Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 13:19:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 13:28 өзгерткен

Мәскеу, ашығын айтқанда, қабірстан еді. Мәскеуді мазар деуге, бейіт деуге болатын еді. Себебі, мұндағы бейіттерден көз аша алмас едің, орыстардың өз астанасын өліктер жерленген мазарға айналдырып алуының өзі түсініксіз еді. Әсіресе, өздерінің астанасының қақ ортасына бейітті жыпырлатып салып тастау дегеніңізді осы орыс қана ойлап табатын шығар. Қазақтың «орыс ойына келгенін істейді» дегенінің бір шындығы осы еді. Себебі, сонау 1524 жылдан бастап, күні кеше қайтыс болған Ельцинге дейін осы жерге жерленген еді, орыстар мұнда 26 мың адамның жерленгенін аса бір мақтанышпен айтатын еді...

Я, Мәскеу дегеніңіз 26 мың өлі өлік пен миллиондаған тірі өлік жиналған қала еді. Себебі, тірі өлік дейтін себебіміз, Мәскеуде болған күндерімізде тұтас қаланың үлкен жезөкшехана екендігіне, көше-көше, аумақ-аумақ долыханалар мен жезөкшелерге толған қала екендігіне көзіміз жеткен еді. Көзіңді жұмсаң да көретіндей едің. Себебі, қайда қарасаң да сол еді. Кейде ойлайсың, орыстардың қыздары үшін алғанда тәнін сатудың ешқандай әбестігі жоқ секілді. Шынын айту керек, орыс қызының тән сату кәсібіне, ұятын, арын сатып, ақша табуға құмар болатындығын біз ғана айтып отырған жоқпыз. Бұл күллі ғаламның басын қатырып отырған мәселе еді...

Орыстың арзанқол, ұятсыз қыздары адамзат баласының бас ауруына айналғалы қашан?! Мұны біз ғана емес, орыстың Кеңес заманындағы нобел сыйлығын алған атақты әрі бірден-бір жазушысы да осы мәселені қозғап, орыс намысы үшін шыр-пыр болған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 13:36:37

Иә, бұл бейітте Гоголь жатыр еді, Гогольдан бастап реті бойынша Антон Павлов Чехов, Фадаев, Островский қатарлы мың сан жазушы, өнер адамы жатыр еді. Бір қызығы, жыпырлаған бейіт ішін аралап жүріп, сан ойға кетер едің. Мені толғандырған адамдар екі түрлі ғана еді. Жоғарыдағы жазушыларды бала күнімізден оқып өскеніміз белгілі. Оларды өнер адамы ретінде сыйласам да, мұнда жатқан саясаткерлерді, әсіресе, екі қолы қазақтың қанына малынған қанішерлердің қабірін көрген кезімде, менің қандай көңіл-күйде болғанымды Қытайдың ұлтшыл қазақтары айтқызбай-ақ сезе алады деп сенемін...

Шынын айтсам, бұл өте ауыр еді. Себебі, мұнда жатқан адамдар сенің қаны бір туыстарыңды, жақын нағашыларыңды, менің әкемнің туыстарын, шешемнің туыстарын қырғындаған қандықолдар еді...

Менің әкем өзінің туған нағашыларын өмір бойы іздеп келе жатыр еді. Шындығында, сонау сексенінші жылдардан бастап, екі ел арасы жылымық саясат аясында жақындаса бастағанда, өз нағашыларына іздеу салған әкем күні бүгінге дейін туыстарын таба алмай келген еді...

Тірісін не өлісін...

Міне, орыс салған ойранның зардабын тартпаған қазақ бар ма екен деші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 13:50:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 13:52 өзгерткен

Менің есімде ерекше қалғаны, жасалынуы, жобалануы жағынан ерекше болғаны Хрущевтің мүсіні еді. Мен бұл Хрущев деген лағынетіні бала күнімнен білетінмін. Қазақтар ол заманда оны Қарашоп деп атайтын. Бір әңгіме айтса, Қарашоп алай депті, Қарашоп былай депті дейтұғын. Ол заманда біз ойын баласы едік, Қарашоптың қайда екенінде, кім екенінде қақымыз жоқ еді. Біздің көрші ауылда Қарашоп деген бір апамыз болды, ол кісіні елдердің неге Қарашоп дейтіні есімде анық қалмапты. Шамалауымша, Қарашоп туралы көп әңгіме айтатын болса керек...

