Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 7 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ел аман, жұрт тыныш болсын деп тілелік. Батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатынын білетін елміз, сырқат санамыз сыр бергелі қай заман. Енді соны ақырын-ақырын емдеп алу керек. Ол үшін әрбір саналы қазақ азаматы атсалысу керек. Әрбір саналы қазақ ең алдымен, өзінен, өзінің айналасынан, өзінің сабақтас-достарынан, өзінің туыстарынан, өзінің жерлестерінен бастауы керек. Өзің істей алмағанды өзгеге теліме. Алдымен, ұлтың үшін өзің күрес. Сосын оны өзгеге өнеге ет.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 00:50:21

Біз не үшін кешегі қасыретті тарихмызды қозғай береміз? Бұның сыры баршаға аян. Күні кеше ғана болған қазақ қасыреті ертең тағы да қайталанбасын десең, әр қазақ мұны Алладан тілесін! Алла мейірімді, Алла шапағаты шексіз, Алла тілектерді қабыл етуші. Біз күллі қазақ баласына бейбітшілік пен тыныштықты тілей отырып, күллі қазақ баласына баяшатты, бақуатты өмірді тілей отырып, өзіміз Алла тағаланың бізге үйреткен ілімі мен ғылымы бойынша осы тілектерімізге сай қарекет пен амалға баруымыз керек. Білім мен ғылым үйренуіміз керек, әрі оған амал қылуымыз керек. Біздің Кеңес Одағын күстаналайық деген ниетіміз жоқ, біз тарих ашып тастаған ащы шындықтарды еске алушылар ғанамыз. Тарихты ұмыту - жәріместік. Өзгенің қанішерлігін ерлікке балау - хайуандық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 01:02:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 01:06 өзгерткен

Менің бір арманым бар. Бұл арманды мен армандағалы біраз заман болды. Алдағы күнде қолға алған жұмыстардың бір шеті ыңғайланғасын, арнайы жұмыс тобын құрып, кәсіби деңгейде жер бетіне тарыдай шашыраған қазақтарды күллі жер шары бойынша іздеп, олар жасаған жерлерді аралап, олардың көрген сан сырлы, сан тауқыметті тағдырларын кескінге алып, соны ғаламторға шығарсам деймін...

Ойлаңызшы...

Түркия асқан қазақтар...

Қандай қасыретті тағдырлар жатыр оларда...

Қаншама қан төгіс пен қырғынның тірі куәлары олар! Осылардың барлығын бүге-шүгесіне дейін қалдырмай, бала-шағаға дейін сөйлетіп, естелікке алып қалу керек еді. Себебі, көне көздер күн санап азайып бара жатыр. Осы Түркияның қазағының өзі екі түрлі болады. Бірі - Қытайдан барған қазақтар болса, бірі - Иран, Ауған арқылы барған қазақтар. Қытайдан барған қазақтардың көбісі керейлер мен наймандар, аздаған уақ бар болса, Иран, Ауған арқылы барған қазақтардың дені кіші жүздер болып келеді...

Қытайдан қашып Түркияға барған қазақтардың тағдыры Қытайдағы елге таныс. Ал, Иран мен Ауған арқылы Түркияға барғандардың тарихы осы күнге дейін толық зерттелген жоқ. Олардың айтысына қарағанда 1928 жылдың алды-артындағы саяси қуғын-сүргін кезінде Каспий жағалаған қазақтар Иран асқан. Ал, Қорасан мен Қиуа, Ташкент пен Самарқан қазақтарының бір бөлімі Ауғанға жылжыған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 01:17:07

