Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Торапай (猪仔) деп аталған осы бір қауым сатылған, жалданған, алданған адамдардан құралған болатын. Оның ішінде, заңды түрде келісімшарттарға отырып, өзін жалға беріп, Қытайдың оңтүстігінен Америкаға барғанға дейінгі жол шығынын кейінгі еңбегі арқылы төлеуге келіскен сауатсыз дихандар мен шаруалар мол болатын. Ауыл-ауылдардан тоналып, мұнда заңсыз түрде, еріксіз құл ретінде сатылып бара жатқандары да мол еді. Алданғандардың есебін ешкім де білмейтін. Бұл шеттегі Қытай тарихының нағыз беташары болатын. Осы арқылы күллі әлемге жайылған қытай тұқымы өздерінің нағыз қанға толы, қорлыққа толы, езгіге толы ашынышты тарихтарын бастаған болатын. Осы күндегі Малайзия, Индонезия, Филиппин, Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Бирма елдерінің барлығында қытай тұқымы бар. Кей елдердегі қытайлардың ара үлесі 30 пайыздан асатыны шын. Мұның өзі осы торапай саудасынан бастау алып, соңы өзімізге белгілі Қытайдағы қырғындардан қашқан байлар мен босқындар легі арқылы толыққан болатұғын. Ал, Америкаға барған жұмысшы қытайларды ағылшындардың тұтасымен пішіп тастағанын Қытай деректері анда-санда жылт еткізіп айтқан болады. Бірақ, мұның шындыққа қаншалықты жақын екенін алда тарихшылар айта жатар. Бірақ, баяғыда Куба мемлекеті қытайлардың Кубаға келгендігінің 400 жылдығын арнайы еске алғанда, осы оқиғаның шын болғандығына сенгендей едім. Себебі, бұл күнде Кубада өзін 400 жылдың алдындағы қытайлардың ұрпағымыз дейтін қауым жоқ болатын. Демек, мұның ар жағында, жұмыскер қытайлардың тұқымын тұздай құртқан ақ нәсілділердің арам қолы тұрғандығын байқауға болады. Елу жылда ел жаңа дейтін қазақы есеппен қарасақ, 400 жылда кем дегенде 8 ата өрбиді ғой, оған онсыз да өскіш, өрбігіш қытай қасиетін қоссаңыз, бұл күнде Кубаны билеп отырғандар испан тұқымы емес, қытай тұқымы болса керек-ті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 17:15:40

Қазақстандағы жұмыс орындарының тұрғылықты қазақтардан гөрі осындай заңсыз жолмен келген шетел жұмыскерлерін жұмысқа алуға құмар болуының бірнеше себептері бар еді. Ең басты себеп, Қазақстандағы парақор жүйе екенін айтудың қажеті де жоқ болатын. Егер билік парақор болмағанда, билік іріп-шірімегенде, сыбайлас жемқорлық пен кісі қанаудың, заң бұзудың мұндай өрескел нұсқалары қазақ елінде туылмауға тиіс болатын. Онан қала берді, Қазақстандағы жұмыс беруші органдардың тұтқасын ұстап отырғандардың барлығы шетел алпауыттары еді. Оларға өз жерінде өзі қан жылап жүрген қазақтың тағдыры көк тиынға есеп болатын. Биліктің барлық тетігін меңгеріп, үкіметті, заң орындарын, тұтас құрылымдарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған жергілікті ұлт сатқындарын сатып алған шетел алпауыттары қазақ заңына пысқырып та қарамасы шын. Онсыз да заң бұзудың сан-алуан үлгісін қазақтардың өздері оларға көрсетіп, маймөңкелеп отырғанда, шетелдіктерге сын айтуға құқымыз жоқ болатын. Денсаулығы үшін, пенсиясы үшін, қоғамдық қамсыздандыруы үшін міндетті түрде ақша төленетін қазақ жұмыскерін жұмысқа алғаннан гөрі жаңағыдай басы артық шығындарды талап қылмайтын заңсыз жұмыскерлерді жұмысқа алу олардың қалтасында ай сайын миллиондаған долларды үнемдеп қалатын еді. Әрине, әпкеме жездем сай ғой, заңсыз жұмыскерлерді алу билікке де қолайлы еді. Себебі, олар сөз тыңдағыш болатын. Олар ереуілге шықпайтын. Олар демалыс сұрамайтын. Олар ауырған- сырқағаны үшін ақша сұрамайтын. Олар адам түгілі шошқаның өзі жиіркенетін жерде жатып ұйықтап, ит иіскегеннен қашатын тамақты жей беретін! Ара-тұра заңсыз жұмысшыларды тексеруге алып, ұстап, қамап тұру арқылы жерлік әкімдер мен сақшылар көлденең табысқа қарық болып жататын. Балалары үйлене жатса, шетел асып оқуға бара жатса, қатындары мен тоқалдары жаңа саяжайлар ала қалса, мұндай жұмыскерлерді тонай түсудің үдей түсетіні де шын еді. Демек, заңды білетін, заңды құқықтарын қорғай алатын, езгіге көне бермейтін қазақстандық жұмысшыдан гөрі, тіл білмейтін, қоғамды түсінбейтін, қолындағы құжаттары жинап алынған, бас еркінен айырылған мұндай басыбайлы құлдар оларға аса керек еді! Бұл осы күні күллі адамзат баласының басын қатырып отырған үлкен заңсыздықтардың бірі ғана болатын. Адам ағзасы саудасы, есірткі саудасы, қару-жарақ саудасы қатарлы үш сауданың адамзат баласы жасаған барлық саудадағы үлес салмағының адамды шошытарлық деңгейде жоғары екенін білсек, арзан да заңсыз еңбеккүш саудасы осы саудалардан кейін немесе қатар жүретін аса зор саудалардың бірі және бірегейі болатұғын. Мұның ар жағында атышулы қылмыстық топтардың тұратыны бесенеден белгілі болатын. Осы атышулы тірлікке біздің сүйікті Қазақстанымыз да белсене кірісіп кетті...

