Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 14:53:19

Пекиннен Алматыға ұшатын ұшақ Пекиннен түнде ұшады. Алматыға таң құлан иектеп ата бергенде жетеді. Түнімен ұшақтың бизнес класының жанға жайлы орындығында аяғыңды еркін созып, шалқалап созылып жатып, еш шаршамастан Алматыға жетуіңе болатын еді. Мұндағы қызмет көрсету де эконом кластан артық болатын. Әжетханаға кезекке тұрудың да қажеті жоқ болатын. Осы жағы маған қатты ұнайтын. Себебі ұшақ ішінде өтетін ұзақ уақыт ішінде мен, көбінеки, құлшылықпен болатынмын. Ол үшін асықпай-абдырамай, жуынып-шайынып, толық таһарат алғанды ұнататын едім. Сосын намазымды оқып болып ұзыннан-ұзақ тілеуімді бастайтын едім. Оның артынан нәпіл намаздарымды оқитын едім. Түн ортасында тахажжуд намазына тұратынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 15:20:48

Бизнес кластағыларға арналған арнайы жабдықталған күту бөлмесінде менен өзге адам жоқ еді. Атасынан ұялған келіндердей сызылған қытайдың қиғаш қастылары мұнда барлық жағдайыңды жасайтын. Қалаған сусыныңды беріп, тапсырыс берген кофеңді өз талабың бойынша дайындап беретін. Қытайдағы күтуші бикештердің жұмыс барысындағы назданып, сызылғандағы дауыстары маған сызылғаннан, назданғаннан гөрі ыңырсуға жақын болып естілетін де, соны естігенімнің өзінде қатты жайсызданушы едім. Кілең он алты мен он сегіз арасындағы бірінен-бірін айыруға болмайтын жас қыздарды қытайдың қайдан табатынын білмейсің. Әйтеу, мен көргелі бері бұлардағы осындай ортада қызмет жасайтын қыздардың жасы жиырма бестен асқанын көрген емеспін. Ал сонда жасы егделей берген қыздарды қайда жібереді екен, ә? Мыңнан талдап, түменнен іріктеп алған кілең әдемі өңді қыздардың тек осындай күтушілік қызметтерге ғана жегілетіні түсініксіз еді. Демек, Ислам ғұламаларының айтатын уағыздарының бір дәлелі осыдан-ақ көрінетін болса керек. Әйел затының құқығы мен мәртебесін тек қана Ислам бере алатынын мен осы сықылды өзім көрген, ұшыраған, бетпе-бет келген сансыз құбылыстардан біліп келе жатқан едім. Адасқан адамдар, шынында, бақытсыздардан еді. Өз бақытын Ислам ішінен емес, Ислам сыртынан іздеушілердің барлығы да ең соңында өкінішке қалатыны шындық еді...

Ұшақтың ұшатын уақытына дейін мұнда менен өзге адам болған жоқ. Демек, билеттің соншама қыс болғаны да өтірік еді. Бағаны осылайша қолдан өсіру құбылысы Алматы мен Астанада көп болған мен үшін таңсық құбылыс еместұғын. Себебі, Алматы ұшақ және теміржол кассаларында қашан барсаң да билет жоқ болатын. Оған 15 жылдың алдында-ақ көзіміз үйреніп кеткен еді. Бұл бізге аса қалыпты құбылыс қана болып сезілетін. Құдайға шүкір, соңғы жылдарда, билет сатуға арнайы ашылған кассаларда билет бар болып шығатын болып жүр. Мұның өзіне де үйренісе алмай біраз уақыт жүргеніміз бар болатын. Кассадан алған билетімізге сеніңкіремей жүрген кезімізді ойласам күлкім келетін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 15:41:26

