Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 8 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Күллі адамзат білетін болуы керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 14:45:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 14:52 өзгерткен

Соңғы кездері Қытай қазағы ішінде де, Қазақстан қазағы ішінде де шежіре жазу үрдісі басталды. Біреулері мұны науқаншылдық қатарында санап тыжырынып жүретіні бар. Ал, өз басым қазақтың шежірешілдігін қос қолдап тұрып қуаттаймын! Көненің көзі, адамзаттың асыл мәдениетінің бірі-шежірешілдікті жалғастырып отырған ақсақалдарымыз аман болсын! Алла тағаладан оларға ұзақ ғұмыр тілеймін! Қызылтудың астында ер жеткен қызыл шалдарымыздың ішінен шежіреші ақсақалдарымыздың үзілмей келе жатуы- Алланың бізге берген нығыметі! Жазатын шежіреміз болғанына, жазатын ақсақалдарымыз болғанына тәубе дейік, қазақ баласы. Жазар шежірең болса жазасың, жоқ болса неңді жазасың?! Жетпіс жеті атасын түгендемек түгілі, үш атасын ары санап бере алмайтын өзге жұрттарға қарап тәубамызды үйірейік, бөлесін қатын қылатын, нағашысымен құда болатын, кем-кетігі мол сапасыз жұрт болмағанымызға тәуба дейік...

Қанымыздың саптығын, қасиетіміздің пәктігін, сәніміз аз болса да, күллі ғаламды мойындататын ерен сапалы ұлт екенімізді осы шежірешілдігімізден көремін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 16:08:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 16:09 өзгерткен

Іленің Қорғас ауданында, Сүйдіңде, онан арғы Сайрам көлінің жағалауына дейінгі аумақта аздаған албан, суан, жалайыр туыстарымыз жасайды. Біздің ұлтжанды азаматтарымыз осы рулардың шежіресін жай ғана шежіре ретінде ғана емес, олардың Қытай жеріне келу тарихын, тауқыметті тағдырларын қазақ тарихы ретінде жазулары керек, естелікке алулары керек, бұл болашақта аса құнды, баға жетпес асыл мұра ретінде қаралары хақ, оған еш күмәніңіз болмасын. Менің шала-пұла білуімше, атақты жазушымыз, бала күнімізде біз құмарта оқыған «Өзгерген өңір» романының авторы Оразхан Ахметов суан руынан дейді, анық-қанығын білмегендіктен, осы дүдамал сөзді айтуға тура келіп отыр, анығын білетіндер мұнда дұрыс ақпаратты жеткізе жатар. Жер жәннаты Жетісудан баяғыда албан көтерілісі кезінде Ақ патшаның қырғынына ұшырап, шекара асқан, қанды қырғынға батқан албандар мен суандар, жалайырлар хақында, тіпті, албандармен туысқан ала қалпақты ағайындарымыз, тағдырымыз бір қырғыз ағайындарымыз хақында біздің құнды тарихи құжаттарды алып қалуымызға әлі де мүмкіндік бар. Себебі, көне көз қарияларымыздың көзі әлі де бар. Кем дегенде, олардың ұрпақтары бар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 16:17:55

Албандар Іле өңіріне ғана емес, онан ары асып, Бұратала өңіріне дейін шашырай қоныстанған. Осының барлығында керемет тарих жатыр. Рудың тарихы ғана емес, қазақ деген халықтың тарихы жатыр, Қазақстан деген мемлекеттің мемлекеттік тарихы жатыр. Оң-солымызға қарап, етек-жеңімізді жинаған осы бір аспаннан бақ жауған заманда біздің ұлттық тарихымыз, әсіресе, біздің күллі адамзат баласына ашық айтуға тиісті қасіретті, қырғынға толы тарихымызды біз осылай жазуымыз керек...

Бұратала өңірінде 20 шақты түтін, мүмкін, онан көп, бір анығы өте аз санды керей бар. Жергілікті жұрт оларды кейде «сары керей» деп атайды. Онысын мен тұрғылықты «қара керейлермен» салыстырмалы түрде айтқаны болуы мүмкін деп қана топшыладым. Болмаса, қазақта сары керей деген атау болмаса керек. Мұндағы қара керейлер де тұрғылықты бола қоюы екіталай, бар-жоғы жаңағы керейлерді бұратала өңіріне әкеліп шашудан ілгері 1931-1933ж.ж. немесе 1916-1918ж.ж. арасында немесе 1928ж. арасында келгендер ғана. Ал, жаңағы керейлер Тибет аса алмай қалған керейлердің бір бұтағы еді. Қаншама қасыретті тарихымыз осыларда жатыр...