Бұл күнде бел ортасында жүр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 17:40:52

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-25 17:47 да өзгерткен

2006 жылы қазан айының аяғында туылған Атырау облысының теңіз мұнай алабында болған тұрғылықты қазақ жұмысшылары мен Түркиядан келген түрік жұмысшыларының арасындағы үлкен соғыс, қанды қырғын төбелес осы сықылды заңсыз жұмыскерлердің Қазақстан жеріне тидаусыз тасымалдануының кесірінен деп баса айтуға болатын еді. Бұл ғаламтор пайдаланатын барлық көзқарақты қазақ оқырманына таныс жағдай болғандықтан, біз бұл арада көп тоқтала бермейміз. Бірақ, түбі бір түркі туысымыз, түркі ұлттарының ішіндегі ең қуатты мемлекет, тамыры тереңде, тарихы алыста жатқан құдіреті күшті түрік бауырларымызды сонау алыстан ұшақпен тасымалдап алып, өз жерімізде өзіміз қанды қырғынға ұшыратқанымыз көп жұртқа түсініксіздеу болғаны шын еді. Бірақ мұндағы кінәні, мейлі, Түркия баспасөзі болсын, мейлі, Қазақстан баспасөзі болсын, шын мағынасында ашып айтып бере алған жоқ. Ортада ағайынды түбі бір түркілер қырылысып жатқанда, «шоқ-шоқ» айтып мәз болып малақайын аспанға атқан орыс баспасөзі ғана болды. Орысқа да, өзгеге де керегі осы болатын. Егемен қазақтың, үш ғасыр орысқа басыбайлы құл болған қазақтың есін жия сала алыстағы туысымен табысқанын орыс отаршылдары қатты жек көретін. Бұл олардың қалауына қайшы еді.

Қазақ елінің егемендігін бірінші болып мойындаған, бірінші болып қазақ еліне гуманитарлық көмектерін жіберетін түрік бауырларымызға қазақ баласы болу сипатыммен алғыстан басқа айтарым жоқ еді. Өкініштісі, жаман ұлт жоқ, жаман адам бар екенін әр екі жақ та дәлелдеп қойды. Ел арасындағы осындай ұлы ынтымақтарға іріткі салатын жаңағындай оқиғалардың ар жағында, қазақ еліне түрік жұмысшыларын заңсыз тасымалдап алып келген қылмыстық топтар, делдалдар, сосын оларды қазақ жерінде жұмысқа алған жұмыс берушілер, сосын осыншама заңсыз түрік азаматын шекара асырып қалғып-мүлгіп отырған біздің кеденшілеріміз, істің барысын бақылауда ұстай алмаған үш әріптілеріміз, қысқасы, осы құрылымдардың барлық атқа мінерлері жазалануы керек еді. Себебі, олар өз арам пайдалары үшін ұлы ынтымақ жырын жазып келе жатқан қазақ-түрік бауырластары арасына үлкен жік салған болатын. Егер, біздің жоғарыдағы құрылымдар дұрыс жұмыс жасағанда, түріктер де қазақ жеріне келіп заңсыз жұмыс жасамас еді, қанды қырғын да болмас еді...

