Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 11 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қазақ тілі дәл қазірдің өзінде тағдырдың талқысында тұр. Қалың орыс тілді дүбара жиналып алып қазақ тілін талқыға салды. Оны күнделікті ақпараттардан көріп, оқып отырған боларсыздар деймін. Мұндайда кімнің екі жүзді, кімнің сатқын, кімнің кім екені анық айырылар еді...

Ал, Мәскеуде алыстан меңгеріп қазақтарға қарап қарқ-қарқ күліп Путин отыр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 19:55:31

Путинді менің еврей таныстарым еврей деп сыбырлайды маған. Онысына мен сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Сенбейін десем, бұл неме де Ленин сияқты аласа бойлы. Аласа болғанда да ерекше аласа. Орыстарда, әсіресе, терістік жақтың орыстарында ондай аласа орыс аз кездеседі. Менің сенбегенімді көргесін, жаңағы еврейім арнайы түрде бір сырлы кескін табағын алып келіп көрсетті. Әлдебіреулердің қолфонымен түсіргені дейді. Кім білсін, мишық өнері дамыған мына заманда, әлдебір қаққырдың мишықпен жасай салғаны да шығар. Ол жағына мен бірдеме айта алмаймын. Жаңағы кескінде көрсетуінше, Путин мырза Израильге құпия барған. Ондағы еврейлердің атақты «қасірет қабырғасына» (哭墙) маңдайын сүйеп еңіреп тұр...

Үшбу жолдаманың 124-беті 1860-қабатында Кескінтегін ағамыз мынадай сұрақ қойған екен:

«Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату! Не сөз? Қазақша айтса: құдай атып, жер жұта ма?!» -деп.

Жә, бұл сұрақты жаңа ғана көріппін, кешіктірген болсам да, ештен кеш жақсы деп жауап беруге өз тарапымыздан қадарымызша тырысып көрерміз. Біліміміз шекті, білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз пендеміз, кем-кетігі болса, осындағы білімді азаматтар толықтай жатар.

Иә, сұрақты да білген адам қояды, білмеген адам несін қояды. Білімді адам ғана білмейтінінің көп екенін біледі, Ал, білімсіз барлығын біліп тұрған құсап сезеді өзін. «Өзім туралы» сынды ойлы да толғамды шығармаларымен торап оқырмандарының алғысын алған Кескінтегін ағамыз да осы тораптағы білімді, сыйлы ағаларымыздың бірі. Қазақ басындағы қасыретті замандардың бір шындығын шырылдатып жазып жүрген ағамыздың деніне амандық, қаламына қарым тілей отырып, сәлем туралы ой бөліселік:

Сәлем сөзі арабтың сөзі екені бесенеден белгілі. Біз оны «сәлеметсіз бе, сәлем, сәлем бердік...» деп түрлендіріп алғанбыз. Біз дегенім Кеңес кезіндегі қызыл саясаттың қызыл қырғынынан шыққан үлкен шаңырақтағы қазақтар ғой. Бұл қазақтарды да кінәлай алмаймыз. Кеңес заманы сондай бір заман болды. «Ассалаумағалайкум» деп сәлем берудің өзі қылмыс саналған заман болды, оның салқыны осы бүгінге дейін келе жатыр. Қытайдан келген оралман студент Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып жүреді ғой, өзі сыйлап жүретін, өздеріне Кеңес Одағының «ақидасы», философия пәнінен сабақ беретін бір ұстазына «ассалаумағалайкум» деп сәлем берсе, ол ақсақал қатты ренжіп кеткен екен дейді.

-Сен немене ауылда жүрмін дейсің бе?! Бұл деген ғылым ордасы, ұят емес пе, ассалауың не созбақтап тұрған?! - деп жерден алып, жерге салып, зіркілдеген екен дейді...

