Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мінеки!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 19:07:54

Осыған қатысты Америка зерттеулеріне назар аударалық:

Ашаршылықтан есі шыққан Кеңес Одағы жазушы Горкий аузымен күллі әлемнен көмек сұрайды. Себебі, ашынған халықты көсемдердің измдері тойдырмас еді. Оларға Лениннің коммунизм туралы әдемі жоспарлары мен болжамдары емес, нан керек еді, нан!

Горкийдің үндеуіне Америка ең алғашқы болып жауап қатқандардың бірі болды, есесіне американдар 1921 жылы 26 шілде күні радио толқыны арқылы күллі ғаламға Ресейге көмектесетіні туралы айтады. Міне, факт! Бар шарттары Кеңес Одағы тұтқындаған Америка азаматтарын босату ғана. Аштықтан бұралып отырған, қынадай қырылып жатқан халқына қарамастан, Кеңес Одағы Америкамен шарттасады, осы үшін де біраз уақыт кетеді, мұнысы жағынан бай да бақуатты оңтүстік капиталистік Кореяның көмегін, дәрі-дәрмегін, астығын алмай, аштықтан, аурудан халқын қырғындап отырған қырсықты Солтүстік Социялистік Корея Республикасы (Чаушян) еске түседі...

Сонымен, Америка үкіметі Кеңес Одағына 720 мың тонна астық жеткізеді. Коммунистердің қойған шарты – ағылшындар Кеңес елінде саяси үгітпен айналыспасын ғана болды...

Демек, Американың бақауатты, бай, шадыман өмірі туралы ауыз ашпауға уәде бергесін ғана америкалықтар астықтарын тасып Ресей аумағына кіруге рұхсат алды...

Қараңыз...

Салыстырыңыз...

Аз жыл бұрын, ашығын айтқанда, 3-4 жыл бұрын, Чаушян коммунистері де тура осындай іс істеген еді. Чаушян халқы аштықтан, аурудан қырылып жатқан болатын. Бір туған бауырлары аштықтан қырылып жатқанда, көршілес жатқан Оңтүстік Корея байлық пен бақыттан басы айналған бақуатты ел еді. Дереу халықаралық ара ағайындық ұйымдар арқылы аштықтан қырылып жатқан Чаушян халқына есеп-қисапсыз астықты пойыз арқылы, автокөлік арқылы тасып апарып беруге разы екендіктерін айтады, себебі, арада үзілгенімен әліге қолдануға болатын жолдар бар екен. Шекараға дейін...

Бірақ, аш Чаушян бұған үзілді-кесілді қарсы шығады. Себебі, олардың халқы астықтың Оңтүстік Кореядән келгенін білмеуі керек екен! Шарты ашық теңізге астық тиелген кемелерді апарып, оңтүстіктіктер өздері теңізде қалуы керек, чаушяндықтар, яғни, терістіктіктер кемелерді айдап еліне келуі керек, Кемеде ешқандай жазу, сызу, белгі болмауы керек. Астық қаптарының сырты аппақ болуы керек, Оңтүстік Корея жазуы жазылмауы керек...

Демек, халқы мемлекетінің шетелден астық алғанын, шетел болғанда да, бір туған бауырларынан астық алып отырғанын білмеуі керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 19:41:29

Бір ұлт болғанымен, екі түрлі басқару жүйесінде, екі түрлі мемлекетте жасап отырған Чаушян ұлты (Корей) біздің зерттеуімізге татитын еді. Чаушяндарды (Корейлерді) мен Керей деп атайтынмын. Кім білсін, баяғының баяғысында, Керей дегеніңіз аса қуатты мемлекет болды ғой, солардың бір үрім-бұтағы сол заманда керейлер жасаған қазіргі Алтай шығысынан бастап, сыртқы мұңғыл, тұңғыс жайлауларын басып, шығысқа жылжыған шығар?! Оны бір Алла ғана біледі...

Бұл күнде найман мен керей орта жүздің екі арысы болғанымен, ол заманда бірімен-бірі елші ауысатын, бірімен-бірі әскер ұстап, сақтанатын іргелі де үлкен мемлекеттер болатұғын...

Сол корейлерің қазір де аш отыр. Халқы ауру. Бірақ, шетелдің көмегіне коммунистерің тойтарыс беріп отыр...

