Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 6 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 14:54:45

Мұнысымен қоймай, қазақ мемлекетінің егемендігіне, қазақ мемлекетінің бет-беделіне нұқсан салатын үндеулерін бірінен соң бірін қаптатып шығара беретін құтырынған, есалаң кейіптегі сайқал саясаткер қазақ еліне Шымкент, Жамбыл, Қызылорданы ғана беріп, онан өзге шұрайлы шығысты Семейді, жер жәннаты Жетісуды, Талдықорғанды, Алматыны (ол Верный деп атайды), Абылай хан мемлекет астанасы етіп ту тіккен Сарыарқаны, ордалы Оралды, қызылдар қырғындарының куәсі Қызылжарды тұтасымен Ресей Федерациясының құрамына қайтадан қосып алуды ашықтан-әшкере уағыздайтынын қайтерсің?! Мұның өте өрескел түрде халықарада қалыптасқан нормаларды бұзып отырғанын көрсе де көрмеске салып, мысық мұртынан жымиып отырған Путин билігі өз мүддесінің де осы екендігін өзіндегі және өзге елдегі орыс ұлтшылдарына қайта-қайта жалықпай ұғындырып келе жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 17:06:16

«Орыс тұлпарының тұяғымен Орта Азияны таптауырын етуді» ашықтан-ашық көксейтін Жириновскийдің барша қылығы бұлармен ғана шектелінбейтін еді. Ол шын мағынасында, орыс әсіре ұлтшылдары мен орыстың жаңа фашистік ұйымдарының рухани көсемі болатын. Қызба һәм ақылсыз, қызу қанды жастар оның үкімет думасының биік сахнасынан сөйлеген барлық құтыртқы қитұрқы сөздерін көктен түскен пәрмендей көретін еді. Бастапқы жылдары ол біраз мезгіл «Қытай қаупі» идеологиясын барынша уағыздап, орыс қоғамында орыс ұшқары элементтері мен жаңа натцистердің Қытайға, қытай ұлтына, Қытай мемлекетіне деген қисынсыз өшпенділігін тудырған болатын. Бірақ, сабырлы да салиқалы Қытай саясатшылары осы бір Жириновский деп аталатын күллі адамзат қоғамында лаңғадалығы мен есерсоқтығы арқылы атағы шыққан жәріместі қалайдан қалай сабасына салғандығын біз білмейміз, бір білеріміз, Жекеңнің соңғы кездегі Қытайға қарата айтқан заһарлы сөздері азайып бара жатқаны ғана.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 17:24:11

Бірақ біз бұл қаһарлы да қауіпты ата жауымызды жай ғана есалаң есерсоққа балап, елеусіз қалдыра берсек болмайтын еді. Егемен қазақ елінің сыртта жүрген қас дұспаны болған, қазақ халқын орыс бодандығына қайтадан салуды күні-түні аңсап жүрген бұл арам ниетті жаудың кім екенін зерттейік те.

Ендігіде, Қытайдың 知己知彼百战百胜 (аудармасы: Өзін де, өзгені де білген, ешқашан жеңілмейді) деген мақалы бойынша ойлағанымыз дұрыс еді.

Жириновский бұл жарық дүниеге келмес бұрын-ақ, туылмай тұрғанының өзінде-ақ, фашизмның атасы, атақты қанқор Хитлермен тағдырлас болып шықты. 1946 жылы Алматыда шыр етіп дүниеге келген сәбидің іштегі кезінде-ақ анасы оны жасанды түсікпен алдырып тастауға сан мәрте оқталған екен. Сан рет оқталып барып, сан рет алуан себептерге байланысты райынан қайтып отырған анасы ең соңында бұл сүмелекті жер бетіне әкелген екен. Тумысынан өмірге наразы, барша дұрыс нәрсеге тек қана өшпенділікпен қарайтын, өзгеге мейірімі аз, тек қана қатыгездік пен қырғындарды ғана аңсайтын мұндай адамдардың барлығының да тағдыры осы тектес болып келетіні-іштегі шарана кезінен-ақ адамилыққа жат көзқарастар қан арқылы бала жүрегін жаралай беретін болса керек. Болмаса, қазақтың нанын жеп суын ішкен, қазақ жерінде, аялы Алатау баурайында өскен Жириновксийдің қазақ баласына соншама өшігетін еш қисыны жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 17:50:12

