Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 10 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Дәл қазір Алматыда екінті (асыр) намазы кірген уақыт. 17:37. Әңгімеміздің қалғанын намаздан соң жазармыз, иншаллаһ!

ҚұдІреті күшті Алла Тағала біздерді екі дүниеде де бақыттЫ етсін, елімізге, жерімізге, қазақ халқымызға тыныштық пен береке берсін. Бізге хидаят берсін, қашан да дұрыс жолға сала көрсін! Адасқан, қарғысқа қалған шайтанның кесірінен сақтасын! Ақыл мен парасат берсін. Білім мен ғылым берсін! Қазақ халқын бұл дүниеде де, о дүниеде де шексіз нығыметке бөленген халықтардан еткейсің. Қазақтың жауын кем еткейсің, жауын жауына жем еткейсің...

Иә, Алла, бізге салихалы ұрпақ бергейсің! Елімізді аман еткейсің, ақырзаманға дейін егемендігімізді баянды еткейсің. Рақымың мен рахметіңе бөлегейсің, шапағатың мен мейіріміңді төккейсің...

Әмин!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 01:33:31

Ассалаумағалейкум рахматуллаһи уа баракату!

Әңгімемізді жалғастыра берейік....

Түркістанды қазақ мәдениетінің, қазақ тарихының астанасы, қайнар көзі дей тұрсақ та, осы Түркістанды өз мақсаттарына пайдаланып жүрген топтар бар екенін айтпасақ, азаматтығымыз бен мұсылмандығымызға сын болмақ еді. Ашығын айту керек, Қазақстан заңында зайырлы ел екеніміз ашық жазылғасын, осы бір заңның тесігін өз пенделік мүддесіне пайдалана алғандар мұндайда қарпып-ақ қалды. Әрі Түркістанды қажылық жасайтын орынға айналдырып алғандар, әсіресе, өздерін «аққулар» мен «сұңқарлар» атап алғандар, «ақ жол» атап алғандар, мұны жеңіл ақша табудың ең оңай жолына айналдырып алды. Күллі мұсылман анық білетін Меккеден, Мединеден, Әл-құддұстан басқа қазақтың Түркістанын да қолдан қасиетті қала жасау, оған барып тәуап қылып қайтса, «кіші қажы» саналады деп діннен сауатсыз елді алжастырғандар, шын мағынасынан алғанда, алаяқтар еді. Осы арқылы аңқау елге арамза молда болып, қара қазақтың қалтасындағы соңғы тиынын қағып алатын еді. Ал осы бір «қажышылардың» көші жылдан-жылға үдеп, ұлғайып отырғаны -Қазақстандағы тидаусыз, бет-бетімен кеткен діни ахуалдың бір көрінісі еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 01:39:27

Пікір білдіргеніңізге алғыс айтамын. Бұл - оқырмандардың талабы бойынша еді. Кей күні, мен компьютерге отырмай қалған күні, шығармамды жазбай қалған күні, кей оқырмандарым түннің бір уағына дейін босқа күткенін айтып еді. Сол үшін жазатын күнімде жазамын деп, жазбайтын күнімде қашан ораларымды айтып отыруды жөн көрдім. Айыпқа бұйырмаңыз. Алда Астанаға, Өскеменге, Талдықорғанға, Көкшетауға, Баянауылға, Шымкентке, Сарыағашқа сапарлай баруды жоспарлап отырмын, егер жоспарым атқарыла қалса, біраз уақытқа үзіліс болары хақ. Мұны да алдын-ала ескертермін. Айыпқа бұйырмаңыз. Ғайыпты Алла ғана біледі, біз білмейміз. Барлығы да Алла қаласа ғана болмақ. Сізге алғыс айтамын ашық пікірлескеніңіз үшін. Алла разы болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 01:47:27

Әңгімеміздің жалғасы:

.............................

