Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 10 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ал, керек болса. Сонда біздің кейбір есалаңдарымыздың қазақтың нанын жеп, қазақтың суын ішіп, қазақтың жерінде өніп-өсіп көктеген орыс ұшқарыларының «біздің елбасымыз Путин, Медведев» деп ереуілдетуінің жөні бар екен деп қалдық...

Себебі, біз осы уақытқа дейін оларға «шаңыраққа қара» деп айта алмай келген елміз ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 01:41:17

Кеңес кезіндегі құжатты фильмдерді Мәскеудегі әріптестердің арнайы дайындаған саяжайында жатып, ерінбей, жалықпай көріп шыққаным бар болатын. Сталинді дәріптеген киноларды көргенде, құсып жібере жаздадым. Аллаға құл болғысы келмеген құдайсыздар адамның құлы болудың қандай болатынын анық көрсетіпті...

Сталиннің мүгедек жан екенін біраз жұрт біледі, бірақ кинодағы Сталин мүлде басқаша. Жүзінен жасанды мейірім төгілген. Дүниеге басқаша қарайды...

Бағзор, бейне, күллі ғалам соның құзіретінде сынды. Кино тым жасанды...

Жасанды болғанда да, шектен асқан қисынсыз. Сталинді айтып жатып, орыстың жас қызы әсерленіп, тебіреніп, жылап жібереді...

Қызыл алаң толы халық. Иін тірескен, құмырсқадай құжынаған халықта есеп жоқ, бәрі шат, бәрі шадыман. Күн көсемнің атын атап ұрандатады. Қолдарында үлкен, нән керме тулар...

Қойшы, бұл баяғы заманның өзін-өзі жарнамалауы ғой. Ол замандағы көсемдер осылай болды. Құдай жоқ деп, құдайды қолдан жасады. Ал, қазіргі орыс ұлтшылдарының көсемі Путин өзін қалай образдап жатыр? Иә, баяғы заман болса, Путиннің де осы ескі әдістемелерді қолдануында гәп жоқ еді. Бірақ, тіс қаққан кәрі түлкі, баяғы КГБ, жер бетіндегі ең лас, ең қандықол ұйымның атаманы болған шпион Путин өзін мына жаңа заманның жаңа өнерлері бойынша жарнамалайды...

Өзіне арнап жалдамалы рок жұлдыздарына ән шығартқызады, эстрада жұлдыздары Путинге ғашық екенін айтып ән салады...

Міне! Путинді нағыз еркек ретінде керемет баурау қуатына ие орыс еркегінің символы ретінде уағыздайды. Мұндай әндердің бірнешеуін іздетіп, тауып мен де тыңдап көрдім. Дауысы әдемі, орыс қоғамында өзіндік беделі бар жас әнші қыз, супер жұлдыз өзінің Путинге ғашық екенін әнмен жеткізеді...

Ал, керек болса...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 02:01:49

Мұндай әндер ел арасына тараудың алды-артында елден ерек ақылды адамдардан құралған кеңесшілер тобы Путинді әртіске айналдырып жібереді. Мәскеудің орманына өрт кеткенде, Путин өзінің елбасы екенін ұмыта үстіне спорт кимдерін немесе әскери киім киіп, арнайы тікұшақпен өртке қарсы аттанады, көктен, ұшақтан су шашады. Қандай керемет образ! Жауға қарсы аттандаған есіл ер! Міне, еш сөз, еш жағымпаз өлеңсіз-ақ өзін осылай жарнамалайды. Сосын әлдебір жарылыс болған жерге қауіпке қарамастан барады, жаралылармен сөйлеседі. Оны да төте көрсетеді. Бұлардың барлығын қойшы, ондайды баяғыдан бері көріп келеміз ғой, екі метр қар басқан апат астындағы сорлы қазақтың қорасындағы барлық малының қырылып қалғанын біле тұра, оған бар-жоғы екі қап ұн бермеуші ме еді?!

Басшысы бар, қосшысы бар, айналасы отыз-қырық, тіпті онан да көп адам жапырлай телевизорға түсіп, әлгі бейшараның қолын алып, қайта-қайта сілкілеп қол алысып, мағынасыз ыржиып, орсақ тістерін көрсете суретке түседі емес пе? Бұл бізге баяғыдан үйреншікті көріністер ғой...

Бірақ, Путин бұлардан да асып түседі...

