Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Себебі, менің өзім ежіктеп әзер оқыған тарихи құжаттың не екендігі тіпті түсіндірілмеген қалпы қалған екен. Өз құндылықтарымызды өзіміз қастерлей алмайтынымыздың бір көрінісі осында-ақ жатса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 21:45:53

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-25 21:48 өзгерткен

Аталмыш «жеті жарғының» мазмұны мен мағынасын мұндағы оқырманға түсіндіре кеткенді артық санағым келмей тұр. Себебі, бұл біздің асыл тарихымыз еді. Тарихын білу қашан да болсын, қайда болсын, қазақ баласына ауадай зәру болмақ, тамырынан алыстаған немесе біржола үзілген қазақтың қазақ болмасы шын. Ішкі Қытай сағалап, нәпақасын құжынаған Қытай арасынан теріп жеп жүрген, сайдың тасындай, саңлақ тұлпардай бауырларыма айтарым да осы...

Тұқымдарыңды Қытайдың қисық көзіне шашқанша, еліңе, жеріңе келіп көкте, көгер, өс! Есің барда елің тап...

Ал, жеті жарғы мәтінін берелік:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі - Әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 23:11:49

Жә, ауызды да ашып болдық, Алланың берген бұл нығметіне де шексіз алғыс.

Енді, жәшиқ намазы мен 20 рәкәт қасиетті рамазанда оқылатын тарауық намазын оқымаққа мешітке кеткелі тұрмыз. Алла қаласа, намаздан оралғасын, әңгімемізді жалғармыз. Бауырлар, ағалар, қарындастар, әпкелер, мұсылмандар, қасиетті айда өзіміз үшін, ата-ана, туыс-туғанымыз үшін, еліміз бен жеріміз үшін, халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін, болашақ ұрпағымыз үшін қол жайып дұға тілектер жасайықшы...

Алла-тағала қазақ халқына екі дүниенің де бақытын берсін деп тілелікші. 3 ғасырға жуық орыс боданында болған қасіреті мен қайғысы мол халқымыздың болашақ тағдырын тек бақыттан жазсын деп тілелікші...

Шығысын атом ойрандаған, Байқоңырын гептил құртқан, аралын арам орыс жүтқан, жері мен елі мың жылда да қалпына келе алмастай ойрандалған қайғысы мен қасіреті басынан асқан қазақ халқымыз үшін, құдіреті күшті, мейірімі шексіз Алладан тілектер тілейікші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 02:36:06

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 02:41 өзгерткен

Ассалаумағалейкум рахматуллаһи уа Баракату!

Намаздан ертерек келсем де, кезінде Америка Құрама Штаттарының христиандары мен католиктерінің бас побы болған, күллі батыс қоғамында өте зор абыройға ие болған ғұлама ғалым Юсуф Эстес мырзаның ұзақ жыл Інжілді зерттей-зерттей келе, оның Алланың кітабы болса да, адамдар жағынан аяусыз өзгертілгенін, қайшылықтары мен жалғаншылығы мол екенін байқап, ең соңында Алланың ақ діні, ақиқаттың сара жолы исламға өткенін, қазір батыс қоғамындағы ең ықпалды, беделі ең жоғары атышулы қайраткер екендігін, өзінің қажымас қайтпас еңбектері арқылы батыс қоғамындағы жүрегі таза һәм ақиқат іздеген жандарды адасудан, Аллаға серік қосудан құтқарып, мұсылмандастырып жатқандығы хақындағы құжаттарды көріп, ұлы исламның осы замандағы үкіметі мен билігі исламға тіс-тырнағына дейін өш болған батыс қоғамының өзінде терең тамыр жайып келе жатқандығына куә болып, қатты әсерленіп, біраз уақытымды осыған жұмсаған едім...

Алла қаласа, ендігі уақытта шығармамызды жалғасты жаза түсеміз, жалықпаңыздар...

Айтпақшы, байду немесе гуглдің іздеуіштері арқылы Yusuf Estes деп іздесеңіздер, біраз білімге ие боласыздар...