Ол тибет асқан керейлер туралы мен бұл арада айтпасам да, бұл тарих Қытай қазағына өте түсінікті. Тибет асып, онан ары Үндістан, Пәкістан асып, онан ары Түркияға бет алған қазақтардың бір туыстарын әлдебір құдіретті қол жұңғардың құмына шашып кеп жіберген...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 17:02:01

Осы керейлерді кейбіреулер «жау керей» деп атайды. Алла сақтасын, қазаққа қазақ жау болған емес! Ел болғасын, телісі мен тентегі болады ғой, оны айтпаған күнде де, бірімен-бірі құда-құдағи болып, қыз алып, қыз беріскен ел болғасын, әзіл-қалжыңсыз жүретін қазақ болушы ма еді, тәйірі! Бірақ, біз осы әзіл деген сөз бен әзәзіл деген сөздің тым жақын екенін ескеретін кезге келдік-ау деймін. Болмаса, орыс қаруландырған үш аймақтың әскері боламын деп мұндағы қаракерейлер, қызайлар, жүйеден жалпы наймандар немесе басқа да атаның балалары ойлаған ба еді? Оспанның соңынан еріп жихат жүргіземіз деп Алтайдың керейі армандаған ба еді? Барлығын жасаған жауларымыз ғой, өзіміздің еркімізден тыс, өз таңдауымыздан бөлек жағдайда қан кешкен қайран қазағым-ай! Осыны білетін кез келді емес пе?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 17:06:36

«Жау керей» сөзінің тағы бір мағынасы «жауынгер» сөзінен шыққан болса керек деймін. Бірақ, мұның мүмкіндігі аздау болса керек. Ол жағын бір Алла білер. Алтайды билеген Оспанды Ілені ұстап тұрған ұлттық үкіметпен қырылыстырып отырған құдіретті күштің не екенін білеміз, демек, қазақты қазаққа қарсы айдап салғанның не екенін біз ұмыта қоятын кезге келмедік. Бұл күні кеше ғана болған оқиға болатын. Айналып келгенде зиян шеккен, қырылған, тұқымы азайған, есесінен айырылған өзіміздің қазағымыз. Ал, өзге болса, бізге қарап отырып қарқ-қарқ күлді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 17:16:29

Менің осы әңгімелерімді оқып әлдебір бауырларым мені рушыл екен деп ойламаса екен деймін. Мен әр қазаққа ру тұрғысынан қарамас ем. Себебі, жаңағы рулардың тарихы, олардың сол мекендерге қоныстануы, мұның барлығы қып-қызыл қырғындармен, соғыстармен қатысты еді. Демек, біздің ұлтымыздың тарихы еді бұл. Біз, тым құрығанда, украиндер сықылды жасауға шамамыз жететін болар? Біздің жігіттеріміздің қолынан осы қанды қырғындардың бұл күндегі тірі куәларын іздеп табу келетін шығар? Сыр сандық ақсақалдарымыз бен апаларымыз Іленің тауларында, Сайрамның бойында, Қарамайдың ар жақ-бер жағындағы құмда, Тарбағатайдың тауларында, Үрімжінің ар жақ-бер жағында құмға жасырынған алтындай болып жатыр ғой! Олардың миларындағы барша ақпаратты бүгін алып қалмасақ, ертең өкінгенмен орнына келмес еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 17:24:04