Орыстың жаңа тұрпатты қырғындағыш ұшағына мінеді. Ұшақты өзі жүргізеді. Шын-өтірігін кім білсін, бұл күнде мұны компьютермен-ақ жасай салады ғой...

Орыс телеарналары мұны тынбастан қайта-қайта көрсетеді. Біз қуаттымыз дейді өз халқына...

Онан ары Путин кеуде жағын жалаңаштап, жай киім киіп, балық аулап кетеді, ой дөйт деген! Бұлшық еттері білеу-білеу...

Нағыз еркек!

Онан ары Байқалға барады, су асты сүңгуір кемесіне отырады...

Өзі жүргізеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 11:31:06

Әссалаумәғәләйкүм уа рахматуллаһи уа Баракәту!

Армысыздар, бармысыздар қадірлі жамағат!

Алматы аспаны бүгін ерекше ашық. Аспандай болып менің көңілім де ерекше. Көңілдімін. Алатаудың баурайында отырып, ғаламның түкпір-түкпірінде жасап жатқан қазақтармен сұхбаттасудың өзі қандай ғанимет!

Қарлығаш қарындасымыз түнімен еңбектеніп, шығарманы сен-қазақ торабына көшіріп болды. Тура кеше түнде жазылғандарына дейін. Парасат асабалары да ерен еңбек етіп, парасаттағы нұсқасын күлтегінмен теңестіріп үлгерді. Тораптас достардың айтқан өрелі ойлары мен лебіздерін, қазақтың соқтықпалы соқпақсыз, тауқыметті тағдырлары туралы айтқан барлық лебіздерін мен де өзге тораптарға көшіріп, өз ойларымды айтып отырдым. Ғаламтор шығармашылығы деген, міне, осы. Сіз маған, яғни, шығарманы жазушыға әсер ете аласыз, әрі осы шығарманың жазылуына ортақ қатыса аласыз. Ғаламтор әдебиеті, ғаламтор шығармашылығы өзінің осындай өте актив, ерен жанды болмысымен дәстүрлі әдебиетімізбен, дәстүрлі шығармашылығымызбен дараланып тұрады. Озық ойлы оқырман өзінің дәстүрлі шығармашылықта дер кезінде айта алмайтын, айтқызбасы айтқызбайтын ойларын мұнда емін-еркін айта алады...

Жә, енді қою қызыл күрең шайды қаймақтап ішіп алып, бауырсақтан асай отырып, шығармамызды жалғастыра түсейік...

(Қалжың ғой, ішкі Қытайдағы бауырларым, қазақы өмірді аңсап әзер жүрген болар...

Айтпақшы, қымыз да бар екен ғой...)

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 12:25:28

Жихат бауырым, ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату! Жұма мүбарак болсын! Тілеген тілектерің қабыл болсын! Менің де арманым қажылық. Алла қаласа, биылғысына үлгіре алмасам, келер жылғысына барсам деп армандап жүрмін. Мұсылман мұсылманға тілекші ғой, өзіңе де қажылықты тілеймін. Жихат, қажы бол. Қажылығыңды Алла қабыл еткей. Қабыл болған қажылықтың сыйы жәннат қой...

Жұма мүбарак болсын, барша қазақ баласы. Қасиетті жұмада қан жұтып өткен барша қазақ рухтарына арнап, Алладан мінажат тілейік. Бұл дүниеден қызық көрмей, қорлық көріп, қан жұтып, қыршынынан қиылған, қорлық пен зорлық ішінде бақилық болған барша қазақ баласы, күні кешегі қызыл қырғындардан қырылған барша ата-бабамызды Алла тағала алдынан жарылқағай. Бұл дүниенің қызығын көрмей өтсе де, о дүниенің қызығын көруге несіп еткей! Жандары жәннаттық болғай! Бізді қорлаған, бізді қырғындаған барша кәпірге Алланың лағнеті болсын! Тұқымдары тұздай құрып, кәусар сүресінде айтылғандай абтар ешкіше (шолақ құйрық ешкі) құйрығы қысқа болсын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 12:43:14

