Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 08:21:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-27 08:43 да өзгерткен

Өзің үшін ғана өмір сүрсең, өзі үшін оттаған хайуансың. Бұл ұлы Абайдың айтқан сөзі болатұғын. Мына заманда туылған әр қазақтың басында бұлтартпас бір ғана борыш бар болатын. Ол қазақ болып өмір сүру әрі қазақ үшін өмір сүру болатын. Менің назарымда, адамзат екі түрлі болады. Бірі – жеке басының мүддесі немесе қарынның қамы үшін жүретін, сол үшін ғана өмір сүретін адам баласы да, енді бірі – мәлім бір өскелең мақсат үшін өмір сүретін адамзат. Алғашқысы хайуани деңгейден адами деңгейге көтеріле алмаған бейбақ та, соңғысы ғана нағыз адам еді!

Алла тағала бізді, жындарды өзіне құлшылық үшін ғана жаратты. Алла бізді ұлттар мен ұлыстарға бөлді. Жер бетіне сынақ үшін түсірілген адам баласы ықылым заманнан бері сан ғасырлық қырғындар мен сойқандарды басынан кешті. Мейлі патша болсын, мейлі құл болсын, біздің баратын жеріміз біреу ғана, ол – Алланың дәргейі. Алла бізге тағы да мынаны міндеттейді, мұсылман үшін отан қорғау – парыз! Тағдырымыздың өз ниетімізге сай екенін мойындасақ, тағдырға иман келтірсек, онда нағыз иманы кәміл мұсылман болған болар едік. Демек, тағдырға сенген мұсылман ештемеден қорықпас еді. Мұсылманның бір қасиеті иман келтіріп, Аллаға ғана тәуекел ету еді. Себебі, барша құбылыс пен барша тірліктің себебі бізден, нәтижесі тек Алладан ғана еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 08:39:58

Өз анасын сүйгені үшін ешкім де кінәлі болмайды. Бұл талассыз ақиқат. Ең сорақы зорекердің өзі бала мен ана ортасындағы мейірім мен махаббат үшін біреуді күстәналай алмайды. Егер біреу өзге біреуге өз анасын сүймей, өзге ананы ғана сүюді ырықты не ырықсыз жағдайда міндеттесе, онда бұл адамзаттың болмысына қарсы шыққаны болар еді. Бұл адам табиғатына қарсы болатын. Хайуан екеш хайуанның өзі туыла сала өз анасын іздейді. Бұл құдіреті күшті Алла Тағаланың хайуан екеш хайуанға да берген түйсігі еді. Екі аяқтап жүргендердің барлығы адам бола бермейді. Адами тәнге ие болғанымен, адами рух берілмегендер нағыз бейбақ, сорлылар саналуға тиіс. Өз анасын сүйе алмағандар, өз анасына мейірімі мен махаббатын бере алмағандар нағыз сорлылар болатын. Ал, мұндай сүюді өз анасына бере алмау емес, бергісі келмейтіндер болса, ол, шын мағынасында, хайуаннан да күні төмен нағыз құбыжық жаралмыш болған болар еді. Қысқасы, олар адам санатына жатпауға тиіс!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 08:55:24

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-27 08:57 да өзгерткен

Қазақ еліндегі менің қуанышқа толы күндерім осылай басталған болатын. Алматының әр көшесі, әр талы, әр терегі маған ыстық сезілетін еді. Желтоқсан алаңына барған әр сәтімде, мені ауыр ойлар меңдейтін еді. Мен осында қайтыс болған, орыс тепкісінен қыршынынан қиылған барша боздақтарды үнсіз еске алып, Алла тағаладан оларға жақсылық пен мейірім тілеп, ішімнен Құран оқитынмын. Желтоқсан алаңы мен үшін қасиетті жер болатын. Онда жай жүрген, онда серуендеп жүрген, ондағы дербестік ескерткішіне гүл шоқтарын қойғалы келген үйленген жас жұптардың риясыз қуанышқа толы күлкілері маған қуаныш сыйлайтын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 09:21:41

