Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мүмкін, елбасы Алматыға ат басын тіреген болар. Себебі, достық даңғылы бойында ұлттық мұражайдың қарсы беті мен желтоқсан алаңының жоғары жағында елбасының Алматыдағы ордасы бар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 17:32:52

Алматының барлық жолдары, үлкен даңғылдары жарнамаға толы еді. Алматы жарнама тақтайларының өзіндік ерекшелігі еріксізден көз тартар еді. Қытай қалаларындағы бір сыдырғы жол шеті жарнамаларының бір ерекшелігі тұтасымен шымқай қызыл түске бейім болып, басым көп сандысын қызыл түсті ұстаса, онысын қызыл партияның қызыл саясаты мен қызыл түсті той көйлегін киетін ұлттық нанымдарынан көретін едім, Ал, мұнда көк түс басымдау...

Әсіресе, саяси ұрандар мен елбасының үлкен суреттері ілінген жарнамаларда, үкіметтік жарнамаларда көк түс мүлде басым еді. Менің билборд жасаумен айналысатын бір досым өзінің түрлі-түсті принтерінің көк түсті бояуының ерекше тез таусылатынын айтушы еді...

Көк байрақты, көк тулы ел, көк аспан...

Көкке самғаған қиял...

Көгі мөл, көгершіні мол көгалды қала...

Көркем қала...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 17:46:48

Түс, рең саласын зерттейтін бір ғалым досымыз бар еді, өзі атақты жобалаушы, дизайнер еді. Әр түстің адам миына қандай әсер беретінін, көздің онан қандай сигналдарды қабылдап үлкен миға жолдайтынын маған үнемі тәптештеп тұрып түсіндіріп жатушы еді. Онысын құрмет үшін ғана тыңдағаным болмаса, менің түсінбейтінім шын еді. Себебі, менің сурет, дизайн деген саладан ешбір білімім жоқ еді, бірақ, әдемі, сұлу барша затқа, барша құбылысқа құмарлығым мен құрметім бар еді, әрине, әйел затынан басқа...

Сол жігіттің айтуында, жасыл немесе көк түстің қатынас қағидасында жол беру немесе жол жүруге рұқсат беру мағынасында қолданылу себебі де тым тереңде жатса керек. Бұл жағында оның айтқандары есімде қалмапты, ал, қызыл түстің адам миына беретін әсері аса қорқыныш пен қанды елестетсе керек. Себебі, қызыл түс қашан да қорқыныш пен тыйымды, тыйым салуды, тоқтатуды немесе тоқтамасаң қанға құшасың деген мағыналарды береді деп айтып жатушы еді ол...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 17:53:06

Көк түс пен жасыл түстің адам ағзасына, адам көзі арқылы адам миына ерекше бір тыныштық пен берекелі сезімді сыйлайтынын айтатын еді. Себебі, Алла тағаланың өзі күллі тіршіліктің ішіндегі адамдардың ең ұнататын жемістерін, ағаштарын, шөптерін, қысқасы, өсімдік атаулының барлығын, негізінен алғанда, жасыл не көк сынды туыстас түстерден жаратқан дейді. Жасыл жайлаудың, жасыл шөптің адам жүйкесін соншама рахаттандыруының себебі де сол дейді жаңағы досымыз. Ал, үйге қызыл түсті кілемдер салудың адам көзін аса үйлесімсіз, аса қарбаластанған, мазасыз күйге салатынын айтушы еді. Соның ақылы бойынша қонақ үйдегі нән қызыл кілемді көкшіл түске ауыстырған болатынбыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 18:02:22

Кім білсін, ол жағын тәптештеп зерттеп көрмегесін. Мүмкін, шын айтатын болар. Бірақ, жасыл жайлауды ұнатпайтын қазақтың, жасыл даланы, ну орманды, жап-жасыл даланы, көкпеңбек теңізді ұнатпайтын адам баласының болмасы шын еді...

