Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 1917жылғы октябрь төңкерісінің 90 жылдығы қарсаңында, күллі дүниені дүр сілкіндірген бір айтулы оқиға болды. Аталмыш оқиға Қытай ақпаратында елеусіз қалды. Бірақ, қызыл үкіметтің қып-қызыл шындығын ашып тастаған мақала тұтас Еуропаны, күллі Кеңес кеңістігін әрі-сәрі қылды. Немістер орыстармен ешқашан отаспас ел екенін тағы бір рет дәлелдеді, негізінде немістердің қолындағы құжаттар, әсіресе орыс қылмыстарын ашатын құжаттар мұнан да көп. Олар тек қажетті деп білген мерзімдерінде ғана бір-бірлеп тарихи шындықтарды ашып отырады. «Сатып алынған төңкеріс» деп тұтас мұқабасына ірі жазу жазылған беті баспадан шыққан «Асыл айна апталығы» журналының 50-санында «неміс патшасының төңкеріс іші» деген тақырыппен жазылған мақала орыстарды есінен тандыра жаздады. Мақалада Ленин мен неміс патшасы арасындағы құпия келісімдер ашып тасталынған. Сол заманда 1917 жылы неміс патшасы Ленинге 26 миллион марка жәрдем берген. Ал, экономисттер мұның қазіргі 75 миллион еуро екенін есептеп шыққан. Мақалада жазылуынша немістің көмегі болмаса, Лениннің атақты «ақиқат» газетін зор тиражбен таратуы да мүмкін емес екенін ашып айтқан. «XX ғасырдағы орыс тарихы» атты кітапта жазылуынша, Ленин бастаған октябрь төңкерісі ешқандай бір төңкеріс сипатын алмаған. Бұл кітап біз ғасырға жуық уақыт бойы «Ұлы төңкеріс» деп атап келген қазан төңкерісін бар-жоғы «саяси өзгеріс» деп қана баға берген. Ал немістер мен кейбір орыс зерттермендерінің айтуына қарағанда, күн көсем Ленин немістердің орыс патшасын аударудағы жандайшабы болған. Кімге сенеріңді білмейсің...

Бірақ аталмыш журналдағы келтірілген дәлелдер мен фактлер, суреттер, құпия келісімшарттардың суреттері мұны айғақтап тұр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 16:46:09

Қытайдан келген туыстарыммен бірге Алматыда шапқылап жүргеніме де біраз болды. Қытай қазағы қызық-ақ. Баяғыда сол туыстарымды жалынып-жалпайып жүріп Қазақстанға шақыра алмаған едік. Ендігіде, өздері шапқылап жүр.

Ерте келген орыс алады, кейін келген қоныс алады, келмеген несін алады?!

Бойдақ күнінде қарыны тойғанымен ғана есептесіп жүргенінде балалы болғасын басы қата бастаған. Көзі де ашыла бастаған. Бала деген бауыр ет қой. Балаң иманды болса өз балаң, имансыз болса шайтанның баласы. Ұлын қытайша оқытқан елдің өкінгені аздау шығар, бірақ қызын қытайша оқытқандар сөзсіз өкінбек. Оны айналамыздағы өмір дәлелдеп келеді. Қытайша оқыған қыз біреуге қатын болып та қарық қылмайды екен, біреуге келін болып та қарық қылмайды екен. Әрине, мұның барлығы салыстырмалы түрде айтқан әңгіме, арасында дұрыстары да бар болар, бірақ Қазақстан қазақтарының қорытқан бір тәжірибесі бар, ұлдарын орысша оқытса да, қыздарын қазақшаға береді. Бұл ақылды қазақтардың ісі. Неге екенін баяғыда бір сұрағанымда, бір апамыз былай айтқан-ды:

-Ұл ғой қазақтан қыз алар, бірақ қыз орысша оқыса, орыс болып кетеді, бірі еліктегіш әйел заты, екіден қазақшалығы жоқ, қазақылығы жоқ қыз кімге келін болып қарық қылсын?! Сондықтан, қызды қазақша оқыту керек...

Міне, сол апамыздың сөзі әліге есімнен көтерілер емес...

