Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 11 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ал, міне керек болса!

Құранда, Алладан басқа ешкімнен медет тілеуге болмайтындығы айтылған. Ал, осыған нанғандар осыны оқымай, білмей жүр ме?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 05:25:36

Бақсылық Қытай қазағының арасында да үлкен қоғамдық мәселеге айналып отыр. Аз жылдар бұрын, Қытайға барғанымызда, Іленің Күнес ауданынан шыққан бақсы әйелдің даңқы бүкіл Шыңжаңды шарпып тұрған екен...

Оған барған, оған қарай ағылған ел-жұрттың санында қисап жоқ екенін естідік. Сонау Күнеске, Күнестің Аққой деген ауылына ту сонау Алтайдан, Шәуешектен, Үрімжіден, Санжыдан, Бұраталадан, Қазақстаннан, ішкі Қытайдан келеді екен адамдар. Көбісі біздің аңқау да аңғал қазақтарымыз болса, кейде әр түрлі себептермен, жүргіш байын оқытып, «ысытып алғысы келетін» ұйғыр келіншектер, сырқаттанып, иелі науқас болған мұңғылдар, саудасы ойран болған дүңгендер, байығысы келетін қытайлар да келеді екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 05:29:15

Тоқсаныншы жылдарда Жеменейде де осындай бір бақсы шыққан еді. Әйтеу, адасқақ елімнің нанбайтыны болсашы! Барлығына сенеді, барлығына нанады, тек Алладан басқа! Аузында Алла деп тұрып, Алланың ғазабын келтіретін күнәлі тірлікпен айналысып жатқанын білмейді біздің қазақ! Кейде осылардың барлығын ойлап отырып, бір ақиқатқа көзімді жеткізгендей боламын. Әдетте, діни кітаптарды, дисклерді, молдаларды аса қатал басқаруға алатын қытайлардың бақсыларға келгенде саясаттарының аса жұмсақ бола қалатыны қызық-ақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 05:37:51

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 05:42 өзгерткен

Жердің түбі Жеменейге ағылған жұрттың ағыны сол заманда сұмдық болған болатын. Үрімжідегі Нянзігу бекетінде (Термен сай бекеті, Тирмен сай бекеті) Жеменейге баратын көліктің билеті баяғыда сатылып, жұрт көлік жалдап барады екен деп еститінбіз. Кейін оның да сигналы ұстамайтын, 信号-ы тартпайтын болыпты. Көнерсе керек.

Міне, лағнеті шайтанның адамдарды осылай қор қыларын білмеген біздің діннен сауатсыз халқымыз бұл дүниеде де, о дүниеде де қиналып, сорлап қалмақ, егер дінін дұрыстамаса. Алла бізді адасулардан, күнәһар болудан сақтасын. Күнә дегенде де күнәнің ішінде сан алуаны бар, ең кешірілмесі – осы. Аллаға серік қосу күнәсі. Халқымыз ең алдымен осы күнәдан арылса болар еді. Себебі, Алланың ғазабын келтірген қаншама халықтардың о дүниеде қандай азап көретінін Құраннан білсек, бұл дүниеде көрген азаптары хақында да Құраннан білген болар ек. Себебі, тұқымы тұздай құрыған жұрттар хақындағы әңгімелерді келесі әңгімелерімізде айтар болармыз, иншаллаһ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 06:13:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 06:16 өзгерткен