Көптеген нысандық мағына беретін, симовлдық мағына беретін таңбаларда қызыл түстің шырғалаң мағынасын беретіні, шырғалаң сигналдарының, апат, ойран, сойқандардан алдын ала хабар беретін барлық белгілердің қызыл түс екені де шын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 18:32:24

Иә, қызыл түс зорлықты стимуляцияны, сезімдік тұтқиыл, сұрапыл толқуды (passion) беретіні шын еді. Бірақ, ағылшын киноларындағы тұтқиыл сұрапыл сезімдердің (激情) зинамен ғана байланысты болып келе беретінін бұл күнде біз көзіміз үйренген шындық ретінде қабылдап үйренген едік. Себебі, Холлюд түсірген, он екі саласы бойынша оскарды еншілеген, адамзат кино өнерінің ең биік шыңы ретінде бағаланған атақты титаник киносының өзі, ашығын айтқанда, зинақорлықты әспеттеп, оны адамзаттың қасиетті сезімдерінің бірі романтикаға бағалағаны шындық еді. Мүмкін, біз осындай кинолар арқылы тыржалаңаш батыстың азғыруына білер-білместен еріп кете барған болармыз...

Йә, Алла, бізді қашан да дұрыс жолға сала көр, адасқандардың, қарғысқа қалғандардың, қаһарға ұшырағандардың жолына емес!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 18:38:03

Қызыл түстің қызыл қанды елестететіні шын еді. Әрине, адам қаны немесе адам қанының көзге көрінердей болып денеден сыртқа шығуы немесе ағуы адамзат баласы бойынша ортақ танымға ие еді, себебі, адам қанының төгілуін дұрыс көретін адам қашан да аз еді, қантөгістер мен қанқорлықтардың қаншалықты күнә екенін барша діндер мен нанымдар құптар еді. Ал, адам қаны түгілі жануар қанының өзін жеу немесе ішудің харам екендігін ислам әлдеқашан заң ретінде бекіткен болатын. Бұл адамның емес, Алланың пәрмені еді. Демек, қан харам еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 22:41:53

Қасиетті рамазан айында, рамазан оразасын ұстай жүріп, діни білімдерімді тереңдетуге көп көңіл бөлген едім. Себебі, рамазан айының келгенін біле тұра, сауапты тірліктермен, пайдалы амалдармен айналыспаудың өзі үлкен өкініш болар еді. Алла онан сақтасын. Құдай қаласа, сәлден соң, құдай қаласа, тарауих намазына жүреміз. Алматының барлық мешіттерінде оқылып жатқан тарауих намазының 20 рәкәтін аяқтағасын, үтір уәжіп намазын жамағатпен бірге оқығасын, Алла қаласа, үйге оралып, үшбү шығарманың жалғасын жазармын деп отырмын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 01:32:18

Екі жыл бұрын өзім ешқашан ойлап та көрмеген, бірақ қазір ойласам, жүрегім еріксізден шымылдап, сыздап, ашып кететін, жүрегімнен қан, көзімнен жас таматын бір сұмдық сапарда болған едім. Ол сапарым басқа сапарларым сынды шетелге сапар болған болса қуанар ем ғой, мүмкін менің өмірімдегі ең аянышты, ең естен кетпес сапардың бірі сол болған шығар-ау.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 01:39:22

Жақын жолдас, тату дос жігіттің көптен салған қолқасына жарай, ту сонау қазақтың қасиетті қаласы, қойнауында қазақтың сан ханы мен сан батыры мәңгілік ұйқыға жатқан, қазақ мұсылмандығының алтын ескерткіші болған киелі Түркістан шаһарынан сан мәрте келген шақыру бойынша Алматыдан Түркістанға қарай сапарға шыққан ек. Иә, бұл Қазақстан қоғамындағы жұрттың барлығы білетін «аққулар» мен «сұңқарлар» деп аталатын немесе өздерін «ақ жолшылар» деп атайтын, Түркістанды «екінші Мекке» санап, сонда «қасиетті қажылыққа» баратын бақсылардың жын-ойнақ һәм күнәһар сапарлары еместұғын. Алла онан сақтасын! Бұл кәдімгі, қазақы қонағуарлық еді. Қазақтың бір қаласынан бір қаласына қонаққа бара жатқан болатынбыз. Міне, жер бетінде әшейін, бірін-бірі көру үшін ғана, бірге тамақтанып, сырласып, әңгімелесу үшін ғана күйеу балаларының жан досын, жақын жолдасын мыңдаған шақырым алыстан қонаққа шақыратын халық, мына біз қазақтар ғана шығармыз-ау...