Негр болып кеткен Фалашаларды, Бета Израильдерді көшіріп алған Еврей мемлекеті сынды қырғын соғыс болып жатқан Ауғанстаннан Ауғанстандағы қазақтарды Қазақ мемлекеті де тұтас дерлік көшіріп алды. Мұнысы, қазақ билігінің күллі адамзат баласы алдындағы бір үлкен ерлігі, батырлығы, елдігі еді. Мұнысы жағынан біздің қазақтардың мақтануға қақысы бар. Бұл күнде ауғанның шарт-жағдайы аса нашар таулы өлкелерінде біздің қырғыз туыстарымыз жасайды. Қырғыз мемлекетінің оларды көшіріп алған-алмағанын біз білмейміз. Бірақ, қазақтарды Қазақстан жағы көшіріп алды. Алланың нығметіне шексіз алғыстар болсын! Сөйтіп, тарыдай шашылған қазақтың біраз бөлімін Отанға оралтып алдық. Болмаса, аспаннан жаңбырдан гөрі оқ көбірек жауып тұратын қасырет мекені Ауғаныстаннан туыстарымыздың тұқымы құрып кетуі бек мүмкін еді. Бірақ, осы күнге дейін Пәкістанда қалған қазақтар бар дейді. Менің өз құлағыммен естіген бір хабарымда Қашқарға жақын жердегі Пәкістанның бір қалашығында төрт әйелі, жиырма сегіз ұлы бар бір бай қазақ тұрады дейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 02:01:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 02:03 өзгерткен

Қытай азаттық тарихын, әсіресе, Қытайдың партия басшылығындағы Қапон басқыншыларына қарсы тұрып Отандарын азат еткен тақырыптарындағы тарихи киноларын көретіндер мына бір жағдайды аса оңай байқаған болар еді. Баяғыда Қытайдың шығыс-солтүстігін Кеңес әскерінің азат еткендігі хақында көп әңгіме болмайтын. Тіпті бұл тарихтың негізгі тақырыбы емес сынды болатын. Соңғы кездегі тарихи кинолар бұл мәселені қолға ала бастады. Кеңес әскерінің Қытай азаттық соғысындағы рольі туралы біз баяғыда көп білмейтінбіз. Соңғы кездері неше түрлі себептерге байланысты, әсіресе, Қытай ғаламторының Қытай қоғамына ашықтық пен жариялылықты ала келуіне байланысты ашық пікірлердің үні зорайып келеді. Оған қоса Ресей мен Шаңхай ынтымақтастығына бірлескеннен бері Ресей-Қытай бірлескен әскери жаттығулары молайған сайын Кеңес Одағы мен Қытайдың баяғыдағы одақтастық тарихы алдағы күндерде шынайы жазыла түседі деп ойлаймыз...

Оқырмандардың Қытай киногерлерінің алдағы бағыт-бағдарларына осы тұрғыдан назар аударып отыруын сұраймыз...

Бір замандардағы ауызға алынбайтын тарихтар, бір замандардағы айтылмайтын тарихтар, міне, осылай енді бір замандар келгенде айтылатын, жазылатын болады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 02:12:15

Бұл қазақтың сүйегі қайда шашылып қалмаған? Қытайдың қиыр шығысын азат ету күресіне Кеңес Одағының қазақтар мен қырғыздарды айдап салғанын соңғы кездері ғана біліп жүрміз. Себебі, қазақтар мен қырғыздардың өңі мен сыртқы бейнесі осы аймақта жасайтын қытай мен мәнжулерге, корейлерге ұқсап кететін еді, әрине, орыстар мен орыс тектілерге немесе Қап тауынан келгендер мен өзге түркі-парсы аралас қанды туыстарымызға қарағанда біз қиыр шығыстағы баяғыдағы туыстарымызға әлдеқайда ұқсап кететін едік. Мұнан да маңыздысы, қазақтар бұл жерлерді жаулап алған жапондарға да ұқсап кететін еді. Сонымен, осы аймақты жапондардың қолынан тартып алудың ең машақатты соғыстарының ішінде біздің қазақтар мен қырғыздар жүрді...

Менің есімде шала-пұла қалуынша, атақты Шыңғыс Айтматовтың әкесі, мүмкін, кіші әкелері де осы соғысқа қатынасқандар болатұғын, бұл жағын есіме анық түсіре алмағандығым үшін оқырмандардан көмек сұраймын. Білетіндер жаза кетсін...

Қасыреті қалың қазақ баласы орыстың айдауында жүрген сол заманда қиырдағы жапонмен, алыстағы неміспен ғана алысқан жоқ...