Кім білсін? Сол мен бала күнімнен білетін Қарашоптың мүсіні мұнда өзгеше бір жобамен жасалынған екен...

Қарашоптың Қытайға да ықпалы, зияны қатты болған адам ғой. Үш жылдық «табиғи апатта» қырылып кеткен Қытай бұқарасының қан қарызы да осы Қарашоптың мойынында еді. Иә, басы бүтін емес шығар, мүмкін бұл қан қарызға тағы кімдердің ие екендігін кейінгі шындық аша жатар, бірақ бұл лағынеті өлген кезде де, бұған қарапайым ескерткіш бұйырмаған екен, жартысы қара, жартысы ақ, ақ пен қарасы бірімен-біріне кірігіп, бірігіп кеткен стилде жасалынған ескерткіштің ішінде, жалтырап Қарашоптың басы тұр...

Өзінің жобасында мұны жобалаған адам, оның еңбегі мен залалының, күнәсі мен сауабының әрқайсысының жартыға жақын екендігін білдіргісі келсе керек...

Бірақ, қазақ үшін алғанда, адамзат үшін алғанда мұның істеген ісінен, қосқан үлесінен гөрі, салған залалы мен зардабы басым болғанын мен білетін едім...

Себебі, тура осы сынды алпауыт елдерді уысында ұстаған дінсіздердің кесірінен бағынан соры қалың қазақ баласын шекараның екі жағында қалып, бірін-бірі тірісінде көре алмай, қырық неше жыл өмірлерін сарп еткен еді...

Ағасының өлі-тірісін біле алмаған іні қан құсып бір елде өлсе, апасының өлі- тірісін біле алмай бауыры екінші бір елде құсадан, сағыныштан өлген еді. Мұндай әңгімелерді тізер болсам, таңды таңға жалғауға болушы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 14:04:46

Сталин туралы айырым айтатын болғандығымыз үшін бұл арада көп тоқталмаймыз. Лағынеті Сталиннің қазақ баласына жасаған есепсіз, қисапсыз қастандығын біз кейінгі тарауларымызда егжей-тегжейлі баяндаймыз. Бір қызығы, осы күн көсемдердің өздері өлгендерімен, тірілерінде күллі адам баласына ажал отын шашқан қанқорлықтарымен аты қалғанымен қоймай, олардың бейіттерінің өзі бұл күнде адамдардың арасына қақтығыс пен алауыздық салатын себепке айналған еді...

Ленинге күллі адамзатқа бұйырылған топырақ бұйырылмаған еді...

Бейне, бүгілген бетінде, теңізде жерленген қалпында, сәжде жасаған қалпында, Аллаға өкініп, ең соңында тәубе келтіргенімен, ол тәубесі қабыл болмай, мәңгіге бүгілген беті теңіз астында қалған перғауын сықылды, күн көсем Ленин үшін барша адамзатқа бұйырған топырақ бұйырмаған еді...

Лениннің де, Сталиннің де өлгеннен кейінгі мүрделері адамзат үшін жақсылық алып келген жоқ. Шынын айту керек, өздері өлгенімен, өлігінің өзі тірі адамдардың берекесін қашырып, қақтығыстар мен алауыздықтарға себеп болып тұрған осы күн көсемдер, Ленин, Сталин, Хрущев...

Мені терең ойларға салатын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 14:13:32

Ластай мырза, кімде-кім, қандай да бір қауым Алланың ғазабын келтірсе, Аллаға серік қосса, Алла Тағала оларды жазалайды. Тіпті жер бетінен мүлде жойылып кеткен адамзат қауымдары болған. Алланың қарғысына қалып, маймылға айналдырылып жіберілген қауымдар болған!...

Бұл хақында қасиетті Құранда көп жерде айтылған. Алла бізді Алланың ғазабын келтіретін күнәларды жасаудан сақтағай...

Қазақ халқын, қазақ мемлекетін Алла ғана қорғай алмақ...

