Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 15 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ойылдан елді көшірдің.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген

Еділ деген қиянға,

Еңкейіп келдің тар жерге,

Мұнда кеңес қылмадың.

Кеңестің түбі нараду...

Налет біздің жүріске!

Еділ менен Жайықтың

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың

Алтын менен күміске!...

Бабамыз тағы да былай толғайды. Оқылық:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ -

Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ-

Жылан қайтіп күн көрер!?

Шыбын шықса жаз болып -

Таздар қайтіп күн көрер?!

Жалаң аяқ балапан,

Қаздар қайтіп күн көрер!?

....

Осы өлеңді оқып отырсақ, бүгінгі бар қазақ, әсіресе, қазақ қамын ойлаған барша ұлтжанды азамат осы Асан бабамыздың қалын кешіп жүргендей...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 10:39:00

Қазақ тарихының тамыры жатқан Түркістан туралы біраз айттық. Иә, қазақ тарихына қызығатындар мұны баяғыдан біледі деп білгендігіміз үшін, Түркістандағы қазақ тарихы туралы оқулықтарда жазылып жатқан жұртқа жария ұғымдарды мұнда қайталамадық. Басты айтарымыз екеу еді, бірі - қасиетті қаламыз Түркістанның біздің ұлт тарихымыздағы, мемлекет тарихымыздағы соншама маңызды орнын құдай атқыр бақсылардың жын-ойнақтарымен құртып бара жатқаны еді. Қазақ баласына Отансүйгіштік рухты дарытатын, қазақ тарихының айнасы еді Түркістан. Бұл бейне, Қытай халқы үшін Ши-ан қаласының қаншалықты маңыз алатындығы сықылды дүние еді. Енді осы Түркістанымызда, ашығын айтқанда, Түркістанды заңсыз һәм надан халде, сыртынан өз образдары мен белгісі, логосы жасап алған бақсылардың бақсылық бизнесінің қазақ үшін зияны сұмдық еді. Бұл, ең бастысы, Алланың қаһарын келтіретін күнәлі тірліктер еді. Ал, қазақ тарихына салатын ойранын айтудың өзі мұнда артықтық.

Екінші айтайық дегеніміз жаңағы атом хақында, уран хақында еді. Біз барған ауыл - француздардың жаңадан салып алған өнеркәсіп қалашығының қасында ғана екен. Ұйқы төбесі бар, басқасы бар, осы ауыл, жалпы айналасындағы ауылдармен қоса, осы арада атом өнеркәсібі қолға алынғаннан бастап, уран қазылып, тасылғаннан бастап, мемлекет жағынан арнайы «қамқорлық төлемдеріне» алынған ауылдар екентұғын. Бірақ, қазір ештен-еш жоқ, сол төлемақылардың бірде-бірі төленбейтін болған! Кем туылған бала, ракпен ауырған ауыл тұрғындары, бірде-бір сау адамы жоқ, аурудың сан хикмет түрімен ауыратын барша адам қазір еш қамқорлықсыз өмір сүруде...

Бұларға не қазақтың жаны ашымайды, не Қазақтаннан тонна-тонна уранды тасып әкетіп, қырғын пайдаға кенеліп жатқан француздардың жаны ашымайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 10:49:39

Біз өз тарихымызды өзіміз жазуымыз керек екенін енді ғана біліп келе жатқан ұлтпыз. Иә, Аллаға сансыз мадақтар болсын, біз 20 жылдан бері, Алла тағала бізге егемендікті сыйлағаннан бері, өзіміздің тарихымызды өзіміз алтын әріппен жазып келе жатқан елміз. Түркістан мұнда аса маңызды орын алар еді. Ол үшін барша қазақ баласы Түркістанға бір барып қайтуы керек еді. Қазақ хандарының аяғы тиген, қазақтың сансыз хандары мен билері, ақсүйектері, сұлтандары, төрелері, ғалымдары, батырлары, қолбасылары, шешендері, ел ағалары осында мәңгілік ұйқыға кеткен осы бір әр тасы мен әрбір тал құмына дейін қазақ тарихы жазылған қасиетті мекенді өз аяғымен басуы керек еді...

Сонда ғана өзіңді қазақ тарихының бір бөлшегі сезіне аласың...

