Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 08:58:56

Соншама кең алаңнан ине шаншар жер қалдырмай, сеңдей соғылысқан, иін тірескен соншама қалың қазақтың ішінде арлы-берлі жүрудің өзі қиын еді. Камерамды алып, әкімшілік үйі жақтағы биіктеу баспалдақтарға шығып, төмендегі құжынаған жұртты естелікке алатын едім мен. Биіктен төменге көз салсаң, толқыған теңіз ғана елестейтін еді. Бұл шынында, теңіз еді. Қазақтың теңізі болатын. Қара қазақ мұнда теңіздей толқып тұрар еді. Бұған қоса менің жүрегім де асау теңіз толқындарындай тулап жататын. Тебіреніс пен толғаныста шек жоқ еді...

Көз ұшы түгілі, камераның көзі әзер жететін бұрыштарға дейін тынымсыз суретке алатын едім мен. Немересін, шөбересін ерткен әже мен ата, бала-шағасын шұбырта ерткен жап-жас жұптар, қолтықтасқан қыз бен жігіт менің камерамнан қағыс қалмайтын еді. Барша қазақты бар болмысымен, тұтас осы қалпымен жүрегіме сыйғызып алып кеткім келетін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 09:17:28

Асқақтата шырқалған әнмен қоса бебеулеген күйді тыңдай жүріп, иін тірескен жұрттың ішінен қыстырылыса, қинала жүріп жол ашып, алаңның ол шетінен бұл шетіне тынымсыз шапқылап жүрген, камераға түсіріп, суретке алып жүрген мені таң қалдырған, таңырқатқан жағдайды мен осы «Желтоқсан» мерекесінен тұңғыш рет байқаған болатынмын. Ол мұндағы қалың қауымның кіл қазақ екендігі еді. Мұнда, тек қана, жалғыз ғана, қазақ баласы жүретін еді. Қазақстан билігі сонау шаңырағы құлаған, келмеске кеткен Кеңес заманындағы үйреншікті дәстүрлері бойынша, мұнда 137 ұлт пен ұлыс бар дегенімен, тура осы желтоқсан мерекесінде, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесінде, мемлекеттің азаттық мерекесінде Қазақстанды мекендеген өзге атаның баласынан бірде-бір өкіл таба алмайтының қызық еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 09:26:57

«Мерекең де, тәуелсіздігің де бір өзіңе, менімен не қатысы бар» деген сықылды біздің биліктің аузынан тастамайтын отандастары. Камерама ала жүріп, аң-таң қалған мен ендігіде көз алдымдағы мынау ғажап құбылысқа баса назар аударған болатынмын. Анда-санда жылт еткен ақ нәсілді, қоңқақ тұмсықтыны көрсем, арадағы соншама жұртты қинала, тіле-жара отырып қасына шауып баратынмын ентігіп. Сөйтсем, сонымның өзі ағылшын ба, француз ба, әлдебіреу болып шыға келетін. “Әкәу, – деймін аң-таң болып өз-өзіме, мұнысы қалай?». Өзімді соншама таңырқатқан осы мәселенің жауабын мен кейіндеп барып жеріне жете түсінген едім. Бұл екіге айрылған, бір тұтастығы жоқ қазақ қоғамының нағыз ащы шындығы болатын. Құйт мойында, құйт мойындама, құйт қаншама жерінен жанталасып жасырып-жап, бәрібір мұнда қоғамдағы үлкен екі жіктің айқын көрінісі тұр еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 09:38:42

