Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 13 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Сен арызданып жүргенде жаңағың үйдің қабырғасын тұрғызып та болады. Қазақтың парақор мансаптылары келіп жұмысты шешейін дегенде қалқиған үй де дайын болып болады. Сонымен, ұлтаралық береке-бірлікті сақтау үшін, ұлтаралық араздықты туындатпау үшін, осының барлығына көнуің керек екенін нықтап тұрып құлағыңа құйып шегелеп кетеді қазақтың мансаптылары. Сосын ел аман, жұрт тынышта, өз жеріңнен өзің айырылып, не істеріңді білмей, дағдарып қала бересің. «Ау» деп айқайлап көр, абақтыдағы 100 мыңға жақын қазақтың бірі болып тоғытыла саласың...

Сосын өз бармағыңды өзің шайнап, құдай қосқан көршіңмен «тату-тәтті, берекелі» өмір сүре бересің...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 09:24:54

Қазаткомдағы қанды қақтығыстар барысында қаза болған қазақ жігіттерінің өлімінің еш сұраусыз кетуінің өзі осының нағыз дәлелі болатын. Қазақтарды қырып салғанымен қоймай, қырылған қазақтың үстінен сотқа арыз беріп арызданып жатқан шешен ұлтының өкілі Махмаханов әулеті туралы көзі ашық оқырман білетін болар дейміз. Соншама ұланғайыр жерді заңысыз иемденгенімен қоймай, өзендер мен суларды тұтасымен, өз қалауымен «жекешелендіріп» алған шешеннің дөрекілігі мен зорекерлігі Алматы іргесіндегі қазақтарды ашындырып болған екен. Ал оның сотта, КНБ-де істейтін ұлдарының арқасында қаншама заңсыз әрі адамгершіліктен аттаған қылмыстарын жасырып-жабып келгенін ондағы қазақтар айтып та, жазып та жүр. Аққаны жоқ. Қазақ билігі үшін, қазақтың көз жасы емес, шешеннің разылығы керек еді! Міне, ұлттар достығы деген! Ал, қашып кеткен қандықол Таһир Махмаханов туралы ондағы бірде-бір полиция, заң қызметкері жазаланған жоқ. Тапа-тал түсте жан құралмен кісі атып өлтіргеніне қарамастан, жиналған, ашынған жұртқа қаратып оқ атқан қандықолды уағында ұстамай, «ұлттар берекесін бұзбау үшін» жоғарыдан нұсқау сұрап уақыт созған қазақтың дәрменсіз, парақор, сатқын сақшылары мұнда да жазаланған жоқ. Ал, қандықол ұлы қашып кеткені үшін, мұндағы қазақтарды Талдықорған сотына берген Махмаханов шалдың «ерлігі» қазақтың қазақ еліндегі қасіретінің нағыз көрінісі еді...

Махмахановтың және Махмаханов сықылды барлық зорекер, зорлықшы, қорлықшы, арам, қу, айлакер бұратананың сенгені - іріп-шіріген қазақ билігі еді! Қазақты өз жерінде өзі қорлап, езіп, жасытып, қорқытып, түрмеге тоғытып отырған, аш-жалаңаш ұстап отырған қазақтың парақорлық жайлаған, құлдық санадағы қор билігі-қазақтың бағы емес, соры болатұғын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 09:40:30

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-7 09:43 өзгерткен

Ғаламтор шолғыш оқырманға жол нұсқай кетсек артық болмас. Себебі, айта-айта жауыр болған, еш шешімін таба алмай келе жатқан, өз елінде өзі қорланып, аяққа тапталып жатқан қазақ мұңын айта берсек, таңды таңға жалғармыз. Соның бәрін жазып шығуға менің жүрегім шыдас бермес еді. Ал, соның бәрін тыңдап отырып ұлтын сүйетін ұл сіздің де жүрегіңіз ауыратынына мен сенетін едім. Демек, ендігі ақпаратты ойлы оқырманның өзі іздеп тауып оқығанын қалаған болар едік. Жолы былай:

Http://www.google.kz/ іздегішін ашасыз. Бұл гугл іздегішінің қазақша іздейтін түрі. Сосын Малыбай, Қазатком, Шелек, Маятас, Маловодное деген сөздерді жазыңыз. Бұлардың барлығы Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстар жиі болған жерлер. Жоғарыдағы әрбір жер аттарының жеке біреуін жазып болғасын, соңына өзіңіздің қалауыңыз бойынша сөз қосып іздесеңіз, біраз ақпаратқа ие болып шыға келесіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 09:52:01

Мысалы, Малыбай деген жер атының соңына «Қазақ» деген сөзді жазып жоғарыдағы іздеуіштен іздесеңіз, анағұрлым анық материалдарға ие боласыз. Осы әдіспен «Шелек» деген жер атын жазып, соңына «Қазақ» деген сөзді жазып, іздеу салсаңыз да болады. Мұндағы іздеуіштен шыққандарды қазақтың көнеше-слауянша әріптерін сәйкестіретін, бір-біріне айналдырып беретін сайттары арқылы көнешеге аударып алып оқуыңызға болады. Ал, мұндай сәйкестіргішпен айналдырғыштың мекен-жайын ойлы оқырман осы араға шығара салса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, мен оларды қолданбайтын едім, білмейтін едім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 09:58:18

Есіңізде болсын, қазақтың слауянша жазуын жазғанда, жер аттарының бірінші әрібі үлкен әріппен, бас әріппен жазылады. Шелек жазуы Алматы маңындағы Шелек елдімекенін көрсетсе, шелек жазуы кәдімгі су құятын шелекті көрсетеді. Төтеше-көнеше жазуда мұндай ерекшелік болмағандықтан, арнайы ескерте кеткенді жөн көрдік. Сан рет әліппе ауыстырған қазақтың қасіретке толы жазуларынан тапқан пайдамыз осы болды. Баяғыда бұл туралы «қайғысы қалың қазақ жазуы» деген бір шимайымды күлтегінде жариялаған сықылды едім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 10:15:38

Қазақ жерінде қақтығыстардың толастамауына мүдделі топтар бар еді. Мұны айқын білу керек еді әрбір қазаққа. Жаңадан егемен ел болған қазақтың барша байлығын иемденудің небір сұмдық, небір сойқан жоспарлары қазақ жауларының үстелінде ашық талқыда жататын болуы бек мүмкін. Мүмкін, осындай жоспарлар қазірдің өзінде атқарылып, соның жемістері енді-енді пісіп жатқан болар? Бұл өзін қазақ сезінетін барша азаматтың бір басында жекелік адами тірліктерінен тыс ұлт мұраты мен ел мүддесі қатар жатуы керек екенін аңғартса керек. Онсыз біз қазақ болып қала алмас ек. Онсыз біз Алланың өзі бере салған нығметке сай болмас ек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 10:48:25

Менің осы сықылды тақырыптарды ашық-әшкере қозғайтынымды, шыңғырған шындықты айтатынымды менің кей қаламгер достарым ұната бермейді. Олардың айтысында мұндай әрекеттер қазақтың ұлттық намысын қорлау болып саналады екен. Қызық! Онсыз да жазулардың кесірінен, бір-бірінің ақпаратын емін-еркін пайдалана алмай, жер бетіндегі шекара сызықтары емес, ой-санадағы шекара сызықтары арқылы бөлініп тұрған біздің Қазақтан шыңғырған шындықты жасырғанда, нені көздеп, неге жете қоймақпыз? Шындық – Алланың ақиқаты. Бояусыз өмірдің айна-қатесіз шындығын білуге кез-келген адам құқылы. Сыңаржақтылы ақпарат естіп үйренген құл санаға сыңаржақтылы ақпаратты біз әкеліп тықпаласақ, адасқан жұртқа жол нұсқар азаматтығымыз қайсы?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 11:16:37

«Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінденің» айтылар тұсы бұл еместұғын. Біздің ерекше көнбіс, ерекше жуас, ерекше ергіш, ерекше аңқау қасиеттеріміздің мынау жанталасқан жалмауыз заманға сай болмай қалғанын ерте бастан аңғаруымыз керек еді. Жанталаспай жан қалмайтын мына заманда, айдың-күннің аманында аузындағысынан айырылып қалып отыратын қасиетсіздігімізді, жалпақ шешейлігімізді, жалтақ ойлығымызды, жалпақ байлығымызды қоятын кез жетті!!!