Түгел сөздің түбі айналып келгенде, тағы да парақор билікке барып тіреле береді ғой...

Қарғайын десең жалғызым, қарғамайын десең жалмауызым болып отырған бүгінгі қазақ билігінің осы сықылды тұстарын айтпасқа амал жоқ болатын...

Айтуын біз айтармыз-ау, ар жағын бір Алла өзі оңғарсын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 18:47:02

Осындай заңсыз көшпенділердің малай жерінде тұрақтап қалып қойғанынан қалыптасқан Сингапур деген мемлекет барын қазақ қоғамы әбден біледі. Қазақ елбасы сингапурлық даму үлгісін көп жағдайда тілге тиек еткенде, осы мемлекеттің пайда болу себебіне назар аударған да болуы мүмкін. Сингапур, шын мағынасында, жаңадан бері біз сөз етіп отырған шетелге саудаланған арзан еңбеккүштердің туындысы болатын. Бұл жер, бұл территория, түптеп келгенде, малай ұлтынікі еді. Теңіздің қақ ортасына орналасқан әйдік портта жұмыс көп болатыны шын еді. Тасымалы дамыған Сингапурдың Батыс отаршылдары жаулап тұрған заманда, қытай жұмыскерлерін нән кемелермен әкеліп төгетін жері еді. Бұл күндегі Сингапурдағы халықтың жалпы саны 5 миллоннан асып жығылады. Ал, осы жердің атамзаманнан бергі иесі болып отырған малайлар болса, Сингапурдағы үлес салмағы жағынан не бары 16 пайызға да жете алмай қалған болатын. Ал, кезіндегі қара құл ретінде кемеге мал ретінде тиеліп, сан алуан жолмен сатылып келген қытай жұмыскерлерінің бүгінгі ұрпағы осы мемлекеттегі барша қарашаның 74 пайызын ұстайтын еді. Демек, келімсектің үй қожасынан асқанының айқын белгісі осы еді. Ұрыспай, соғыспай, қырғын салмай-ақ, бір елді, бір мемлекетті иеленіп шыға келген қытайлардың бүгінгі Сингапур деген мемлекеті соңғы жылдары оралман саясатын мықтап тұрып атқарып келеді. Әсіресе, Сингапур азаматтығына өтініш беруші шетел азаматтарының қытай ұлты болуын қадағалауының түп мақсаты да осы жерді малайлар мен үнді тұқымдарына тартқызып алмау сықылды мақсаттан екені бесенеден белгілі болатын. Оған дәлел, соңғы он жыл ішінде, Сингапур азаматтығын алған қытайлардың жарты миллионнан асқандығын айтсақ та жетеді. Өз жерінде өзі азшылыққа айналған малайлар мұнда үнді тұқымды өзге жұртпен қосылғанының өзінде де көпшілік қауым санатына кіре алмайтын еді. Ал, осы Сингапур еліндегі қытайлардың тең жартысына жуығы Қытайдың шығысындағы Фужян өлкесінен келгендердің тұқымы еді. Фужян өлкесі – Қытай қоғамындағы тәуекелшілдігі мен шетке шығушылары жағынан атақты өлке болатын. Америкаға алғаш барған жұмыскерлердің ішінде де осы Фужйән өлкесінің тұрғындары мол болатын. Онан қала берді Гуаңдұң өлкесі еді. Бұл күнде Сингапурда 22 пайызға жуық қытай Гуаңдұңның Чаужу аймағынан келгендердің тұқымы болса, 16 пайызы Гуаңдұңның өзге аймақтарынан келгендер болатын. Басым көп бөлігін тағы да Фужйән тұқымы ұстап тұратын. Демек, заңсыз жұмыскерлердің мәселесі тек қана біреудің асын біреу тартып жейтіндей ғана қарапайым мәселе емес болатын. Оның ар жағына үңілу үшін бізге көп нәрсеге бас қатырмай-ақ, Сингапурдың қалайдан қалай мемлекет болғанын аздап зерттей бастасақ қана болғаны. Ғасырлар бұрын бір үзім нан тауып жеу үшін мұнда келген қытай көшпенділерінің өз топырағын мүлде, басы бүтін иемденіп, бұл күнде құдіреті күшті, қазынасы қалың, дамыған, өркендеген ел құрып шығатынын сорлы малайлар сол заманда ойлап та көрмеген болса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 20:59:06

