Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 6 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жаңағы намазхан әзербайжандар жол бойы інімізбен өте қызу әңгімеде болыпты. Бірден қазақшалары өте мықты, екіден намазхан болғасын, інім де олармен тезден достасып, сырласып кетіпті. Енді сол әзербайжандардың әңгімесіне құлақ түрелік....

-Біздің әзербайжандардың орыстан көрмеген қорлығы, татпаған дерті бар ма екен деші?! Мынау Қазақстан деген мемлекетке, жер бетіндегі ең ақкөңіл, ең дарқан мінезді, ең жомарт, ең кеңпейіл халық-қазақтардың мекеніне біздің атамыз бен әжеміздің келуі де ғажап бір тарихқа ие екен. Атамыз бен әжеміз зорлықты түрде өз атамекендері сонау Қапқаздың ар жағындағы Армения мен Түркияның шекарасындағы таулы аймақтан бір түннің ішінде ай-шайға қаратпай күшпен көшіріліпті...

Қайда көшерін, не үшін көшерін ешқашан білген емес. Тіпті, айдың-күннің аманында көше қоямыз деп те ойламаған. Әшейін, өрістегі малды айдап отырып қораға тыққандай бір сұмдық іс. Ал, бұлар мал емес, адам ғой, адам. Оған қараған орыстар болған жоқ. Жан-жақтан, пулеметтерін кезеген беті қарсылық білдіргендерді сол уақыттың өзінде-ақ екі сөзге келместен тарс еткізіп атып, машиналарға тиеп, аудандағы пойыз бекетіне жинаған да қойған. Біреуді егіндік басынан әкетсе, біреуді мал бағып жүрген жерінен әкеткен де қалған. Артта үйі, бала-шағасы қалғанына, шырылдап жылағанына қаратпаған. Мектептегі балаларды тобымен алған да айдап отырып пойызға күні бұрын салып, мал құсатып, бірінің үстіне бірі мінгескендей халде әлдеқашан жөткеп жіберген. Келген бетінде бұларды да кәдімгі тірі малдарды таситын терезесі жоқ ағаш вагондарға тік тұрғызып тиеген! Адам арасында ине шаншар жер қалмаған. Күшпен тықпалап, бөксеге бөксені, белге белді тығыздап, кеуде мен кеудені тұншыққанша, бірінің бетіне сәл созар болса бірінің тілі тиетіндей етіп, бейне, тар төсекте табысқан ғашықтардай қылып отырып ауру-сырқау, ер-әйел, бала-шаға, шал-шауқан демей, ойбайлатып, шулатып, қарғатып-сілетіп отырып, мылтықтың дүмімен ұрып отырып, қарсыласқанын көптің көзінше атып тастап отырып тиеген де тастаған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 07:55:54

Осының өзіне небәрі бірнеше сағат қана уақыт кеткен. Күйеуін іздеп зарлап, айқайлап, атын шақырған әйел немесе баласын іздеген, атын атап шақырған ана, ұлар-шу ел, бірі әкесін, бірі шешесін іздеген жұртта сан жоқ. Ағадан бауыр айырылған да қалған. Көзді ашыпжұмғанша пойыз ысқыра-ышқына қозғалған. Қайда барарын, неге барарын бұлар білмейді. Алда қорқыныш пен үміт...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:09:13

Сонан бұлар бір тоқтап, бір жүріп, бірде тездеп, бірде баяулап жүреді де қояды. Вагон іші адам шыдағысыз қапырық. Дәретке баратын мүмкіндік жоқ. Адамдарды біріне-бірін шегелеп тастағандай-ақ. Су жоқ, тамақ тіптен жоқ. Үйлері сол бетінде қалған. Азық алып алуға да мұрса бермеген ғой. Анда-санда әлдебір бекеттерге тоқтағанда, әлдебір мұсылман өңдес солдаттар вагон үстіне қаратып су шашады. Мұндағы адамдардың шөлден қаталап, алды өле бастағанын бұлар білетін болса керек. Демек, осындай сұмдық жолмен тасылып жатқан бұлар ғана болмағаны. Себебі, жол бойы ағаш вагонның кішкентай жарқышақтарынан шетте тұрғандар өздері тиелген сықылды вагондарды көргенін айтады. Өлген адамдарды жатқызғанға да орын жоқ. Өлген адам да тікесінен тік тұр! Міне, сұмдық! Бар салмағын айналасындағыларға сала тік тұрған өлі адаммен тәуліктеп бірге тұру дегенді көз алдыңызға елестетіңізші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:16:20