Қазақ мемлекеті, қазақ қоғамы дәл осы «Желтоқсан» мерекесінің өзінен-ақ, Алматыдағы күллі әлемге атағы жайылған, адамзат баласы тарихындағы ең қара түнек, ең зұлмат билікке осы арада ең соңғы әрі ең қатты соққысын берген, атақты «Желтоқсан» көтерілісі туылған қасиетті жер Алматыдағы Желтоқсан алаңында әрі мұнда тойланып, еске алынып жатқан «Желтоқсан» мерекесінің өзінде-ақ екіге айырылып тұр еді. Қазақ елінде екі қоғам жігі бар болатын. Бұлар қазақтар мен қазақ еместер қоғамы еді. Әрине, қазақтан басқа жүз шақты бұратана (шын мағынасында жүз шақты да емес қой! Бұл – билік сөзі!) мұнда біртұтас тұлға еді. Орыс айналасына шоғырланған, орысты өзек қылған осы тұлға – қазақты негіз қылған, қазақ айналасына шоғырланған өзге тұлғадан өзгеше болатұғын! Бірақ, саясаттың қажеті үшін бе, әлде үйреншікті сөздерін қайталаудан жалықпайтын тоты текті болғанынан ба, қазақ билігі аспанға әуелете ұшыратын ұлттар достығын бұл арадан байқай алмайтынсың. Әшейінде, Алматының көшесінде талтаңдап, алшаң басып, кең көшеге сыймай жүретін барлық көк көзді мұнда емге таба алмай қалатын едің. Көк көздермен қоса, өзгеде көкшіл көздер де құрып жоғалатын еді мұнда. Оған қоса, біз атын атап, түсін түстеп те бере алмайтын қалың қапсақалдылар мен ұзын тұмсықтылар, ирек тұмсықтылар, имек тұмсықтылар мұнда қарасын да көрсетпейтін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 10:09:32

Бұл сөзімді басқа бір қырынан бөлекше түсіндірмекке тырысып көруге болатын еді. Мүмкін, қазақтар тойшыл болар дейсіз ғой, қазақтың жастары еріккенінен, зеріккенінен, қыларға іс таппағанынан осындай дүрмекке ілескіш дейсің ғой. Ендеше, мұндағы ақ шылауышты аналар мен ақ сақалды аталарды қайда қоясыз? Немере-шөбересін ерте, бала-шағасымен шұбыра мұнда жүрген сан мыңдаған қазақтың бәрін думаншыл, сауықшыл дейміз бе? Демек, қазақтан басқасының барлығы қарбалас, жанталас жұрт...

Бұл ойымыздың қисынсыз екендігін кейінірек барып жаңағы «ортақ үйдегі» отандастарымыздың өздері дәлелдеп берді. Алматыда не көп, мереке көп еді. Ашық алаңға құрамалы құрама сахнаны орната сала, жердің өзін дірілдетіп жіберетін нән-нән үн зорайтқыларды іске қосып, ән салып, у да шу болып жататын Алматы қоғамы қызық еді. Осы қасиетті алаңның салауаты мен даңқына сай келмейтін кей жын-ойнақ «мерекелер» де мұнда тойлана беретін еді. Ал, осындай жын-ойнақ «мерекелердің» бірінде мақсатты түрде алаңға шыққаным бар болатын. Көрмек едім, білмек едім, арнайы Астанадан ат артып Алматыға жеткендегі бар мақсатым да осы болатын. Айтқаным айдай келді. Алаң толы қазақ еместерді көріп көңілім су сепкендей басылды. Өзім де осылай боларын сезген болатынмын. Тура солай болып шықты. Мұнда иін тірескен қалың көк көз, жасыл көз, ирек тұмсық, имек тұмсық жүрген болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 10:17:49

Аспан100 атты тораптастың ұсынысы бойынша, осы шығарманың жинақталған нұсқасы торапқа шығатын көрінеді. Аспан жүзге алғысымды айтамын, аспандай бер! Ақ әділ ниетіңізге Алла разы болсын! Қарлығаш пен Үйсіннің менің сойдақтамаларымның емлесін дұрыстамақ болғанына да разымын. Сосын бір ой туды маған. Менің торап бетінде шығарма жазуым да осы Қытай қазағының торап саласында, атсыз-атақсыз, үн-түнсіз қызмет көрсетіп келе жатқан, қалың жапакеш әрі ұлтжанды азаматтарға алғысымды айта отырып, маған қалам ат таңдасып берулерін сұраған болар едім. Себебі, менің де, осы шығармалардың да «туған жері» осы тораптар болатұғын....

