Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 9 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

28 тамыз. 2011 жыл.

Алматы.

Ораза айт 30 тамыз күні болмақ. Айттарыңыз мүбарак болсын...

Айт мерекесінде арақ-шарап, зинадан алыс болайық, жарандар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 01:01:42

Ассалаумағалейкум рахматуллаһи уа Баракату, қадірлі жамағат!

Қазір Алматыда 22:55 болды, 28 тамыз. Жаңа ғана мешіттен үйге оралдық. Алла қаласа, ертең оразаның соңғы күні. Ертең таңертең сәресімізді ішіп, аузымызды бекіткен соң, ертең кеште соңғы ауызашарға барғасын (ауыз ашқасын), осы жылғы рамазан айының оразасы аяқтайды. Ораза айт бір күн болмақ. Осы бір күнде ораза ұстау харам. Онан басқа күндерде нәфіл оразалар ұстауға болады. Енді, шәуәл айының оразасы келе жатыр...

Айтпақшы, айт намазы оқылатын күні ауыз бекітпеңіздер. Баяғыда біз бала күнімізде сауатсыздығымыз кесірінен, ораза айт намазы оқылатын күні ауыз бекітіп, ниет етіп, айт намазынан соң ашып жүретінбіз. Сөйтсек, онымыз қате екен. Дұрысы, сол күні ауыз бекітпей, тек таңғы асты ішіп, сосын, таң намазына мешітке бару керек екен, сосын таң намазынан соң ораза айт намазын оқиды екенбіз. О, жаратушы Алла, біліп-білмей жасаған күнәларымыз болса, кешіре көр. Ал құрбан айт күні құрбандық шалатын кісі сәресісін ішпей, айт намазынан кейін өзі шалған құрбандықтың етімен тамақтану сүннет болмақ. Айырмасын білейік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 07:16:51

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 07:20 өзгерткен

Қазақстанда соңғы кезде сақалға қарсы күрес қатты өршіп тұр. Мұны мен қалжыңға қосып «анти-сақализм» деп атадым. Иә, қазаққа түсініксіз қалың измның кесірінен ізінен жаңылған қазақ санасы неге сеніп, неге нанарын біле алмай қалды. Сан мың жылдан қалыптасқан сан измның көзін құртып, орнына өзін ғана қойған шайтанизм кесірінен бүгінгі қазақтың біраз қауымы өзіне емес өзгеге нанғыш, иланғыш. Көлденең көк атты келіп әкесінің кім екенін анықтап береді, оған да нанады...

Абайды кришнайт қылып береді, оған да нанады, Абайды бұддист қылып береді, оған да нанады, сөйтіп «өзін-өзі танып» жүрген қазақтың басы әбден қатқан. Сөйтіп жүргенде, ата-баба дінімен қайтадан қауышқанда, ортадан орайды пайдаланып сопылар киіп кетсін. Сопылардың қазақ арасына салған лаңы аз болған жоқ. Ата-баба дінінен алыстап қалған, тамырынан суалған біраз зиялымыз сопылардың жалаң ұлтшылдық бағыты үшін ғана олардың қатарына кірді, шынында, Сметолла бастаған топ шынайы сопы да емес еді, олар саяси ұйым болатын. Мақсаттары – қазақ билігіне қол созу болатын.

Сопылармен қатар дұрысы да, бұрысы да бар сан ағым қазақ мемлекетіне лап қойды. Күн көсемдері Маркс пен Энгельс заманында қап сақалға оншалықты қарсы бола қоймаған құдайсыз қоғам ендігіде пайғамбардың сүннетін орындап, сақалын өсірген мұсылман қазаққа жатта кеп шүйліксін. Енді бұларға не деп ат қойып айдар тағарын білмей отырғанда, баяғыдағы шайтани қожалары құлағына сыбырласын, «уаһабист» деп айт деп...

Сонымен сақал да қаптады, уаһабист деп атау да қаптады, әшейін ненің уаһабист екенін білмесе де, уаһабтың кім болғанын білмесе де, жек көрген мұсылманын уаһаб атау моды болды.

Мен Түркістанда жүргенімде, сопылардың Түркістан атын жамылып не істеп жүргенін сезгендей едім...