Өлгендердің саны көбейе түскенін білген солдаттар әлдебір елсіз мекенде вагонды әшіп, өліктердің денесін иен далаға лақтырып-лақтырып тастады да, қалған адамдарды далада бес минутқа демалуға қалдырды. Бұлардың бұл қылығына ренжіген адам болған жоқ. Өліктерді неге лақтырасыңдар деген адам болған жоқ. Себебі, соны айтарлық шама да жоқ еді. Сұмдықтың үлкені сонда келді. Ақ халат киген орыс солдаты пайда болды да, бұларды көзімен жіті тексере бастады. Сөйтті де жерде өкпелерін соғып, әзерге демалып жатқан қалың адамның ішінен шалдар мен кемпірлерді, жағдайы аса нашарларды, ісініп кеткендерді, жөтелгендерді бөлектеп алған да қойған. Қалғандарын айдап отырып вагонға қайтадан тиеген. Бұлар не болғанын білмейді. Бірақ, вагон қозғала бере солдаттардың жаңағы қалғандарға қаратып оқ жаудырып, қырып салғанын көрген...

Ешкім үндемейді де. Себебі, жылауға да күш жоқ...

Адамды үрей билегенде, ес-ақылдан адасатын болса керек. Біреулер осыны көре отырып төте жынданып кеткен...

Қарқылдап күледі дейді, біреулер жылайды. Бірақ үнсіз. Көзден жас ағады, бірақ дауыс жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:26:40

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 08:27 өзгерткен

Онан ары не болғанын қазіргі ата мен әже, сол замандағы жас үйленген уылжыған жас, әдемі келіншек пен қайратты, қайсар жігіт мүлде білмейді. Мүмкін талықсыған болар, мүмкін естерінен адасқан болар. Қанша жүргенін, қанша уақыт өткенін ешкім де білмейді. Әйтеу, бір білерлері күндіз қапырық ыстық болады да, түнге салым салқын тартады. Таулы аймақтарда әуелі қақаған суықты да көрді, өкпелеріне суық тиіп, қан құсқан адамдарды иен далаға лақтырып тастау немесе атып тастау кәдімгі құбылыс болған. Вагон барған сайын кеңи бастаған, кеңи бастаған. Бірақ бұл кеңшілік те ұзаққа барған жоқ. Кімдер екенін бұлар ешқашан білмейтін бөгде бір адамдарды бұларға тағы да қосты. Тағы да баяғыдай сұмдық тығылыс. Бір-біріне кептеле, демдері сығыла тұрған тұрыс. Аяқ баяғының баяғысында ұйып, салданып қалған. Өздерінің тұрғанын сезуден қалған. Бейне, аңыздағы қанатты періштелер құсап бұлар қалқып тұрған іспетті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:32:37

Қайсар жігіттің он ағасы болған екен. Бірақ, өкініштісі, барлығы атылып кеткен. Бірі ту баста қарсылық танытқаны үшін болса, бірі қатынын, бала-шағасын өзге вагонға тиеп әкетіп бара жатқанда қолынан тартып жанталасқаны үшін атылып кеткен. Сол заматтың өзінде-ақ, бала-шаға, туыс-туғандарының көзінше. Қалған ағаларының не болғанын ол заманда білмейді. Олардың дерегін, бірте-бірте іздестіріп жүріп қырық жыл барысында әзер анықтап шығады. Барлығы сол өз атамекендерінен көп ұзамастан жан үзген. Барлығы орыс солдаттарының қолынан. Аурудан емес. Себебі, бұлардың денсаулықтары күшті еді. Баяғыда күллі таулы ауылға тараған обадан да аман қалғандар еді. Ал, ағаларының бала-шағаларын анықтау ешқашан мүмкін болған емес. Қайда жіберілгені белгісіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:40:59

Бір заманда есін жинап, көзін ашса, айналасында жыпырлаған адам, бұған жоғарыдан қарап тұр екен.