Ұшаққа шыққанда көп нәрсеге көзім жетті. Себебі, қымбат бағада сатылатын бизнес кластың билеті қаншалық қымбат болғанына жарай, ондағы қызмет өтеу де соншалық бөлекше болатын. Қарапайым бөлмеде отыратын, арзан бағаға эконом билетін алғандар ұзыннан-ұзаққа кезекте тұрғанда, қалталыларға арналған бизнес кластағыларды арнайы бастаған қыздар мен жігіттер ұсақ-түйек жүгіңді көтерісіп, бейне, кинолардағы қошаметқұмар патшаларды айнала зыр жүгірген атқосшылары мен қошаметкерлері құсап, алды-артыңды ойқастап, елден ерек құрметпен арнайы жолмен, кезексіз түрде, ұшаққа шығарып салатынын қайтерсің?! Бұларын оншалықты ұната қоймағаныммен, ұшаққа шыққанда барып жұмсаған ақшамның текке кетпегенін білдім. Егер мынау әуежай болмағанда, мына алда тізіліп тұрғандар ұшақтар болмағанда, мен мұны баяғының баяғысындағы оқушы күніміздегі Үрімжі теміржол вокзалы екен деп қалатын едім.

Шаған мерекесі байланысымен Үрімжі вокзалында ауылдарына қайтқалы тұрған құмрысқадай құжынаған, жыртылып айырылатын қалың қытай жұмыскерлерін көз алдарыңызға елестетіңіздерші?! Себебі, мұнда соның аумаған ұқсас түрі тұр еді. Мұндағы алпыншақ-салпыншақтарын көтеріп алған, у-шу болған, ары-бері сабылысқан адамдар Пекиннің Шоуду әуежайының шырқын бұзып тұр еді. Себебі, әуежайда мұндай адамдарды әдетте көре алмайтынсың. Тәртіп сақтауға арнайы шақырылған сақшылардың өзі мұндағы ұшаққа шығуға жиналған жұрттың бөгде жолаушылардан басқаша қауым екенін білдірсе керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 16:21:31

«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» деген атам қазақ киім киіністің өзі-ақ көп нәрсені аңғартатынын ертенің ертесінде-ақ айтып кетсе керек. Адамның келбеті мен киінісі оның ішкі жан дүниесін дәлме-дал көрсете алмаса да, кем дегенде, оның қоғамдағы орны мен ауқатының қай деңгейде екенін көрсетсе керек. Әрине, мойындауымыз керек, бұл тек қоғамдағы көп санды адамдарға ғана арналған акциома. Бұл шындыққа көне бермейтін, келе бермейтін, сырт келбетіне мән бере бермейтін адамдар да болатыны шындық, әрине, бұлар оның сыртында. Жаңағы қара нөпірдің салтанатты әуежайдағы сымбатты киінген басым көпшіліктен мүлде өзгешеленіп тұрған өте жұпыны сырт киімдерін есепке алмағанның өзінде, олардың жанталасы, бірін-бірі итерісіп, бірімен-бірі керілдескенінің өзі-ақ, олардың қоғамдағы қай дейгейдегі адамдар екенін бірден айқын көрсетіп тұр еді. Демек, менің сапарластарым осы кісілер болатын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 16:46:21

Ұшақ межелі мерзімінде ұшқан жоқ. Орындарына жайғасып алған жолаушыларды әлденеше мәрте алдаусыратқан ұшақ бикештері соңыра ала айтар сылтаулары таусылғанын біліп, мүлде үндемеуге көшкен еді. Арт жақтағы эконом кластағылар жайғасқан бөлмеден жаңағы мазасыз қауымның улап-шулаған дауысын басуға, тәртіпке шақыруға мұндағы бикештердің шамасы мүлде келмей қалған болатұғын. Қытайдың ортақ тілінде емес, мен мүлде түсінбейтін бір акценттерде сөйлеген мына жұртқа мен де таң-тамаша болып отырған болатынмын. Қытайдың қай өлкесінен екендіктерін сөйлеген тілдерінен байқайын деп қаншама құлақ түре тыңдасам да еш нәтижесі болмаған болатын. Бұл сұрағымды бикештерден сұрағанымда, олардың да мүлде білмейтінін естіп мен онан арман аң-таң қалған болатынмын. Демек, бұларың қазақ баласы мен түгілі, қытайдың өзі де біле бермейтін бір қауым болғаны шын еді, соған қарап, дамымаған бір өлкенің қиырындағы адам бармайтын бір тау қуысындағы ауылдардың пенде білмес акценттері екенін пайымдадым.