«Ақ жолшылар» дегендер кімдер еді? Сіз бұл «ақ жолшылардың» атына қарап, Қазақстандағы өтірік оппозициялық партия «ақ жол» дегенді немесе Алихан бай менің және басқа да саяси шахматшылардың бірін-бірі сатып, алдап үйренген, елге белгілі қосылуы да, ажырасуы да тез болатын «қазақстандық саяси некелерден» кейін пайда болған «нағыз ақ жол партиясы» екен деп ойламаңыз. Партия ретіндегі «ақ жол» мен «нағыз ақ жол» саяси ұғым, әрі ең соңында билікке сатылып кеткендіктері арқылы биліктің асыранды күшіктері немесе мансап үшін алдамшы оппозиция болып, қазақтың аңқау зиялы қауымын алдап жүргендер екенін айпара ашып алғандарындай, біз айтпақшы болып отырған «ақ жолшылар» да нағыз алдамшы, нағыз шірік күнәсін жасаушы, қазақты алдап, алжастырып жүрген, қалтасындағы тиындарын сыпырып алып жүрген, ұйымдасқан, ұжымдасқан, кемелді ұйымдық құрылымдары, басшылық жүйелері бар бір топ алаяқтардан құралған еді. Бұл алаяқтар жай алаяқтар еместұғын. Олардың алдауына шырмалып жүрген оралмандар да аз емес. Түркістанға барып келіп қажы атанған Қытай қазағы да аз емес...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 02:17:29

Қазақстанға барған оралмандардың ішінде сметоллашылардың азғын дініне еніп кеткендер аз емес. Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университет (күстабандардың сөзінше айтқанда политех) пен қазақ ұлттық университет (күстабандардың сөзінше айтқанда КазГУ), Қазақ көлік академиясы (...КазАТК), Абай атындағы ұлттық педагогикалык университет (күстабандаршә айтқанда АГУ), Қазақ мемлекеттік қыздар институты (күстабандарша айтқанда ЖенПИ, қазақшасы: ҚызПИ), т.б. сықылды жоғары оқу орынындағы оралман студенттердің кейбірі атақты «абжат» ұйымының рухани шырғасына мейілінше түскендерден еді. Қытайда қалған ата-ана баласын атамекенге, оқуға жіберіп, өздері ел-жұртқа мақтанып, масаттанып жүргенде, мұндағы балалары азғын діннің шырмауына түсіп, зіркілдеп зікір салып, Аллаға шек келтіріп, оқуын да тастап, ауыл-ауылды аралап, қаңғып, «жүрек тазартып» жүргенін қайдан білсін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 02:39:38

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 02:42 өзгерткен

Осыдан аз бұрын сметоллашылар туралы хабар агентігі түсірген құжатты фильм туралы айттық, біздің бұл туралы онан ары айтуымыздың да қажеті жоқ. Сметоллашылардың ісі Қазақстан мемлекетін дүр сілкіндірген саяси оқиға болды. Себебі, дін атын жамылған осы бір ұйым бейбіт Қазақстан елін астаң-кестең ете жаздады. Бес жүз мың мүрит топтап үлгерген ұйымның құрылымының беріктігі соншалық, мен мұны өз айналамдағы оралмандарға «қазақстандық ерекшелікке ие Па Лұн Гүң» деп атайтын едім. Себебі, Сметолланың барлық іс-әрекеті Қытайды былықтырып жіберуге шақ қалған Ли Құң Жыға қатты ұқсайтын еді. Екеуі де өздерін құтқарушы деп жариялаған еді. Екеуі де өздері жасаған елдегі діни нанымның адасқан бағытынан пайдаланып кеткен еді. Қытайлардың бұддылық ұғымдарындағы шатасқан, түсініксіз, біріне-бірі қайшы тұстары Ли Құң Жыға үлкен орай берген болса, сметолла да қазақ халқының ұзақ мерзім құдайсыз билік құрсауында жасап, ата-бабаның ақиқат дінінен алыстап қалған осындай бір әлсіз мезетін өте шебер пайдалана білген еді. Қазақтың «өлтіретін молда бар, өртейтұғын кітап бар» дегені осындайға қаратылса керек-ті. Қазақ тағы айтатын, «қыңыр молда дін бұзар, қисық арба жол бұзар» деп...