Әділетсіздікке төзіп, шыдап отырудың өзі әділетсіздік. Қыңырдың қисық қылығына «қой» демегеннің өзі қырсық. Тексізін тектей білмеген, тектісін екшей білмеген жұрт тозады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 16:04:38

Қазақстандағы ақпарат-медианың қазақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінетіні сықылды ондағы күстабан қарашадан тартып, ел ағасы зиялы қауымға дейін орыс тілді, қазақ тілді деп екіге жіктелетін еді. Маған тұтас қоғам екіге жіктеліп тұрғандай сезіле беретін. Орыс тілді ақпарат саласының ішінде біздің қара орыстарымыз да жүретіні шын. Тумысынан орысша оқып, орысша ойлайтын қара орыстардың көзқарасы да, өмір пайымы да қазақ тілді зиялылардан өзгеше еді. Осыған қарап менің шарадай басым шақшадай болады. Мысалы, еврейлерді алып қараңыз. Бірі – ағылшынша сөйлесе, бірі– французданған еврей, Ал, бірі – немісше ойлайтын еврей. Бірақ, тілдеріндегі ала-құлалыққа қарамастан, ұлт мүддесі жолында ара алауыздықтары жоқ. Бүгінгі Израиль қоғамы да осы ала-құла еврейлерден құрам тапқан. Ту бастағы 50 мыңға жетер-жетпес еврейдің өсе келе миллиондаған қарашасы бар ел болғанын ойлашы. Ал, мұның өзі еврей зиялыларының уағызы бойынша еврей байларының қаржысына сүйеніп дүниенің жан-жағынан Палестинаға жиналғандар болатын. Ал бір жүйедегі оқудан шыққанымен, бір мемлекеттің оқу-ағарту оқулығымен оқығанымен, тек екі тілде сөйлегені үшін ғана екі бөлек тұратын қазақ қоғамына аң-таң қаласың. Олардың екі бөлектігі маңызды емес еді, маңыздысы, олардың ұлт тағдырына, ел болашағына қатысты ұстанымдары да бөлекше болатын. Бізді ойландыра беретіні де осы болатын. Қоғамдағы кез-келген ірілі-уақты мәселеге орыс тілді қауым мен қазақ тілді қауымның көзқарасы бөлекше болып келетұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 16:11:26

Оралмандарды күстаналайтын мақалалардың біразы осы орыс тілді басылымдардан шыққан болатын, ал қазақ тілділер болса, шеттегі қазағы үшін өзегін жұлып беретіндерден құралатын еді. Әрине, біздің мұндағы сөздеріміз абсолютті емес, салыстырмалы түрде айтылатынын ескерте кетеміз. Орысшаны түсінбейтін, орысшаны түсінсе де, білсе де сөйлегісі келмейтін оралмандардың орыс ұлтшылдары үшін үлкен бас ауру екені бесенеден белгілі болатын. Ең қарапайымы, менің өзім осындай оқиғалардың куәсі болатынмын. Орыстардың шовинист болатыны соншалық, оның көшеде қаңғып жүрген үйсіз-күйсіз алқашы мен қаңғыбасы да өзін керемет сезінетінін қайтерсің!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 16:44:05

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-7 16:52 өзгерткен

Баяғыда бір зиялы ағам маған мынадай бір қызық жағдайды айтып берген еді. Жұмыс беретін мәлім телеарнаның компьютерлік ісханасына екі өтініш қатар түседі. Бірі – қазақтікі, бірі – орыстікі. Орыс былай жазған:

–Кеңес Одағының заманында партия мектебінде оқығанмын, марксимзм философиясы бойынша орта техникум дипломым бар. Компьютерді 3 айлық курстан үйрендім, оқығандығым туралы анықтама дипломым бар. Компьютерді ашқанды-жапқанды білемін, уордта мәтін тергенді білемін, уордтағы мәтінді өзгерткенді білемін, уордты сақтағанды білемін, уордты қайтадан ашқанды білемін, уордтың әріптерінің үлкен-кішілігін өзгерткенді білемін, уордтың әріптерінің реңін өзгерткенді білемін, уордтың... уордтың... уордтың... осылайша бірнеше парақты тұтасымен «уорд» және «білемін» деген сөзбен толтырып тастаған орыстың бар білері уорд екен. Ал, мұндай бастауыштық сауаттағы адамның телеарнаға тіптен қажеті жоқ екен, тіпті балабақшаның өзіне компьютерден сабақ беруге жарамайтын адамның телеарнадан дәмеленгені қызық-ақ. Мұнан да қызығы, грапа соңындағы талапкердің талабы деген жерге былай жазады ғой «компьютер маманы»:

-Жалақысы 3000 доллардан жоғары болса. Жексенбі-сенбіден тыс, айына бірнеше күн рұхсат уақытым болса. Алматы пропискасындамын (нопосындамын). Үйім кең. Айлық шығыным көптеу. Жұмыс жағынан менің жылу ақыларым мен коммуналдық төлемдеріме көмек берілсе. Ғылыми өремді үздіксіз көтеріп тұру үшін, әрине, қазіргі білімім өзіме жетіп асса да, тоқтаусыз білім алу мақсатында курстарға қатысып тұруым үшін басшылар тарапынан уақыт және жағдай жағынан қолайлылық жаратылып тұрса...

Ал, қазақ былай жазыпты:

-«Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық технологиялық университетінен ақпаратты қорғау және сақтау мамандығы бойынша 5 жыл білім алдым, аталмыш оқуды қызыл дипломға тәмамдадым, құпиялау өнері бойынша, (кодтау) майкрософт компаниясынан алған бірнеше патентім бар. Сосын, Германиядан 3 жыл аспирантура оқыдым, жақсы тәмамдадым, дипломым бар. Ағылшын-неміс-орыс-қазақ тілдерінде емін-еркін жазып, емін-еркін сөйлей аламын. Осы замандық ақпарат және компьютер саласына қатысты программалауларды, жұмсақ және қатты бөлшектерді зерттеу, жасау мамандықтарын меңгергенмін, өзім жасаған программаларым шетел телеарналарында қолданысқа түсті...

Қазақ тілін білмесең де, шетел тілін талап қылу – қазақ қоғамының бұлжымас шөресі болатын, тіпті сенің істейтін кәсібіңе шет тілінің бір мысқал қатысы болмаса да, шет тілін талап ететін қазақ қоғамының мемлекеттік тілге келгенде, кегежесі кері тартып тұратыны шындық еді. Сонымен, жаңағы бірнеше тілді қатарынан білетін, мамандығын мықты оқыған, күллі әлемді мишық өнерімен қамдап отырған атақты майкрософттің өзінен пәтенттер алған, шетелдерде оқыған, аса жоғары білімі бар қазақтың баласы сөз соңындағы өз талабын былай жазады ғой:

Айлығым 500 доллар болса. Ең бастысы, маған жатақхана берсеңіздер. Баспанасыз едім. Пропискам (нопосым) Шымкенттікі еді, Алматыға пропискаға отырғыза алсаңыздар! Мінеки! Қазақтың маңдайға басатын оқымысты, ғалым ұлының халі!

Мұнан да қызық жері – кадрлер бөлімінің жауаптысы болған жарты орыс, жарты еврей ақылы асып тұрған қазақ баласын емес, орысты жұмысқа алған екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 17:02:36

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-7 17:07 өзгерткен

Бұл барлық қазақтың басында бар жағдай еді. Менің бір жеңгем Алматыда мәлім заводта жұмысшы еді. Өзі ақкөңіл әрі зерек кісі болатын. Завод басшылығы бір күні жұмыс талабы бойынша тағы да 100 шақты жұмыскер алуды шешім қылыпты. Сонымен, жұмыскер алатындықтары туралы Алматыда шығатын орыс тіліндегі әлгі атақты газеттерге жарнама береді ғой. (Мұндай газеттердің қазақшасы жоқ ежелден!)

