Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 14 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 07:53:16

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-31 08:06 өзгерткен

Мұнан бұрынғы жазбаларымызда ханзу мұсылман (汉族穆斯林) қысқартып айтқанша, ханму (汉穆) дейтін жаңа бір ұлттың пайда болып келе жатқандығын айтқан едік. Алланың нығыметі мен шапағатында шек жоқ. Араб елдеріне барған жапондар мен корейлердің ислам ақиқатын мойындап, мұсылмандықты қабылдағаны сықылды сан-алуан мақсатпен араб елдеріне барған қытайлар да соңғы кезде топ-тобымен исламға өтіп жатқан еді. Ислам-ұлтқа, нәсілге бөлмейді. Алла алдында адамдардың барлығы тепе-тең. Адам мен адамның айырмасы оның иманына қарап өлшенеді. Ешқашан кімнің қандай нәсілден, қандай ұлттан болғанына қарап өлшенбейді. Ұлты араб мұсылман мен ұлты араб болмаған (ғажам) мұсылманның Алла алдында еш айырмасы жоқтығын пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтып өткен. Кітап оқығанды жақсы көретіндерге dr.aaidh al-qarni мырзаның (阿伊德•哥尔尼) «қайғырма» деген мына кітабын оқығанды ұсыныс етемін. Кітап туралы мағлұматтар:

译者: 孔德军

作者: 阿伊德•哥尔尼

ISBN: 9787542113627

定价: 18

出版社: 甘肃民族出版社

出版年: 2008

Ғаламтордан бұған қатысты ақпараттарды іздеп, тауып оқуға болады. Аталмыш кітап соңғы кездері күллі жер бетіндегі ең атақты, ең қарсы алынған, таралымы ең көп және ықпалы ең кең болған кітаптардың бірі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 08:04:54

Ағылшыншасын http://www.dont-be-sad-alqarni.com/ сайтынан таба аласыздар. Ағылшынша үйреніп жүрген жастарымызға бап келеді.

DON'T BE SAD кітабы соңғы кезде Қытайдың өзінде де аса үлкен ықпал тудырған кітап болды. Мұны дер уағында қытайшаға аударған Қытайдағы мұсылмандардың еңбегіне Алла разы болсын! Аталмыш кітаптың ағылшыншасын Http://www.kalamullah.com/aidh-al-qarni.html сайтынан түсіріп алуға болады. Адамдарды қайғы мен қысымның ішінен, қасірет пен тұманның ішінен ақиқаттың ақ жолына қалай жетуді үйрететін осы кітапты миллиондаған адамдардың оқып, онан өзіне рухани ләззат алуының сыры мен қыры да сан алуан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 08:15:51

Ұмытып барады екемін, кітаптың қытайша аудармасы 《不要忧伤》. Гәнсу ұлттар баспасынан шыққан. Қытайша оқыған ұл-қыздарымыздың күннен-күнге көбеюіне байланысты біздің қытай тіліндегі мұсылманша кітаптарды оқуымызға тура келетін еді. Себебі, қытайша оқыған ұлың мен қызыңа немесе қытайша оқыған күйеуіңе, келіншегіңе сенің қазақша айтқан мұсылмандық уағызың жүрмейді, дарымайды. Құмға құйған судай болады. Ал, қазақша оқыған жігіттер мен қыздардың қытайшасының ең мықты дегені де жай тілге мықты болғанмен, мұсылмандықты уағыздайтындай, исламды дұрыс түсіндіретіндей деңгейде болуы екіталай. Сол үшін, алдымен, өзіміз исламдық ұстанымдағы қытайша кітаптарды көптеп оқығанымыз абзал. Кітап үйіңіздегі кітап сөресінде тұрса, қытайша оқыған ұл-қызыңыз немесе қытайша оқыған күйеуіңіз немесе әйеліңіздің бір күні оны оқитыны шын. Алла қаласа, сол арқылы қараңғы жүрекке Алланың асыл нұры түсетін болар, иншаллаһ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 08:27:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-31 08:32 өзгерткен

