Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 8 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:25:29

Қазақстанның ең шығысы, қалың найман-арғын мен керейдің абағы мен ашамайлысы жасайтын, Шығыс Қазақстан облысының Семей, Өскемен, Үржар қалалары, оған жақын Қытай Шәуешегімен арасы 20-30 шақырым (кейі мұнан да жақын, кейі сәл алыс) жердегі Қаракерей Қабанбайдың тұқымы жасайтын Мақаншы, Жарбұлақ, Қарабұлақтар мен Алматы облысының Үшарал, Достық, Жансүгір, Қарабұлақ (Ескелді би), Қапал, Сарқант, Текелі, Жамбыл ауданы, Қамысқала, Ұзынағаш, Талғар, Жаркент, Шелек, Есік, Райымбек, Қарғалы сықылды елдімекендерінде, орта жүзден аздаған қыпшақтар мен қоса аздаған қоңыраты бар, қалғаны кілең ұлы жүз үйсіндер болып келетін Жамбыл облысында, Түркістан қаласында, Кентау қаласында, күллі қазақтың үш жүзінің баласы бар Астана қаласында, Астана маңындағы ашамайлы керейлер қоныстанған Сарыарқаның кең жайлауларында, ауылдарында, Екібастұзда, хан Абылайдың ізі қалған, демалып, тыныққан Баянауыл, Көкшетауларда, арғын мен қыпшақ аралас қоныстанған Қарағанды мен Жезқазғанда, батыр да қайсар, қайтпас кіші жүздің мекені болған батыстағы үш өлкеде – Ақтөбеде, Атырауда, Маңғыстауда аздаған ноғайы бар болғанымен, Ресейге тиіп тұрғанымен, қазақылығын Алматыдан жақсы сақтаған, Еуропаның шегіндегі, Азияның шетіндегі Оралда, қаһарлы Кавказдың (Қапқаз) қойнауларында болған сапарларымның барлығында мен кілең бір мақтаныш сезіммен жүргенімді ашық айтар едім...

Шынында, кей жердегі қазақтардың тілі аздап орысшаланғанымен, менің көзім бір нәрсеге жеткен еді, ол қазақ халқының ешқашан орыстар жағынан жұтылмастығы еді. Себебі, тамырын тереңге жайған ұлттық қасиетіміз бізді кеше ғана орманнан шыққан орысқа құл қылмас еді. Ерлік рухы тасыған ата-бабамыздың батырлық дастандарын жаттап өскен қазақтың баласы жер шарындағы ешқандай халықта қайталанбаған соншама мол фольклорлық мұрасының өзімен-ақ, қаншалықты тамырлы жұрт екенін күллі ғаламға паш еткен еді. Демек, біз ақырзаман келгенше, ақырғы бір қазақтың жанын періштелер алғанша, қазақ болып қаларымыз хақ. Иншаллаһ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:32:47

Қытайдағы Мұңғұлкүремен шектес мұндағы Қазақстан Нарынқолында, Кегенде қалың албандар, алжандар жасайтын еді, Нарынқол қазағының аса кең мінезді, жуас, жайдары, жұмсақ болатынын көп рет байқаған едім, қызығы, осы Нарынқолдың албандары біраз жыл бұрын Іледен келгендер екен, әрине, тұрғылықтылары да аз емес, бірақ, кез-келген Нарынқол қазағының Қытайдағы қазақпен байланысы бар болып шыға келуіне таңырқаудың да қажеті жоқ еді. Қытайдың қазақтары «ш» дыбысын көбінеки «ч» дыбысымен бірдей дыбыстайды ғой, мысалы, «тамақты шайнап же» дегендегі «шайна» сөзін Қытай қазағы «china» мен ұқсас дыбыстар еді, «чәйнә» дер еді, мұнысы жағынан ұлы жүздердің тілін негіз еткен Алматы тіліндегі «ш» дыбысын барынша жұмсартып айтатындармен парықты еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:37:21

