Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 12 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мұның айқын дәлелі – жарты жыл алдындағы қырғыздағы өзбек-қырғыз қақтығыстары. Мен сол кезде Алматыда болатынмын. Аракідік Астана, Жамбыл ортасында шауып жүрген едім. Бір байқағаным, Қазақстанды мекендеген барша бұратананың күткені орыс әскерінің мүлде басым түсіп жеңіске жетуі еді. Ағылшындарды қырғыз жерінен мүлде қуып жіберсе екен деген тілектегі сөздерді көп естіген болатынмын. Іргесінде ала байрақты елдің әскері тұрғанын бұларың да жақсы ырымға баламаса керек. Әрине, олардың аузындағы сөздің Мәскеу ақпарат көздеріне негізделіп шығатыны сөзсіз еді. Дербес идеологиясы түгілі, дербес ақпараттық кеңістігі жоқ Қазақстанның қарашасы күллі әлемге орыс көзімен қарайтыны шын еді. Себебі, Қазақстандағы ақпарат көздерін орыстар ұстап отырған болатын. Ресейдің газеттері мұндағы жұрттың санасын қайда бұрғысы келсе, сонда бұрып әкете беруге мүлде қауқарлы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 22:22:38

2008 жылы Қытайлар олмпияданы өткізуге дайындалып қарбаластанып жатқанда, грузиндер ел тұтастығын іске асырмаққа бекініп жатқан еді, бұл кезде мен Пекинде болатынмын. Бейжіңдегі Ябаолу көшесі маңындағы орыс стильіндегі ресторанда гүжіп отырған бір қора орысты көрген болатынмын, ол кезде мен Ябаолудегі сауда алаңдарына Алматыдағы ағайын-жұртқа сыйлық ала кеткелі барған болатынмын. Орыстардың бөспелеу келетіні баршаға аян. Кейін білгенімдей, бұл орыстардың біразы Қазақстанның орыстары еді. Грузиндерді жер бетінен жоқ қылып жіберуге, құртып жіберуге арнап тост көтеріп, елеуреп айқайлап отырған бұл орыстардың бейнесі маған Хитлер заманындағы гестапошыларды еске түсірген болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 23:22:25

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-6 23:24 өзгерткен

«Әкесі тұрып ұлы сөйлегеннен без, шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без» демеуші ме еді қазақ. Грузин-орыс қақтығыстары кезінде, Қазақстандағы орыс-славян қауымдастығы, Қазақстан казак қауымдастығы сықылды Қазақстанда заңды тіркелгенімен заңсыз тірліктермен айналысатын орыстың әсіре ұлтшыл, әсіре нәсілшіл ұйымдары президент Назарбаевтің өзі әліге көзқарасын ашық айтпай бейтарап майдан сақтап тұрғанына қарамастан, жаппай даурығып, шулап, Грузияны айыптап шыға келді. Бұл кезде біздің сыртқы істер минстрлігіміз еліміздің атынан аталмыш оқиғаға өз көзқарастарын әліге айта қоймаған кезі еді. Мінеки, Қазақстандағы орыс ұлтшылдарының қазіргі жағдайы. «Жаман үйді қонағы билейді» деген қазақ ақиқатын қазақтардың өзіне аямай ұғындырып келе жатқан орыстардың арам мақсаты иығында басы бар қазақтың бәріне аян болуға тиісті еді. Өкініштісі, біздің ұлттық санамыздың қазіргі бейнесі осы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 23:36:52

Батыстағы әлдебір ұйымдар Қазақстан билігін авторитарлы билік ретінде сындап кеп жатады. Таңым бар. Жер бетінде біздің Қазақстаннан асқан еркін демократиялы ел барма екен, сірә? Бұратаналарына бас-басына отау тігіп беретін, бас-басына ұлттық мәдениет ұйымдарын құрып беретін, бас-басына мектеп құрып беретін, ол мектептерде не оқытып не тоқытып жатқанымен де қақысы болмайтын ел біз ғана болармыз?! Мұнан артық қандай демократия керек екен батыс қоғамына? Өз мемлекетінің мемлекеттік тілін қоя отырып, шетелдің тілінде жиналыс ашатын, бүкіл жер шарындағы барлық діндерді қаншалық аздырғыш-бүлдіргіш болғанына қарамастан бауырына басатын әрі оларға перғауындар стилімен арнайы пирамида сықылды сарай соғып беретін билік жер шары бойынша жалғыз Қазақстанда ғана бар. Бұратаналардың өз тілдерінде оқытылатын мектептерінде, Абылай ханның мүсіні есіктен орын алып, әлдебір кәуәпшының мүсіні төрден орын алғанын көріп-біліп келген тілшілердің тұтас қазақ қоғамына салған байбаламы мен аттанына да салғырт қараған қазақтардан не үміт күтерсің?! Оқулықтарында Қазақстан тарихын емес, Жетісуді жекешелеп алуды оқытатындардың ел үшін еңбек ететін Қазақстан азаматы боларына кім сенеді?! Біз ғана сенеміз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 23:49:44