Болмаса, олардың мені танымайтыны шын еді. Досымның немесе оның әйелінің жарнамасын ести-ести мені көргісі келген екен қарттардың. Сол үшін де арнайы ілтипатпен, зөр құрметпен, бір емес бірнеше мәрте шақыра бергесін, арнайы уақыт ажыратып Түркістанға қарай тартып кеткен ек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 01:48:24

Негізі үлкен қалада, әсіресе, Алматы сықылды дулы-думанды қалада тым ұзақ тұрмау керек екенін көптен сезген едім. Себебі, қазақтың дарқандығы мен кеңдігін, қазақтың даласындай кең далалық табиғатын қаланың уылды-шуылды, қарбалас тірлігінде жүріп бірте-бірте солғындатып алғаныңды білмей қалатын сәттерің де болады екен. Сол үшін, ауық-ауық қазақтың кең байтақ даласына сапарлап тұру керек екен. Сондағы ғана далалық дарқан мінезіңді қайтадан тауып, таулар мен көлдерді, өзендерді көріп, көзің де, көңілің де сергіп, өзіңнің қазақ екеніңді қайталай бір сезініп шығады екенсің. Осы ұсынысымды Үрімжі, Алтай, Шәуешек, Санжы, Құлжа, Күйтүн жағалаған қалалық қазақтарға да айтқан болар ем. Мүмкін болса, жылына кем дегенде бірнеше мәрте сапарлап тұру керек екен, сапарлағанда да өзге жаққа емес, қазақтың ауылына! Қазақтың кең байтақ даласына. Болмаса, қаныңдағы қазақылық қасиеттерің солғындап, сарт мінезді бола бастауың бек мүмкін екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 02:05:32

Қазақтың кең байтақ даласын еркін шалқып басқан көңілді сапарымыздың алғашқы күндері айтарлықтай көңілді болғантұғын. Себебі, Түркістанға жеткенше, ду-ду әңгімемен барған ек, арада қаншама әңгіме кетті. Оның барлығы талай таңның еншісіне тұрарлық әңгімелер еді. Ол кейінгі күндерде айтылар, иншаллаһ. Ал, Түркістанға жеткесін-ақ, қазақы қонағуарлықтың куәсі болдық. Мұндағы қазақтар Алматының не терістік өңірдің қазақтарынан мүлде бөлек еді. Бейне Қытайдың қазақтары сықылды таза қазақша сөйлейтін еді. Тіпті, Түркістан өңірінде орыс баласын емге таба алмастай ең. Бірен-саран орыс, кәріс болса, олардың көбі баяғының баяғысында қазақыланып кеткендерден екен. Аздаған татар тұқымын, сосын едәуір салмақтағы өзбек тұқымын көргеніммен, олардың өзі де баяғының баяғысында қазақтармен құдандалы болып, ілік-шатыс болып, тілі түгілі түрінен де айырылып, қазақылана бастаған екен. Себебі, мұндағы татарлар қырым татарларынан немесе қазан татарларынан мүлде бөлекше еді. Тіпті, Алматының татарларын кейде орыс екен деп қалар болсаң, мұндағылар бейне Шәуешектің татарлары сықылды баяғыда-ақ қазақыланып, қазақы өң-әлпетке өзгерген, Алтай керейлерінше Алтайдың өзге қазақ емес болса да қазақыланып кеткен өзге атадан тараған тұрғындарын өзімсіне қалжыңға қоса «қол баққан сарттар» немесе «он үшінші керей» дегеніндей, қол баққан татарларға айналған екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 02:11:36

