Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1918 жылдан басталған ашаршылықта, астықты үкіметке тапсырғысы келмеген бұқара өз үйінде бала-шағасының алдында атылып тастап отырды...

Ал, ашаршылықтан бұралған жұрт адам етін жеді.

Кеңес билігі қара халықты қырғындағанда болсын немесе патшаның тұқым-жұрағаттарын қырғындағанда болсын немесе Ақ патшаның әскерлерін қырғындағанда болсын, онан соңғы өз адамдарын, коммунистерді қырғындағанда болсын, тәсіл талғаған жоқ. Әрі бұларын асқан ерлік пен керемет шешімдердің қатарында сол замандағы газеттерінде мақтанышпен жазды. Әсіресе, қырғындалған адамдардың ішінде балағатқа толмаған бала-шаға да бар еді...

12 мен 14 тың арасындағы балалардың өзін қырып салған Кеңес билігі ештеңеден тайынбайтын еді...

1918 жылы шілдеде Ақ патшаның соңғы тұяғын тайлы-таяғымен, үрім-бұтағымен, құл-қосшысымен түк қоймай қырып салды, осыдан басталған қырғындау соңыра ала коммунистердің өзіне жалғасты...

1920 жылы мамырдағы бір газеттерінде өлімге үкім етілген мәлім Ақ патша сарбазының 3-7 аралығындағы төрт баласын, қарт шешесін «компартияның шешімі бойынша өлім жазасына кескендерін әрі дереу атқарғандарын» мақтанышпен жариялады...

1920 жылы Архангельскийдегі аштықтан бұралған 12 мен 20 арасындағы көк өрімдерді қырып салу оқиғасы тіркелді...

Қала «ажал қаласы» аталды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 08:55:13

Дәл осы қызыл алаңда, дәл осы кремльде көсемдер билікке келе сала әрбір атқан таң мен батқан күннің арасында мыңдаған адамдардың өлім жазасына кесілуіне әрі дереу атқарылуына қатысты бұйрықтарға қол қойып отырған екен! Қараңыз, біздің көсемдеріміздің біз баяғыдағы оқығандағы күні-түні қарбалас, халық үшін, Отан үшін ұйқысыз жұмыс істейді дегендегі жұмыстары осы екен! Айналасына, өзінің халқына ажал отын бүрку болған екен. Неткен қарбаластық десеңізші...

1937 жылы, 22 қарашада тек қана осы бір күнгі санаққа қарасақ, күн көсем Сталин мен оның өмір бойғы айтақтаған иті Молотов, Ждановтар бір күннің ішінде 1352 адамға өлім жазасын атқару туралы шешімге қол қойған екен! Тура осы жылдың 7 желтоқсанында 2124 адамды ату бұйрығына қол қойыпты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 09:08:27

Кісі өлтіру бәсекесіне түскен көсемдердің жүлдегері Сталин болса керек деймін. Өлімге үкім етілгендердің архивін ақтарғанда, Сталиннің қолы 44000 адамға өлім жазасын беру туралы бұйрықта, құпия құжатта кезіккен болса, оның жан серігі, баскесері Молотовтың қолы 43569 адамның ажалын жеткізген екен...

Қызыл алаңдағы нән қорғанға қараған сайын, менің көз алдыма төменде күн көсемдерге құрмет білдіріп қайшалысқан миллиондаған адамдар мен биік қабырғадағы сахнадан төменге қарап күлімсірей қол бұлғайтын көсемдер бейнесі елестейді де, өне бойымды бір суық ағын билеп кетеді...

Баяғыда Сталин билеген заманда әскери шерулерді көзден кешіретін үлкен мінбер алдында тұрып менің не ойлағанымды бір Алла ғана білер...

Я, Алла, мені кешіре көр...

Я, Алла, менің жүрегімді иман нұрымен нұрландыра көр, мені қашан да дұрыс жолға сала көр...

Адасқандардың, ашуға ұшырағандардың жолына емес...

Я, Алла...

Сыйынарым да, жалбарынарым да жалғыз сенсің...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 18:34:16

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-13 18:37 өзгерткен

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар қадірлі жамағат!

Таң бозынан Алматыдан шығып, жер жәннаты Жетісуға, Талдықорғанға келген едім...

