Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 11 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бұл Аспан100 атты тораптасымыздың күлтегіндіктерге айтқан сөзінен басталыпты:

Http://www.kultegin.com/bbs/viewthread.php?Tid=13344

Аспан100:

Москва сапар естелігінің жинақталғанын шығарып қойсаңыздар.

Егер жаны жайсаң Жарқын ағамыз рұқсат берсе, сапар естелігінің жинақталған нұсқасын шығарып қойсаңыздар екен. Жарқын ағамызға ұлы құдіретті Аллаһ разы болсын, екі дүниенің қызығын берсін, илайым!!! Сен қазақтан бұл шығарманы өшіріп тастаған секілді жағдай болып жүрмесін, қанша көп адам сақтап алса, сонша жақсы болар еді.

Қарлығаш:

Москва сапар естелігінің жинақталғаны менде бар, егер Жарқын рұқсат етсе шығарып қоюға болады.

Жарқын0991:

Рұқсат беремін, әрине.

Мақсатым – атақ-абырой табу емес. Сапарнама халқымның қажетіне жараса ғана болғаны.

Шынайы:

Қарлығаш, рұқсатын берген екен бұл кісі, сол жинақталған нұсқасын көргіміз келеді!

Үйсін:

Сіздегісі емлесі көрілген жинақ нұсқасы болса, Торап мырзаға жолдап беріңізші, ол кісінің күлтегіне шығаратын жақсы амалы бар еді.

Жарқын0991:

Ендеше, шығарманың авторы ретінде, «Жарқын хас-сақ» деген атты қойыңыздар. Ат соңында қосарланып сан жүрген қызық сезіледі екен. «Жарқын хас-сақ» дәл қазірден бастап менің қалам атым болсын, қалай қарайсыздар? Әлде, мұнан да жақсы ат қойғыларыңыз келсе, өз ойларыңызды айтыңыздар. Себебі, мені осындай шығарма жазуға шабыттандырған осы күлтегін, сен-қазақ, бозбала, парасат тораптары болатұғын. Демек, бұл жалғыз менің ғана шығармам емес, күллі тораптастар ортақ қатысқан, ортақ ой бөліскен ортақ шығарма болуға тиіс.

Күлтегін, азан шақырып ат қоюға қалайсың?

Қарлығаш:

«Жарқын хас-сақ» деген ат та болатын сияқты.

Алау:

Менше сізге «Күлтегін-сақ» деген ат жарасар ма екен деймін. Ал шығармаңызға «Ұлы құрлыққа сапарнама» десек болатындай, Москва дегенді алып тастауды жөн көрем.

Өтегенөв:

Тамаша жазылған естелік. Жекенің ризалығы болса, менің де жолдап қояйын деген ойым бар?

Алау:

Http://www.tangjareh.com/ жалпы қазаққа ортақ дүние болған соң мына торапқа да шығарып қоюға қарсы қалай қарайсыздар??

А.Қ.Ш:

Естелік қазір Москвадан алқып, жұмыр жердің бұрыш-бұрышындағы көптеген елден сыр шертіп жатыр. Менше де «Москва сапарынан естеліктер» дегеннен гөрі басқалай ат қолданса болар ма екен. Мұнда естелік автор есімімен қабысым тапса деймін, мәселен, «Жарқын хас-сақтың сапар естелігі» деген сияқты.

Жарқын0991:

Бір тораптас баяғыда айтқан еді, менше осы күлтегінде бар-ау, «Мың бір сапар» деп атаңыз деп. Маған осы ат ұнап тұр.

Қарлығаш:

«Мың бір сапар» деп атаған жөн сияқты. Барлығымыз еміле жағынан дұрыстауға көмектесіп кемелді бір жолдама етіп шығарсақ, содан Жарқын0991-дың өзі өз атында шығарғаны дұрыс сияқты. Сіздер қалай қарайсыздар?

Ар1:

«Жарқын хас-сақ» та болады. Цифрын алып тастап, Жарқын болып жүре берсеңіз де ұнасады. Шығармаңыз Қазақстан сайттарына да шығатынын ескерсек, Москва болып жүре бергені олардың бір көргеннен назарын тез аударар еді. Ісіңізге сәт!