Түркістанда наймандар мен қоңыраттар да бар екен. Қарап отырсаң, мұнда ұлы жүздер мен орта жүз қатар жасайды. Деректерге қарағанда, сонау ашаршылық жылдары бұған орталық Қазақстаннан арғындар, қыпшақтар, сонау батыстағы өлкелерден кіші жүздер де келіп қосылған екен. Демек, әр жердің халқын, елін зерттей, зерделей жүрсең, қазақтың тарихы шыға келеді. Ашаршылықты мойындағысы келмейтін ұлт сатқындарына мұнан артық қандай дәлел болсын?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:40:53

Ту сонау Семейде, Қазақстанның шығысы мен Қытайдың Алтайының шекараласқан жеріне ту сонау қиырдағы, батыстағы тамалардың, телелердің келіп қосылғаны нені білдіреді? Бұл да сол ашаршылық жылдарының қасіреті еді. Жан таппаған, зорлық пен қорлық көрген қазақ қынадай қырылғасын, жан сақтау үшін, бала-шағасын сақтау үшін, 4 мың шақырымға жуық жол басып, Қытай аспақ болған...

Атыраудан Алтайға жете бере, қызыл үкіметтің қысымымен тоқтап қалған. Әрине, қанды қырғынмен тоқтағаны шын. Көбісін қырып салып, азын қалдыратын кеңес заңы ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:46:23

Семейде қалың ел найман ішінде «қыпшақ» деген бір кіші ру бар. Бұлар орталық Қазақстандағы орта жүздің бел баласы қыпшақтардың шежіресінде жоқ қыпшақтар. Осы қыпшақтар өздерін біресе найманбыз деп таратады. Шежірешілерде бұл хақында ортақ көзқарас болмай тұр...

Мен осы қыпшақтардың тойында болдым. Ел тоймен әбігер болып, қыз қайырып, құдашалармен қалжыңдасып, әркім өзі қалаған қызыққа кеткенде, мен осы бір саны кішкентай болғанымен, кіші ру болғанымен, үлкен қыпшақтың атын тұтас иемденген елдің ақсақалымен таң атқанша сұхбатта болған едім...

Негізі, шығыстағы қалың найман ішіне келіп паналаған ту сонау орталық Қазақстандағы қалың да ордалы қыпшақтан бөлініп қалған бұл қыпшақтардың өздеріне тиесілі кіші ру атымен емес, үлкен қыпшақ атын сақтап қалғаны да олардың сырттан келгенін аңғартса керек, демек, бұның да сол бір нәубет замандағы ашаршылықпен қатысы болуы әбден мүмкін...

Зерттеу керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:50:09

Қытайдағы қазақтарға түсінікті болуы үшін мынадай мысал келтіре кетелік...

Бойлары ұзын, өздері аққұба, ірі денелі шығыс-солтүстік Қытайлары жасайтын өлкелердің бірінен немесе сонау Ресеймен шектесетін Хилұңжяңның бір ауылынан тарбақ танау, жылтыр қара, әрі таза Гуаңдұң (Кантон) акцентінде сөйлейтін бір ауыл Қытайды көрсең, таңырқамас па ең, егер, тұрғылықты болса?

Демек, ұланғайыр қазақ елінің бір шетінен бір шетіне бір мың емес, екі мың, үш мың километр аралық тастап, бір рудың ішіне енген өзге бір рудың барлығында бір сырлы тарих бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 15:54:15

Мұның барлығын зерттеу, зерделеу керек. Осы орайда, еске оралғасын, Қытайдағы зиялы қазақтарға айтатын бір тілегіміз бар. Ол да осы ашаршылық тақырыбына қатысты еді. Қытайдағы қазақ зиялылары, сонау 1931-1933ж.ж. арасындағы нәубет тарихтың тірі куәларын іздеп табуы керек еді. Өзі болмаса, ұрпағын табу керек еді. Солардың барлығын камераға түсіріп, кескінге алып, тарихи естелік алып қалу керек еді. Себебі, украиндар Канада мен Америкаға қашқан сол замандағы украиндарын осылай жасау арқылы күллі ғаламды шулатып отыр, әрі тарихын сақтап қалды...