Ендеше, шығарманың авторы ретінде «Жарқын хас-сақ» деген атты қойыңыздар. Ат соңында қосарланып сан жүрген қызық сезіледі екен. «Жарқын хас-Сақ» дәл қазірден бастап менің қалам атым болсын, қалай қарайсыздар? Әлде, мұнан да жақсы ат қойғыларыңыз келсе, өз ойларыңызды айтыңыздар. Себебі, мені осындай шығарма жазуға шабыттандырған осы Күлтегін, Сен-Қазақ, Бозбала, Парасат тораптары болатұғын. Демек, бұл жалғыз менің ғана шығармам емес, күллі тораптастар ортақ қатысқан, ортақ ой бөліскен ортақ шығарма болуға тиіс.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 10:49:05

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 10:52 да өзгерткен

Қазақты, қазақ халқын Қазақстандағы «ортақ үйдегі» «тағдыр қосқан туыстарымыз» ғана емес, күллі Кеңес боданындағы барша халық сыйлауға міндетті еді. Орыс тепкісіне түскен бұратана ұлттардың шапқыншы-қырғыншы орыстан көрмегені қалмаған-ды. Бұл қасірет орыспен бір ата-тектен тарап туысатын украиндарға да ортақ еді. Арғы бабаларының түркі тұқымы болуы бек мүмкін екендігін кей ғалымдарымыз анда-санда айтып қалатын осы украиндердің өзі өздерімен тіл-діл жағында соншама қабысып, қауышып тұратын орыстармен от пен судай еді. Орыс пен украин арасы қазақ пен қырғыздың, не қазақ пен татардың, қарақалпақтың, башқұрттың арасындай ғана еді. Тілдері де соншалық жақын болатын. Баяғыда ауылда атам біреуге ренжігенде, «ой, қақол» деуші еді, сөйтсем, сол қақолы осы украин екен ғой. «Хохол» екен онысы. Ат қойып айдар таққыш орыстың өзі бауырына өзі қосқан лақабы көрінеді. Сол украиндердің өзі сонау 1931-1933ж.ж. арасында екі жарым миллион украиннің қолдан жасалынған жасанды аштық, геноцид қастықта құрбан болғанын бұл күнде айдай әлемге ашып келе жатыр, ашынған айқайы айға жеткен украиндерге қарап басымызды бұтымызға қысып отырған бізге өзге жұрт күлетін де болар-ау. Украиндер екі жарым миллион қырылған сол қырғында, қазақ баласы төрт жарым миллион боздағынан айырылғанын біздің ресми және бейресми қазақ қоғамы осы күнге дейін тиісті деңгейінде айта алмай келе жатыр. Ал, осыншама нәубеттердің, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сан нәубеттің авторы болған Кеңес билігіне жалғыз ғана қазақ сықылды қайсар халық қана қасқайып қарсы шыға алған болатын. Сол батыр ұлттың бүгінгі қорқақ ұрпағына не сын тағарыңды біле алмай дағдарасың. Мүмкін, батырларымыз бен қайсарларымыз қырылып біткен болар, әлдебір ағаларымыз айтып жүргендей, шындығында, күллі адамзат баласы қазақ халқының Желтоқсанын тойлауға тиіс болатын. Адамзат баласына бұрын-соңды болмаған сан апаттың ала келген орыс билігі қазақ даласындағы 5000 реттен аса жасалынған атомдық сынақтары арқылы-ақ, адамзатқа қарсы фашистік билік екенін айдай әлемге ашқан болатын. Онан тыс, осы күнде, біртіндеп ашылып келе жатқан сан-алуан құпия химиялық-биалогиялық, биохимиялық сынақтардың ойраны мен зардабы қай замандарға дейін жалғасарын бір Алла ғана білер. Ал, олардан қазақ баласының денсаулығына келген жарақат пен ашық-жасырын жаралардың қаншалық екенін де алда болашақ көрсете жатар. Ойрандалған, быт-шыты шыққан қазақ даласының қалпына келуіне мыңдаған жыл керек екенін жапон ғалымдары айтқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 11:12:07