Ұшпайтын ұшақта отыра-отыра жамбас та сыздаған еді. Ары-бері жүруге тыйым барын білсем де, әдейі арт жаққа орналасқан эконом клас бөлмесіне қарай тарттым. Кастюм-шалбарым, галстук-жейдем, бәтеңкем тұтасымен Италиянікі еді. Қытайдың көлкілдеген кастюмдарына қарағанда, иығы иық болып қабысып тұратын, белі белге құп келген, жеңі ұзын да емес, қысқа да емес, іштегі ақ жейдесі екі елі асып тұратын италиялық үлгідегі киім-кешекті қазақтың аю мүсінді алпамса жігіті киіп шыға келгенде, құжынаған қытай ішінде елден ерек көрінетіні шын еді...

Жаңағы шулаған топ мені көрді де бірден басыла қалды. У-шудың сап басылғанын көріп мен де аң-таң болдым, маған қарап олар да аң-таң болды. Бұл жағдайға қарап, жаңадан бері шырылдап жүрген әуебикештері де аң-таң қалды. Бір мезет ұшақ іші құлаққа ұрған танадай бола қалды. Ең алдыда отырған біреуі төсқалтасынан паспортын алып маған ұсына берді. Мұның бұл қылығын түсінбесем де, таңсық көріп, ұсынған паспортын көрдім. Су жаңа паспорт. Бұрын ешқайда, еш мемлекетке шықпаған адам. Ал, алған визасы-Қазақстан Республикасына 20 күндік қысқа мерзімге саяхаттауға баруға ғана арналған саяхат визасы, ресми тілмен айтсақ, туристік виза.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 16:57:42

– Қайда барасың, – дедім оған Пекиннің ортақ тілінде.

–А ке чю биң, – деді ол кібіртіктеп әр сөзін болып айтып. Қазақтың батыстағы мұнайлы өлкесі Ақтөбені қытайлар осылай атайтын болған еді. Бұған да құрығыр құлағымыз үйренісіп келе жатқан болатын.

– Неменеге барасың? –дедім мен жалғастырып.

– Жұмыс жасауға, ақша табуға, – деді қазақ еліне «саяхаттап» барғалы отырған жүдеу өңді, жұпыны киімді қытай жігіті.

Демек, барлығы бірден айқын болған еді. Қазақ пен Қытай ортасындағы келісімдерге сай, тек, аса зәру мамандықтағы адамдардан тыс, барлық қара жұмысты Қазақстан азаматы істеуге тиіс болатұғын. Ал, жаңағыдай аса зәру Қазақстан аумағынан қажетті мамандары табылмаған салаларға ғана Қытай жақтың маманы жұмысқа тартылатын еді. Оның өзінде, еңбек минстрлігі тарапынан берілетін арнайы шақыртумен, арнайы визамен арнайы «Қазақстан Республикасында жұмыс жасауға құқылы» деген құжат арқылы ғана іске асатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 16:58:48

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-24 17:29 да өзгерткен

– Қанша мерзімге бара жатырсың? -дедім онан.

– Бір жылға, – деді ол маған жаутақтап қарап. Оның түрі-түсінен, жауап қайтарғандағы барлық болмысынан аса аңқау ауыл адамы екені мен мұндалап тұрған еді. Ел мен ел ортасындағы, мемлекет пен мемлекет ортасындағы жаңағыдай келісімдерді мұның білмейтіндігі көрініп тұратын. Демек, арзан еңбеккүшті шетелге саудалап, ортасынан қыруар ақша жасап, шаш етектен пайдаға кенелетін адам делдалдарының қазақ пен қытай ортасындағы мұнай қазу саласында да бой көрсеткендігі бесенеден белгілі еді. Ал, бұл Қытай Халық Республикасының қатысты белгілемері мен заңдарына қайшы келетін қылмыстық әрекет болатын. Қытай кеденшілері мұндай бассыздықтармен қатал күресетін. Өзім куә болған талай оқиғалардың бірінде, Қорғас пен Алатау кедендері мұндай заңсыз жұмыскерлерді ары қарай қазақ жаққа жібермей тосып қалып жататұғын. Ал, атағы алатаудай, бір елдің астанасы Бейжіңде бұған ашықтан-ашық жол беріп отырғанына аң-таң қаласың. Әрине, бұлардың паспорттары шын, визалары да шын еді, тек, осы тұрғысынан алғанда, бұларды кеден қызметкерлерінің тосуға қақысы жоқ болатын. Мына визаларымен бұлардың қазақ жерінде «саяхаттап», жиырма күн ішінде кері қайтуы қажет болатын. Өкініштісі, бұлар саяхаттауға, серуендеуге бара жатпаған еді. Демек, Қазақстан жағында да арнайы бір топ адамдардың осы жұмысты меңгеріп отырғандығы шын еді. Болмаса, сыртқы істер министрлігі, көші-қон департменті сықылды сан сүзгіден аман-есен өткен мына саяхат визаларын берерде, Бейжіңдегі қазақ елшілігінің тым құрмаса, бұлардың арғы-бергісін тектеуге құқы бар еді ғой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 17:47:26