Себебі, халқы аштықтан қырылса қырыла берсін, капитализмнің уытты идеяларын жұқтырып алмауы керек! Міне, қандай таңғажайып, ақылға сыймас істер...

Адам баласы емес, тек шайтандар ғана ойлап таба алатын амалдар ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 19:55:24

Александр Яковлев – қазіргі орыс қоғамындағы мен ұнататын адамдардың бірі. Ол 2005 жылы қазанда қайтыс болды. Өмір бойы орыс қоғамындағы қараңғы түнек замандардың, әсіресе, кеңестік коммунистік билеу тұсындағы бейкүнә қырылған, ажал құшқан адамдардың делосын ақтаумен айналысқан адам. Оның 2003 жылы баспадан шыққан кітабы ғасырлық орыс қоғамын быт-шыт қылып сындаған, жеріне жете отырып, орыс қоғамындағы барша қараңғы түнек пен сұмдықтарды әшкерелеп тастаған ірі, кесек шығарма болды. Әсіре ұлтшыл, ақиқаты аз, тұтас халқы шовинстік пиғылмен уланған орыс қоғамынан осындай бір адамның шығуы, шынында ғажап оқиға еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 22:15:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 22:18 өзгерткен

Бала күнімізде Ленин туралы көп оқыдық. Менше, біздің екінші класс оқып жүрген кезіміздегі оқулығымызда Лениннің шөп күркеде тығылып жүріп төңкеріске жетекшілік еткендігі хақында бір әңгіме бар сияқты еді. Қазір есімде анық қалмапты, әйтеу, оқулықта сондай бір шығарма бар болатұғын. Күн көсемнің жалтыраған тақыр басы мен шөп күрке есімде бұлдыр ғана қалыпты. Білмеймін, қазір бұл сабақ оқулықта бар ма, жоқ па, оны оқырмандар айта жатар...

Сол кезде біз ойлаушы едік, өзі кедей болса, өзі шөп лашықта тығылып, қашып-пысып жүрсе, бұл кісіні кім тойындырады, кім бағады деп. не жейді, не ішеді, қыста қайтіп шөп күркеде жатады, қасқыр жеп кетпей ме екен, жазда қайтіп шөп күркеде жатады, маса талап тастамай ма екен, шыбын ызыңдап мазасын алса, кітабын қайтіп жазады екен деп қиялдайтын едік. Бала күніміздегі қиялымыз баланың деңгейіндегі қиял еді. Себебі, біз ол кезде жаз шыға салысымен шөп шабатын едік. Шөп алаңы дегеніңіз кең жатқан дала еді, түнде қалып, шөп лашықта жатып, күзетке қалу дегеніңіз де бір қиын жұмыс еді. Далада жатқанда қорқатын едік, балалықпен қызығып, үлкендердің сөзіне көнбей қалып қалғанымызбен, түнде масадан көргілігімізді көретінбіз. Бірақ, осының барлығын ертесі тап-таза ұмыта қалатынбыз...

Сөйтсек, біз жатқан шөп лашыққа күн көсемдер де жатқан екен ғой...

Ал, ол кезде шайың таусылып қалмасын. Нан таусылған ештеңе емес, иен далада суың, шайың таусылып қалса, біткенің сол. Көрер таңды көзіңмен атырасың. Сосын, барып көсемнің лашықтағы өмірін көз алдыңа елестете аласың ғой...

Ал, қазір ойлаңызшы...

Қазіргі санаңызбен...

Ленин жолдастың көтеріліс жасауы үшін де қаржы керек. Кем дегенде, көтерілсшілерді ұйымдастыру, уағыздау үшін де қаржы керек. Себебі, уағызын тыңдата алмаса, идеясын жеткізе алмаса, соншама адамды артынан қалайша ерте алсын? Ол адамдар ішпей ме, жемей ме, кәсіппен, күнкөріспен айналыспай ма? Оның үстіне мұның барлығы жасырын жағдайда ғой...