Ол үшін Алланың рақымы мен нығыметіне бөлейтін амалдар жасауымыз керек. Аруағымызды сыйлаған елміз, сиынбаған ел екенімізді ұмытпайық. Себебі, Алладан басқа сиынуға лайық тәңір жоқ!

Біз дінді арабтан емес, Құраннан үйренеміз...

Араб бізге өлшем бола алмайды. Біз қазақпыз, ақырзаманға дейін қазақпыз, ең бастысы, біз мұсылманбыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 14:23:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 14:25 өзгерткен

Иә, Хрущевтің өз бейітінің ескерткішін өлер алдында арнайы өсиет қалдырып тапсырма тастап кеткенін айтады мұндағы әріптестеріміз. Шынында, біздің әріптестеріміз менен осыншама жерді аралап жүргенде, бір ауыз мадақ сөз ала алмаған еді. Бұл оларды біраз ыңғайсыз жағдайға қалдырған болатын. Оларға қонақ ретінде, менің тым құрығанда сыйластық тұрғысынан болса да, «тілімнің ұшында болса да», сөз сыралғысы қылып, Мәскеуге арнап бір-екі ауыз мадақ айтуым керек еді...

Бірақ, менен мұндай мадақ сөз шыққан жоқ. Үнсіз қалпымда, бейне, біреудің жаназасына қатысқан жандай болып, түнерген қалпымда Мәскеу мен Санкт Петербургті аралап жүргенімді ойласам, кейде өзім де қысылып қалғандай боламын...

Олардың жігі жапар болып, менің көңіл-қоштығымды таппақ болып, бабымды таппай дағдарғанын ойласам, кейде тым артық кеттім бе деп те ойлаушы едім. Бірақ, менің сол кездегі көңіл-күйім қолдан жасалынған немесе әдейіге, оларға көрсету үшін жасалынған емес еді. Барлығы да табиғи болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 14:33:47

Хрущевтен басқа тағы бір мүсін бар еді, ол орыстың екінші дүниежүзілік соғыстағы батыр қызы Зояның бейіті еді. Өздерінің ұлттық батырларының керемет тұлғасын сомдаған орыстарың аяулы қыздарының бір омырауын ашық тастап қойғанды дұрыс көріпті...

Кең мол көйлекқ сықылды бір киім...

Немесе сол киім сықылды бір нәрсе, орыстар әдетте үйінде киіп алатын, халат деп аталатын бір оңбаған киім сықылды. Мен білгенде Зоя қан майданда өледі ғой, демек, оның әскери киім киюі керек еді, бірақ қан майдан кешіп жатқан батыр қыздың соншама мол көйлек сықылды көлбіреген киімінің омырауын ашып тастағаны түсініксіз-ақ...

Иә, қалай болмасын, бұған Зоя кінәлі емес еді. Өз санасында Отаны үшін, Сталин үшін өлімге дайындалған еді. Ол замандағы ұран солай болатын. Отан үшін, Сталин үшін деп ұрандалатын еді. Тірісінде омырауын ашса ашып жүрген болар, бірақ мәңгіге аштырып қойған мүсіншіге ренжіген орысты көрген жоқпыз...

Иә, немістер басып кіргенде есі шығып, бөлмесіне тығылып алған, абдырағаннан не істерін біле алмай дағдарған Сталиннің бір заманда Үндістанға қашып кетуді жоспарлағанын да кейінгі тарихтардан біліп жатырмыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 15:00:04

Сталинге көзқарас – бүгінгі орыс қоғамындағы үлкен қайшылықтардың бірі еді. Бұған елбасы Путиннен бастап бүкіл Ресейдегі барлық орыс қатынасқан дау еді. Ашығын айту керек, Сталинге көзқарас, Ресей ғана емес, Қазақстан қазақтарының өзін екіге жаратын еді. Сталин болмаса, қазақ болмас еді деп оттап жүрген адамдар Қазақстанда жыртылып айырылатын. Иә, коллективтендіру, ауылшаруашылығын күшпен механизациялау барысында оның аса қатты қол болғаны шын еді. Мұны ешкім терістей алмас еді. Мен кейде кей адамдардың ойлау жүйесін түсіне алмай дал боламын. Мұны баяғының баяғысында Алматыға алғаш келген кезімізде тарих туралы, «Отанын тастап Қытайға қашып кеткен қашқын қазақтар» туралы, оған қатысты күн көсем Сталин туралы әңгіме болған кезде айтатын едім...