Сингапурдың дербестік алу тарихы – Сингапурдың малай елінен бөлектену тарихы еді. Ал, мұның өзі адамзат тарихындағы ең қызық, ең ғажап тарих еді. Тұтас болмысы барысынан ешқандай бір ұлттың дербестену тарихына ұқсамайтын еді. Кез-келген ел дербестікке жету үшін үстем ұлт өкілдерімен немесе шапқыншы, отаршы, басқыншы қауыммен қан төгіп айқас жасайды ғой. Бірақ, Сингапурдың тарихы мұнан мүлде бөлек болатын. Сингапур қытайлары малайлардан дербестік талап қылған жоқ болатын. Керісінше, олар өздерінен әлдеқашан бұрынырақ Ұлыбританиядан бөлектеніп дербестік жариялаған малай елінің құрамына қайтадан кіруді ұстанған таңғажайып бір ел еді! Сонымен, бір мезет, малай елінің бір өлкесі ретінде болған Сингапурдың ең соңында малайлар жағынан «кеудесінен итеріліп», «өз күндеріңді өздерің көріңдер» дейтін жағдайға ұшырауының немесе малай басшысының сол кездегі Сингапур губернаторы Ли Квениеге арнайы хат жазып, «малайдан бөлектенуін сұрауының» өзі ғажап еді. Сонымен, малайлар жағынан кеудесінен итеріліп, малай отбасынан шығарылған Сингапурлар «амалсыздан» дербес ел болған болатын. Мұның өзі адамзат тарихындағы аса таңғажайып мәнге ие сырлы тарих еді. Ақылды адамға мұның ар жағындағы ақиқатты айтудың өзі артықтық ететін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 23:07:45

Маған Сингапурға барудың сәті бір емес, бірнеше рет түскен болатын. Өкініштісі, мен осы уақытқа дейін бұл елде болған емеспін. Сингапурлық әріптестерімді көбінеки Шяңгаңға (Гонконгқа) шақырып сонда кездесулер жасайтынмын. Сингапурлықтармен арадағы басталған жұмыстарымның соңғы нүктесі әліге қойылған жоқ. Себебі, бұл менің жұмыс өнімділігіме байланысты емес, керісінше, қазақ еліндегі жоғары дәрежелі мәнсаптылардың жұмыс өнімділігіне ғана байланысты еді. Ал, биліктегі жаңа қазақтардың жұмыс жылдамдығын айтпасақ та түсінікті. Қолға алған бір тірлігімді осы уақытқа дейін созғаныма екі жылдың жүзі болып келе жатыр. Осы орайда осы бір ғажап елдің тыныс-тіршілігімен, арғы-бергісімен аздап танысқан жағдайым бар болатын. Менің әріптес боламын деп бола алмай жүрген, не қоя алмай жүрген сингапурлық әріптестерімнің барлығы дерлік таза қытай тұқымынан болатын. Бірақ, өздерін қытаймыз деп атағылары келмейтін еді. Өздерін Сингапурмыз дейтұғын. Дінсіз емес-ті. Католикке нанатын. Мойындарында крестері, қойындарында Інжілдері жүретін еді. Артық ішіп, артық жейтін, асыра сөйлеп, көбіктенетін, немесе қыз десе қылмыңдап тұратын мінездері жоқтығұн. Қашан көрсең де жаңа түскен келіндей сызылып отырғандары отырған болатын. Ең таңғаларлығы - олар мұсылмандарды қатты құрметтейтін еді. Мұсылман жамағатының барлық салт-санасын жатқа білетіндіктерімен мені қатты таңырқатқан болатын. Олармен бір реткі жүздесуіміз жұма күніне тура келген болатын. Таңнан бастаған сөйлесулеріміз түске жақындағанда, арада мен олардан кешірім өтіне отырып, бір жарым сағаттан соң қайтадан сөйлесуімізді жалғастырғым келетінін айтқанымда, олар менің жұма намазына қатысатынымды бірден байқаған болатын. Мен Хаңкоңдегі Тсим-тсат-тсой мешітіне барып жұма намазына қатынасып келгенімде, олар маған бейне мұсылмандар құсап «жұма мүбәрәк» айтқанда, мен аң-таң қалған едім. Кейін білгенімдей, олар мұсылманның күніне бес реткі құлшылығын, жұма намазын, қасиетті құрбан айт пен ораза айтты, рамазан айын, ораза ұстауды, зекет беруді, қасиетті Мекке-Мединеге қажы сапарымен баратынын, қысқасы, мұсылманның барлық тыныс-тіршілігін білетіндіктерімен мені қабағат аң-таң қылған болатұғын. Шын мағынасында, олардың Ислам мен мұсылмандық туралы сауаттары біздің қоғамымыздағы біраз адамнан артық еді. Өздерінің айтуында, кейбір малай текті немесе үнді текті болмаған, яғни, таза қытай текті сингапурлықтар да мұсылман дініне сенеді екен. Осы үшін болса да, алда Алла несіп қылған уағында Сингапурға барып көргім келетін еді, иншаллаһ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 23:39:16

