Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 14 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Орысшасы шамалы немесе орысшаны қазақша акцентпен сөйлейтін Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Кентау, Нарынқол, Қарағанды қазақтарын орысша білмегені үшін жұмысқа алмапты. Бұл - екі. Негізі, мұндай талап жоқ еді. Болған күнде де, мұндай талапты қойғанының өзі Қазақстан заңына қайшы болатын. Бұл – екі.

Моңғолиядан, Қытайдан, Түркиядан келген оралмандардың тілін түсінбегені үшін олармен сөйлеспей де қойыпты! Себебі, олар қазақша ғана сөйлейді ғой. Ал, мынауың орысшадан басқаны керек қылмайды. Бұл - үш!

Ауылдың қазағынан, сырт облыстың қазақтарынан Алматының пропискасын (нопосын) сұрапты. Алматының пропискасы жөбішеңкіде шешіле қоятын шаруа емес қой, көші-қон комитетінде генерал шенді туысың болмаса, бір ай ішінде прописка мәселесін шешемін деп ойлама. Сонымен, ауылдың қазағы да жөніне түсіпті. Бұл – төрт.

Ағылшыншаға судай, орысшада орысты жаңылдыратын, Алматының пропискасында бар, оның үстіне, осы мамандықтың оқуын тауысқан қызды ЖТҚБ (AIDS, СПИД) ауруы жоқ екендігі туралы анықтама алып келуге жіберіпті. Онысы дайын екен, дереу, тұтас денсаулығы туралы толық тексеруден өткендігі туралы анықтама, 086 анықтамасын сұрапты, ол қыздан ол да шығыпты. Сонымен, оны жұмыс тәжірибең жоқ екен деген сылтаумен жолға салғысы келген екен, қыз мұнда 3 ай практикада болғанын, тіпті сол кезде күрделі техникалық мәселені шешкені үшін алған мадақ қағазы бар екенін алға тартыпты.

Табар амалы, айтар жалы қалмаған көкбет қатын көкбеттігіне басып, баласындай жап-жас қыз бен қисынсыз сөзге бола «маған тіл қайтардың, бетімнен алдың» деп сылтауратып шармаяқтаса кетіпті. Өз-өзінен аузын бұзып, былапыт сөздер айтып, жынданыпты. Өзін ақтап, аң-таң қалған қызды алып шығып кетуге күзетші жігіттерді шақырғаны онан да сорақы болыпты. Бұл - бес!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 16:09:21

Сонымен, жаңағы бес түрлі фактні жинақтап, жаңағылардың өтініштерін копиялап алған жеңгеміз бұл істің аяғына шыққанды жөн көріпті. Төтеден төте баяғысынан бері бір-бірін сыйлап келе жатқан, заводтың басшысы евреймен хабарласады ғой, еврей шын мағынасында бұл заводты басқарушы ғана болатын, иесі еместұғын. Жекешелендіру кезінде мұны жекешелеп алған астана жағалаған бір қазақ еді, бірақ, бұл қазақтың бұл заводқа келетін, қарайлайтын уақыты да жоқ болатын. Барлық билікті өзіне сенімді еврейге беріп өзі тек оның қап-қап қылып жіберіп тұратын ақшасын санап қана отыратын еді. Шындығында, кәсібилік жағынан да, басқару тәжірибесі жағынан да еврейден гөрі біздің жеңгеміз әлдеқайда жоғары тұрса керек, бірақ отарлықтың бір белгісі, құл сананың бір көрінісі – қазақ қазақты менсінбеуші еді, қазақ қазақтан қашатұғын. Қазақ қазаққа сенбейұғын. Міне, бұл отарлық сана болатын. Сонымен, қазақтың заводының нақтылы басқарушысы болып айдаладағы еврей келген еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 16:26:32