Қазірге дейін, біздің бірер докторымыз, ғалымымыз, аудармашымыз шетелдің қауіпті «ғылыми діндерін» немесе «дін мен ғылымды ұштастырған» былжырақтарды аудара қойған жоқ. Бұған да шүкір. Бірақ, есімде қалуынша, ерекше қабілет туралы, экстрасенстік қабілеттер туралы баяғыда бала күнімде бір кітап оқыған болатынмын. Қазір ол кітаптің аты есімде жоқ, әйтеу, қытайшадан қазақшаға аударылған екені есімде анық қалыпты. Онда айтылуынша, адам денесіндегі ерекше қабілеттерді ғылыми тұрғыдан зерттейді екен. Әрі мұны дамытуға болады екен. Болжау қуатын арттыруға болады екен-міс. Ал, қазір Еуропа қоғамында, Америкада айтса адам нанбайтын сан алуан бүлдіргі діндер бар. Өлген адамды үйіндегі мұздатқышқа салып қойып, жылдар бойы оның қайта тіріліп келуін немесе өзіне о дүние туралы түстер, аяндар беруін күтетін «діндер» де болды, осындай бір дінге нанған қазақстандық орыс әйелдің өлген қызының мүрдесін үйіндегі мұздатқышқа жылдар бойы сақтап келгенін ақпараттардан білеміз. Ал, менің бір шал досым бар еді. Менімен алғаш танысқан кезінде «Құдайлардың соғысы», «Белгісіз ұшпа дене», «UFO», «Ақырзамандағы құдайлардың өзара соғысы» немесе «Жат әлемнің жоғары ғылым иесі болған адамдарының біздің жер шарын жаулап алуы» сықылды сан алуан былжырақ кітаптарды оқып жүретін...

Құдайға шүкір, қаншама жылдар өтті, қазір Құран жаттап жүр...

Ал, жаңағындай адасқан ағымдар, бүлдіргі діндер, жалған ғылым сипатын алған, ғылым тонын жамылған сандырақтар, ғылыми зерттеулер деген атпенен адамдарды қай-жайдағы құдайсыз нанымдарға жетелейтіндер орыстардың арасында өте көп. Орыс тіліндегі осы тектес шығармалар, кітаптар да аса мол. Біздің орысша оқып, орысша өскен қазағымыздың кейбірі мұны нағыз ғылым ретінде қабылдайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 07:01:07

Қасиетті Құранда Алла Тағала «аллаһтан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Аллаһ естуші, әрі толық білуші», – дейді («Майда» сүресі, 76-аят). Құранды оқыған, исламнан сауаты бар кез-келген адам Аллаға серік қосу күнәсінің үлкен күнә екенін біледі. Бедеу қатындар мен белсіз еркектердің қабір басына түнеп, аруақтардан бала сұрауы да барып тұрған адасқандық. Біздің қазақтың Түркістаны, қазақ тарихының қастерлі шаңырағы Түркістан қаласы қазір шірік күнәсынан көз аша алмай отыр. Есептеңіз:

Әрбір ауылдағы аққулар, сұңқарлар, ақ жолшылар, сол ауылдағы күйеуге тие алмаған кәрі қыздарды, ауру-сырқау жандарды, жолы болмай, өмірден қиналып жүргендерді, оқуға түсе алмаған, балы жетпей құлаған талапкерлерді, көп ақша жұмсап Меккеге барғанша, аз ақша жұмсап Түркістанға барып қажы атанғысы келгендерді алдап-сулап, сан амалын сайлап отырып, автобустарға тиеп алады да, «Түркістан қайдасың?» деп тартып кетеді. Себебі, осы аққулар мен сұңқарларды, ақ жолшыларды автобуспен біртұтас қамдап отырған, барлығына жатар жер, ішер тамақ қамдап отырған арнайы жұмыс топтары бар. Тәрбиеленген шырақшылар, тәжірибелі бақсылар ұйымды түрде жұмыс жүргізеді. Сенің өз алдыңа дербес, дара ақ жолшы болып адам ұйымдастыруыңа ешқашан жол бермейді, себебі бұл олардың бизнесі, табыс көзі. Табыс көзі болғанда да, анау-мынау емес, ақша дегеніңіз құйылып тұрып келетін, толассыз келетін табыс көзі. Бір бақсы қатынның бір айда табатын орташа табысы Алматыдағы екі ғылым докторының айлығынан жоғары болатыны шындық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 07:04:20

Құрметті оқырман, қазір Алматыда таңғы сағат 05:03. Рұқсат болса, таң намазымызды оқып алалық. Жалғасы бар, жалықпаңыздар...

