Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 21:51:11

Мұражайдың жасалынуы, жалпы тұлғасынан алғанда еш мінсіз дерлік еді. Кем дегенде, менің көзіммен қарағанда немесе өз қанды, зарлы тарихын қастерлей білетін әрбір қазақ баласының көзімен қарағанда, мұражайға айтар мін жоқ еді. Бұл мұражайды көрген жан жапондарға кектенбей тұра алмас еді. Ал, осыны бізбен қатар көріп, аралап жүрген Қытай жастарының қандай кектеніске толы сөздер айтқанын мұнда жазып жатудың да қажеті жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 21:56:53

Ал, біз ше?

Біз не істей алдық?

Әлде, бізде осындай қасіретті қанды қырғын, нәубет тарих болмаған ба еді?

Мені ойландыра беретіні де осы еді.

Біраз жыл бұрын украиндардың сонау атышулы 1931-1933ж.ж. арасындағы қолдан жасалған ашаршылық жайлы ізденістері туралы жазған едім, Қытай қазақтарының сайттарына. Бірақ, оларым белгісіз себептермен өшіріліп тынды. Ол заманда, күлтегін жоқ еді. Біз өзімізбен қатар қанды қырғынға ұшыраған, қырылған бауырластарының саны жағынан бізге әлдеқайда жетпейтін украиндер құрлы да болмадық қой. Орыспен ішек-бауыры жабыса туса да, бір атаның баласы болса да, осы украиндердің ашаршылық зұлматы хақындағы ізденістері мен тынымсыз талпыныстары, ерлік еркектік жігері қазақтардан әлдеқайда салыстырғысыз деңгейде жоғары екендігін мойындамай амал жоқ еді...

Оян, Қазақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:00:35

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-22 22:07 өзгерткен

Осы бір ұранды ұрандай-ұрандай көр қойнына енген қазақтың қалың боздақтарының артынан ұрандап біздің де жүруіміздің себебі неде? Абай тағылымдарын оқып көрші! Кім айтады оны ғасыр бұрынғы қазақтарға арналған деп?! Ұлы Абай, хәкім Абай, дана Ибраһим бейне дәл осы минут, осы секундтың өзінде қазаққа қарап жар салып тұрған жоқ па екен деп қалмай амалың жоқ...

Сол қазақ, сол беті өзгермеген қазақ! Сол баяғы Абай заманындағы бақай қулығы, арам есебі, жеке басын ұлт мүддесінен артық көретін жылтсыз, ұятсыз, білімсіз, қарекетсіз, жалқау, парақор, мансапқұмар, өзгені зор, өзін қор сезінетін құл қазақ! Еш айырмасы жоқ!

Әйтпегенде, дербес, егемен қазақ елінде қазақ халқы қайыршы, қазақ тілі сорлы болмаған болар еді, қазақ халқы түрменің төрінде емес, биліктің төрінде отырған болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:03:49

Абайды біреулер мінейді! Шіркін-ай! Ұлы болғыш қой! Я, сенің Абайды мінеуге не қақың бар деші, ол Абай қазақты мінегенде, қазақты сынағанда, қай жетіскенінен мінеп-сынады ғой дейсің! Күйіп кеткенінен сынайды да. Орыс көрсе, өз алдына қорқып, соттан қорқып, мансапты атаулының бәрінен қорқып, қожасы алдында құрдай жорғалаған құл саналы қазақты сынаған емес пе еді?! Сол үшін сол дұшпанының тілін білуге, өзімен тепе-тең ғадауаттасуға шақырмаған ба еді?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:18:16

Болмаса, қақол украинның қазақтан несі артық еді? Ерден ердің несі артық деп айтатын қазақтың бір қанатты сөзі болушы еді ғой, мен осыны: «Елден елдің несі артық, ел басына күн туса, екіленбес ері артық» деп толықтырған болар ем...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:29:29

Иә, қазақта ер жоқ деген ұғым шықпас еді бұл сөзімізден. Алла Тағала бір өлетін ерді де, мың өлетін езді де қазаққа аямай берген ғой. Біз ұмытшақ халық емес едік. Оған куә жер шарындағы бес мың ұлттың ешқайсысында болмаған соншама мол, соншама ұзақ ғасырларды өз мазмұны ішіне қамтыған, біздің батырлық жырларымыз еді...