Я, туыс-туғаныңды, тумаңды, аға-бауырыңды қырып салып, соның бодауына қазаққа жасаған жақсылығы ретінде университеттер мен фабрикалар, зауыттар салып бергені үшін Сталинді ардақтаған қазақтарды ешқашан түсінуге болмас еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 21:23:18

Сталинді ақтайтын, оған шаң жуытпайтын қазақтар оның Қазақстанда салдырған зауыттарын, жоғары оқу орындарын алға тартады. Бірақ, оның төрт жарым миллион қазақты, онан сәл кемдеу сандағы Украинді қырып тастағанын айтпайды! Тіпті, «қырса қырған шығар, онда не тұр, зато (есесіне) мемлекетті бекемдеді» деген профессорларды өз көзімізбен көрдік. Алматыдағы қыздар универсиетінікі еді. Ал, Сталин заманының сойқандары туралы қарама-қарсы осындай пікірлердің перде артындағы қолдаушысы, идеялық жетекшісі орыс шовинизмі еді. Бір мезгілде, Хрущевтің батыл ерлігі немесе ессіз есерсоқтығы арқылы ғана сыры ашылған, тоңы жібіген Сталинзимнің Ресей аумағындағы толқынының ұлттық республикаларда орыс ұлтына қарсы күрес үшін, дербестік үшін пайдаланылып кетпеуін қадағалау, бұл бағытты үнемі өздері қалаған бағытқа бұрып отыру - күллі Қазақстанды жаулап алған орыс тілді газеттер мен журналдардың, телеарналардың басты ұстанған принциптері болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 21:42:04

Ашығын айту керек, Қазақстанды жаулап алған орыс баспасөзі, орыс телеарнасы, орыс газет-журналы туралы Мұхтар Шаханов бір кісідей-ақ айтты. Шынында, Қазақстанның мемлекеттік көзқарасын Ресейдің мемлекеттік көзқарасы жаулап алған еді. Біз күллі ғаламға өз көзімізбен емес, құдай қосқан көршіміздің көзімен қарайтын мемлекет едік...

Иә, күн көсем Сталиннің бұл күндегі қазақстандық табынушылары, сағынушылары, сілекейлері аға отырып Сталин ерлігін жырлайтындар Сталиннің күн санап ашылып жатқан халықаралық қылмыстары хақында жұмған ауыздарын ашпайтын еді. Ал Ресей ұлтшылдары оны мемлекет қауіпсіздігі тұрғысынан түсіндіретін. Мысалы, күллі адамзат баласы бұл күнде қорқыныш пен үрей ішінде еске алатын атақты «қатын қырғыны» еді. Қатын қырғыны десе, қырылып қалған қатындар екен демеңіз, бұл біздің қалың керей, найман, арғын қоныстанған Шығыс Қазақстандағы атақты «Қатын қарағай» орманы сықылды Польша мемлекетіндегі атақты «Қатын орманы» еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 01:22:30

Қатын орманы қырғыны - шетел тарихтарында баяғының баяғысында ғылыми сараптамадан өтіп, әр ел ғалымдарының бір ауызды мойындауларынан өткен, адамзат тарихындағы ең ашынышты қырғындардың бірі. Өлген адамдардың саны жиырма екі мың, нағыз құжат бойынша санағын айтқанда 21768 адам осы жолғы қырғында Сталин жендеттері жағынан қаза тапқан. Бұл 22 мың адам Кеңес Одағы шапқыншылары Польшаға басып кіргенде, кеңес әскерінің қолына түскен тұтқындар еді. Көпшілігі Польшаның зиялы қауымы еді. Ішінде польшалықтың өз ұлты, яғни поляктар, еврейлер, мұсылмандар, татарлар, орыстар, украиндар, грузиндер де бар еді. Сталин олардың кейбірінің өзі дәріптейтін Советтік ұлт екеніне де қараған жоқ. Қызыл жендет Берияның ұсынысы бойынша осы 22 мың адамды біржолата қырып тастауға құпия бұйрық түсіреді. Ал осы қырғынды ойлап тауып, қанқор Сталинге жазбаша өтініш жазған жендет Беряның хаты бұл күнде құпия құжаттар арасынан табылып отыр, оған қол қойған Сталиннің қолы да бұлтартпас дәлел болып отыр, ең қызығы, Польша халқының халықарадағы үздіксіз ізденісі мен тынбас қарсылығы арқасында Ресей басшылары да осы жолғы сұмдық қырғын туралы біртіндеп мойындап келеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 01:58:58