2011.08.30

Алматы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 16:33:50

Менің бір сабақтасым Қазақстанды көптен аңсап жүріп, паспортын мың бір қиындықпен жасатып, талай әурешілікпен визасын ашқызып, Қазақстандағы туысына келеді ғой. Оның туыстары сонау Кеңес Одағы ыдырамай тұрған заманда Қытайға барып туыстарын іздеген қазақтардың бірі еді. Сонымен, діннен сауаты шалалау жаңағы сабақтасымыздың айтуына қарағанда, Алматыдағы туысы ерекше бай екен. Мұны керемет қарсы алған. Көл-көсір қонағасы берген. Бір Алматының өзінде бәленбай жерде үйі, саяжайы бар адам екен. Жап-жас тоқалдары бар кісі сабақтасымызға ақшаны суша шашқан. Кәсібі не дейсіз ғой, «Қазақстан халық емшісі» екен...

Бұл шындық еді. Қазақстандағы медицинаның сын көтермес жағдайы баршамызға белгілі. Себебі, қыл аяғы соқырішек операциясы үшін Үрімжіге шапқылайтын Қазақстан қазағы қазір рак ауруларымен, сан алуан сырқаттармен Үрімжідегі екінші доғдырхана, ишуеюән (мединститут) қатарлы шипаханалардың табалдырығын тоздырып төсегіне таңылып жататыны жасырын емес. Медициналық өнердің дамымағанынан емес, ақысының қымбаттығы, оташылардың ересен ақы талап етуі сынды сансыз факторлар бар еді мұнда. Ауылдағы қазақ емделе алмайтын еді. Себебі, кедейлік...

Бір қызығы, қаланың іші емес шетінің өзінен ақылы әжетхана ашу үшін Астанада көкең болуын талап ететін Қазақстанда жұмыс жасаудың қаншалықты қиямет қайым екендігін кәсіпкерлер біледі. Себебі, мұнда аттап бассаң - пара. Бұған көз де, құлақ та үйренген. Асхана, дүкен ашу үшін құзырлы орындарға, салық мекемесіне, тазалық санэпидемияға, өнеркәсіп басқаруға, әкімшілікке, қатынас сақшысына, өрт өшірушілерге, т.б. табаныңнан тозасың. Дұрысы - парасын бере салу. Ал жұмыс көзін ашу осыншама қиын болған, адамдардың жеке кәсіпкерлікпен айналысуына осыншама көп әрі қисынсыз кедергілер жасаған Қазақстанда бақсы болу үшін ешқандай құжат керек емес! Міне, қызық! Ешқандай рұқсатнамасыз, ешқандай салықсыз жағдайда өз үйіңде «ордаңды» ашып, «аруақтарыңды» шақырып, Құраныңды оқып, балгерлік істеп, кісі емдеп, зіркілдеп зікір салып, шыңғырып-секіріп бақсы ойнап, жын шақырып, білген боғыңды жей беруіңе болады. Шақырылатын аруақтар үшін арнайы мекемелерден шақырту қағазын алдырудың керегі жоқ, кешегі Жамбыл бабадан бастап, Сүйінбай баба, Мади баба, Біржан сал, Ақан сері, Дина, Қорқыт баба, Асан қайғы баба, Абылай хан, Кенесары хан...

Қысқасы, Қонаев, Абай құнанбай аруақтарын еш қиналмай, еш қағаз еш құжат жасамай шақырып, өз бизнесіңіз үшін пайдалана бересіз...

Шіркін-ау, қандай еркіндік деші! Қандай демократия! Жеке, шағын кәсіпкерлікті көктетпей, көгертпей, тек қана алыпсатарлық пен делдалдықты сауда деп білген Қазақстанда мұнан өткен керемет жағдай бар ма екен деші?! Құжаттық рәсімдеулердің қиындығы салдарынан кәсіпкерлердің барахолка жағаламай амалы жоқ еді, зауыт ашпа, өнеркәсіп ашпа, әшейін, Қырғыз бен Қытайдан әкел де, сат. Қазақстанда алыпсатарлықтан басқасының дами алмай тұруына биліктің басын шырмаған парақорлық қана кінәлі еді. Ал, парақорлық пен қағазбастылық бақсылық бизнеске келгенде істемей қалады. Міне, шайтанның әскерлері мұндайда қабағат берекелі де ұйымшыл...

Қайда барсаң балгер, қайда барсаң бақсы. Әшейін, Қазақстан деген ел осы күнде бақсылардың жын-ойнағына айналған да қалған. Сұрап жатқан ел жоқ. Басқарып жатқан құрылымдар жоқ. Байын қатынына жамандап, ажыратып, қатынын байынан суытып, быт-шыт болған дүние. Бақсыларға келіп, аруақтардан медет тілеген депутат...