Жаңа ғана Қаскелеңнен келдік. Назарбайдың өскен ауылы. Туыстарым баяғыда бір келіп қайтқан. Алматыдағы әрбір өзгеріске таң-тамаша. «Алматы керемет дамып кетіпті» деп аузының суы құрып жүр. Иә, Алматының қазақыласқаны, Алматының қазақтасқаны оларға ерекше әсер қылған...

Көше толы қазақ. Ары-бері сабылған, ағылған қазақ...

Қайда қарасаң да қазақ...

Оңыңа қарасаң да қазақ, солыңа қарасаң да қазақ...

Алдыңда да қазақ, артыңда да қазақ...

Қазақ, қазақ!

Айта берсең әңгіме көп. Оны кейінгі күндердің еншісіне қалдырып, қазір Мәскеуімізді аралай берейік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 18:12:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-12 18:18 өзгерткен

Арбат көшесі Мәскеудің символы еді. Бұл жаяулар көшесі болатұғын. Бейжіңдегі Уаң Фу Жиң көшесі немесе Шаңхайдағы Нанжиң көшесі сияқты еді. Арбат көшесінің аты өзіміздің татар туыстарымыздың сөзімен қойылғанын бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді. Мұны мойындаған орыс жоқ. Бұл жер баяғыда біздің түркі тұқымдары орысты билеп тұрған заманда Мәскеудің ең думанды көшесі болған. Арбалы аттармен байлардың арлы-берлі серуендейтін көшесі болған. Яғни, арбалы ат көшесі деген сөз еді. Мұндай көше Алматыда да бар, орысқа еліктеуден алдына жан салмайтын біздің қазақтар көк базардың батысындағы Жібек жолының жалғасын осылай атап алған. Баяғыда «тсұм» деп атаса, «сұм» деген сөз екен деп, жүрегіміз зырқ ете түсетін, сөйтсек Заңғар сауда орталығы екен ғой, Кеңес кезіндегі «орталық сауда магазины» дегеннің қысқартындысы болса керек, қазір сол көшені арбат көшесі деп жүр...

Атақты Пушкин ақын осы көшеде тұрған екен. Арбат көшесі 53-номер! Орыс меншіктеніп алған арабтың ақыны Пушкин осы арада 1830 жылдан бастап тұрған екен.

Пушкиннің араб екенін алғаш естігенім ертеректе еді. Баяғыда сонау сексенінші жылдарда біз оның өлеңдерін оқығанбыз. Ол кезде біз оны орыстың ұлы ақыны деп қана білдік. Кейін есейе келе Пушкиннің повесттерін оқыдық. Сонда да оның басқа ұлт адамы екенін білмедік. Кейін осыдан бес-алты жыл бұрын Үрімжідегі «локоматив» қонақ үйінде (қытайшасы 火车头) біраз мезгіл жатқаным бар болатын. Қонақ үй өзі тым шіркін-ай болмағанымен, менің бұл араға түсуімнің себебі, оның астындағы қазақы тағамжай еді. Қытайша-ұйғырша ашты-құштыдан гөрі маған таза қазақы тағам бәрінен маңызды еді. Осы қонақ үйдің залында Пушкиннің суреті бар болатын. Қабырғаға сызылған сурет еді, үлкен еді. Мүмкін, қазірде де бар болуы мүмкін. Бір қызығы, аталмыш сурет шындықты негіз еткен сурет болғандығымен ғана менің назарымды аударған еді. Себебі, Кеңес кезінде де, онан кейінде де, Пушкиннің арабтарға тән қоңырқай өңін орыстар шектен тыс ағартып, орысқа жақындатып сызса, мұнда оның араб екендігін анық көрсеткен еді...

Шашы да арабтардікі құсап қысқа әрі бұйра-бұйра еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 18:41:16

Пушкин туралы арабтар мен орыстардың арасында әрқалай сөздер бар. Бірақ, қазақ пен қытайдың ортасындағы Ли Бай ақын сықылды емес еді. Біздің Қазақстанға Түркиядан оралған (арғы тегі Қытайдікі болса керек деп шамалаймын) бір ағамыз Ли Бай ақынды қазақ қылып дәлелдеп жүр. Осы жақында ғана шамасы бір ай бұрын Алматының адамды жалықтырып жіберетін көлік кептемесінде тұрып радионы қоса қалсам, сол кісінің бағдарламасының соңы болып жатыр екен. Әйтеу, Ли Байды қазақ деп дәлелдеп жатыр...