Ерінбеген мұсылманның осыған қатысты құжаттарды қазақшалап қойғаны да сауапты істерден болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 02:44:53

Бұған қатысты кей сайттарды қазір-ақ көрулеріңізге болады, егер, YouTube Қытайда ашылмайтындай болса, ендеше, мынау сайтты қарарсыздар:

Http://www.tubeislam.com/categories/27/yusuf-estes

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 02:58:08

Укипедяның ағылшынша нұсқасынан Юсуф Естес туралы мынадай мағлұматтар алуға болады екен:

Http://en.wikipedia.org/wiki/yusuf_estes

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:04:45

1944 жылы Американың Охио штатында туылып, Хаустон мен Тексаста (орыстарша айтқанда Техас) ер жеткен, Англо-саксондық протестанттық отбасында діни тәрбие көрген осы кісінің исламды батыс қоғамында дамыту жолындағы еңбектері ерен еді. Дауғатты тура осы кісі сынды жүргізіп келе жатқан батыстық мұсылмандардың біразының аты мен жөнін Қытайдағы кейбір «қызыл тудың астында ержеткен пионерлер мен комсомолдардың» біле бергені артықтық етпес еді немесе батыс мәдениеті десе болғаны Холливуд кино шолпандарынша кім кештік қонағасы берсе, кімге көңілі тартса ғана болғаны Хаюаны нәпсісіне жетек беріп, шәһуәни ләззатқа еніп, адамилықтан азып, бір түндік арзан романтиканың нағыз зинақорлық екенін білмей жүрген сері жігіттеріміз бен сылқым қыздарымыздың да біле бергені ешқашан артықтық етпес еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:15:58

1991 жылы Египеттік Мұхаммадтың ақиқатты жеткізуімен, ақиқатын айтқанда Алланың қалауымен исламды қабылдап, Алланың мәңгілік ақиқат жолына түскен бұрынғы сазгер, өнер топтарының жетекшісі сонан бастап Мысыр мен Мороккода, біздің туысымыз түрік елі Түркияда мұсылмандық білімін тереңдетеді әрі құрани білімдерді үйренеді. 2004 жылдан бастап, islam channel (ислам арнасы) және peace TV and on huda TV (бейбітшілік телеарнасы немесе құдай телеарнасы) қатарлы медиаларда белсенді түрде уағыз жүргізе бастайды. Юсуфтың миссиясы күллі ғаламдық өреге дейін көтерілді, ол ғаламтор, жершары жасанды серігі телеарналары арқылы (watchislam.com TV channels.) өз дауғатын ақиқат іздеген, жүрегі тыныштық пен шындықты қалаған батыс қоғамындағы ақ Еділ жандарға жеткізе бастайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:20:36

Бұл кісінің жекелік сайты:

Http://yusufestes.com/

Кескіндерін мына арадан көре аласыздар:

Http://yusufestes.com/?Cat=3

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:34:58

Қазіргі батыс қоғамындағы исламның күн санап дамуы, батыстағы кәпірлік биліктің үрейін ұшырып отырғаны шын. Бірақ кім неге сенсе өз еркі деген ұстанымдарын баяғыдан нықтап алған батыстың исламның өз қоғамында емін-еркін дамуына жасар амалы жоқ еді. Себебі бұл демократияның ұстанымдарына, принциптеріне қайшы еді. Сондықтан да, кейбір жаһилдік топтар мен яһудилер қаржылық топтары барша лаңкестікті исламға жабу арқылы өзінің жұртшылығын исламнан қаншалықты деңгейде бездіремін десе де, бұған шамалары жетпей жатқан еді. Күні кеше ғана католиктік Рим папасы Испанияға барғанда, Алматыдағы барлық үйде кабельді телеарна арқылы таралып отырған атақты еуронюс арнасының өзі Испаниядағы елу пайызға жуық адамның өздерін құдайсыз деп сауалнамаға жауап бергендігін, көбінің салық төлеушілердің есебінен соншама шығынданып, папаны Испанияға шақыру сынды осындай діни әрекеттерге басы бүтін қарсы екенін айтқан еді...

Шіркеулеріне айына-жылына бірде-бір адам бармай қаңырап қалған батыс қоғамындағы әсіре дінсізденудің кесірінен батыс қоғамы емі табылмас дертке душар болған еді, жыныстастардың заңды түрде үйленуі, батшағарлардың заңдық статус алуы, баласыздық, белсіздік, туу көрсеткішінің төмендеуі, әскерге барар жарамды, денсаулықты азаматтардың азаюы, т.б., міне, осы сынды сансыз дерт пен қасіреттің ішінде қалған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:40:38

Ескерте кетелік, біздің қытай тілді қазақтарымыз немесе Қытайшадан төте аударып, соның кесірінен Қытай қазағының қаймағы бұзылмаған таза қазақшасын бұл күнде қытайша мен ұйғыршадан енген дүбара да дүдамал сөздері арқылы сансыз былыққа батырып, тілімізді аяусыз ойрандап, бытқытып, сасытып, берекесін қашырып, шырайын кетіріп жүргендердің біразы соңғы кезде осы сынды батыс бытқымаларын қытайшадан төте аударатынды тапты, мысалы:

同性恋 дегенді жыныстастар ғашықтығы немесе махаббаты деп. Шындығында, бұған махаббат немесе ғашықтық деген сөзді қолданудың өзі біздің ұлттық нанымдарымызға басы бүтін қайшы еді. Себебі, бұл ғашықтық немесе махаббат деген ұлы да қасиетті ұғымдармен үш қайнамақ түгілі үш жүз рет қайнаса да сорпасы қосылмайтын азғындықтар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:46:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 03:47 өзгерткен

Бәтшағар - 同性恋者 болады да, оның ішінде бәтша еркегіне, қар - қатын жыныстыларына арналған! Бітті, осыдан артық баламаны тауып, бас қатырудың керегі де жоқ. Себебі, тіл – сол ұлттың ұлттық нанымын білдіреді. Қазақ болу деген сөз - мұсылман болу деген сөз. Сондықтан, жалданбалы да ұятсыз қазақ жазушылары мен аудармашылары батыстың қолдан 600 неше түрлі болып өзгертілген Інжілдері мен Үндістанның, бұтқа, тауға, тасқа, адамға, есекке, сиырға, балыққа табынатын сан-сапалақ сайтани «діни» кітаптарын қазақшаға аударғанда, амалдарының жоқтығынан қазақшадағы мұсылмандық атауларды қолданады екен, мысалы, дұға, рух, аруақ, жаназа деген сөздерді. Демек, біз осы сөздерімізбен-ақ мұсылман болғанбыз. Сондықтан, осындайға қолданатын қасиетті ұғым беретін сөздерімізді боқтан сасық, иттің етінен қадірсіз сұмдықтарға қолданбалық та...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 03:52:43

Айтпақшы, Юсуф Естес қатарлы батыстағы мұсылмандықты уағыздаушылардан Khalid yasin, yusuf estes, zakir nair, ahmed deedat, abdur rahim green қатарлылар бар еді. Оларды

Www.shareislam.com

Www.thetruecall.com

Www.kalamullah.com сайттарынан табуға әбден болады. Біздің ағылшын тілін үйреніп жүрген студент ұл-қыздарымыз Құран мен сүренің ағылшынша мағыналарын немесе түсіндірмелерін оқып-ақ, өздерінің тілдік және діндік өрелерін өсіріп алуларына болатын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 04:03:38

Шяңгаңға жолы түсіп бара жатқандардың немесе үкімет қаражатымен ойнап-күлетін орайы бар үкімет қызметкерлерінің, немесе Гуаңдұң мен Жежяңда сауда саласында жүрген қалталы қазақ ұл-қыздарының орайы келгенде Шяңгаңға бара жатса, ондағы атақты Жюлұң (ағылшынша Кулун) мешітіне барып ағылшынша уағыз естіп қайтқаны артық болмас еді. Осының өзі қазіргі күнде ағылшын тілді қоғамда исламның аса қарқынды түрде дамып келе жатқандығының бір айқын дәлелі болар еді. Бір қызығы, Құранның ағылшыншаға аударылуы тым ертеде әрі өте көп рет болған болса, орысшаға аударылуы мүлде кеш және бар-жоғы бірнеше рет қана болған екен. Ал, Кеңес кезінде Құран мен исламды қаралайтын, жалалайтын шығармалардың көптігі жағынан күллі ғаламда орыс тілді шығармалар ең алды болған екен. Орыстардың исламға неге соншама өшіккенін бір құдай білер, бірақ Алланың жазасынан қашып құтылмасы шын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 04:06:33

Иә, Алла кімді қаласа соны дұрыс жолға салмақ. Аллаһу әкбар! Алла – ұлы! Соңғы кезде, баяғыда орыс қысымы мен зорлығы салдарынан орыстанып кеткен немесе орыс тілін орыстардан артық меңгерген мұсылман түркі тұқымы бүгінгі күнде орыс тілі арқылы сол орыстардың өзін мұсылманға айналдырып жатыр, әрі бұл күнде орыс халқының ішінде мұсылмандықты қабылдаған орыстардың саны барған сайын молайып келе жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 04:57:53