Ішкі жауы жапырақтан көп, сыртқы қарызы топырақтан көп қазақтың қазіргі халы осы еді. Бас-басына би болғысы келген қырқысқыш топтардың қылығы былайғы жұртты онсыз да қажытып, шаршатып біткен еді. Қара санынан хал кеткен қазақ қоғамы ауыр қарыз астында ыңыранып жататын еді. Ұлтшылдар мен ұлтжандылардың жан айқайына елең етер жұрт жоқ еді. Аздырғы діндер аздырып, аурулар тоздырған қара қазақтың қара домалағы қара күшін сататын қара құл еді бұл кезде. Алматыдағы барша мекеменің есігін сығырайып күзетіп отырғандардың кілең қазақ екенін көрудің өзі көзге ауыр тиетін еді. Қара базарлардағы тонна-тонна ауыр теңдерді сүйреп жүргендердің барлығы тұтасымен қара қазақ болатұғын. Бірақ, сол теңдерді сүйретіп, шырт түкіріп жүргендердің көбісі өзге атаның тұқымынан еді.

Алматыдағы Сейфуллин көшесінде екі қолға бір жұмыс таппай, күн ұзаққа жұмыс берушілердің келуін телміріп күтіп отыратындардың барлығы тұтасымен қазақ болатұғын. Күндіз қазақтың атпал азаматтары қара күшін сататын Сейфуллин көшесінде түнде қазақтың қыздары тәнін сататын. Ал «Вакансия», «Работа» сықылды сан-алуан газеттерде жұмыс беруші серіктіктер мен ұйымдардың ашықтан-әшкере «азиялықтарды жұмысқа алмаймыз» дегені, шындығын айтқанда қазақтарды жұмысқа алмаймыз деген сөз еді!!!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:10:11

Мен айтатын «түтінсіз соғыс» қазақ қоғамының түкпір-түкпірінде жүріп жататын еді.

Қазақтың орысша мен ағылшыншаға судай қызы Алматының асханаларында даяршы болуға ғана шамасы жетер еді. Әрине, тау жақтағы Медеу, Алма-Арасан жағалаған, түріктер мен шешендер, кәрістер, дүнғандар ашқан ресторандарда құл болып жүрген қазақтың қыздарының Әл-Фарабиден алған қызыл дипломы болатыны шын. Себебі, бейшара қыз Алматының поөпискасына, бізше айтқанда, Алматы нопосына тұра алмай қиналатын еді. Алматының нопосы қазақ еместердің еншісінде еді. Сонымен, Балуан Шолақ атындағы стадионнан бастап Алматының барлық бағытына назар аударсаң да құжынаған қазақтың аядай жатақханаларда ғана мекендегенін көрген болар ең. Саяхат, бірінші Алматы, екінші Алматы, сайран, Сарыарқа алаңқайы сықылды барлық жерде орналасқан баяғыдағы кеңес заманындағы бойдақтарға арналған, жұмысшыларға арналған коллектив жатақханаларды жағалаған қазақтың баласы өз елінде өзі өгей еді. Барлық нәрсеге қорқа, жатырқай қарайтын. Орысша сөйлеген жат атаның баласына бүгежек қағып кететін құлдар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:15:50