–Алла, Алла, ой, құдіреті күшті Алла, көзін ашты, көзін ашты, – деген дауыс естиді жас келіншек. Мұның айналасында тұрғандар өзгеше бір бітімдегі адамдар еді. Мұрындары бұлардікіндей біздей емес, шамалы жалпақтау. Өңдері де қара қоңыр, кейбірі ақ, кейбірі сары. Қызық. Әйтеу, әзербайжан еместігі белгілі. Баяғыда еститін, неше түрлі жұрт барын. Бірақ Аллалаған дауыстарынан орыс еместігін, кәпір еместігін біліп, бұл да Алласына тәуба қылған!!! Мұсылман екен ғой, үһ! Мұсылман екен! Аллаға шүкір.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:48:11

Есін жия жандармен айналасын іздейді. Күйеуін, бауырларын іздейді. «Хамза, Хамза, Исхақ, Масхұд....» деп атын атайды. Бір заманда күйеуін көреді. Ол да өзіне қараған бетінде жаңағы бейтаныс, бірақ түстері жылы адамдардың қатарында бұған қараған бетінде екі көзінен жас парлап, онысы бүкіл жүзін жуған қалпында сілейіп тұрған екен...

Қуаныш па, әлде, жұбаныш па, әлде өздерінің тік тұрғызып қойған тамұқтан құтылғанына сене алмай тұрғаны ма, білмейді...

Әңгіменің барлығын бірнеше күн өтіп, ес-ақылдарын жинап, кіресілі-шығасылы болған милары орындарына түскесін ғана біледі ғой.

Келіншектің жеті бауыры вагонда бірге болған. Бірақ, бесеуі атылып кеткен. Бесіншісі Түркістанға жеткен кезінде атылған. Себебі, өзге вагонға зорлықпен айдалып бара жатқан бауырына әлденені беремін деп ұмтылғаны үшін қақ шекеден атылған да кеткен...

Ал, екі бауырының бірі Сиберя жаққа бағытталған пойызға шығарылған да, бірінің қай бағытқа кеткені белгісіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 08:59:00

Бұл Сталин қырғыншылықтарының Қапқаз, түркі тұқымдыларға арналған сол бір мезгіліндегі тап-таза шындық әңгіме еді. Мұндай әңгімені Алматы маңындағы Қаскелең, Ұзынағаш, Талғар жағалаған түріктерден, әзербайжандардан мен өте көп естіген болатынмын. Дәл осы нәубет тура қасиетті рамазан айында болған екен. Жаңағы келіншекке аса құпия сыбырлаған қазақ әжей сол күні түннің қасиетті қадір түні екенін, бұл түнде ешқашан ұйықтамай, Алладан тілек тілеу керек екенін, қасиетті қадір түнде тілеген тілек қабыл болатынын, тілесе, адасқан бауырларымен Алла Тағаланың мұны жүздестіретінін жан-жағына сақтана қарай отырып айтып берген екен. Айтқанда да тап-таза түрік тілінде. Әзербайжан келіншек үшін түрік тілі аса түсінікті еді. Ал, мынау сырлы әжейдің мұндағы жұрт біле бермейтін тілді қалайша білетініне де аң-таң қалды...

Үнсіз ғана, көзімен рахметін айтты...

Әже сәл ғана жымиды да, енді басқа келіншектерге қарай жылжыған...

Тағы да сыбыр. Тағы да күбір...

Шынында, сол бір түн ерекше болған екен! Ерекше бір жарық сәуле аспанда ойнап жүргендей. Ерекше бір жылы самал ескендей...

Адамның жүрегін ерекше бір мейірім мен махаббат, бір ғажап тыныштық билегендей...

Жұлдыздардың өзі жерге жақындап, созған қолың жетердей...

Әзербайжан келіншек жылап тұрып Аллаға мінәжат қылады. Өлісінен өлідей айырылған бауырларын айтып Аллаға шағынды, енді тірідей айырылған бауырларымен аман-есен жүздестіруді Алладан жылап отырып тіледі...

Таң атқанша тіледі...