Шыр етіп өмір есігін ашқаннан-ақ әкесінің басын жұтып тынады. Мазасыз әрі қатты жылауық болған Жириновскийге бола сырттан сүт әкелуге кеткен әкесі сол кеткеннен қайта оралмаған болатын. Көлік апатынан жаны жаһаннамға кеткен әке балаларына адамгершілік туралы тәрбиесін де бере алмай кеткентығұн. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» дейді қазақ. Бала үшін әке қашан да сүйенер асқар белі. Әрине, әкесіз баланың жасық әрі қорқақ болып өсетін жағдайы да бар. Жетімдік тақсыреті көзін аша сала-ақ басына түскен баланың өзге әкесі бар балаларға өшпенділікпен қарап өсетінін Жириновский өз естеліктерінде жазған болатын. Әрине, барлық жетім Жириновский сықылды емес қой. Мүмкін, оған көрген тәрбиесі, өз ниеті әсер еткен болар, қалай болмасын, соңғы ғылыми жетістіктерге сүйенсек, іштегі кезінде әкесі не шешесі жағынан «алдырып тастау» немесе жасанды түсік жасату туралы талқы болған немесе шешесі абайсызда жүкті болып қалғаны үшін қатты өкінген барлық сәбилердің барлығында осындай аса әсірешілдік, әсіре кекшілдік, қанқұйлылық, қанқұмарлық, әсіре өшпенділік, қоғамға наразылық, қырғын құмарлық, рақымсыздық, нәпсіқұмарлық, шектен тыс тойымсыздық, ұятсыздық, алқаштық, нашақорлық, жезөкшелік, бәтшағарлық, қызтекелік, кешірімсіздік сынды сан алуан рухани дерттер болатыны дәлелденіп келе жатыр еді. Жекеңді де солардың қатарында санауға әбден құқылы едік. Себебі, Жекең Мәскеудің ең үлкен телеарнасына берген бір реткі сұхбатында шешесінің өзін жөргегінде тұншықтырмақ болған ниеті болғанын айтып салған болатын. Аузына келгенін оттап үйренген далбақ мақтанып, бөсіп отырып, өзінің сырын шашып алғанын байқамай да қалған болатын. Ондағысы, «мен іштегі кезімде-ақ олар мені өлтірмек болғантұғын, мен өлмей, аман-есен өмірге келдім, менің жауларым мені өлтіргісі келеді, бұлары ұйықтамай көрген түстері» демекші болатын еді. Өз «ерлігін, қайсарлығын» осылай дәлелдегісі келген от ауыз саясаткер өзінің ашынышты балалық шағы арқылы өзгелердің жанашырлығы мен тілектестігіне ие болудың да сан алуан жолын меңгерген болатын.

Қасірет арқалап қалған алты жетімнің шешесі Александра Павловна Жириновская орыс қатындарының әдетімен араққа бөгіп алғанды жек көрмейтін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 18:41:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-3 00:45 өзгерткен

Тегі Эйдельштейн болатын. Көзқарақты оқырман осыдан-ақ атақты ғалым Эйнштейн нің туысқаны екенін байқайтын болар. Себебі, Эйнштейн де, Эйдельштейн де орыс тектері еместұғын, бұлар еврейлердің аттары еді. Бірақ, Кеңес қоғамында өскен кәнігі қу 18 жасына жеткенше ғана осы текпен аталып жүрді. Әкесінің аты-жөні Исак болатын. Бұл да нағыз еврейдің аты еді. Бұл мұнысынан қатты намыстанатын да еді. Кеңес билігінің бір ерекшелігі осы болатын. Онда 200-ге тарта бұратана ұлт бір-бірімен үйленіп, бала-шағалы болып, шын мағынасында, Ленин аңсағандай, «Советтік ұлт» жасауға бара жатқан болатын. Кеңес кезіндегі аралас некенің қоғамда жаппай етек алғаны соншалық, тұтас қоғамның өне бойын жаулаған осы үрдістің аралас некеден туған, кім екенін, қай ұлт екенін өзге түгілі өзі де ажырата білмейтін, рухани жағынан, көп жағдайда, құбылмалы болып келетін бүгінгі ұрпағы пост Кеңестік қоғамның аса үлкен бас ауруына айналған болатын. Оған қос орыстың бай талғамай тие беретін тидаусыз қызын. Сонымен, күллі Кеңес одағы, әсіресе, Қазақстан қоғамы сықылды «ұлттардың тәжірибеханасы» осы сықылды қоспа қанды, нарқоспақ, шажаларға толы болатұғын. Шешесі еврейге намыстанбастан тигенімен, еврейдің ұлы мұны қатты намыс көретін еді. Сол үшін оның барлық балалық шағы өзінің шығу тегін жасырумен ғана өтті. Ол өзін өзгелердің орыс емес деуінен қатты алаңдайтын еді. Мұнысы балалық күннен бастау алып тура азаматтық жасына дейін жалғасып келген болатын. Әрине, тұтас бір өмірінде тек қана өз шығу тегі туралы осындай екібеткей әрі жасырын ұстаныммен жүрген баланың ішкі жан дүниесінде қаншалықты деңгейде алпарыстар мен төңкерістер болып жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты еді, әсіресе, қарсылық нанымы қалыптаса бастаған, балағатқа тола бастаған 12-13 жас арасы ең қауіпті де, ең қасіретті болары шындық еді...