Аз бұрын осы сайттардан бір хабар оқығаным бар еді. Оңтүстік Шыңжаңда, шамасы Қашқар немесе Маралбасы маңы болса керек, баяғыда Кеңес Одағында қызыл қырғын болғанда Қызылорда өңірінен қашып, Шыңжаңның оңтүстігіне келген қазақтар бар дейді! Міне, біз осы қазақтарды іздеп табуымыз керек еді! Есімде анық қалмапты, шамасы ұйғырша сайттарда жазылса керек. Осы қазақтар бұл күнде ұйғырлармен, дүнгендермен қыз алып, қыз берісіп кеткенімен, әлі де қазақ қалпын сақтап тұр дейді. Міне, тарих дегенің қайда жатыр! Қазақстанда орыстардың қызыл қырғыны басталғанда, бұл қазақ не көрмеді дейсің. Түрікпеннің тауларын паналап, түрікпен болып кеткен қазақ қаншама? Тәжікті жағалап, қызылбастың ішіне сіңіп кеткен қазақ қаншама? Сол заманда өзбек жерін жағалаған қазақтарды қуып жүріп қырғындағасын, амалсыздан Ауған асып, Иран асып кеткенін бүгіндері ғана біліп жүрміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 17:31:31

Алматыда бір ағамыз шежіре кітап шығарды. Бәлен жыл көз майын тауысып отырып, көне көз ақсақалдарды іздеп жүріп қазақ үшін құнды еңбек қалдырды. Сол кісінің кітабының тұсаукесеріне қатыстым. Бұл баяғыда болған әңгіме еді. Біз сыйлап жүрген бір ағамыз ру шежіресін жазған бұл кітапты мүлде тыжырына отырып өсекке қосты. «Өз руын аспандатты» дегісі келеді. Құдай-ау, найманның тарихын найман жазбай, найманның түрін де көрмеген Каспийдің кіші жүзі жазуы керек пе екен? Қызық-ақ. Мысалы, мен Қытайдың қазағымын, мен жазсам Қытай қазағы туралы жазармын. Себебі, білерім сол, естігенім сол. Маған сонау Иранның қазағы туралы, олардың шежіресі туралы жазу мүмкін емес қой. Рушылдықтың жаман екені шын. Бірақ тарих жазушыларды, шежіре жазушыларды рушылдықпен шатастырып алмайық. Себебі, сол рулардың тарихында қазақтың қанға толы, қасыретке толы тарихы жатыр. Ал, жаңағы ағамызды өсектеген көкеміздің өз әкесінің атын дұрыс жаза алмайтынын, қайдан келіп, қайдан тұрғанын білмейтін топас екенін мен кейін білдім. Жамбыл облысындағы қыпшақтардың сонау замандағы ашаршылық дертінен Қарағанды мен Жезқазғаннан ауып отырып Кенішті оңтүстікке барғанын бұл кісі білмейді екен...

Сол қуғын көрген қыпшақтардың мекенін жаулап алған Кеңес билігі онда Теміртау, Қарағанды деген тың қалалар құрды, қазақ үшін емес, өзі үшін. Сөйтті де қазақтың байлығын сорды, орысты қазақ даласына қаптатты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 00:19:54

Үрімжіні айнала мекендеген қазақтардың дені сол нәубет замандағы миллиондап қырылған қазақтардың аман қалған ұрпағы! Оның ішінде, найманның біраз белді рулары бар. Осы елдердің басы сонау Ленин бастаған қазан төңкерісі кезінде келе бастаған. Онан соңғы қатарынан келген қос ашаршылық та қазақтарды қынадай қырғанда, ту сонау Талдықорған-Семей екі өлкеден қашқан қазақтардың Үрімжі тауларынан бірақ шығуының тарихи себебі сол.

Алматыдағы барахолка базарында кішкене шипахана ашқан бір ағамыз бар, ол кісі арғын! Қытайдың қазағы! Арқаның арғыны екен! Мінеки! Арқадан ауған қазақтың Үрімжіден бірақ шыққанын ойласаң, кейде сол бір алай-дүлей аласапыран заманға нендей баға береріңді біле алмай дал боласың. Я, бұл қазақтар мыңның бірі ғана еді. Көп қазақтың сүйегі далада шашылып қалған болатын. Алтайдағы қалың керейдің ішіне келіп паналаған ұлы Абайдың елі-азғантай тобықты туралы да білеміз. Осының өзі біздің рулық, шежірелік тарихымыздың ар жағында қасыреті мол қанды тарихымыз тұрғанын көрсетеді. Жеменейдегі азғантай ғана қожалар да сол бір нәубет заманда Семейден ары асқандар болуы бек мүмкін...

Жә, Алтай мен Ілені айттық...

