Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 6 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бізге енді, осы ашынышты тарихтың барлығын халықаралық деңгейде көтеру керек. Ол үшін біздің зиялы жастарымыз көп еңбек жасауы керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 02:27:16

Орыстар не бары 300 жыл ішінде ғана алып елге айналып үлгірді. Ал, онан бұрын, орыстың князьдары Сібір хандары мен Қырым хандарының, мұңғыл хандарының аяғын сүйетін құлдар еді. Ал, ол заманда Сібір хандығын қазақтардың билегені белгілі. Бірақ, мейлі алпауыт түрік елі болсын немесе сол замандағы мықты елдердің санатындағы татарлар болсын, онан бергі башқұрт, шешендер болсын, онан бергі Сібір қазақтары мен кіші жүз қазақтары болсын, орыстардың жойқын шабуылдары алдында ұйымдаса білмеді. Орталарында береке мен бірлік болмады. Бір тіл, бір діндегі бауырын орыс ойрандап жатқанда, қызыл қырғынға батырып жатқанда, іргелес, көршілес отырған өзге түркі тұқымы өз басын ғана күйттеді. Бірақ, ең соңында барлығы орыс қолынан мерт болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 02:34:30

Бұл күлтегін заманындағы тарих еді. Күлтегін заманындағы тарих орыс заманында да қайталанды. Тарих қайталанады деген дәл осылай болады. Бұл тарих бүгін де қайталанып отыр. Орыстың тепершігін көріп отырған жалғыз ғана қазақ емес-ті. Орыс ойранын түркі тұқымдылар да, славиян тұқымдылар да қатар көрген болатын. Бірақ, осылардың ортасындағы ара байланыс шіркін-ай емес. Орта Азиялық одақ құруға өзбек құлықсыз болса, қырғыздың халі анау. Ал, жалғыз әзербайжан біресе Түркияға, Түркия арқылы Еуропаға, біресе Мәскеуге жалтақтайды...

Славян сөзі орыстың ескі сөзінде слави (әлсіз) мағынасында еді. Сол әлсіз славяндар бұл күнде кеден одағына бірігіп, қайтадан өз күшін тапқалы отыр. Кеден одағына кірген Қазақстанның Қытайдан алыстай бастауы Қытайдағы қазақтарға аса тиімсіз еді. Саяси жағынан да, экономикалық жағынан да. Енді, біздің қазақтарымыз өзгерген осы жағдайға сай, өз көзқарастарын, ұстанымдарын өзгерте білуі керек. Менің мұнда айтып отырғаным, соңғы жылдары Қытайда қалыптасқан қазақтың орта, шағын буржуазиясы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 02:48:38

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-20 02:58 өзгерткен

Бұл хақында, біраз уақыт бұрын, сен-қазақта қысқа бір жолдама жариялағамын. Жалғамасы: Http://www.senkazakh.com/bbs/forum.php?Mod

Енді, соны осы күлтегінге көшіріп алып келгенді оң көріп отырмын. Себебі, сайттарымыздың бір күн ауру, бір күн сау халі бәрімізге аян. Оқығандар аттап өтсін, оқымағандар болса, оқи жатар:

..................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қазақ кәсіпкерлерінің шығар жолы

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда орайынан пайдаланып, қаражат жинап қалған қазақтың қалталы азаматтары соңғы бір мезгілдерде Қазақстанның Ресеймен кеден одағына бірігуіне байланысты барған сайын тарайып келе жатқан кәсіпкерлік кеңістігіне қарап шарасыз қалып қалған жағдайы бар. Бұл - көпке белгілі шындық. Кеден одағын қарапайым қара халықтың өзгерте алмасы шын, демек, қалыптасып болған жағдайға наразы болып күңкілдей бергенше, оған бейімделіп тың жол ашудың қамын қарастыру керек. Бұл әдеби шығарма болмағандықтан, түсінікті болу үшін қысқа-нұсқа жазайық:

1.Қытай тауары ендігіде Қазақстан үшін арзан болмайды. Кеден салығы, жол ақысының молаюы кәсіпкерлерімізді қинауда. Екі арадағы баға да баяғыдағы сықылды емес. Демек, енді баяғыдағы алыпсатарлықтың заманы аяқталды. Сол үшін Қытайдан бір теңгеге алып, Қазақстанға екі теңгеге сататын алыпсатарлықтың жолы ендігіде күн санап тарая түсуі мүмкін.