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-27 09:23 да өзгерткен

Желтоқсан алаңы туралы сөз қозғасам, маған мың сан ой келетіні шын. Баяғыда осы алаңда серуендеп, әр нені суретке алып жүрген ағылшынның жас тілші қызына осы алаңда болған қазақ жастарының орыс өктемдігіне қарсы қырғынын түсіндіргенім бар болатұғын. Ол сан ой буып сансырап булыққан менің осы алаңға келіп рухани тыныштық тауып жүрген бір сәтім болатын. Өкініштісі, біздің ұлтымызды азаттыққа алып шыққан, қаһарынан күллі адам баласы қалтыраған Кеңес билігін құлатушы осы көтерілістің ескерткіш тақтасы көрген адамның қарынын ашыратын еді. Табақтай ғана сарғыш қоңыр тас тақтайшаға ойылып жазылған ұсақ жазуларды оқымағаныңыз дұрыс еді, себебі, оны оқыған есті адамның өзі есалаң болып қалатұғын. Мұның өзін бейне біреуден ұялғандай немесе қорыққандай немесе біреуден әдейі жасырғандай қылып, шеттеу тұрған сұрықсыз сауда компаниясының құрылыс үйінің бір жақ бұрышына, жапырақтар қалқалап тұратын жерге іліп қойғанымыз қызық еді! Түн түгілі күндіздің өзінде әзер табылатын бұл тақтайшаны білмеген адам әлдебір марқұмға арналған ескерткіш тақтайша деп білер еді. Себебі, Алматыда ондай тақтайшаны тарихи үйлердің көбінен табуға болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 08:45:33

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-28 08:59 да өзгерткен

Алматыдағы «Республика алаңын» мен өз бетімше «Желтоқсан алаңы» атайтын едім. Көп елдерде «Тәуелсіздік алаңы» деген бар, Қытайда – Тян-Анмын, орыста – Қызыл алаң. Біз желтоқсан көтерілісін дұрыс бағаламай отырғанымыз сықылды, қазақ қоғамындағы желтоқсанды еске салатын, желтоқсанның иісі шығатын барша нәрседен үркетін, орағытып өтіп кететін, қашатын, бір ғажап жұрт едік. Желтоқсанды ұмытып кеткіміз келетін еді. Бүгін мұнда қазақ ұлтына ғана емес, барша бодан ұлттарға азаттық таңының атуына бірінші және ең төте, ең күшті әсер еткен “Желтоқсан” көтерілісін «ұмыту үшін еске алып отырмыз».

«Желтоқсан» шындығының қазіргі заманда ашылмасы бала-шағаға дейін түсінікті жағдай еді.

Қазақтың барша ұлт жанашыры зиялыларына айдай айқын ащы шындықтарды мұнда тізбелеп отырмаймыз. Бұл әбден таптауырын болған тақырып еді. Бізден өзге де тілі мен жағы бар ұлт зиялылары мұны жеріне жете айтқан болатын да. Бейне, Лушүн қаламындағы «ұлт жанашырларының бірі» «төңкеріс жасауға үстем таптардан рұхсат ала алмағаны үшін» төңкеріс жасамағаны сықылды, қазіргі қазақ зиялылары да 20 жылдан бері «Желтоқсан шындығын» ашуды, кезінде Кеңес заманында сол желтоқсаншыларды аямай қырған, қызыл қырғынға батырған, өлімге үкім еткен, екі білегі қазақтың қызыл қанына малынғандардан сұрап келе жатыр еді! Бұл мүмкін бе екен?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 09:06:52

2001 жылы Астанаға барған кезімде, Астананың қақ төрінде тұрған сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткішін көрген болатынмын. Мұны орысшада «Алжир» деп атаған екен, әрине, бұл Африкадағы Алжирмен қатыссыз еді. Соңғы барғанымда осы ескерткіштің өзі ізім-қайым жоқ болып тыныпты. Мүмкін, тағы да біреулердің көңіліне келген сықылды. Кейде осы ойлаймын, бізден өткен «ақкөңіл, жұмсақ мінезді» жұрт бар ма екен, осы - деп. Орыстың көңілі қашан да нәзік, үнемі бір атым насыбайға бола қала беретін орыс көңілін табуды мұрат еткен қазақ қоғамының қайда бара жатқанын түсінбей басың қатады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 11:23:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-28 14:31 да өзгерткен