Жаңбыр:

Әй, Жаке, «Мың бір сапар» деп мен айтып ем, осы «Москваға сапардың» басқы беттерінде тұр...

Сосын Жарқын қас-сақтың «Мың бір сапары» деп алсаңдар жақсы болар еді...

Жарқын0991:

Рахмет, Жәке, иә, сен айтқан болатынсың...

Рахмет...

Азан шақырып ат қоюшысы өзің болдың, не сый-сияпат жасасам болар екен? Қазақта баласына ат қойғанға қандай сый көрсетуші еді, осы?

Жаңбыр:

Хы... Хы..., Жәке, қазақ балаға ат қою үшін бір кішігірім той жасайды, енді...

Оның салт-дәстүрі де баршылық...

Ал ат қойған кісіге беретін сыйы да бөлекше. Өйткені, баланың болашағы атына да байланысты деп жатады. Сосын ат қоюшы адамды да бөлекше таңдаған...

Бұған байлар атан жетектетсе, қарашалар қой жетектетіп жібереді екен. Ал, маған атанға бергісіз «ақыл» сыйлап жатқасын, енді неден дәмелене қояр дейсіз. «Балаңыз» есейіп ат жалын тартып, әр қазақтың жүрегіне жол алған шақта, шақырып шай беріп, осы кітабыңыздан бір дана сыйласаңыз да жетеді...

Жарқын0991:

Жаке, айтқаның болсын! Келістік!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 09:04:29

Иранның басын қатырып отырған ұлтаралық араздықтар мен дүрдараздықтар арабтардан келетін еді. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген осы. Түбі бір туысқан ұлттары түгілі жойт еврейдің өзін өзгертіп жіберген қызылбастардың арабтарға келгенде амалы жоқ еді. Арабтар оларға рухани жағынан ешқашан мойынсал болмайтын. Рухы бас имеген арабтың парсылар жағынан ассимиляцияға түсуі мүмкін емес еді. Себебі, Ирандағы арабтардың ар жағында 20 шақты мемлекеті бар құжынаған қалың араб тұратұғын.

Мұны қазақ қоғамы былай түсінгені жөн. Қазақтардың орыстарды қазақыландыруы ешқашан іске аспайды. Себебі, аюдай ақырып Ресей тұрғанда, Қазақстан орыстарының қазақтар жағынан қазақыланып кетуі мүмкін еместұғын. Оңтүстікте өскен бір-екі орыстың қазақша сарнаған ұл-қызын телеарнаға шығаруын шығарсақ та, мұнымыз, мейлі, қазақ еместерге қазақ тілін уағыздауымыз болса да, қасқырдың бөлтірігінің қолға үйренбесін ертеден ескеруіміз керек. Мұны Мұхтар Әуез де өз шығармасында әдемілеп тұрып жазып кеткен. Ал қазақ-орыс, қазақ-еврей, қазақ-украин, қазақ-неміс, қазақ-кәріс – қоспа қандылары, шажалары мен шаталары, нарқоспақтары аса көп Қазақстан қоғамын Оралхан Бөкей қаламындағы жерлік ара мен сырттан келген араның будандасуынан пайда болған аса уытты жаңа сортты араның тағдырымен ұқсататын едім...

Алла онан сақтасын, мен-ақ қателесе берейінші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 09:18:57

Арабтардың парсыларға мойынсал болмайтын бір жері-парсылардың ұстанған ислами жолдары дұрыс емес еді. Аса көп бидғаттық өзгерістерге ұшыраған, исламның негізгі қағидаларының өзі аса ауыр деңгейде бұрмаланған шиялар (шиға) адасқан нанымда еді. Мың жарым жылдан бері өзгермей, қасиетті Құранның бір әрібіне де өзгеріс кіргізілмей, аса қатал жағдайда аса дұрыс сақталынып келе жатқан ислами құндылықтар мұнда ақылды адамның санасы жетпейтіндей деңгейде бұрмаланған еді. Я, құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранды ақыр заманға дейін бір өзі қорғайтынын айтқан болатын... Алла ұлы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 09:40:07