Қазақстандағы күрделі діни жағдай ата-бабамыздың ақиқат тұнған мақалдарының құдіретін тағы бір рет дәлелдеді.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 02:51:08

«Аққулар», «сұңқарлар», «ақ жолшылар» немесе бақсылар бастаған, зікіршілер қостаған, күллі Қазақстанның бұрыш-бұрышын жұқпалы індеттей шарпыған осындай адасушылық, исламның түп негізгі ұстанымдарына басы бүтін қарсы келіп отырғандарымен қоймай, өздерін исламдық қылып көрсеткісі келетін, Алланы ауыздарына ала отырып, жынын шақырып, бақсы ойнататын еді. Ал, бұған не айтуға болатын еді?

Дәлелді алыстан іздеудің керегі жоқ. Не бәле шықса да осы батыстан, Америкадан шықпаушы ма еді?! Ендеше, Америка мен күллі батыс қоғамын, халқын, үкіметін, үкіметтік қауіпсіздік құрылымдарын, Американың орталық барлау басқармасын, Израильдың күллі әлемге әйгілі жансыздық құрылымдарын, Англия мен Францияның қауіпсіздік комитеттерін, әскери ұйымдарын, қарулы күштерін әңкі-тәңкі қылған, осындағы елден ерек зерек, сайқал, әккі қулардың өзін алжастырып, өздерінің шайтани шатпақтарына нандырып, күллі жер шарын былықтырып кете жаздаған lafayette ronald hubbard мырзаның «миллионер болғың келсе, жаңа дін ойлап тап» деген атақты, атышулы, естісе шайтан шапалағын шалатын сөзі Қазақстандағы осыншама былықтың ең дәл жауабы болар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 02:56:47

Орысша іздеуіштерден Р.Хаббард деп іздеп, ағылшынша іздеуіштерден

Lafayette ronald hubbard деп немесе L.Ron hubbard деп іздесеңіз, телегей теңіз білімдерге ие боласыз, бірақ Алла разылығы үшін ескертемін, алдымен шайтанға қарсы сүрелер оқып алып, сосын оқығаныңыз абзал, себебі аталмыш шайтани ұйымның шатпақ нанымдарына еріп кетсеңіз, маған күнә жазылуы мүмкін, Алла онан сақтасын. Қытайша аты мынадай: 拉法叶•罗纳德•贺伯特

Ерінбей, осы хақында ізденемін деушілер болса, алдымен исламдық білімдеріңізді тереңдетіп алыңыздар. Себебі батыс қоғамында, ағылшын, қытай, орыс тілдеріндегі сан-алуан бүлдіргі діндерді уағыздайтын сайттар, кескіндер, дыбыстық уағыздар, суреттер, кинолар дегеніңіз ит басынан төгіледі. Соңғы кезде Қазақстанда kudai.kz деп ашылған шайтани нанымдардың қазақша сайты да жұмыс істеп тұр. Онан басқа қаншама шайтани сайттар бар, бір Алла өзі бізді адасудан сақтасын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 03:27:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 03:39 өзгерткен

Роналд Хаббард, егер тірі болғанында Қазақстан билігіне шексіз алғыс айтқан болар еді! Оған күмәніңіз болмасын. «Егер» деген сөздің шайтанға жол ашатынын білеміз, бірақ біздің сөзіміз ақиқат еді. Себебі, Алматыдағы Мұқағали Мақатаев көшесі мен Сәкен Сейфуллин көшесінің қақ қиылысынан Мақатаевты бойлай көк базарға қарай, Қазақстан орталық мешітіне қарай жүрген жолыңызда, жолдың оң жағында осы оңбағырдың ойлап тапқан шайтани «діні» Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды түрде жұмыс жасап тұрғанын көрген болар едіңіз. Алғыс айтпай қайтсін?! Ал бұл тозақылықтың өзі болса, осыдан жүз жыл бұрын туылып, 74 жыл өмір сүріп, қазақтар орыстарға қарсы, зорлыққа қарсы, өктемге қарсы қан кешкен атақты 1986 жылдың қаңтар айында қайтыс болған екен. Өлерінде артында қалған, ол дүниеге ала кете алмаған байлығы 600 миллион доллар болған екен. Демек, бұл да адамдарды азғыру мен алдау арқылы тапқан арам ақша еді. Осы әдіс бойынша арам ақша жасауды, арам байлық табуды көздеген адамдар Қазақстанда да сан алуан сайтандық ұйымдар құрып үлгірді. Өткенде ғана 2011 жылдың көктемінен жазы аяқтағанға дейін біз жанталаса қарсы тұрған, Қытайдағы қазақтың жастары, зиялылары, ғаламтор пайдаланатын жаңа ұрпағы, болашағы зор буыны өздерінің ересен ұйымшылдығын, бірлігін, берекесін дәлелдеген «тізбекті сатуға қарсы тұру, жалғамалы сатуға қарсы тұру күресіндегі «тізбекті сату» дегеніміз осы сықылды арам ақша табудың батыстық әдістемесінің Қытайдағы үлгісі еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 03:58:57