Батыс пен орыс неге мұсылманданып келе жатыр?! Бұл Алланың қалауы еді. Себебі, Алла өзінің кітабында кімді қаласа, дұрыс жолға салатынын, ал кімді қаласа, аздыратынын айтқан еді. Ғұламалардан естіген уағыздарымыздың бірінде ақырзаманның бір белгісі адамдар топ-тобымен бір діннен бір дінге өтіп, жанталасып кетеді екен. Я, біз мұсылманбыз, біз ақырзаманға сенеміз, онан қорықпаймыз, үрейленбейміз, себебі ол сөзсіз болатын шындық! Оның қашан боларын ешкім де білмейді, құдіреті күшті Алла ғана біледі. Бірақ, біз пайғамбарымызға түскен білімдер арқылы оның белгілерінің қандай екенін біле аламыз. Дұрысын, тұп нұсқасын айта алмасам кешіріңіздер. Демек, біздің ішімізден кәпір қазақтардың шығуы да Алланың қалауы болмақ. Ал, ұлтымыздың соңғы кездерде, ұзақ уақыт кәпір орыстың, шайтани биліктің кесірінен ажырап, айырылып қалған ата-баба дінімен қайтадан қауышуы да Алланың қалауы болмақ. Ал ата-бабасы мұсылман болған қазақтың адасып, батыстағы кәпір қоғамынан құтылып, Алланың ақ жолына түсіп жатқан мұсылмандардың өзі едәуір санға ие болып отырғанда, біреудің қаңсығын өзіне таңсық біліп, мойынына крест асып, Інжіл құшақтап кеткен қазақтарға да мүсіркеумен, жанашырлықпен қарауға болады. Бұл хақында дінбасымыз бен дін қайраткерлерінің айтқан сөздері көңілге әбден қонады. Себебі, аздырғы-тоздырғы діндерге өткен қазақтардың көбі арнайы санаққа негізделгенде, алқаш, ажырасқан, бұзылған, ойраны шыққан отбасынан шыққан қазақтар болып келеді екен. Немесе есірткі кесірінен естері ауысқан отбасының тума есалаңдау балалары осындай діндерге ертеден кетеді екен, Ал, текті, сапалы, салиқалы отбасынан шыққандардың мұндайға әуестігі жоққа тән екен. Демек, біздің ұлтымыз да ұзақ уақыттан бергі нән һәм асыл денесіне жиналған уыттардан, қоқсықтардан арылып, ажырап, тазарып, соншалықты бір әсемдікпен, көркемдікпен, сұлулықпен, тазалықпен ата-баба діні, ақиқат жолымен қайтадан қауышпақ. Бұл да Алланың қалауы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 05:11:24

Ал, құрметті мұсылман жамағаты, ертең түн немесе жұмадан сенбіге қараған түн осы биылғы қасиетті рамазан айының қадір түні болмақ. Қасиетті Құран осы қадір түнінен бастап түсіріле бастаған. Қадір түнінің қасиетті болатыны соншалық, осы бір түн мың айға тең болмақ. Демек, осы бір түнді құлшылықпен, ғибадатпен, Алланы еске алумен, дұға қылумен, дұрыс амалдармен өткізген мұсылман мың ай немесе 84 жыл бойына тынбай құлшылық қылғандай сауапқа ие болады екен. Қараңыздаршы. Алланың бізге деген нығыметінде шек жоқ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 05:18:51

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 05:22 өзгерткен

Қасиетті қадір түні туралы ақпараттарды сайт жауаптыларының алдын-ала Қытайдағы қазақтар үшін дайындап, шығарып қойғаны шексіз сауаптан болған болар еді, иншаллаһ. Сайт иелерінің, осы сайт үшін тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін Алла Тағала сауапқа жаза көрсін деп тілеймін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 05:18:57

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 05:20 өзгерткен

Қытайдан бір қорқып, құдайдан мың қорқып жүрген менің бауырларым, қарындастарым, ертең түнді ғафилдікпен, өкінішпен өткізіп алмаңыздар. Ертеңгі түнде Алланың рақымы мен шапағаты мол болмақ. Қу пендешіліктің кесірінен, жасаған ортамыздың қолайсыздығы себебінен немесе мұнан басқада адами-шайтани себептердің кесірінен құлшылығымызды жасай алмай жүрген болсақ, ертеңгі осы бір түнді қолдан жіберіп алмайық, есептеңізші, сіздің бір түн жасаған құлшылығыңыз біреудің 84 жыл жасаған құлшылығына тең бола жатса, мұнан артық нығымет бар ма? 84 жыл дегеніңіз біреудің бір ғұмыры ғой...