Бұл қасиетті қадір түнінде қазақтың қасиетті шаһары Түркістанда болған іс еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 09:04:36

Арада аттай зулап бес жыл өтеді. Он жыл өтеді. Кімнің тірі, кімнің өлі екенін ешкім білмейді. Тек, әркім өзінің тірі екенін ғана біледі. Түркістан шаһары бұларға мекен болып қалады. Бірақ, он бірінші жылы тағы да осы қасиетті қадір түнінде Түркістан пойыз бекетінің қызметкері болып жұмыс жасап жүрген әзербайжан келіншек, тура осы қасиетті қадір түнінде, өзінің тірідей айырылған екі бауырын тауып алады. Бірі – Сибериядан, бірі – ту сонау Сахалиннен оралған! Аман-есен, тірі оралған! Тек бірінің бір қолы, бірінің бір аяғы ғана кем. Бірі – үсіген, сосын, кесіп тастаған. Бірі – зауыттағы шырғалаңда жұлдырып алған.

Қандай бақыт. Қандай қуаныш...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 09:09:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 09:11 өзгерткен

Еркіндік алып, жұмыстарынан босаған екеуін екі қазақ ертіп келген. Екі қазақ болғанда да, ұланғайыр қазақ даласының өзге жерінің қазағы емес, тура осы Түркістанның қазақтары ғой. Бұлар да осылармен қатар жаза лагерінде болғандар екен. Барар жері, басар тауы болмаған қасындағы әзербайжан жігітті әлемнің мүлде бөлек екі шетіндегі екі қазақ бейне уәделесіп алғандай-ақ, уағыздап жүріп, жұбата жүріп, Түркістанға барар болса, мұнда құшағы қашан да ашық ел мен жұрт барып айтып жүріп алып келген екен...

Кездейсоқтық емес пе?! Әлде?!...

Неге Семейге емес, неге Атырауға емес, неге Қызылжарға, Астраханға емес? Миың жетпейді...

Алланың қалауы деген, міне, осы! Ал, сенбей көр!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 09:26:11

Мен және менің жақын бір досым екеуіміз тынбай күш салып жүріп, баяғының баяғысында, қырық жыл бұрын, Қытайдың іле өңірінен, оның өзінде де Іле мен Бұраталаның арасындағы Ашалы, Ботақалған, Ақбұт, Ақтам, Құсемшек өңірлерін жайлаған, тегі қызай болып келетін, біра, өзі сол өңірде, Нылқы мен Жыңның, Арасанның жайлауларында жасаған ұлы жүз албан ішінде алжанға күйеуге шыққан бір әженің Қытайдағы туыстарын тауып берген едік...

Айтайын дегенім, осы әженің Қытайдағы туысын тапқаннан гөрі, көріспегендеріне 62 жыл болған бір туған сіңілісін тауып алғаны бәрінен де таңғажайып жыр еді. Таңырқамай амалың жоқ еді. Әпкелі-сіңлілі екеуі бірін-бірі көрмегеніне тұп-тура 62 жыл болған. Бірі сонау 62 жылы Қытайдан Қазақстанға келіп, күйеуімен бірге Алматы облысының Нарынқолында мекендеген болса, бірі сонау бір заманда, кіп-кішкентай қыз кезінде шешесімен еріп, Алматы облысының Жаркент ауданында жасаған. Аралары не бары бірнеше жүз ғана шақырым жер болған. Қанша іздесе де, бірін-бірі таба алмаған екен...

Себебі, ағайынды екі қыздың әкелері қайтыс болғасын, үлкенін әкесінің ағасы асырап алған екен де, кішісін шешесі ерткен бетінде Қазақстанға кеткен екен...

Міне, біз осындай оқиғалардың куәсі болғанбыз...

Әже, есімде қалуында, 2006 жылдың тамызының 19-күнінде, ұлан асыр той жасады, Алматы іргесінде. Екі әжені ажырата алмайсың, бірінен-бірі аумайды, бейне, бірі-бірінің көшірмесі сынды әрі бірінен-бірі ажырамайды да...

Жылайсың...

Көзіңе еріксіз жас келеді...

Қытайдағы туыстары да келген...

Баяғыдағы бағып алған үлкен әкелерінің бала-шағалары...

Барлығы мәре-сәре...