Мұнысы жағынан өзінің қияттың тұқымы, әлде меркіттің тұқымы екенін бір өмір бойы ширшық атып ойланып келген, өзі өзгелердің өз шығу тегі туралы айтқан шақпа сөзіне соншалықты деңгейде әсіре сезімтал Шыңғыс хан көз алдыға келер еді. Әкесі Ясукейден қалған бір әке, бөлек шешеден болған інісін 13 жасында-ақ садақпен атып өлтірген Шыңғыс ханның қатыгездігі де өз інісінің оны «меркіт тұқымы» дегенінен еді...

Міне, қайда жатыр дейсің ғой барлық қанқұйлылық пен қатыгездікті...

Мұның бәрі іштен бастау алып, ана денесіне біткен шарана сәтінен-ақ сезіп, біліп отыратын адам баласының барша қасірет пен қайғыны, арпалыстар мен жанталастарды сол бір тамшы су кезінде-ақ, ана жатырынан бастап қабылдай бастайтынын білдірсе керек. Әрине, Шыңғыстың шешесі Ясукей жағынан тартып әкетілген соң, жақсы күн көрмегені шын еді. Рухани құлазу, ой соққысы оңайға соқпасы шын. Сүйген жарынан тірідей айырылып, жат ел қяттар қолында қалған Шыңғыстың шешесі Ясукей батырдың меншігіне өткенде меркіттің тұқымынан Шыңғысқа жүкті еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 18:49:24

Исактың ұлы деген мағына беретін Исаковичті бұл қолданғысы келмейтін еді, бейресми ортада өзін Андреевич деп атайтын. Онысы Андрейдің ұлы дегені еді. Кеңес Одағының орыстан өзгені адам санатына қоспайтын қоғамдық санасымен жасынан-ақ уланған бала өзінің таза қанды орыс болмағанына қатты назалы болатұғын. Әрине, тағдырын мойындайтын мұсылмандық ақиқаттың нұрынан алыс өскен құдайсыз қоғамның құрбаны еді бұл бейбақ та. Болмаса, кім болып, қай ұлт болып дүниеге келуін өзі белгілей алмайтынын, мұның барлығы Алла Тағаланың маңдайына жазған тағдыры екенін мойындағанда, оншалықты рухани қысымдар мен жантөзгісіз жүйкелік азаптардың жегі құртына өзін-өзі жегізбеген де болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 19:03:23

«Комсомольская правда» (комсомоль ақиқаты) газетінің 2007 жылғы 24 сауірдегі санында оның МОЙ ОТЕЦ «мой әтетс» (менің әкем) деген кітабының тұсаукесері болғандығын хабарлаған еді. онда ол былай делінген еді:

Владимир Жириновский: «Все равно я – русский, хоть мой папа – еврей».

Аудармасы: Қалай болмасын, мен орыспын, мейлі, менің әкем еврей болса да...