Бұл аса құнды, бағасыз құжат болар еді, егер жасай алсақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 17:00:05

Украиндердің 1932-1933ж.ж. арасындағы ашаршылықты, қолдан жасалынған жалған ашаршылық арқылы ұлтқа жасалынған нәсілшілдік қырғыншылықты күллі жер шары білетін деңгейде қозғауы да үлкен ерлік еді. Бұл туралы гугл сайтына ukrainian famine деп немесе Genocide in ukraine 1932 - 1933 деп немесе holodomor деп жазып іздеу салуларыңызға болады. Бұл хақындағы орыс тіліндегі ақпараттар мен ағылшын тіліндегі ақпараттар телегей теңіз. Ал, қытайша ақпараттар салыстырмалы түрде жоқтың қасы.

Шетелдерде көп жүрген уақыттарымда менімен сұхбатта болған нәсілі, діні, нанымы, елі әр бөлек қаншама сырлас досым, сұхбаттасым болса, мен оларған менің ұлтымның, қазақтардың 1931ж. мен 1933ж. арасындағы қолдан жасалған ашаршылықта, шынын айтқанда, мақсатты түрде жасалынған ашаршылық кезінде, нәсілшілдік қырғын, геноцизм кезінде төрт жарым миллион адамынан айырылғанын айтсам, таңырқамайтыны жоқ еді. Себебі, олар еврей қырғынын білетін еді, нанкиң қырғынын білетін еді, біразы Украин қырғынын білетін еді, бірақ қазақ ашаршылығы хақында дым да білмес еді. Біздің мойынымызда енді осы міндет тұр. Жалғамалы сатуға қарсы тұрумен жанталасып жүрген кезімізде және виза дауымен қарбаластанып жүргенде, орайы келіп, Қытайдағы бірлі-екілі зиялыға осы хақындағы жоғарыдағы ойларымды айтқан едім, бізге көп нәрсе керек жоқ, Алтай, Шәуешек, Іле, Бұратала, Үрімжі маңынан, Санжы маңынан, Толы, Қарамай, Манас, Сауан, Кұйұн маңынан, сол бір нәубет заманда, 1933 жыл алды-артында, Қазақстаннан қашып Қытайға келгендердің сұхбатын, кескінін, суретін алып қалуымыз керек еді, көне көз қарияларды осы хақында сөйлетіп, құжаттарды сақтап қоюымыз керек еді. Көзі болмаса, бала-шағасын сөйлетіп, камераға алып қалу керек еді...

Мысалы, Украиндердің мына сайттарына қараңыз:

Http://en.wikipedia.org/wiki/holodomor

Http://www.faminegenocide.com/

Http://www.ibiblio.org/expo/soviet.exhibit/famine.html

Http://www.infoukes.com/history/famine/

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 17:01:28

Ал, мынау Қытай ғаламторындағы бір тамшы ақпарат екен, оның өзінде де бейресми:

Http://stock.bbs.hexun.com/viewarticle.aspx?Bid=2&aid=35751103

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 17:06:42

Http://www.massviolence.org/mass-crimes-under-stalin-1930-1953?Artpage=2

сайтында ағылшынша құжат болса, мыналарда орысша құжаттар бар:

Http://www.youtube.com/watch?V=ugrbtjvutbu

Орысша құжаттарды голодомор деп іздесеңіз, қаптап шыға келеді.

Бізге, ең қарапайымы, украиндар қарапайым камераға түсіріп, кескін шығаратын сайттарға қаптатып жібергеніндей болмаса да, ауылдағы той түсіргіш жігіттеріміз арқылы сайттарға шығарып, тірі куәларды сөйлетіп алып http://www.youtube.com/watch?V=ugrbtjvutbu қалуымыз керек еді. Себебі, қаряләр азайып бара жатыр...

Мынау сықылды:

Жарқыин7 жолданған уақыты: 2011-8-28 17:19:30

Қытайдағы ұлтжанды, ұлтшыл, діншіл, зиялы, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, сөзге де, іске де бар жігіттерге мұны не үшін істе деп отырғанымның себептері бар.

1.Алла разылығы үшін. Қиянат көрген, қорлық көрген, әділетсіздікке ұшыраған жандарға мұсылманның қалай қатынаста болуы керектігін құраннан, хәдистен білеміз. Демек, бұл сауапты іс болмақ. Ұлтымыз ұшыраған осы бір апатты күллі ғаламға әйгілеу арқылы аққа жақ, әділетке зәру екенімізді білдіреміз, әрі адамзат баласының ендігәрі осындай сұмдық зұлматтарға бармауын үндейміз.