Міне, гәп қайда жатыр. «Ұят емес пе?» - дегені кафедрадағы орыстардан ұялғаны екен. Сонан «сәлеметсіз бе» деп сәлемдесудің дұрыстығын дәлелдеп бір сағат лекция берген екен жаңағы ақсақалымыз. Қазақтың «сәлеметсіз бесінің» арабтың «әссаласынан» шыққанын білмеген ғой. Кеңестің қыспағы нәтижесінде біздің қарашаңырақтағы қазақтарымыз ерікті-еріксіз халде, ассалаумағалайкумге қош айтты. Орыстар өзіміздің ассалаумағалайкумымызды өзімізге сүйкімсіз қылып көрсетті. Киноларында, театрларында, шығармаларында әлдебір сүйкімсіз, жағымсыз образдарға «ассалаумағалайкумды» айтқызу арқылы жұртты мұнан қашыра түсуге тырысты. Кеңес кезіндегі шығармаларда, киноларда, спектакльдерде, театрларда мұсылманша киінгендер, діншілдер, дәстүршілдер шеттерінен кербақпа, керенау, кертартпа, жағымсыз, үрі-екібеткей, жауыз, сүйкімсіз, нәпсіқұмар болып суреттелді, солай бейнеленді, керісінен айтқанда, кертартпа, адамдықтан шыққан, ұятсыз, екібеткей образдарды көбінде мұсылман немесе мұсылманша киінген немесе діншіл адам қылып суреттеу кешірілмес шөре болды. Осы салқын бізге де барды. Қысқасы, біз сыйлап жүрген, қазаққа біраз романдар мен кітаптар қалдырып, бізде сыйлы атағы бар бір ағамыздың «төрт түлік мал емес, бес түлік мал» деп атауды ұсынып, мақала жазып, шошқаның өзін бесінші түлік деп атап, қазақтың сөзіне реформа жасап, қазақылығымызға қасқайып қарсы шапты. Бұл ол заманда ердің ері, еркектің еркегі, білімдінің білімдісі ғана істейтін ерен ерлік, шексіз батырлық саналған еді...

Мұны қойшы, мектептегі бүлдіршіндер дайындайтын сахналық шығармалардың өзінде жаңағыдай жағымсыз кейіпкерлердің киетін киімі шартсыз түрде қазақтың ұлттық шекпені, оқалы тоны болған екен! Демек, қазақша киінудің өзі керенаулық. Еврей билеген түріктің киноларында жағымсыз образдағы адамдарды, әсіресе, ұры-қары, банды-тонаушыларды тасбиқ тартқызып қояды, аузынан Алласын тастамайтын қылып көрсетеді. Міне, бұл Мұстафа Кемал Ататүріктің мұрагерлерінің қылығы. Құдай-ау, Голлюдтің (好莱坞) немесе батыстың қай киносынан поптарды жағымсыз көрсеткен кино көрген едің?! Міне, шындық қайда жатыр. Молдаларды сүйкімсіз көрсеткен Кеңес Одағы орыстың поптарына мұншалық қатал тиіскен жоқ...

Мақсаты не екені белгілі.

Қытайдағы ұйғырлардың телеарналарын көріп отырсам, әрқандай бағдарламаларында, әуелі Қытайдың мемлекеттің ақпаратын аударып беретін аударма хабарларының өзінде, ұйғыр жүргізушілері «ассалаумағалайкум» деп көрермендерге сәлем жолдайды екен. Әйелі де, еркегі де. Солардың ассалауына «қой» деген қытай болды ма? Ал, солармен бір мекемедегі қазақтар «сәлеметсіздер ме» деп сызылған да қалған. Қазақтың бағдарлама жүргізушісі «ассалаумағалайкум» десе, тісі түсіп қала ма екен, әлде Ху ақсақал ренжи ме екен?! Қытайласудың құла тасқынынан осы дініміз ғана құтқармаса, өзгең құтқара алмайды. Салт-сана дегенің де осы дін болғанда ғана салт-сана. Діннен шеттесе, ол да әдірә қалмақ. Біреулердің ойынша қазақы киінсек, қазақша киіз үйде кино түсірсек, қазақы ән айтсақ, алтыбақан тепсек, сол бізді құтқарады екен. Жә, кие бар қазақшаңды. Қарсылығымыз жоқ. Бірақ, қара, киімі қазақтан кем соқпайтын, салты мен санасы қазақтан кем соқпайтын, бірақ, діні шаман, будда мәнжулер мен мұңғылдар не болды?! Қытайды билеп тұрып өз құлдарының ішіне сіңіп кетті ғой солар! Оларға қарағанда, өмірі бодандықтан көз ашпаған дүңгендер қалай тұр?! Мың бес жүз жылдан бері дүңген болып тұр...

Ал, жаңағылар арысы бес жүз жылда құрып бітті...

Ашығын айтқанда, мәнжулер осы бір ғасырдың алдында да мәнжу-шүршіт еді, солар жоғалды ғой...