Мен қаншама жылдан бері Алматыда жасап келемін. Алматының мен білмейтін көшесі, мен баспаған тауы-тасы қалған жоқ. Қазақ қалаларының барлығында қазақтың қанды тарихының іздері жатыр. Атақты Нығымет Мыңжанидің өзі осы Алматыдағы Желтоқсан алаңына өте жақын маңда, тіпті алаңының терістік аузында бұл пәни өмірдегі соңғы тынысын алды дейді білетіндер. Мүмкін, ұлт тарихын зерттеген ұлтжанды мархұмға осы алаңдағы ұлт ұландарының қасіретті тарихы ауыр әсер еткен болар, жүрегі ауырған болар деп ойлаймын. Себебі, бұл алаңға сансыз мәрте келген менің жүрегім сыздамай қайтқан бірде-бір кезі болған еместұғын. Бұл азаттық жолында аянбай күрескен ержүрек қазақ рухының ең аспандаған ескерткіш жері болатын. Бұл ғасырлардан-ғасырларға созылған еркіндік аңсаған қазақ күресінің ең шырқау шегі болатын. Бұл жер бүкіл қазақ баласы ғана емес, орыс тепкісін көрген барша бұратана жұрттың қастерлеп, қадірлеп бас иуге тиісті жері болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 15:01:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-28 15:02 да өзгерткен

Алматыда мен куә болған тарихи оқиғалардың тізбегі аз еместұғын. Өсіп, өніп, өркендеп келе жатқан қазақ рухының куәсі болғанымды мақтаныш сезінетінмін. Менің ең ұнататын мезгілім де әр жылғы желтоқсан айының 16-күні еді. Осы күннің ар жақ бер жағында қазақ рухы қатты серпілетін. Мұны әрбір қарапайым қазақтың көзінен оқитын едім мен. Билік жағы 16 желтоқсанды тәуелсіздік күні деп бекіткенімен, желтоқсанды барынша елеусіз қалдыруға тырысатын. Алматы-Астана көшелерінде дербес, егемен қазақ елін дербестік мерекесімен құттықтағанның орнына осы мерекеден кейін тұп-тура жарты айдан кейін барып келетін жаңа жыл мерекесімен құттықтай бастайтын мерекелік белгілер, әлем-жәлем шарлар мен әшекейлер, керме тулар, құттықтау сөздері жазылған тақтайшалар қаптап шыға келетін. Орысша-қазақша жазылған «С новым годом! Жаңа жылыңызбен!» деп тұрған әрбір құттықтауларды көрген сайын менің жүрегім ызадан жарыларман болатұғын. Мақсатты түрде барынша елеусіз қалдырылып келе жатқан желтоқсан кезінде, Алматы-Астана көшелерінде қарапайым киінген сақшылар мен үш әріптілер қаптап жүретін. Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті және қазақтың Қаныш Сәтпаев атындағы ұлттық технологиялық университеттерінен бастап, қазақтың Ауыл-шаруашылық университеті, қазақтың Спорт және туризм акедемиясы, қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консервоториясы, қазақтың Аспандияров атындағы ұлттық медициналық университеті, Құрылыс акедемиясы, Жүргенов атындағы өнер академиясы, қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері институты, қазақтың Тынышбаев атындағы мемлекеттің жол және коммуникация академиясы, кімнің атын беруді біле алмай отырған (мүмкін Сара Алпысқызы Назарбаева апамызға арнайы түрде сары майдай сақталып отырған болар) қазақтың Мемлекеттік қыздар институты, Қайнар университеті, Қонаев университеті сықылды қазақ еліндегі барша ірі оқу ошақтарының барлығында сақтық шаралары барынша қатаңдап, үш әріптілер мен бұқараша киінген іш-бүйендер өріп шыға келетін. Көше толы сақшыға қараған адам-ақ мұнда аса бір қауіпты жағдайды сезетін еді. Сол күндерде ауаның өзі ауырлап кеткендеy сезілетін маған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 15:29:49