Алматыдағы бір мешітте уағыз тыңдап отырсам, қасымдағы мұсылман бауырымыздың (мүмкін бөгде ұлт болар) қасындағы мұсылман бауырымыздан «Ләззат ету – удовольства, да?» деп сұрағанын естіген едім. Оның бұл сұрағы мешіттегі қазақша айтылып жатқан уағыздағы ләззат сөзінің орысша аудармасы «удовольства» ма деп сұрап отырғаны еді. Бұл іс маған қатты әсер етті. Уағыз қазақша жүріліп жатқан еді. Алматы мешіттері ғана емес, Қазақстанның барлық мешіттеріндегі уағыз, негізінен алғанда, қазақша жүрілетін еді. Жастарымыздың орысша оқығандары осы қазақша уағыздарды ести жүріп, қазақ болып кетеді екен. Бұған менің орысша оқыған құда балам дәлел еді. Себебі, бір ауыз қазақша білмейтін жігіттер діни курстарға барып жүріп қазақша үйреніп кетеді екен. Себебі, Алматыда уағызды орыс тілінде жүргізетін имамдарға қарағанда қазақ тілінде жүргізетін имамдар көп екен. Орыс тілінде уағыз жүргізетін татар, башқұрт, орыс молдалары орыс халқын, орыс тілді жұрттарды зор мөлшерде мұсылмандастырып жатыр. Осы қарқынмен кетер болса, иншааллаһ, жиырма-отыз жылға бармастан-ақ, Ресей орыстарының едәуір үлкен бір бөлімі мұсылманданып кетеді. Мұсылман орыс ұлты әлдеқашан қалыптасып болды. Ресейдің мұсылмандану процесі - күллі жаһанды таң қалдырып отырған құбылыстардың бірі. Ақиқатқа шөлдеген адамдардың Алланың жолына топ-төбімен келуі баяғының баяғысында Құранда айтылып кеткен ақиқат еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 15:03:48

Түркістанға барған сапарымыздан бұрын-ақ, біз бұл қаланы жын-ойнаққа айналдырып алғандар туралы білетінбіз. Қазақ тарихының қасиетті қаласын, қазақ хандарының астанасын қабірлерге табынатын мекенге айналдырып алу -Қазақстандағы ең ауыр әрі дін ислам елдері түсінбейтін сұмдық жағдай еді. Қаланың өзінен бастап, қаланың шет жағындағы қалың қабірлерді бір-бірлеп аралап, «қасиетті, көріпкел аталардан» медет тілеген адасқан топ онан ары Оңтүстік өлкенің ірілі-ұсақты кенттеріне, қалаларына, шаһарларына барып, барлық «қасиетті аталар мен қасиетті аналардың» қабірлерін аралап, тауап етіп, өлі аруақтардан өздеріне медет тілеп кететін еді. Қазақ арасына оба ауруы ретінде таралған бұл сұмдықтың шығу қайнары бақсылар тобырының бизнесі еді. Бұл ақшаны күреп тұрып табатын, Қазақстандағы ең тез ақша табу жолы еді. Себебі, Қазақстанның шығысы, ту сонау Семейдің ауыл-ауылдарынан бастап, орыстанып кеткен, қазағы қазақша білмейтін солтүстік жақтағы нулы-баулы ауылдардың қазағына дейін, батыстағы кіші жүздердің ауылдарына дейін, тіпті сонау Еуропа шегіндегі Орал тауының ар жағындағы қазақтарға дейін, Ресейдің Астраханындағы қазақтарға дейін, ауыл-ауылдан жиналып, арнайы ұйымдасқан бақсылардың бастауымен, автобустарын тіз-қатар етіп тізіп, ол автобустарын ақ матамен орап, әлем-жәлем қылып, күзде жылы жаққа қайтқан қаздар құсап тізіліп алып, Түркістанды бетке алушы еді...