2. Тасымалдау серіктіктерін, қамбаларды ашқан қалталы азаматтар ендігіде шығындарын өтей алмауы мүмкін. Демек, бұл да ақшаны күреп табатын сала болудан қалуы мүмкін.

3. Қазақстан алармандары үшін аудармашы болып жүргендердің жағдайы да күн санап қиындамаса, жеңілдемейді.

4. Шетелдіктер көп баратын асханалардың да жағдайы жақсармауы мүмкін...

Ал, енді не істеу керек?!

1. Көзқарасты өзгерту керек. Тауарды Қытайдан тасығанның орнына енді соны өндіретін зауыттарды алу керек. Қазақстанда өнім шығаруды қолға алу керек. Себебі, енді сіз өндірген тауар Қазақстанның он бес миллион халқына ғана емес, Ресейдің жүз миллиондаған халқына да кеден салығынсыз сатылады. Ол үшін азық-түліктің, киім-кешектің, басқа да тауарлардың ірілі-ұсақты сан-алуан түрін тауар ретінде өндіретін өнеркәсіпті қолға алу керек.

2. Жеке бір жігіттің қаржысы бұған жетпес болса, онда екеуі немесе оншақтысы жарна қосып бірігу керек. Серіктік болу керек, жарна салымы бойынша жұмыс жасау керек. Енді қазақ жігіттері жеке кәсіпкер болу заманына қош айтып, ұйымдасқан кәсіпкерлікке қарай бет алмаса, жағдай қиындай бермек.

3. Қазақстанда жер егу керек. Көкөніс өндіру керек. Парник – жылыжай жасағандарға мемлекет тарапынан берілетін қомақты сыйақы бар, оралмандар осы салаға қарай ойысуы керек.

4. Қазақстанда жеміс ағаштарын отырғызу, бау-бақша жасау саласымен айналысу керек. Себебі екеу. Бірі - Қытайдың арзан жемісі енді сізге бәсекелес бола алмайды. Екіншіден, жеміс бақшасын тұрғызғандарға мемлекет тарапынан берілетін қомақты сома бар. Сіз заң бойынша осы қомақты соманы ала аласыз.

5. Қазақстанда мал бақташылығымен айналысу керек. Ет бағасы көтерілген осы кезде, «Асық ойнаған азар, дойбы ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, көтен жеген озар» деген қазақ мақалының ақиқаты ашылып келе жатыр.

6. Мал бағудың басқа да жолдары бар. «Есі кеткен ешкі бағар» деген ғой. Өсімтал, шығымы аз ешкі тұқымы өсіру керек. Ешкінің Қазақстанда кең тараған, еті қой етіне бергісіз түрін көптеп өсірген оралмандардың етке де, ақшаға да қарқ болып жүргенін көріп жүрміз.

7. Ара бағу керек. Омарташылықпен айналысу керек. Бал қымбат, шығыны аз. Қайтымы тез.

8. Үйрек-қаз, тауық бағу керек. Шығыны аз, қайтымы тез.

9. Қоңыр аңдарды заңды түрде баққан оралмандар да жақсы күн көруде. Қысқасы, сан алуан шаруашылыққа қарай ойысу керек. Үрімжіде жиылып алып, әуежай мен пойыз бекет жағалағанша, сауда базарларынан табатын азғантай сіріңкелікке қарап, алтын бастарыңды жез қылғанша, осындай дұрыс кәсіпке ойысу керек.

10. Қазақстаннан басқа жақтарға қарай кәсіп көзін кеңейтуге ойысу керек. Шяңгаңға (Гонконгке) бару керек. Ірі келісімшарттарды Шяңгаңда (Гонконгте) жасап, сонда тіркеуге алдыру керек. Қытайдан Қазақстанға бағытталған сауданы Шяңгаңнан (Гонконгтен) Қазақстанға қарай бағыттау керек.

11. Дубайға бару керек. Қазір Дубайда Қазақстан базары ашылып болған. Қазақстанның машина алыпсатарлары Дубайдан машина тасиды. Ірі қаржысы бар, көліктің қыры-сырын білетін азаматтар Дубайдан сауда орайын іздесін. Себебі, Дубайдағы Қытай тауары Қытайдың өзінен арзан. Ең арзан дегенде, 50 долларға Италияның бәтіңкесін ала аласың. Ал, ол Қытайда он есеге қымбат.