Шәуешекті неге айтпады дейсіз ғой...

Орынды сұрақ! Енді, Шәуешекті айтамыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 00:32:11

Жә, Шәуешек туралы айтайық!

Шәуешектің Қазақстан шекарасына тым жақын екенін білеміз. Шәуешек бұл күнде бір аймақтың ғана орталығы болғанымен, ол заманда күллі Шыңжаңдағы оқымыстылар жиналған ірі мәдениет орталығы еді. Дубектің мекені еді. Мұнда сол бір отызыншы, қырқыншы жылдардың өзінде өнер ұйымдары, газет, журнал болған. Мұның барлығы жерлік тарихта бар болғандықтан, біз аса көп тоқталмаймыз. Шәуешекте уақтар, наймандар, аздаған керейлер тұрады. Бұлардың барлығы шекара сызығы арқылы амалсыздан өз тума-туысынан айырылып тұрған қазақтар еді. Шындығында, шекараның екі жағында да ұқсас рулар тұратұғын. Мау мен Хрущев екі көсемнің жеке бастық қақтығыстары себепті шекара мүлде жабылып қалғанға дейін мұндағы қазақтар бірімен-бірі қыз алысып, қыз берісіп, еш қиналыссыз араласып-құраласып тұратын. Айдың-күннің аманында құбылған көсемдердің қылықтары мұндағы миллиондаған қазақтардың тағдырын мүлде басқаша шешерін ол заманда кім ойлаған! Сөйтті де, ағасы ар жақта, інісі бер жақта, шешесі Кеңес Одағында, баласы Қытайда қалған небір сұмдық жағдайлар осы кезде туылды. Бұған бола екі ел басшылары қазақтың зарын естіп, наласын тыңдап, шекараны ашқан жоқ. Туыстарынан тірідей айырылған қазақтар сол бетінде қырық жылдан соң ғана бірін-бірі іздеуге мүмкіндік алды...

Оның өзінде де қорқа, қорқа, жалтақтай, жалтақтай...

Себебі, екі жақтағы қазақ та ол заманда сансыз санақсыз саяси күрестерден әбден запы болып, жүректері шайлығып кеткендер еді...

Шәуешекке барып паналаған қазақтардың өз туыстарының арасында білінбей кетуінің сыры осы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 00:38:42

Баяғыда 90 жылдарда қырғызша жазылған бір романды оқығаным бар. Авторы есімде қалмапты. Ол заманда мен татарша, түрікпенше, әзербайжанша радио тыңдап, өзбекше кітап оқып жүрген бір заманым еді. Шыңғыс Айтматовтың шығармасын өз ана тілінде оқығаным үшін қуанып жүрген шағым еді. Сол қырғыздар екі елдегі қырғыздардың өмірі туралы сол кезде-ақ жаза бастаған екен. Ол заманда біздің жазушыларымыз әлі де мәдениет зор төңкерісінен босай алмай жатқан еді. Қырғыздардың сондағы батылдығына таң қалған болатынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 00:44:43

Екі елдегі қазақтардың қатысы туралы, Кеңес Одағынан қуғын көргеннен көріп отырып, қызыл жоса қырылып отырып, қызыл империяның қызыл иттерінің кесірінен қызыл аштан қырылған қазақтардың Қытайдағы қазақтарды паналаған тарихы туралы біздің жазушыларымыздың қайсысы қалам тербеді?! Бұл біздің көп болып ойланатын шаруамыз. Ештен кеш жақсы. Бұл хақында тек жазу ғана кемдік етеді. Бізге кино да түсіру керек, ол үшін алдымен, жаңағы Етікші бауырымыз сынды тарихи құжаттарды, тарихи фактлерді, дәлелдерді жинастыруымыз керек. Ол ертең күллі адамзаттың байлығы болып қалмақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 01:19:44

Баяғыда Тибет үстіртінде, Чиңхайдың иен тауындағы иен ауылдағы дүңген арасына сіңісіп кеткен жалғыз қазақ туралы естіген әңгімем бар еді. Астық тасып, адасып, иен таудағы дүңген ауылға тоқтаған қазақ шофер қарыны тойғасын, жылынғасын ыңырсып ән салады дейді. Сонда өз-өзімен болып отырған дүңгендердің бірі өкіріп тұрып жылаған екен дейді...