2. Ұлтымыз үшін. Себебі, осы арқылы ақтаңдақ тарихымызды түгендейміз. Зордан көрген қорлығымызды, қиянатымызды тарихқа қалдырып, ұрпаққа ұлт сүйгіштік рух дарытамыз. Тарихмызды ұмытпауымыз арқылы болашағымызға жол саламыз. Адамзат тарихындағы бір бостықты толтырамыз. Себебі, бұл тарих еврей қырғыны, Нанжидегі қырғын, Украин қырғынымен тепе-тең тұратын, тіпті, онан артық тұратын адамзат тарихындағы зор оқиғалар.

3. Ғылым үшін. Тарих ғылымы үшін.

4.Өз бет-беделің үшін. Себебі, осы құжаттарды дайындасаң, қарапайым камераңмен осыны түсіріп сақтап қалсаң, ертең ғаламдық деңгейде абырой табарыңа күмәнданба.

5. Ақша үшін.

Қазақтың ұлтжанды байлары, мемлекеттік тарих зерттеу институттары, телеарналар бұндай бағалы құжаттарды миллиондаған долларға сатып алуына еш күмәнданба! Себебі, бұл аса ірі тарих!

Ал, ендеше, неменеге қарап отырсың? Камераңды, фотоаппаратыңды, Шышяңжыңды ал да, ауылдағы, таудағы көне көз қарттарды ізде. Сұхбат ал...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 18:23:35

Түркістан қаласы шынында қазақ мәдениетінің қарашаңырағы еді. Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражайды аралап жүріп, мұражай басшысына арнайы кіріп, жеті түрлі ұсыныс айтқаным есімде, өкініштісі, қазір бұлардың біразы есімде жоқ. Қысқасы, қасиетті Құранды тізеден төмен қойып оқып отырған адамдардың суреті салынған үлкен суретке де сын айтқаным есімде, себебі, тақуа мұсылман Құранды тізеден төмен ұстамас болар еді. Сосын, жеті жарғының қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше нұсқасын жазып қоюларын сұрағанмын. Қасымханның қасқа жолы мен Есімханның ескі жолынан кейінгі қазақ хандығының ең атақты заңы болған «жеті жарғыны» шешесі қалмақ, қазақ ханы Тәуке хан шығарған еді. Тәукенің әкесі Жәңгір болатын. Тәуке қазақ хандарының ішіндегі ең қуаттыларының бірі болды. Тәукенің кезінде қазақ халқының малына мал, басына бас қосылып, керемет бір толысқан шағы болды. Бұл хақында, орыстың тарихшысы А.Левшин Тәуке ханды атақты спартактың дана да ақылгөй кеңесшісі, парасат пен ел басқарудың батыстық танымдағы ең керемет үлгісі, қытайша айтқанда, жугіляңі (诸葛亮) қатарындағы адам ликургпен теңеген. Тәуке хан хақында орыс тарихшылары мынаны жазады:

Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегіне сүйене отырып, ортақ билікке жікшілдік пиғылда болған төрелерге қарсы күрес жүргізді. Мемлекеттік маселелерді шешетін хан кеңесін құрды. Оған барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Кеңесті Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мәртөбеде және Күлтөбеде өткізіп тұрды. Ұлы жүзді Төле биге, орта жүзді Қазыбек биге, кіші жүзді Әйтеке биге, қарақалпақтарды Сасық биге, қырғыздарды Қоқым биге басқару тұтқасын берді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 18:30:22

Осындай тарихы бар қасиетті мекенді аралауға, саяхаттауға барша Қытай қазағының зиялысын шақырған болар ем. Себебі, Түркістанда қазақ тарихы жатыр. Түркістанда қазақ ерлігі жатыр. Жоңғарды орнына қойған қазақтың, жоңғарды жер бетінен мүлде жойып жіберген қазақтың қанға толы, қасіретке толы әрі ерлік пен батырлыққа толы тарихы осы Түркістаннан бастау алады. Қарашы, ұйғырға, өзбекке, өзгеге! Бізбен туыстас халықтардың қайсысында тура біздегідей ерлік тарих бар?! Ешкімде жоқ. Себебі, қазақ халқы өзінің жауларымен тынымсыз күрескен ғасырлық тарихтарының барлығын батырлық жырларымен жазып қалдырып отырды, қазақтың батырлық жырларындай мәдени мұра жер бетіндегі ешқандай халықта жоқ...

