіп қалған көріністер екенін мен біле бермеймін.

Бірақ, үлкендердің айтуына қарағанда, сол заманда советтің әскері шабуылдайды екен деп жұрттың ала-шапқын болғаны шын екен. Ауылда күні-түні жиін болып, совет әскері келе қалса, қалай қарсы тұру керек екенін талқылаған сондай бір замандар болған екен...

Біреулер бала-шағасына да қарай алмай, алыстағы атамекендеріне тайып тұрыпты деп те еститінбіз...

Құдай сақтасын, соғыс болмасын деп тілейік. Соғыс - саясатшылардың жалған шахмат ойыны. Ал, қара халық шын қырылады. Саясатшылар үшін соғыстың мәні жеңу мен жеңілуде. Қара халық үшін тірі қалу мен өлім!

Біз бұл арада Қытай мен Кеңес Одағы арасындағы соғыстар хақында көп тоқталмаймыз. Қызыл тудың астында ер жеткен пионер сезімді оқырмандарымыз бен партия үшін, отан үшін жан беруге дайын комсомоль жолдастардың бар екенін көп сезіп келемін. Арасында партияға адал, жанымен, тәнімен берілген нағыз коммунистер де аз емес көрінеді. Сондықтан бұл арада осы қақтығыстарға қатысты ақпараттарды Қытайдың үкіметі пен партиясы жол беріп отырған ғаламтор әлемінен қалай тауып оқуға болатыны хақында сілтеме берумен ғана шектелеміз...

Мұның алғашқысын қытайша байду немесе гугл іздеуіштерінен 珍宝岛事件 деп іздеңіздер.

Бұл қиыр шығыста болған оқиға еді. 1969 жылы Уссури өзенінде үшбу «асыл аралға» Жын Бау аралына талас басталады. Бұл шайқаста қытайлар жеңіске жетеді. Әрине бұл қытай жағының көзқарасы. Бірақ, осы соғыста есесін жіберіп алған орыстар тура осы жылы Қытайға қайтадан тиіседі. Тиіскенде де қарулы қақтығыс болады. Шәуешек пен Бұраталаның шекараласқан жері, атақты Алатау боранының ауызы Теректі деген жерде, орыстың әскері қытайдың 68 әскерін қырып салады. Бұл жолғы соғыста қытай әскерінен тірі қалған адам болмаған екен. Ішінде тілшілер мен суретшілер де болған деседі. Кеңес әскерінің қолына түскен олжа материялдардың ішінде «Мау Зы Дұң шығармаларының» да мол болғандығы туралы мәлімет бар. Ол заман атақты «мәдениет зор төңкерісінің» жаңадан басталған кезі ғой...

«Үзінді» жаттап үзіліп жүрген заман. Қытайдың қыршынынан қиылған боздақтары хақында білгіңіз келсе, байду немесе гугл іздеуіштерінен 铁列克堤

деп немесе 铁列克提 деп іздеңіздер...

Бұл күнде бұл құрбандардың қабірлері, ескерткіштері Шәуешек жерінде бар дейді...

Шәуешектен осы сайтқа шығатын оқырмандар болса, анық-қанығын айта жатар..

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 03:18:12

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 03:19 өзгерткен

Орысша білетіндер мұны гуглден немесе орыстың басқа іздеуіштерінен (майл.ру Қытайда ашылмайды дейді...) даманский деп іздесін. Бұл жаңағы қытайлар Жын Бау Дау немесе Жын Бау аралы деп атаған аралдың орысша аталуы. Ал, онан басқа жаңағы біз «Теректі» деп атаған оқиға туралы Жалаңашкөл деп іздегендері жөн. Яғни, «Жалаңаш өл» деген кілт сөз арқылы іздейсіз. Әрине, мұнда айтылғандары орыстың көзқарасы. Орыстар ешқашан шынайы тарих жазбайды. Онысы бәрімізге түсінікті. Қазақстанның шекара аймағында жасайтын қазақтар, әсіресе, Шәуешек, Бұраталамен шекаралас жасайтын Үшарал, Мақаншы, Үржар, Қарабұлақ, Жарбұлақ, Жайпақ, т.б. қатарлы жердегі көнекөз қарялардың айтқан әңгімелері де басқашалау. Тегі орыс шын айта ма, әлде қытай шын айта ма, әлде орыс пен қытайдың ортасындағы қазақ шын айта ма, оны өрелі оқырманның өз таңдауына қалдырдық...