12. Үрімжіде қара такси айдап, қалт-құлт етіп жүрген, бұрын қиқу ертіп (клиент, қазақстандық аларман), сонысы арқылы бір көне машинаға ие болып қалған орта шарқыларға айтарымыз - Дубайдағы үндістандық такси жүргізушінің бір айлық тап-таза табысы, кем дегенде бес мың доллардан асады. Себебі, онда мемлекеттік екі такси серіктігі бар. Паспортыңыз болса болғаны, сіздің қай елдің азаматы екеніңізге қарамастан такси айдауыңызға рұқсат береді. Әрине, көлік жүргізуден сынақ тапсырасыз.

.............................

Қытай қазақтары оралманы көп Талдықорған мен Шығыс Қазақстан облысына топырлай бермеуі керек. Себебі, Талдықорғандағы оралмандар Талдықорғанды қарбызға, картопқа, бұршаққа қарық қылып болды. Баяғыда Талдықорған мен Семейге ту сонау Шымкенттен, Тараздан, Өзбекстаннан қарбыз тасу тарихын Қытай қазағы аяқтатты. Үштөбе ауданындағы корейлердің кәсіпкерлігін Қытай қазағы тартып алды. Корейлерің Қытайдың қазағын иттің етінен арман жек көріп жүр. Қытай қазағы не ексе, соның бағасы арзанда кетуінің себебі жоспарсыз егуден. Не жоқ болса, соны егу керек. Сосын солтүстік облыстарға қарай көшу керек. Ол жақта өзіміз сықылды Мұңғылиядан келген қазақтар да бір ауыз орысша білмей жанын бағып жүр. Қытай қазағы бір жерге топырлап жиналып алғанды, бірі не істесе, екіншісі соны істегенді, бірі не ексе, екіншісі соны еккенді қою керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 02:55:22

Жә, өз сөзімізге келелік:

Бұл күндегі мемлекет ұғымы баяғыдағы мемлекет ұғымынан басқашалау болып бара жатыр. Мысалы, баяғыдағы мемлекет ұғымы бойынша алып қарасақ, Жапония да, Корея да дербес елдер қатарында емес еді. Ал, күллі Еуропаны Американың шылауында деп қарауға болар еді. Бұл күнде Американың әскері тұрмаған ел тым аз. Ашығын айтқанда, орыс пен Қытай, арасындағы Қазақ мемлекетінен басқа елдердің барлығын Американың шылауында деп қарауға болар еді. Ал, бұл хақында, кей ғұламаларымыздың айтуынша, қасиетті кітаптарда айтылған дейді. Мұның өзі ақырзаман келгендігінің бір белгісі дейді. Мүмкін, шын шығар. Ақиқат бір Аллаға ғана аян. Себебі, қазақтың «айқын» деген сөзінің өзі арабтың «өлім» деген мағынаны беретін сөзінен шыққан. Яғни, өлім - ол шексіз ақиқат.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 03:04:42

Ғаламдасудың аса қарқынды жүруі, мағруфтағы бір жұмыртқаны машрухтан көре алатын болуымыз – осы біздің заманымыздың жемісі. Бұл – адамзат тарихында бұрынды-соңды болмаған құбылыс. Қазіргі мемлекеттің қуаты оның әскери күшімен ғана өлшене бермейді. Көптен көп сол елдің қаржылық қуатымен де өлшенеді. Қазіргі мемлекеттің қуаттылығы оның жан санының молдығымен өлшене бермейді. Саны бар, сапасы жоқ тобырдан саны аз сапалы жұрттың артық екенін өмірдің өзі дәлелдеп келеді.

Мемлекеттің қуаты сол ел азаматтарының жеке қуатымен де қатысты. Жастары ойын-тамашадан бас алмайтын, оқу-тоқуға қызықпайтын жұрттың мемлекеті де ұзаққа бармайды, баянды болмайды. Біздің қазіргі қазақ жастарының мойнындағы міндет өте ауыр. Әрбір қазақ баласы өзін қазақ ұлтының, қазақ мемлекетінің тағдырына жауапты сезінуі керек