Әрине, шииттер өздерін адасқандарданбыз деп есептемейді де. мұсылман ұстанымын ұстанатын адамзат баласының аса басым көп бөлігі өздерін суниттерміз деп есептейді. Қазақтар да, қазақтардың ата-бабалары да суниттер болғаны шын. Суниттер дегеніміз «әһлүс-сунна-уал-жамаға», яғни, қасиетті Құран мен Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) салып кеткен сара жолын үлгі-өнеге тұтатындар. Мұнда төрт мазһап болады. Қазақтардікі Әбу Ханифа мазһабы. Ал, шииттердің адасуының неден басталғанын, қалай басталғанын айтсақ, мұндағы діннен сауаты шамалы біраз жұрттың басын айналдырып жіберерміз, қажет қылған оқырман ғаламтордан өзі-ақ тауып алар деген ойдамыз. Біздің мұндағы айтпағымыз ислам дініндегі екі топтың тарихы емес, ел билігін тұтқан қызылбастардың Ирандағы арабтармен арақатынасы болатұғын. Діни нанымдарының бөлектігінен де маңызды бір мәселе осы екі ұлттың арасына от тұтандырған еді. Ол - байлық таласы мен байлық алдындағы адам баласының ақиқаттан адаса беретін қызылкөздігінен туындаған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 09:48:23

Арабтар қоныстанған жерлердегі мұнайды тұтасымен меншіктеніп алған қызылбастар мұндағы арабтарды тақыр-таза кедейлік ішінде тастап қойған болатын. Өз жерінің байлығы өз аузына бұйырмаған арабтардың ашу-ызасына ажалы американдар мен еврейлерден болған марқұм Саддам Құсайынның от тастағаны – мұндағы 8 жылға созылған Иран-Ирақ соғысына себепкер болған болатын. Байлыққа талас, жер астындағы қазыналы қара алтынға талас, билікке талас – Ирандағы қызылбас пен арабтың ғана меншігінде емес болатұғын. Ақиқаты аз адамзат қоғамының барлық жерінен осындай таласты көруге болатын еді. Қазақтың жеріндегі қара алтын мен газдың молдығы қазақ ұлтының бағы, әлде соры екенін алда тарих дәлелдей жатар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 15:39:13

Саддам Құсайын арабтың батыры еді. Кем дегенде, ол кейінірек диктаторлық, дара билеушілік жолына түспей тұрғанында арабтардың батыры саналатын еді. «Араб қайта өркендеу партиясының» көсемі ретіндегі оның сонау жас күнінен бастап аңсаған арманы берекесі қашып, 20 шақты елге бөлініп кеткен арабтардың басын біріктіру болатұғын. Мұнысы, «болып ал да, билей бер ұстанымындағы перде артындағы батыстық билеушілердің мүддесіне қайшы еді. Бұл ең басты себеп болатұғын. Дініне бекем, бір ауызды, бір тілді құдіретті, бірлікке келген араб мемлекетінің пайда болуы - араб мұнайын қазақ ертегілеріндегі қансорғыш жалмауыздардай сорып жатқан еуропалықтар мен америкалықтар үшін аса қорқынышты еді. Арзан мұнай арқылы аспа-төк тұрмысын қалыпты ұстап отырған батыс қоғамының барлық бақытты-баяшатты ғұмыры, асып-тасқан, шарықтап-шалқыған бақуатты өмірлері арабтардың, тіпті мұсылмандардың мұнайының арқасында ғана еді. Батыс алпауыттарының араб еліндегі арсылдаған қарғылы төбеті ретінде «орта шығыста» орын теуіп отырған Израильдың өзі осы мақсаттан туындаған құбыжық болатын. Израильдың ел болып табан тіреп тұруының екі-ақ себебі бар болатын. Бірі-батыс алпауыттары осы арқылы 2000 жылға созылған еврей мәселесінен құтылғысы келген еді. Себебі, ағылшын, француз, орыс, неміс, голланд, испан, бельгиян ұлттарының барлығының ғасырлардан бергі бас ауруы осы еврейлерден келген еді. Паразит құрт сықылды немесе тез таралғыш оба сықылды осы бір қауымнан олардың басы бүтін ада-күде тазарғысы келген болатын. Себебі, еврей тұрғанда, өз қолы өз аузына жетпей қалатын жағдай көп болушы еді. Экономикалық билік түгілі саяси биліктен де қағыла бастаған батыстың алпауыттары еврейлердің өз алдына отау болуын аңсайтыны шын еді. Әрине, мұның ішінде мұнан да маңыздырақ бір мәселе бартұғын. Ол осы батыс қоғамын сол кездің өзінде-ақ, саяси, экономикалық тұрғыдан тұтас контрольдап болған насаралардың сионистік мақсаттарын, ел болу армандарын іске асыру үшін батыс жамағатының мемлекеттік құрылымдарынан барынша епті әрі барынша ұтымды түрде ең жоғары көрсеткішпен пайдаланғаны еді. Тұтас батыс қоғамының, батыс өнеркәсібінің жүрек қаны болған мұнайдың мекені араб елдерін, қара алтынның қамбасын қолда ұстап тұру үшін ғана керек еді. Ол үшін осы арада берекесіздік пен тынышсыздық тудыру керек болатұғын. Әрине, діні бір, тілі бір арабтардың бірімен-бірі қырғын соғысқа бара қоймасы айдан анық болатын. Себебі, Аллашыл арабтардың ағайынды өкпеге қиса да, өлімге қимайтыны кәпір батыстың өзіне де айқын еді. Сонымен, мұнда нағыз батыстық ұстанымдағы «һәйтпен» үріп, «қайтпен» қайтатын қарғылы төбет керек болғантұғын. Ол еврей сионистері еді. Бір нүктеге тоғысқан батыстық отарлаушылық мүддемен сионистік мүдде арабтардың, күллі мұсылман әлемінің қасіреті үстінде құрылған болатын. Американың Иранды тарпа бас салмай отырғанының да бір мәні осы болатұғын. мұсылман болғанымен, арабтардан мүлде бөлек атадан тарайтын, діни нанымы да басым көп санды мұсылмандардан бөлектеу келетін қызылбас билігінің аман-есен тұра беруі -батыс үшін арабтарды шәужайлап тұруға керек еді. Осы арқылы олар сылтауын көбейтіп, Израильде және өзге де Ираннан қауіптенетін араб елдерінде әскерлерін тұрғыза алатын еді. Түптің түбін түсіріп тұрып айтқанда, мұның барлығы байлыққа деген таластан ғана болатын. Мұсылман елдерінің мол мұнайы мен газы олардың қасіреті мен қайғысы болған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 15:46:43