Тарихымызды тасқа ойып жазғанымыз аз болса да, санамызға ойып тұрып жазып, жадымызда сақтаған асыл мұраларымызды ешкім де жоққа шығара алмас еді. Болмаса, осы батыр да ержүрек халық, бір жағынан аждаһар, бір жағынан ата жау жоңғар шапқанда, етектен қырғыз басып, еңістен өзбек шапқанда, батыстан ата жау, лағнеті басқыр, тұқымы құрығыр орыс қырғанда да немесе әрісін айтсақ, қызылбас қырылысқанда да, онан бергі кіші жүз қазақтарын Қапқаздың қапсақалдары мазалағанда да еш тайсалмаған, еш қорықпай қасқая қарсы шапқан еді. Ендеше, неменеге соншама еңсеміз түсіп, санамыз құлданып, жігеріміз жасып, бұл күнгі мың салса бір баспас сорлы елге айналдық екен деші?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:34:01

Желтоқсанымызды жиырма жыл жылап жүріп әзер еске алдық, бір қолына қарға ұстаған, бір қолына жер сүрткіш шүперек ұстаған бір сорлы қыздың алға қарай ентелеген бейнесін салған болдық, Алматыдағы Сәтбәев пен желтоқсан қиылысындағы бір адам ойлап таппас қуысқа! Қасқайтып тұрып, желтоқсаншылардың ыстық қаны төгілген сол алаңның қақ төрінен орын беруге де батылымыз жетпеді ғой...

Сорлылық емей немене? Желтоқсан алаңын біздің қазақтар республика алаңы десе, орыстар «жаңа алаң» дегенінен танбайді...

Кеше ғана болған желтоқсанымызды асылдай білмеген бізге жетпіс жыл бұрынғы ашаршылықты айтудың өзі де ұят...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:36:22

Негізі қазақ мұндай жасық жұрт еместұғын! Ендеше, неден соншама жасыдық екен! Неден соншама жуасып кеттік екен?! Неден соншама өз-өзімізден жиреніп, өз-өзімізден қашып, алыстап, бір-бірімізді мойындамай кеттік екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:43:51

Біздің батырлығымыз қайда? Біздің ерлігіміз, елдігіміз қайда? Ер туса ел үшін деген ел едік қой! Осыншама ұланғайыр даланы ұстап тұрған жұртты қалайша соншама жасық мінез жаулап алды екен? «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұстанымды айтқан да қазақ еді ғой, ал неге бұл күнде алға шыққан ерлерін күстәналағаннан аспаймыз? Неге біздің зиялыларымыз ұлт мүддесі жолында бас қоса алмайды? Неге елім деп, жерім деп еңіреген егейлеріміз бен ерлерімізге тұтас халық ретінде жала жауып, күстәналауға бейім тұрамыз? Ал, жала жаппағанымыздың өзі үнсіз қалғаны қалған! Құдай-ау, мұсылмандық қайда? Шамаң жетсе, әділетсіздікке ісіңмен қарсы тұр демеуші ме еді мұсылман? Шамаң жетпесе, тіліңмен, тым құрығанда, жүрегіңнен тіле деген еді ғой, осыны ұмытқан бұл күннің қазағы бір жақсысын қалың сатқын мен мұнапиқ жамандаса, күстәналаса, өсекке қосып еркін басын абақтыға салғысы келсе, неге ғана үнсіз қалады екенбіз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-22 22:50:37

Осы жақында ғана қазақ тілінің тағдыры тағы да талқыға түсті. Біздің бейшара қалпымыз айналамыздағы түркі жұртын түңілдіріп тынды...

Біздің зиялы қауым, біздің ұлтшыл, діншіл тобымыз араларына түскен шайтани жіктің өрмегінен шыға алмады. Көбісі үнсіз қалды...

Бі, жасы жеткен, жілік майы азайған, қауқары қайта бастаған балуан немесе бөксерші сықылдандық...