Сонымен өтініш бергендердің жұмысын қарауға менің жаңағы жеңгем мен тағы бір орыс қатынды орналастырыпты. Жеңгем үшін бұл өте қалыпты жағдай еді. Бірнеше күннің ішінде-ақ шешіле салатын оңай шаруа еді. Себебі, жұмыстың қауырт кезінде мұндай уақыттық жұмысшыларды қабылдаудың талайын қолымен өткерген жеңгеме мұның ешбір өзгешелігі болмаса керек. Онсыз да Кеңес Одағының комсомолы, компартияның әйелдерге жауапты жұмыстарын істеген жеңгем бұрыннан-ақ алдына келген барлық талапкердің өтінішін ешкімді алаламай, ұлтына, дініне, нәсіліне айырмай ала береді екен. Ол кісінің тағы мынадай бір пәлсапасы бар еді:

«Біз ғой өз елімізде жүрміз, олар болса, Сталин, Хрущев заманында, шеттен келгендер, біз ғой үй иесіміз, мұнда аға-бауыр, таныс-тамырымыз бар, ал, олардың ешкімі жоқ, жағдайды қазақтардан гөрі көбірек соларға жасағанымыз абзал, болмаса, шеттегі ел бізді аз ұлттарға қысым салып жатыр демей ме?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 17:11:05

Сөйтіп, қараша басына қарамай, халықаралық имиджді, ғаламдық образды ойлап жүрген интернационалшыл жеңгем ертесі арнайы жұмысшыларды қабылдайтын бөлмесіне кірсе, бастығы отыр дейді. Бастығы жеңгеме бұл жұмыстың жаңағы орыс әйел жағынан жалғыз бір адам ғана жауапты болатынын, ал жеңгемнің бұрынғы жұмысын істей беруін табыстапты да кете берген екен, кейін білгеніндей, орыс әйел шапқылап жүріп, бастықтың үйіне дейін іздеп барып жүріп, адам таппас сан айласын сала жүріп, ең соңында осы бір кір арзымас кішкене жұмысты өзі ғана істеуге көндірген екен дейді. Жеңгем бұған еш таңырқамаған да. Себебі, мұнда бір бәле бар деп ойламаған ғой. Кейін білгеніндей, бәленің көкесі осында жатыр екен емес пе?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 17:30:25

Сонымен, жаңағы орыс әйел жауапты болып қабылдаған жаңа жұмысшыларды жұмыс жағдайымен үйретуге, машықтандыруға тағы да жеңгем жауапты болыпты. Себебі, тұтас коллективте кәсібилік жағынан жеңгеме жететін адам жоқ екенін баршасы амалсыздан мойындайтын болса керек. Кеңес кезінде де, онан кейінгі заманда да, ондағы қазақ пен мұндағы қазақ оқудың түбін түсірді ғой! Соңғы бір сиырын сатса да ұлы мен қызын оқытқан қазақтың сіңірі шыққан кедейінің рухына таңырқамайтын адам жоқ еді. Мұнысы жағынан мақтанып, босып алуға да қақымыз бар болатын. Сонымен, жаңағы жұмысшыларды қабылдаған жеңгем аң-таң қалған ғой, арасында бір қарасы жоқ, бір қазағы жоқ тұтас сарылар мен көк көздер, имек тұмсықтар мен ирек тұмсықтарды көрген жеңгем істің мән-мағынасын кейін барып білген екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 17:41:28

Жаңа жұмысшыларды өздерінің тілінде үйрете жүріп менің жеңгем былай ойлапты:

«Осы қазақтар қызық-ақ, мұндай техникалық жұмыстарды жақтыра бермейді, барлығының заңгер, сот, мұғалім, ғалым, саясатшы болғысы келеді. Сонда, техниканың тетігін кім ұстайды, вентті кім бұрайды».

Қазақтың қазаққа өкпешіл болатынын Қазақстаннан көресің. Мұндайдағы сөздер «осы, қазақ десең өзіңе тиеді» деп басталатынын қайтерсің?! Әшейін, бейне, өзі барша Қазақтан барынша биік деңгейге жеткен ұлт ұстазы сықылды еді! Мұхтар Мағауин «ұлтсыздану ұранында» жаны күйіп тұрып айтқанындай, «қазақтың жауы – қазақ» деген арам мақсаттан шыққан зымиян ниеттегі жаттанды сөз, жаман сөз – Алматыдағы қазақтың кәрі-жасы бірінің аузынан бірі қағып алған «жаңа мақал» осындайда қолданылатын. Оны жеңгем де қолданады ғой, ішінен «осы, қазақ десең өзіңе тиеді» деп барша қазаққа кейігенін де жасырған жоқ менен. Мұхаң осы бір атышулы, арам ниетті жаңа мақал туралы көп толғанған болатын. Мұны «Абай айтты» деген жаланың жалған екенін, жала екенін дәлелдеп те шыққан еді. Демек, мұны қолданған сананы онан ары құлдандыра түсу үшін, қазақты қазаққа айдап салу үшін, қазақты қазақтан жеріту үшін, арнайы мамандандырылған, ұлтымызға қарсы ұйымдардың жасырын институттары мақсатты түрде жасап, мақсатты түрде қоғамға таратқаны еш күмәнсіз еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 17:56:02