Қызығы, Ли байға қырғыздар да таласып жүр. Ли бай да қызық адам екен. Артындағы жұрттың осылай таласарын білмеген ғой...

Пушкин туралы мұншалық қиянкескі талас, мүмкін, болмаған болар. Бірақ, оның орыстардікіне мүлде ұқсамайтын бет әлпеті, өң тұрқы, мінезі, ақындық жайсаңдығы, қысқасы, Пушкиннің барша болмысы өз заманында өз ортасына сиыса алмастай еді...

От пен судай еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 22:11:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-12 22:25 өзгерткен

Пушкин туралы талас баяғыдан бар. Бірақ, оның қанында араб қаны бар екені талассыз ақиқат еді. Таластың басы оның ата-бабаларының орыс еліне қалайдан қалай келгендігі, араб болғанда да қай жақтың арабы екендігі туралы еді. Орыстарда аралас қандылық баяғыдан бар. Күн көсем Лениннің қанында мұңғылдың қаны бар. Орыстар азиялық жалпақ бетті, қысық көзділердің барлығын баяғыда мұңғыл дей салатұғын. Оның үстіне, Лениннің оқыған жоғары оқу орыны Қазан университеті еді. Ленин аласа бойлы еді. Көзі қысық болатын. Оның жалпы сыртқы көрінісі, адамға беретін әсері - оның таза орыс еместігі еді. Түрік зерттеушілері архивтерді ақтарып жүріп, күн көсемде башқұрт қаны бар екенін анықтап шыққан болатын баяғыда. Ал, кім мықты болса, соны өзіне теліп алатын еврейлер оны баяғыдан-ақ еврей деуші еді. Бір қызығы, әркімнің өз дәлелі мен дәйегі бар болатын. Бұрынырақта айтқанымыздай, Лениннің қанында еврей қаны бар екендігі талассыз еді. Ленин орнатқан социялистік түзімді батыс қоғамының «еврей социялизмі» деп атауының сыры бар еді. Себебі, сол заманда, Ленин мен Сталиннен басқа жалпы Ресей төңкерісшілері мен коммунисттерінің арасындағы жоғары дәрежелі кадрлардың ішінде жалғыз ғана бір орыс бар болатын. Қалғаны тұтасымен еврей еді. 96 пайыз еврей басқарған октябрь төңкерісін еврей төңкерісі демей не десін?! Билігін еврейге ұстатқызып қойған орыс қауымының тағдыры міне осылай еді...

Сібірдің орыстары, қандары өзге қанмен араласпаған орыстардың түрі Мәскеудегі қырық темірдің қылауы болып кеткен орыстардан мүлде басқа еді. Мәскеуден таза қанды бір орысты тауып алудың өзі мұң еді...

Сондықтан, Мәскеушілдер мен Петршілдер деп екі үйекке жіктелген бүгінгі орыс элитасы, саяси топтарының арғы жағында таза орыстар мен шала орыстардың жасырын ішкі қақтығысы бар еді.

«Сұхбат» дүние мәдениеті Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 22:46:35

Бір ұлттың бөгде бір ұлттың ішіне басы бүтін сіңіп кетуінің жақсылығы мен жамандығы бар еді. Бұл мәселе сіңуші ұлт пен сіңдіруші ұлттың әрқайсысы үшін ұп-ұқсас жағдайда қос жүзді қылыш сынды еді. Мысалға Түркияны алайық. Біздің түрік туыстарымыз гректерді қырып салып, олардың атамекендерін, қазіргі түрік жерін жаулап алды. Ол заманда бұл жер Византия деп аталатын. Ол заманда бұл топыраққа таласпаған жұрт жоқ еді. Үрімдіктер, арабтар, гректер тұтасымен қазіргі түрік елінің жеріне сан келіп, сан кеткен қонақтар еді. Бірақ, осы жер ең соңында біздің туыстарымызға тиді. Ал, осы жауынгер түріктер өздерінің ерен ерлігімен, ақыл-парасаттарымен, тоқтаусыз қырғын соғыстарымен осы жердегі барша ақ нәсілді, қара нәсілді, орта шығыстық нәсілдегі хемит-семиттерді тұтасымен өздеріне сіңдіріп алды. Шындығын айтқанда, бұл құбылыс жарты шелек суға жарты шелек су қосқандай іс еді. Суды сүтке қосқаныңды, әлде сүтті суға қосқаныңды айыра алмас ең. Сонымен, қазіргі біздің түріктеріміздің қанында арабтың да, гректің де, еврейдің де, қызылбас Иранның да, атын біз айтып бере алмайтын сан алуан жұрттың қаны тұтасымен бар еді...