Түркістандағы мешіттерде намазда болдым. Мешіттердегі уағыз мұндағы келушілердің біраз бөлігі өзге атадан болған қоңқақ тұмсық үңгіл көзді туысқандарымыз болғанына қарамастан, таза қазақ тілінде жүргізілген еді, әрі мешіт қақпасы алдына «намаз имам Ағзам әбу ханифа мазһабы бойынша оқылады» деген ескертпе жазылған екен. Осынысына қарап-ақ, мұндағы қазақы иістің қою екендігін бірден аңғардық. Имамдар кілең жастардан екен. Тәжуидті мықтап оқығандары, ақида мен таухид ілімдерін мықтап меңгергендігі бірден аңғарылды. Себебі, уағыздары өте сауатты. Бірақ, кейбір мешіттерден адасқан сопылардың кейбір ықпалдарын байқағандай болдық.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 02:49:29

Қазақстандағы түркі тұқымды туысқандарымыздың ерте ме, кеш пе, бәрібір, қазақыланып, қазаққа сіңісіп кететіні шындық еді. Себебі, ақпарат кеңістігі барған сайын екі үйекке ғана жіктеліп келе жатқан болатын. Шеттегі қазақтың атамекеніне оралуы есебінен де Қазақстандағы қазақтардың саны бір миллионға артқан болатын. Ал, мұндағы бір милион қазақтың көбісі орыс тілін мүлде шала білетін немесе Қытай қазақтары сықылды мүлде білмейтін, ат басындай алтын берсең де орысша бір ауыз сөйлемейтін, баласын ешқашан орыс мектебіне бермейтін қазақтардан еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 02:53:15

Қазақ тіліне деген сұраныстың артуы, билік басына, мансап тұғырына қаласын-қаламасын қазақ ұлты өкілінің көптеп тартылуы мұндағы өзге ұсақ ұлттарға екі түрлі таңдау жасауды ұсынатын еді. Я, олардың алдында екі түрлі жол тұр еді. Бірі - кеңес сүрдегіне басып, қазақ тілін қорсынған беттерінде, балаларын орыс мектебіне беру болса, екіншісі - қазақ тілінің сұранысының артуына сай, (біз армандағандай дәрежеде болмаса да, салыстырмалы түрде бұрынғыға қарағанда қазақ тілінің сұранысының артқаны шын) балаларын қазақ мектептеріне бере бастаған еді. Мұнысы жағынан Қазақстанға келіп қара жұмыс істеп, сауда істеп, ептеп-септеп қазақ азаматтығын алып алған қарақалпақ, қырғыз, өзбек ағайындарды мысалға алуға болар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:06:25

Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық пен Өзбекстандағы кедейлік, Түрікпендегі дара билеушілік, Тәжікстандағы қиын өмір, Әзербайжандағы кәсіпсіздік, кедейлік салдарынан Қазақстанға талайларын сынағалы келетін туысқандарымыз мол еді. Әрине, осы мемлекеттердегі қазақ қандастарымыздан бұрын қазақ еліне келіп алып, осы елдің азаматтарымен үйленіп, қазақ азаматтығын заңды түрде алып алған осы мемлекет тұрғындарының күн санап артып келе жатуы немесе біздің көші-қон саласындағы парақорлықтың қазақ мемлекетінің азаматтығын бизнеске, саудаға, жеңіл ақша жасау кәсібіне айналдырып алғандығының бұлтартпас шындық екеніне ешкім күмәнданбас.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:09:14

Мейлі дұрыс, мейлі бұрыс жолмен болсын, шыны бар, жалғаны бар қазақ аттының молаюы Қазақ мемлекеті үшін екі жүзді алмас қылыш іспетті еді. Бірі біздің түркі тұқымдастарымызды қазақ туының астына біріктіріп, қазақтарды негіз еткен, түркі тұқымдастарды қосымша еткен үлкен алып мемлекет болуымызға болатын еді. Себебі, ұланғайыр даланы ұстап тұру үшін кемнің кемінде елу миллион жұрт керек еді. Онсыз ішкі базарды қалыптастырудың мүшкіл екендігін шаруашылық саласынан сауаты бардың барлығы білер еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:17:02