Сөз кезегі келгенде айта кетелік, Қытайдағы қазақ жастары қытайлардан жұққан әдеттері бойынша кино көруге құмар болатыны табиғи. Бұл әдет баяғыда Қытайда жүргенде менде де бар болатын. Кино көргеннің еш айыбы жоқ. Білім алуға, өзгенің тарихын, мәдениетін білуге болады. Бірақ киноны да таңдап, саралап барып көрген оң. Таңдап көрген киноны көріп болғасын, талдау жасау керек. Мысалы, титаник киносы. Ол нағыз зинақорлықты әспеттеген кино! Біржолата көрме демейміз, көрейік, бірақ өзіміздің мұсылман екенімізді ұмытпауымыз керек. Харамға қараған көздің күнәға жетелерін, жүректің қараятынын білуіміз керек. Көріп болғасын, титаникте айтылғаны бойынша біреудің некелі қатынымен зина жасап кетуден сақтанайық, ол – романтика емес, ол – нағыз зинақорлық.

Ислам дінінде ғашықтық пен ғашық болудың өз жолы бар. Ал мыналар болса, нағыз шайтани көзқарастар. Бір түндік зинаны дәріптеу арқылы батыс қоғамының ем қонбас деңгейде былыққанын білсек, қыздарының жезөкшелікті еркіндікке балап, еркектерінің зинақорлықты махаббатқа балап, азғындықтың сан алуанын жасап жүргенін білсек, өзіміздің мұсылман болғандығымыз үшін Аллаға шексіз алғыс айтқан болар ек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:01:14

Киноны неге айттық?! Зинақорлықты романтика деген кинолардан тыс, жұрттың көретін тағы бір киносы бар еді. Ол батыстық бүлдіргі көзқарастарды уағыздайтын сан алуан кинолар. Қазір айтайық дегеніміз, соның ішіндегі ғылыми фантастикалық кинолар. Қытайша айтқанда 科幻片 немесе 科幻电影

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:09:05

Фантазиялық кино тақырыбына неге келгенімізді түсініп отырған боларсыздар деймін. Себебі, жоғарыда айтқан Роналдтың өзі осы салада шығармалар жазатын адам болған еді. Оның жаратқан шайтани дінінің кейбір ұстанымдары өздерін керемет ғылыми адам санап жүрген жарты бастарды өзіне тез арада үйіріп, адам нанбас шатпақтарына сендіріп алатын еді. Роналды дүниеге әкелген саентология дінінің көзқарасы бойынша, біз осы жер шарында адам болып туылудан бұрын, біздің рухымыз ғаламдағы әлдебір ғаламшарда басқаша бір өмір сүреді екен...

Ал, міне, керек болса!

Бөгде ғаламшарлар туралы, жатжұлдыздықтар туралы, болашақтан осы заманға, осы заманнан болашаққа едемде аттап өтетін уақыт каналы сынды сан алуан киноларымен жастарымызды жаулаған батыс киношыларының бар мақсаты – ақша жасау ғана. Ал, оны көрген көрерменнің жоғарыдағы сынды шайтани діндерге еніп кетуінің сыры да, шыны да сан алуан. Қысқасы, адам жүрегі дегеніңіз бір бос ыдыс. Бұл бос ыдыс иманмен, ақиқатпен толуы керек. Егер сіз оған ақиқатты толтырмасаңыз, оның бос тұруы мүмкін емес, сөзсіз түрде оның орнына басқа бірдеменің толары хақ. Ақиқат біреу ғана болмақ. Бұған сенсек, ақиқаты жоқ, иманы жоқ жүрекке шайтанның өрмек саларына күмәнданбаңыз. Сондықтан, кино көргенде де ойланып, толғанып көріңіздер, менің бауырларым, қарындастарым!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:20:08

Батыста қандай кино жоқ дейсің?! Бәдік киноларын айтпағанның өзінде, бақсылықты дәріптейтін қаншама кинолары бар. Исламнан хабары жоқ адамдар көрсе, мұның барлығын еш талғаусыз қабылдап алары шын.