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 03:18:53

Қазақ орыстың саяси бодандығынан құтылған еді. Онысына 20 жыл болған еді. Енді кеден одағына бірікті, мұның саяси бодандықтың алдындағы қаржылық бодандық қамыты екендігін ашына айтқан қазақ зиялылар аз болған жоқ. Бірақ шала-жансар, барлық нәрсені өлі күйде қабылдай беретін қазақ қоғамы мұны да жансыз жағдайда ырықсыз қабылдады. Бұл бейне, баяғыда біз қаншама ереуілге шығып, ел ағалары қаншама зарлағанымен, биліктің өз ішінен қазақ жерін жекеменшікке беруді жасырын жасап жібергені сынды мәселе еді. Бұл күнде Қазақстанға оралған шетел қазағына Қазақстанның берер жері жоқ. Жердің барлығы жекеменшікке өтіп кеткен. Керек болса, сатып ал! Міне! Қытайдан келген егінші қазақты қинайтыны да осы. Ал, орыс билеген кеден одағы арқылы Ресейдің тауары Қазақстанға бірінші болып төгіліп келе жатыр. Қысқасы, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібінің өзі қазірден бастап Ресейден ыдыстар ала бастады. Осының өзі Қазақстанның Ресейге саяси тәуелдігілі ғана емес, қаржылық жағынан да жақындай түскенінің бір белгісі. Бірақ, осы бір жағдайды қазақ баласы енді өз пайдасына қарай пайдаланып қалуы керек, өзі үшін ғана емес, ел болашағы үшін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 03:23:42

Қысқасы, қойшы қойын бағуы керек. Балықшы балығын аулауы керек. Тарихшы тарихын зерттеуі керек. Саудагер саудасын жасауы керек. Бірақ, барлығы, барлығы қазақ үшін болуы керек! Біз сонда ғана әлемнің алдыңғы деңгейіндегі мемлекетке айнала аламыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 20:14:45

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

«Алматыдан сөйлеп тұрмыз...

Сөйлеп тұрған Алматы!»

Баяғыда бала күнімізде ауылда жүріп, қазақ радиосын тыңдайтынбыз. Ол замандағы радио осылай басталатұғын...

Аллаға сансыз шүкірлік, Алматыға да аман-есен жеттік, Алла қаласа, енді әңгімеміздің жалғасын жалғастыралық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 20:27:07

Тұлым бауырым, жалғасын Алла қаласа, енді жазамыз. Бұл шығарма басқа сайттарға алдымен жарияланған жоқ. Күлтегінде туындап жатқан төл шығарма. Демек, мен күлтегін сайтына төте жазып отырмын. Кейде парасатқа Торжорға торласымыз екеуіміз көшіріп отырамыз. Кейде Ақжүніс торлас бозбалаға көшіреді. Сенқазаққа Қарлығаш қарындасым көшіріп апарған еді, жуықтан бері қарбалас көрінеді. Қазірше, сенқазақта жалғасы жарияланбады. Осы орайда, күлтегін тор иелеріне, асабаларға, басқарушыларға, осы шығарманың жалпы жазылу барысында құнды пікірлері мен ойларын ортаға салған барша туыс-туғанға, бауырларға, қарындастарға, жалпы оқырмандарға айтар алғысым шексіз! Алла оларға разы болсын! Бұл шығарма менің ғана жеке шығармам емес, осындағы барша оқырман ортақ ат салысқан ортақ шығарма. Алла сіздерге, барша қазақ баласына шексіз шапағатын төге бергей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 22:52:06

Қанішер Сталиннің өзі сынды қанішер бір жолдасы болған еді. Оның аты Молотов болатын. Шындығында, бұл оның лақабы еді. Молот дегені өз тегі аты емес, өзіне-өзі қойып алған лақап еді. Қандай лақап дейсіз ғой, сол замандағы Кеңес Одағының туындағы балға мен орақтың бірі еді. «Молот» деген сөзді қазақшаласақ «балға» еді. Өз жолдарына берілгендері соншама, ата-бабасының соншама уақыттан жалғасқан тегіне дейін өзгертіп, қызылша ат қойып алған нағыз қызыл көсем еді. Шын аты-жөні Вячеслав Михайлович Скриабин еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 23:02:48

Орыстың Балғабайы - Молотов күн көсем Лениннің ең ұзақ жасаған жолдастарының бірі еді. Өкініштісі, өзі соншама берілген партиясы оны 1964 жылы партия қатарынан шығарып жіберген еді. Бір қызығы, өлерінде коммунист болып өлген беті, атеист күйінде Алланың дәргейіне барсын дегендері ме екен, өлерінен, яғни 1986 жылдан екі жыл бұрын коммунистік партияға қайтадан қабылдайды, қызыл партбилетті қайтадан қолына алған қарт көсем екі жылдан соң көз жұмған екен...