Еврей үшін қазақ пен орыстың қырылысы мен таласы оған бір тиын еді. Қазақтан гөрі орысқа бүйрегі бұратыны да шын болатын. Өзге түгілі өзін-өзі жек көретін, өзін-өзі ішке тартпайтын, өзін-өзі масқаралау мен мазақтауда алдына жан салмайтын қазақтан мұның күтері шамалы еді. Бірақ, өзін-өзі қаншалық жек көргенімен, өзгеге келгенде, жатқа келгенде, құшақ жая құрметтеп, қошеметтеп, құрақ ұшатын құлшылдығын қатты ұнататын еді, сол үшін де «қонақжай, ақкөңіл, адал» деген арзан мақтауларын аямайтын. Жеңгеміз көрсеткен фактлерді қарап отырып, оның (басқарушының) басы қатпаған болатын. Оған керегі жұмысының жүргені ғана еді, ың-жыңы жоқ, әуресі жоқ болып, ақша сауылдап құйылып тұрса, оның тілері осы ғана еді. Жеңгеміздің өтінішін көре отырып, бірінші кезекте өзіне де ерекше әсер қалдырған жас маманды, қазақтың қызын алуға келісімін бірден беріпті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 16:44:56

Онан ары баяғыдан бері осында жұмысқа жегіліп жүрген тәжірибелі мамандарды алуға келісіпті. Бұл жұмыс өнімділігін арттыруға, жұмыс қауіпсіздігін жоғарылатуға керек еді. Бірақ, онан өзге жылаған-сықтаған қазақтардың мұңы мен зары мұның басын ауыртпайтын еді. Бірақ, осы шешім ертесі жариялана салысымен, от алып қопаға түскен орыс қатын жұмыстан шегерілген өзге орыс жұмысшылардың қолын қойдырып, арыздың үлкенін тұтас Қазақстан қоғамы емес, тұтас Кеңес Одағы елдері атын естігенде шошып кететін үш әріптілердің мекемесінен бірақ шығыпты. Айтары, мұндағы қазақтар ұлтшылдық көрсетіп, орыстарға күн көрсетпей, қақпайлап жатыр екен. Әрине, қолын ысқылап, қайда бәле, қайда шатақ деп отырған үш әріптілердің көктен тілегені жерден табылғаны еді бұл. Мұндай ірі мәселені, мұндай көлемді мәселеден көлемді ақша жасап алуға болатынын сезген жерден «жерден жеті қоян тапқандай» болып, заводқа қарай ұшыра жөнелсін! Келе завод бастығы еврейден тартып, мұндағы ірілі-ұсақты басшысымақтың барлығын тікесінен тік тұрғызып, тексерудің астынан алыпты. Үрейлерін ұшыра отырып, төбе-төбе құжаттарынан бастап, тапсырған салығына дейін, орта былғау деңгейіне дейін, жұмысшылары арасындағы дүрдараздыққа дейін, олардың діни нанымдарына дейін, қысқасы, суға, жылуға, электрге төлеген ақшаларының қағаздарының түбіртектеріне дейін тексеріп естерін шығарыпты.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 17:16:02

Еврей қу ғой, ебін тауып, астанаға хабар беріпті. Болмағанда үш әріптілерден жан қалмайтын болса керек. Астанадағы көке Алматыға үш әріптілердің осы жұмысқа жауаптысын қырып-жоймаққа аттаныпты. Сонымен, пәле іздеп ақша таба қоймақ болған үш әріптінің өзі басын бәлеге тығып алыпты. Бір сағатқа жетпей оның шені төмендетіліп, иығындағы жұлдызы жұлыныпты. Мінеки, қазақ қоғамындағы тірлік. Бірін-бірі бопсалаған, бірінен-бірі бірдеме өндіріп ала қойғысы келген, бірінен-бірі бәле іздеген мың сан харамы тірлік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 17:23:32

Үш әріптіні қырып-жойғанымен, ол да тыныш қала қоймайтынын дәлелдеп көрмекке тырыса бастапты. Осы жолғы тексеру барысында бұған қатысқан салық комитеті де біраз былық-шылықтың шетін байқап үлгіріпті. Негізі, жаңағы еврей бастық салық жасырады екен. Жұмысшылардың зейнетақы қорына да уағында ақша аударылмайтыны анықталыпты. Экологтар да пайда болып, ендігіде тырнақ астынан кір іздей бастапты. Қысқасы, заводтың жұмысы қалыпты жүріп, ақша тапқанның орнына аузын арандай ашқан барлық тексерушілерге бума-бума доллар тығындап жүріп жұмыстың бетін қайтарыпты. Осының барлығына себепші болған менің жеңгемді, еврейді, әлгі көкбет орысты шақырып алып жер тепкілеген астаналық көке бұлардың барлығын орнынан қуып жіберіп, орындарына су жаңа адамдар алып отырғызыпты да, астанасына ұшып кетіпті. Оған керегі қазақтың жылаған ұлы мен қызы емес еді, оған керегі басын ештемеге ауыртпай, ың-жыңсыз табатын ақша болатын...