Адасқандықтың осыдан артық түрі бар ма екен?! Бұл, әшейін, діндерінен ажырап қалған қазақты алдап, ақша жасау ғана еді. Онан басқа түк емес болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 16:11:12

Арыстан баб, Укәш ата, Гауһар ана, Қожа Ахмет Яссауи, т.с.с. деп басталатын бұл «қасиетті аталар мен қасиетті аналардың» тізімдігі ұзын-сонар еді. Әрбірінің басындағы шырақшылары айтатын аңыздар мен әңгімелер тіпті ғажап. Ертегілер әлеміне еніп кетесің. Бір қызығы, күнәһарсың ба, әлде күнәсізсің бе, осы жерде анықтап алуға болады екен-міс. Демек, о дүниеге барып, онан бұрын барзақ әлеміндегі (қабір әлеміндегі) сұрақтарға жауап бермес бұрын күнәлі не күнәсіз екеніңді біздің Түркістанға барып-ақ біле алады екенсің. Міне, осылай сендіреді. Бір қызығы, адасқан қазақтармен қатар, өз діндерінен алыстап қалған қалың түрік, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, шешен, қырғыз, тәжік, ингүш, қарашай, т.б.-лар да осы бақсылық сапарда жүреді екен. Бұларға оншалық таңырқамадық. Ағайындылар ғой. Көздері тұздай, шаштары сап-сары солтүстіктің орыстарын көргенде, аң-таң қалдық. Біздің жалтақой билігіміз орыстарға қазақ тілін үйрете алмай 20 жылдан бері ақ тер көк тер болып жүрсе, біздің бақсыларымыз орыстарды қазақтың бақсылығына сендіріп, Түркістаншыл қылып жіберіпті. Біразы бақсыларға еріп намаз оқып, ораза ұстап кетіпті...

Есту хабарларға қарағанда, қаншама алқаш орысты «оқып-оқып» арағын тастатып, бақсы қылып жіберген қазақ бақсылар болыпты...

Ой, тәуба...

Адасқан, жат сенімге шырмалған осыншама топты көріп отырып аузыңа сөз түспейді.

Үмбет1 жолданған уақыты: 2011-8-31 16:15:21

Ұлттық салт-санамыз арқылы қазақты құтқарамыз дегендер, айта қойыңдаршы, Абайға не айтар екенсіңдер?!

Осыныңыз сәл асып кетті. Мұнда Абай болсын пайғамбарымыз болсын ұлттық салт-сананың бәрін жой демеген, тек исламға тура келмейтін серік қосатын ішінара салт-дәстүрлерді жоғалтуды айтқан...

Исламда дұрыс емес деп қаралған істерден басқа қазақтың салт-дәстүріне шүйлігетіндеріңді қойыңдар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 16:32:03

Үмбет мырза, біз салт-санаға шүйлікпедік, дінге шүйліккендерге дәлел келтірдік. Иә, біз қазақпыз, біз ешқашан араб болмаймыз. Себебі, біздің қазақ болып жаралуымыз – Алланың қалауы. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген ғой. Сондықтан, қазақтың телегей теңізіне құйылған кейбір бұлғанған бұлақтар үшін күллі теңіз былғанбайды да...

Жарқын 7 жолданған уақыты: 2011-8-31 16:41:45

Түркістанды орталық қылған қазақтың оңтүстік өлкесі ірілі-ұсақты қалаларға, тарихи кенттерге бай еді. Аттап басқан сайын қазақ тарихының бір парағы кезігетін еді бұл арадан. Талас Тараздан бастап шымқала Шымкент арасы, Түркістан-Сайрам маңы тұтасымен тұнған тарих еді. Қара қытай қаптаған заманнан бастап, араб пен қазақ бірлесе отырып қара Қытайды қырған заман, жұңғар шапқан заман, қызылбас құтырған заман, өзбек жағаға, қырғыз етекке жармасқан заман, орыс ойранын салған заман...