Осыдан түрік жұрты мәлім бір тұрғыдан алғанда пайда көрді. Саны өсті. Сапасы артты. Соншама бұратананы өз нанымдарынан бас тартқызып, мұсылман дініне сендіріп, өз тілдерін ұмыттырып, ортақ түрік тілінде сайратты да қойды. Бірақ, бұдан туған қоғамдық мәселе де бар еді. Сол заманда, түрік қылышынан қорыққандығынан ғана мұсылман дінін қабылдағансыған еврейлер бар еді. Олар күндізі мешітке барғансығанымен, кештерінде үйлеріндегі синегоголарына шоқынатын еді. Міне, сол еврейлер бүгінгі түрік қоғамын тұтасымен меңгеріп отыр...

Түрік кинолары Қазақстанды жаулағалы қай заман. Осы бітпес, таусылмас, дәм-татуы жоқ түрік сериялдарынан, Жандарбек Бұлғақов ақынша айтқанда, бұл күндегі қазақ баласы телеарнадан қазақтың ақындарын емес, түріктің қатындарын тамашалап кеткен еді. Ал, осы сериялдардан таза мұсылмандыққа тісі мен тырнағына дейін қарсы тұрған бір идеяны байқау өте оңай еді. Себебі, түріктердің киноларында көбінеки ұры-қарылар мен тонаушы-қарақшыларға немесе баскесерлер мен зинақорларға үнемі тасбиқ тартқызып, уағыз айтқызып қоятын еді...

Билік басына мұсылман Ердоғадан басқасының келе алмауының сыры бар еді. Себебі, олар мұсылмандықты халқы қатты ұстанғанымен, билігі ұстанбайтын ел еді...

Қазіргі Қазақстанның Қазақстан азаматтарының жеке куәліктеріне, паспорттарына ұлт айырмасын жазбай, біртұтас қазақстандық деп аталатын ұлтты қолдан жасамақ болғанының мақсаты да осы еді. Сол арқылы Қазақстанды таза қазақ ұлты емес, сырттан келген жалған қазақтардың немесе қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат ұлт өкілдерінің билеуіне заңдық тұрғыдан жол ашу еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 23:26:49

Орыстанған еврейлердің Мәскеуді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрғандығын бір барғаннан-ақ білдік. Онан кейінгі сапарымда бұған анық сене түстім. Менің көзіме еврейлер бірден білінетін. Әсіресе, соңғы кездері, Шяңгаң (Ганконг) жағалаған орыс алпауыттарының Шяңгаңдағы (Ганконгтағы) еншілес серіктіктерінің басқарушылары, жоғары дәрежелі финанс мамандары, бизнесмендер тұтасымен еврейлер еді. Америкадағы еврейлердің бір ерекшелігі- олар өздерінің еврей екендігін ашық айтатын еді. Оларда жасырып-жабу деген мүлде болмас еді. Ал, орыс жеріндегі еврейлер болса, қатты жасыратын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 00:56:24

Ленинді қатты әсерлендірген бірінші Қытай Сұн болған екен. Ол заман Лениннің жаңа билігінің күллі жер бетінде жападан-жалғыз қалған кезі еді. Осы кезде Сұн мырза Ленинге телеграмма жолдасын кеп. Бұл 1918 жылдың жазы еді. Бұл кезде су жаңа Совет билігі қарсылас мемлекеттердің қарулы арандатуларынан көз аша алмай, халықарада жалғыз қалған кезі еді. Сұн Жұңшан ол кезде «Жұңхуа төңкерістік партиясының» көсемі болатын. Сұнның Ленинге жолдаған телеграммасы Лениннің қолдаусыз, доссыз, көмексіз жағдайдағы қысылтаяң кезінде оған зор рухани медет болғаны шын еді. Іле-шала Кеңес билігі Қытайға қаратқан атақты мәлімдемесін жариялайды. Бұл 1919 жылдың шілдесінің 25-жұлдызы еді. Аталмыш мәлімдемеде айтылғанындай, жаңа құрылған Совет үкіметі шар Россияның Қытайға зорлықпен таңған барлық теңсіз келісімшарттарын бекерлеп, Қытайдан заңсыз әрі зорлықты түрде иелеген барлық құқықтарынан өз еркімен бас тартатын болғандығын мәлімдеген еді. Мұның ішінде Ақ патша жаулап алған Қытай территориялары да бар еді...