Орыс езгісі есеңгіретіп тастаған қазақтың естілері - желтоқсаншылар еді. Ал, бұлар баяғыда Кеңес кезінде абақтыға кеткен еді, онан аман қалғаны ауру болып біткен болатын. Онан қалғаны желтоқсан сарқынын тазалау науқандары барысында қорқыныш пен езгі кесірінен естерінен танып қалғандар болатын. Ұлт ретінде кеудесін көтере алмайтын сорлы халге жеткен жұрттың еңсесін көтеретін бір оңған тірлік жоқ еді. Қайда қарасаң қираған, сынған, тоналған құрылыс үйлері еді. Ауылдың халы мұнан да нашар еді. Не істерін білмей, ашаршылықтан кебек жеп кеткен сонау жылдарда, егемендіктің қазақ баласына берген қуанышын да дұрыстап тұрып сезіне алмай кеткен еді ауылдың сіңірі шыққан кедей қазағы. Қарынның қамын шеше алмаған жұртта ұлттың ұлы мұраты деген ұлағатты ұғым қайдан болсын? Онсыз да құлданған санаға бұндай сөздер кірмес еді, кірсе де жақпас болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:25:14

Ауылдың быт-шыты шығып, малы құрып, ортақ замандағы бар дүние- мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кеткен кезінде, қалаларға орыстар жолатпай қойған ауыл қазағы кедейшілік пен ашаршылықты тартып жатқан кезде, қала жағалаған қазақ еместер ғана пайда тапқан болатын. Олар бұрынғы Кеңес кезінде үкімет тарапынан бөліс бойынша берілген үйлерінің пайдаланушысы емес, сатуға құқылы қожайыны болып шыға келген болатын. Сонымен, еріксізден қалаға ағылған ауыл қазағы баяғыдағы үстем тап орыс өкілдерінің, жүйеден, қазақ еместердің басыбайлы құлы болып шыға келген болатын. Егемендіктің ауыл қазағына бергені осы еді. Бірақ, осыншама ауыр күндерді көрген қазақ бәрібір осының барлығын соншалық бір төзімділікпен басынан өткерген еді. Қазақтай көнбіс, қазақтай көнгіш халық жер бетінде жоқ болар-ау. Сонымен, жаңағы қала жағалаған алғашқы қазақтар бұл күнде Алматыда өз меншігінде үйлі болып та қалған болатын. Әрине, біздің айтып жатқанымыз қара қазақ еді. Билік жағалаған қазақтың ол замандағы және бұл замандағы жағдайы жаман еместұғын. Біздің қаламымыздағы мынау ашынышты жағдайлар мүлдем басым көп санды ұстайтын ауылдың кедей қазағының шынайы тарихы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:31:54

Міне, осының барлығына төзіп, шыдап, көніп, осы күнге жеткен қазақтың жаны сірі еді! Бұл қазақ нені көрмеді ғой дейсің! Осының барлығына көнген қазақты жеңе алатын қиындық та жоқ еді! Алланың құдіретімен, егемендігін осылай бастаған қазақ баласы бұл күнде өз елінің шынайы қожаларына біртіндеп айналып келе жатыр еді. Әрине, бұл дегеніміз де басым көп санды қара бұқара болатын. Ал, тонау мен заңсыз жекешелендіру кезінде, қымқыру-жымқырумен байыған алғашқы қазақ байлары бұл кезде қазақтың алғашқы буржуазия табы болып қалыптасып болған болатын. Ендігіде олар билік сағалап кеткен еді. Себебі, қазақ қоғамындағы билік те, мансап та, ғылыми атақ та, қысқасы, барлық нәрсе сатылуға тіз қатар тізілген заман еді бұл. Сатып алып жаттық бір-бірімізден лауазымдарды. Сатып жаттық мұнайымыз бен барша байлығымызды. Сатып алып жаттық мансаптар мен креслоларды. Сатып жаттық жетімдерімізді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:39:57

Жанталасқан, арыпталасқан қазақ қоғамы қым-қуыт еді бұл кезде. Қазақ егемендігін жариялаған сол бір күнде Алматының өзінде орыс ұлтшылдары мен қазақ еместердің бірлесіп құрған партия-топтарының саны бірнеше жүзге жеткен екен деп жүр кей ағаларымыз. Көп ит бір жақ, көк ит бір жақ болып, жападан-жалғыз қалған қазақтың Алладан басқа қолдаушысы, демеушісі жоқ еді! Осы бір алмағайып сәттерде ел билігін мықтап ұстап, егемендіктің алғашқы жылдарындағы ел болу құрылысын жүргізген ел ағаларына, сол кездегі барша қазақ зиялыларына үлкен құрметпен қарайтын едім мен! Үш ғасырға созылған құлдық заманды құртып, тың, егемен елді құрып шыққан қазақ азаматтары, қазақ баласының мәңгі-бақи құрметіне лайық еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 00:50:00