Қазақша Жалаңашкөл деп іздеп көрерсіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 04:29:03

Айдаладағы Гүржстан жеріндегі жарты түркі, жарты парсы өсетиндердің қазақпен не қатысы бар екен деп ойламаңыз...

Өсетяның тағдыры қазақтың тағдыры еді. Кем дегенде, өсетяның тағдырының қалай шешілуі қазақтың мемлекеттік қауіпсіздігі мен мемлекеттің негізгі қаржылық-қаражаттық көзі болып отырған мұнайдың ғаламдық нарыққа шығуы мәселесімен төте қатысты еді. Орыстың Грузияға басып кіруі де осы мұнаймен қатысты еді. Бір ауыз сөз, орыстар өзімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өсетяға діндес болғаны үшін ғана көмектескелі келген жоқ немесе бодандағы бейшараларды азат еткелі келген жоқ. Ресей ақпаратындағы осы тектес былжырақтардың барлығы қып-қызыл өтірік. Иә, бұл мәселенің бір жақ шетінде мұхиттің ар жағындағы Американың қолы жатыр еді...

Мұнайға деген сұраныс - Америка үшін басты мәселенің бірі. Бірақ, Американың өзінің мұнай запасы бар. Онысын ашқан жоқ. Ертеңіне сақтап қойды. Ал, арабтан тонап алған мұнайын жер астындағы сақтауыштарына сақтағалы да жарты ғасыр болды. Осы сақтауыштарындағы Америка мұнайының өзі жер шарындағы ең соңғы бір тамшы мұнай сорылып алынған соң да Американы жарты ғасыр асырай алады деген болжал бар. Ал, өсетяда Американың «әкесінің басы» бар ма дейсіз ғой. Бар болғанда қандай! Орыстың мұнай арқылы қоңданып келе жатуы - Американың ұйқысын қашыратын еді. Орысың мұнайы арқылы қоңданғанымен қоймай, газы арқылы Еуропаны қыспаққа ала бастаған болатын. Себебі, Еуропа орыс мұнайы мен газына тәуелді еді. Алыстағы Америка Еуропадағы жақтастарын орысқа, орыс көмір-сутегіне деген тәуелділіктен құтқара алмас еді. Ал, Американың жан серігі, жақын одақтасы болған Түркия арқылы Грузия жерін басып, сонан Каспий теңізіне төте жалғасатын мұнай құбыры - Американың арманы болатын. Егер, бұл мұнай құбыры тұтаса қалса, орта Азияның, Қазақстанның, Каспийдің мұнайы ашық теңізге төте шығатын еді де, орыс жері арқылы тасымалдану немесе соның кесірінен орыстың қас-қабағына қарау сынды ырықсыз жағдайдан құтқаратын еді...

Ал бұл орыстың жеп отырған нанын тартып алғанмен парапар еді. Оған көнетін орыс болсын ба? Әңгіменің өзегі де осыдан бастау алар еді. Сондықтан,орыс енді өзінен барған сайын қожырап, Американың құшағына құлап бара жатқан, баяғыдағы советтік бауыры, бүгінгі Грузияның жанды жерінен қол салуы керек болатын. Жанды жер-үнемі осындай ұлтаралық қақтығыс болатын жерлер...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 04:48:02

Алла тағала қазаққа мұнайды, газды аямай-ақ берген! Алланың нығыметіне сансыз шүкірліктер болсын!

Жер бетіндегі ең үлкен ішкі құрлықтық ел саналатын Қазақстан өз мұнайын ашық теңізге шығарып сата алмайтын еді. Себебі, ашық теңізге тірелетін қазақтың жері жоқ еді. Қазіргі жағдайдан алып қарағанда, қазақ мұнайының бірден-бір аларманы - Қытай. Қазақ мұнайын Қытайға сатқаны үшін кей жалаң ойлы тар өрісті ұлтшылдар қазақ билігін сынайды. Бұл - сауатсыздық еді. Себебі, қазақтың мұнайына Қытайдан басқа аларман жоқ еді. Айналасындағы елдердің ішінде мұнайға сұранысы мол жалғыз ел - Қытай болатын. Ал, Еуропа- қазақ үшін қол жетпес арман болатын. Қазақ пен Еуропаның ортасында Ресей жатыр. Ресейдің ұлтшылдарының соңғы кездегі қозғалыстарына қарағанда, олар Қытай мен көмір-сутек жағындағы істестік хақында қазақтардан артта қалып қалғандарын өздерінің өкініштері ретінде санайтын көрінеді. Қиыр шығыстағы сахалинмен Қытайдың істестігі қалай болары алдағы күнде белгілі болады. Ал, Қытайды Ресей өз тарапына тарта жатса, қазақтың мұнай кірісі де азая түспек...