Қара ниеті қабынған орыстың қасында қамсыз қазақ! Қарап отырып шошынасың. Орыстар 20 жыл бойғы іштегі дерті мен қыжылын енді шығарғалы жатыр. Олар бастабында қатты торыққан еді, жастары алқаштыққа, ішімдікке кеткен болатын, Елитсин заманындағы құлдырау мен тоқырау, жұмыссыздық күллі Мәскеудің жынойнақ базарын иелеген шешендердің құтырынуы орыстардың еңсесін басып, ұнжарғасын түсірген болатын. Осы кезде Путин шықты таққа. Таққа жай шыққан жоқ, ол орыс тағын Елитсиннің қолынан тартып алған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 12:47:39

Арақкеш Елитсин өле-өлгенше арағын тастай алмай кетті, Қазақстанға келген сапарларының өзінде арақ сасып жүрді. Қазақстан студенттерімен жолығуларында Елитсин бір іргелі елдің президентіне емес, Алматының көкбазарын жағалаған орыс алқаштары мен бомбждарына (үйсіз ішкіш қаңғыбастар) көбірек ұқсап кетті. Қазақтың студенттері қай-жайдағы қитұрқы сұрақтарды қойып, алпауыт елдің патшасын келемеждеп кеткені орыс баспасөзіне шықпай қалды. Ел арасында ауыз жүзінде таралды. Бірақ, осының барлығы орыс ұлтшылдарының төзімі мен шыдамын сарыққан еді. Бір жақтан шешендер де алысып қоймай қойды. Осы кезде сонау неміс жеріндегі алаяқ шпион Елистиннің қыздары мен күйеу баласын қыспаққа ала отырып, билік тағын тартып алды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 12:52:11

Путиннің қолындағы билеті де осы еді. Оны қолдап отырған орыс ұлтшылдары болатын. Біз Мәскеуге барғанда негізгі жоспарларымыздың бірі газпромның басшысы Миллермен кездесу болатын. Бірақ Миллердің қуыршақ екенін, Миллер түгілі Медведовтың қуыршақ екенін, келелі мәселелерді Путинсіз шешуге болмайтынын біз орыс пысықтарының өздерінің аузынан естідік, бұл сыбыс бізге баяғыдан жеткен болатын. Күллі Еуропаны суықта аш-жалаңаш қалдыратын болып қоқай көрсеткенде, алдына жан салмайтын Миллердің Путиннің абалаған иті екені біраз жұртқа ашық дүние еді. Путиннің қолында асырап, бағып, жүнін жетілдіріп отырған бірнеше ит бар. Қазақстанға қарап арсылдатып отырғаны Жириновский болса, Еуропаға қаратып, энергия, газ мәселесінде арсылдатып, әупілдетіп отырғаны осы Миллер еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 12:55:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-23 12:59 өзгерткен

Орыстың газы мен мұнайы дағдарыс кезінде орыстарды құтқарып қалды. Ашығын айту керек. Орыс газы мен мұнайы да орыстікі емес еді, орыс жаулап алған жердегі мұсылман жұртынікі еді. Қайтесің, өз байлығы өзіне бұйырмаған сорлы халық орыстың тепершігінде қай уақытқа дейін жасар екен?!

Біз Миллермен кездесе алмадық. Оның айналасы қаптаған қалың пысықтар мен пысықайларға толған екен. Ол кезде Миллер мырза Еуропаны шулататын мәлімдемелері арқылы танымал еді. Тағы бірі Украинмен алысып жатқан болатын. Шашын төбесіне түйіп алған қақол қатын орыстың есалаң топасын абыройдан жұрдай қылып тастаған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 13:15:08

Қытай мен орыс табиғаты мүлде екі басқа ел. Қытай халықаралық саяси сахнада қашан да амалмен, әдіспен келеді. Орыс олай емес. Олар ашық дөрекілікке басады. Дипломатиялық амалдарды қолдану, халықаралық қалыптасқан нормаларға бағыну деген орыс билеушілерінде ежелдің ежелінен болған емес. Хрущевтің күйгелектеніп, бәтіңкесін шешіп алып, бірлескен мемлекеттер ұйымының үстелін ұрғылауынан артық қандай сорақылық болсын?! Міне, бұл нағыз орыс табиғаты еді. Дөрекі, надан, сөз ұқпайды, әрі еш қисынға, еш ақылға келмейді. Өз білгенімен жүреді, әрі өзгені күшпен, қара күшпен, зорлықты түрде өз айтқанына көндірсем деген қара ниеті әсіре қабынған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 13:20:39