Ұйғырға, дүңгенге, тибетке, мұңғылға, жуаңзуға - барлығына бас-басына автономия берген шүлен Қытай мәнжулерге неге бір ауданды да қимай отыр автономияға! Ұлттық кек! Басқа дым да емес. Оған қос, 1949 жылдан бұрынғы Манжурия мемлекетін. Қытай сонан қорқады, «шүршіт бөлшектеушілері» бұл күнде Жапонияда. Сонда өздерінің ұйымдары, құрылымдары бар...

Біз де сол шүршіт-мұңғыл туыстарымыз құсап қалмайық десек, исламнан қашпайық...

Иә, біз қазақпыз. Қазақ болып тұрып мұсылман боламыз. Өзге мұсылмандар біздің ұлттық асымызды харам білсе де, жылқы етін жеп, қазы-қартамызды шайнап отырып мұсылман боламыз, қымызымызға қыза отырып мұсылман боламыз. Болмаса, сол Меккенің өзінде қазы-қартаны асап отырған қазақтарды көріп, өзге мұсылмандар шошынып кеткен. Қажы таныстарымыз айтады. Шоши берсін, дініміз оған рұхсат берген. Қымыз туралы Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабында Түркия бас мүфтиінің берген пәтуасы айтылған. Демек, қымыз да халал. Ислам - қазақылыққа қайшы емес, қазақылығымызды исламнан бөле-жара алмайсың. Біздің қазақ болып қалыптасуымыздың өзі исламмен мидай араласып кеткен. Қазақтың қай салт-санасын алсаң, ар жағынан ислам көрінеді. Қазақтығымызды жалаң ұлтшылдық арқылы немесе Әуезхан Қодар сынды жәріместердің «тәңіршілдігі» немесе бақсылығы арқылы ұстап тұрамыз деген бос далбасалық. Ол - жын-ойнақ. Исламға кірмеген «қазақтың туыстары» хақында Абай атамыздың не айтқанын айттық, мұнда қайталап отырмаймыз... Сол Абай атамыз айтқан тәңіршілдер ең алдымен орыстанып кетті. Көбінің тұқымы тұздай құрыды. Себебі, исламнан айырылдың деген сөз - иммунинетіңнен айырылдың деген сөз. Денеңдегі ауруға қарсы, ауру қоздырғыштарға қарсы қуатыңнан айырылғаның - өлгенің! Айдис (спид, житс) ауруының ем қонбай тұрғаны да сонан. Ол барлық иммунинентті құртып жіберетін ауру...

Ислам - біздің иммунинентіміз. Ислам - біздің антивирусымыз. Ислам -біздің қалқанымыз, қорғанымыз. Ислам болмаса, біз құримыз. Қалмақ, мұңғыл, шүршіт, чукча, якут, алтай, хакас, тұңғыс, евенки құсап құрып кетеміз. Осылардың барлығы Абайдың сөзімен айтқанда, «қазақтың исламға енбей қалған туыстары» еді. Америкадағы алыстағы туыстарымыз «Америка үндістері» - маялар, әстектер де солай...

Жә, енді сәлем әдебі туралы айтайық.

Ғаламторлардан «сәлем» немесе «сәлем әдебі» немесе «сәлем беру» деп іздесеңіз, көп жауап шығады. Көнеше жазудағы «нұрислам» торынан да көп мағлұмат ала аласыз. Немесе www.google.kz арқылы «сәлем беру» сөзі бойынша шыққан мына жалғамаларды көріп шығыңыздар:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-24 22:42:52

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі жамағат!

Күні бойы Алматыда шапқылап жүрдім...

Шаршап, терлеп-тепшіп келдік орнымызға. Келсек, әрине, күлтегінге келеміз ғой, күлтегінде Ерқағанның жолдамасы тұр екен:

Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid=20526

Жолдаманың атын да керемет қойған:

«Осы «жігітті» қаншалық түсінесіздер?!» - деп. Сосын есіме шығармам түсіп, ғаламторда «қаламымызды» қолға алдық...