Қарап отырсаң, қазақ тарихының мың сан сыры осы оңтүстікте жатыр. Оңтүстік – қазақтың тамыры еді. Тек осыншама қастерлі мекенді жын-ойнаққа айналдырып алған бақсылардың еш тидаусыз кеткеніне қарап отырып қынжыласың. Бақсылардың арам ақша тапқанына қызығып, қызғанып отырған жоқпыз, мұнайын судан арзанға сатып отырған, газын ауадан арзанға сатып отырған қазақтың елге кеткен есесі бұл ғана еместұғын. Адасқан, Алла ғазабын келтіретін, Аллаға серік қосу күнәсін жасайтын жұртымның болашағын ойлап алаңдаймын. Алланың ғазабын келтіргені үшін жермен жексен болған қалаларды, жер бетінен мүлде жойылып кеткен халықтарды білетін едік, Алла тағала қазағымды бұл апаттан сақтай көрсін...

Бізді қашан да дұрыс жолға сала көрсін. Екі дүниеде де өзінің ең сүйікті құлдарынан еткей...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 17:00:50

Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, Созақ, т.с.с. деп басталатын қазақ қалалары байырғы қазақ хандарының үлкен әскери бекіністері еді. Азық-түлік, қару-жарағын сайлап отырып, ата жаумен ақырғы шайқастарға түскен қазақ хандары осы қалалар арқылы ерлік тарихтарын жазған. Түркістанда жерленген қазақ батырлары да әр жүздің, әр жердің батыры болып келуі де таңғажайып еді, қазақ мемлекетінің шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде жасайтын қазақ жүздерінің барлығының дерлік батырлары мен билері осы Түркістанға жерленген еді. 1681 жылы жұңғарлар Жетісудан өтіп, қазақтың оңтүстік өлкесіне бағыттаған шабуылдарын бастайды. Үш жылдан соң Сайрам қаласына жетеді...

Бұл күнде бақсыларымыз «Сайрамдағы сансыз бап» деп адасқан аңқау жұртты табындырып жүрген молалардың біразы осы соғыстардың шейттері еді. Белгілісі бар, белгісізі бар қаншама қазақ батырларының, билерінің, мемлекет ардагерлерінің, әскери мамандардың, қолбасылардың, ақылшылардың бейіттері осында жатқан еді. Тарихты зерделей білсек, қазақтың оңтүстік өлкесінде байырғы қалалар, байырғы хандықтар, байырғы мемлекеттер пайда болған кезде Еуропа әлі де жабайылық дәуірінде жатқан еді. Біздің Түркістан мен Сайрам, Сығанақ пен Отырар қалаларымыздың мұнаралары көкке бой созғанда, қазақтар мемлекет құрып, заң шығарып, әскерін жасақтап ел болғанда, Еуропаның риымы енді-енді ғана жабайылықтан арылып келе жатқанын батыс тарихшыларының өзі жазған еді. Сөзімізге дәлел, атақты тарихшы, ғалым С.П. Толстов: «Рим күмбездерінің салынуынан жүз елу жыл бұрын Сырдария далаларында бірінші күмбездер салынған» - деп жазады. Амал нешік, біздің соңғы кездегі тарихымыз кілең қантөгіске ғана жалғасты. Санымыз өспеді, халқымыз осыдан 3-4 мың жыл бұрын миллионды құраса, қазір де сол миллионмен басталатын санақтардан аса алмай отыр. Ал біз тарихта мемлекет құрып, ел болып, жерге ие болып, шығысында Қытайды, батысында Еуропаны бағындырып, тарихтарына енген сәтімізде, орыстардың жалаң бұт жүрген шағы еді. Біз атты сардарымыздың өзін миллионнан асырған ел болғанда, олардың тұтас халқы он мыңдықтармен ғана саналатын еді. Біз бір ғасыр бұрын 1895 жылы орыс жасаған санақтың өзінде Шығыс Қазақстандағы арғын мен найман, керейдің өзі төрт миллионға жеткен қазақ еді. Ал шығыстағы орта жүзден тараған үш рудың өзі осыншама болғанда қалған жердің қазағы қанша десеңші, Семей дегеніңіз қазақтың бір ғана өлкесі ғой...

Ордалы ұлы жүз бен кенішті оңтүстікті жер қайыстырған қазақ, батысты ұстап тұрған, тілі мен дініне берік кіші жүздің қазағы қанша миллион еді деші?! Амал нешік...