Алла Тағала осы түнде тілеген тілекті кері қайтармайды екен. Ал, сізге не керек, тілеңіз. Сұлу жар керек пе? Айтыңыз, білімді, иманды, арақ ішпейтін, сізді ұятқа жолдас қылмайтын, отбасын, бала-шағасын дұрыс асырайтын жігіт тапқыларыңыз келе ме, қарындастар? Ендеше, тілеңіз! Ал, жігіттер, өзі сұлу, өзі діндар, Алладан қорқатын, ешкімге бетін сүйгізбеген, желден басқасын тигізбеген, әрі сүттей ақ, тақуа, саған адал жар болатын, отбасыңның ұйтқысы, ата-анаңның мақтанышы болатын асыл жар керек пе? Ендеше, тіле! Тіле! Себебі, кім нені қалайды, Алла соны оған бермек. Себебі, Алладан сұрағаннан ұялмаңдар деген. Аяқ киімің үшін бау сұрағаннан да ұялмаңдар деген ұлағатты сөз бар. Демек, біздің барлық нәрсені тілеуімізге болады. Ал, неге тілемеске?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 05:41:29

Ал, отбасын құрып болған азаматтар ше? Сендер де тілеңдер, себебі, салиқалы ұрпақ тіле. Ата-ананың балаға тілегі қабыл болмақ. Ұлыңның арақ ішіп жынды болып кетпеуін тіле. Қызыңның Қытайға тиіп кетпеуін тіле! Ұлыңның инабатты, білімді, тақуа, діндар, ата-анасына мейірімді, еліне-жұртына сыйлы, Алланың адал құлы, сенің ұлың болуын тіле. Қытайдан қатын алатын немесе көшеде жатып алатын, қыз десе ішкен асын жерге қоятын жынды болмауын тіле. Қызыңның ұяты бар болуын, иманы пар болуын, бір мұсылманға, оның ішінде бір қазаққа адал жар болуын тіле!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 07:22:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 07:25 өзгерткен

Дәл қазір Алматыда таңғы сағат 05:18 болды. Күн жұма, тамыздың 26-жұлдызы. Жұма мүбарак болсын! Жаңа ғана аузымызды бекітіп болып, онан соң таң намазын тамамдап болғасын, Алматының ауасының күрт салқындай қалғанын терезеден енген салқын самалдан байқадым. Сыртта себездеп жаңбыр жауып тұр екен...

Я, үлкендер айтатұғын, жаңбыр жауғанда тілеген тілек қабыл болады деп...

Әділетсіздікке ұшыраған бейкүнәнің тілегі, сапардағы жолаушының тілегі қабыл болады деуші еді...

Я, Алла, тілеген тілектерімізді қабыл ете көр!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 07:33:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-26 07:37 өзгерткен

Жә, Түркістан сапарымыздың жалғасын жалғалық:

Түркістан туралы менің бір інішегімнің айтқан бір әңгімесі бар еді. Бұл әрі қасиетті қадір түнімен әрі Түркістанмен қатысты бір әңгіме еді.

Ініміз Қытайға бала-шағасымен туысшылай барып Қазақстанға қайта ораларында Үрімжі-Алматы пойызында бір топ намазхан әзербайжандармен сапарлас болған екен. Қазақшада қазақтың өзін жаңылдыратын әзербайжандардың құжаттарында ұлттарын түрік деп жазып жіберген екен, Бірақ, өздерін әзербайжандармыз деп біледі екен...

Бұл да Қазақстанды еріксізден мекен еткен, Сталин заманында және онан кейінгі замандарда кәпір орыстың қыспағымен өз атамекендерінен зорлықпен қудаланып, қиырдағы Қазақстанға күшпен қоныс аударылған түріктер мен әзербайжандардың басындағы ортақ құбылыстар еді. Біздің бір танысымыз өзі тегінен түрік еді. Бірақ оның атасын Қазақстанға сонау замандарда Кеңес Одағы мен Түркияның шекарасына жақын аймақтан зорлықты түрде қоныс аудартқанда, қасақана, мақсатты түрде ұлтын әзербайжан деп жазып жіберген екен. Себебі, түрік болса, Түркиялық ұлт болмақ та, әзербайжан болса сәбеттік (Советтік) ұлт болмақ екен. Сонан жаңағы түрік жігіт, осы бір нәубет аяқтап бір ғасырға таман уақыттан соң осының қырсығы атасынан әкесіне, онан өзіне жалғасып өмірлік әуре мен сарсаңға салғанын айтқан-ды. Түркиядағы туыстарына бару үшін, сосын, Түркияда оқу үшін, өзінің тегінің түрік екендігін дәлелдей алмай, орыс қысасы өткен соң 70 жылдан кейін де, егемен Қазақстанның тұсында соның дертін тартқанын айтқан еді маған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-26 07:51:32


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)