Қазір Талдықорғаннан жазып отырмын.

Талдықорған – оралманстан. Оралманстан болғанда да Қытайдың қазағы Жетісуді жаулап алғандай. Тіпті мұнда Қытайда жүргендей сезінесің, бар айырмасы көшесінде Қытай жоқ...

Қытай жазуы жоқ...

Бір қызығы, қай жерде Қытай қазағы молайса, сол жерден орыстар, кәрістер, украиндер көше бастайды, кете бастайды. Бұл бір қызық құбылыс еді...

Бұған асықпай тоқталамыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 18:45:42

Менің бір жолдас жігітім осы Талдықорған маңынан үй алды. Үй алғанда да, қалаға жақын ауылдардың бірінен үй алып, өзі кірекештік қылып бала-шағасын, ата-анасын асырап жүр. Табысы жаман емес, жеке бизнесі де бар. Дүкен ашады. Қысқасы, жанталасып қалған жігіт. Ауадан ақша жасайды. Таңертең бисмилләсін айтып, Аллаға сиынып үйінен шығып, кеште нәпақасын тауып, үйіне табыспен оралады. Намазын оқиды, Алланы да, адамды да разы қылып жүрген бір момын еді. Сол өзі келе сала, өзі келген ауылдың ремонтшысы болып алған. Біреудің қолфоны, біреудің үтігі, біреудің кір жуғышы дегендей бұзылған заттың барлығын бұл ремонттаушы еді. Қолөнері бар болатын. Кіріспейтін ісі жоқ еді. Соның нәтижесінде, бүкіл ауылда ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып отырған, ауылдың суы мен тоғын басқаратын Петр мен Александр деген екі орыс жұмыссыз қалған...

Көп ұзамай Ресейге көшіп кеткен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 18:55:43

Тағы бір туысқанымыз осындағы Қарабұлақ деген ауданға көшіп келген. Ауызша Қарабұлақ дегенімен, заңды аты Ескелді би ауданы еді. Мұндағы оралмандар тұтас ауданды жаулап алған. Айналыспайтын кәсібі жоқ. Қысқасы, оралмандар мұнда қоғамның негізгі тетігіне айналып үлгерген. Жаңағы туысқанымыз Қытайда мақта өсіретін еді. Өзінде бар жоғы 15 му жер бар еді. Қазақшалағанда бір гектар жері ғана бар сол кісі жыл бойы жанталасып, күні-түні еңбек етіп, 3 баласын әзер асыраушы еді. Мақта егу дегеніңіз бір ауыр жұмыс. Бұл жұмыстың азабы мен машақаты мол. Тынымсыз еңбек. Жанды жегідей жейтін еңбек. Екпей тұрып, жерін аударғаннан бастап, құрттарға қарсы дәрілерді жерге себесің. Себебі, құрт дегеніңіз жау. Жердің өзі құрттап кеткен. Осыншама азапты еңбектен соң денсаулықтары да сыр бере бастаған еді. Бес жыл бұрын көшіп келді...

Қазір жарым капиталист. Бұл менің сөзім. Ауыл миллионері деп қоямын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-16 13:53:10

Зорлық пен қорлық барда тарих ешқашан шын жазылмайды. Тарихты жеңген жақ жеңілуші жақтың желкесіне мініп отырып жазады дейді. Осының бір дәлелі, біздің қазақтың ашаршылық тарихы. Яғни, қазақтың орыстың қолымен жасалған ашаршылық арқылы орыстың қырғынына түсуі. Бірақ, біздегі ашаршылық нағыз шындығын айтқанда үшеу еді. Бірі - ол қазіргі барлық қазақ білетін 1931-1933ж.ж. арасындағы ашаршылық. Яғни, Сталин заманындағы ашаршылық. Бұны біз білеміз. Себебі, бұл хақында айтылып та, жазылып та жүр...