Бірақ ол заманда оларды саяси күш деп ойламаппын, қалай болмасын, ислам атын жамылып, адасып жүрген бір топ деп қана топшылаған екенмін, сөйтсем, олардың кім екені арада біраз жыл өткесін, енді-енді ғана ашылып келе жатыр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 07:25:07

Сақалға қарсы күреске белсеніп шыққан қазақтар Маркс пен Энгельстің қап сақалын, Лениннің шоқша сақалын ұмыта қалсын. Бұлардың қақ ортасында, өздерін қазақ ұлтшылдары деп атайтын бір топ жүрді. Қазақтың ұлтшылдары еместұғын олар. Ұлтын сүйген ұл ұлтының тамырына балта шабар қарекетке бармас еді. Бір қызығы, қандай қазақ болсын, Абайды сыйлайды, құрметтейді, қазақтың рухы деп біледі Абайды, сол Абайды сыйлаған қазақ Абайдың сақалын көрмей жүргені қызық. Егер Абай тура осы заманда болса, оның да уаһабист атануы бек мүмкін еді. Біріншіден, сақал қойған, екіншіден, Абай ту бастан-ақ ислам туралы жазды емес пе?!

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген Абайды уаһабист демей не қылсын олар?! Бірақ, Абайға тістері батпайды...

Онысына да шүкірлік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 07:33:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 07:49 өзгерткен

Қазақ алғаш дербес болғанда, егемен елдің алғашқы ақшасына қазақтың ұлыларының суретін басты. Әл-Фараби, Абай, Сүйінбай...

Барлығы тұтас сақалды. Ой, тәуба...

Сонда жаңағы сақалмен жағаласатындар мұны неге білмей қалған?! Бекболат Тілеухан айтпақшы, қазақта жалғыз ғана көсе болған, ол – Алдар көсе, оның өзі – аферист (алаяқ). Сонда сақалмен жармасқан қалың қазақ ақшаларына Алдаркөсені шығарайын деп жүргені ме?!

Бір қызығы, үш бидің – Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің мүсіні күллі Қазақстанды жаулады. Астанада орталық ең жоғарғы сот алдында билер мүсіні тұрды...

Бір қызығы, қазақтың ұлық билері де шетінен «уаһабист» екен. Былай, зер сала, дұрыстап қарасақ, қазақтың Алаш Ордашыларының барлығы да «уаһабист» екен...

Барлығы да сақал қойған...

Ой, қызық...

Сонда жаңағы өзін ұлтшылдармыз дейтін айғайшы топқа таңырқамай амалың жоқ, сол қаптаған қалың сақалды қазақтармен мақтанады, соларды ұлттық мақтанышы етеді, оларға келгенде үндері шықпайды, уаһабсың деп сақалдарына жармаспайды, бірақ сол ұлыларға тым құрыса, сырт келбеті жағынан болса да, Абайша айтқанда, «болмаса да ұқсап баққысы» келген осы замандағы дін ұстанғысы келген тақуа, сүннетшіл қазаққа жат та кеп жармасады, басқасына емес, сақалына...

Әкәу, бұл сақалдың қазаққа не жазығы бар еді соншама?! Қазаққа сақалдан басқа жау табылмай қалды ма?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 08:26:41

Атақты ағылшын мұсылманы, бұрынғы англо-саксон протестанты, Американың бұрынғы побы Юсуф Естес мырзаның ютюбте бір кескіні бар, жалғамасы:

Http://www.youtube.com/watch?V=Y2j97r5Cdh0

Мұны іздеп табудың бір жолы Иүсүфтің атын орысша жазасыз да, соңына «вахабизм» дегенді қосасыз, мысалы мынадай:

Юсуф Естес вахабизм

Әрине, youtube-ке жазасыз. Сонда жоғарыдағы кескін шығады. Дыбысы ағылшынша, астында орысша аудармасы жазумен берілген. Мұнда біздің барлық қазақ білмей, албаты шулап жүрген уаһабизмның не екенін ашық түсіндірген. Ағылшынша не орысша білетіндер көрсе, біраз сауаттық білім алары хақ. Қытайда

Www.youtube.com ашылмайды, бірақ ебін тапс ашылады. Көрерсіздер.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 08:38:34

Қазақстанда «Хабар» телеарнасы түсірген бір керемет құжатты фильм бар. Құжатты фильмның басы Абайдың туысқаны, атақты Шәкәрім Құдайберді ұлының мынау бір шумақ атақты өлеңімен басталған:

– Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құрбанына.