Қазақ мұнайы хақында әр қазақтың басында бір ой бар екені шын. Мұнай мен газ Алла тағаланың қазаққа бере салған нығыметі еді. Бірақ, күрделі халықаралық қоғам жағдайында қазақ мұнайының аларманы аз еді. Бұған себеп, ата-бабаларымыздың ашық теңізге шығатын жағадан тым құрмаса иненің жасуындай қоныс алып қоймағаны болатын. Жер шарындағы ең үлкен ішкі құрлықтық ел саналатын Қазақстан теңізге тұтаспайтын жағрапиялық жағдайына байланысты, Алланың бере салған қара алтынын ашық әлемде айқайлап тұрып сата алмайтын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 15:51:02

Қазақ мұнайын, қазақ газын қалталы еуропалықтардың алуы мүмкін еместұғын. Бір заманда қазақ жерінен бастау алып, Каспий асып, Түркия барып, сол арқылы күллі Еуропаға, күллі дүниеге сатылмақ болған атақты Набукко құбырының тұтаспай қалуы – Ресейдің зорекерлігінен еді. Батыс қоғамы үшін алғанда, Ресейдің мұнайына тәуелденіп тұрғаннан гөрі қазақтың мұнайын алған әлдеқайда қолайлы еді. Себебі, ақылынан ашуы басым орыстың кез-келген сәтте бұзылуы боқтан оңай еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 16:00:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-6 16:05 өзгерткен