Сұмдық дейсің, бақсылар мен емшілер үшін кітап жазып, құлаш-құлаш мақалалар жазып, осынысы арқылы бай бақсылардың жандайшабына айналып, нәпақасын айырып, қатын, бала-шағасын асырап жүрген бұрынғы коммунист жазушылар...

Ибн Масғұд (алла оған разы болсын) Алланың елшісінен келесі сөздерді жеткізген: «Кімде-кім Алладан басқа біреуге дұға етіп жалбарынған қалпында қайтыс болса, отқа кіреді» (хадисті Ал-бухари жеткізген). «Қабірлердегі біреулерге сен (сөз) естірте алмайсың» (фатыр сүресі: 22-аят). Аллаһ тағала айтады: «Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың» (жұныс сүресі: 106-аят). Айша (р. ғ.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) өмірден өтер алдында өзіне өлім белгілері келе бастаған кезде бүркеулі бетін ашып: «Пайғамбарларының қабірлерін құлшылық жасайтын жайға (храмға) айналдырып алған яһудилер мен христиандарға Аллаһтың лағнеті болсын!» деп, бетін қайтадан жауып алған екен (Бұхари, мұслим).

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 16:43:42

Егер дінімізде бұрынғы өткен адамдардан, олардың аруағынан медет сұрау бар болса, біз ең алдымен, адамзаттың асылы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) қабіріне барып құлшылық істеген болар ек. Бірақ, бұған исламда анық тыйым салынған. Демек, пайғамбарымыздың қабірінен тілемегенде өзгелерден тілеудің де еш қисынсыз боларын ақылды адам баласы ойлап жете алмақ. Сол үшін Түркістанға барғыш, Түркістандағы қаптаған қалың аруақтардан сұрағыш қазақтарға, оның ішінде түкті түсінбестен, дымды білместен, Қытайдан қып-қызыл коммунист болған беті келіп, Қазақстанда бақсылардың тұзағына ілінген Қытайдың қазақтарына айтарымыз: «Есіңді жи, ақиқатты таны» ғана болмақ! Ол үшін, таһарат пен намаздың не екенін білмейтін, жынның ойыншығына айналған жынкештермен ара-жігіңді ажырат.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 17:06:21

Құшынаштары құс қауырсындарын бастарына даңғарадай қылып тағып алатын Америкадағы жабайы үнділерді, маялар мен әстектерді тарихтан білеміз. Ата-бабаларының аруағынан медет тілеген, аруаққа арнап құрбандық шалғанда, мал емес, аң емес, адам шалатын осылардың ақырғы халі не болды?! Айтпасақ та баршамызға аян! Ата-бабаларының аруағы қолдаса, соларды қолдаса керектұғын. Ата-бабаларының аруағы медет берер болса, соларға медет, күш берсе керек-ті. Бірақ, олардың тұқымдарының тұздай құрығанын білеміз...

Неге?! Бір ғана себеп, Алланың қаһарына қалғандықтарынан! Бұған ұқсас мысалдарды Австралиядан, Жаңа Зеландиядан таба аламыз, мәурилердің халі де осындай. Олар ата-бабаларының аруағы үшін жауларын құрбандыққа шалатындар еді, ақыры не болды?! Алысқа бармай-ақ, Кеңес боданына түскен тұқымы бір түркілерді қарашы! Ата-бабасы жақын туысатын осы бір топ түркі тұқымдастар крест құшақтаған орыстың құлдығына түседі ғой. Сонан крестті орыс кетіп, құдайсыз, шайтани орыс билеген сол бір нәубет замандарды бастарынан ортақ өткерген осы туысқандардың қазіргі хәліне қарашы. Салыстыршы. Талдау жасашы...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 17:14:22

Орыстың қақ ортасында отырған мұсылман татар, орыстың тепкісін ең көп көрген ел еді, зорлықпен, хайуандықпен, мақсатты түрде әскерге татар жастарын алған Ақ патша қатаң қысым астында, бала-бозбала шағынан ата-анасынан ажыратылып әкетілген татар жастарын провослав дініне өтуге мәжбүрлейді. Аш қалдырып, аштықтан бұралтып, шошқа етін жегізеді, қарсыласқанының басын шауып отырып, қынадай қырып отырып, крест сүйгізеді. Орыс қыздарымен үйлендіріп, ата-баба діндерінен алыстатады. Ақыры, бірнеше ұрпақ өткесін, бір бөлім татарлар христиан болып кетеді. Ал, қалған татар ше?! Соншама қысым мен қорлық астында болғанына қарамастан, дініне татардан берік ел жоқ еді-ау...