Түрінің молдығы, санының көптігі, қамтыған тарихының ұзақтығы, ұқсамаған дәуірлердегі ұқсамаған тарихтар тек бізде ғана, біздің батырлық жырларымызда ғана бар. Я, біреулерде бір немесе бірнеше атақты жырлар, дастандар болды, бірақ олардікі біздікімен салыстырғанда, көлшік пен теңізді салыстырғандай еді. Бір батырын ғана әспеттеген кей жұрттарға қарағанда, қазақтың батырлары аспандағы жұлдыздан да көп еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 18:39:59

Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 8-томында бұған қатысты көл-көсір мәліметтер бар еді. Қызығатындардың іздеп, оқуын өтінемін. Біздің барған сайын қазақ емес, хасакі болып бара жатқан ұл-қыздарымызға біздің хандарымыздың осы ерлігін, батырлығын дәріптеуіміз керек еді. Ол үшін өз тарихымызды алдымен өзіміз білгеніміз оң еді. Қытайдағы қазақтың ойын баласы Сұн У Күңді біледі, білмейтіні жоқ, бірақ, Алдар көсе мен Тазша баланы білетіні бар ма осы күнде?

Тазшаның қырық өтірігін, Алдардың шайтанды алдағанын айта алатын әке мен шеше бар ма осы күнде? Біз ғой атамыз бен әжеміздің ертегісін естіп ер жеттік. Ал қазір осы ертегі айтатын әжелер бар ма? Әсіресе, қалада? Немересімен орысша сөйлесіп отырған Алматыдағы қазақ әжелерін көріп баяғыда жағамды ұстаушы едім, ендігіде Қытайдағы компартияның қызыл туы астында ержеткен, қызыл тушыл қызыл әжелердің, баяғыдағы қызыл борлатты білегіне байлаған жас батырлардың баққан немерелерімен қай тілде сөйлесетінін ойласам...

Әй, осы біз қайда барады екеміз?...

Иә, Қазақстанда қазақ тілі мен салты оңалып келе жатыр, менің жерлік туысқандарым осы күнде мектеп оқыған баласы айта алған қазақшаны түсінбейді. Себебі, олар орысша кеткен де, ал балалары қазақша оқып келе жатыр...

Аталары Мағжанды атқызған, Сәкенді жалалаған, Бейімбетті құртуға күш салғандардың балалары олардың кім екенін білмей өскенімен, немерелері, шөберелері жаттап, оқып, өсіп келе жатыр...

Міне, бұл - тарих, міне, бұл - шындық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 18:47:07

Тәукенің Қазақ хандығының астанасын Түркістаннан қазіргі Астанаға көшіруі де ұланғайыр қазақ мемлекетінің басқару қажеттілігінен туындаған болса керек деп ойлаймын. Себебі, Астана қазақтың жағрапиялық орталығы еді. Оңыңда орта жүзге, оңтүстігіңде ұлы жүзге, батысыңда кіші жүзге билігіңді жүргізу, ел істерін, мемлекеттік істерді атқару - Астана сықылды қақ ортада, қасқа маңдайда өте қолайлы болған болар еді. Нұрсұлтанның Алматыдан Астанаға көшкенін біреулер басқаша айтқанымен, шынында, мұның барлығы баяғыдағы Қазақ хандарының парасатынан алынған іс еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 19:00:36