Қазақтың мұнайы мен газы бүкіл адамзатты жанар-жағар маймен, көгілдір отынмен қамдауға жететін еді. Өкініштісі, бұл мұнайды базарға апарып сату үшін орыстың жерінен өтуге тура келетін. Нағыз базар орыстың батысындағы құрлықта еді. Онсыз да мұнай мен газға бай орыстың қазақ мұнайын өзімен бәсекелестіріп қоюы мүмкін еместұғын. Ондай ақкөңіл, жалпақшешей орыс ешқашан бұл дүниеге келмейтін болса керек. Еуропаның күллі жамағатын орыс газына телміртіп қою да орыс үшін таптырмас орай еді. Демек, қазақ мұнайы мен газына батыстан аларман табу мүмкін еместұғын. Ал, оңтүстігіндегі тынымсыз, тынышсыз аймақтардың берекесіздікке толы саяси жағдайы көпке белгілі еді. Батысы мен оңтүстік қақпасына қара құлып салынған қазақ ордасының терістігі жоқ еді, терістігі орыс аюы болатын. Қазақ үшін, ендігі жалғыз шығар жол-шығысқа қарау болатын. Шығыстың қалталы аларманы-Қазақ мұнайының, қазақ газының осы күндегі бірден бір аларманы еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 21:24:13

Араб диктаторларының ел ішіндегі жұрт ауанын діни кекшілдікке қарай тайдырып жіберуін түсінуге болады. Туған бауырыңды біреу басы-көзге сабалап тұрса, қол қусырып қарап тұруға болар ма екен?! Палестиндегі қырғындарға қарап тұрған араб араб емес болмақ түгілі, адам да емес болып шықпағы хақ.

Алыстағы арабты айтып басымызды қатырмай-ақ қоялық деген күнде де, қазақ билігіне ұмтылып келе жатқан қалталы еврейлерден алаңдамай болмас-ты. Еврейді зерек қылған олардың таңғажайып тағдыры десек, бұл зарафаның (жирафтың) мойны биік дарақтардың басындағы жапырақтарды жеу үшін мойнын соза-соза жүріп ұзарып кеткен деген сықылды дарвиндік көзқарас болар еді. Еврейдің отансыз жүргеніне 2000 жыл болды. Ал, отансыз жүрген жалғыз ғана еврей еместұғын. Жер бетінде 6000-ға жуық тілде сөйлейтін халық бар десек, солардың 200 шақтысына ғана ел болып туын тігуге бақ берген екен. Бір ұлтта бірнеше тіл, бірнешелеген акцент болды деген күнде де, «бас-басыңа бай қайда» дегендей, бас-басына отанды болған олар жоқтұғын. Көбісі өзгенің туы астында күні үшін күлік жеп жүр. Америкадағы испан тектілердің өз алдына ұжымдары, мәдени орталықтары бар, біртұтас ұлт ретінде ұйыса да алады, ал ағылшындасқан негрлердің ұлт ретінде ұйысқанын көрген емеспіз. Өздерін бір ұлт ретінде танымайды да олар. Тек қана, негрлерге қаратылған нәсілшілдік кемсітулерге қарсы көтерілулер болғанда ғана ұйымдасқанымен, оның өзі көбінеки, ұлттық сипат алғаннан гөрі, мәлім бір заводтың жұмысшыларының жалақыны көтеріп, жағдайларын жақсарту туралы ереуілге шыққаны сықылды ғана еді. Міне, бұл ағылшындасқан негрлердің қасыреті болатұғын. Африкаға барып тамырын іздеген негр ғалымдарының жазғандары бұған дәлел. Құлданған сана қорлыққа ғана апарады.

Мен білгенде, сығандардың қаңғылестеп жүргеніне де аз болған жоқ. Мұнысы жағынан еврейлермен тағдырластау. Күллі Еуразияны былғаған сығандар соңғы кезде Канаданы да «жаулай» бастады. Бірақ, тағдырлас сыған мен еврейдің ара салыстырмасы жер мен көктей еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 21:37:45