Бастапқы жылдарда, қазақ тіліне, қазақ мүддесіне бағытталған барша шабуылдарға соншама епті әрі дәл, әрі күшті соққыларымызбен көзге түссек, ендігіде барған сайын жеңіле бастап барамыз. Тіпті, осы жақында ғана біздің барлық зиялыларымыз үнсіз қалпында қазақ тілін, қазақ мүддесін мәңгіге көрге көметін заңға тағы да қол қоймақ...

Себебі, бүкіл қоғам салданған. Ине пісіп алмақ түгілі, қанжарды қара санына ұрып алсаң да сезер еместей салданған...

Ең бастысы сана салданған! Ал, не істеу керек?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 01:26:52

Абай туралы сөз болса, менің есіме менің айналамдағы екі адам бірден оралады. Бірі – менің жақын досым, жолдасым еді. Жігіт еді. Шын мағынасында нағыз ержігіт болатын. Өзі Қытайда туып өскенімен, Қазақстан азаматтығын Қазақстанға келе сала бірден қабылдаған азамат болатын. Жастайынан әдебиетші, тілгер еді. Абайды жатқа білетін. Қарасөздерінен тартып, өлеңдеріне дейін майын тамызып отырып айтқанда, еріксізден ұйитын едік...

Сол жігітіміз Қазақстанға келгесін біраз жылға дейін үйленбей салт бас жүрді де қалды. Таныстырмаған қызымыз қалмады алыс-жақыннан. Негізі Қазақстанды қатты аңсап, қатты армандап, өзінің қиялында Қазақстанды қатты идеал пішімде елестетіп қалған болса керек, оған қоса, ол жасаған өлкедегі топас та, тоғышар, заңды білмейтін әрі заңды аяғынан басатын месқарын жәрместердің бұған құжаттық жақтан жасаған сансыз қысымдары да оны сол бір барша адамға аян, қиналысты әрі сарпалдаңы мен сергелдеңі мол құжат рәсімдеу барысында күні-түні Қазақстанды аңсатып жіберсе керек...

Сол тәтті арманмен Қазақстанға мың бір жапа мен машақатты өткере отырып, көргілігін көре отырып әзер жетеді ғой...

Сөйтсе, ол аңсағаннан басқашалау әлем...

Әсіресе, мұндағы құжаттық жақтары мен қыздары жағы. Ол заманда ол намазхан еместұғын, кәдімгі Қытайдың көпшілік қазағы сынды өзін керемет ғылыми, оқыған-тоқыған адам есебінде санап, дінді «ғылыми» деңгейде тұтынып, намаз оқыса талибан құсап немесе сарт құсап кететін сықылданып жүрген кезі болатын. Сонымен, намаз оқымағасын, намазхандар әлеміне де кірмегесін, намазхан қыздармен де араласа қоймаған-ды. Ал, Алматының жаһилият тіршілігіндегі қыздарының қылапаттары біздің ақ көңіл де ада жүректі әрі шексіз ұлтжанды һәм ұлтшыл жігітіміздің жүрегін әбден жаралап біткен бір замандар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 01:33:04

Иә, бұл жағын онан ары қазбалап айтудың да қажеті жоқ болар-ау. Жаһиляттан құтылмаған беті Қазақстанға келген, ақын болу дегенді арақ ішіп мас болып, қыздармен ессіз де есуас зинақорлыққа толы «романтика» деп бағалап жүрген бір таныс ақынсымағымыз Алматының ашық-шашық қыздарын көргесін, баяғыдағы Қытайдағы сансыз һәм даңқты романтикаларына өкініп, мұнда неғып ертерек жетпегеніне өкініп, «сұлуды қаша сүйсем көпсінбеймін» іспетті жырсымақтарын жаһилят қоғамындағы топас тобырлардың топаннан көп тойларында оқып жүруші еді. Ал, біздің досымыз онан бөлекше болатын. Ол қиялдағы Әйгерім мен Тоғжанды іздеп жүрген еді. Қызжібекті аңсайтын еді, Төлегеніне адал. Ол Салиха-Сәмен болғысы келген еді...