Қытай мен қазақтың байланысы Ресей бодандығынан жаңа ғана шыққан қазаққа пайдалы еді. Себебі, осы арқылы Ресеймен аралық сақтап тұруға болар еді. Әрине, бұл аралық - одақ ішіндегі аралық болатын. Бірақ, кеден одағы-Қазақстанды Қытайдан алыстатып кетті. Қытайға жақындай бастаған Қазақстанды Ресей өз құшағына қайтадан алды. Бұл күнде қазақ - орыс кеден одағында. Кеден одағының қазаққа берері бұрынғы саяси бодандықтың үстіне қаржылық бодандықты жамау ғана еді...

Грузин сабағынан кейін пост кеңестік кеңістікте Ресейге қарсы шығу мүмкін емес еді. Әліне қарамай арыстанмен алысып көрген Украиннің не болғаны белгілі. Қатын орманы қырғынындағы 20 мың сарбазының сырлы өлімін жоқтаған Польшаның барлық игі-жақсылары бір күнде сырлы жағдайда ұшақ апатына ұшырады...

Беларусь ары-бері қиқақтаған еді, сабасына түсірді...

Ал, қалың елім, қазағым, қайда бармақ?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 05:11:10

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 05:12 өзгерткен

Жә, құрметті оқырман, қазір Алматыда таңғы сағат үштен асыпты...

Рұхсат болса, аз уақытқа жантайып, мызғып алайын.

Адамның басы Алланың добы ғой. Ертеңгі тағдырымыздың қалай екенін біле алмағанымыз сықылды ұлтымыздың да маңдайына қандай тағдыр жазулы тұрғанын біле алмас ек. Ғайыптың барлығы бір Аллаға ғана аян.

Алла тағала барша қазақ баласына екі дүниенің нығыметін жазғай. Бұл дүниеде де, о дүниеде де Алланың нұрына, нығыметіне, шапағатына, рақымына бөленген құлдардан болуды несіп етсін! Алла тағала біздің біліп-білмей істеген күнәларымызды кешіре көрсін! Жүректерімізді иман нұрымен толтырғай! Алла тағала бізге ілім-білім бергей. Ақиқаттың сара жолын нұсқағай! Адасқандардың, қарғысқа ұшырағандардың жолынан сақтағай! Ұлтымызды, халқымызды берекелі, ынтымақты еткей! Арманда кеткен ата-бабаларымызды шапағатына бөлегей! Әумин!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 14:42:58

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 14:44 өзгерткен

Бұл күнде, біздің орыс тілді қазақтарымыз, Каспий деп атайтын теңіздің қазақша түп аты «хас би» болатын. Қазақта «хас би» немесе «қас би» деп аталатын. Қас биді Каспий деп атау қазақты орыс атауы бойынша казах деп атағанмен бірдей еді. Біздің мемлекет атымыз да ағылшыншаға осы орыс дыбыстауы бойынша кетті. KAZAKHSTAN деудің ар жағында орыстың казахстаны тұр ғой. Дұрысы QAZAQSTAN еді. Тым құрығанда KAZAKSTAN болуы керек еді. Арабтар да бір мезет бізді арабша «Казахстан» деп жазып жүріп, соңында Қазақстан деп жазатын болды. Арабтардың тілі қ-ға келеді ғой, Мысырдың арабынан басқасынікі. Біздің мемлекеттік ғаламтор белгіміз де KZ болмауы керек еді, бірақ Қытайдың өзі жүңго деп ZG демей, CHINA дегендегі «си ен» таңбасын алғанына қарап, бұнысына да мейлі дер едік, бірақ немістердің ұстанғаны өз атаулары бойынша...

Жә, бұл қайдағы Каспий дейсіз ғой...

Сөзімізді тыңдаңыз...