Демократияның шынайы бейнесін, еркіндіктің иісін осы сықылды жоғары деңгейде дамыған елдердің азаматтарының көзқарасынан айқын аңғаруға болатын еді. Кеңес Одағы қамытынан шыққан елдер (пост-Кеңестік елдер) және оған қоса Кеңес ықпалында болған Шығыс Еуропа елдерінің азаматтарынан мұндай жоғары деңгейдегі демократиялық ұстанымдарды кезіктіру аса қиынға тоқтайтын еді. Әрине, мен бұл арада жалпы беттік деңгейде, Кеңес ықпалындағы немесе Кеңес шылауындағы елдердің азаматтарын кемсітейін деп тұрғаным жоқ еді. Жасаған қоғамдық орта көбінеки, өз дара көзқарастары болмайтын, жетекпен, дүрмекпен кететін жамағатқа өз дара таңбасын басатын еді. Соның бірі Кеңес шылауындағы елдердің барша бодан бұқарасында болатын құлдық сана еді. Мұндағы құлдық сананың деңгейі әр ұлтта әрқалай балғанымен, бұны бейне ұқсас жұқпалы ауру тарағандағы қоғамдағы әр адамның осы жұқпалы ауруға қай деңгейде, қай дәрежеде жұғымданғаны сықылды тірлік болатұғын. Әрине, мұндай жұқпалы науқасты көтере алмай жан тапсыратындар да болатын. Мұндай қыршынынан қиылғандарға мен көбінеки, орыс езгісі мен ассимиляциясына қарсы тұра алмай тұқымы құруға шақ қалған немесе мүлдем орыстанып, тұқымы құрып кеткен Ібір-Сібір халықтарын жатқызатын едім. Соның қатарында, соңғы демі алдында жанталасып, жан үзудің ар жақ-бер жағында жатқан біздің қалмақ туыстарымыз да бар еді. Бұл күнде Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақстан Республикасының жағдайы шынында мүшкіл болатын. Ұстанған діни нанымдары нағыз ақиқаттан алшақ жатқан қайдағы бір сайтанның сапалағы сықылды шаманизм мен Алланың қаһарына ұшырататын буддизм болғасын да, бұлардың қалың елінің орыс ойранына шыдас бере алмайтыны бірден түсінікті болатын. Орыс бұларды қарудың күшімен емес, тілінен айырумен-ақ құртып жіберген болатұғын. Себебі, оларда дін дейтұғын дін де белгілі еді. Сингапурдың соңғы он жыл ішінде жаппай қытай текті азаматтарды азаматтығына қабылдағаны сықылды Кеңес ыдырағаннан кейінгі жылымық демократиялық саясат аясында мұндағы қалмақтар да шеттегі қандастарын шақыра бастаған болатын. Құрыған бұтханаларын қайтадан салып, шетелден, Тибеттен, Қытайдан, Моңғолиядан арнайы ұсыныспен ламалар алдырып, номдарын оқытып, әжептәуір деңгейде қара орыстан гөрі қара қалмаққа ұқсап келе жатқан болатұғын. Соның арқасында дінсізденген жастары өз тамырларымен қайтадан қауышып, тілдерін де дұрыстай бастап еді. Айлакер де, әсіре ұлтшыл фашистік орысшылдық ұстанымдағы Путин берген бір ауыз бұйрықпен қалмақтардың ұлт болып қайта ұйысу армандарының күлі көкке ұшты. Бұл күнде шетелден оралмандарын шақырған қалмақ саясатының күре тамыры мүлде қиылып, шеттен алдырған ламалары қуылып, керісінше, шіркеулер молдап салынып, шоқындыру басталып кеткен болатұғын. Әрине, қалмақ тілінде сөйлейтін қалмақ жастары қалмағаны шын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 23:53:24