Бірақ билік жағы үрейлене, халық жағы үміттене күткен оқыс оқиға осы уақытқа дейін туылған жоқ. Туылмай-ақ қойсын да. Ел аман, жұрт тыныш болғанға не жетсін?! Кеңес үкіметінің қаншалықты құдіретті болғанын білетін адам сол құдіретті, қаһарлы, қанқор Кеңес үкіметінің шаңырағын шайқалтқан атақты желтоқсаннан үрейленбей қайтсін? Кеңес Одағы сол замандағы ең үлкен абақты болатұғын. Бұл ғаламда онымен белдесе алатын жалғыз ғана елдің өзі Америка ғана еді. Күллі адамзат қоғамын қас-қабағына қаратып қойған екі супер державаның ең сүркейлісіне, ең рақымсызына, ең қорқыныштысына, ең құдайсызына, ең қорқауына қорықпастан қасқая қарсы шыққан қазақ жастарының желтоқсанда «мұзға жаққан алауы» бұл күнде өзін қазақ сезінетін барша азаматтың жүрегінде лаулап тұрғаны талассыз ақиқат болатұғын. Бұл алауды Кеңес Одағы өшіре алмағанда, жер бетінде оны өшіре алатын екінші бір күш шықпас еді. Кеңес билігінің өзіне қарсы шапқан қазақты құлданбақ болған барша арам ниет іске аспайтын еді. Сабыры теңіздей терең болса да, намысы таудай қазақ рухы құлдыққа көнбес еді. Сол үшін де көктей орылып, сан замандардан бері қырғын көріп келе жатқан тамыры тереңдегі өршіл ұлт осы күнде не бары 15 миллионның ар жақ-бер жағында ғана еді. Құл болғаннан құрығанды артық көретін ата-баба талғамы осының айғағы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-28 15:44:29

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-28 16:05 да өзгерткен

Әр жолғы «Желтоқсан» мерекесі қарсаңында мен қатты әбігерге түсетін едім. Ол күндерде менің қолфоным қашанда жабық болатын. Ешкімнің мені мазалауына, ойымды бөлуіне рұхсат жоқ еді. Маған бұл аса үлкен бір ескерткіш күн еді. Көк базар мен Саяхат (жолаушылар бекеті) арасындағы Орталық көк мешітте намазымды оқып болғасын, жұдырықтай ғана епшіл бейнеалғы-камерамды (摄像机) қолыма алып, бауырсақтай фотоаппаратымды қалтама салып, өз-өзімнен қарбаластанып кететін едім. Мен қазақ қоғамындағы өзгерістерді, әрбір бейтаныс қазақтың өмірін, Алматының барша құпия-ашық өмірін сыртынан бақылаушы, қадағалаушы, естелікке алушы сияқты сезінетінмін өзімді. Осы барыста бір таңғажайып құбылыспен, бір емес, бірнеше рет, ашығын айтқанда, он жылдан аса уақыттан бері бетпе-бет келгенімді, тірі куәсі болғанымды айтқым келеді оқырманыма. Бұл шындығында, кез-келген адамды ойға салатын таңғажайып құбылыс болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-1 14:36:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-1 15:19 да өзгерткен

Ассалаумағалейкум рахматулла уа баракату, барша жамағат!

Құрметті «Сен-Қазақ» сайтының барша оқырмандары әрі асабалар ұжымы:

Сөзімді аса рақымды және ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын...