Себебі, Сталин қылмысын ашу, Сталиннің бет-бейнесін ашық көрсету Хрущевтен басталды да, біртіндеп жарыққа шыға берді. Демек, мұны еш қорықпастан айтуға болатын тақырып болды. Бірақ, Ленин заманындағы қолдан жасалынған ашаршылық тақырыбы осы уақытқа дейін аса жабық әңгіме болып келгені сырлы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-16 13:55:41

Ленин заманындағы ашаршылықтың ашық айтылмауының сыры бар еді. Бұл хақында ғалым Тұрсын Жұртбай мырза жазып, айтып жүр деп естідім. Бірақ, жазғандарын, айтқандарын қолыма түсіре алмай жүрмін. Деректерге қарағанда, күн көсем Лениннің заманында жасанды аштықтан қырылған қазақтың өзі бір жарым миллионнан асып, екі миллионға жете қабыл болған дейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 14:34:06

Ауыл арасында жүріп, көзі ашық зиялы азаматтармен сырласа жүріп, өз шығармаң туралы әңгіме есту де бір ғанибет екен. Бұл да Алланың бір нығыметі болса керек. Жастары бар, орта жастағылары бар, зиялы кісілердің аузынан үшбу сапарнама туралы көп естідім. Естідім де кемі мен артығы туралы көп ой қорыттым. Неше түрлі қызық жағдайлар болды...

Менің осы шығарманың авторы екендігімді олар білген жоқ. Бір қызығы, ел арасында бұл туралы сан түрлі әңгіме бар екен...

Кейбірін естіп ішек-сілем қатты, біреулер өз фантазиясын қосып, мені аңыз адамға айналдырып жіберген...

Кейбір әңгімені естіп жағамды ұстадым...

Негізі қазақ сайттарының қоғамдағы ықпалы аса зор екеніне көзім тағы бір мәрте жетті...

Аман болыңдар, сайткер жігіттер! Алла сендерге разы болсын!

Жұрт арасында жоғарыдағы суреттің де аңысы қатты жоғары болған екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 16:54:38

Мәскеуге барған Қытайдың Уаң Миңның қабірыі көрмей кетуі мүмкін емес. Ал, осы Уаң Миң Қытай тарихындағы атышулы адамдардың бірі еді. Оның ең оңбаған жері, ол өз ұлты Қытай үшін емес, жанымен, тәнімен орыс үшін, Кеңес Одағы үшін істеген адам еді. Ақырында, армандаған Кеңес Одағынан топырақ бұйырған екен. Иә, кім нені тілесе, кім нені ниет етсе, соған жетеді деген осы да...

Осы Уаң Миңның Мауға қарсы жазған мақалаларын әлдебіреулердің ауызша айтуымен ғана естігенім болмаса, өз басым оқыған жоқпын. Себебі, саяси қырқыстарға зауқым жоқ еді. Бір қызығы, біздің тарихымыздағы ықпалы аса зор болған тағы бір Қытай бар еді. Оны мен бала күнімнен жақсы білетінмін. Оны қайдан білесің дегенде, Таңжарық ақынның біздің бала күнімізде пышақтың қырындай ғана бір кітабы болған-ды. Есімде қалуынша, қара тысты, қызыл жазулы еді. Мұқабасы жұқа болатын. Аты «Түрме халі» еді...

Сол Таңжарық сынды қазақтың сан марқасқасын құртқан бір жауыз бар еді. Аты Шың Шысай болатын. Осы Шың Шысайдың атын Мәскеуден естимін деп ойламаған екемін...

Сөйтсем, баяғының баяғысында, Уаң Миң орыстардың қолдауымен «коммунистік интернационализм» аясында, Қытай компартиясын басқарып тұрған заманда, біздің Шыңжаңды ұстап тұрған Шың Шысай ол кісіге хат жазған екен. Бұл хаттың мазмұнын да орыстар осы жақын жылдарда ғана ашыққа шығарыпты...

Мұны әріптестерім айтты. Аузым ашылды да қалды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 17:03:54

Шың Шысайды коммунист десе, сенбессіз. Бірақ, орыстар ашыққа шығарған тарих осылай. Құй, сен, құй, сенбе! Қаншама уақытты араға салып, шын тарихтың беті ашылып жатқан осы заманда, кейде неге сеніп, неге сенбесіңді білмей қаласың...