Осы Молотов қызыл қырғындардың қақ ортасында жүрген нағыз қанішер еді. Германия мен Кеңес Одағының құпия келісімдерінің барлығына қол қойған да осы Молотов болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 23:18:31

Молотов өлгенімен, оның аты тарихта ең жиіркенішті, ең сүйкімсіз аттар қатарында мәңгіге қалды. Оның артында оның өзіне-өзі қойып алған лақап аты Молотов бойынша «Молотов коктейілі» және «Молотов нан шарбағы» деген екі шулы атау қалды. Коктейіл дегені батыстағы дінсіздердің ойлап тапқан бір харамы ішімдігі еді. Қытайша жи уи жю 鸡尾酒 деп атайтын еді. Мұның Молотов атымен байланысуының өзі бір қызық хикая болатын. Ол шындығында Молотовтың тапқырлаған арағы еместұғын. Біздің шыншыл да ақиқатшыл күн көсеміміз Финляндия халқына Кеңес Одағы қызыл әскерлерінің жүргізген аяусыз қырғындаулары мен әскери ұшақтардың, бомбалаушы ұшақтардың тұрғындар районындағы бейбіт тұрғындарды бомба астына алып қырғындауларын аузы-мұрны қисаймастан күллі адам баласы алдында ақтап шыға келген еді. Ақтағанда да еш ақылға сыймастай, жер бетіндегі ең сұмдық өтірікті осы көсеміміз соққан еді. Қазақтың Судрахметтері мен Алдаркөселері бұл көсемдердің қасында кәсіби емес болып қалатын шығар-ау...

Бұл сол заманда Финландияда тұрған шетел елшілері мен қоғам қайраткерлерінің келтірген темірдей фактлері алдында айпарадай ашылған болатын. Соның өзінде де Молотов мұны кеңес ұшқыштарының Финландияның аш-жалаңаш халқына әуеден лақтырған нан салынған шарбақтар деп түсіндірген болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 23:24:53

Финлан халқы кеңес танклеріне қарсы қолданатын «бензин бомбаларын» сол беті «Молотов коктейілі» деп атап кеткен еді. Бұл атау батыста осы уақытқа дейін қолданады. Кейде бүлікшілер мен ереуілшілер қолданатын бензин құйылған бөтелкелердің де «Молотов коктейілі» аталатын кезі болады. Ағылшын тілді ақпараттарда бұл жалпыға түсінікті атаулардың бірі. Кеңес ұшқыштары бейбіт тұрғындарға лақтырған өртегіш бомбалар осы күнге дейін әскери салада «Молотов нан шарбағы» деп аталады...

Міне, керек болса! Біздің көсемдеріміздің адамзат терминологиясына қосқан үлесі!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 23:35:06

1940 жылы 18 маусымда Франция мемлекеті немістерге тізе бүгеді. Бұл адамзат тарихындағы ең таңғажайып оқиғалардың бірі болатын. Күллі Еуропадағы мемлекет қуаты жағынан да, дамуы жағынан да, байлығы жағынан да аса жоғары орында тұратын Францияның, Наполеонның отанының немістердің алдында соншама қауқарсыз қалуы түсініксіз жағдай еді. Ал, осы оқиға болған күні Кеңес Одағының сыртқы істер министрі болған Молотов Германияның Кеңес Одағындағы елшісіне өз құттықтауын жеткізеді! Демек, Кеңес Одағы мен фашистік Германия мұнан бұрынғы өзара шабуыл жасаспау шарты аясында бірін-бірі қолдап, бірін-бірі демеп отырған, бірімен-бірі еш айырмасы жоқ шапқыншы мемлекеттер еді...

Біздің бағынан соры қалың қазағымыз тура осындай шапқыншы, шын мағынасынан алғанда фашисттерден де арман фашист мемлекеттің бодандығында болған еді. Осы бір замандағы қазақ тарихының, қазақ тағдырының өзін ойлаудың өзі қаншалықты қасырет деші...

