Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 01:36:11

Орыстың бодандығынан құтылған барша бұратана халық қазақ халқына мәңгілік қарыздар еді. Орыстың қатал билігіне сонау Ақ патша заманынан бастап, қызыл орыс билеген заманға дейін, ешбір дамылсыз, ешбір тоқтаусыз қарсы шаба алған, қарсы көтеріле алған жалғыз ел осы қазақ халқы болатын. Сан боздағынан сан мәрте айырылса да, сан мәрте қынадай қырылса да, сансыз жұрт елін-жұртын тастап босып кетсе де, бұл қазақтың орысқа қарсылығы ешқашан тоқтамаған болатын. Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған тұсының өзінде, қазақтың барша азаматы ұлт мүддесі үшін күресін тастамаған болатын. Алматыда туылған 1986 жылғы «Желтоқсан» көтерілісі тұсында да, қазақтың барлық қаласында, қазақ жасаған барлық үлкенді-кішілі елдімекендерде орыс езгісіне қарсы көтерілулермен толқулар толастамаған болатын. Соның тірі айғақтары бұл күнде Алматыда жүрген әрбір қара қазақ баласы еді. Мен мұндағы әрбір қазақ баласына аса бір жылы мейіріммен қарайтын едім, олар менің бір туған туысым болатын. Мен өзім танымаған әрбір қазақтың баласын бейне өз туған бауырымдай, туған ағамдай көретін едім, себебі, тура осы қарапайым қазақтар, тура осы қайсар қазақтар, ақ орыс пен қызыл орыстың езгісіне қасқая қарсы шауып, ең соңында оларды жеңушілер болатұғын! Олар өз топырағында өзгенің езгісінен құтылып, мемлекет құрып отырған қайсар қазақтар болатұғын! Олар осы қасиетті мекенді сақтап тұрушылар болатұғын! Олар ата-бабаның ғасырлардан бергі аманатын орындаушылар болатұғын! Мен олардың әрбіріне аса үлкен құрметпен қарайтынын. Мейлі, ол маған орысша сөйлесін, мейлі, ол маған басқаша қарасын, ол менің бір туған, бір ата-бір анадан туған қазағым болатұғын! Мен оларды сүйетін едім! Мәңгіге!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 01:47:01

Себебі, әр қазақ менің жалғызым еді! Әр қара қазақ менің көзімнің қарасы мен ағы еді. Менің оларды сүюім, менің оларды жанымдай жақсы көруім еш себепті қажетсінбейтін еді. Себебі, мейлі қазақша сөйлесін, мейлі, орысша сөйлесін, ол менің қалың елім-қазағым болатұғын! Өз топырағында орыстың ғана емес, орыс айдап салған барша бұралқының тепкісін көрген, қақпайын көрген, өз жұртында өзі өгей баладан арман сор кешкен менің қазағымды ешкімнің де кінәлауға, күстәналауға құқы жоқ еді. Егер, қара жерге тіл бітсе, қазақтың қайсар ұлдарының қасіретке толы тарихын айтқан болар еді. Себебі, мұндай қасіретті тарих, мұндай қырғындар мен қанауларға, қорлық-зорлыққа толы тарих күллі адамзат баласының басында аса сирек кезігетін еді. Себебі, орыс патшасы барша түркі жұртын бағындырғанда, ең асау да, ең қауіптісі осы қазақ болған болатын. Сол үшін де, қазақтың тұқымын тұздай құрту саясаты сонау Ақ патша заманынан бастап, онан кейінгі Ақ патшаның отар билігін жалғастырған қызыл Кеңестің тұсында да еш толастамаған болатын. Керісінше, мың сан амалмен, мың сан сұмдықпен толығып, молығып отырған болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 02:11:05