Бірақ оны өзі жасаған сол бір кішкене ғана қоғамнан таба алмай біраз жүрген еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 01:53:21

Сонымен, біраз жылдарын еңсеріп, Алматының кәрі жігіті атанып жүргенінде біз оған Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық дәріл мұғалімдік (педагогикалық) білімжайында (университетінде) мұғалім болып істейтін өзі әдемі, өзі сұлу, ақылды бір оралман қызды таныстыра қоямыз ғой. Бірақ Қазақстанға Қытайдан емес, өзге бір елден келген қазақ еді. Бастабында бұл қызымыз біздің жігітке бірден ұнайды. Сонымен, Қытай қазағының салтымен ұялып, ұялшақтап, өзара ашылыса алмай жүрген сол бір сәттерінде, екеуара сұхбаттасып отырғанда, қыз аузынан қағынады ғой.

–Осы Абайдың кей сөздерін түсінбеймін, қазақ тілін шұбарлау негізі Абайдан басталса керек, өзі арабша ма, парысша ма бір бәле тілдерді қосып жазады, әрі: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы» дейтінін қайтерсің?! – дейді ғой. Мәселенің барлығы осы сөзден басталады. Абайды жатқа айтатын, Абай десе ішкен асын жерге қоятын досымыз осы бір ауыз сөз үшін сүйіп тұрған қызынан шексіз әрі адам ойлағысыз деңгейде қатты түңіледі де, сол минуттың өзінде «қош-сау болын» айтып теріс бұрылып кетеді де қалады ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:13:30

Міне, нағыз қызбалық. Ақыл айттық, сындадық, сынадық, ұрыстық, өнімі болмады. Себебі, Алматы қоғамындағы қазақ десе, қазақ тілі десе мұрынын шүйіре қарайтындардың қылығы мен әрекеттері біздің қызуқанды досымыздың жүйкесін мейлінше жұқартып біткен екен. «Дос болмағанның барлығы қас» деп шешкені де сол екен. Себебі, өзін керемет білімді көрсетудің бір жолы, әсіресе, кеңес заманында, қазақтың шолақ белсенділері мен әсіре қызыл әпербақан жазғышсымақтарының арасында қазақты жерден алып жерге салып, өлтіре сындап, өзгеге, орысқа, орысшылдарға жақсаттану арқылы жүзеге асқан екен. Ал, міне, керек болса.

Демек, сен қазақты өлтіре келемеждей алсаң, өлтіре сынай алсаң, жаның ашығанси отыра, өзімсіне отыра барлық былығы мен шылығын аша отыра, дос ниетте емес, ашық дұшпандыққа, әшкере қас ретінде майданға шыға алсаң ғана, орыстар мен орысшылдар ішінде бедел тіктей алған болады екенсің.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:18:03

Бұл сойқан үрдіс, сорақы сатқындық ту баста қазақты сүйгендердің арасынан басталғанымен арты бара-бара атақ пен бедел табудың ең арзан, ең оңай жолына айналып, көшірме қоқыстары мен бытқыма назариялары арқылы табақтай-табақтай дипломдар алған жалған академик, жалған профессорлар арасына қарай дамып, сонан ауылға қарай бет алып, ең соңында «Қазақ десең өзіңе тиеді» немесе «Қазақтың жауы – қазақ» деген сықылды теріс пиғылды сөздерге айналып шыға келген екен. Демек, кез-келген көлденең көк атты біздің қасиетті қазақ атымызды көк тиынға керексіз қыла алады екен, онысын тағы «қазақбайский, мамбетский» деген сықылды өздерінен аумай қалған дүбәрә сөздерімен онан әрі молықтыра, толықтыра түскен екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:27:51