Біз кейін келе білгеніміздей, күн көсем сол заманда өзі жасаған Ресейді аудару үшін шетелден ақша алып отырған екен ғой. Ал, ол ақша Ресеймен ежелден өштесіп отырған неміс патшасының қалтасынан шығып отырған екен. Демек, немістің патшасы орыстың көтерілісшісіне ақша беріп, Ақ патшаны аудартқызған екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 22:27:19

Лениннің аса үлкен соманы неміс патшасынан алғандығы, сол арқылы бүкіл көтерілісішілерді қаржыландырып отырғандығы хақында Еуропада ашық айтыла береді. Бұл да соңғы кезде ғана Ресей қоғамында ашыққа шыққан дүние. Болмаса, көсемдерімізді қанатты періште деп ойлап жүре берердей ек. Сөйтсек, шетелден қаржы алғанына сай, сол қаржының өтеуі ретінде теңсіз келісімшарттарға да қол қойған екен. Ленин Кеңес Одағы құрылған соң, Ақ патшаның шетелдегі барлық қарызын мойындамайтынын жариялайды. Егер қателеспесем, бұл баяғыда 80 жылдарда Қытайдағы мемлекеттік емтиханда тарих пәнінің сұрағы ретінде шыққан болатын. Бірақ, араға соншама уақыт салып, Кеңес Одағы ыдыраған соң, кеңестің мұрагері Ресей Федерациясы осы қарыздарды қайтаратынын жарияладі. Себебі, Еуропа алпауыттары бұл қарыздарын алмай қоймайтын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 22:43:02

1917 жылы біз бала күнімізден білетін октябрь төңкерісінен соң (Қазақстанда қазан төңкерісі дейді) екі ай өтер-өтпестен Кеңес Одағы тарихы ғана емес, күллі адамзат тарихындағы ең сұмдық, ең қорқынышты, ең зұлмат, ең қатыгез бір ұйым құрылды. Оның сол кездегі орысша қысқартынды аты ЧК еді, біз білетін әлгі Павел Корчагиініміз, менше, осы чекист болатын. Бұл осы күнгі КГБ-ның ең басқы құрылымы еді. Осы ұйым дүниеге келе салысымен, екі қолы қанға малынған нағыз жендеттік ұйым болып шыға келді. Сонымен, адамзат тарихындағы ең сұмдық оқиғалар, қанды қырғындар, сұмдық әділетсіздіктер осы ұйымның қолымен жасалынды, ал осы ұйымды құрған адам біздің күн көсеміміз Ленин атамыз болатын. Ол сол замандағы «кері төңкерісшілерді» жаныштау үшін құрылған еді. Бірақ, осы ұйымда заң жоқ еді. Себебі, кімнің кері төңкерісші екендігін, оны қалай парықтау керек екендігін заң жолымен тұрақтандырған ешқандай құжат жоқ еді...

Демек, үйіңде артық бір килограмм бидай жасырғаның үшін де кері төңкерісші болып саналып, сол минуттың өзінде атылып кетер едің...

Міне...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 22:57:16

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 23:00 өзгерткен

Қазақстан коммунистік партиясының осы кездегі тірі жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің баяғының баяғысында Қытайда шығатын «Іле жастары» журналында жарияланған бір мақаласы бар еді. Қай жылдары екендігі есімде қалмапты. Ол кезде Кеңес Одағы баяғыда ыдырап кеткен болатын. Қазақстан билігінде Назарбаев еді де, Серікболсын мырза кәдімгі бір биліксіз партияның жетекшісі ғана еді, еш құқығы жоқ еді. Қазақстан коммунистік партиясы сол кездегі Қазақстандағы көжедей көп партиялар мен қозғалыстардың, ұйымдардың бірі ғана еді. Сол мақаласында сол кісі былай толғанған еді:

- «Қаншама ұлы болса да, ұлы орыс халқынан Дың Шяу Пиң сықылды бір ғұлама туған жоқ. Орыстар социялистік жолда дұрыс жүре алмады...

Ал, қытайлар Дың Шяупиң сияқты көреген басшысының арқасында бай, бақауатты өмір сүріп келеді...»

(Ескерту: Есімде қалғаны бойынша жаздым. Түп нұсқасымен 100% ұқсамауы мүмкін, бірақ, шамасы жалпы осылай...)

Иә, Серікболсын мырза дұрыс айтады. Дың ақсақалдың Қытай халқына жасаған еңбегі шексіз еді...