Ақиқат сырымды айтсам,

Толстойдың,

Мың сопыны алмаймын тырнағына!

Біздің Қытайдағы қазақтарға бұл құжатты фильмнің жеткен-жетпегенінен хабарсызбын. Негізі, Алматыдағы біраз оралман студентті қақпандарына түсіріп кеткен осы саяси қара ниетті топ Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде «абжат» атты ұйым құрып, біздің діни сауаты шамалы оралман жастарымызды адастырып кеткен еді...

Осы фильм – егер Нұрислам торбекетінде бола жатса, Жөкеш мырзаның осы күлтегінге жалғамасын бергенін сұраған болар ек...

Себебі, адасқан қазақтың қандай болатынын сырттағы қазақ та білуге міндетті. Сақтық үшін...

Адаспау үшін...

Алла разылығы үшін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 08:48:34

Құжаттың басында «ақиқат» деген жазу бар. Аты сол болса керек. Сметоллашылардың барлық іс-әрекеттері, олардың қылмыстық ұйымдарының сырлары ашылады. Білетіндер болса, осы араға сілтемесін шығарып қойса болар еді. Шынында, сметолланың өзі Қазақстан үшін алғанда оралман еді. Ол-Ауғанстанның қазағы еді. Бірақ, оның қазақ екеніне өз басым күмән келтіремін. Себебі, оның шығу тегі өте күмәнді еді. Фильмде бұл туралы да айтылады. Атақты ашаршылық жылдары Қызылордадан Ауғанстанға қашқан қазақтардың архивінен оның ата-бабасының құжаттары шықпаған. Демек, ешкім білмейтін, еш туысқаны жоқ, нағашы-жиені, құда-жегжаны болмайтын, айналасындағы еш адам бұған куә бола алмайтын бұл қандай қазақ, сонда?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 08:54:44

Түркістанда зиярат етіп жүргенімде, Қожа Ахмет кесенесінің алдындағы аласа үйден «Яссауи вокалдық тобының» әні үздіксіз қойылып тұрды. Диск сатып жүрген жас қазақ жігіті алды-артымызды орай жөнелді. Мақсаты - дисксін сату. Қазақ сауда істемесін, қазақ сауда істесе, түбін түсіреді, алмасыңа қоймайды, жаныңды алады. Сонымен, теріс ағым екенін біле тұра екі дисксін алуға мәжбүр болдық, былай шыға бере дисктерді сындырып қоқысқа тастадық...

Жап-жас жігіт жай ғана диск сатушы емес екенін бірден ашты. Бізге сопылықты уағыздай бастады. Мен тыңдап тұрдым да әңгімені басқа тақырыпқа бұрып жібердім...

–Бауырым, ел қайдан?

–Шымкенттен...

–О, жарайды, құда болдың, мамандығың не?

–Қытай тілін оқығамын.

Мұнысын естіп аң-таң болдық та қалдық...

Мен оған Қытайша сөйледім. Ол да аң-таң қалды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 09:01:08

Қытай тілін тамамдаған жас маман Ақтөбеде Қытайдың Си Ен Пи Си (CNPC) компаниясында жұмысқа тұрған. Сөйтіп жүргенінде, өзінің айтуы бойынша, бұған «аруақтар» келіп құлағына сыбырлап, «аян» берген. Сонымен, ақиқатты іздеп, осы Түркістанға келіп, міне, сонан бері бес жылдай «ақиқат жолында» «ілім-білім» іздеп жүрген жүрісі екен мынау...

Тыңдап тұрып еріксізден ішің ашиды. Адасқанның көкесін онан соң көрдік...

Сопылықты уағызап, «алдымен, пірге жетеміз, пірден соң бірге жетеміз, яғни, Аллаға жетеміз дейді...

«Пір» дегендері сметолла. Бұлардың ұғымы бойынша болғанда, сметолла адамдар мен Алланың ортасындағы көпір...