Шың Қытай компартиясының мүшесі емес, Кеңес Одағы компартиясының мүшелігіне өз еркімен, өз қалауымен өткен екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 17:14:17

Қатаң ескерту:

Қазіргі кезде, қазақ торлары Қытайда қатаң тәртіп астында екені барлығымызға аян. Торларымыздың, сайттарымыздың қайта-қайта сырқаттанып қала беретіні де аян. Аталмыш, бір күн ауру, бір күн сау. Сол үшін кей сезімтал тақырыптарды біз қозғамай-ақ қойғанды дұрыс көрдік. Қажет қылғандар Қытайдың меншігіндегі байду торабынан Шың Шысай деп-盛世才 іздесе, қытайлардың өзі жазған біраз сырға қанығады...

Мажар жолданған уақыты: 2011-9-19 17:18:13

Меніңше, бар білгенімді, естігенімді жазамын, бұл «таусылмас» десең болатындай.

Анау Россияға барған қытайлардың бәрі Уаң Миңның қабіріне бармай кетуі мүмкін емес дегенің ой жота болды. Сосын Шың Шысайды коминис деудің де тым негізі жоқ дақпырт, себебі Шың Шысай тірі қалуды ойлап, әрқайсы радикал күштермен ымыраласқандығы туралы анық айтылып жүр. Сен бір кеселге душар болып жан алқымда ақтық деміңмен сапарыңмен көрген-білгеніңді дін атына жамылтып жазып жатқандай алаңдай берем. Оқият қалдырып қойған, естен шығарып қойған бірнеше қатысты талаптарды ұмытып, өзіңмен болып кететінің де содан болса керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 17:21:04

Менің бала күнімде, шамасы, 1980 жылдар болса керек. Ол кезде біз әлі ойын баласы едік. Оқымаған болатынбыз. Сол заманда Нұрдан деген ақсақал болды. Сол ақсақалдың тарих туралы менің атаммен сырласып отырып, Шың Шысайды Шың Дубан деп мадақтаған өлеңдерді жатқа айтқанын естіген едім. Ол заманда бізге Шың Шысайдың кім екені қызық емес еді. Сөйтсек, біздің жағымпаз, жампой ақындарымыз Шың Шысайға да арнап өлең шығарған екен ғой. Біз мадақ айтпаған көсем қалды ма екен деші жер бетінде? Баяғыда бір жынды қазақ сонау мұхиттің ар жағындағы кастроға арнап мадақ өлең жазыпты деп естідім. Кастро да коммунист әрі күн көсем ғой...

Соны ойласам, қазаққа біткен қасиетті өнерді қор қылған кей қазақтарға не айтарымды білмей қаламын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 17:33:05

Иә, құрметті қандастарым, қазақтарым, Алла қаласа, кештетіп Алматыға қарай жолға шығамын. Қалғанын сол кезде айтысармыз...

Мәскеуді аралап болмадық әліге. Айтар сыр көп...

Жалықпассыздар деп өтінемін...

Аллаға сансыз шүкір. Күлтегінге Қазақстанның түкпіріндегі бір ауылдан шығып отырмын. Баяғыда осыдан 6-7жыл бұрын біз Қазақстанға интернетті сымсыз таратудың ең озық өнері болған WI-MAX технологиясын кіргіземіз деп жанталасып жүргенде, ауыл түгілі Алматының өзінде ADSL жоқ еді. Біздің өзіміз телефон сымы төте жалғанған модеммен тыртылдап отырғанда, Қытайдағы достарымыз ауылдың ауылында отырып алып, бір мега биттік жылдамдықпен кино көретінін айтып мақтанатын еді. Құдайға сансыз шүкірлік...

Қазір Қазақстан интернеті дамуы жағынан Қытайдан асып кетті. Алматыда оптика жалпыласқалы қай заман! Қазір қайда барсаң уай-макс. Ал, қытайлар былтыр ғана жалпыластырған үшінші дәуір интернеті Қазақстанға қызық болмай қалды. Себебі, оның жылдамдығы аса төмен саналатын болды бұл күнде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 17:42:53

CISCO өнерін Алматыда арнайы оқытатын оқу орнын ашты. Бұл күндегі Қазақстан баяғыдағы Қазақстан емес. Осыны ауылдан көріп қуанып отырмын. Ауылдың ауылында сымды-сымсыз телефонмен қатар интернет бар. Ақшасы да арзан. Бұл күнде қазақтелекомнан сырт, алма т в, дижитал т в, билайн қатарлы сан серіктік интернетпен қамдаумен айналысады. Баяғыда қазақтелекомның монополында болған заманда телефон орнату үшін жарты жыл жүретінбіз. Бұл күнде таңертең телефон соқсаң, түске жетпей үйіңе кең жолақты ғаламтор жалғанады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-19 18:39:45