Сөйтсе, бала күнінде, үркін мен қорқынның заманында, ашаршылық пен қорқыныш, үміт пен тіршілікке деген жанталас ішінде, бір қап тарыға дүңгенге сатылып кеткен қазақтың баласы екен дейтұғын...

Әрі қарай, бұл әңгімені әркім әрқалай айтатұғын...

Бұл сол заманда ел арасына әжептәуір кең тараған әңгімелердің бірі еді. Бұл сонау Қытайдағы аласапыран замандағы қазақтардың бір ұшқын тарихы еді. Шыңжаңнан пана таппай, ішкі Қытайға қарай босқан қазақтардың жолшыбай кім-көрінгенге жем болғанын көп ағаларымыз жазды. Ақсай қазақтарының тарихы туралы Қабылқақ Күлмесхан баяғыда біздің бала күндерімізде сексенінші жылдарда үздіксіз жазып тұрды.....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 01:39:44

Иә, жасырары жоқ бір замандарда Кеңес Одағы деген сөзді ауызға алудың өзі Қытай қазағы үшін аса қатерлі іс ретінде саналған еді. Кеңес Одағында туысы барлар немесе туысқандары Кеңес Одағына шекара ашылған сол бір жылдарда көшіп кеткендердің халі аса мүшкіл болған еді, мұны біз жазбасақ та, бұл сыр Қытайдағы барлық қазаққа еш таңсығы жоқ жария құпиялық еді. Совет одағының радиосын тыңдағаны үшін сотталған қазақтардың болғанын ойласаң, осы күнімізге тәуба демей амалың жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 08:30:43

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 08:36 өзгерткен

Дүниенің жотасы, атақты Тибет үстіртіне орналасқан Чиңхай өлкесінде, баяғының баяғысында, есімізде бұлдыр қалуынша, қазақтың автономиялы жерлері бар еді, автономиялы аудан, мүмкін, автономиялы ауыл болар, алғаш екінші сынып, мүмкін, үшінші сынып оқуға келгенімізде, қабырғада ілулі тұрған нән қаританың ішінен көретін едік, бұл кейін келе қариталардан жоғалды...

Сөйтсек, үлкендер жағынан естуімізше, Жанәбіл ақсақалдың бастамасымен, Чиңхәйдәғі қазақтарды Шинжяңға көшіріп алған екен дейді, ол заманда біз баламыз, бала болғанда да ауылдың ойын баласымыз, Чиңхайдың қайда екенін, Шыңжаңнің қайда екенін қайдан білейік, қиын қылса қытайы көп «Қытай ауылдың» арғы жағы шығар деп қана ойлаушы едік, «Қытай ауыл» деп әскери дивизяларды айтатынбыз...

Сөйтсек, ол Чиңхай дегенің...

Құдай өзі сақтасын, жердің түбі екен ғой. Жер шарындағы ең биік жер, Тибет үстіртінің бір шеті, ұшқан құстың қанаты талатын, жортқан аңның аяғы талатын жер екенін кейін ғана білдік емес пе?! Біздің қазағымыз тағдырдың тауқыметімен сонда барған. Бұл баяғыдағы 1935 жылдар мен 1941 жылдар арасы болса керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 08:45:28

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракәту!

Жөкеш бауырым, мынауың неткен құнды ақпарат! Мына ақпаратың бүкіл қазақтың ашынышты тағдырына қатысты аса құнды ақпарат екен...

Өтінішім болсын, бұл қызды қайтсең де табудың жолын қарастыршы, Үндістан дегеніңіз бұл күнде ғаламторы қатты дамыған елдердің бірі, ғаламтор арқылы тауып алармыз, мүмкін болса ол жиеніміз оқыған оқу орнына ресми түрде хат жаз немесе бар. Архивтерден анықтамасын алуға болады, Үндістанның қай өлкесі екен, соны біл немесе Үндістанның Қытайдағы елшісіне ресми хат түсір, туысқаным еді де! Амалын табуға болады, туысым немесе басқа бір маңызды сылтау тапсаң, олар жауап бермеске амалсыз, тым құрығанда, м с н немесе скайптарын тауып алуға, электрондық поштасын тауып алуға болады. Менде қазір ерекше бір ойлар бар, керек десең, біз бұған хабар арнасының тілшілерін жібере аламыз...