Қараңғы санаға сәуле жүгіртетін атақты «ұлтсыздану ұранында» Мұхаң Желтоқсан қырғынының басы мен аяғында қазақ халқының мүлде жалғыз қалғанын ашына жазған болатұғын. Біз ол заманда қазақ қоғамында емес едік, біз ол заманда Қытайдың батыс-терістігіндегі ешқандай қаритадан іздеп табылмайтын иен таудың қуысындағы иен ауылда бастауыш мектеп оқып жатқан болатынбыз. Әр дүйсенбі күні таң бозынан тұрып, оқу бастаудан бұрын, барша оқушы-оқытушы кішкене мектебіміздегі кішкентай алаңқайға жиналып, Қытай Халық Республикасының қазақшаға аударылған әнұранын айта отырып, аса бір салмақты қалыпқа еніп, қып-қызыл бесжұлдызды туға қабағымызды түйе тесіле қарап, ту шығару рәсімін өткізген шағымызда, біздің туыстарымыз Алматының Желтоқсан алаңында қанды қырғынға ұшырап жатқан екен...

Кейін белгілі болғанындай, екіге жіктелген қазақ қоғамының мәңгі бірікпес сызаты қоғамда кездесетін барша ірілі-уақты құбылыстардан бесенеден белгілі болып тұрады екен. Осы уақытқа дейін, мен Алматының өзінде кем дегенде, онға жуық рет желтоқсан мерекесін қарсы алдым. Себебі, кең-байтақ Қазақстанның қай бұрышында болсам да, осы мерекені тойлау үшін, арнайы түрде Алматыға ұшып-қонып жету менің бұлжымас міндетім сықылды болатын. Тек бір рет қана, жұмыс бабымен араб бірлескен әмірлігінің аса көркем Дубай қаласында шақырылған халықаралық жиналысқа қатынасқандығым себепті, аталмыш мерекені Дубай қаласында қарсы алған едім. Нөлден жоғары қырық градус ыстықта, арабтың қу медиан даласындағы жарқыраған жақұттай қалада қарсы алған бұл желтоқсаным маған қақаған қыстағы қайсар ұл-қыздардың сол замандағы шынайы бет-бейнесін елестете алмай-ақ қойған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 11:15:40

Сол кездегі менің Алматыны сағынған сағынышымды ойласам, өзім де аң-таң қалатын едім. Алматы қазақ үшін ерекше қала болатын. Атақты Алтынбек Қоразбаев ағамыз Шымкентке аз уақытқа барғанының өзінде Алматыны қатты аңсағанынан «Сағындым Алматымды» деп ән шығарады ғой. Осы ән Алматыны сағынған кез-келген жүректің үнін табатын еді. Тілмен бейнелеп бере алмайтын, ешкімге ешқашан еш себебін айта алмайтын мұндай сағыныш Алматыда аз уақыт болса да мекендеп тұрған барша қазақ баласына ортақ құбылыс болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 11:40:25

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 12:45 да өзгерткен

Алматыда өтетін осындай ашық мерекелік концерттердің бәріне ортақ құбылыстан «Желтоқсан» мерекесі де қағыс қалмайтын. Алматыны соншама ұзақ жыл билеген, кейіндеп тонна-тонна алтынмызды, қап-қап ақшамызды ұрлап Израильге қашып кеткен тегі еврей күйеу баламыз Храпунов заманында Алматыдағы «Желтоқсан» мерекесі бар мен жоқтың арасында ғана, өзге мерекелерден еш айырмасыз ғана тойланатын. Сахнадағы өнер жұлдыздарының да қатары сан алуан бола беретін. Салиқалы сахнаға шығуға жарамайтын кей есалаңдар да мұнда қазақ қаласының қақ төріндегі сахнада жын-ойнағын салып кете беретін. Мерекені мереке қылып, қазақтың айбарын асырып тұратыны төмендегі қалың қазақ қана болатын. Кейін Иманғали әкім болған заманда барып мерекенің сәні кіре бастады. Алматыдағы жұрт сонда ғана кімнің кім екенін, «өз өлтірмес, жат жарылқамас» екенін байқағандай болды. Храпунов заманында күндізгі ойын-сауық салмақты болғанымен, кешке қарай жастардың жын-ойнағына ойысатын. Сахнаға шыққан әлдебір орыс тілді негрдің «Алматылықтар, мерекелерің құтты болсын, ой, ой, қандай мереке еді, есіме келмей тұрғаны, жә, қойшы, не мереке болса бола берсін, әйтеу, мерекелерің құтты болсын» деп ентіге-есіре, құтырына «құттықтағанын» ойласам, осы қылықтардың барлығы мақсатты түрде жасалынғандай сезілетін еді маған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 13:05:31