Қазақстанның биылғы ғаламтор тұтынушылары былтырғыға қарағанда 40 пайыз артқандығын аз күн бұрын телеарнадан естідік. Астанада дәл қазір осы туралы конференция болып жатыр. Демек, былтыр 100 қазақ ғаламтор пайдаланса, биыл 140 қазақ ғаламтор пайдаланады деген сөз. Ең қызығы, Қытайда жоқ уай максті қазақтар қолданып жатыр. Ал, қытайлар болса, өгіз арбаның жылдамдығындағы 3G мен мақтанып отыр. Онысы, шындығында, TDS-CDMA-ның өзгерген бір түрі еді. Мұны қазақтар қазақтелеком мен аспантелекомның сымсыз қалалық телефонында қолданып жүр. Бірақ, Қытай өнері емес...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 01:12:55

Менің ойымша болғанда, орыстардың бізге, жалпы адам баласына ашпаған сыры аса көп. Оны алда орыс қоғамы демократиялана жатар болса, келешек еркін ойлы, демократиялық саналы орыс басшыларынан көп үміт күтуге болады. Себебі, сонау Хрущев заманындағы ашыла бастаған Кеңес Одағының былық-шылығы қазірге дейін жалғасып келеді, күн санап ашылып келеді. Сол жолғы жиналысқа қатынасқан Қытай партия-үкімет мүшелерінің Сталиннің ашылған арамдықтары туралы қайшылықты көзқараста болғаны тарихтан бізге белгілі. Бұл хақында Хрущевтің кейінірек жазған естелік кітабынан оқуға болады. Менше, қытайшасы 赫鲁晓夫回忆录 болуы мүмкін. Бұл жағы есімде дұрыс қалмаған екен. Егер, дұрыс болмаса, білетіндердің дұрыстап қойғанын сұраймын. Ғаламторды еркін пайдаланатын тарих ғылымына қызығатындардың ғаламтор теңізінен күн көсемдердің осы бір кітабын іздеп тауып оқуына болады. Қытай құрылығында мұның баспадан жарық көргенін, не көрмегенін білмеймін, бірақ менің қолыма баяғыда біреулер арқылы мұның ескі қытай қарпімен жазылған бір нұсқасы түскен болатын. Хрущев онда Мау туралы ұзақтан-ұзақ тоқталған болатын. Әрине, Мау мен Хрущевтің тарихтан бір-бірімен шығыса алмағаны белгілі. Бірақ Қытайдағы үш жылдық «табиғи апат» себебінен болған апат туралы, әрі бұл хақында кімнің жауапкершілік арқалауы керек екендігі туралы Хрущевтің жазғандары бір оқып көруге тұрады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 01:19:34

Біздің қазақтың қанды тарихы да орыстың құпия тарихы ішінде жатыр, алда, Алла қаласа, біз қазақ тарихының да біз осы күнге дейін білмеген сан қырымен таныса алатын боламыз. Себебі, тек қана Қазақстанның өзінде сақталған партия мен үкіметтің кезіндегі қазақ баласы атаулыға мүлде жабық қоймаларының есігі бұл күнде көп қазаққа ашық. Біздің көптеген зерттеушілеріміз қазір бұл туралы көп ізденістер жасап жатыр. Өкініштісі, қазақтың да бірқатар ардагерлері мен саяси тұлғаларының былығы мен шылығы, екі жүзділігі, сатқындығы енді-енді ашылып келе жатыр. Бірін-бірі орысқа сатқан, бірінің үстінен бірі жалалы хат жазған кей тұлғаларымыздың біздің еш сыйлауымызға тұрмас жандар екенін де біз енді-енді ғана біліп келе жатырмыз. Әрине, соның өзінде де шет жағасын ғана. Алда бұл сырлар тағы да молынан ашыла түседі деп сенеміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 01:27:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-20 01:33 өзгерткен