Сонан бері менің жеңгем үйде...

Жұмыссыз отыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 17:40:48

Иә, Кеңес кезінде КГБ болған, «мемлекеттік қауіпсіздік комитеті» деген сөздің орысшасының қысқартындысы. Қазір, егемен Қазақстанда, КНБ деп атайды, «ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздің орысшасының қысқартындысы. Қазақша ҰҚК дейді, «ұлттық қауіпсіздік комитеті» дегені. Бірақ, ұлтшылдар мұны «ұлтқа қауіпті комитет» деп тонын теріс айналдырып жүр. Жоғарысы ұлттың, елдің тағдырына қатысты істерден бастап, кішкенесі көшеде жүрген оралманның паспортын тартып алып кеткенге дейін қатысатын бұл ұйымның кеңестік елдердің барлығында шексіз билігі бар екені шындық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 17:52:18

Қазақстан аты затына сай полицейлік ел еді. Қазақстан полицейлерінің, үш әріптілерінің құқығы шексіз болатын. Олар қоғамда шексіз беделге ие еді. Онан қорықпайтын адам болмайтын, Кеңес Одағының халықтарының барлығында осы бір ұғым өте терең еді. Тұтас қоғам, тұтас халық үш әріптілерден қорқатынын сонау Кеңес Одағы заманы бұлардың санасына өшпестей етіп сіңіріп тастаған еді. Үш әріптілердің шексіз билігі қатардағы қарашаның басына қара бұлт үйіре беретін. Заң, қоғамдық мораль деген барлық қасиетті ұғымдар мұнда ауыз аша алмай қалатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 18:03:41

Алматы көшесіндегі оралмандардан тартып, кез-келген саяхатшы, турист, шетелдіктің паспортын тексеру, сол арқылы олардан болмашы нәпақа талап ету- Қазақстан алғаш егемен болған жылдардан бастап, 2005 жылдарға дейін ең кең етек алған қоғамдық құбылыс еді. Мейлі, сен шетелдегі қазақ елшілігінен заңды түрде виза ал, мейлі, сен заңды түрде мұнда келгесін, бес күн ішінде тіркеліп бол, оларға бәрібір болатын. Олардың сылтауы өте көп болатын. Сенің барлығы заңды, барлығы дұрыс құжатыңның өзін қалтасына салып алып, саған ертең өзің барып мекемелерінен алып кетуіңді, өздерінің мұны тағы да тексеретінін айтқан кезде, сен олардың нені талап етіп тұрғанын бірден біле қоятын едің. Немесе сені машиналарына ұсыныс ететін. Сол арқылы сенің уақытыңды алып, мекемелеріне апарып, ұзын-сонар «тексеру» жасайтын. Ал, барамын деп кеуде керіп шыққан кейбір еріккендерге өз арасынан біреуі шығып, мұның бос әуре екенін, онан да қалтасына ақша тығып жолыңа түскенің абзал екенін құлағыңа сыбырлайтын. Қысқасы, қазақ еліне келген барлық оралман мен барлық саудагер, барлық саяхатшының мұндай әурешілік көрмегені некен-саяқ болатын. Бір қуанарлығы, соңғы кезде мұндай заңсыздықтар көрінерлік деңгейде азайған еді. Атышулы «Қазақ куәлігін» алу үшін Алматыдағы сыртқы істер минстрлігінің мекемесінің алдына түнгі сағат бір-екіден бастап кезекке тұрған, 2004, 2002, 2003 жылдардағы оралман оқушылардың барлығы бұл тектес оқиғалардың мың сан түрін көргендер болатын.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)