Алла қаласа, ажырағанды қоспақ. Алла қаласа, қосылғанды айырмақ. Барлығы да бір Алланың қолында. Алла шексіз құдіретті. Алла шексіз құдірет иесі. Алланың құдіретін ақылмен ойлап жету мүмкін емес. Себебі, біздің ақылымыз өте шектеулі. Біз бір ғасыр бұрын машинаны білмейтін, елу жыл бұрын киноны білмейтін ек, 30 жыл бұрын телевизорды білмейтін ек, 20 жыл бұрын мишықты қолданбайтын ек, он бес жыл бұрын қолфонды білмейтін ек. Демек, біздің санамыз қашан да шектеулі. Дәл осыдан бірер минут бұрын сіз де осы әңгімені білмейтін едіңіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 09:42:50

Өлетінімізге, өлгесін қайтадан тірілетінімізге, өзіміздің адами санамыз мүлде ойлап жете алмас бөлек бір дүниеде мәңгілік ғұмыр кешетінімізге күмәнданудың еш керегі жоқ! Тозақ та, жәннат та мәңгілік, әрі онда өлім болмайды. Көктемде гүл ашып, көктеп, шешек атқан барша табиғаттың, ағаштар мен өсімдіктердің, гүлдердің күзде солуы, қурауы қандай табиғи болса, біздің өлуіміз де сондай табиғи болмақ. Еш таңырқарлығы жоқ. Бірақ күздің қураған шөбіне, солған гүліне қарап озандап жылаған адам бола қоймас. Себебі, келесі көктемде шөптердің қайтадан көктейтініне, гүлдердің қайтадан шешек атарына сенбейтін адам жоқ. Біз де сол сықылдымыз. Ақырет күнінде қайтадан тірілеміз...

Сұраламыз...

Мәңгілік өміріміз сонда ғана басталады. Ал, мына қазіргі өмір деп жүргеніміз, шынын айтқанда, көрген түс қана. Бейне, автобусқа отырып Үрімжіден Алтайға барғанымыз сықылды. Автобустың түбі тоқтайтыны, мәңгіге жүре бермесіміз ақиқат еді...

Біз, сол автобус ішіндегі жолаушылар ғанамыз. Азғантай жол сапары кезінде біріміздің нанымызды біріміз ұрлап, біріміздің боқшамызды біріміз тонап, біріміздің көңілімізді біріміз қалдырып, біріміздің жүрегімізді біріміз ауыртып келе жатқан ақылсыз, топас жолаушылармыз. Себебі, біз қырылыспасақ та, күнаға батпасақ та Алтайға жетеміз, күнаға батсақ та Алтайға жетеміз...

Мәселе, қалай жетуде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 10:06:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 10:08 өзгерткен

Жә, жігіттер мен қыздар, ұйықтамай, көз ілмей екі тәулік бойы күлтегіннің бетінде шимайлап отырғанымды, аздап шаршағанымды қазір ғана сезіп отырмын. Қайран жастық деші, қырықтың шеті қылтиып келе жатқан осы бір кезде баяғыдағы балалық бал дәуренді, оты өшпес он сегізді, қызығы мол жиырма бесті, опығы мол отызды ойлай береді екенсің...

Қазақта отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аспассың деген бір аталы сөз бар еді ғой. Құдіреті күшті Алла Тағаладан сіздерге де, өзіме де, барша қазақ баласына шексіз күш-қуат тілей отырып, қасиетті айда тілеген барша тілектеріміз орындалып, екі дүниенің нығыметі маңдайымызға жазылса екен дейміз...

26 тамыз. 2011 жыл. Алматы.

08:08 Алматы уақыты 6+ г м т

Жұма

Алатау баурайында...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 10:17:50

Біз Түркістан қаласын аралап, атақты қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етіп болып, қаланың шетіндегі табиғи арасанның ыстық суына жуынып, терлеп-тепшіп алғасын, жеңіл көлікпен Шымкентке қарай жүйткітіп кеткен едік. Шұрайлы шым өлкенің шетіне жете бере Шолаққорғаннан кілт бұрылып, солтүстік бағытқа қарай бұрылып, оңтүстік Қазақстанға бара жатқан бағытымыздан бұрылып, орталық Қазақстанды бетке алып жүріп кеткен едік...

Мені жылатқан да, көзімнен емес, жүрегімнен қан ағызған қасіреті мол сапар да тура осы жолы болған болатын...