Мұны үлкен тақырыппен жариялаған «Комсомоль ақиқаты» орыс қоғамындағы таза нәсілшілдерге осы арқылы болса да бір анық жауап бергісі келген болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 19:09:48

Атом қаруын орыс жауларын еш ойланбастан қолдануды уағыздайтын есерсоқ саясаткер өзінің осы сықылды күллі мәдениетті адамзат қоғамын дүр сілкіндіретін, тіпті, ақиқат пен адамгершілік ұстанымдағы барша бейбітшілік сүйгіш әлем халқын жиіркендіріп жіберетін, тіксіндіріп жіберетін сөздері арқылы әлемдегі бірнеше елден қудаланған да болатын. Соның бірі Бұлғария еді. Бұлғар елі орыс айбарының алдында бүгежектеген жоқ. Елбасыларын қорлаған Жириновскийді шекарадан қуып шығарды. Енді оның бұл елге аяқ басуына мәңгі бақи тыйым салынған болатын. Осы сықылды елдердің қатарында Германия да бар еді. Әрине, немістер орыстардан жасқанатын ел емес. Ол тек орыстың есірік есерсоғының адамгершілік ұстанымға жат көзқарастарына бола оны Германия еліне кез-келген себеппен келуіне тыйым салып тастаған болатын. Мұның өзі де жоғарыдағы құтырықтың әлем халқы алдында қаншалықты абыройсыз екенін танытса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 19:28:34

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 19:40 да өзгерткен

Қазіргі азуын айға білеген Ресей Федерациясының думасының орынбасар бастығы сықылды биік мансапта отырған әсіре нәсілшілдің бүгінгі өзіне-өзі қойып алған аты-жөні Владимир Вольфұлы (Вольфович) Жириновский еді. Жириновский – шешесінің тегі еді. Ал, қайдан пайда болғаны белгісіз Вольфтың не мағына беретінін өзі ғана білетін болар. Мағыналық аудармасы қасқыр деген осы сөздің оған әке аты ретінде ұнауының сыры да оның «қасқыр» сықылды асқан жауыздық қасиеттерді ардақтайтынынан туындаса керек. Беюаз да, момын қойға қасқырдай тигісі келгені де болар. Себебі, орыстар қазақтарды менсінбеген кезінде, қорлаған кезінде, кемсіткен кезінде “баран” деп боқтайтұғын. “Баран” дегені қазақша айтқанда “қой” болатын. Қазақ баласы қойды ешқашан жиіркенішті сезінбейді ғой, баласын “қозым, қошақаным” деп еркелететін, ерке қызын елікке ұқсататын қазаққа мұның ауыр боқтық ретінде сезілмесі шын.

Қазақ біреуді боқтаса, янаттаса, «шошқа, есек» деп жатушы еді. Онысы, өзі лас әрі харам хайуанға ұқсатқаны болатын. Бірақ, орыс назарында, қой өте ауыр боқтық екені шын. Сонымен, олардың қазақты қойға ұқсату арқылы «хайуан» деп боқтайтынын еске алсақ, ендеше, қазақ елінде туып-өскенімен қазаққа қарсы шапқан, қазаққа қаны қас Жириновскийдің өз отчествасын (әкесінің атын) қойдың ата жауы қасқырдың атымен атауының сырын да біле қойған болар едік. Медведьтің «аю» деген мағынасы бар екенін білсек, орыс аюларының нені көздеп отырғанын да ұғу қиынға соқпайды. Шын мағынасында, мұның барлығы кездейсоқ болғанымен, 3 ғасыр бойы орыс тепкісінде өмір сүрген қазақ баласы үшін ата жаудан сақтанбаудың өзі ұрпақ алдындағы қылмыс саналар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 19:52:09

Жириновскийдің түрік тілі кәсібін оқығандығын білсек, оның Орта Азиядағы түркі тұқымдастарға тіс-тырнағына дейін соншама өш болуының сырын да түсіне қояр едік. Пекиндегі Аз Ұлттар Университетінің түркология мамандығын оқығандармен кәсіптес болған осы нарқоспақ жарты еврей, жарты орыстың түркі тарихына жетік екендігі шын еді. Бірақ, бұл баяғының баяғысында-ақ, Кеңес заманында, өз мамандығы бойынша Түркияда практикада жүргенінде, Кеңестік КГБ-шпиондық ұйымы үшін жасырын ақпарат ұрлағанына байланысты Түркия Республикасынан қудаланған болатын. Онысын өзі соңғы жылдары қырық құбылтып басқаша түсіндіргенімен, шындығына келгенде, оның орыс шпионы екенін түрік жансыздары ертеден-ақ біліп қойған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 20:34:34