Еркіндікті, егемендікті қазақ құсап аңсап, қазақ құсап күрескен халық жер бетінде жоқ болар-ау. Қазақ тарихы-қанмен жазылған, қанмен суарылған тарих еді. Алтын Орданың боданы болған, қазақ хандарының аяғын сүйіп барып бодандық салықтарын төлеуге рұхсат алатын есіктегі сорлы құл орыстардың Алтын Орда күйрей сала қазақ жұртына қадалуының тарихи себебі бар болатұғын. Себебі, орыстардың тарихы 300 жыл ғана болатын. Рустар ашығын айтқанда, Мәскеу түбінде жасайтын еуропалық мұжықтар ғана еді. Сонау Жошы заманынан бастап, олардың ірілі-ұсақты тайпалары қысық көзді, жалпақ бетті азиялықтар жағынан қолданылған болатын. Бұл тарихтардың күндердің күнінде ашылары сөзсіз еді. Шынтуайтында, Еуропада басталған өнеркәсіп төңкерісі-осы бір ақ нәсілді құлдардың дүрк көтерілуіне түрткі болған болатын. Оқ дәрі мен зеңбіректерді жаппай өндіріске сала бастаған неміс өнеркәсібін орыс елі Петр тұсында мықтап тұрып өздеріне көшіре бастаған болатын. Бұған біз мақаламыздың бас жағында сөз болған, неміс жерінде туып, неміс жерінде өскен неміс қызының орыс ханзадасына үйленгенін, соңын ала, күллі орыс билігін қолына алғаннан кейін дамыған неміс өнері арқылы орыс қару-жарағын дамытып, сол арқылы шапқыншылық пен қырғыншылықты үдете түскенін айтқан болар едік. Орысты құтқарғаны олардың ар жағында ғана тұрған Еуропаның дүрк көтеріліп даму жолына түскені болатұғын. Құс қанатын тістеген тұлпарлары мен соғысқа қолайлы көшпенді халқы арқылы, ондағы жауынгер батыр сарбаздары арқылы күллі Еуразияны сонау есте жоқ ескі замандардан бастап билеп келген түркі жұртының күнкөрмес құрлықтағы әуретін жазда жапырақпен, қыста терімен жасыратын жабайыларды құлданып ұстап тұруы Еуропаның темір құрал жараққа ойысқанына дейін болған еді. Онан ары сол замандағы атом бомбасы деңгейіндегі барша қару қазақ тұқымы қолында болатұғын. Алтынды қорыта алған, темірден сауыт киген жұрт барша Еуразияда күшті жұрт болып жасаған болатын. Сол замандағы қазақ тайпаларының кез-келгені, әрбірі бұл күндегі дүниедегі үлкен ұлыстар болып отырған ағылшын, француз, неміс, испан, португал, араб, қытай, үнді елдерін қорқыта алатын, қаһарынан жасқандыра алатын құдіретке ие еді. Сол үшін Ұлы қорған соғылып, сол үшін ит емген Италиялықтардың Италия аталғаны (ит елі) айнымас факт еді. Ит емген баланы төтем қылған италиялықтардың өз елдерінің атын баяғыда Еділ батырдың қойып кеткенін егемен қазақ еліне келген Италия ғалымдары естігенде барып, аң-таң болып қайтқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 02:35:52