Түркістанның тегі қанша қазақ ханына астана болғандығы бұл күнде тарих саласындағы ірі зерттеу тақырыбы еді. Бізге кінә жоқ еді, қытайлардың өзі Ши-ән қаласының қанша патшалыққа астана болғандығы хақында, бірі он патшалықтың астанасы болды деп, бірі он төрт патшалықтың астанасы болды деп, бірі он жеті патшалықтың астанасы болды деп күні бүгінге дейін дауласып, әліге дейін бір ортақ шешімге, ортақ көзқарасқа келе алмай жатқанда, өз тарихмызды үнемі өзгенің, өзге болғанда да, бізді құртпаққа, жоғалтпаққа ниеттенген жау ниетті өзгенің көзімен осы уақытқа дейін оқып келген біз қазақтарға кінә тағуға болмас еді. Себебі, олар, бізге біздің тарихымызды оқытқандар біздің санамызды құртуды мақсат тұтқандар еді. Бірақ, біздің тарихымыз біздің Түркістанымызда, біздің батырлық жырларымызда, дастандарымызда еш бұзылмаған қалпы сақталып қалған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:01:29

Москва, біздің осы сапар естелігімізге ат болған Москва хақында біз Түркістаннан кейін ғана кезек береміз. Себебі, қазақтың Түркістанының қасында Москва дегеніңіз кеше ғана салынған қала болатын. Мұны Қазақстан тарихын, қазақ тарихын білетін кез-келген мектеп баласы білетін еді. Себебі, орыстарды орманнан алып шыққан да осы азиялық көшпенділер болатын. Азиядан қазақ-мұңғыл шапқыншылары, қазақ-мұңғылды орыс білмей тұрғанда, бізді татар деп атағаны сықылды (Сұн Жұңшан манжулерді де татар деп атаған ғой...

Татар қайда, манжу қайда?!) татар басқыншылары жаулап алудан бұрын орыс дегеніңіз бір жүрген жабайы халық еді. Осыншама жабайы жұрттың қып-қысқа мерзімде дүрк көтерліп, қарыштап дамып, күллі ғаламдағы ең алпауыт елдердің біріне айналып шыға келуінің сыры бар еді. Ол туралы асықпай, абдырамай жазамыз, баста тұрған соншама мол дүниені, айтсам, жазсам деп армандағандарымды жазып үлгере алмай жатырмын, өкініштісі, соншама шабыттанып, ораза айында жазып жатқан шығарма-күлтегіннің он күндей жабылып қалуына байланысты тоқтап қалған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:20:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 11:21 өзгертк ен

Мәскеуге ат басын бұралық.

Біздің қанатты тұлпарымыз Мәскеуге ту сонау Шяңгаңнан (Ганконгтан) ұшып жеткен еді. Бұл менің Мәскеуге алғашқы баруым болатын. Мәскеумен Шяңгаң (Ганконг) ортасындағы визасыз қатынас орнауына байланысты орыстардың Шяңгаңдағы (Ганконгтағы) әрекеттері де күн санап зорайып келе жатыр еді. Шяңгаңда (Ганконгта) орыстар ашқан немесе орыс стиліндегі бірнеше ресторан да құрылып үлгірген еді.

Орыс ұшағының ішінде отырғаныңда өзіңді ешқашан қауіпсіз сезіне алмайсың. Мұның не үшін екенін мен ешқашан айта алмаймын. Әйтеу, орыстардың ұшағы құлайды да жатады. Қашан, қайда жүрсең, ақпараттардан орыстардың ұшағының құлап жатқанын естисің. Мен Шяңгаңнан (Ганконгтан) Мәскеуге қарай ұшатын ұшақтың билетін алғанымда, ұшақтың қандай ұшақ екендігін, орыстікі ме, әлде, Американың бойың ұшағы ма, әлде басқа елдікі ме, әбден тәптештеп сұраған едім. Бір қызығы, менің сұрақтарыма билетшілер еш реакциясыз жауап беріп тұрды, олардың мұнысына мен таңғалған едім. Сөйтсем, мен сықылды адамдар аз емес екен, олардың көбісі, орыс десе болғаны құлап жатқан ұшақтарды көз алдына келтіретіндер екен. Бір көрімі, біздің отыратынымыз Ресейдің Аэрофлот серіктігінің ұшағы болғанымен, Америка жасаған, сапасын күллі әлем мойындаған бойнг (бойың) ұшағы екен. Баяғыда Алматы мен Ақтөбе арасында арлы-берлі ұшып жүргенімде Ресейдің «ТУ» деген ұшағымен ұшатынбыз. Ақтөбеден Алматыға жеткенше, жүрегіміз тас төбемізге шығушы еді. Соңғы рет араб бірлескен әмірліктері мемлекетінен Қазақстанға қайтарымда, Дубай қаласынан Шаржа қаласына таксимен жетіп, онан ары Шаржа қаласынан қырғыздың Бішкек қаласына, ондағы атақты Манас әуежайына қонғанша орыстың ұшағымен ұшып жеткен болатынмын, шынымды айтсам, сонда бес-алты сағат бойына, ұйқым ұйқы болмаған еді...