Путиннің орыс ұлтшылдарына ұнайтын тағы бір жері оның Грузинге жасаған шабуылы еді. Орыс ұлтшылдары осы кезде барып бір рахаттанып қалды-ау. Біраз замандардан бері іштерінде жиналып қалған кектері мен наласы, өзге орыс емес жұрттардың орыстардың сөзін тыңдамай, өз алдына кетіп бара жатқандығы орыстардың бас қайғысы болатын. Аш қарынын тойдыра алмай жүрген орыстың ойлайтыны қарнының қамы емес, өзге елдегі «қорлық көріп жатқан» орыс дяспорасының қамы болатыны қызық. Мәскеуде жүрген кездеріміде мен әрбір қолайлы орайды қолдан бермей орыстың қарапайым бұқарасымен араласып көрдім. Біз араласып жүрген, кастюм-шалбарын қатып киіп алып, шіреніп, шекірейген орыстар мен еврейлердің аузынан ешқашан шын сөз ала алмасымды мен білетін едім. Олардың көзқарастары мен ұстанымдары қашан да мың сан қабат тереңде жататын еді. Себебі, олар саяси алаяқтар мен қаржылық алаяқтар болатын. Өз күштерімен, өз саудаларымен байыған Кеңес Одағы адамы бар десе, сенбеңіз, олардың дені парақорлықпен, сыбайлас жемқорлықпен, тартып алумен, жұтып алумен ғана байиды. Ал, зауыт ашып, өнеркәсіп жасап, тірлік көзімен байыған Кеңес адамы жоқтың қасы.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 13:32:27

Бір орыс пен бір қытай иен аралда жалғыз, аш қалды десек, осы екі ұлт екі түрлі өмір сүру жолын қарастырған болар еді. Қытай - ол бәрімізге түсінікті. Ежелден жер емшегін емген, бейнеті мен қасыреті мол еңбекші ел. Жаңағы иен аралда жалғыз қалған аш қытай жабайы шөптің тамырын жесе де қарнын тойдырудың, тірі қалудың қамын қарастырар еді. Тіпті келер жылғы өмір сүруі үшін тарта жеп, үнемдеп, қолына түскен дәнді дақылы болса, соны екпекке, көбейтпекке дайындалар еді. Міне, бұл нағыз қытай. Ал, орыс қалай ойлайды дейсіз ғой...

Аш өзегіне түскен орыс айналасына өлермендене, кектене қарар еді. Ол алдымен қаруын сайлайды. Иен арал екенін біле тұра, жан баласы келмесін біле тұра, өзіне ең алдымен қару жасар еді. Қару болғанда да жабайы жыртқыштардан қорғанатын қару емес, адамзатты өлтіретін, адамзаттан қорғанатын қару болар еді. Әлдебіреу келе қалса, байлығын, нанын тартып алмаққа дайындалар еді...

Немесе әлдебір жақтарға шабуылдап барып, әлдебір момындарды қырып салып, солардың мекенін мекендеп, солардың малын, астығын тартып алып өмір сүруді армандап кетер еді. Міне, бұл нағыз орыс еді. Еңбекпен емес, адал терімен емес, арамдықпен, хайуандықпен өмір сүруді таңдаған болар еді. Бүгінгі орыс та тура осындай. Орыстың қасында отырып тепе-тең өмір сүремін деп ойлау нағыз адасқандық еді. Осыны біздің қазақ баяғының баяғысында, орыс Мәскеуден әлі шыға қоймаған заманында білген еді. Бірақ, білгені не керек, соған қарекет қылмады. Қымыз ішіп, мас болып жүрді...

Бірінен соң бірі орысқа бодан болған түркі тұқымы бірімен-бірі одақтаса алмады. Ақыры, барлығы құл болды. Халқы қырылды. Саны өспеді. Бұл күнде күллі ғаламдағы Қытай, үнді сықылды миллиярдтаған ел болуы тиіс түркі тұқымы әлі де жүз миллиондардың шегінде жүр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 13:56:48

Жә, құрметті жамағат, жұмасын жібермейтін мұсылман, мен енді мишығымды жауып, жұма намазына кеттім. Аллаға шүкір, мешітіміз бар, көк аспанда көк туымыз желбіреген көк түркінің тұқымы қазақ боламыз. Алла қаласа, күллі түркі баласының басын қосатын қарашаңырақ біздің Қазақстан болады. Алыстағы Алтай, Хакас бауырларымыздан тартып, былайғы қалмақ, мұңғылға дейін, қарашай, балқар, шеркеш, т.с.с. деп басталатын барша туыстарымызға дейін, Еуропадағы ноғайға дейін, Румыниядағы гагауызға дейін, Ауғандағы наймандарға дейін, Ирандағы қызылбас, таттарға дейін, айналамыздағы өзгеде алысты-жақынды туысқандарымызға дейін, бір ғасырдың ар жақ-бер жағында қазақ болып, біздің айналамызға топтасуы хақ. Оған еш күмәнім жоқ.