Христиандардың крестті діни рәміз ретінде қабылдауына да қазақ баласы себепкер болатұғын. Атақты Еділ батыр заманында, онан бұрынғы және кейінгі Томиристер мен басқа да сан батырдың түсінде, күнкөрмес құрлыққа қазақ баласының тұлпарының тұяғы сан мәрте тигені шын. Ол заманда, азиялық жұрттың дамығаны соншалық, барша байлық пен мәдениет отырықты елде емес, көшпенді елде болатұғын. Көшпенді ел ол заманның шынайы билеушілері еді. Еуропа тарихшылары жазатын, бие сүтінен ашытылып жасалынатын, «кумус» деп аталатын ғажап қышқыл сусынды ішкен Еділ батырдың нағыз қазақ екенін бұл күнде күллі Еуропа тарихшылары мойындап келеді. Себебі, барша Еуропа елдерінің әрбірінде әрқалай жазылғанымен, батыр да парасатты Еділдің аса батыр, аса ақкөңіл, аса дарынды, парасатты тұлғасы суреттелген жазбаларда, оның өңі, мінезі, тұрмыс-тіршілігі, нанымы, т.б осы күнгі қазаққа құйып қойғандай ұқсап келетінін жаңа зерттеушілер жазып та, зерттеп те келеді. Әрине, қазақ айналасындағы барша отаршының мақсаты - қазақтың тамырын қию болатын. Ол үшін надан ұрпақты өз тамырынан жерітіп, жасанды, құлшыл тарихқа табындыру болатын. Отырықты һәм жер емшегін емген елдер ол заманда нағыз құлдар болатұғын. Ал, көшпенділер болса, сол заманның шынайы иелері еді. Олар отырықты елдердің үстінен үстемдік жүргізетін. Көшпенділердің құдіретті жасақтары ормандай самсып, ту алыстан шаңын аспанға шығарып, жер қайыстырып келе жатқанда, алтынмен апталған темір найзалары күнмен шағылысып, сол замандағы аз һәм әлсіз қауым еуропалықтарға бейне көктен құдайдың жасақтары келе жатқандай әсер беретін еді. Себебі, көшпенділер ол замандағы ең мәдениетті қауымдар болатұғын! Олармен салыстырғанда, ақ нәсілді еуропалықтар өз қызымен өзі үйленетін нағыз, шынайы жабайылар болған еді. Олар әлсіз болатын. Саны аз еді. Үшкір ұшына көлденең темір бекітілген көшпенділердің найзасы олар үшін құдірет пен күштің белгісі болатұғын. Әрине, көшпенділер осы ашамай найза белгісін сол замандағы әкімшілік құрылымдарында арнайы белгі ретінде қолданғанын Иса пайғамбар туылмай тұрғандағы жабайы Еуропа тарихшыларының кітаптарында жазылған болатұғын. Бұл биліктің, құдіреттің, күштің белгісі еді. Кейін жабайы да надан Еуропаға Иса пайғамбардан кейін орнаған әкімдік құрылымдарда осы крест белгісінің құдіретті күш белгісі ретінде қолданыла келе, ең соңында, сол кездегі барша билікті ұстаған шіркеудің қақ төбесінен орын алуының осындай бір сыры бар болатұғын...

Қазақ руларының кейбірінде, осы күнге дейін, ұзынды-қысқалы ашамай белгісінің болуы осы заманның қалдықтары болатұғын. «Қызыл крест ұйымын» шетелдегі қазақтардың «қызыл ашамай ұйымы» деп атауының да мәні бар еді...

Ол еуропалықтардың кресті емес, қазақтың ашамайлы найзасынан туындаған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 03:00:53

Демек, Азияның қақ ортасынан ойып тұрып орын алған қазақ елі-айналасындағы барша отырықшы жұртқа ең үлкен қауіп болған болатын. Сол үшін, қазақ қауымымен баяғының баяғысынан-ақ соғысып келген қызылбас парсының өзі де осы бір батыр да ержүрек, ешқашан тізе бүкпейтін қауымның қаупі туралы өз тарихи жазбаларында қорқынышты деректер қалдырған болатұғын. Болмаса, күллі Еуропаны дірілдеткен қызылбастың өзі ол замандарда отқа табынған құдіретті ел болғантұғын. Қазақтың «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дегендегі Майқысы осы қызылбастармен ұстасқан мықты би болатұғын. Әрине, ол замандағы би бүгінгі хан еді. Үйсіндер күнге табынған заманында ең жоғарғы биін «Күн би» атағаны сонан болатын. Ұлы жүз үйсіннің өзі сол заманда орта жазықты ұстап отырған Қытай ханы Хан Уди үшін алғанда, аса құдіретті ел болатын. Ол замандағы қытайдың жауы ортадағы ғұндар еді. Ол ғұндар соңына ала орта жүздің ағасы арғын (ар –ақ, құдіретті, қасиетті: Ғын – ғұн, яғни, ақ ғұн, құдіретті ғұн) болып қазақ құрамына кірмей тұрғанында, жалпы, қазақ текті көшпенді осы екі ғана жұрттың орта жазықтағы бірлікке келген, құдіреттенген біртұтас Қытай үшін де аса қорқынышты жау болғанын олардың Қытай ханының тұқымы, он екіде бір гүлі ашылмаған жас Шайжан бикешті сексендегі Үйсін ханына тоқалдыққа беріп, құдаласуынан-ақ білуге болатын еді. Ұлы жүз үйсін мен орта жүз құдіретті ғұнды айтпағанда, ол заманда қаптаған қалың найман-керейдің, меркіттің (меркіт – ол заманда керей туы астында емес-ті, ол кейінгі жыр), қоңыраттың, тағы басқа да аты аталмаған, бүгінгі қазақ құрамындағы сан рудың қаншалықты құдіретті ел болғанын пайымдай беріңіз. Бүгінгі қазақ мемлекетінің тарихы, шындығын айтқанда, батысы Үрімнен - Еділ батырдан, Томиристен, шығысы Үйсіннен бастау алуға тиіс еді. Біз тамырын тереңге жіберген қарт қарағай болатынбыз. Тек қатыгез тарихтың соңғы жылдарында ғана бағымыз жанбай, бұтағымыз сынып, жапырағымыз солып, сәнімізден уақытша айырылғанымызбен, қандай боран мен қандай зұлматтардың барлығына қайыспай төтеп бере алатын тамыры тереңдегі қарт қарағайдай қайсар халық екенімізді күллі ғаламға жария ететін кезіміз енді туған болатын! Біз кеше ғана отаршы, басқыншы қауым жағынан мақсатты түрде қолдан жасалынған қауым емес едік. Біз олардың қорқынышы мен үрейі едік. Олардың нағыз қас дұспаны едік. Сол үшін барша қазақ жауының бір ғана арманы болған еді, ол осы қазақты түп-тұқиянымен құрту ғана болатын. Біз Алланың өзі жар болып, тозақтың өзінен аман шыққан, Алланың мейірі мен шапағаты түскен құдіреті күшті, тамыры тереңдегі, адамзаттың ең байырғы мәдениетті, құдіретті мүшесі қазақ болатығұнбыз. Қазақ деген сөз еркін ел, ержүрек батыр жұрт деген сөз еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 06:02:54