Еске алудың өзі қаншалықты ауыр! Ей, жалған-ай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 19:34:17

Ассалаумағалейкум рахматуллаһи уа Баракату, қадірлі қазақтарым, қандастарым! Бауырларым, туыстарым!

Жұма мүбарак болсын!

Жұма намазын жамағатпен бірге оқып, күздің салқын самалы ескен Алматы қаласындағы тынымсыз тірліктерден қолымды болсатып, күлтегінге келіп отырғаныма ерекше қуаныштымын. Алланың берген нығыметіне сансыз шүкірлік! Аман-есен жүздескенімізге сансыз шүкірлік...

Дәл қазір Алматыда жұма, түстен кейінгі бес жарым.

Ал, әңгімемізді онан ары жалғастыра берейік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 20:16:09

Түркістанда кәдімгідей көктем еді ол кезде. Біз Шымкент бағытына жүрген сайын күн жылына бастады. Тіпті жол шетінен қылтиған көктер көрінеді. Шымкенттің қысы болмайды дегені шын екен. Ал бұл сәтте Астананың қақап тұрары шын еді. Қостанайдың бораннан көз ашпасы шын еді. Ал онан ары Қызылжар мен Семейдің қар құрсанып жатары шын еді. Алла Тағаланың қазақ баласына оңы мен солы, ені мен ұзыны соншама кең жерді соншама жомарттықпен сыйға тарта салғанына сансыз шүкірлік айтасың...

Ал біз Шолаққорғанға жеткенде қақаған қыс еді...

Онан ары солтүстікке жүрген сайын күн суыта бастады да, қар да қалыңдай бастады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-27 01:45:47

Аса құрметті жамағат, бүгін қасиетті қадір түні болғандықтан, шығарма жазуды тоқтаттық. Алла қаласа, таң атқанша мешітте құлшылық істеуге барамыз. Торда отырған достарымыздың мүмкіндігінше пенделік қызықтарды қайыра тұрып, қажеті жоқ былжырақ боқ дүниенің қызығына малынбай, екі дүниенің қамын қатар ойлап, ақыретті көбірек еске алып, осы сайтта мен және басқалар жолдаған жолдамада айтылғандай, қадір түнінде жасауға тиісті құлшылықтарды жасағаны өзіне екі дүниеде де оң болған болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-27 08:52:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-27 09:39 өзгерткен

Алматы уақыты таңғы сағат 06:44. Түнімен қадір түнін мешітте күзетіп, жаңа ғана таң намазын жамағатпен оқығасын үйге оралып отырғаным осы. Қазақтың бірнеше үлкен зиялысы бар, бірнеше тілші, жазушысы бар, ақыны бар Алматының біраз зиялысымен, өнер, ғылым адамдарымен бірге таң намазы алдында мешіт ішіндегі қонағасы дастарқанынан бірге ауыз бекітіп, үлкен ғибратлы әңгімелер тыңдап, рухани тазарып, ағарып, көңілденіп отырғаным...

Алла разы болсын! Келе сала қазақ сайттарын аштым, анда-мында қадір түнін күзеткендердің жолдамасы тұр екен. Сен қазақта Нұрлының, Қайың 35, Арман07, Абдулла, Аюты, Найманның жолдамалары тұр екен. Бозбалада Азамат02ның жолдамалары бар еді. Күлтегінді айтпасам да білесіздер. Ішімнен қатты разы болдым, мұсылмандықты ұстанған, ата-баба дініне қайтадан оралып жатқан, Алланың парыз еткенін орындап, тиыл дегенінен тиылып жатқан бауырларымды көріп жүрегімді ыстық бір ерекше ағын кернеп кетті. Ғаламтордан оқып отырғаным ғой, қасымда болса, барлығын бас салып құшақтап, туған аға-бауырдай ыстық сезіммен қолдарын алып, қадір түнімен мүбарактап, Алладан тілеген барша тілектері қабыл болсын айтқан болар ем! қабыл болсын тілеген тілектерің, бауырларым! Мұсылман мұсылманға бауыр ғой...

Алла екі дүниеде де жүздерімізді жарық, дәрежемізді жоғары, иманымызды кәміл еткей! Жасаған ғибада -құлшылығымызды сауаптан жазсын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-27 09:12:13

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-27 09:18 өзгерткен


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)