Орыс қолынан қырғындалған польшалықтардың саны осымен ғана шектелмес еді. Америкалық профессор Карро Күйглейдің зерттеу нәтижесіне негізделгенде, 1939 жылы қызыл армияның тұтқынына түскен 320 мың Польша әскерінің 100 мыңы қырғынға ұшыраған. Бұл тұтқындар туралы халықаралық келісімшарттардың барлық түріне қайшы еді. Ал, Польшаның қатын орманындағы орыс салған қырғынды неміс фашисттері әшкерелеген болатын. Шын тарихтың сыры қашан да кейін ашылады. Бұл күнде батыс әлемінде сол замандағы қара түнек Кеңес Одағының сан алуан сұмдықтары ашылып келе жатыр. 1940 жылы 5 наурызда партком секретары Сталин Кеңес Одағының ең жоғарғы саяси бюросында қолға түскен Польша тұтқындарын біржолата қырып салу туралы бұйрыққа қол қояды. Қырғын жеке-жеке Калинин (Тверь), Харьков және Қатын ормандығында жүргізіледі. 1941 жылы немістер қатын ормандығын жаулап алады. 1943 жылы натсистік Германия орыстардың қатын орманындағы қырғыншылығын жалпақ жаһанға әшкерелеп салады. Себебі, фактлер мен топтық қабірістандықтағы тау төбе болып жиналған өліктерді ашыққа шығарған немістердің қылығына төзе алмаған орыстар мұны бір ауыздан теріске шығарып, темірдей факт алдында қоян бұлтаққа салып, қылмыстарын мойындамай қасарысады. Бірақ, күллі адам баласының алдындағы осыншама зор оқиғаны әшейін жалтарумен ғана шеше алмасын білген орыс билігі 1990 жылы ішкі істер комиссариятының бұл істі аса құпия ұстағандығын мойындады. Кеңес Одағының құрамындағы Ресей Федерациясының орталық тексеру мекемесінің басшылығы қолға алған ең соңғы тексеру нәтижесі ең соңында «Кеңес Одағының бұл іске жауапты болуы керектігін» мойындаумен аяқтайды. Бірақ, тоңмойын орыстар осының өзінде де қасарысып не бары 1803 польшалықтың бұл қырғында қаза болғанын айтады. 22 мың туралы ешқашан мойындамайды. Мұнан да сорақысы осы қылмыстарын, ашықтан-ашық жасаған осы қылмыстарын соғыс қылмысы немесе нәсілшілдік қырғыншылық ретінде мойындамайды. Ал, Ресейдің өзіндегі «Ескерткіш» атты кісілік құқық комитеті бұл тексеру нәтижесін үзілді-кесілді мойындамайды. Олар мұнан басқа да қырғындалған бұқаралар мен тұтқындар туралы Ресей үкіметінен осы уақытқа дейін тұшымды түсіндірме талап етіп келеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 02:05:15

Уағалайкум ассалам, Мучигін! Иә...

Соры қалың Польша жұрты күні кеше тағы да бір рет елім деп еңіреген ұлтжанды боздақтарынан, ел бастаған серкелерінен сырлы жағдайда айырылып қалды ғой. Мұның ар жағында қаталдығымен ұлтшыл, нәсілшілдігі арқылы орыстың новофашизмдік (жаңа фашистік) көзқарасына уәкілдік етіп келе жатқан әрі сонысы арқылы шаңырағы шайқалған орыс қоғамындағы баяғыдағы заманын аңсайтын орыс ұлтшылдарының қолдауына ие болып отырған Путиндердің көлеңкесі көлбеңдейді...

Мүмкін, мұның сырына да біраз жылдардан кейін қанығатын болармыз, сырын бір Алла ғана біледі...