Тұтас бір ұлтты, тұтас бір қауымды екінші бір зорекер басқыншы қауымның, шапқыншы ұлттың тұқымымен тұздай құртып жіберуі адамзат тарихында ежелден бар құбылыс еді. Бұл тақырып отарлық жайлаған, бодандандыру саясаты қатты жүрген немесе өктем ұлттың әлсіз ұлтқа билігі жүріп тұрған аймақтарда ашық талқыға түспей шектелінетін тақырыптардан еді. Адамзат баласы қашан да шындыққа тура қарай алмайтын әлсіздігінен айырыла алған жоқ. Ақиқат салтанат құрмаған, қатыгездік пен қайырымсыз билік өктемдік еткен адамзат қоғамы сонау ықылым замандардан тартып әділетсіз еді. Қазақ баласы да осындай әділетсіздікті соңғы үш ғасырда қатты көрді. Мұны бұл арада айтпасақ та, көзқарақты оқырман жақсы біледі. Бір Алланың құдіретімен, бір Алланың шапағатымен ғана аман қалған қазақ баласы осы күндегі бейбіт күннің қадірін білгені абзал еді. Себебі, өз жұртында отырып, өз топырағында жасап отырып, тұқымы тұздай құрып кеткен қауым адамзат тарихында аса көп болатын. Алысқа бармай-ақ, бергі ғасырлардағы крест асынып, Інжіл құшақтаған, ақ нәсілді еуропалық шапқыншылардың күллі адам баласына жасаған озбырлығын айтсақ та жеткілікті еді. Солардың 4-5 ғасырдан бергі үздіксіз басқыншылығының салдары күні-бүгінге дейін жалғасып келеді. Солардың бірі, Аустралия және Ню Зеландия аралдарын мекендеген қоңыр нәсілді халықтың тұқымын тұздай құртып жіберген ағылшын баскесерлерінің қылмыстары еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 06:27:27