Бір замандарда, сонау 1993 жылдарда оскар сыйлығын алған атақты кино «аруақ» еді. Мұның ағылшынша аты GHOST болса, оны қытайлар екі түрлі аударып алған еді, бірі (бұғынған рух, жасырынған аруақ) 幽灵 деп аударсә\а, бірінде (адам мен аруақтың махаббаты бітпес... Адам мен аруақтың таусылмас махаббат жыры) 人鬼情未了 деп аударған еді. Шынымды айтар болсам, осы киноны көріп, сол заманда мен де қатты әсерленген едім...

Алла өзі кешірсін...

Ол заманда біздің діни нанымымыз әлсіз еді. Алланың біліп және білмей жасаған күнәларымызды кешіруін сұраймын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:26:38

Сөзіміз Түркістаннан басталып, Түркістанды кіші мекке деп адасқандарға ауысып, онан олардың сипаты хақында өрбіп, бұған қатысты Роналдты мысалға алып, Роналдтан барып ғылыми фантастикаға ауысып кетіппіз. Онан енді киноға кетіппіз...

Жә, Түркістанымызға қайтадан оралайық:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:27:12

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 04:43 өзгерткен

Түркістанды қазақ хандарының қастерлеуі біздің адасқан ағайындарымыздың Түркістанды қастерлеуіне мүлде ұқсамайтын еді. Түркістанда атақты Қожа Ахмет Яссауи болды. Ол қазақ даласына исламның ілімін кең көлемде уағыздады. Шынтуайтында, Яссауи дін уағызшысы болды. Сол заманда исламды Қазақ мемлекетіне таратудың ең ұтымды жері де осы Түркістан қаласы еді. Қазақстан қаритасына қарап отырсаңыз, Алматыдан батысқа, Алматыдан оңтүстікке, Алматыдан басқа елге бару үшін Түркістанды баспай өту мүмкін емес еді. Бұл қатынасы қолайлы қазіргі замандағысы ғой, ал ол заманда кенішті кең батысқа, ну алқап Сарыарқаға, жер жәннаты Жетісуға, ордалы оңтүстікке, сары аязды солтүстікке барудың кіндігі, жердің ортасы, сауданың орталығы осы Түркістан еді. Түркістанды Түркістан атандырғандар да, менің ойымша, арабтар. Себебі, араб жұртының, араб ғалымдарының бір жақсы әдеті бар еді, олар бізді, жалпы түркі тұқымын сонау замандардың өзінде, түріміздің, тіліміздің ұқсамастығына қарамастан, тегіміздің бір екеніне қарап, біртұтас түріктер дейтін еді. Түркі елдерінен келгендерді Түркістани дейтін. Демек, Түркістан қаласының аты да қазақ даласына алғаш дін таратып келген сақабалардың, арабтардың, қожалардың атауы бойынша болған болуы бек мүмкін. Бұл менің жекелік көзқарасым. Тарихшылар келіспей жатса, алдын-ала кешірім сұраймын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:27:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 04:51 өзгерткен

Ендеше, Түркістанды өздерінше, өз беттерімен, өздерінің адасқан нанымдарының орталығы қылып алғандардың не мақсаты бар екенін айттық. Шындығында, естерінен адаса зікір салып, исламның ең негізгі ұстанымы болған Аллаға серік қоспау принципінің өзіне ашықтан-ашық қарсы келіп отырғандардың ең түпкі мақсаты не? Ол – арам ақша жасау, арам байлық жинау. Мұнан басқа ештеме де емес. Сұңқарлар да, аққулар да солар. Себебі, ауылдардағы еш діни білім алмаған, не дұняуи оқу-тоқуы болмаған, өзі жұмыссыз, өзінде диплом жоқ, бірақ өздері жанын жеп ақша тауып жүрген, тәсіл талғамай, екі иығын жұлып жеп ақша жасап жүрген пысық қатындарға сауданың ең жақсысы бақсы болу еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:27:40