«Үнді» болып кеткен қазақ! Бұл оларға өте таңсық тақырып болмақ! Немесе «Асыл арна» тілшілерін жіберуге де болады, себебі тілі түгілі дінінен айырылған қазақ туралы, қазақтың сан қилы қасыретті тағдыры туралы айту-оларға да қызықты мәселе! Қысқасы, бір ауыз сөз, осы жиенімізді табуға күш сал, Жөкеш! Мынауың біраз елді шулататын тақырып қой!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 08:59:43

Кейін келе ес білгесін ғана жан-жақта тарыдай шашылған қазақтың сан қилы тағдырына назар сала жүретін болғанымызда ғана білдік қой көп сырды. Сөйтсек, жаңағы автономиялы жерлеріміз 1985 жылы шілде айында ресми түрде бұрынғы Хайши мұңғыл – Тибет – Қазақ Автономиялы Облысы деген мәртебеден айырылып (海西蒙古族藏族哈萨克族自治州), аты өзгертіліп, «Хайши мұңғыл – Тибет Автономиялы Облысы» болып құрылған екен...

Бұл туралы біздің бала күніміздегі мұғалімдеріміз көп әңгіме айтатын. Сөйтсек, ауылдағы сол қарапайым мұғалімдеріміз жер бетіндегі ең асыл жандар екен ғой...

Біздің бала жүрегімізге, сәби санамызға қазақты сүюдің, қазаққа күюдің дәнін, ұлттық рухтың ұрығын сеуіп кеткен сол ұстаздарымыз екен ғой...

Бұл күнде ол ұстаздарымыздың көбі қартайған...

Кейбірі бақилық болған. Кей сәтте бір уақ өткен күндерді ойласам, оларға шексіз қарыздар екенімді сеземін...

Ең қысқасы, бізге саясат сабағын берген мұғалімдеріміз «дін» туралы сабақтарды бізге өткен кезінде бізді діншілдікке тәрбиелеп жіберген екен ғой...

О, құдіреті күшті Алла...

Мұның өзі бір ғажап әңгіме еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 09:10:19

Ақсайдың біраз қазағы Қазақстанға ең алғашқылардың бірі болып көшіп келіп алды. Ақсайдың атақты жазушысы, бізді Ақсай қазақтарының тауқыметті тағдырымен таныстырған Қабылқақ Күлмесханұлының ағасымен (осы жазушымыздың атын мен басқа біреумен шатастырып алған жоқпын ба, ұят болмасыншы, білетіндер дұрыс не бұрыс екенін айта отырсын...) кездейсөқ танысқаным бар еді. Алматыда оқып жүрген, жұмыс істеп жүрген біраз ақсайлықты білемін...

Әр жолы осындай шетке шашылып кеткен қазақтарды көрген сайын Қытай асқан албандар мен суандарды, Ақсай асқан керейлерді, Үндістан асқан, Түркияға кеткен керей, найман, уақтарды, Ауған, Иран асқан кіші жүздерді көрген сайын менің көзіме ыстық жас келеді. Көзімнен ғана емес, жүрегімнен қан аққандай болады, айналып-үйіріліп қастарынан шыға алмай қаламын...

Алматыдағы Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан қазақтарын көрсем де солай...

Әр қазақ менің жалғызым...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 10:06:38

Тибет үстіртіндегі Чиңхай өлкесінде қайдағы «теңіз» болсын деп ойлаймын. Иә, Асан қайғы бабамыз барған, қазаққа жерұйық болар ма екен деп армандаған Көк көл осы Чиңхай көлі еді. Мүмкін, Чиңхай көлі деген сөзді Қытайлар біздің Көк көл деген атауымыздан төте аударып алған болар, болмаса бұл жерге тибет мен мұңғылдың, онан соң қазақтың аяғы тиді емес пе? Қытайың ол заманда қайда? Келсе, мүмкін болса, шүршіт келген болар, онан ары баяғыда, Дұнхуаң (ақсайдың қазақтары дұнхуаңды дуқан деп атайды екен) мен Гансуды (қазақша кеңсу ғой) жайлаған үйсіндер келген болар...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)