Рұхсат болса, енді шығармамызды жалғастырайық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-24 23:14:15

Күні кеше ғана қазақтың кешесі кем дегенде 3 жыл, яғни 2008 жылы жаз соңында Ресейдің қарулы күштері тұтқиылдан дербес мемлекет, бірлескен мемлекеттер ұйымының мүше мемлекеті Грузияға әскери шабуыл жасады. Ол кезде Қытайдың Пекин олимпиядасын өткізіп жатқан кезі болатын. Сол себепті де Қытай ақпаратында бұл қанды оқиға, бұл шапқыншылық соғыс елеусіз болып қалды. Ақпараты компартия жағынан біртұтас басқарылатын Қытайда Қытайдың атам заманнан аңсап, армандап, 1993 жылдың күзінде Самаранчидің жан басуы арқасында ғана әзер қол жеткізген олипиядасын хабарламай, басқаны хабарлауы мүмкін емес еді. Тура осы күні ғаламдық үшінші соғыс басталып кетсе де, Қытай ақпараты үшін олимпияда ғана ең маңызды түйін болған беті қалар еді. Мұны да түсінуге болады. Өзім дегенде өгіз қара күшім бар деген Қытайды кінәлай алмаймыз. Тағы бір жағынан алғанда сол күні Путин Пекиндегі «құс ұясында» отырды. Шүңгіл көзі шүңірейіп, қанын ішіне тартып, сазарып отырған бетінде олимпияданы тамашалауға келген мың сан адаммен бірге болды. Ал, Ресейдің әскері бейбіт, дербес бір елге өзінің атам заманнан бергі жуан жұдырықтығын, өктемдігін, озбырлығын көрсетті. Бір жақта адамзаттың ғаламдық бейбітшілігінің белгісі - арыс өтіп жатты. Олимпияданы қазақша арыс дей тұралық та. «Үш жүздің» басын қосып, «алты арысты» алыстан шақырып, торқалы той жасап, сауын айтқан Қытайдың қонағуарлығында гәп жоқ еді. Компартия бұған мықтап дайындалған. Әрине, ол дайындығы Қытайды түсінбейтін немесе түсінгісі келмейтін біраз жұртты мойындатты да. Осы кезде әлдебір сылтау іздеп, көптен дайындалған орыс өз сөзіне көнгісі келмей жүрген алақандай әлсіз ел грузиндерді «айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізді...»

Қытай мен орыс одақ. Бұл баяғыдан белгілі. Одақтасының тойында ойран-асыр салып, «топалаңда той жасаған» орыстарды қытайлар түсіністікпен қабылдады. Оған бола Пекин олимпиядасының алауына көлеңке түскен жоқ...

Әсіресе, шығысқа кеңіп, ол кеңуін орыстың қақ шекарасына дейін әкелген натоға қарсы Ресейдің ең мықтап берген сигналы да осы болды. Қазақша айтқанда, «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» болды...

Қытайша айтқанда «тауықты сойып маймылға көрсеткендей-ақ» болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-24 23:25:48

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-24 23:32 өзгерткен

Грузиндер мықтап тұрып алданды. Алыстағы Америка грузинге ең қажетті кезінде қанатты ракета, қару-жарақ бере алмады. Көмегі де көрінбеді. Әскери кемесіне киім-кешек тиеп келген ағылшындарды көріп, Америкашыл грузин басшысы аәлстугын тістелеумен болды. Осетиясынан айырылған грузин орыстың кім екенін сонда ғана білді. Бірақ кеш еді. Өкінгенімен орнына келмеді. Күштінің арты тиірмен тартады деген осы болды...

Мұндайда «ислам төңкерісі» деп жарғақ құлағы жастыққа тимейтін Иран ата жауы Американың дұспанымен дос болды. Мұсылман бола тұрса да, шешенді қолдамаған Иранның ел мүддесінде нені көздейтіні баяғыдан белгілі еді. Демек, әркім өз басын күйттейді. «Мәңгілік дос жоқ, мәңгілік жау жоқ. Мәңгілік мүдде ғана бар» деген еврей ақиқаты осындайда көрінді. Күллі ғалам қайтадан қырғи қабақ соғысы жағдайына ене қалған сол бір сәтте қытайлардың асып-тасып олимпияда өткізіп жатуының өзі батыс жұртшылығына басқаша бір ескерту болды. Одақтастардың бірі қаруын көрсетсе, бірі асқан байлығын көрсетті. Дағдарыстың салқын лебін енді-енді сезе бастаған сезікті тұмсықтылар бұл кезде батыс қоғамының «Шаңхай ынтымақтастығы» алдында қауқарсыз екенін сезді. Грузиндер шырылдап қала берді. Екі бура шайнасса, ортасында шыбын өледі ғой...