Ақ нәсілді Еуропа қауымының слауян деп аталатын бір бұтағы осындай қанды қырғындарын қазақ халқына үздіксіз жасағанда, олардың мақсаты өте айқын болатын. Қазақ жерін тұтасымен, басы бүтін иемденіп, осы жердің иесін, қазақ халқын басыбайлы құлға айналдыру еді олардың ашық мақсаты. Бірақ, Алла олардың бұл арам пиғылдарын іске асырмады. Құдіреті күшті, шапағаты, мейірімі шексіз Алла адамзатқа ақиқатты жеткізуші соңғы пайғамбардың үмбеті болған қазақ халқын сан зұлматтан аман-есен сақтап қалып отырды. Ал, еуропалық ақ нәсілді қырғыншы қауымның бірі болған ағылшындар мұндай қырғындарын Аустралия мен Ню Зеландия аралдарында сәтті түрде іске асырған болатын. 1788 жылы ағылшын қырғыншылары мұнда тұңғыш рет аяқ басқанда, мұнда бір миллионға жақын тұрғылықты тұрғындар бар болатын. Олардың арғы ата-бабалары азиялықтар болуы мүмкін деп болжанатын. Терілері азиялықтардан қара болғанымен, африкалықтардан ақшыл еді. Ал, анық болмаған кей болжалдар ағылшын қырғындарынан қырылып біткен Аустралия және Ню Зеландия тұрғындарының санын бірнеше миллионға жеткізетін. Қалай болмасын, қатыгез ағылшындар мұнда өз отаршылдығын мықтап тұрып орнатқан болатын. Адамзат өркениетіне осындай қатыгез қырғындары арқылы орны толмас ойрандар салған еуропалықтардың бұл күнде осы мекенде орнатқан екі мемлекеті бар. Ал, куристер деп аталынған бұл жердің нағыз иелерінің қырғындардан аман қалғандары бұл күнде адам санатында емес еді. Себебі, ағылшындардың сырты жалтырап, іші қалтырап тұрған жалған демократиялары олардың өсіп-өнген, саны миллионнан асқан тұсында емес, қырылып таусылған сәтінде ғана олардың төбесінен өз сәулесін шашқан болатын. Қазақ тілін Қазақ мемлекетінде дамытуға әр кез қарсы тұрып, сайтан ойлап таппайтын сан сылтау тапқыш қазақтың сатқын билігінің ар жағында, осы сықылды отаршы күштердің арамза да жымысқы жүздері жылтыңдайтын еді. Олардың мақсаты да қазақ халқын осы егемен күнінің өзінде, рухани құлдыққа ұшыратып, бейне, Канададағы Кубек өлкесіндегі ағылшынның қаттылы-жұмсақты арамза саясаты мен ықпалы кесірінен қатты ағылшынданып, ұлттық болмыстарын жойып, нәтижесінде егемендіктен өз еріктерімен бас тартқан француз тұқымдары сықылды қылу болатын. Аустралия мен Ню Зеландиядағы ағылшын отаршылдары да тура осы жымысқы саясатты қолданған болатын. Олар алдымен, мұндағы тұрғылықты аборигендердің тұқымын құрту саясатымен айналысты. Ол кезде олар демократия мен кісілік құқық дегенді ауыздарына да алып қоймаған болатын. Сосын қыратынын қырып, жоятынын жойып, өздері мұнда мүлде басымдылыққа ие болып болғасын барып, ендігіде жалған демократ болып шыға келген еді. Соңғы жылдары ғана сайлау-сайлану құқығына ие болған аборигендердің ашынышты тарихы осылай болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 06:49:05