Қытай ұлтшылдарының есінен осы мәлімдеме осы күнге дейін шықпай жүргендігінің мәні бар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 01:21:12

Шар патшаның Манчиң үкіметімен жасасқан теңсіз шарттарын біз тарих пәнінен бала күнімізден бастап өте көп оқып кеткен едік. Біздің заманымыздағы оқулық дегеніңіз де керемет қой. Күллі дүниені өзіміз жасайтын ауылдың үлкендігіндей ғана деп сезініп жүрген, әріп танымайтын бірінші кластың баласын қап сақалдары аузы түгілі тұтас бетін жапқан «төңкерістік достар» Маркс пен Энгельстің суреттері арқылы тәрбиелегесін, басқа артық сөз айтудың қажеті жоқ-ты. Я, ол заманда, біз тарих пен саясатқа бала күнімізден жетіліп шыққан ек...

Ленин атамызды дәріптеген шығармаларды оқығанда, күндердің бір күні сол атамыз басқан жерді басып, сол атамыз билік құрған қызыл алаңда серуендеп, ол замандағы миымызға өз еркімізден тыс тықпаланған көзқарастарға мүлде кереғар ойлармен толғанып жүрерімді ойламаған едім...

Ендеше, қазір осы «теңсіз келісімшарттар» хақында сөз қозғайық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 01:43:45

Қытай жылнамаларын ақтаралық:

(өз көзқарасымыз емес, Қытай көзқарасы...)

1689 жылы 7 қыркүйекте Кәңши патшаның билік тұтқандығының 27 жылында, Шиң Анлиң және Ерғуна өзенінің батысындағы 250 мың шаршы шақырым (квадрат километр) жер шүршіт билеген Манчиң (Қытай) үкіметі құзырынан Ақ патша құзырына өтті...

1727 жылы 21 қазанда, Иұңжың патшаның 5 жылында Байқал көлінің оңтүстігі мен батыс оңтүстігіндегі 100 мың шаршы шақырым жер орыс билігіне өтті...

Шүршіттер амалсыздан шақыты келісімшартына қол қойды.

1790 жылы Чянлұң патшаның 55 жылы 100 мың шаршы шақырымдық жері бар күйе аралы шүршіт билігінен кетіп, орыс қолына қарады...

1840 жылы Даугуаң патшаның 20 жылы...

Тегінде «біздің бағынышты еліміз болған қазақтардың» миллион шаршы шақырымдық жері Ресейге қарады...

Тура осы жылы «біздің бағынышты еліміз болған» бұряттардың 100 мың шаршы шақырымдық жері Ресейге қарады...

1858 жылы мамырдың 28 күні, Хилұңжяңнің терістігіндегі 460 мың шаршы шақырым жер Ресейге қарады...

1860 жылы 14 қарашада Уссури өзенінің шығысындағы 430 мың шаршы шақырым жер Ресейге қарады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 01:56:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-13 02:24 өзгерткен

Жалғасты тізе беретін болсақ, жұрттың барлығына белгілі атақты Шәуешек келісімшарты, Іле келісімшарты, Тарбағатай келісімшарты - дегендерге соғады екеміз, онан ары қарай Ялта келісімшартына барып ентігімізді басып солықтап барып тоқтайды екеміз...

Айтпақшы, Ялта келісімшартына қол қойған кез 1945 жыл еді. Екінші ғаламдық соғыс аяқтап, Гуо Мин Даң билеген Жұңхуа Мингуо жеңуші елдер қатарында Ялта жиналысына қатынасқан еді. Бұл Гуо Мин Даңның билік ұстағанына 34 жыл болған кез еді...