Ажалды қарға бүркітпен ойнады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 00:12:00

Орыстардың Кеңес заманынан кейін біржолата басылған мысы сонда барып бір көтерілді. Қазақстандағы казактар бастап, орыстар қостап, славян одағы ілескен бір тобы елбасы Назарбаевтен бұрын мәлімдеме жариялап үлгерді. Алматыдағы алқаш орысқа дейін арағын ішіп, бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре болды да қалды. Кеңестің балғалы-орақты туы түсірілген сол заманнан бастап, тауы шағылған орыстар өз күшін қайтадан тапқандай болып қоқилана қалды. Қысқасы, Алматының көшесінің өзінде бұл айқын белгі берді. Құтырынған орыстардың жүзіндегі қуаныш лебі мен масайрау бесенеден белгілі болып тұрды. Үштен-төрттен, он-жиырмадан топтасқан жастары әлденені күткендей, әлденені аңсағандай болып көшелерден тараспай жүріп алды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 00:36:51

Орыс пен грузиннің ортасындағы оттың себебі осетиндер еді. Ашығын айтқанда, бұл орыстардың сылтауы ғана болатын. Болмаса, осетинге дербестік алып беру үшін көршісімен қырылысатындай, қарулы қақтығысқа баратындай, орысың соншалықты бір сөзінде тұратын, ағайындығына берік жұрт еместұғын. Осетинге дербестік әпергіш болса, өзінің жерінде де «солтүстік осетин» бар болатын. Ал, мұнымен шектес жерде Грузияға тәуелді «Оңтүстік Осетия» бар еді. Қараңыз, Кеңес Одағынан қалған қалдық дерт! Ағылшындар мәңгіге сыйға тартқан Пәкістан-Кашмир-Үндістан дауы сынды дүние еді бұл. Бір ұлтты екіге жіктеп, бір жарым миллион қазақты өзбекке беріп, бір жарым миллион қазақты Ресейге беріп, қалғанын қырғыз, түрікпен, тәжікке бөліп қойған орыстардың ойлағаны алыста еді. Осынысын осетиндерге де қолданды. Күштінің аты қашан да күшті. Әлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады.

Жә, бұл осетиндер қай халық дейсіздер ғой. Өсетиндер, ашығын айтқанда біздің алыстан туысатын туыстарымыз. Бұлардың саны аз болғанымен, тамыры, тарихы арыда жатқан ел. Айналасы толы жау болды да, тыныш, бейбіт ғұмыр кеше алмай, өсе алмай қалған сорлы елдің бірі.

Орыс жерінде республика Северная Осетия – Алания деген ел бар. Қазақшаласақ, «Солтүстік Осетия – Алания Республикасы»...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 01:26:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 01:28 өзгерткен

Жә, әңгімемізді жалғастыра берелік...

Қайда келіп едік, өзі?...

Айтпақшы, алыстағы туыстарымыз - Өсетин елі хақында екен ғой. Сол оөсетиндерді мен баяғыдан білетін едім. Алматыдағы ертеректегі бір көршілерім осы өсетиндер еді. Жақсы кісілер болатын. Осетинде қырғын болып жатқанда кәдімгідей қиналып, ашынып жүрді. Алыста жүрсе де, онда еш тіке туысқаны болмаса да, еш жоғары оқу-тоқуы болмаған сол өсетиндерді осы мінездері үшін қатты сыйлаған едім.

Бұл өсетиндерді әлдебір тарихшылар біздің ұлы жүз үйсіннен таратады. Баяғыдағы Қытайдың батысындағы ірі алпауыт ел үйсіндердің бір бұтағы осы осетиндер дейді. Ол жағын біз білмейміз. Ақиқаты Аллаға ғана аян. Кімнің ата-бабасы кім екенін, кімнің кімнің ұрпағы екенін Алла ғана білмесе, жер бетінен осыны анық білетін бір пенде жоқ екені шын. Біз үйсінді өзіміздікі балап, ұлы жүзге енгізіп отырсақ, қырғыздар оны өзіне балап, халықаралық конференция өткізеді. Әлдебіреулер оларды Қап тауындағы осы өсетиндермен байланыстырады. Өсетин атын мен үнемі қазақы ат шығар деп ойлай беремін. Қазақта Шәкүрті, Алматы, Бақты, Шақыты деген ат көп қой. Алмалы емес Алматы деп атайтын көне түркілік жалғауымыз осы жұртта өсеті болып қалған ба екен деп ойлай беремін. Үйсін дегенің ұйысын, ұйыссын деген сөз ғой, ұйғыр дегенің ұйығыр, ұйысқыр деген сөзден шыққан. Барлығы да жақсы ниет, жақсы тілектен шыққан сөздер. Біздің сақ дегеніміз де жауынан сақ болатын, түрік дегеніміз де сол мағынадағы (қазақта «құлағы түрік» дейді ғой) сөздер екенін білеміз. Өссін деп тілеп, өсеті деп қойған шығар деймін. Ол жағын түркі тарихын зерттейтіндерге қалдырып, өз әңгімемізге көшелік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 01:44:14