Екінші бір жағынан алып қарағанда, Қытай шекарасына жақын аумақтағы, Қытайдың қорғас, шапшал шекарасымен шектесетін аумақтағы Қазақстанның Шонжы, Жаркент немесе оған шектес жатқан Байсейт, Шелек, Мәлібай сықылды елдімекендеріндегі тынышсыздық факторларының күн санап артып келе жатуының себебі соңғы жылдары осы аумақтардағы атышулы ұсақ ұлт мүшелерінің санын күрт арттырып отырған шетелдерден сауданы, туысшылауды сылтауратып, мұндағы байсыраған кәрі қыздар мен жесірлерге жаппай үйленіп, сол арқылы Қазақстан азаматтығын жең ұшынан жалғасқан парақорлық немесе іштегі астасулар мен ымыраласулар есебінен оңай алып отырған шетелдік «туысқандарымыздың» аса қомақты санды құрап отырғандығы еді. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздік органдарымыздағы кей жат ниетті адамдардың қасақана жоққа шығарып отырған істері балғанымен Қазақстан жамағатына, әсіресе, осы өңірдегі қазақтарға бесенеден белгілі шындық еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:23:28

Қазақстан мұнайы мен газын араб мұнайы мен газы құсап бауырға басып, басы бүтін иемденіп алуды ежелден аңсап отырған батыс алпауыттарының осы аумақтағы бөлшектеушілік ниеті бар «туысқандарымызды» шетелдерде қатты қолдап отырғаны Қазақстан үшін үлкен қиындықтардың бірі еді. Сол үшін де қазақ билігінің Шаңхай ынтымақтастығына белсене қатысуы - шындығын айтқанда, саяси көрегендік еді. Себебі, қазақ пен Қытайдың тағдырын Алла Тағала осылай бір-біріне берік байлап тастап отыр еді. Себебі, осы күндегі қазақ пен Қытай бір кеменің адамдары еді. Себебі, қазақ мұнайының ең үлкен аларманы, қазақ газының ең үлкен тұтынушысы Қытай ғана болатын. Ал, Қытай үшін алғанда, қазақтың мұнайы мен газынсыз оңтүстік өңіріндегі құжынаған Қытайдың тіршілігін бір минут ары жалғастыруы мүмкін емес еді. Қытай экономикасының қарыштап дамуы барған сайын қазақ мұнайы мен газына иек сүйеп келе жатыр еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:27:56

Сол үшін де Қазақстан мен Қытайдағы тынышсыз аймақтардағы тынымын ит жеген тынымсыз туыстарымыздың түркі тұқымды екеніне ғана қарап өзімізге жақын тартуымыздың еш қажеті жоқ еді. Себебі, ел мен жердің иесі кеше ғана шеттен келімсек ретінде келген олар емес, ата-бабасынан Жетісуді мекендеген қазақ баласы еді. Ал, жалған тарихшылары арқылы аталмыш «иеттесу» тарихын ойдан ойып шығарушылардың барлығы қазақтың қойнында жүріп жанын сақтап қалған улы жыландар еді, Бұл жыланның қазақты түптің түбі шағары шын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:36:47

Оңтүстік өлкелердегі өзбек тұқымдастардың шектен тыс өсімталдығы, оған керісінше, нарық заманындағы экономикалық кедейшілдік себебінен, базар шаруашылығынан сауаты шамалы қазақтардың салыстырмалы түрде өзбектерден кедей тұруы қазақтардың өсімінің өзбектерден төмен болуын келтіріп шығарған еді. Бұған қоса, өзбектің ұлттық ерекшеліктері мен діни нанымдарының Кеңес кезінде бұзылмай таза сақталып қалулары, өзбек қатындарының үйлерінде отырып алып балалай берулері немесе қазақ қатындарынша ғылым-білім деп немесе карьера деп қаладан қалаға қаңғып кетпеуі сықылды сан алуан себептер бар еді. Ал, өзбек санының үздіксіз өсуі, Өзбекстандағы отыз миллионға жуық өзбектің алақандай өзбек жеріне сыймай, 4-5 миллион өзбектің қазақ жерінен қара жұмыс істеп күн көруі сықылды факторлар біздің ұлттық қауіпсіздігімізге төнген тағы бір үлкен фактор еді.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:39:06