Біз Алматыға алғаш барған сонау он жылдың алдындағы мезгілдерде, қазақ қоғамы осы күндері басынан кешіріп болып, егемендіктің ең алғашқы нәтижелеріне қадам қоя бастаған болатын. СССР деген жазулары бар сарғайған сап-сары қағаздар жүретін еді үкіметтік орындарда. Біз паспортымызды тіркейтін, виза алатын көші-қон мекемесінің барлық грапалары біраз жылдарға дейін Кеңес Одағының сарғайған сары қағаздарынан еді. Ондағы орақ пен балғаның суреті, КП СССР деген сөздер немесе СССР деген сөздер біздің есімізде әлі бар болатын. Алматыда өткен осы күндер менің есімде мәңгі қалуы мүмкін. Себебі, бұл күндер менің өмірімдегі ең бір ғажап сезімдерге толы күндер еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 01:15:11

Мен «күн көсем» Лениннің алып мүсінін соңғы рет көре қалған қазақтардың бірі едім. Бұл күндегі егемен қазақтың жас ұрпағы Ленин мен Сталин туралы өте шала біледі. Олардың қазақ өміріне қатысын тек қана ата-аналарының әңгімесінен ғана естіп өскен жас, егемен елдің ұрпағына ол заманның нәубет кешірмелері ертегі сықылды ғана әсер ететін еді. Бар болғаны сол. Бейне, Қытайдағы қытайдың баласына шүршіттер билеген заманның әңгімелері қалай әсер етсе, оларға орыс билеген заманның әңгімесі соншалық қана еді. Егемен елдің баласының ойлау жүйесі де ұқсамайтын еді. Тартыну, қымсыну, қорқу деген ұғым жоқ болатын оларда. Мен Алматы мектептерінде, бала-бақшаларында аз болғам жоқ. Ондағы қазақтың баласы мен біздегі қазақтың баласы мүлде екі басқа бағытта кетіп бара жатыр еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 01:23:07

Олардағы балабақшалардағы балалардың бал күлкісі жаныңды рахатқа бөлейтін еді. Үйінде орысша былдырлап сөйлейтін қазақтың баласы мұнда қазақша үйреніп қайтатын. Менің тап-таза қазақтар деп ойлап жүрген нарынқолдық туыстарым балаларының әдебиет оқулықтарындағы әдеби қазақша сөздерді түсінбейтінін айтқанда, мен оларға аң-таң қалған болатынмын. Себебі, бұлардың қазақшалары маған Алматының өзге қазақтарынан көп жақсы сықылды әсер ететін еді. Сөйтсем, тұрмыста қазақша сөйлегенімен, қазақтың әдеби шығармаларын оқымаған, кілең орысша оқып, орысша ойлап кеткен нарынқолдық туыстарым әдебиет оқулықтарындағы Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсарының әдеби бояуы қанық сөздерін түсіне бермейді екен. Міне қызық. Мың жерінен тілін сөйлегенімен, өз ұлтының әдебиетін оқымаған, өзге жұрттың әдебиетімен сусындаған адамдардың халі қалай болатынын мен солардан білген едім. Бірақ, қалай болмасын, мүлде қазақша білмейтіндердің қасында олар керемет еді. Бір қызығы, балалары орта мектеп бітіргенше, менің аға-жеңгелерімнің қазақша әдеби өрелері де өсіп кеткен еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 01:35:06