Серікболсын мырзамен қазақ ұлтының кейбір ұлттық мәселелері хақында кейде сұхбаттас болатын едік. Оның өзіне де, міне, бірнеше жылдың жүзі болыпты. Осы Секең сықылды Ленин көсем салған сара жолдан осы күнге дейін айнымай отырған ақсақалдарымыз бар...

Кеше түстен кейін Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсары көшесінің қиылысына жақын маңдағы «Сарыарқа» кинотеатрының арт жағындағы үлкен бақшада тұрған Лениннің нән, дәу, үлкен ескерткішін көрдім...

Баяғыдағы Кеңес заманындағы сол бейнесінде тұр...

Баяғыда ең алғаш осы ескерткішті көргенде жүрегім қатты жайсызданып, бірнеше күн сырқат жағдайда мазасызданып жүрген едім. Ескерткіш Алматыда әлі де тұр...

Кеше түстен кейін көрдім...

Сол баяғы қалпында...

Баяғыда Алматыда Қазақстан жерін жеке меншікке беруге қарсы тұру туралы, жерді сатуға қарсы тұру туралы қазақ зиялылары ұйымдастырған наразылық шарасына, ереуілге қатысу үшін осы араға келген едім, Сонда маған алаңға жиналған соншама қазаққа қарап Лениннің мүсіні мысқылдап тұрғандай сезілген еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 23:09:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 23:12 өзгерткен

1917 жылы қазан төңкерісінен үш ай бұрынғы санаққа қарағанда, неміс үкіметінің қаржысы арқылы қаржыланған лениншілдер Ресейдің іші-сыртында 41 түрлі газет шығарып, ел арасына тегін таратып отырған. Күніне 320 мың данамен! Ал, есептеңіз. Ол заманда, қағаздың қымбат кезі. Баспаның мемлекет жағынан біртұтас басқарылып тұрған заманы. Бір мемлекетте бір немесе бірнеше баспа бар кезі. Бұл газеттер орыс тілінде ғана емес, 27 газет орысша балғанымен, қалғаны татар тілінде, армян тілінде, грузин тілінде, Польша тілінде (поля, полиш) қатар шығып отырған. Демек, Ақ патша билеген барлық жерде бір жолда көтеріліс жасауды ұйымдастыру сол заманда-ақ ойластырылған...

Осылардың барлығына бір жолда неміс үкіметі жағынан Лениншілдердің есепшотына аударылып отырған қаржының бір реткісінің өзі елу миллион алтын мәрк болған!

Сәбит Мұқанов жазған «Ботагөз» романындағы Асқар сықылды көтерілісшілер осы сықылды газеттер арқылы санасы ашылғандардың қазақ ішіндегі өкілдері еді...

Алматыдағы бірінші Алматы темір жол бекеті алдында тұрған нән мүсін де сол кездегі қазақ коммунистердің көсемі еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 23:35:12

Ал, өз ақылыңызға салып ойлаңызшы...

Тарих оқулықтарынан бізге белгілі, орыстар Еуропадағы ең нашар, ең артта қалған жұрт еді. Өздерін «еурпалық» сезінгенімен, шын мағынасында, орыстар арасындағы еуропалық өркениет жоқтың қасында еді. Еуропалықтар ешқашан орыстарды Еуропа мәдениетінің өкілі ретінде санамас еді. Бұл көзқарастың күні бүгінге дейін жалғасып отырғаны жасырын емес. Сол орыстарды адам қылған орыстың патшасы Петр бірінші еді. Орыстың қайшысыз кеткен қап сақалын қиған да сол еді. Орыстың шұбалаңдаған сасық шекпенін шешкізіп, Еуропаның кастюм-шалбарын кигізген де сол Петр еді. Германияға шеберлер, жансыздар жіберіп, құрал жасауды, кеме жасауды үйреттірген де сол патша еді...

Ал, Ленин орыстарға не әкеліп берді?!

Ленин неміс патшасынан алған жаңағы зор көлемдегі қаржысын қайтару үшін, қазан төңкерісінен кейін, жаңа билігін құрып болғаннан кейін, неміс үкіметімен құпия келісімшарттарға отырады. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілген ел немістердің көктен тілегенін жерден берген еді. Себебі, дүниежүзілік бірінші соғыстан кейін, «Париж бейбітшілік келісімі» бойынша жеңілуші ел болған Германияның өз территориясы ішінде әскери параходтар, әскери кемелер, су асты сүңгуір кемелер, танклер, ұшақтар өндіруіне мүлде тыйым салынған еді. Ал, Ленин мен Германияның келісімі бойынша, неміс үкіметі осы сынды ауыр қаруларды Кеңес мемлекеті ішінде өндіретін болды...