Мәскеуге ұшатын ұшақтағы даяшы қыздарды біздің Қазақстан ұшақтарындағы даяшы қыздармен салыстыруға келмейтін еді. Қазақтың қыздары әдемі, биязы, сұлу болып келетін еді. Ал мұнда денелері ірі-ірі, әйел заты дегеннен гөрі еркекке көбірек ұқсап кеткен ғажап бір адамдар жүретін еді. Орындықтар арасындағы дәлізден ары-бері жүргенінде былшиған сандарымен қонақтарды соқпай жүргені үшін алғыс айтар ең. Қазақстандағы ұшақтарда кілең атылып тұрған, лып-лып еткен елпек жастарды даяшылыққа жұмысқа алса, мұнда қырықтан, тіпті елуден асқан, денелері былшиған, жүріс-тұрыстары қолайсыз, үнемі шаршап, күрсіне беретін әйелдерді жұмысқа ала береді екен. Бір қызығы, сіз олардан екінші қайтара сусын сұрап ішу үшін орындығыңыз алдындағы қоңырауды басқаныңызбен еш пайдасы болмайтынын ертерек білуіңіз керек екенсіз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:27:59

Орыстардың өз өміріне аса наразы екендігін ұшақтағы даяшы қатындарынан-ақ айқын көруге болатын еді. Менімен қатарлас отырған ағылшын жігіті де мен сықылды көзқараста екен. Ол өзін қоғамдық психологияны зерттеушімін деп таныстырған еді. Ұшақта мағынасыз, еш қызығы жоқ, кейде есі дұрыс адам баласы қараудан да ұялатын бағдарламалар беріліп жатар еді. Міне, бұл кейін біздің көзіміз де, етіміз де үйреніп кеткен орыс қоғамы еді. Ұшақ, орыс ұшағы орыс қоғамының кішкентай айнасы еді. Бірақ, біз соншама ұяла, жиіркене қарайтын жаңағы ұятсыз шоуларға, ұятсыз бағдарламаларға ұшақ ішіндегі орыстар ішек-сілесі қата қарап отырар еді. Біреудің қатынымен зина жасап жатқан еркегін ұстап алған орыс әйелінің зарлаған дауысы құдайға жетіп отырса, мұндағы көрермен соған мәз бола қол соғып, қарқылдап күліп, бір жырғап қалар еді. Бір қызығы, қасымдағы ағылшын мен еврей сапарластарым оларға ұқсамайтын еді. Ал, мен тіптен ұқсамайтын едім, олар қарқылдап, күліп, мәз болып, тегін берілетін арзан сыраға сылқа бөгіп жатқанда, біз олардың қылықтарына қарап аң-таң қалып отырған ек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:36:50

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 11:39 өзгерткен

Кейін үйренісе келе біздің көзіміз бұл тектес құбылысқа әбден үйреніп кеткен еді. Негізі сапар естелігін жазатын адам өте сергек әрі байқағыш болуы керек. Сол уақыттың өзінде осы сықылды құбылыстарды естелікке алып отыруы керек. Сонда ғана күн өткесін асықпай естелік жазуға болады. Ұшақтағы орыстардың іс-әрекеті Қазақстан қоғамындағы орыстармен еш айырмасы жоқ еді. Кеңес қоғамы барша халықты біртұтас ұқсас роботтарға, құлтемірлерге айналдырып тастағанын сонан білер едіңіз...

Алматыдан Сеулге ұшқан сапарымда мен корейлердің аса әдепті халық екендігін байқаған болатынмын. Ұзақ сапар барысында корейлердің орыстармен салыстыруға келмейтін деңгейде мәдениетті, әдепті, инабатты екендігін байқаған болатынмын. шындығында, корейлерің де жүз грамм ішуге ешқашан қарсы жұрт емес, бірақ орыстар құсап, шелектеп сыра жұтпайтын еді. Ал, корей қыздарының биязылығы, сыртқы келбеті мен іс-әрекеті жағындағы мейлі шынайы немесе мейлі жасанды болсын, қолдан жасап алған болсын, әйтеу, кісі көзі көретін, сондай бір формулаға түскен, қалыпқа түскен, біп-бірдей нәзіктігі, иіліп тұратын әдептілігі, барлық сұрақтардыңызды қанағаттандырғысы келіп тұратын қызмет көрсетуі орыстармен салыстыруға келмейтін деңгейде жоғары еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:47:26

Мәскеуге түскенімде, шынымды айтсам, еш таңырқаған жоқпын...