Демек, Қытай емес, шүршіттен тегі мүлде бөлек, таза Ханзу ұлты билік тұтқасын ұстаған Жұңхуа Минго мемлекеті осы Ялта келісімшартына қол қойып, «сыртқы Мұңғылияның» дербестігін мойындап жібереді ғой...

Сөйтіп, бір миллион 440 мың шаршы шақырым жерден тағы да айырылады...

Осы жылы қазан айында Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Америка Құрама штаттары келісімге қол қойғасын, сыртқы мұңғылдар аталмыш «жалпы халықтық дауыс беру» арқылы өздерін дербес деп жариялап, Отан құшағынан сытылып шығады...

Бұл тарихтар мұндағы оқырмандардың барлығына өте, өте, өте таныс болғандықтан, бұл арада қайталап отыруды жөн көрмедік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 02:17:07

Иә, Ялтә жиналысындағы Қытай уәкілінің орындалмаған арманының бірі осы мұңғылдар еді. Демек, сыртқы мұңғыл үшін Қытайдың заңды үкіметінің қолы қойылған егемендік осы Ялтадан басталмақ...

Бұған қатысты деректерді Жяң Жиңгуо Жяң Жиеші ұлы жазған кітаптан оқуға боладығ

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 08:18:22

Кремль - жер бетінің сегізінші таңғажайыбы аталатын. Қашан барсаң, қызыл алаң мен Кремльді көруге келген саяхатшыдан босамайтын. Саяхатшылар мен жергілікті тұрғындардың айырмасын өңінен бірден айыруға болатын. Шынында, жергілікті халықтың өңінен Кеңес адамдарына тән ортақ қасиетті тауып алуға болатын еді. Көбісі, өткен заманын аңсап жүрген кәрі-құртаңдар мұнда ерекше бір қимастықпен жүретін. Онысын қолдарындағы гүлдерінен, кеуделері толтырған Кеңес Одағының медальдарынан көруге болатын еді. Ал, саяхатшылар болса, олардан мүлде басқаша еді.

Мәскеу - нән қала еді. Жалпы, менің шамалауымша, коммунистік идеяның баяғыдағы қасиетті астанасы қазіргі астанасына қарағанда бес есеге үлкен сықылданады. Я, Мәскеу Пекиннен үлкен еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 08:25:25

Әріптестерімнің түсіндіруінше, Кремль сарайының жалпы ұзындығы 2235 метр, қабырғасының биіктігі қысқа жерінде бес метр болса, ең ұзын жерінде 19 метр, ең ғажабы, қабырғаның қалыңдығы еді, себебі, жұқа жерінде үш жарым метр болған қабырғаның ең қалың жері алты жарым метрге баратын еді. Көз алдыңызға елестетіңізші, алты метрден артық қалыңдықтағы қабырғаны...

Я, орыс ойына келгенін істейді деген осы...

Төрт қақпасы, 19 мұнарасы бар...

Орыстарың мұндай мәліметтерді жатқа соғады. Бала күндерінен оқытып тастаған. Иә, Кеңес адамдарының аузынан шығатын сөзге дейін стандарт, өлшемді болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-13 08:45:20

1918 жылы қыркүйекте, күн көсем Лениннің ілесушілерінің бірі, коммунист Зиновьевтің күллі адамзат баласы ұмытпауға тиісті мына бір ауыз сөзі айтылған болатын:«Өзіміздің жауларымызбен сәтті түрде күрес жүргізуіміз үшін біздің өзіміздің социалистік мораліміз болғаны жөн. Біз Совет саяси билігі астындағы жүз миллион Ресей халқының кем дегенде 90 миллионын өзіміз жаққа қарай тартуымыз керек. Ал, қалған бөлігі хақында біздің басқа айтарымыз жоқ, оларды тып-типыл жою керек, көздерін құрту керек!»...

Мінеки, халықтың, тұтас бір халықтың он пайызын қырып тастау арқылы қалған бөлігін қорқыныш пен үрей ішінде, қауіп пен қасірет ішінде ұстап тұру-сол заманда Зекеңнен қалған еді. Өкініштісі, Зекеңнің қанқорлығы өз басын қорғай алған жоқ. Сталин оның өзін жаңағы он пайыз халықтың ішіне енгізіп жіберді...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)