Мен «Сен-Қазаққа» разымын. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Асаңға да еш өкпе-ренішім жоқ. Оқыған-тоқыған қазақ баласының береке-бірлігін көріп отырмын мен осы сайттан. Мені осы сайтқа алып келуші Қарлы (ғаламтор пайдаланушының аты) мырза еді. Қарлыға айтар алғысым шексіз. Қарлыдан соң Қарлығаш қарындасыма да шексіз алғысымды айтамын. Өшірілуден аз бұрын ғана өзімде түпнұсқасы сақталынбаған осы шығармамның толығын word-қа, PDF-ке көшіріп, дайындасып берген, славяншаға қотарысып берген барша ыстық жүректі оқырмандарыма алғысымды айтамын. Мен осы шығармамды жазу барысында сайтқа төте жазып отырып, онда лебіз қалдырған, маған ақыл-кеңес берген, ойларымен бөліскен, шабыттандырған, сыни пікірлер берген барша оқырманға алғысымды айтамын. «Мәскеу сапары» шын мағынасында Сен-Қазақ және Күлтегін тораптарындағы барша оқырманның ортақ жемісі, ортақ еңбегі еді. Менің Қытай қазағының торап өміріндегі өмірім осылай басталғанына өзім де аң-таң болып отырмын. Мен ең алдымен, осы сайттарды жасаған, оның ыстығы мен суығына көніп, ауырын көтерген, ащысын жұтқан барша азаматтарға, асабаларға, Боғда сықылды, Асқар сықылды ерен еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды айтамын! Алла сендерге разы болсын! Екі дүниенің қызығын көріңдер!

Сайт ашу-мектеп, медресе ашқанмен бірдей сауапты жұмыс еді. Бұл мұсылман баласы армандайтын, аңсайтын аса үлкен сауапты тірлік еді. Жамағатқа білім берген, мектеп ашқан ғұламаның дәрежесі ол дүниеде Алланың алдында дін үшін қан кешіп жан берген шәһидтен жоғары болмақ-дүр. Біздің азаматтарымыз өздерінің жапалы һәм машақатты еңбектері арқылы екі жүз түмен қазақтың рухани бостығын толтырып отырғандығын көріп менің оларға алғыстан басқа айтарым жоқ еді. Шаршамаңыздар, жігіттер! Қазақ үшін, ел үшін, Ұлт мұраты үшін, мәңгіге алға! Алла сіздерге жар болғай!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-1 15:16:44

Енді рұхсат болса, шығармамды жалғастыра берейін.

Оқырмандарымның Ақсаңның жеке басына шабуыл жасамауын өтінген болар едім. «Әр қазақ менің жалғызым» деген ғой. Ортамызға келіп ордалы ойларымен бөліскені дұрыс еді. Ол да қазақтың талапты, талантты азаматтарының бірі және бірегейі. Бір-бірімізге кешірімді болайық, кез-келген жағдайда да.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 08:10:00

Алматыда екі алаң бар. Ауыз тілі бірін – ескі алаң, бірін – жаңа алаң деп атаған. Шынтуайтында, жаңа алаңы – осы біз айтқан желтоқсан алаңы. Қазақтың қайсар ұл-қыздарының қаны төгілген алаң болатын. Күстабан қараша «Жаңа алаң» деп, билік жағы «Республика алаңы» деп, ұлтшылдар мен ұлт жанкүйерлері «Желтоқсан алаңы» атаған бұл алаңның бір өзінің басында үш атау тұрғанынан-ақ Қазақстан қоғамындағы ала-құлалықты байқай қоюға болатын еді. Қазіргі Қазақстан қоғамы жік-жік, топ-топ болатын. Қазақ тілді және орыс тілді болып екі айырылған қазақ қауымының басын тұтас ұлт мүддесінде біріктіре алу қиын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 08:20:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 08:26 да өзгерткен