Қазақ тілінің қанатын қырқып, аяғын тұсап, оның қоғамдағы қолданыс аясын қазақ отанында тұншықтырып отырған сатқын биліктің сатымсақ сайқал саясатын бір ғана сөзбен айпарадай ашып тастауға болатын еді! Ол алдау болатын! Ол уақыттан ұту болатын! Қазақ халқын, ұлт үшін шырылдап жүрген барша зиялы қауымды алдаусыратып, көздерін көлегейлеп, уақыттан ұту ғана еді олардың мақсаты. Сол арқылы қазақ халқын аямай тонап, өздері және тұқым-жұрағаты әбден қоңданып алғасын, байлықтың барлығын шетел асырып, заңдастырып, мәңгіге қамсыз болғасын, қайыршылық халде қан жылап жүрген қара қазаққа қарқ-қарқ күліп мазақ айтатын сол бір нәубет күнді күтіп жүр еді біздің бүгінгі сатқын билігіміз. Ол үшін қазақ зиялыларын, қазақ халқын алдаусыратып тұру ғана керек болатын. Әр жиналыста бес жылдан жылжи беретін қазақ тілін ресми қолданысқа кіргізетін сол бір қасиетті мерзімнің үздіксіз артқа қарай шегіне беруінің шынайы мақсаты осы болатын. Олардың күткен мерзіміне жеткенде, Қазақстанда қазақ тілі үшін шыр-пыр болатын адам болмақ түгілі, қазақ мүддесі үшін, мейлі, ол орыстанған қазақтың мүддесі болсын, адам қалмайтын еді, олардың көксегені де, көктен тілегені де осы ғана болатын. Сол үшін қазақ зиялылары сатқын биліктің сайқал саясатының алдауына түспегені жөн еді. Бүгінгі күнде өз мүддемізді қорғап қалмасақ, жұдырықтай жұмыла алмасақ, ертең кеш болатын еді! Қансыраған қазақ тілі үшін көп күтудің өзі өліммен бірдей екенін түсінетін кезіміз жеткен еді. Болмаса, Кубектегі ағылшынданған француз жастары құсап, егемен ел болып, еркекше өмір сүргеннен гөрі отаршы ағылшынның саясында бодан болып жүре бергенді ұнататын жаңа бір ұрпақ қазақ өсіп жетілетін еді. Бүгінгі Мәскеудің айлакер саясаткерлері тура осы күнді төрт көзімен күтіп отырғаны шын. Ол кезде бүкіл ел болып, тайлы-таяғымыз қалмай, Ресейге өз еркімізбен қосылып кетуіміз бек мүмкін! Санасы құлданған, тілі жойылған, ділі уланған, діні құрыған жас қауым құл саналы құрыған қазаққа егемендік пен еркіндіктің құны көк тиын болатын еді ол заманда! Алла бізді мұнан сақтағай!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 07:01:38

Әрине, біз тамыры тереңде жатқан қазақпыз ғой. Біз Америкадағы жабайы үнділер – маялар, әстектер емеспіз, біз аустралиялық алғашқы қоғамдық өреде қалған куристер – мәурилер емеспіз. Біз қазақпыз ғой. Біздің өз мәдениетіміз, өз дәстүріміз, ұлттық салт-санамыз, мұсылманша діни нанымымыз бар. Отаршылдар үшін осы аталған факторлардың өзі олардың бізді үш ғасырлық құлдану барысында құртып жібере алмағанының жалғыз ғана сыры еді. Егер мұның ішінен бір ғана нәрсені атап айту керек болса, ол біздің мұсылманша діни нанымымыз ғана болатын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 07:11:23

Өзі отарлаған ұлтты құртқанының орнына өзі құрып кеткен қауым да бар еді. Олар бізбен туысқан шүршіттер мен мұңғылдар болатын. Шүршіттердің ендігі болашақта ұлт ретінде қайтадан ұйысып, өз өлі тілдерін еврейлер құсап қайтадан тірілтіп, тарих сахнасында қайтадан басын көтере алатынына сенім мүлде жоқ болатын. Тура осыдан бір ғасыр бұрын Сүнятсен жағынан тағынан тайдырылған шүршіт патшасы өз ұлтының ерлік дастанының ең соңғы нүктесін қойған болатын. Қысқаша айтқанда, шүршіт ұлтының мәңгілік көріне соңғы топырақ салушы да осы шүршіт патшасы болды. Ал, мұңғұлдар болса соңғы жылдарда шүршіт салған сүрдектің артынан кетіп барады. Қытайдағы мұңғұлдар мен шүршіттердің қытайлардың өзінің үстінен өктемдік құрған шүршіт және мұңғұл патшалықтары заманының өзінде-ақ құруға бет ала бастауының сыры біреу ғана болатын. Олар тұтасымен мұсылман емес еді. Егер олар мұсылман болғанда, бүгінгі күнге қалмаған болар еді! Сол үшін де, қазіргі сыртқы мұңғұл елбасының ондағы қазақ бауырларымыздың ғұламаларымен біріге отырып, қасиетті Құранды тұңғыш рет мұңғұл тіліне аудармақ болуы да осындай ұлағатты ойдың түрткісінен еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)