Мейлі ол өзін орыс сезінсін, мейлі еврей сезінсін, түркі тұқымы осы екі халықты да сан ғасырдан бері билеп келе жатқандардан еді. Алтын Орданың құрамындағы құл ел болған Мәскеу княздығы сонау Шыңғыс заманынан бастап-ақ түркі тұқымды қауымның боданы еді. Онан бұрын Еділ батырдың табанында тапталғантұғын. Мәскеуді қазақтың «мас күйеу» дейтін сөзінен шықты дейтін назарияның да шындыққа жақын екенін сезуге болады. Ал, еврейдің Иерусалимының, мұсылманша айтсақ, Әл-Құддұстың баяғының баяғысында қазақ ұлы, қыпшақ баласы, Мысырдың (Египеттің) патшасы болған сұлтан Бейбарыс жағынан отарланғанын ойласақ, онан ары Оспан түркілерінің оны 6 ғасыр билегенін, сонау 1-жаһандық ұрысқа дейін өз қолында ұстап отырғанын айтсақ, осының өзі-ақ оның түркі тұқымдыларға, оның ішінде бабалары батыр көшпенділердің ерлігі мен елдігін әліге сақтап отырған қазақтарға айырықша жау болатынының сырын айпарадай ашылар еді. Ол өз қадарынша оқымысты адам болатұғын. Жазған кітаптары да аз еместұғын. Бірақ, арам ниетпен астарласқан пасық ойдың, сасық арманның иесі тыныштық пен бейбітшілікті сүйетін барша адам баласының қарғысына қалатыны дәлелденіп келе жатқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 20:58:47

Батыс қоғамы оның еркін демократтар партиясын фашистік ұйым ретінде танитындықтарын ашық мәлімдеп келеді. Бұған пысқырып қараған орыс қоғамы болған жоқ. Коммунистік жүйе әлі де толық ыдырап болмаған, Кеңес Одағының шаңырағы әлі де шайқалмаған, қоғам аумалы-төкпелі болып тұрған сонау замандарда, ол компартиядан кейінгі екінші еркін партия ретінде өзінің еркін демократтар партиясын билік жүйесіне тіркеуге алдырады. Бұл оның аса тәуекелшіл, қара ниеті қабынған, ештемеден тайсалмайтын жан екенін дәлелдейді. Бұл 1990 жылы болатын. Іле-шала, бір жылдан кейінгі, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ең алғашқы сайлауда, ол 6 миллионнан астам адамның қолын жияды. Бұл жалпы сайлауға қатысқандардың сегіз пайызға жуығын ұстайтын еді. Кей дерек көздерінде орыс қоғамындағы жалпы беттік сипат алған көптірмелік пен жалғандық үшін, 1 пайызын шегеріп есептегеннің өзінде, оның артынан ерген әсіре ұлтшыл, әсіре нәсілшіл, әсіре фашистік ұстанымдағы 6 миллионнан аса орыстың Ресей қоғамындағы аса қауіпті күш екендігін ескерген жөн еді. Шаш ал десе, бас алғысы келіп тұратын, әсіре сілтейтін, қырғындар мен соғыстарға жаны құмар орыстардың 6 миллионнан тұратын бұл қосынын Қазақстандағы барша бұқараның 30 пайызға жуығын ұстап отырған орыстар мен орысқа бейімдердің асыға аңсап, сағына, зарыға күтетіні шыңғырған шындық болатын. Дербестіктің біраз жылдарына дейін өздерін Ресей азаматы сезініп жүрген қазақстандық көк көздердің әуселесі соңғы кезде күрт асқан болатын. Казактар ресми түрде қоғамдағы заңды топ болып құрылып, ладшылдар қоғамның барлық саласында қазаққа қарсы, қазақ мүддесіне қарсы әрекеттермен айналысып кеткен еді. Қалың елім-қазағымның айналасындағы азуын айға білеген алпауыттардың арам ниеттерін біле отыра, ұлты үшін басын қатырмайтын не қатырғысы келмейтін, мәңгүрттенген соңғы жас ұрпаққа қарап отырып көкірегің айырыла күрсінбей амалың жоқ еді. Жалынарым да, тілерім де шапағаты күшті бір Алла ғана...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 00:56:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 00:58 да өзгерткен