Негізінде, орыстың тепкісін ең көп көрген екі халық болса, бірі - біз қазақтармыз, бірі - осы Польша ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 02:19:30

Мына санақтарға қараңыз, ормандық ішінен шыққан польшалықтардың сүйегінің өзі 22000 болса, кеңес басшыларының мойындауы небары екі мыңға да жетпейтіні болған. Бірақ, соның өзінде де, мәселе орыстардың бұл қырғынды мойындауының өзі үлкен жетістік еді...

Ал, мұнан да үлкен жетістік соңғы кездердегі орыс басшылары, әсіресе, Елистин бастаған басшылары осы қырғындарға қатысты КГБ-ның құпия құжаттарын ашуға біртіндеп рұқсат берген еді. Алла қаласа, орыс қырғындарының қыры мен сыры алдағы күндерде ақиқатты сүйетін адам баласы жағынан тағы да ашыла түседі деп сенеміз. Осы барыста мен еріксізден ойлап кетемін, шіркін, біз де польшалықтар сықылды тынбай еңбек етіп, 1931-1933ж.ж. арасындағы жасанды ашаршылық пен 1936-1937ж.ж. арасындағы қазақтың барлық зиялысын қырып тастаған қызыл қырғынның шын сырын күллі адам баласы алдында ашып тастай алсақ қой...

Мынау жалпақ әлем қазақ деген аз санды халықтың соншама әділетсіздік пен қырғындарды көре отырып, орыстармен соңғы демі шыққанша айқасқан қайсар да батыр жұрт екенін білсе ғой...

Кем дегенде арманда кеткен арыстарымыздың ақиқат өмірін ашыққа шығара алсақ қой...

Ол енді сіз бен біздің қолымызда...

Қазір Қытайда жасап жатқан барлық қазақтар сол заманда Қазақстаннан қашып Қытайға келген туыс-тумасы туралы қол жеткізуге болатын барлық материялдарды, видео сұхбаттарды, дыбыстық сұхбаттарды алып қалуы керек. Себебі, сырды, шынды білетін көне көздеріміз күн санап азайып келе жатыр. Ал, польшалықтар болса, өздерінің орыстан және немістен көрген қорлықтарын минут-секунд қалдырмай ұрпақ жадысына құйып келе жатқан ұлт, әрі мұнысы жағынан күллі ғалам польшалықтарға қызыға, қызғана қарайды. Себебі, олардың шығыста орыстан, батыста немістен көрген тепкісі кинолар болып, кітаптар болып, күллі адамзат санасына жол алуда. Ал, біз болсақ, ұлтымыздың атын да елге таныта алмай келеміз, қолымыздан келері той және той...

Білеріміз қаражорға билеп генниске кіру...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 02:34:34

Мәскеуде жүріп, қала көріп немесе әріптестеріммен сыр-сұхбатта болып қарық болған мен жоқ едім. Шынымды айтсам, осы бір сұмдық сырларды білген адам Ресей деген осы бір алпауыт елден, осы бір сыры мен қыры енді ғана ашылып, арамдық пен зұлымдық толған қыртыстары енді ғана жарыққа шығып жатқан, қатыгездік пен шайтани биліктің, қырғындар мен жойқындардың ұясы болған лағынеті орыс елінен безіп кеткендей де еді...

Бірақ, безе алмайсың...

Алла Тағала қазақтың бауырын орысқа байлап қойған да қойған! Ал, біздің қазақтың ендігі зиялысы осы нәубеттердің қайталанбауын қадағаласа, соның өзі үлкен жетістік...

Біз ол үшін жастарымызды тәрбиелеуіміз керек. Грузин құсап көтере алмаған шоқпарды жауымызға көтермеуіміз керек. Абылай ханның айласы мен ақыл-парасатын қолдануымыз керек. Орысқа да, өзгеге де жұтылып кетпеудің қамын жасай отырып, аз қазақтың санын көбейтуге, сапасын өсіруге, қазақтың ұланғайыр даласын қазақпен толтыру үшін әр қазақ өз мойнына өзі міндет алуы керек. Ұлтымыз тағдыры қыл кезеңде тұрған осындай кезеңде, қу кеңірдектің немесе мансаптың немесе күйкі өмірдің бес күндік қызығы үшін ұлт мүддесінен бас тартқандардың барлығы сатқын саналмақ...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 24 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)