Өсетиндер екі дінге сенеді. Көп бөлігі провослав дініне сенсе, аз бөлігі мұсылман дініне сенеді. Орыстың тепершігін көп тартқан ұлттардың бірі. Жасаған жеріне қарай бұлар да ғасырлар бойы тепкі мен езгіден көз ашпаған. Қап тауының тұрғындары сынды, бұлардың терілері аппақ келеді. Аппақ болғанда да еуропалық ақ нәсілділерден бөлекше ақ болады. Нәсіл зерттеушілер көбінде Қапқаз нәсілі деп тыңнан атап жүрген бұл жұрттардың қыздары шырайлы болады. Орыстың қыздарымен салыстырғанда ұяңдау келетін мінездері бар. Қап тауының өзге тұрғындарына қарағанда, шешендерге қарағанда бұлардың мінездері де биязылау келеді екен. Бұларды Иран текті жұртқа жатқызатын кей зерттеулерге келісеріңді де, келіспесіңді де білмейсің. Себебі, сөздері арасындағы аса жиі кездесетін түркілік атауларды бұлардың тілін түсінбейтін менің өзім де бір естігеннен аңғарған едім. Бұлардың жан саны бір миллионға да жетпейді. Батыстың санағынша жеті жүз мыңнан асса, орыстың санағынша бес жүз мыңға жетпейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 01:51:09

Грузияға болған шабуылы хақында біздің Путин досымыз не айтты дейсіздер ғой. Бұл шынында қызық әңгіме еді. Путин Грузияға шабуыл жасау бұйрығын өзінің түсірмегенін айтып ақталды! Оның айтысына сенер болсақ, шабуыл жасау туралы «хан жарлығын» Медведев шығарған екен! Орыс әскері егемен Грузияға басып кірген кезде біздің Путин Бейжіңде екенін айтып сан мәрте ақталды...

Я, өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен демеуші ме еді! Қисыны келіп тұр. Қазақша айтсақ, орыстың ханы Мекең де, Пүкең бар болғаны уәзір ғана ғой...

Бала күнімізде еститін қазақ ертегілерінде айтылатын ханның қырық уәзірі болмаушы ма еді. Сол қырық уәзір осы күндегі депутаттар екен ғой. Ал, Пүкең болса, оң қол уәзір...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-25 02:06:33

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-25 02:09 өзгерткен

Бұл күнде бір елді бір елдің жаулап алуы оңай болды. Кез-келген бір сылтауды табады да, жаулап ала салады. Кісілік құқық деген жақсы болды. Сылтаудың көкесі сол. Өздері баяғыдан құлатпақ болған ғимаратын мақсатты түрде құлатқан Америка онысын айдаладағы Бен Ладеннен көрді де, Бен Ладен жасырынды деп Ауғанстанды жаулап алды. Бұл да сылтау болатын. Мақсаты -Ауғанстанды меңгеру арқылы бір бүйірден Қытайды қыспаққа алып, бір бүйірден орысты, Орта Азияны қыспаққа алып, мына жағынан Пәкістанды алақанында ойнату ғана еді. Мұнан да басқа бір маңызды фактор бар еді. Ол Американың ата жауы Иран болатын. Ауғандар мен қызылбастар бір атаның балалары еді. Байланыстары да қою болатын. Енді сол Ауғанстаннан шегінеміз деп күнде жар салатын Американың ауған жерінде не үшін бір шеті Қытайдың Қашқарына, бір шеті Иранға жалғасатын кең жол салып жатқанын Қытайдың саяси сарапшыларының өзі ашық талқылап жүр....


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)