Сол діндар, мұсылман татар Мәскеудің қақ түбінде тұрғанына қарамастан, Мәскеуге тиіп тұрған қазан шаһарын мұсылмандықтың ордасына айналдырып алды. Қара! Қандай керемет. Басы шабылса да, сан қорлық көрсе де. Дінінен ажырамайды. Ақыры осы татарлар ғана түркі тұқымдылар ішінде аман-есен қалды. Ал олар сықылды дініне берік өзбектер біздің қазақтар құсап тозып кеткен жоқ. Біз көрген қорлықты олар да көрген еді. Бізге келген нәубет оларға да келген еді. Біз көрген ашаршылықты олар да көрген еді. Біздің мешіттеріміз шағылғанда, олардың да мешіттері шағылған еді. Неге біз тұтастай орыстанып, ұлт ретінде құрып-жоғалып кетудің аз ғана алдында қалдық та, өзбектер керісінше құрамындағы орыстар мен еврейдің өзін өзбек қылып жіберді?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 17:16:39

Мұнда өте көп сыр бар еді. Бір анық себеп, орыстардың қазақтарға ерекше шүйліккені рас. Қазақты көзіне кірген сүйел ретінде қарағаны рас. Мұны бұрынғы жазбаларымызда жаздық. Қазір бұл арада мұны қайталап отырмаймыз. Ал қазір біз мұны діндік тұрғыдан ашалап түсіндіреміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 17:27:59

Кеңес Одағына енген елдердің ішінде қазақтардың орыстар үшін орны ерекше болғаны рас. Себебі, татардың дербестене алмасын орыс сезген. Жері құжынаған орыстың ішінде қалған татардың орысқа қауіп болмасы шын еді. Ал, ұланғайыр жерімен, орыспен ғасырлап соғысқан хандарымен, соңғы ханы Кенесары басы шабылғанша қан кешкен қазаққа орыс өшікпей қайтсін де! Себебі, Алтын орданың тепкісін көрген орыстар, Мәскеуін қазақтарға өртетіп алған орыстардың қазаққа кеткен кегі көп еді. Қазақ деген сөздің батыр деген сөз екенін орыс білетін еді. Сол үшін өздерінің ішіндегі туа сала әскер болатын, патшаның ерекше пенсиясы мен айлығын алатын, жер екпейтін, тек соғыс ашып, қан кешіп, сонысы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын батыр орыстарды казак деп атаған еді. Себебі, орыстарда «қ» дыбысы жоқ еді. Онысы батырлар дегені еді...

Осы казактар Қазақстанға басып кіргенде қазақтарды өз тілдерінің заңдылығы бойынша «қ» дыбысына тілдері келмегесін, казак деп атауы керек еді. Бұл оларға қатты намыс болды. Сонымен олар қасақана, әдейі түрде қазақтарды кәйсәк деді, қырғыз-кәйсәк деді...

Міне, мәселенің мән-жайы қайда...

Ал, осы қазақтарды орыстар күшпен жаулап алғанда, қазақтар қандай халде еді?! Аруағына табынып жүр еді. Аруақ деп ұрандап, аруақ қолдасын деп ақсарбас сойып, аруақ деп жауға шапқан еді! Ал, аруағың қолдаса, сонда неге қолдамады, крест құшақтаған орыстың астына салды да берді ғой!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 17:32:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 18:23 өзгерткен