Алла Тағаладан қасиетті жұма күнінде жақсы дұға тілектер тілейік. Өзіміз үшін, ұлтыміз үшін, дініміз үшін! Қалған әңгімені жұмадан соң жалғастыралық.

Жұма мүбарак болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 17:59:33

Путин – Ресейдің үміті. Ұмыт болған ескі заманының үміті. Ресейдің үмітінің не екені белгілі. Орыстың бақытты сезімі шартсыз түрде өзге орыс емес халықтардың сорының үстіне құрылатыны шындық! Орыспен тым жақындасып кетудің шындығы қасқыр мен қойды бір қораға қамауға келмейтіні сынды ақиқат. Қазақ осыдан сақ болуы қажет. Нұрсұлтанның көп векторлы саясатының бір қыры осында жатқан болар деп үміттене беремін. Илайым, үмітім іске асқай.

Мәскеуде жүрген күндерімізде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бас елшілігі ғимаратында көп болдым. Бұл көше Чистие пруды деп аталатын. Орысша адресі: улица Чистые пруды, бұлар дом три деп атайды. Мәскеуге бара қалған бауырларымыз болса, қазақ елшілігінде қонуларына болады. Мұнда жайлы да ыңғайлы қонақ үй бар. Шетте жүргеніңде қазақты сағынарың шын. Мұнда қазақша тағамдар бар. Мұндағы қызметшілер, аспаздар, даяшы қыздар, есіктегі күзетшілер тұтасымен қазақша сөйлейді. Аң-таң қаласың. Қазақстандағы қазақтарды қазақша сөйлете алмай біраз жыл қиналған едік, ал мұнда ешкім қинамай-ақ қазақша сөйлейді. Мұнда демалыс күні тамақтануға келген атақты Мәскеу университетінде оқитын студент қыздар да көп жүреді. біразымен танысып сөйлестік. Барлығы да отандарын сағынғандарын айтады. Алматыда жүрсе, қазақшадан гөрі орысшаға бейімдеу болар еді, мұндай жоғары оқыған қыздар. Себебі ауылдан келген, орысшасы шала қыздармен шартсыз түрде айырма сақтап тұру керек қой, өз саналарында. Өздерін городской деп (қалалық) деп жігіттерге көрсету үшін орысша сөйлеу керек еді. Ал, мұнда, қазақшаға бейім...

Қиналса да, дұрыс балама сөз таба алмай қиналса да, қазақшаға қарай ұмтылады. Иә, бұл жалпыбеттік емес еді. Ас-су дайындап жүрген кей апаларды кетер-кеткенше қазақша сөйлете алмай кеткенім шын...

Ол жағын жасырып қайтейін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 18:24:50

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-23 18:47 өзгерткен

Путинге табыну, Путинге шоқыну - Ресейде өзгеше бір үлгімен етек жайды. Бұл біз білетін жеке басқа табынудың қытайлық немесе қазақстандық үлгілеріне ұқсаңқырамайды. Кеңес Одағы кезіндегі жеке басқа табынумен де ұқсаңқырамайды. Путиннің және оның командасындағылардың шеберлігі де дәл осында жатыр. Путинді мен орындау өнері өте жоғары артист ретінде көремін. Орыстардың тым екібеткей, тым қу, сырт көзге көрінетін бетперде киюде алдына жан салмайтын ұлт екенін білсем де, шебердің шебері осы орысбасы еді. (Түркменстан президентін түркменбасы атады ғой, біз елбасы дедік, қазақбасы деуге келмейтін сықылды, немесе Қазақстанцев басы деуге де...)

Шешендерді тыныштандырған Путинге қуыршақ шешен үкіметі арнайы сый-сияпат жасады. Шешен басшысы Қадыров Шешенстандағы бір көшенің атын Путин көшесі деп өзгертіп атауды ұйғарды. Әлдебір жағымпаз жампой мүсіншілер оған арнап бас мүсін жасады...