Тілі бөлек қауымның ділі де басқаша болары ақиқат екенін қазақ қоғамы күн санап дәлелдеп келе жатыр. Желтоқсан мерекесінде алаңды толтырған соншама қазақ баласын ең алғаш рет көрген менің көзіме лық жас толған еді. Мұншама көп қазақты, мұншама көп туысымды, мұнша көп бір туғанымды көргенде, елжіреген жүрегім өзіме ерік бермей кеткен еді. Әрбір қазақ баласын ыстық құшағыма басып, бетінен сүйгім келетін еді. Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан бастау алып, Фурманов көшесіне дейін созылып жататын осы әдемі алаңның аумағы да аса үлкен еді. Фурмановтан ары созыла ауылшаруашылық университетінің арт жағынан бастап Достыққа дейінгі аралықтағы кең жолда құжынаған қазақ баласы сапырылысып келе жататын еді. Желтоқсан көшесінен ары Наурызбай батыр көшесі, онан ары қазақтың Сәтбаев ұлттық технологиялық университеті алдынан Ахмет Байтұрсын көшесіне дейінгі көшеде сеңдей соғылысықан қазақ баласы келе жататын еді. Кәрісі бар, жасы бар, ер-әйелі араласқан, бала-шаға шұбырған осыншама көп қазақты көріп, шеттен барған қазақ менің тебіренбей тұруым мүмкін емес еді. Бұған еш себеп жоқ болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 08:36:42

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-2 08:37 да өзгерткен

Алматы қаласының әкімшілік үйінің алдындағы алаңқайда да құжынаған жұрт болатын. Әкімшілік үйі алдындағы баспалдақтардың өзі арасындағы алаңқайларымен есептегенде әжептәуір ұзын еді, оған алаң қосылатын. Ұзыннан ұзаққа созылған алаңда айбатты, биік, кең сахна орналасатын еді. Мен, әрине, таң бозынан алаңда пайда болатын едім...

Ту баста мұнда талтаң-талтаң еткен қазақтың сақшы формасын киген жігіттері жүретін. Қолдарында, иықтарында өзара сөйлесетін рациялары бар. Ауық-ауық бір-бірімен сөйлесіп, албарынды болып шапқылап жүрген қазақ жігіттері маған ауылдағы той қарсаңында мұрнына су жетпей жүгіріп жүретін пысық ағаларым мен көкелерімді елестетін еді. Сосын сахнаның оны-мұнысын реттеп жүрген жігіттер мен қыздар қарбаластанып шауып жүретін. Бұл шынында үлкен той сықылды еді. Дүбірлі, думанды үлкен тойға дайындық осылай жүріп жататын. Ауылдағы тойдан айырмасы - бұл қазақтың үкіметтік сипатындағы тойы еді. Мұнан да қою түс алатыны, бұл қазақ халқының өзінің батыр ұл-қыздарын еске алу тойы еді. Еркіндігін, егемендігін, тәуелсіздігін қуаныш еткен той еді...

Тойқұмар қазақ үшін бұл да ең үлкен той болатұғын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-2 08:48:27

Бір заманда жаңағы үлкен сахнада концерт басталатын. Қазақтың маңдайына ғана жазған небір майталмандар мұнда өнер көрсететін. Бала күннен тек қана телеарналадан ғана тамашалай алатын қазақтың небір ұлы тұлғасы мұнда көз көрім жерде ғана тұрып, алаңдағы иін тірескен қазақ баласына қазақ тілінде құттықтаулар айтып, қазақша өлең оқып, қазақша ән айтатын еді. Арасында қыстырылып, қазақтың тепсе кетпес темір бағы болған орысша да жүргенімен, бұл менің қуанышымды баса алмайтын еді. Себебі, мен орысша білмейтін едім онда. Маған оның не деп, не қойып жатқаны түсініксіз еді. Менің құлағыма майдай жағатыны, тыңдаған сайын тыңдағым келетіні өз ана тілім қазақша ғана болатын. Мен үшін алғанда, жер бетінде қазақ тіліндей әуезді, қазақ тіліндей ұйқасты, қазақ тіліндей бай, құнарлы тіл болмаса керек. Қазақтың өңіндей жылы өңді халық та болмаса керек. Қазақ тілінде айтылған әр әуенді, әр әнді құштарлана тыңдайтын едім мен.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)