Қытайға Қытайдың соңғы патшасы, тегі қытай емес, шүршіт ұлтынан шыққан Пуииды (爱新觉罗溥仪) тірідей қайтарып берген шүлен жомарт орыстардың қазақтың соңғы патшасы хан Кененің өлі басын қазаққа қайтармай отырғанының өзінде сан сыр бар. Біздің тарихымыз да бейне осы хан Кененің басы сықылды. Біз өз тарихымыздың сан алуан көлеңкелі, сырлы тұстарын орыс пен қытай ашық тарихқа ашық көзқараспен қарайтын болған бір заманда ғана жете алатын боламыз. Себебі, Қазақстан бір замандағы жабық ел. Қазіргі егемен ел. Бұл елде тағдыры тоғысқан соншама ұлттың барлығының өзі осы топырақтағы қанды қырғындардың қазіргі куәсі. Кез-келген Қазақстан кәрісін ұстап алып, оның сонау қиыр шығыстан мұнда қалайша келгендігін сұрай қалсаң болғаны, ешқашан, еш кітапқа жазылмаған сан сырға қанығасың...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-20 02:19:39

Қазіргі Қазақстандағы барлық бұратана ұлттардың, қытайша айтқанда, Қазақстандағы аз санды ұлттардың барлығының қанға толы, қасыретке толы тарихы бар еді. Ең қысқасы, кеше ғана жер жәннаты Жетісудің төрінде демалып, қымыз ішіп отырып, КТК арнасын қоса қалсақ, атақты күлдіргіші Бауыржан Ибрагимов сөйлеп жатыр екен. Сыйласып жүретін ағамыздың арғы тегі Иран екенін білсек те, кеше тың бір сырға қанықтық...

Демек, ол да сол бір қызыл нәубет заманның туындысы екен. Қазаққа қаншама күлдіргіні сыйлап, қамыққан қазақ баласын қазақы қалжыңға қарқ қылған ағамыздың әкесінің өзі Иран мен Әзербайжан шекарасына жақын жердегі Иран жерінен бастабында Сібірге, сосын Қазақстанға, Шымкентке сүргінделген екен...

Сонан қыпшақтың қызына үйленіп, қазаққа сіңісіп кеткен екен. Бәукеңнің өз аузында мұның біраз қасыретті тұстары айтылады...

Баяғыда біздің бір оқымысты ағамыздың ұлының үйлену тойына қатысқанбыз, келінін ирандық дегенде аң-таң қалған ем, сөйтсек, Қазақстанға аударылған ирандықтар да аз емес екен...

Есімнен өмірі кетпестей болып бір қалғаны - тойды жүргізген асабалар, әншілер тұтасымен шымкенттіктер болған еді. Иран қыз қазақша сөзді түсінбей, Иран құдалар Қазақстанда соншама жыл (тұтас бір ғұмыр) жасағанына қарамастан, қазақша дым түсінбейтіндер екен де, тойды қазақша емес, орысша жүргізсін деп, екі арада қырғын дау болған еді...

Бір қызығы, Шымкенттің қазақтары орысшаға қатты шорқақ болатын, шорқақ болғанда да, екі сөздің басын құрай алмайтындар екен. Сонымен амалдары құрыған құдалар қазақша айтылған қалжыңдарға өтірік күлгенсіп отырған еді, амалсыздан...

Қиыр шығыстан Орта Азияға сүргінделген кәрістердің қырық күн бойы тік тұрып келгендерін білетін едім, иен далада сүйектері шашылып қалған кәрістердің бұл күнде тұтасымен орыстанып, орыстан қыз алып, орысқа қыз беріп, тек қана тектерін (фамилияларын) кәрісше атап, аттары тұтасымен орысша болып кеткені шындық болатын. Қазақстанда танымал болған Виктор Цой деген кәріс аңшысының аты да осылай еді. Ал, біздің бір серіктесіміздің аты Владимир Ким болатын. Ким дегені қытайша Жиін 金 болса, Цой дегені қытайша Суй 隋 еді. осы кәрістердің барлығы өз қанды тарихтарын жазып шығып болды. Тым ұзаққа созылған, сонау қиыр шығыстан Орта Азияға дейінгі екі арада, ауырып өлген, аштан өлген кәрістердің өліктерін ағаш вагондардан сыртқа лақтырып отырғандарын ашына жазады...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)