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 04:57 өзгерткен

Бақсы – жын мен шайтанның адамдар арасындағы өкілі. Шайтанның адамдар арасындағы әскері, ашығын айтқанда, шайтанның құлы. Баяғыдағы қазақтар бақсы өлсе, басқа қазақтар жатқан зиратқа көмбеген. Кей деректерде, жаназасын шығармай, жуындырмай, аруламай, кебіндемей, сол қалпында, бейне өлген малды, өлексені көмгендей қылып, айдалаға апарып, жалғыз көміп тастап отырған. Бұған бір дәлел, Абай атамыздың «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым, тап шыным» деп өз басындағы жалғыздықты, ғарыптықты ашына жазған жырларында бақсының жалғыз моласын мысалға алуынан-ақ білуге болады...

Бақсы мен бақсылық туралы исламда айтылған сөздерді бұл арада ұзағынан түсіндіріп отырудың қажеті жоқ. Себебі, ғайыпты болжаудың үлкен күнә екендігін кез-келген мұсылман біледі. Себебі, ғайыпты Алла ғана біледі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:28:16

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 05:05 өзгерткен

Аққулар, сұңқарлар, ақ жолшылардың Алматыда бөлімшелері бар. Мен білетін бір бөлімшесі Алматыдағы мемлекеттік жолаушылар бекеті сайран автобекетінің қарсысында орналасқан. Трамвай жүретін Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысқан тұсында бар. Өздерін «Қазақстан халық емшісі» деп атаған кейбір адамдар осындай бір ұйымдар, бірлестіктер, қоғамдар, сауықтыру орталықтары деген сан-алуан ұжымдарды құрып алу арқылы, заңның тесігінен пайдаланып, экономикалық алаяқтықпен айналысады. Алаяқтықпен ақша жасағандарынан бұрын, аңқау елге арамза молда болып, діннен сауатсыз бұқараны адастырады. Аллаға серік қостырады, исламның атына кір келтіреді...

Олардың қылмыстары мен күнәларын тізе берсеңіз, сан жетпес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 04:29:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-30 05:15 өзгерткен

Онысымен қоймай, бұларың бір кемелді саяси партия сықылды болып келеді. Ұйымдық құрылымдары берік, мүше қабылдау тәртіптері қатаң болады. Түскен арам ақшаны бөлісу заңдары да қатаң, әркімге еңбегіне қарай жалақы тағайындайды. Бақсылық жолға тәрбиелейтін ұстаздары, пірлері болады. Жап-жас қыздарды сиқырлап, тоқал қылып ала береді. Қаусаған кәрі бақсы «ата-бабаларың сенің маған тоқал болуыңды айтып тұр» деп алдап, жап-жас қыздарды иемденіп шыға келеді. Бір қызығы, бұлардың нанымы бойынша аруақтар да «о дүниеде» жүздерге, руларға бөлінеді екен. Егер, руың албан болса, алжан болса, Райымбек батырдың аруағы қолдайды екен де, егер руың қаракерей немесе найман болса, Қабанбай батырдың аруағы қолдайды екен...

Егер Алматыда оқып жүрген кіші жүз болсаң, онда «Бекет атаның» аруағы келіп, «қолдап-қуаттап, айналып-үйіріліп» тұрады екен. Міне, аңқау елді осылай алжастырып, қазақтың руға, жүзге бөлінетінін осылай пайдаланған адамдарды көргенде, не айтарыңды білмей де қаласың, бір қызығы, баяғыдағы ата-баба «аруақтарымен» қатар, күні кеше ғана қайтыс болған су жаңа «аруақтар да» қолдай береді екен, мысалы, мезгілсіз қайтыс болған өнер жұлдыздарының аруағы да үнемі осы сайран автобекеті маңында серуендеп жүретін болса керек. Ал күні кеше Қазақстанды қырық жыл билеген Дінмұхаммед Қонаев ақсақалдың аруағы руға, жүзге бөлмей қолдай беретін болса керек...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)