Өз қандасымен де бетпе-бет келіп қырылысты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 02:20:05

Қазақтарды өңінің ұқсастығы үшін ғана соғысқа салды десек, дұрыс болмасы шын. Бірақ, Кеңес басшыларының әсіре фашистік көзқарастағы адамдар екендігін дәлелдеп жатудың өзі артықтық ететін еді. Олар өздері құрған су жаңа елде қырғындаулар арқасында тек сүзгіден өткен, сөз тыңдайтын, жетекке жүретін бір жаңа қауымды жетілдіріп шығарған болатын. Отызыншы жылдардағы, тіпті онан бұрынғы Ленин заманындағы ашаршылық кезінде қазақтардың қырылып жатқандығын біздің көсемдеріміз білмей қалған жоқ. Бірақ, біздің сол замандағы зиялыларымыз, қазақтың атқа мінген буыны, ұлттың көзі ашық буыны сол заманда Сталиннің өзінен осы мәселе хақында көмек күтті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 02:29:09

Менің есімнен анық кетпейтін бір оқиға бар еді. Ол менің орталау мектеп оқып жүрген кезім болатын. Шамасы сексенінші жылдар болса керек. Мүмкін, бастауыш оқып жүрген болармын, есімде анық емес, анығы, орта мектепке шықпағаным есімде. Сол заманда, менің әкем, менің ағам, ес біліп қалған інім, шешем барлығымыз әр күні кеште, кешкі тамақтан соң, тып-тыныш отырып, қазақ радиосын тыңдаушы едік. Ол заманда Қазақстан Совет одағының қарамағындағы бодан мемлекет болатын. Есімнен өле-өлгенше кетпейтіні – ол замандағы радио біздің Қытайдағы қазақты рухани азықпен қамдаушы еді. Өзгені білмеймін, біз осы радионы тыңдап өскен болатынбыз...

Сол күндерде Шерхан Мұртаза ағамыздың атақты «Сталинге хат» атты спектакльін радиода берді. Қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұлов туралы мен ең алғаш осы радио арқылы танысқан болатынмын...

Я, осы спектакль мені Шерағаңмен таныстырған еді. Бала күндегі жадымызға сіңген Шерағаңның егемен Қазақстандағы қазақтың, қазақтың тілінің жанашыры екендігін 2002 жылғы қыркүйек айындағы 2000 оралман оқушының Алматыдан қайтарылмай, жарты жыл Алматыда сан тауқыметті көре жүріп, жаңа жылдан соң, келесі жылдық мемлекеттік бюжет бойынша оқуға қабылданған сол бір айта қалсын ерен оқиғалар кезінде онан ары анық білгендей болдым...

Сол бір заманның кескін құжаттары менің құпия бөлмелерімде осы күнге дейін сақтаулы...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 02:33:45

«Сталинге хат» спектакльі – қазақ басындағы ең зұлмат заманның ең ащы шындығын ашқан шығарма болатын. Мен бұл шығарманы сол замандардан кейін екінші қайтара естігем жоқ, бірақ есімде қалғаны Тұрар Рысқұловтың Қазақстандағы қызыл аштық туралы Сталинмен бетпе-бет сөйлескені болатұғын...

Егер осы шығарманы ғаламтордан немесе қазақ радиосының алтын қорынан осы күнде тауып алуға мүмкін болатын болса, тағы бір рет тыңдағым бар...

Мүмкіндігі бар оқырмандар болса, тауып ала жатса, ғаламторда жұртшылықпен ортақтастырған болса, нұр үстіне нұр болған болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 13:26:04