Қазақта «қас батыр» деген сөз бар. «Қас сұлу» деген сөз бар. «Қас батыры» ағылшындардың супер херео дегені. Қытайлар мұны чаужи иыңшиұң деп алды. Орыстар супер герой деп алды. Ағылшынның «х» дыбысына тілі келіп тұрса да, «г» деп алатын қырсықты орыстың мұнысы да ақылдың ісі еді. Мойындайсың. Қазақ мұндай ерен батырын қас батыр деп атайды, бұл баяғыдан бар сөз. Қазақтың күллі адамзат баласы алдында мақтана алатын бір байлығы - оның телегей теңіз батырлық жырлары еді. Батырлардың ішіндегі ең мықтысын қазақтар қас батыр деп атады...

Алматы маңында Қаскелең деген аудан бар. Қалаға тиңп тұр. Бұл қазақтың қазіргі күн биі Нұрсұлтан Назарбайдың туған жері. Қаскелең сөзі хас сөзі мен келең сөзінен біріккен. Келең дегені қалмақтың, жұңғардың діни адамы. Бұддист монахы. Ауыл қазағының тілімен айтсақ, кәпірдің молдасы. Қас келең өзі батыр, өзі келең болған қазақтың дұспаны ғой, қазақтың қас батырынан жеңіліп қаза тапқан. Соның атына қойылған. Қазақ жеңісінің ескерткіші сынды.

Қазақ ерекше сұлуды «қас сұлу» дейді. Қас сұлудың өзі деп жатады. Қазіргі ағылшындардың супер биеути дегені осы. Әрине, қазақтың сұлуы ағылшын сұлуларынша жалаңаштанбасы шын. Қытайлар мұны чаужи мыи нүй деп алды. Ұйғырлардың осы супер сөзін «дарыжыдын ташқыры» деп алуы да осы қытайшаның төте аудармасы. Қазақтар мұны «ерен» сөзімен аударып алды, бір қызығы, Дубайда, Араб Бірлескен Әмірліктерінің басқа жерлерінде Шарджада болған кездерімде арабтардың сөзіндегі зор мөлшердегі ағылшын сөзі бар екенін байқаған едім, оларың біз құсап аударып жүрмей, төте супер мәркіт деп алып жүр. Еренбазар деген қазақтың тың сөзін арабтар таба алмаса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 14:49:15

«Би» сөзі қазақтың төл сөзі. Біздің «билік» сөзіміздің түп тамыры. Билердің әр алуан дәрежесі болған. Ол дәрежелердің заманына сай атаулары да болған. Бір замандарда ең жоғарғы биді «төбе би» деп атаған болсақ керек. Себебі, «төбе би» атауын бір ғасыр бұрынға дейін қолданып келгеніміз шын. Қазақтың жұңғарларды тып-типыл жойып жіберген заманындағы үш жүздің ұлы билері-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 14:56:37

Бір замандарда қазақтың өз ханын, өз патшасын «күн би» атағаны тарихтан бізге белгілі. Ол заманда билік жүйесінің ең жоғарғы шегі осы күн би болса керек. Біреулердің ойынша, ол заманда қазақтар күнге табынған дейді. Сондықтан, ең жоғарғы билікті, патшаны «күн би» атаған дейді.

Ол туралы анық дәлеліміз болмағандықтан, арнайы зерттемегеніміз себепті, біз бұл арада ол замандағы қазақтың нанымы хақында сөз айта алмаймыз. Күнәдан Алла сақтасын. Бірақ, қалай болмасын, күннің биікте екені, баршаға сәуле шашып тұратыны түсінікті. Бәрінен жарық екені де түсінікті. Тірліктің, өмірдің көзі болғаны да түсінікті. Сол үшін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды «күн би» атау да лайықты болса керек. Ал, осындай бір билердің ішінен ерен шешен, ерекше әділетті, ерекше ақылды билік жүргізетін біреуі болсын делік. Жаңағы Қаскелең дегендегі өзі дін адамы, өзі келең әрі батырды Қаскелең деп атаған сынды, осы батыр биді, ақылды биді біздің «қас би» атауымыз түсінікті жайт еді. Каспий сөзі Каспий маңындағы еш ел атауында мағына бермейді. Жалғыз қазақ тілінде ғана мағыналы сөз...