Еділ3, бауырым, рахмет. Өзің сынды қырағы көзді оқырман болса, қаламгерден жауапкерлік кетпейді. Жириновский шатпақтарына қарсы қазақтың мемлекеттілігін айтамын деп, Жошыны қоса жазып отырып, артын шатыстырып алыппын. Жошы бөлімін қысқартқанымда, қысқартылмай қалған құйрық-жалы қалып қойған екен. Рахмет, саған бауырым. «Мұсылманның ең жақсысы білім үйренген және оны бір-біріне үйреткендер» деген сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисы бар ғой. Алла разы болсын саған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 01:18:58

Қалмақстан Республикасының шетелден қалмақтарды шақырып, жоғалған діндерін қалпына келтіріп, қалмақ тілінде оқулықтар жаза бастауын мәңгіге тиып тастаған орыс билігі бұл күнде Кеңес қамытынан шыққан қалмақтардың қайтадан өз тумыстарына қайтуын біржолата құрдымға жіберген болатын. Қалмақтың ендігіде ұлт ретінде сақталып тұруы қиын болатын. Шындығын айтқанда, қалмақтар өз тілдерінде сөйлесуден мүлде қалған болатын. Орыс ұлтшылдары егемен Қазақстанның оралман саясатына да осылайша киліккісі келіп сан мәрте ұрынып көрді. Оларынан нәтиже шықпағаннан кейін, соңғы кезде қазақ ішінен орысшыл бағыттағы сатылғыш атқа мінерлерді сатып ала бастады. Бұған менің еш күмәнім жоқ болатын. Қазақстандағы атақты басылымдар «Караван» мен тағы да осы тектес бірнеше орыс тілді басылымдарда оралмандарды күстаналайтын мақалалардың жариялануының ар жағында қазақ жері үшін сілекейі ағып, өмешегі үзілгелі тұрған орыс билігі тұр еді. Іштен ірітудің сан алуан әдісін меңгерген, бұратана жұрттарды құлданудың сан қилы методикасын зерттеген әккілердің көкейлерін тесіп жүректерін ауыртатыны өз қазақы тумысына күн санап оралып келе жатқан Қазақстан қазақтарының барған сайын қазақшаларының дамып, орыстардан алшақтай бастағаны болатын. Қазақ елінде салынған екі мыңнан аса мешіттің мұнарасы көкпен таласқан сайын, орыс әсіре ұлтшылдарының жер бауырлап ойбайлайтыны да осыдан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 13:05:22

Алматыда өткен әр күнім бір романға бергісіз еді. Ол жағын кейін тізбелермін. Мен кімдермен кезікпедім дейсіз ғой. Баяғыдағы үш аймақтың қан кешкен жауынгерлерінен бастап, кеше ғана осында қоныс аударып келген «үш аймақтың» қазақтарымен сөйлескенімнің өзі бір-бір романға жүк еді. Атақты Жағда Бабалық ақсақалмен болған сұхбаттарымның өзі болашақ күндердің еншісінде...

Мәскеудегілерге Алматыда екенімді айтқан болатынмын. Олар да жақын арада Алматыға келетінін айтты. Мен бұл жолы ашық ескерткен болатынмын. Ендігі жүздесулерде жұмыстарымызда айқын ілгерілеушіліктер бола жатпаса, бұл жұмысқа менің де бір мысқал қызықпасымды қадап-қадап айтып ескерткен болатынмын. Негізі, орыстар сыйлағанды көтере алмайтын жұрт. Олармен көбінеки, астам, өркөкірек жағдайда сөйлескен дұрыс. Саған керек емес болса, маған көк тиындай да құны жоқ деп ескертіп отырғаның да ғана бұлардың санасына сәуле жүгіреді. Еңкейген адамның желкесіне мініп алатын, шалқайған жанға құрметпен қарайтын тума ұлттық мінездері бар. Онысын бүкіл ұлт, бүкіл мемлекет болып дәлелдеп те келеді. Жайшылық өмірде өз боданындағы ең сөз тыңдағыш, ең жуас қазаққа қалай қарайтынын айтпай-ақ қоялық. Себебі, қазекең жайшылық өмірде оншалықты желп ете қоятын мінезі жоқ халық қой. Қазақ атқа мінбесін де, мінсе, түсіре алмайсың. Қазақ қаһарланбасын де, қаһарланса, тауыңды жұтып, тасыңды шайнай салады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)