Ал, осы қарулар, осы ауыр қарулар он неше жыл өтер-өтпестен Германияның фашистік ел болып шыға келуінде ең басты рөл атқарды...

Күллі дүние ауыр қару өндіруден шектеген Германияны аңсағанына жеткізуші де біздің күн көсеміміз екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 23:54:01

Иә, неміс пен орыстың одақтастығы осы кезден басталып, екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін жалғасты. Польшаны бөлшектеп алғанында да орыс пен неміс одақ еді. Бұл туралы білімдерді білу үшін «Совет хикаясы», қытайшасы 苏联故事 немесе ағылшыншасы THE SOVIET historyдеген құжатты киноны ғаламтордан іздеп тауып алып көрулеріңізді сұраймыз. Аталмыш кино күллі ғаламды дүр сілкіндірген кино болған екен. Атағын бұрыннан естісем де, көргеннен кейін бұл фильмнің шынында күллі ғаламды дүр сілкіндіргендей екендігіне көзім анық жеткен еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 00:26:38

Ассалаумағалейкум!

Күшілік бауырым, ертең Алла қалап, сенің атағың аспандаса, мықты бір азамат болып шықсаң, анау арабтың құмының арасында ағайындарымен қырылысып жатқан еврейлер сені де өзіне туыс қылып өсек тарата салады...

Ғалымдар мен байлардың, мықты адамдардың көбісін өздеріне теліп алуы жағынан бұл ұлт біздің анау бір туыстарымызға ұқсаңқырап қалады...

Асықпасақ Абайды буддист, кришнайт қылып болдық қой, баяғыда ғасырға жуық уақыт Абайды «реалист ақын, атеист ақын» қылып жібердік, енді оны да бір күні бір жынды еврей деп дәлелдеп шыға салады...

Ақиқаты Аллаға аян.

Ал, Назарбай хақында өсек әрине көп. Кейбірі арандату мақсатымен мақсатты түрде таратылады. Саясат дегенің сол ғой. Адамдар арасына жік салу, фитна тарату - күнәлардан екенін білсе, адамдар тыныш ғұмыр сүрген болар еді. Патшасына қарсы шыққан арабтардың не халде екенін білеміз. Себебі, Құранда патшаға қарсы шығуға тыйым салған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 00:48:12

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-12 00:54 өзгерткен

Жә, Ленинді қоя тұрып енді Қытайға оралайық.

Биыл 2011 жыл Қытай үшін алғанда өте маңызды тарихи ескерткіш жыл болуға тиіс еді. Осыдан тура 100 жыл бұрын Сұн Жұңшан (Сұн Ятсын) деген Қытай манжу-шүршіттердің Қытайды 3 ғасырдан астам уақыт билеген заманын аяқтатқан еді. Манжулер құрған Чиң патшалығы осыдан бір ғасыр бұрын уақыттың алды-артында аса қатты шіріктескен еді. Дамыған әрі озбыр батыс отаршылдарымен салыстырғанда, ол замандағы Қытайда өнеркәсіп жоқ еді. Қытайда Капиталистік өнеркәсіптің майсасы Қытайдың өздері құрған Миң патшалығының соңында пайда бола бастағанымен, олары дамымай жатып, көшпенділер жағынан ойрандалған еді. Сонымен, Қытайды бөлшек-бөлшек етіп жаулап алған батыс отаршылдары үшін алғанда Шұн Жұңшанның демократиялық төңкеріс идеясы, Сан Мин Жу и ешқандай қызық емес еді. Бірақ, бұл Ленинге қызық болды...