Қазақтың қасиетті даласында, қазақтың қара шаңырағында, орыстық қара түнекті қазақтық ақ сәулемен қақ айырған қасиетті желтоқсанда, қайдағы-жайдағы жарместерді алыстан шақырып, төрімізге шақырып, албаты оттатқанымыз-елдігімізге сын болатұғын. Бізден өңге жұрт болса, жаңағы қара зеңгінің әншісымағын сол заматта-ақ апаратын жеріне апарып салар еді. Сахнадан жұлқа түсірмесе де, быт-шытын шығарып сындап, қазақ еліне екінші баспас қылар еді. Тоңқаңдатып кешірімін сұратып, қоғын шығартар еді. Біз олай етпедік. Біз кең халықпыз ғой. Етіміз ондайға үйреніп те кеткен. Бізге жөбішеңкі анау-мынаулар әсер қыла қоймайды. Жүйкемізден өтіп, жұлынымызды тесіп, етімізді тіліп, сүйегімізге жетпейінше, біз қозғала қоймаймыз. Құлдық заманнан қалған, сананы улап, тұтас тұла бойға жайылған аурудың ең үлкені, сырқаттың ең жаманы да осы болатын. Батпандап кіргенімен де, мысқалдап шығатын сырқат қасиеті бойынша, бұл дерттерімізден қашан арыларымызды бір Құдай ғана білер. Атын да ел білмейтін қай-жайдағы негрдің топас миынан шыққан тоғышар сөзді қойсайшы, орыстың атақты әншісі, албастының апасындай жаста балғанымен, ару қызша жасануға құмар кәрі қақпас, ойнастары мен жын-ойнақтарын мақтанышпен күллі қоғамға жария қылатын, бір өзі мың сан мәрте некеленген, неке кітапшасына қол қоюға бос орын да қалмағанын қарқылдай күліп, масаттанып, телеарнада берген сұхбатында мақтанышпен ауызға алатын, баласынан да жас Филипп Киркоровпен үйленіп тыныш тапқан оңбаған ойнасшы қатын Пугачеваның өзі Алматының қақ төріндегі Республика сарайында берген бір концертінде, «Қазақтар, қойсыңдар, малсыңдар, шапалақ қайда?» дегенінің өзі сол оңбағанның концертін қазақтың көше толы қайыршысына қимайтын жүздеген долларын шығындай отырып, сілекейі аға тамашалап, құл болып тамсанып, таңырқап отырған қалың орыс тілді қазақтарға берілген жақсы сыбаға дер едім мен. Құлдарына қожасының берген бағасы сол болыпты. Қазақты өз жерінде, өз елінде қорлап кеткен астам елдің асқынған ауру ойлы, сырқат саналы әншісінің сыйы осы болған екен. Құл қашан да құл ғой. Ел ретінде бұған да үнсіз көне бердік. Тым құрығанда, дипломатиялық наразылық танытып, иттің қызын мемлекеттен қуып шыққанға да жарамадық. Құлдық қошеметімізді аямай көрсетіп, соның өзінде Қазақстанға қайта-қайта шақыртып әлек болып жатқанымыз жатқан...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 13:47:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 13:49 да өзгерткен