Менің Сингапурдың сәтті түрде іске асырылып келе жатқан оралман саясаты мен Қалмақстанның қыршынынан қиылған оралман саясатын салыстыруымның мәні мен мағынасын ойлы оқырман айтқызбай-ақ түсінеді деп ойлаймын. Мұнан ілгері Германияның шетте жүрген немістерін шақыруы мен Израильдің тарыдай шашылып кеткен еврейлерін шақыруын шамамыз жеткенше егжей-тегжейлі түсіндірген сияқты болатынбыз. Алда Мәскеуге жеткеннен кейін, біздің Қазақстан қаламгерлері ауыздарын толтыра «ормандай орыс» деп айтатын орыстың айтылмыш орманы күн санап сиреп, қурап, дертке ұшырап бара жатқасын, ұлтшыл Путиннің орыс оралмандарын отанына шақыру сынды салиқалы саясаттарына арнайы ат басын бұратын боламыз. Оқырмандарымның асықпай, сабырмен күтуін сұраймын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-27 01:24:27

Таң ата Алматыға жеткен ұшақ әуежайға қонған кезде, түнімен сан қиялды сапырып шыққан мен ояу болатынмын. Қазақтың Алматысының көркем көрінісін көктен көрудің өзі бір ғанибет еді. Ұшақ терезесіне жабыса отырып, осы бір таңғажайып қалаға соншама биіктен құмарлана қарап, мың-сан тәтті қиялға беріліп, осы қалада ізі қалған қазақтың тау тұлғалы азаматтарын, қайсар қыздарын еске алып, онан ары күні кеше ғана осында болған, орыстың 3 ғасырға созылған бодандығына қарсы ең шешуші соққы беріп, Кеңес билігінің шаңырағын шайқалтқан, ең соңында Кеңес үкіметінің мәңгілік құрдымға кетуіне ең алғашқы әрі ең зор үлесін қосқан атақты “Желтоқсан” көтерілісін ойлап отырғанымда, артқы бөлмеден шыққан аса жағымсыз у-шу дауыс менің біріне-бірі жалғасқан тәтті қиялдарымның легін бұзып жіберген еді. Олардың бірі-бірін баса көктеп, бірінің затын бірі алып, арыпталасып, жанталасып, қырылысып жатқанын көзіммен көрмесем де, көңіліммен сезе алатын едім. Қазақ жеріне шақырылмаған қалың қонақты алып келген алып ұшақ жерге ауыр қонған болатын. Маған жер-ананың өзі ауырсынғандай, қинала ыңыранғандай сезім берген еді сол сәтте. Мен, әрине, олардан бөлек жолмен кеткен едім. Мен Алматыны қанша сағынсам, Алматы да мені сонша сағынған болатын. Алдымнан қарсы ала шыққан ағайын-достармен құшақ айқастыра қауышқан соң, төтеден-төте тауға қарай тартып берген едік. Бұл менің салтым болатын. Әрқашан шетелден қазақ отанына оралғанда, Алматының барша үлкен даңғылдары мен көшелерін қыдырып, бір шолып шыққан соң, тауға төте тартатын едім...

О, сағындырған Алматы, құшағыңа бас мені!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)