Қытайдағы қазақтардың ұлтжанды, сергек саналы жігіттері қолға алуы тиіс бір жұмыс хақында мұнан бұрынырақта айтқан едім. Қазақтың ең қасыретті тарихы – ашаршылық туралы шындықтарды, сол ашаршылық пен орыс қырғынын көргендер мен көре қалғандарды, солардың ұрпақтарын, туыс-тумаларын телекамера - бейне түсіргіш алдында сөйлету керек еді, мейлі ол малшы болсын, мейлі диқан болсын! Бұны ертеректегі жазбаларымда айттым. Қажағаңның қылмысы осыны арқау етті. Мұны айтпасақ та түсінікті. Біздің біраз зиялы қазағымыз Алтай мен Іледен шығады. Алтайдың тұрғылықты керейі мен найманы бұл ашаршылықты көп көрген жоқ. Себебі, ол заманда олар Кеңес билігі құзырында емес еді. Бір бөлім ашамайлы керей кеңес билеген Қазақстаннан қашып Қытайдағы абақ керейдің арасын паналағаны шын. Бірақ, саны аз болды да, абақ анамыздың балаларының ішіне сіңісіп кетті. Ал, енді Кеңес билеген Қазақстан жақтағы бір бөлім абақ керей баласы сол заманда қашып шекараның ар жағындағы туыстарын паналағаны шын. Бірақ, көбісі Қытай компартиясы билікке келгесін, Кеңес компартиясымен жақсы тұрған сол бір замандарда кері қайтып Қазақстанға оралып алды. Осы оралған адамдардың көбісі Қытайда оңшылдыққа қарсы, солшылдыққа қарсы деген сықылды біз атын атап, түсін түстеп те бере алмайтын сан-сарпалдаң саяси күрестерден әбден естері шыққандары соншама, Кеңес Одағына келгесін де саясат туралы, ашынышты тарихтары туралы ләм-мим деместен, демдерін ішіне жұтқан беті кетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 13:30:18

Тарбағатай мен Шәуешектің уақтары да тұрғылықты қазақтар еді. Ал, ондағы қара керейлер, Төлегетайдің төрт ұлы – Садыр, Матай, Қаракерей, Дөртуілдің балалары шекараның екі жағында да бар еді. Дөртуілдер Алтайдың бетіндегі қалың абақ керейдің де ішінде бар болатын, бергі беттегі Семейде де бар болатын. Арқа жайлы болса, арқардың ауып несі бар дегендей, осы рулар, ішінде бұл рулар ғана емес, найманның басқа да ірілі-ұсақты рулары осы ашаршылық жылдары шекара асқандардың ішінде еді. Енді, осылардың тарихын бейнежазбаға алып қалу - аса құнды тарихи құжат болған болар еді. Ашығын айту керек, ұлы сөзде ұяттық жоқ, осы кезде естелікке алып қала алсақ, ол ертең аса құнды, қымбат бағалы, тіпті аса көп ақшаға жарайтын, ашығын айтқанда, ақшадан да құнды, бағалаудың өзі қиын болатын керемет материял болып қалар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 13:34:54

Қараңыз, украиндер тура осылай істеді. Ашаршылықта Канадаға, Латын Америкаға, Еуропаға қашқан украиндерді іздеп тауып, тоқсанға келіп мәлкілдеп отырған кемпірлер мен шалдарды бейне естелікке түсіріп алды. Қандай керемет! Міне, осы құжаттар бұл күнде халықаралық деңгейдегі аса құнды материял ретінде қалды. Қазір бұл құжаттарды бірлескен елдер ұйымы қарастылығындағы адамзатқа қарсы қылмыстарды зерттейтін бірқанша ғылыми зерттеу орталықтары, адам құқығы орталықтары, тарих зерттеу орталықтары қадағалап отыр. Ақшаға сындырғандағы бағасын айтпай-ақ қоялық, бұл материялдардың украин тарихы үшін маңызын айтудың өзі артық сөз болар еді. Украиндер бұл жағында жарады, украин ғана емес, Кеңес кезіндегі орыс қырғынын күллі ғаламға осы украиндер ашып келеді, бізге де кезек келеді, біздің билік қазір Мәскеуді өкпелетіп алғысы келмегенімен, түптің түбінде шындықты ашарымыз шын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 13:43:59

Сонау мың жылдықтар бұрын, Қытайдың өзі қорыққанынан қызын сыйға тартқан, өзі сұранып, елші жіберіп, қызын беріп, құда болған ұлы жүз үйсіннің мекенін бүгінде билеп отырған ұлы жүздердің жиені, қасиетті қызай анамыздың ұрпағы қазақ басына түскен 1931-1933ж.ж. арасындағы ашаршылықтан аман еді. Себебі, ол заманда олар Кеңес құзіретінде емес, Қытайға қарасты еді. Бұл ғана емес, мұнан бұрынғы Ленин атамыз жасаған ашаршылықтың да қызай ұрпағына залалы аз болған болуы мүмкін. Ордалы ел, малын бағып, қойын құрттап, айранын ұрттап, ел аман, жұрт тынышта, малы мен басы қатар өсіп, шалқып тұрған шағы еді. Бір білуімше, қызай туыстарымыздың ақсақалдары сол заманда Кеңес билеген қазақ жерінен мұнда бас сауғалап, жан сауғалап келген қазақтарды құтқарып қалған болатұғын. Осыған қатысты тарихтарды біздің Іле баурайындағы жігіттеріміз қолға алғаны абзал болған болар еді. Себебі, Сонау Семейдің төрінен елі арғын Әсет ақынның қызай арасына келіп, бұл күнде Нылқы мен Жыңның арасындағы Көкқамыр жайлауына келіп жерленуінің де өзіндік сыры бар болуы мүмкін...