Жұмыс аяқтағанда оқушыларын босата беріп, жеңгем де үйіне қайтпаққа дайындалады ғой. Қызықтың басы осында басталыпты. Ормандармен көмкерілген жолдың шетіне қойылған жеке көлігіне келсе, көліктің маңында жыпырлаған адам дейді! Қара нөпір, құжынаған қазақтарды көріп жеңгем шошып та қалған екен бастабында. Себебі, мұндай көп адам әдетте мерекелерде ғана көрінсе керек-ті. Сөйтсе, өзін күтіп отырған екен бұлар. Барлығы қазақ! Барлығы тұтасымен қазақ екен дейді! Аман-сәлемнен кейін, жеңгем бұлардың ішіндегі 20-30 адамды танитынын да байқапты. Баяғыда жұмыстың қауырт кезінде уақыттық жұмысқа жалданатын түс таныс ұлдар мен қыздар! Бірі апа деп, бірі тәте деп, бірі әпше деп, бірі әпеке деп, бірі апай деп шулаған қазақтың жастарының айтар уәжі біреу ғана екен! Жұмыс! Екі қолға бір жұмыс! Аш отырғанын айтады! Ауылдан келгенін айтады! Ата-анасы ауру екенін айтады! Алматыда қаңғылестеп қалғанын айтады! Ақылы оқуының ақшасын құя алмағаны үшін оқудан қудаланғанын айтады! Бәрі де мұң, бәрі де көз жас! Қайғы мен қасірет! Мың сан шер! Нала мен дерт!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 18:07:58

Мұнда тұрғандар мың шақты адам екен! Жүз адамдық жұмысқа, нәпақасы шамалы қара жұмысқа мың адам жанталасып таласып тұр! Ал, арасынан бірде бір қазақ қабылданбаған ғой! Қабылданғандар болса, жеке көліктерін мініп кеткені кетіп, кетпегені орыстың салты бойынша «шаршағандарын басу үшін» завод шетіндегі тік тұрмада сыра жұтып тұрған еді. Қаптаған қазақтарға үрейлене қарағандары да, масқаралай қарағандары да бар. Өздері түсінбейтін «жабайылардың тілінде» шуылдаған осы бір топтың ниеті басқа екенін шамалағандары шын.

Сонда барып жеңгем барлық істің анық-қанығына жеткен ғой! Қалыпты үрдіс бойынша, мұнда неше жылдан бері істеп келе жатқан тәжірибелі жұмысшылардың бірінші кезекте қабылдануы керек болатұғын! Өз жұмысын жетік білетін, қауіп пен қатерлерді болдырмайтын мұндай жұмысшылар барлық жұмыс беруші үшін бірінші кезектегі қабылданатын адамдар болуға тиісті еді! Ал, қабылданғандар болса, тұтасымен «жаңа қолдар» болатын. Оларды үйретудің өзі біраз уақыт алатын еді. Ал, жұмыс амандығына кепілдік етудің өзі бас ауыртар тірлік болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 18:31:54

Істің шын сыры былай болыпты:

Даңғарадай бөлменің қақ ортасына үстелін жайғастырып алған, Сталиндей түксиіп, Хитлердей буырқанған, Брежневтей мәлкілдеп, Хрущевтей долданған көкбет, жуан орыс қатын мұндағы тәжірибелі көне жұмысшылардан ағылшын тілін талап етіпті. Сылтауы «аппараттар жаңаланған, ағылшынша білмесең, қолдана алмайсың» болыпты. Шындығында, аппараттар ешқашан жаңаланбаған болатын. Бұл – бір.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)