Оған біздегі тағаны әлсіз ұлттық идеологиямызды қос. Қазақ қыздарының ұлтына, дініне қарамай, жаппай жат тектілерге тұрмысқа шығуы, аралас некеге отырған қазақ қызының салыстырмасы әр бес қыздың ішінде бір қыз болу сынды жоғары көрсеткішке жетуінің өзі біздің ең үлкен дертіміз болуға тиіс еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:40:48

Оңтүстік өңірде жүрген осы сапарымда, таза қазақы ортаны көріп қаншама қуансам да, базарды тұтастай иелеп отырған өзбек пен қырғызды көріп не қыларымды біле алмаған едім. Оптимистік тұрғыдан алсақ, бұлардың күні ертең-ақ қазақ болып кетуі бек мүмкін болса, кері тұрғыдан алып қарағанда, бұлардың барлығының ертең біздің болашағымыз бен тыныштығымызға, егемендігімізге қазылған ор болуы да бек мүмкін еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 03:49:34

Күллі ғаламды бағындырса да, күн батпас империя атанса да, іргесіндегі ирландтарды ешқашан бағындыра алмай кеткен ағылшындарды ойласам, есіме қазақтың «сарт жаманы қазақ болмас, қазақ жаманы сарт болмас» деген сөзі оралады. Себебі, қазақ пен сарттың қырғын соғыстары салдарынан біздің тарихымызда қаншама әттеген-айлар болғанын біз ұмытпауымыз керек еді. Оңтүстік өңірдегі кенішті қалаларға таласқан қазақ пен қоқан, қазақ пен өзбек шайқастары, шындығында, осы екі ұлттың ешқайсысына пайда бермеген еді. Қашан да біріне-бірі сіңісіп кете қоймайтын Орта Азиялық түркілердің басын қосатын саяси күштің тарихта ешқашан сәтті бола қоймағаны да бізге белгілі еді. Осыларды ойласаң, «өзгені қойып, алдымен өз қазағымызды қазақ қылып алалықшы» деген ойға оралмай амалың жоқ...

Ал, шеттегі келімсектің, атасы басқа, иті қара қасқа басқаның барлығы Қазақстанға құрттай құжынап келіп жатқанда, Қытайдағы жүз теңге айлығын қимай, еркек басын ез, алтын басын жез қылуға ождандары шыдап отырған Қытайдың азғантай зиялысымақ, жазғышсымақтарының не ойлайтынын түсіне алмай дал боласың...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 17:45:24

Кейде «Астана» телеарнасындағы қазақша сайрап тұрған орыс-неміс қыздарды, сол сықылды қазақ телеарналарында біртіндеп молайып келе жатқан еуропалық текті қазақстандық ұлттардың, славяндардың, қазақшаны судай сапырып бағдарлама жүргізгенін көріп, «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген елбасы сөзіне сәтке болса да иланып қаларың хақ. Бірақ, реаль өмірдегі ащы шындық үйде омалып отырып шайтан жәшікті қарап отырғандағы тәтті сезімдеріңді быт-шыт қылары шын. Әрине, тәтті сөздерге, іске аспас зәндемі заңдарға алданып келе жатқан қазақ ұлтының, қазақ тілінің минут-секунд өткен сайын зауалға қарай бет алып бара жатқандығы шындық болатын. ұнат, ұнатпа, қала, қалама, жүрегің ауырсын не ауырмасын, бұл шындық болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 18:06:18


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)