Бұл қазақтың байырғы көлі. Бірі теңіз деп, бірі көл деп таласатын осы Каспийдің қазақ және әзербайжан жағы мұнайға ерекше бай да, Иран және орыс жағында мардымды дым да жоқ екені қызық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 15:58:46

Қазақтың күн биін қытайлар төте аударып Тайяң хан деп алған болса керек. Тайяң дегені күн ғой. Біздің Таян хан атауымыздың арғы жағы осы болуы да бек мүмкін. Мүмкін, қазақтарға бағынған қытайланған қидандардың атауы шығар, кім білсін. Қазақ пен қытайдың арғы жағын қаза берсең, қима-шату. қытай болып кеткен қаншама қазақтар болды. қҚзақ болып кеткен қаншама қытай болды. Бұл ғаламда ешқандай таза жұрт жоқ. Менің ішімде сен барың, сенің ішіңде мен бармын. Бір ғана Шижұн ханшадан туған қытайдың жиендері қытай үшін өліп-өшіп еңбек еткен адамдар болғаны шын. Көшпенді үйсіндердің тұрмысына көндіге алмай, өмір бойы қытайша тұрмысты аңсап өткен Шижұн ханшаның қасіретті тағдырлары оның керуендерден, жансыздардан Қытай ханына жасырын жіберіп отырған зарлы толғауларынан белгілі еді. Қидандардың қашқан бір бөлігі осы күнгі Тараз-Жамбылға қоныстанғаны шын. Араб пен Қытайдың таласы болған байырғы Талас қаласы бүгінде қазақтікі. Осы жолғы қара қытайлардың қазақ жеріне жасаған жойқын шабуылы қазақ ханының арабтарды көмекке шақыруы арқылы быт-шыт болған. Әрине, кеше ғана тарих сахнасына шыққан жабайы орыстар арабтардан алған там-тұм материялдарды өздерінше өзгертіп, бір-екі ғасыр бұрын ғана сонау атам заманғы қытай, қазақ, араб арасындағы шайқастарда арабтарды жамандай жазуға бейім. Араб пен қазақ өркениетті ел болып, адам құсап үй салғанда жазу жазып, қала салғанда орыстардың орманда жүрген жабайы екендігін, өз қарындасын өздері жасайтын хайуанилықтан арылмаған ел екенін, бір ормандағы бір қора еркек бір қатын алатынын, онысын осы күні кешеге дейін жалғастырған жарты маймыл-жарты адамдар екенін (даривншілдердің ата-бабаларының маймыл болғаны шын шығар, бәлкім, бірақ, біздің ата-бабамыз адам болған) ұмыта қалған бүгінгі орысшылдар, орыстың өздері, қара орыстар тарихқа осы жалған орыс көзқарасымен қарағысы келеді.

Жаңағы Тараз-Жамбылдың Талас өзені бойына қоныстанған қидандар бұл күнде қазақ болып кетті. Қара қытай десе дегендей, түрлері қап-қара, сақал-мұрты аздау, жылтыр қара әрі қысық көз тараздықтарды көрсем, осы қидандар көз алдыма елестейді...

Я, біз білмейміз, ілімнің иесі Алла ғана. Алланың білдіргенін ғана білеміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 16:14:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 16:15 өзгерткен

Каспийдің иесі қазақ еді. Каспийдің қай жағына барсаң да қазақ жасайды. Мұндағы қазақтар сушыл. Балықтың етін қойдың етінен артық көреді. Ең шығыстағы қазақтың бірі құдаласып ең батыстағы қазаққа барады ғой, құдалыққа. Сөйтсе, құдасы Каспийдің қойдай нән балығын асыпты. Астына кеспесін салып, алдына бір шынысы мыңдаған доллар тұратын Каспийдің икрасын қойып құдасын күткен екен дейді.

Каспийдің балығының түрі мол. Қойдай балық мұнда кішкене балыққа жатады. Бұзаудай балықтарды, кісі бойындай нән балықтарды қазақтар соғымға сойып алады екен. Ал, Каспий жағалаған Қытайдың кәсіпкелерлерінің сілекейлерін шұбыртатын да осы балықтар. Өлгелі жатып, ақтық демі шыққалы жатып ішкен-жегенін айтып кететін қытайлардың Каспий балығы десе ішкен асын жерге қоятыны сонан...

Сөйтсе, жаңағы шығыстық қазақ батыстық қазақтың қой соймағанына бола өкпелепті. Ел арасында мұндай әңгіме өте көп. Оңтүстікке ұзатылған Каспийдің қазағының қызы «қойдың сасық етінен» жиіркеніп, ата-анасынан алыстан балық алдыратыны да күлдіргілерде айтылып жүретіні сонан. «Ел елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген осы. Бұл Каспийдің Ресей жағында да қазақтар жасайды, бұл Каспийдің әзербайжан жағында да қазақтар жасайды. Бұл Каспийдің Иран жақ жағалауында да қазақтар бар...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)