Тәуке қандай хан болған еді? Қазақ патшалығының астанасын оңтүстіктен солтүстікке көшірген еді. Назарбай да соны істеді. Бар айырмасы Назарбай Алматыдан Астанаға көшірсе, тәуке хан Түркістаннан қазіргі Астана қаласының қала орталығынан он шақырым ғана жердегі күйген жарға келіп орда құрды. Екеуі де оңтүстіктен көшіп солтүстікке барды. Тәуке хан орыспен қалай еді? Ол орысқа бес рет елші жіберді. Бес реткі елшінің барлығы өте көп қосшы, нөкер, ғалым, хатшылармен барды, орыстарға бейбіт, тепе-тең тұруды хаттарында ашық айтты, бұл хаттар орыс мұражайларында бар. 1686-1693ж.ж. аралығының өзінде бес рет елші жіберді, Ресей патшасына. Соның 1694 жылда жазған Тәуке ханның Ресей ханына арналған хаты осы күнге дейін орыс мұрағатында жатыр, бірақ орыстар бұл хаттарды қазаққа қайтарғысы жоқ, оны сұраған да қазақ шықпады....

Қазақтың ең соңғы ханы, атақты арыстан оғлан Кенесары ханның басын Мәскеуден алдыра алмай отырған қазақ басшылығына не айтамыз? Аз жыл бұрын Бейжіңдегі Қытай тарихы мұражайы Абылай ханның Қытайды сол заманда билеп тұрған Чиң патшалығына жазған хатын Қазақстанға қайтарып берген еді сыйлық ретінде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 19:08:15

Сырдарияның бойындағы 32 қаланы, бір деректерде қырық қаланы қазаққа қайтарған Тәуке ханның ерлігі ересен еді. Қазіргі қазақ қазіргі өзбекке жер бергіш. Оңтүстік өлкедегі қаншама аудан жерімен, жер қайыстырған қазағымен қоса өзбектің еншісіне кетті?! Өзбекпен татулықты ұстаймыз деп тойымсыз сартқа жер бергеннен қазіргі қазақ не ұтты? Баяғыда қазақты орыс билеп тұрғанда, сатқын, ұлты қазақ емес, әлдебір бұратана, ашығын айтқанда, Қазақстанға Қытайдан қашып келген ұйғырдың баласы, екібеткей, жағымпаз орайшыл Юсупов деген Совет Одағына қарасты Одақтас Қазақ Республикасының орталық комитетінің бірінші хатшысы болған тұсында, оңтүстіктегі ұланғайыр даланы, аудандарды, ауылдарды Өзбекстанға берді де жіберді, сол тойымсыз өзбек бұл күнде де тойған жоқ, оған беріп тойдырамыз деген ақымақ билік, ақ көңіл қазақ атақты Тәуке ханның 1687 жылы, Бұқар ханы Сұбқан құлдың қолынан Ташкентті қазаққа қаратқандығын білуі керек...

Міне, дал қазіргі 2011 жылдан 324 жыл бұрын қазақ қандай еді, қазір қандай?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 19:21:07

Жә, жігіттер, қыздар, біраз шаршағандай сезініп тұрмын өзімді...

Жуынып, тәһәрәт алып, бойыма күш жиып, нәпіл намаздар оқып алуыма рұқсат беріңіздер. Алладан ғаламтордағы барша достарыма ақыл пен парасат, иман мен ілім-ғылым тілеймін. Алматыда екінті намазы жақындап келе жатыр, екінті мен ақшам, жашиқ арасында нәпіл намаздар оқуға болмайды ғой, сол үшін құлшылығымды жасап алып, сіздермен қайта қауышқанымша, айтар ойларыңыз, талаптарыңыз, сындарыңыз болса, айта отырарсыздар...

Қасиетті рамазан айының аяқтауына екі күн қана қалғанын ойласам, жылағым келеді...

Келесі рамазанға дейін кім бар, кім жоқ, Алла барлығымызға сауапты, иманды ғұмыр жазсын...

Екі дүниеде де бақытты, нығыметті, Алланың шапағатына бөленген құлдардан болалық...

Жүрегіне иман нұры қонған, намазын оқыған, бір Аллаға сиынған қазақ хандарының қандай керемет болғанын оқысам, дінсіздік пен шіріктік жайлағандардың Алланың рақымынан құр қалатынын сеземін, сеземін де қорқамын. Жарандар, қашан да Аллаға ұнайтын амалдар жасалық. Аллаға серік қосудан сақтаналық, Аллаға серік қосқан, Алланың ғазабын тудырған қаншама халық қоршылықта қалғанын ұмытпалық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-28 19:22:20

Алматы уақыты 17:21


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)