Орыс тілді ақпаратқа белшесінен емес, мұрындарына дейін малынып, малтығып отырған Қазақстанның өзінде Путинді айтып сілекейі шұбырып отыратын қазақтың алжыған шал-кемпірін мен өте көп көрдім. Сүйсінгендері соншалық, бастарын шайқап, бейне туған ұлдары әлем чемпионы болғандай мәре-сәре болып отырған Кеңес Одағы шалдарын көргенде не айтарыңды білмейсің. Бірақ, біздің әртіс Путин үнемі мәлімдеме жариялап, өзінің атында көше берілмеуін, өзінің атында мектеп, мұражай аттары аталмауын өтініп отырады. Па, шіркін, қандай керемет демократ! Өстіген сайын Путинді әспеттеген «тәуелсіз» саяси сарапшылар езулерінен көбіктері аға отырып мақтасын кеп...

Арақтан басқаға аңсары жоқ орыстарың шала мас күйінде барлығын қабылдай береді сосын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 18:55:47

Путиннің қылымсығаны молайған сайын оған жағымсынатындар да молая түскен. Демократиялық ұстаным дегеннің не екенін білмей өскен, жер бетіндегі ең үлкен абақтының мүшелері Кеңес Одағы ыдыраған соң да ненің демократия екенін білген жоқ. Орысқа келген демократияның бар тындырғаны орыстың нәпсіқұмар қыздарын онан арман жалаңаштауы ғана болды, Кеңес кезінде нәпсілерін ашыққа шығара алмай жүрген тума нәпсіқұмар жұрт Кеңес ыдыраған соң «әтчу» деді де кетті. Әтінің басын ірікпегені сол күллі жер бетін арзанқол жезөкше орыс қызы жаулады да қалды. Дамып келе жатқан Қытайды, өркендеген батысты, алыстағы Американы, мұхиттағы Австралия мен Жаңа Зеландияны, былайғы Жапон-Корейді, қысқасы, мұсылман Түркияны, арабтың белбаласы Араб бірлескен әмірлігін, қысқасы, жер бетінен ел қоймай жаулап алды...

Мүмкін, терістік Корейде ғана жоқ болар, терістік Корейдің басшысы өзі қыз құмар болғанымен, аш-жалаңаш халқына орыс қызын жолата қоймас деп ойлаймын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 19:03:59

Иә, шындығы сол, демократия орыстың басына дарыған жоқ, бұтына дарыды. Мұны Кеңес кезінде батыстан нобел алған орыстың атақты жазушысы ашына тұрып жазды. Бұл мәселе жай ғана тән сату мәселесі еместұғын. Бұл күллі адамзаттық мәселеге айналған еді. Кеңес Одағының ақтық демі шығар алдындағы жылымық заманда Еуропаға қарай бет алған орыс қыздарының тасқыны Еуропадағы қылмыс өткізу деңгейін екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары дәрежеге жеткізді. Осыған жалғаса адам ағзаларын саудалау, кісі өлтіру, қасақана кісі өлтіріп, адам ағзаларын алу, есірткі саудасы қатарлы қылмыстық істер арта түсті. Осымен қатар, орыстың қару-жарақ саудасы да етек жайды. Демократияның орысқа бергені осы болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 19:16:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-23 19:50 өзгерткен

Путиннің әртістігі асқан сайын менің сырқатым да асқына түседі. Мен қазақ деген аурумен ауырушы едім. Путиннен қауіптене беремін. Себебі, оның мақсаты айқын. Жасырары не, ол орыс мүддесін бәрінен жоғары қойған адам. айлакерлігі мен қулығы жағынан да әлемдегі біраз саясатшының алдын орайды. Өзі жас, өзі мықты. Шүңірейген көзімен сүзе қарағанының өзі соншалықты сүркейлі. Орыс әсіре ұлтшылдығын қоздатып қойып, бір шетінен Қазақстандағы казактарды құтыртып, бір шетінен біздің қазақ тілімізге тісін батырып, бір жағынан Жириновский сияқты иттерін абалатып, біздің онсыз да су жүрек болған, қоян жүрек, құл саналы, жалтақой, жәрмес күстабандарымыздың зәресін алып болды. Ләббай бегім деп орыстың құшағына құлағалы шақ тұрған биліктің түрі мынау.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)