Қызыл майданды аралап жүрген әр сәтімде менің есімнен осы майданда сапта тұрған қазақтарым елестейді. Жалған ұран мен алдамшы сезімнің жетегінде, адасқан нанымға нанып, бірінен-бірі еш айырмасы жоқ шапқыншылардың арасында қырғындалған қазақтарымды ойлаған сайын көзіме ыстық жас оралады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 00:00:16

Баяғыда Алматыдағы «Хабар» телеарнасының «Бармысың, бауырым» атты бағдарламасына қатысқалы бардым. Шынымды айтсам, өзіммен қатар жақын жолдас жігіт те бар еді. Мен де, ол да Қазақстандағы жарты ғасыр табыспаған туыстарымызды іздейтін едік. Қытай мен Кеңес Одағының қарым-қатынасының жарты ғасырға жуық үзілуі, екі ел шекарасының мүлде жабық жағдайда болуы, Кеңес Одағындағы қазақтар мен Қытайдағы қазақтардың туыс-тумасымен тірідей айырылысқан ашынышты тағдырлары біздің барлық жазушымыз үшін өмір бойы жазып тауыса алмас сан алуан, сан қатпарлы шынайы да нағыз тарих болатын еді...

Сонда бір таңғажайып оқиғаны телеарнадан естідім...

Бізбен қатар туысын іздеген бір қазақтар сонау Еуропадағы Италия елінен хабарласқан екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 00:12:09

Италиядан хабарласқан қазақтар, шынын айтқанда, қазақ пен Италиян қызының арасынан туғандар екен. Әкелері қазақ екенін, отаны Қазақстан екенін өле-өлгенше құлақтарына құйып өткен екен. Әкелерінің тағдырлары тауқыметті болған. Соғыс кезінде тұтқын болып қолға түскен. Кейін Америка әскелері тұтқындарды азат еткен. Сонда Американың басшылары барлық Кеңес Одағы тұтқындарына сол замандағы құпия болғанымен ащы шындықты ашық айтқан. Ол заманда неміс қолындағы немесе жапон қолындағы Кеңес Одағы тұтқыны Кеңес Одағына қайтарылғаннан кейін өз отаны Кеңес Одағында сатқын ретінде немесе тыңшы ретінде сотталып, Сібірге сүргінделеді екен. Мұнысы тағы жеңіл жаза ретіндегісі екен. Ал, кейбірі сол заматта-ақ өлім құшады екен. Сонымен, жаңағы қазақтар Кеңес Одағына қайтпауға шешім қабылдап, Италия елінде қалған екен...

Сонан, Италиян қызымен үйленген. Бірақ өмір бойы өз отандарына жете алмаған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 00:16:22

Бір таңғажайыбы, жат ел, жат жұрттағы бұл қазақ жай қазақ емес, ақын қазақ екен. Балалары өздері түсінбегенімен, әкелері өмір бойы қағазға бір нәрселерді жазғандығын жазыпты. Бізге өлеңдердің мәтінін жүргізуші оқыған жоқ. Бірақ, өлең мәтіндеріне қарағанда, көптен көп құба құмдарды сағынып жазғанына қарағанда, батыс өңірдің қазағы болуы мүмкін деп айтады...

Қандай қасырет! Қандай аянышты тағдырлар! Мейірімі шексіз Алла Тағала қазақ баласына ендігәрі мұндай қасыретті тағдыр жаза көрмегей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-21 00:43:46

Қазақтың тағдыры осы күнге дейін өзгенің ойыншығы болды. Қазақтың тағдыры ғана емес, қазақтың миы, қазақтың көзі, қазақтың тілі, қазақтың көзқарасы тұтасымен жауланды. Біз өз миымызбен ойлау қабілетінен айырылдық. Біз өз көзімізбен көру қабілетінен айырылдық. Біз өз тілімізбен өз сөзімізді сөйлеу қабілетінен айырылдық. Негізі, мұның барлығы Алла тағаланың барша адам баласына тең сыйлаған сыйлығы еді. Біз осылардың барлығынан айырылдық. Біз көзімізден айрылып, көрсоқыр болдық, миымыздан айырылып, миғұла мәңгүрт болдық, біз тілімізден айрылып, мылқау болдық. Ең сорақысы, біз санамыз салданған, санамыз құлданған халде 20 жылдық тәуелсіздік тойымызды тойлағалы отырған таңғажайып елміз...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)