Онсыз да қазақ тіліне жасалынып жатқан қастандықтар мен ұлтымыздың жігерін құм қылатын қитұрқы саясаттар қазақ халқын Қазақстандағы ең сорлы, ең төмен деңгейдегі ұлтқа айналдырып, экономикалық жағынан өзге ұлттардың маңғарасын да көре алмайтын, қаладағы бұрыннан тұрғылықты орыс, еврей, ұйғыр, кәріс, дүнген, татар сықылдылардың жалданбалы жұмысшыларына, пәтер жалдаушыларына айналдырып қойған еді. Ал, ат төбеліндей ғана аз сандағы билік тұтқасын ұстағандар жалпы ұлт мүддесін ойлағанның орнына өздерінің, қатындарының, көңілдестерінің, бала-шағаларының туылған күндерінде бір ән айтқаны үшін миллиондаған долларды Америка мен Ресей ән жұлдыздарына шашуға разы болса да, миллиондаған, жүз миллиондаған долларларды шаша отырып аспа-төк тойлар жасағанымен ауылдағы туыс-тумасының үзім нанға зар болып, бала-шағасын оқытуға немесе науқасын емдетуге жағдайы болмағанымен санаспай кеткен осындай бір дінсіз, имансыз қылықтарымен күллі адамзат баласы ортасында теріс образ қалыптастырып келе жатыр еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:34:49

Осындай қым-қуыт жағдайда қазаққа қарсы шыққандардың, қазақ тіліне қарсы шыққандардың барлығын жау көрмеске амалымыз жоқ еді. Себебі, сатқын билік, жалған қазақтар, ұлтсызданған, орысжанды, орысшыл әрі екібеткей билік басындағылар қазақ халқын алдап-сулап келе жатыр еді, сол үшін де бірінен соң бірі туа беретін қауқарсыз әрі ешқашан іске аспайтын заң жобаларын талқылағансып, қазақ тілінің тағдырын орыс тілінде талқылап, қазақ тілі туралы заңды орыс тілінде жаза отырып, біздің халқымызды, біздің тілімізді көрге қарай сүйреп бара жатқан еді...

Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың барша ұлттық құндылықтарына мұрын шүйіре қарайтындарды жау қатарына шығаратындарды да түсінуге болатын еді. Себебі, бұл өліспей беріспейтін, еш ымыраға көнуге келмейтін ұлт мүддесі майданы еді.

Сол досым осы жақында ғана Қытайдағы ұзақ сапардан соң Алматыға оралған мені арнайы шақырып, Алматыда ауызашар берген еді. Екеу ара ұзаққа жалғасқан әңгімемізден соң, мен оны намазға уағыздаған едім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:43:27

-Абайды жатқа білесің, Шәкәрімді ұйқысырап жатып та айта аласың, Ыбырай Алтынсарының еңбектерін сүйіп оқисың, ал сол Абай нанған, сенген, өмір бойы ұстанған, Шәкәрім жырлаған, халқын шақырған, Ыбырай Алтынсары арнайы түрде «мұсылманшылықтың тұтқасы» деп кітап жазған ислам дінін сен неге ұстанбайсың? Абайды сүйе отырып, Абай сүйген құдайды сүймейтінің қалай? Шәкәрімді ұната отырып, Шәкәрім жырлаған Алланы жырламайтының, жат етпейтінің қалай? Ыбырай Алтынсарыны қазақтың бас педагогы дей отыра, сол Ыбырай өмір бойы ұстанған мұсылмандық жолын, сиынған «бір Алласына» сен неге сиынбайсың» – деген едім мен досыма...

Бұл менің досыма деген шынайы, нағыз, риясыз, қалтқысыз, еш боямасыз ақылым еді, рухани кеңесім еді. Себебі, бұл дүниеде жарты түйір нанды болып жей алсақ та, барымызда да, жоғымызда да бірге бола алсақ та, ол дүниеде иманымызбен бөлісе алмасымыз, оған хақымыз жоқтығы аян еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:51:25

Бұл менің сол бір ғана досыма ғана емес, мені аға-бауыр ретінде сыйлайтын, мені көрген немесе көрмеген немесе ғаламтор арқылы мені танитын немесе менімен үнемі хат-хабар алысып отыратын барша қазақ қандастарыма, қарындастарыма, мұсылман бауырластарыма айтар ақылым еді, тастар ұраным еді. Себебі, Абай қазақтың ғана Абайы еместұғын. Ол адамзаттың Абайы еді. Сол Абай Алласын сүйіп, Алласын жырлап өткен Абай еді. Қазақ баласы үшін ақтық демі таусылғанша, Алланың ақиқатын жеткізіп өткен ғұлама еді. Ендеше, Абайын көкке көтере әспеттейтін, Абайымен мақтанатын, Абайымен әлемге әйгілі болғанын мақтаныш сезінетін қазақтың басында ақылы бар барша ұлы мен қызы сол Абай бабамыз сүйген Алланы неге сүймеске?! Сол Абай ғұламамыз жырлаған Аллаға неге мінәжат етпеске?! Абайдың Алланы тануы, Алланың оған берген нығыметі мен шапағатынан ғой, сол нығымет пен шапағаттың арқасында бүгінгі біз де сол ғалымның ғылым бұлағынан сусындап тұрған жоқпыз ба?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 02:56:35