Шошығаннан жағамызды ұстадық...

Алла сақтасын...

Қараптан қарап отырып Аллаға серік қосқанын өздері еш мойындамайды да...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 09:24:35

Менің Қытайдан келгенімді білгесін, шымкенттік қазақ сауда жайында сөйлесе қалды. Арманы Қытайға бір бару екен. Ондағы «ілім-білімнен» алыс қалған қазаққа «пірлерінің» ақиқатын жеткізіп, Алланың алдында «сауап» тапқысы келеді екен. Тағы бірі – компакт дисклерді, DVD дискілерді шығаратын зауыт сатып алсам дейді, сосын, зікіршілердің уағызын, зікірлерін ішіне жазып, көптеп таратқысы келеді, дисктерді бір жолда көптеп жазып беретін рекордер аппаратын алғысы келеді екен. Дереу маған өтінішін айта бастады. Осылардың бағаларын біліп берсеңіз деп қиылды.

–Жарайды, біліп беру мәселе емес... Сіздерше айтқанда, базар жоқ... Базара нету...

–Жақсы болды, Алла разы болсын. Піріміз батасын береді.

–Төте зауытқа шығарайын ба, әлде делдалдық компаниялар арқылы аласыз ба?

–Ағасы, қызық екенсіз, делдалдар неге керек, зауытқа төте шығарыңыз, арзан болады ғой.

–Жоқ, зауытқа төте шығармаймын. Делдалдан алыңыз. Үстіне 10 пайыз ғана баға қосады.

Жігіт түсінбей қалды. Мен сөзімді жалғастырдым:

–Ойла, бауырым, адам мен Алланың ортасында еш делдал керек емес екенін ислам ғұламалары айтады, сенің пір дегенің жаңағы мен айтқан делдалдық компания сықылды. Саудада делдалды ұнатпаған адам құлшылықта делдалды неге қалайды екен?! Аллаға делдалсыз төте құлшылық жасауыңа не кедергі болып тұр?!

Жігіт ойланды да қалды...

Я, Алла кімді қаласа, соны дұрыс жолға салады, мен қоштастым да кете бардым, онан соң ол жігітті көрген емеспін, жаңағы сөзімнің оған қаншалық әсер еткенін анық білмеймін. Мүмкін, сонан соң ізденіп, дұрыс жолға түскен болар, мүмкін, баяғы әуеніне басып, пірлерінің аяғын жуған суын қасиетті деп біліп, ішіп, бала-шағаларына ем ретінде ішкізіп жүрген болар...

Кім білсін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 09:37:09

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 09:42 өзгерткен

Жә, құрметті оқырман, Алматыда аппақ таң атты. Қазір Алматы уақытымен жеті жарым. Алатаудың басын қар басқан, ауа кәдімгідей сап-салқын. Алматы дегеніңіз қазақтардың жайлауға салып алған қаласы ғой. Ауасы да жайлаудың ауасы құсап құбылады да тұрады. Бұлбұлдардың сайраған үнін естіп отырмын...

Жалғасы бар, жалықпаңыздар...

Бүгін – 29 тамыз. Оразаның ең соңғы күні. Ертең Алматыда айт намазы оқылады. Алла қаласа, аманшылық берсе, мешіттер адам теңізіне айналады. Бұрындары айт намазында қаншама ерте келсек те, мешіт ішінен орын тимеуші еді. Алматының орталық көк мешітінің ауласында далада оқитын едік айт намазын. (Қазір күмбезін «алтынмен» аптап қойған. Сап-сары, сонау алыстан алтындай жарқырап, мен мұндалайды, енді, көк мешіт емес, алтын мешіт немесе сары мешіт атармыз.)

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 10:11:37

Түркістанда қазақтың қанша ханы жерленген? Қазақтың қанша патшасы осы Түркістанда мәңгілікке қалған? Қазірге дейін анық болғанындай, мұнда қазақтың 21 ханы жерленген. Қазақтың Түркістанда жерленген билерінің өзі жүзден аса жығылады. Түркістанның қазақ тарихында алатын орнының ерекше екендігін айтып жатудың қажеті де жоқ, ол – талассыз ақиқат. Түркістан тұрғындары мұны мақтанышпен айтады. Өздерін бүгінгі күн мен кешегі қазақ хандығының арасын жалғаушылар сезінеді. Ал осында жерленген қазақ хандарының тізімдігін бере кетсек, артықтық етпес: (құжаттардан теріліп алынған...)