Бал-дәурен балалықтың нағыз қызығын көрушілер бүгінгі егемен қазақ елінің бүлдіршіндері еді. Оларда ауыр-ауыр сөмкелер болмайтын. Тапсырма атаулы атымен жоқ еді. Сәби баланың санасына қорқыныш пен үрей тудыратын оқу-оқыту қысымы мұнда атымен жоқ еді. Балалар балабақшаларда ойындары қанғанша ойнайтын еді. Бастауыш мектеп тіптен қызық еді. Оларда тапсырма аса аз болатұғын. Мектеп балалары көбінеки жарты күн оқып, жарты күн демалатан еді. Бірақ, бұған бола қазақ мемлекетінің оқу-оқыту сапасы кері кетпейтін еді. Адам баласының балалық шағы мен жасөспірім кезіндегі барлық қажеттіліктері мен сұраныстарын аса ғылыми түрде қанағаттандыруды алғы мақсат еткен тәрбиеден шыққан балалар өздерін қиналыс пен қысым ішінде жүргендей сезінбейтін еді. Еркін ой мен еркін өмір сүрудің рахатын солар ғана көріп жатқандай әсер беретін еді маған. Бір таңғажайып жері қазақ баласының оқу нәтижесі бүкіл Кеңес Одағы кезінде атақты еді. Қазірдің өзінде күллі жер шары бойынша жүргізілетін, барша мемлекеттер қатысатын математика, физика, химия пәндерінің халықаралық олимпияда жарыстарында жыл сайын жүлде алатын елдердің бірі осы қазақтар болатұғын. Әрине, бірінші, екінші, үшінші орындарда қытай, корей, жапон жүретін еді. Ал, қазақтар болса, аракідік екіншіге, аракідік үшіншіге ілінетін еді. Ал, Израиль мен Американың өзі осы орындарға үнемі қазақтармен таласып, бірде жеңіп, бірде итжығыс болып жататын елдерден еді. Демек, аса қатаң қоғамдық қысым астында жасайтын корей, жапон жұрттарының балаларына қарағанда, асық ойнап, емін-еркін оқитын, оқығанда да жарты күннен оқитын қазақ баласының еш кемдігі жоқ еді...

Егер орыс қыспағы болмағанда, қазақтың қаны бұзылмаған, таза қанды баласы, жеті атасынан аттамайынша қыз алыспайтын асыл текті қазақтың баласы әлем халқын таңдай қақтырып жүрер ме еді баяғыдан?! О, құдіреті күшті Алла, осы бергеніңнің өзіне де мың сан шүкірлік!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 01:46:22

Ал, құрметті жамағат, Алланың осы бергеніне де шүкірлік қыла отырып, мың сан әмдүсәнә айта отырып, құдіреті күшті, шапағаты шексіз Алладан барша қазақ баласына екі дүниенің бақытын тілей отырып, бүгінгі хикаямызды осы арада тамамдаймыз. Алла тағала ертеңгі атар таңның шапағатына аман-есен жеткізе көрсін! Аумин!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 08:35:45

Көп ұлтты мемлекеттің барлығында ұлтаралық араздық мәселесі бар. Бұл мәселе ешқашан еш жерде шешімін тапқан емес, таппайды да. Себебі, шешімін тапқан күнде де, тапқызбайтын күштердің түртпегімен айрандай ұйып отырған берекелі елдің ынтымағы бұзылуы мүмкін. Адам баласының тойымсыздығы себепті туындайтын осындай мәселенің түп қайнары тым тереңдерде жатыр еді. Тағдырдің тәлкегімен қазақ жеріне келіп паналаған қаншама бұратана халықтардың барлығының өз мақсат-мүддесі бар болатұғын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, берекелі де ынтымақты қоғам құруды қазақ билігі қанша жерінен арман етіп аңсағанымен, бұл арманның іске аспасы шындық еді. Мұны іске асырудың жолы мен әдістемесін бүгінгі қазақ билігі дұрыс таба алған жоқ. Қазақ билігінің ұлтаралық мәселелерді шешудегі әлсіздігі қоғамдағы қақтығыс пен наразылықтарды онан ары өршіте түсті. Бұл төтеден-төте билік басында отырған топтың кемшілігі еді. Жергілікті аппарат құрылымдарындағы үкіметтік қызметкерлердің өтірік мәліметтері бойынша жұмыс жасайтын жоғарғы жақ мәселені май шаммен қарап, түбегейлі шешкеннен гөрі, саяси шоу жасағанға көбірек көңіл бөлді. Барлық үлкенді-кішілі мәселені уағында шешкеннен гөрі, барлығын президенттің ұлттардың берекесін сақтап отырған образымен байланыстырып шыға келді. Асқынған жараның іріңін тазалап емдегеннен гөрі жең ішіне жасыра бергенді құп көретін қазақ билігі қордаланып қалған ұлтаралық араздықтың дертін болашақ ұрпақтың қасіретіне айналдырып жібермесе болғаны деп алаңдаймыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-7 09:06:52