Неге дейсіз ғой, Мәскеу дегеніңіз Алматының үлкейген түрі ғана екен! Алматыдағымен ұп-ұқсас жарнамалар, Алматыдағымен ұп-ұқсас үйлер, Алматыдағы әуежаймен ұқсас стилдегі әуежай...

Қысқасы, мені Мәскеудің таңырқататын ештемесі жоқ еді! Менше Алматыға келген, Алматыны көрген кез-келген Қытай қазағы Мәскеуге барса, еш таңырқамас еді. Себебі, Алматыда көрген орысың Мәскеуде өріп жүрер еді. Біз алғашында қыста барғандығымыз үшін оншалықты көп иіс-қоңысты біле алмадық, ал жаз күндері, орыстың қатындары, әсіресе, әсіре семіз, кесек денелі, ірік-ірік еткен, білеу-білеу, буынтық-буынтық болған орыс қатындарынан айналасына тарап тұрған сасық тердің ащы исі, оған күшпен себілген арзан әтірдің жағымсыз иісі, оған қосылған, жер шары бойынша тек қана орыстарға ғана тән бір сұмдық қолаңсаның иісі қосылғанда, ар жағын айтпай-ақ қояйық, Мәскеудің жер асты пойызы (метро) ішінде талай рет талып қала жаздағанымыз бар еді...

Айта кетелік, менің мұрыным әсіре сезімтал мұрын еді. Бала күнімнен иіске өте сезімтал едім...

Кейінірек бір білгіш ағамыздың айтуынша, дене құрамындағы мыс мөлшері жоғары болған адамдардың иіс сезуі өзгелерге қарағанда аса жоғары болатын болса керек. Кім білсін, ол жағын біз тексерткен жоқпыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 11:57:34

Мәскеудің Шереметов әуежайы Мәскеудегі азаматтық әуе байланысындағы 4 әуежайдың біреуі екен. Соның өзінде де аса алып салынған. Баяғыда Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған бір заманының белгісі сынды сезіндім мен, бұл әуежайды. Едендегі граниттерінің өзі Алматы әуежайымен біп-бірдей. Ішкі безендірілуі, жарнамалардың ілінуі, жарнамалардың жобалануы, ой тәуба дейсіз, Қазақстанмен біп-бірдей еді. Қазақстандағы ұялы байланыс серіктігінің бірі, Қазақстандағы «Жи ес ем Қазақстан» серіктігінен кейінгі ірі байланыс серіктігі болған «Билайн» серіктігінің аса дәу ала жолақты жарнама белгісі алдымыздан мен мұндалап шыға келді. Себебі, еденнен тартып қабырғаға дейін соның қара-сары сызықты, ала жолақты жарнамасы еді. Өзіңді Қазақстанда жүргендей сезінетін едің...

Шынын айту керек. Мендегі бұл көзқарас Алматыға келген ресейліктің басында да болуы еш кәдіксіз еді. Себебі, Алматы мен Мәскеудің, Қазақстан мен Ресейдің айырмасын сезе алмас еді, ол орыстар...

Бар айырмасы, Алматы көшелерінде қазақтар молдау ғана болған болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 12:06:51

Иә, билайн дегеніңіз орыстың компаниясы еді. Қазақстан өзі бір қызық ел...

Қытайдағы сымды немесе сымсыз байланыс саласы тұтасымен мемлекеттік меншікте болады. Кем дегенде Қытай меншігінде болады. Байланыс саласын шетелге ешқашан ұстатқан емес Қытай. Ал, Қазақстан мүлде басқаша еді. Мұнда шетел компаниялары Қазақстанның ұялы байланыс саласына кіре беретін еді. 51 пайыз жарнасын Қазақтелеком ұстағаны болмаса, Қазақстандағы атақты GSM KAZAKHSTAN серіктігінің KCELL немесе ACTIV сауда белгісінің иелері шетелдіктер еді. Түріктер арқылы Қазақстанға енген осы серіктік бұл күнде Қазақстандағы ең қуатты серіктіктердің бірі еді. Баяғыда Қазақстанның ішкі байланысының өзінде минуты 50 теңгеден қымбат болып тұрған заманда айлық абоненттің өзі он доллардан артық болған сол бір замандарда, ай сайын Түркияға, Еуропаға он милиондаған долларлардың ұшақ арқылы салықсыз тасылатынын ішкі сырды білетін бір танысымыз айтатын еді...