Есім хан (1628), Жәнібек хан (1643), Жәңгір хан (1680), Тұрсын хан (1717), Тәуке хан (1718), Қайып хан (1718), Болат хан (1723), Сәмеке хан (1738), Жолбарыс хан (1740), Сейіт хан (1745), Барақ хан (1750), Сығай хан (1750), Әбілмәмбет хан (1771), Абылай хан (1780), Әбілфейіз хан (1783), Бөкей хан (1819), Тоғай хан (1826), Есім хан (19-ғасыр басы), Болат хан (XIX ғасыр басы), Тәуке хан (XIX ғасыр басы), Әликен хан (1859).

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 10:27:15

Түркістанда 14 жыл хан болған қазақ ханы Тұрсын Мұқамет хан еді. Ол 1613 жылдан бастап, 1627 жылға дейін хан болып тұрған еді, әрі өзінің теңгесін соқтырған қазақ хандарының ішінде Тұрсын ханның орны ерекше. Тұрсын Мұқамет хан соқтырған теңгелер осы күнге дейін Ресейдің мемлекеттік мұражайында тұр. Атақты шығыстанушы ғалым П.Лерх жазған жазбаларда 1626 жылғы Тұрсын Мұқамет хан жазған жарлық қағаздарын 1867 жылы Түркістанға барған сапарында Қожа Ахмет Яссауи ұрпақтарының қолынан көргені жазылған. 1694 жылы 7 айдың 22-күні атақты Тәуке ханның орыс елшілерін Түркістанда қабылдағаны хақындағы тарих орыс тарихи құжаттарында анық жазылған. Ол замандағы қазақ орыспен тепе-тең тұрған қазақ еді...

Ой, заман-ай деші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 19:03:54

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 19:22 өзгерткен

Түркістандағы базарларда өзбектен көз ашпайсың. Бір қызығы, кей қазақтар сол өзбекке өзбекше сөйлесіп жүр. Осы біздің қазақтың өзге тілді тез үйреніп алатынына таң қалмай амалың жоқ. Бұл бізге Алланың берген бағы ма, соры ма, кім білсін! Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақстан-Түркия бірлескен жоғары оқу орынында болғанымызда қазақтың ұлдары мен қыздары мұнда түрікше сөйлесіп жүргенін көрдік. Түрікше болғанда таза Түркия түріктерінің, Анадолы түріктерінің түрікшесі...

Таңырқайсың...

Қазақ баяғыда орыс болып кетіп еді, енді түрік, араб болып кететін сықылды, әйтеу, қазақ болмау шарт сықылды, міндет сықылды. Мешітте намазға ертерек барып отырсаң, кейде Алматы мешіттерінің өзінде бірін-бірі «ақи» деп шақырысып жатқан қазақ жігіттерін көресің. Ауылда, ауыл болғанда да, орыс түгілі татарды емге таба алмайтын таза қазақ ауылдарында, талтаң-талтаң етіп, екі бұтының арасынан ел көшкендей болып, сүзе қарап, шырт түкіріп жүрген надан әрі топас жігіттер бірін-бірі орысша «брат» деп немесе «братан» деп шақырушы еді. «Бауыр, інішек» десе тістері түсіп қалардай болған бұл сорлылардың онан өзге орысшасы да жоқ болатын. Орысшаны өздерінен арман қатырып сөйлей қалсаң, шанағы шақты екенін білдіріп алғасын, амалсыздан қазақша көшетін еді мұндай сорлылар. Мен иттің етінен жек көретін орыстың «братан» сөзін біздің кейбір жастарымыз арабтың ақиына алмастырып ала қойған екен...

Ой, тәуба...

Қазақтың әп-әдемі «бауыр, іні, інішек, ағайын» деген қаратпа сөздерін қаратып тұрып, өзге тілге жүгіргіш бұл қазақтардың басын ашып, қолымды тығып тұрып, ішінде не бар екенін көргім келеді де тұрады...