Алматыдан туған бұл ойларды айтпасақ, тарих алдында кінәлі болған болар ек. Алматыда болған кез-келген сырт елдің қазағы мұндағы қоғамдық жарылысты, әлеуметтік жіктелуді айқын аңғара алар еді, әрине, санасы болса ғой. Санасыздар мен мәңгүрттер қаптаған мына заманда ақылды сөзіңді қайда, кімге айтарыңды білмей сансырап қалатының бар. Шетелде қазақ болып жүру-мақтаныш. Бұл шұбасыз шындық. Бірақ, Қазақстанда қазақ болып жүру-қасірет. Мұнда сап-сау оралған зиялы, ұлт жанды оралманның жүрек ауру болмайтыны жоқ. Әрине, осы жерде туып-өскен ұлтын сүйетін барша оғландар мұнда тұтас сырқат жүректі еді. Себебі, жүрегіңе маза жоқ болатын. Қорланған, құлданған ұлт рухын көре отырып жай қарап қалудың өзі қылмыс еді. Ұлт намысының табанға таптала беретіні қоғамның барлық саласында қалыпты үрдіске айналғанын көре-біле отырып қалайша шыбын жаныңыз шырқырамасын?! Пугачеваны елемей-ақ қоюға болады ғой. Ол бір жүрген жармес жынды. Бірақ, Алматының өзінде туып-өскенімен, су ішкен құдығына түкіріп, ас ішкен аяғына сарып кеткен иттен жаралған Жириновский сықылды зәндемілердің қылығын ойласаң, ары қарай сөйлеуге сөз таппай қаларың шындық. Ашық, әшкере дұшпандық деген осы болар-ау. «Етектен кесіп жең болмас, ежелгі дұспан ел болмас» деген осы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 14:44:01

Бұл Жириновский деген қарғылы төбетті үргізіп отырған орыстың әсіре ұлтшыл, әсіре нәсілшіл басшылары еді. Ашығын айтқанда, Ресейге Путин келуден бұрын мұның көрген күні белгілі болатын. Бірақ, өзімен бірге президенттік сайлауға қатысып, жалпы халықтың 7 пайыз қолын жинай алған қарғылы төбетті Путиннің шебер пайдаланатыны сонша, оның шынжыр бауын ұзартып, шыжымын жазып, жайлы жая, қазы-қарта беріп бағып, асырап отыр. Мақсаты – қажет кезінде орта Азияға, әсіресе, Қазақстанға қаратып үргізтіп отыру ғана. Жалпы сайлауда 7 пайыз қол жинай алуының өзінен-ақ, осы әсіре фашистік, әсіре ұлтшылдық, әсіре нәсілшілдік ұстанымдағы осызаман орыс Хитлерінің артында ормандай ұйысып отырған қалың қанқорды көруге болатын еді. Путин үшін алғанда, Алматыда туып-өскен, қазақтың қыры мен сырын бес саусағындай білетін, қазақ десе төбе шашы тік тұратын мұндай қаныпезерді мәнсаппен, жоғары мәртебемен асырап-бағып отырудың үлкен мәні мен мағынасы бар болатын. Қазақ жұртында осы күнге дейін отырған 30 пайызға жуық орыс текті немесе орысқа бейім өзге текті атаның ұрпақтарына Жириновский ауызы арқылы арам мақсаттарын құйып отыру ғана болатын. Түптің түбіндегі мақсаты – қазақ жерін қайтадан жаулап, қазақ елін қайтадан құлдану ғана болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 14:45:17

«Қазақ деген ел болмаған, жабайыларда қайдағы мемлекет болсын, қазақтардың тілі де жойылған, менің Алматыдағы кезімде, өз тілінде сөйлейтін қазақ көрген емеспін» деген фашистік, нәсілшілдік үндеулері арқылы орыс қоғамындағы әсіре ұлтшыл ұстанымдағы, әрі өздері жасаған қазіргі орыс қоғамына наразы, өмірден өз орындарын таба алмаған, баяғыдағы Кеңестік замандағы келмеске кеткен күндерін аңсайтын бір топтың, ашығын айтқанда, бір тобырдың көсеміне айналып шыға келген әккі саясаткер ұлтаралық араздықтар тудыру арқылы өзіне ұпай жинаудың керемет тәсілдерін меңгерген болатын. «Әпекеме жездем сай, сасыған етке борсыған май» ғой. Путин үшін алғанда, орыс қоғамындағы былық-шылықтардан туындаған кедейлік пен парақорлық, жемқорлыққа қарсы халық наразылығының жебе ұшын осылайша өзге бағытқа аударып жіберу, осы арқылы өзге елдердегі орыс ұлтшылдығын қоздырып, қоғамда тынышсыздық тудыру, сол арқылы баяғыдағы Кеңес қамыты елдерінің қорқақ басшыларын өз дәргейі алдында құрақ ұштыру, т.б мақсаттар жатқан болатын мұның арғы астарында.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 24 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)