Иә, біздің Бұқар жырауымыз, біздің Шалкөдеміз, біздің Абайымыз, біздің Шәкәріміміз, біздің Ыбырай Алтынсары бабамыз, біздің хандарымыз, біздің билеріміз сол заманда халқын тәуқидке шақырғандардан еді, қазақтың ақидасын дұрыстамаққа күш салғандардан еді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген Абайдан ғұлама қазақ бар ма екен?! Сол Абайымен мақтанған, сол Шәкәрімімен мақтанған, сол Ыбырай Алтынсары арқылы мақтанған, сол Бұқар жырауы арқылы мақтанған қазақтың солар нанған, солар сенген құдайға сенбейтіні қызық-ақ! Солар сүйген Алланы сүймейтіні қызық-ақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 18:36:15

Ендеше, ғұлама Абай, адамзаттың Абайы дін ислам хақында не айтқан?! Біздегі шала сауаттылар, жарты милылар Абайды әлі де кәпірлік заманның білгішсымақтарының қызыл саясатқа сүйеп, соған бейімдеп түсіндіргені бойынша түсінеді. Шынында, Абайды кеше де, бүгін де өз мақсаттары үшін бұрмалай түсіндірген сан сорлы болды. Ең сұмдығы және сорақысы Абайды бұддист деп дәлелдеп шыққан қазақ болды. Осы туралы арнайы мақала жазып, кітап шығарып, ғылыми атақ алғысы келді. Міне, керек болса! Атың шықпаса, жер өрте деген осы да. Әрине, мұндай «ғылыми зерттеу еңбектерінің» арнайы тапсырыспен жазылатыны шын. Артында ақшаны да, атақ пен абыройды аямай беруге уәде етіп отырған арам ниетті шетелдік қожалары отырғаны бесенеден белгілі. «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз», - деген ұлы Абайды буддист қылып шығарған қазақтардың бар екенін ойласақ, біздің осы сайтарымыздағы бірлі-екілі «аса ғылыми» мырзаларға таңданудың да қажеті жоқ. Біреуді қожасы жаздырса, біреу қожасына болмай өзі жазған заман. Жазса жазсын, азбаса болғаны! Алланың алдындағы сұрақтардан қожасы да, өзі де қашып құтылмақ емес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 18:43:20

Ұлы ғұлама, отыз сегізінші қара сөзінде: «Алла Тағала өлшеусіз. Біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге болмайды» - деп жазады. Сол Абайды білемін дейтіндер Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сынды өлеңдерін тойларда ғана естіп, жаттап алғаны үшін өздерін Абайды білеміз дейтін болса керек. Бұл дегеніңіз Азиядағы телегей теңіздің қасында тұрып қарсы бетіндегі Америкадағы құрлықты көрдім деген бөспенің сөзі сынды еді. Ал, Абай не айтты, оны өзгенің сөзі арқылы емес, өз сөзі арқылы ғана түсіну керек. Керек қылған жігіттер қазақсофт сайтындағы Абай қара сөздерінің дыбыстық жазылымын қайталап тыңдап көрсін. Ақиқаттың барлығы Абайдың сол сөздерінде жатқан жоқ па?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 18:53:20

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 23:56 өзгерткен

Абай қырық бес қара сөз жазса, соның тұп-тура он бірінде ислам хақында, намаз хақында, ғибадат хақында сөз қозғайды, иман туралы сыр шертеді. Абайды мұсылмандық тұрғыдан түсінбейтін түсінік бізге Кеңес кезіндегі ғалымдардан қалды. Себебі, ғұлама Мұхтардың өзі Абайды атеист, құдайсыз деп ашық айтпаған кезде, Абайдың исламдық сипаттарынан, исламдық шығармаларынан әдейі, сақтық үшін өзін қашырғанда, қалыс қалғанда, жарты милы есектер мен жағымпаз жампойлар орысқа жағу үшін Абайды реалист, құдайсыз, атеист қылып «түсіндіріп, талдау жасап», осы хақында мақалалар жазып, ғылыми атақтар алып жатты. Мұхаңның бұл тақырыпқа бармауының бірі сақтық болса, екіншіден, Абайді қаралауға азаматтық ары жібермегені хақ. Болашақ ұрпаққа Абайды аман-есен аманаттаса, ұрпақ өзі түсініп аларына сенгені хақ. Себебі, алтын жер астында мың жыл жатса да тат баспас еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)