Билік жағы ауыз жаппай мақтан ететін Қазақстандағы ұлтаралық береке-бірлік қазақ ұлтының құқық мүддесінің аяққа аяусыз тапталуы мен ұлттық ождан-намысының қорлануының негізінде ғана құрылған еді. Бұл шыңғырған шындық болатын. Заң салтанат құрған кез-келген мемлекетте өз шешімін оңай табатын барлық қылмыстық қақтығыстар қазақ жерінде президенттің шетелдердегі бет-беделі үшін, халықаралық қауымдастықтағы ат-атағы үшін немесе барша ұлттар мен ұлыстарды, барша діндер мен конфессияларды тату-тәтті, берекелі етіп ұстап отыр деген саяси мақтаны үшін ғана заң бойынша емес, «саяси сахналық қойылымдардың» мақсаты үшін қыңыр жолмен қисық шешімін табатын. Онсыз да аңқау, жуас қазақтың бодандық заманынан қалған қорқақ қасиеті мұнда іздегенге сұраған болатын. Алматы қаласына қарасты қала маңындағы ауылда тұратын туысқандарымда болған мына бір оқиғаны баяндайын...

Алматыдағы екі көрші арасында жер мәселесі туралы дау туа қалсын. Шындығында, мұндай даулардың көкесі күнде дерлік туындап жататын, қайсы бірін айтарсың. Ақпарат көздерінен біз естіген мұндай дауларда сан жоқ еді! Сосын жаңағы көршінің бірі өз жерінде өзі қойдан жуас қазақ болсын да, бірі қайдағы бір бұратана келімсек жұрттың өкілі болсын. Әрине, зорлық келімсек жағынан бастау алатынына еш күмән келтірмеңіз! Бұл – Қазақстан қоғамының айна-қатесіз ащы шындығы! Қазақты түртпектеудің, қазақты қорлаудың барлық үлгісін алыстан іздеудің қажеті жоқ болатын. Қазағы мен келімсегі аралас қоныстанған Алматы маңындағы ауылдар мен қалаларды аралап шықсаңыз, сан романға бергісіз жыр мен сырға қанығып қайтарыңызға күмәнданбаңыз. Сонымен, жаңағы келімсек қазақты түртпектейді ғой, қазақтың заңды түрде үкіметтің жылжымайтын мүлік мекемелері тарапынан құжаттандырылған, жер шарындағы бойлық-ендік градустарына дейін белгіленіп сызылып қойылған, сызбасы мен схемасы толық жеріне жаңағы келімсек бес метр сұғынып кіріп тұрып қора салып алсын! Қорасын сала бастағаннан-ақ қазақ байғұс шырылдайды ғой. Қайтсін, Кеңес кезінде әбден таптаурын болған ұлттық намысы егемендік кезінде де таптаурын болғанына қайдан көнсін? Сосын баратын жеріне барады, жазатын жеріне жазады. Еш өнім жоқ! Жаңағыны бас салып, салып жатқан құрылысын шаққанға немесе ағайын жұртын жинап, әлгімен дау-дамай жасауға қазақтың қоңы жоқ болатын. Себебі, қол көтеріп жаға жыртыспақ түгілі, әлгіге қарап көзіңді алайтып көр немесе «Әу, көрші-ау, мұның не?» деп дауыс көтеріп көр. Ұлтаралық берекесіздікті қоздырғаның үшін қазақтың милициялары бас салып кісендеп, түрменің түбінен бірақ шығасың. Сосын, қазақтың соты өзі-ақ саған үш жыл немесе бес жыл деген кесімді жазасын беріп тыныш болады. Сонымен, «әу» деп дауыс та көтере алмайтын, ел жұртыңды шақырып, мынауың не деуге де батылың бармайтын бейшара жазасың-ау келіп. Табаныңнан тозып, жаңағы құжаттарыңды көрсетіп, жеріңнің өзіңдікі екенін, заңды екенін, жаңағының заңсыз иемденіп жатқанын айтып зарланасың-ау...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)