Құранның хақтығына сенетін тақуа мұсылман ақырзаманның боларынан, ақырет күнінен еш күманданбайды. Қасиетті Құранда айтылған ақиқаттардың күн санап дәлелденіп келе жатқандығын айту біздің мақаламыздың мақсаты еместұғын. Десе де, қасиетті кітапта айтылғаны, ақырзаманға жақындаған заманда насаралардың әскері болмайтын ел болмайды делінген еді. Қазіргі күнде Американың билік тұтқасын еврей алпауыттарының ұстап отырғаны аспанда айдың бар екені сықылды шындық. Яһуди басқарып отырған Американың, оның соңынан ерген Еуропаның адамзат баласы мекендеген алақандай жер шарындағы 200-ге тарта мемлекеттің қайсысында әскері мен жасағы жоқ бүгін? Бұл жауап өте айқын. Баяғының баяғысында, «уаршауа шарты ұйымы елдері» және «солтүстік Атлант шартты елдері ұйымы» болып екіге жіктелген адамзат қоғамы екіге емес, 3-4 ке бөлшектенген болатын. Себебі, арада Қытай сықылды кей халыс елдер бар болатын. Қазір бұл халыс ел де қалған жоқ. Әлем қайтадан екі үйекке бөлініп шыға келді. Қытай мен орыс және осылардың ықпалындағы бірнеше елдерден басқа елдің барлығында осы күнде Американың әскері тұратыны шындық. Демек, батыс күштерінің сарбазының аяғы тимеген таза жердің бұл күндегі тізімі:орыс, орыс ықпалындағы қазақ, өзбек, тәжік, түркмен, әзербайжан, украин, беларус, Қытай, Иран, Куба, терістік Корея, Венесуэла. Мүмкін, мұнан да басқа тағы бірнеше ел бар, бұл арада олардың бар-жоғының ара салмағы маңызды емес. Демек, орыс пен Қытай одағы бұл күндегі батыс күштеріне қарсы бірден-бір одақ. Ортадағы көп халыстың шын мағынасында батысқа бейім екендігін жұрт біледі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 21:45:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-6 21:50 өзгерткен

Орта Азиядағы ақ қалпақты ағайындарымыз «қалпағына жарай қырғыз жоқ» деген қыжыртпа сөзді дәлелдеп келе жатыр. Алақандай Қырғызстанда тұрған екі әскери база-ойнасатын дүние емес еді, күллі жер шарына сыймайтын екі қошқардың басын алақандай Бішкекке сыйдырғысы келген қырғыз билігі отпен ойнаған сәби баланы көз алдыға елестетер еді. От өзін өртеуі мүмкін. Мұнан келер-кетер ештеме жоқ, жаманына келсе, «ой-бауырымдап» бір жылармыз, қарасарға қайратың кәні? Түбі бір түркінің мұнан артық берекеге бара аларына күмәніміз басым. Өзін өртегенімен қоса өзгені өртке ораса, онда бұл нағыз қауіп еді. Біздің алаңдайтынымыз да осы. Бұл адамзат тарихында бұрынды-соңды қайталанбаған сұмдық жағдай болатын. Екі алпауыттың жасақтарының бір елде осылайша қатарынан орналасуы-жаһандық екінші соғыстан кейінгі алғашқы жағдай еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 21:59:04

Иран мен Ирақты екі алпауыт екі жағынан қолдап, 8 жыл бір-бірімен қырылыстырғанда, мұсылман баласы мұнан не ұтты? Ұтқанынан ұтылғаны басым болды. Халқы қырылды. Шаруашылығы кері кетті, есесіне миллиардтаған қаржыға бірі орыстың қару-жарағын, бірі батыстың қару-жарағын сатып алып отырды. Кейде, халықаралық қару-жарақ саудагерлері «жасырын хәлде» бұларға орыс-Американың қаруын қосып отырып сатып бере берді. Шын мағынасында, екеуі де өздерінің мәлім бір құрттай мүдделері үшін алданған еді. Араб әлемінің батыры атанғысы келген Саддамның соңғы тағдыры не болғанын баршамыз білеміз. Барған мақсаты батысты байытып, орысты қоңдандырды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 22:12:15

Иран-Ирақ 8 жыл ойнаған ескі синергияны бұл күнде түстік-терістік екі Корея орындағалы отыр. Түстігінде мұздай қаруланған Америка сарбаздары тұр дағы, терістігіндегі диктатор орысқа иек артып, анда-санда Қытайға қарап жымиып отыр. Ондағысы баяғыдан белгілі. Орыс пен Қытай одағының Америка басқыншыларының Корей терістігінде өз білгенін істеуіне қарап отырмасын дара билеушің анық біледі. Ал, осы жағдай, күндердің бір күнінде Орта Азияда қайталануы мүмкін. Егер Америка Орта Азияны былықтырғысы келсе, ең алдымен қырғыздар мен өзбектерден бастап, сол арқылы қазақтарды да отқа ала кететін еді. Басқасын талқылауға мұнда шамамыз жоқ.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 37 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)