Әсет ақынның Алаш Орда қайраткерлерімен тығыз байланыста болғаны, Алаш Орданың асқақ жыршысы, уағызшысы болғаны белгілі. Демек, атақты Әсет ақын да, арғын-найман жайлаған Шығыс Қазақстанды тастап, қиырдағы Ілеге келіп, сол арадан топырақ бұйыруында бір сыр бар. Біз осылардың барлығын естелікке, естелік болғанда да бейне естелікке түсіруіміз керек еді. Жігіттер, енді осыған бел буалық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 13:54:53

Ордалы өскен қызай елінің ішінде бұған қатысты тарихи деректердің аса мол екендігіне менің екі дәлелім бар. Себебі, арып-ашып, қырғынға ұшырап, жаңбырдай бораған оқтың ішінен шыққан қазақтарды бауырына басып, аш қарнын тойындырып, үстіне лыпа, басына баспана берген де осы тұрғылықты қазақтар болғаны еш шүбәсіз. Себебі, бұраталаның Алатау аузынан Қытайға қарай асып, қашып, Бұратала, Арасан аудандарын жағалаған қазақтарды сол заманда осы өңірлерді ұстап тұрған мұңғыл билеушілерінің қалай қарсы алып алғандығын баяғыда сол арадағы құдалардан, аузы дуалы қариялардан естіген болатынбыз. Ал, қалың қызайдың ішін мекендеген күнес-текестегі албандар, олардың арасындағы атақты албан төңкерісімен қатысты қырғыздар тұнып тұрған тарих қой...

Бұл күнде Мұңғұлкүре ауданындағы албандар Қазақстандағы Нарынқолдағы, Кегендегі албандардың туысы. Нылқыдағы албан, алжан баласы да сол албан төңкерісінде, онан соңғы Ленин ашаршылығында, онан соңғы Сталин ашаршылығында барғандар...

Енді соларды біз жаза алдық па? Біздің мәдениет төңкерісінен басқаны жазбайтын жазушыларымыз сонау 80 жылдар мен 90 жылдар арасын тек қана мәдениет төңкерісі заманын жазатын салтқа айналдырып алғаны жасырын емес, онан ары бір қарғып, тым алысқа барып, қалың батырлар мен билерді жазғыш болдық, ал осы нәубет тарихты неге жазбаймыз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 14:00:23

Жазушылардың нені жазғанын қазбаламай-ақ қоялық. Бізге керегі - нағыз шындық. Қанды тарихымыздың еш боямасыз шындығы ғана керек. Аузында иманы жоқ немесе жүрегінде батырлығы мен батылдығы жоқ жалған намыс иесі жазғыштардан бұл тарихты боямалап жазғандарын күтіп отырғанша, біздің ұлтжанды, қолында қарапайым сандық бейне түсіргіші, бейне жазғышы бар, ауылда той-томалақ түсіріп жүрген кез-келген ұлтжанды бауырымыз осы тарихтарды естелікке алып қалғаны абзал. Қашан да түстен кейін мөңіреп жүретін қаламкештеріміз оны келесі ғасырда жазса да өз еріктері...

Алдымен «қарияләр азайып бара жатқан» осы бір қысылтаяң заманда, біздің барлық зиялы азаматымыз осы істі қолға алғаны абзал.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 14:15:50

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 14:17 өзгерткен

Іленің жайлауларында 2008 жылы бір айдай демалғаным бартұғын. Ол заманда менің ішкі Қытай мен Шяңгаңнан (Гонконгтан) әбден жалыққан кезім еді. Жұмыстарымды ыңғайлап болғасын, қолфон мен мишықты Құлжадағы қонақ үйде басы бүтін қалдырып, күллі қарбалас ғаламнан байланысымды үзіп, Үйсін бабамыздың байырғы жайлауларына кеткен едім...