Орысша сөйлескен қазаққа құлақ үйреніп, етіміз өліп кеткелі қашан. Қазақ орысша сөйлесе таңырқамай, қазақ қазақша сөйлесе таңырқайтын болдық қой сол бір замандарда. Құдайға шүкір, қазір қазақ екеніне намыстанбайтын, қазақша сөйлегеннен ұялмайтындар көбейіп келе жатыр...

Арабша, түрікше сөйлескен ештеме емес екен ғой. Түркістанда өзбекше сарнаған қазақты көргенде, теуіп тезегін шығарғым келгені шын еді...

Оған да ренжіме...

Алматының Шонжы ауданының хатшысы, ұлты қазақ, үкімет кадры Алматы облысы әкіміне үкіметтік қызметтен докладты ұйғырша жазып алып келіпті...

Мә, керек десең...

Әйтеу, қазақша сөйлемеу керек, қазақша білмеу керек...

Айдалаға жабайы эскимостың тілінде сөйлесең де, қазақша сөйлемеу міндет көрінеді...

Мейлі, қалмақша сөйле, әйтеу, итше, битше сөйле, қазақша сөйлеме, қазақша сөйлесең, қазақбайскисің, мамбетсің, надансың, топассың, кедейсің, ауылбайскисің...

Міне, құл саналы құлдардың қандай ойлайтынын көр...

Алла, бір өзің мені күнәлардән сақтай көр. Маған қазақ патшалығының патшасы болу құдіретін бере көрме, егер мен қазақ елінің президенті бола қалсам, құдай сақтасын...

Қазақша сөйлемеген қазақтардың басын ашып, миын күнге кептіріп, өз қолыммен ішіндегі құртын теріп...

Құдай сақтай көр, әрі қарай ойлағанның өзінен қорқамын...

Қандай қорқынышты ойлар...

Тарс еткізіп атып тастармын, Алла онан сақтай көр, өз бауырымды, өз қазағымды атқаннан...

Астағфироллаһ...

Астағфироллаһ...

Астағфироллаһ...

Әр үш өзбектің біреуі қазақ мемлекеті арқылы жанын бағып отыр. Өзбекстандағы экономикалық реформалардың Қазақстаннан кеш басталуы, Кәрімовтың шаруашылық басқару жағында Назарбаевтай көреген бола алмауы-Өзбекстанды тақыр кедейлік ішінде қалдырған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 19:12:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 19:25 өзгерткен

Ей, құдіреті күшті Алла, дәл қазір маған қазақ елін басқаратын билік құдіретін бере көрме...

Берер болсаң, менің сабырым мен білімім, иманым мен парасатым жетілген кезінде берерсің...

Саяси айлакерлігім, қабілетім піскен кезде бер! Дәл қазір маған билік құдіреті тие қалса, Алла онан сақтасын, миллиардтаған қазақ қаржысын шетелге алып қашқан Әбилязов, Әлиев сықылды қашқындарды, Храпунов сықылды қазақтың қанын сүліктей сорып, төрт миллиард доллар ақшаны, камаз-камаз алтынды Израильге алып қашқан қылмыскерді...

Ақша жемесе, пара алмаса, арамдық жасамаса, ішкен асы бойына сіңбейтін әкімдерді, ұлтына көр қазған министрлерді, қазаққа қарсы заң жасағыш сатқындарды, қазақ тіліне қарсы шығып, қазақ тілін көрге қарай сүйреп бара жатқандарды өз қолыммен атар ма ем? Тарсылдатып, бытырлатып...

Шіркін...

Құдай сақтай көр...

Мүмкін, өз қолыммен қылқындырып өлтірермін?! Кешіре көр, Алла. Маған мұндай құдірет бере көрме...

Күнәлардан сақтай көр, Алла...

Маған сабыр мен ақыл-парасат бере көр...

Халқыма, еліме, жеріме тыныштық, береке бере көр...

Адасқан, қарғысқа қалған шайтанның кесірінен, бір өзіңе сиынамын!

Ағузу биллаһи мина щайтаанир раджим, бисмиллаһир раһманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-29 19:41:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-29 19:43 өзгерткен


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 89 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)