Ордамызды орыс ойрандады. Қырғын салды. Ақ патшадан бастап, қызыл патшаға дейін қазақты қыруын тоқтатқан жоқ. Өспей қалдық, керісінше, өшудің аз ғана алдында қалдық. Алланың құдіретімен, аман қалдық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 17:30:42

«Муджам-әл-булдан» атты кітап жазып, қазақ тарихынан құнды деректерді жазып қалдырған Яқұт Ханауи Әр-руми:«Исфиджаб, Тараз, Сауран және Фараб (Отырар) жазмыштың тәлкегіне тап болды, аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ» - дейді. Қазақ тарихын бұрындары орыстардың сыңар жақты көзқарасы бойынша біліп келсек, ендігіде өз тарихымызды өзіміз жазатын халге келдік. Көне түркі, көне парсы, көне қытай жазбаларындағы қазаққа қатысты құнды деректерді жан-жақтан жинастырып, зерттеп, зерделеп жатқан ғалымдарымыз бар. Әсіресе, мұсылмандығымыз дамып келе жатқан соңғы жылдары біздің дін ғалымдарымыз дінмен қатар ата-баба тарихына да зер сала бастады. Арабтың ғұламалары мен парсының ғұламалары жазған тарих кітаптарында қазақтар туралы сан ғажап мәліметтер бар еді, енді осыларды жүйелі түрде зерттеу керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 17:38:13

Көне қалаларымыздың бірі - Сауран еді. Ол хақында арабтың атақты ғұламасы, тарихшысы Мақдиси: «Сауран - жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп мәлімет береді. Демек, мұсылмандықты ұстанған қазақтың бұрынғы ғұламалары өз кітаптарын, өз шығармаларын сол замандағы ғылым мен білімнің тілі болған парсы, араб тілдерінде жазғанына да дұрыс көзбен қарауымыз керек. Қазақтың мұсылмандығы мың жарым жылға жалғасқан ұзақ тарих. Ал күні кеше ғана бізді орыс 70 жыл ғана билеген заманда орысша жазатын, орысша кітап жазып қалдыратын қаншама қазақ болды? Олжастың өзі сол орысша жазатын қазақтардың бірі еді ғой. Демек, біз өзге тілде кітап жазған қазақ ғұламаларына дұрыс түсіністікпен қарауымыз керек. 70 жылда орысша жазып, орыстарға оқытып, мойындатып, орыстың өзін табындырып кеткен қазақ арабша мен парсышаны мың жарым жыл үйренгенде, не болады?! Ар жағын ойланбай-ақ білуге болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-9 23:43:56

Осы сайтта біздің Балапан111 атты торласымыз керемет бір мақала жазды. Аты «Көңіліме сыймаған соң айтқаным ғой» еді. Шынымды айтсам, осы мақаланы оқыған соң күні бойы бір түрлі болып жүрдім. Жұмысымда да бір сергіп, серпіле қуана алмадым. Кеудем қысылған құсап, жүрегім өте бір мазасыз халге түсті. Бүгін қасиетті жұмада, жұма намазында Алладан қазақ халқы үшін тілеулер тіледім...

Өте көп тілектер тіледім...

Бұл мақаланың жалғамасы мына арада екен, оқымағандар болса, оқығанын өтінген болар ем:Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid

Сонымен, жаңа кеш бата, әзер дегенде, өзімді соншама мазалаған қиналысты ойлардан арылғандай болдым...

Торлас достардың осы мақалаға жазған жауаптарының барлығын ерінбей оқып шықтым...

Қазақтың осы бір шоғыр Алла разы болғыр ұлтжанды азаматтарына қатты сүйіндім. Себебі, барлық азаматтардың елім деп елжіреп отырғанын сезетін едім. Алла разы болсын. Ішінде, Төленің жауабы маған ерекше әсер етті. Енді осы туралы аз-кем айта кетсек, артықтық етпес...