Ой, рахат-ай десеңші...

Негізі қазақ дегенің нағыз ақсүйек халық қой. Жердің жәннатын, өмірдің рахатын қазақтай көрген жұрт жоқ шығар. Өзге жұрт құм ішінен шыға алмай жатқанда, біздің батыр бабаларымыз Алланың жаратқан әлеміндегі ең сұлу, ең әдемі жерлерінде ақсүйекше өмір сүрген екен ғой. Сонда сол сапарларымда Іледегі қалың қызай елінің ішіне сіңген азғантай қаракерейлерді кездестірген едім...

Міне, нағыз нәубет тарих деген осылай жазылады. Өздері бар-жоғы отыз-қырық шақты ғана түтін екен. Олармен танысуымның өзі де бір ғанибет еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 14:31:13

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-21 14:38 өзгерткен

Бұл қаракерейлер заманның заманында сонау Шығыс Қазақстанның Үржар, Мақаншы өңірінен келгендер екен. Ал, Үржар мен Мақаншыда менің туыстарым тұрады. Баяғыда 2003 жылы Үржар, Мақаншы, Қарабұлақ, Жарбұлақ, Жансүгіров, Қамысқала (Андреевка), Қабанбай қатарлы жерлердегі туыстарымды түгендегенім бартұғын. Қазақтың басына түскен қара түнек заманда мұнда жасаған қаракерей баласы Қытай асқан болатын. Қытай асқанда да екі бағытпен асқан. Бірі Мақаншы арқылы Мақаншыға тиіп тұрған шекараның аузындағы Шәуешек қаласына қарай жылжыған. Бірі Тоқта тауын айналып, жұңғар қақпасы – Алатау аузы арқылы Бұратала, Арасан, Жың өңірлеріне, кейбірі Жың арқылы Күлөртең, Құсемшек, Ботақалған, Ашалы, Қутұмсық, Екісүлің асып, онан ары Шиқу, Сауан, Манас, Санжы, Үрімжі асқан...

Ал жаңағы қаракерейлер осы барыста Манастан кері жылжып, Іле ішіне келген екен. Ел бастаған бір көсемдерінің айтуында сол заманда бір кісінің нағашыларын паналаған екен. Демек, нағашылары қызай болса керек. Сонан, біраз жылдарға дейін қызай ішінде өсіп-өнген бұл ел өздерін қызай деп біліп жүріпті. Көне көз ақсақалдардың бірінен соң бірі кетіп, көненің көзіндей болып қалған ең соңғы біреуі өздерінің қызай емес, қаракерей екендіктерін, оның ішінде болатшы деген ру екендіктерін айтып кеткен екен...

Міне, қандай ашынышты тарих! Міне, осы тарихтарды біздің зиялы, ұлтжанды азаматтарымыз естелікке алуы керек. Баяғының естігені мен көргенін өмір бойы ұмытпайтын қариялары азайған мына заманда химиялық уланған азық-түлік жеп ержеткен біздің замандастарымыздың шала жетілген, бүлінген ми жасушалары мұндай тарихты дәлме-дәл ұстап тұра алмайды, оны енді бейне түсіргіш арқылы ғана сақтауымыз керек...

Ол бұл рулардың жеке рулық шежіре тарихы ғана емес, күллі қазақ баласының тарихы, ашығын айтсақ, қадап айтсақ, қазақ мемлекетінің тарихы болмақ! Ең дұрысын айтқанда, адамзаттың тарихы болмақ, қорлық пен зорлықтың, өктемнің әлсізге, көптің азға жасаған қиянатының нағыз шындығы осы болмақ...

Біз мұны күллі адамзат баласы алдында ашыққа шығаруымыз керек, қазақ деген жұрттың осындай нәубет тарихын сонау Африкадағы қара зеңгіден бастап Еуропадағы оқушы, Америкадағы құрамалы-құранды елдің барлығы білетін болуы керек...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)