Абай хақындағы екінші бір оқиға Алматыдағы қазақтың тағы бір үлкен білімжайында болған еді. Германиядан оқып оралған қазақтың жас ғалымы оқу іздей-іздей шетел асып, біраз жылдарын өткізіп алып, Алматыға үйленгелі оралады ғой. Сөйтеді, өзі сықылды ғылым қуған, ғылым докторы атанған, бірақ тағдыр жазуымен қосағынан ертеден айырылып, бір баласымен қалған кекселеу келіншекке сөз салады ғой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 03:00:26

Әрине, махаббатта көз жоқ. Жас жігітті өзінен әлдеқайда жасы үлкен келіншектің білімі мен мінезі қатарынан тәнті еткен екен. Қаншама атақты болса да, соншама кішіпейіл қазақ қызы шетел қоғамында ұзақ жүрген, жылу мен мейір-махаббаттан кенделеу қоғамның қоңыр салқын қоғамдық ауасында үйренісіп қалған жас жігіттің махаббатына ынтызар шөліркеген жағдайын бірден өзгерткен екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 03:06:20

Өкініштісі, жігіт орыс тілді қоғамның жеткіншегі екен де, өзінің қазақы тамырынан алыстап қалған, қазақы болмысы солғындаған әрі сонысымен өздерін керемет сезінетін, қазақ тілін, қазақ мәдениетін түсінбейтіндіктері арқылы мақтана алатын ортаның төл туындысы екенін бірден байқатқан екен. Ал, келіншек болса, өзі жаратылыс пәндері бойынша ғаламдық деңгейде бірнеше патенті бар күрделі ғылым саласында тынбай еңбектеніп жүргеніне қарамастан, өзінің ұлты мен өзінің төл мәдениеті жолында жанын беруге де дайын тұратын нағыз ұлтшыл қазақ қызы болып шыққан екен. Сонымен, екеу ара әңгіменің басы ұлт тақырыбында өрбімей, бұл хақында олар бірін-бірі әліге білісе қоймаған бір мезеттерде, сол ғылым ордасында бір күні әлдебір профессордың баспадан жаңадан шыққан кітабының тұсаукесеріне арналған аспа-төк қонағасы болады ғой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 03:28:19

Әрине, қазақ дастарқаны қашан да мол. Қазақтың дарқан көңілі өзінің даласындай кең болса, дастарқаны сонан аумай қалған, кейде мұнымызбен мақтансақ та, кейде нарық қысқан мына заманда, алды-артымызды ойламай тыраштанатынымызды сынамай да амалымыз жоқ еді. Сонымен, көл-көсір қонағасы аяқтарға аз қалғанда, жұрт ғылым тақырыбынан сан-салалы тақырыптарға қарай бет бұрып, әркім өзінің кәсібі мен мамандығын сөз ете бастағанда немесе әлдебіреулер осы орайда жұрт көзіне түсе қалғысы келетін осындай бір ұрымтал сәттерде әркім өзінің жүзден озған жүйрік, мыңнан озған тұлпар екендігін немесе қанаты талмаған сұңқар немесе тұяғы тозбаған тұлпар екендігін ашыққа шығара қойғысы келетін осындай бір кезеңде, әркім халалы қымыздың немесе харамы шараптың қызуымен желдей есіп отырған бір мезетте, біздің ғылым қуған аты қазақ, заты орыс немесе заты Еуропашыл немесе Мұхаңша айтқанда Космополит, ұлтсызданған, ұлты жоқ біздің жігітіміз дастарқанда айтылып жатқан Абай хақындағы әңгімеге өз ойын білдіре қалсын да!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)