Төле дұрыс айтады. Бізді иман ғана құтқарады. Иманынан айырылған ел тозбақ, құрымақ. Оны айтып келеміз. Қытайдағы ұйғыр мен дүңген Қытайласпай тұрғанда, аз қазақ біз Қытайласып бара жатырмыз. Бізді құртатын арақ та, мотодан туатын апат та, несие алып қарызға батып той жасайтын ақымақтық та, барлығы сол имансыздықтан. Имансыз мәнжумен мұңғыл осы біздің ғасырымызда, біздің көз алдымызда Қытайдың ішіне сіңіп, мәңгіге жоғалды. Онан бұрын түркі туыстарымыз мұсылман болмай тұрған заманында Қытайды билеп тұрып Қытайдың ішіне сіңіп жоғалды. Ендігі жоғалатындардың ең алдында Қытайдағы екі жүз түмен қазақ тұр...

Ойлану керек. Ол үшін, анау-мынауың сені ұлт ретінде құтқармайтынын білу керек! Бізді құтқаратыны да, бізді көктететіні де - біздің асыл дініміз. Сол үшін, қазақтың барша зиялысы, ең алдымен өзінен бастасын, алдымен арақтан бас тартсын! Тойларда арақ құймауды дәстүрге айналдыру керек. Сөйте-сөйте, ақырын-ақырын түзелерміз...

Иншаллаһ...

Бірақ ақырын-ақырын деп жүріп, әзәзілдің алдамына түспейік...

Түріктердің қоғамы құсап, мына жағында мешіт, мына жағында долыхана салып алып жүрмейік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-9 23:48:22

Жалғамасын бергендігіміз үшін мұнда жауаптарды көшіріп, ситат алып отырмадық, ішінде Тарқан атты торласымыздың өлеңі де керемет шыққан. Сол өлеңді мұнда әкелсек, артықтық етпес:

Тарқан былай толғайды:

Көңілде көп сұрақ,

Шешуі жоқ бірақ,

Көрінгеннен бір жауабын сұрап,

Бұл маңайдан кетсем бе екен жырақ?

Әлде көніп өтейін бе шыдап,

Әлде өзгертіп көрейін бе сынап?

Әй, қолымнан не келеді бірақ,

Жүрегімнен өтемін бе жылап?

Бір Алладан жалбарынып сұрап,

Тіледім мен күндіз-түні жылап,

Бар қазаққа болар мәңгі тұрақ,

Болады деп түбінде бір сұрақ,

Бұл пәниді дегенменен сынақ

Қазағымның қалмаса екен рухы

Тілі, діні біржолата құлап.

Енді бізге осы мәселелерден құтылу үшін не істеу керек? Біздің ендігі айтарымыз да осы туралы болмақ. Оны тарқан өз өлеңінде кәдімгідей ортаға салған. Біздің үнсіз қалуымыз, қарекетсіз қалуымыз ажал құшумен бір еді. Ұлт ретінде өмір сүру үшін біздің осыншама нәубеттерден құтылу үшін бір қарекетіміз болуы керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-9 23:57:27

Дәл қазір менің бір туысқаным - Алматыда. Қытайдан, соның өзінде ту сонау Үрімжіден Алматыға келгендегі бар мақсаты - дүние есігін жаңа ғана ашқан ұлын Қазақстан азаматтығына өткізгелі келіпті. Міне! Әңгіменің қызығы бар. Асықпай тыңдаңыз...

Шынында, біраз заман Қытайдағы өмірден алыстап қалғанымды мен осы мақаланы оқығасын, сосын Қытайдан жаңадан келіп жатқан жора-жолдастармен сұхбаттасқасын ғана білдім. Жаңағы Балапан111-дің мақаласында жазылған жағдай мен ондағы үшбу мақалаға лебіз жазған, өз ойларын, армандарын, өкініші мен қорқынышын, тілегін білдірген барша торластардың жазғандары мені осы мәселенің шындығына, ауырлығына, салмақтылығына назар аудартқан еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-10 00:11:16

Енді, біраз Асан қайғы бабамыздың, Асан Сәбитұлының жырларын оқылықшы:

...Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің,

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң, тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)