Ал, Ресейде Қазақстаннан басқашалау. Мұнда байланыс саласы орыстардың өз қолында екен...

Орысқа еліктеуден күллі галактикада алдына жан салмайтын біздің қазақтар орыстардың осы жағынан неге үйренбей қалды екен, басымыз жетпеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 12:29:24

Түскен қонақ үйім - Мәскеудегі үлкен қонақүйлердің бірі болған «Космос» қонақүйі еді. Қонақүйдің жалпы жобаланылуы қызық еді. Жарты шеңберге жуықтау қылып, жартылай дөңгеленте салынған қонақүйдің қақ алдында Деголлдың ескерткіші тұр екен. Орыстың жерінде француздың ескерткіші тұрғаны қызық сезілді. Келе жатып, қызыл алаңды менің сұрауым бойынша арнайы айналып өттік. Шынымды айтуым керек. Менің Мәскеуге, қызыл алаңға деген титтей бір қызығуым болсашы! Тым құрығанда, қарапайым саяхатшыда болатын бір қызығу, таңырқау сезімі болған емес менде....Керісінше, ішімді өзіме де түсініксіз бір кек пен қысастың буып тұрғаны еді. Себебі, мен қазір басып жүрген Мәскеу - менің қазағымның қан қарызына буылған елдің астанасы еді. Осы жерде менің мың сан боздағымды, миллиондаған халқымды ажал құштыратын бұйрықтар мен құпия жоспарлар жасалынған еді, әрі атқарылған еді...

Қазақтың қаны мен көз жасына суарылған Мәскеуге менің қандай махаббатым болсын?!

Қызыл алаң!

Мен ешқашан қызыл алаңда болған кездегі алай-дүлей сезімдерімді ұмыта алмаспын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 12:55:17

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-10 12:57 өзгерткен

Мәскеудің қызыл кірпіштен салынуы 1500 жылдан 5 жыл бұрын ғана аяқтаған болатын. Демек, Мәскеудің салынғанына бес жүз жыл ғана болды деп айтуға болатын еді. Бұл орыстың өзінің көзқарасын өзіне қолданғанымыз еді. Себебі, мұнан бұрынғы ағаштан салынған Мәскеуді біздің көшпенді бабаларымыз өртеп тастап тұрды емес пе?!

Астанада біздің бір тарихшы ағамыз тұратын еді. Балуан Шолақтың Ғалиясының суретін сақтап қалған осы шежіре ағамыз Мәскеудің қазақша қойылған ат екенін айтатын. «Маскүйеу» деген өзен болыпты дейтін ол кісі. Баяғыда орыстар орманда жасаған жабайы тайпалық заманда тұрған шағында, қазақтардың Орта Азиядан бастап, Еділ жағалап, Қазан-Уфаны да уыстарына ұстап тұрған шағы екен. Сонан орыстың бір билеушісі бізден қыз алса керек, Сонымен олардың жасаған жеріндегі өзенін «Мас күйеу» өзені деп атапты дейді. Себебі, күйеу балалары қашан да арақтан босамайтын мас рус болса керек. Ол заманда бұларың рус аталған ғой. Сонымен, қазақтар «әлгі мас күйеудің өзені, мас күйеудің өзенінің ар жағы, мас күйеудің өзенінің бер жағы» деп жүріп, сол өзен мас күйеу атанып, сол өзен жағасында орыстар ағаштан салған шағын қыстақ, ағаш кент «Мас күйеу» қаласы атанып кеткен екен дейді...

Иә, бір аңызда бір шындық жатады, кім білсін, Мұңғылияның астанасына «Ұланбатыр» деп ат қойып берген де біздің қазағымыз екенін білсек, бұл өзі кеше ғана болған оқиға ғой, баяғыда қазақтың дәуірлеп тұрған шағында, мас күйеуін тергеп айтқан, лақап таға айтқан қазақтың сөзінің осы күні бүгінге дейін жетпеуіне кім кепіл?! Себебі, орыс тілінде немесе байырғы рус тілінде Москва деген сөздің еш мағынасы жоқ еді. Орыс ұлтшылдары қанша жерінен жанталасып жалған тарих жасауға тырысқанымен, орыстың арғы-бергі тарихы бес жүз жылдан аспайтын еді, Ал, нағыз ащы шындығын айтсақ, Шыңғыс хан тұқымдарының құлдығынан орыстың құтылғандығына не бары 3 ғасыр ғана болған еді. Себебі, осы жердің барлығы баяғыда біздің ханымыз Жошының туыс-туғандарының отары еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)