Қытайдың тағдырын өзгерткен Сұн болса, Сұнның тағдырын өзгерткен Ленин еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 01:20:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-12 01:22 өзгерткен

Қытайлар мойындамағанымен, Сұнның төңкеріске қатынасуының бір себебі орыстар еді. Мұны мен білмейтін едім. Мәскеудегі қабір сапарларынан кейін, онан кейінгі қызыл алаңды бірнеше мәрте зиярат еткенімізден кейін, онан соң арбат көшесіне барып Пушкин тұрған үйді зиярат еткесін, біз көбінеки түскі тамақ уақыттарында, кешкі қонағасыларда таусылып бітпес сыр-сұхбатта болатын едік.

Орыстарың өте әңгімеші жұрт. Иә, орыстанған еврейде де осы әдет бар. Бұлар әдебиет пен тарихқа қатты мән береді. Ашығын айтқанда, мен көрген зиялы орыстардың әдебиетке, саясатқа, тарихқа қызықпайтыны жоқ, әрине, олардың көбісі таза орыс болмағанымен, ашығын айтқанда, Кеңес домнасынан қайнап шыққан «Советтік адамдар» еді. Бір қызығы, бұлардың қолдарынан кітап түспейтін. Жастарының егделеп қалғандарына қарамастан, менің еврей, орыс әріптестерім үнемі кітап оқып жүретін. Бұл шынында жақсы әдет еді.

Біз жоғарыда айтқан КГБ ұйымы құрыла салып, бір ай өтпей, Қытайға және шығыстық елдерге бағыттап өз жансыздарын жібереді. Мақсаттары осы ұлттарды азат ету болатын. Солардың бірі Гуаңдұң өлкесінің азаматы Сұнға байланысады. Қарт еврей шалымның айтуына қарағанда, Сұн алғаш Америка мен Еуропаға, сосын Жапонияға барып, өзінің төңкерістік істеріне қаржы қарастырса керек. Бірақ, олардың ешқайсысы Сұнға не қаржы, не қару бермеген екен. Қаруды да, қаржыны да берген орыстар болыпты. Сұн алған алғашқы қару орыстардың қолындағы Германияда өндірілген, қазақтар «германка» атайтын мылтық болыпты. Ең алғаш 88 дана мылтыққа тегін ие болған Сұн Қытай тарихын өзгерту бекіміне сонан бастап мықтап кіріскен екен дейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 01:49:44

Нанжиң қаласында Сұн Жұң Шанның қабірі бар. Қабір дегенімен қаланың шетіндегі ну бауға орналасқан. Етектен басына шыққанша етегіңе дейін терлемесең де, шекең жіпситіндей аралық. Ең жоғарысында Сұнның үстіне жабылған Гуо Мин Даң партиясының, Жұңхуа Мингоның туы тұратын. Бұл баяғының баяғысындағы жағдай еді. Онан бері де, мінеки, 20 жылға таяпты.

Осы жазда Нанжиңге бардым. Жоспарымда егер уақыт жар берсе, осы Сұнның қабіріне бір барып қайту бар болатын...

Ол заманда бізге Жұңхуа Мингоның туын суретке алғызбаған еді. Мүлде рұқсат етпеген-ді. Онан бері, Қытайдың санасы да ашылып келе жатыр ғой, мүмкін, бұл күнде рұқсат берген болар.

Иә...

Ойлап отырсаң ескен желдей зырлаған заман...

Жер әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағандар да өледі. Бәріміз де өлеміз. Баратын жеріміз - мәңгілік тұрағымыз. Қала, қалама, ұнат, ұнатпа, біз өлеміз. Бұл - шындық. Қабірлерді аралап тұру керек. Себебі, қабірлер өлетініңді есіңе салады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 02:14:07

Сұн Жұңшан өте білімді адам еді.

«...Арабтардың осы уақытқа дейін, (мемлекеттері жойылғанымен) өмір сүріп тұруының себебі, оларда Мұхаммедтің діні бар еді...» - деп айтқан да осы Сұн мырза еді.

Сұнның білімділігі оның орыстардың алдамына түспеуінен білінетін еді. Сұнды басы бүтін меңгеріп алуды армандаған орыстар оның ырыққа көнбесін білген кезде, кеш болған еді. Бір қызығы, ең алғаш Ресей КГБ ұйымы жағынан Гуаңжуға жіберілген жансыз қыздың жапон жансыздары жағынан сатып алынды деген күдікпен орыстар жағынан өлім жазасына кесілуінің сыры осы уақытқа дейін сырлы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-12 02:27:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-12 02:41 өзгерткен


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)