–Визаңның 20 күндік қана екендігін, оның үстіне, визаңның сипаты саяхат визасы болғандықтан, Қазақстан Республикасында жұмыс жасауға құқылы емес екеніңді білемісің, – дедім мен оған ыждағатпен түсіндіріп. Ол аң-таң болып басын шайқады.

–Сен 20 күн ішінде кері қарай, яғни, Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына қайтуың керексің. Себебі, Қазақстанда 20 күн ойнап-күлуге, саяхаттауға ғана арналған мына визаны сен онан ары ұзарта алмайсың, заң бойынша, ерекше жағдай болмаса, ауру-сырқау, жарақаттану сықылды құбылыстар болмаса, саяхат визасы ұзартылмайды, сен, тіпті бір жылға қалып еңбек етпек түгілі, артық бір күн де тұра алмайтыныңды білемісің, – дедім мен оған. Мұны естіген қалған қара нөпір қайтадан шулап сала берді. Жапа-тармағай паспорттарын алып шығып маған ұсынып жатты. Ерінбей, бір-бірлеп көріп шықтым, барлығы тұтасымен осындай визалар екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 18:22:44

Демек, ұшақты толтырып отырған мына жұрттың тұтасымен алданғандығы шын еді. Тау қуысындағы ауылдарынан ұзап шықпаған аңқау жігіттерді Алматыда не күтіп тұрғандығы маған белгілі еді. Бұлардың заңсыз визаларын заңдастыру үшін бұларды екі араға тасып арам ақша жасап жүргендердің нағыз тояттайтын кездері де сол кезде басталатын. Бара-сала тіркеуге отырғызуды сылтауратып бір сыпырады. Әрине, тіркеуге отырмауға амал жоқ. қалтасындағысын тақыр-таза қағып болған соң, бұларды ең ауыр еңбектерге салады. Әрине, бұлардың жалақылары төмен болмайды. Бірақ 20 күн өтер-өтпестен, бұларды Қазақстанның көші-қон сақшылары келіп ұстап кетеді. Аса таныс, аса белгілі, ойналғанына 20 жылға жуық болған осы сценарий осы күнге дейін өзгермей қайталанып келеді. Сосын араларындағы алдын-ала дайындалған бір пысықайы бұларды Қазақстанның сотынан «құтқаруға» кіріседі. Демек, тағы да қыруар ақша деген сөз. Жат ел, жат жұртта, табан ет, маңдай терімен тапқан азғантай нәпақасын жаңағы делдалдарға беруге мәжбүр болады. Оның қаншасы қазақтың парақор сақшыларына, қаншасы қазынаға, (мүмкін, қазынаға бір тиын да түспеуі мүмкін. Себебі, мұндай «делолар» ешқашан тіркелмейді), қаншасы жаңағы делдалға кеткенін ешкім де білмейді. Сөйтіп, бұлардың ішіндегі қалталы біразы, қомақты қаржыны төлей алғаны қазақ заңдарын белшесінен басып, «саяхат визасынан» асқан шеберлікпен өзгеріп, «еңбек визасын» алып шыға келеді. Сосын, алаңсыз түрде, армандаған ақшасын жасай бермек. Ал, қомақты параны бере алмаған сормаңдай бір тобы сор қуып келген сорлылықтарын мойындап, тақыр-таза алданып, қарызданып-құрызданып Қытайға қайтуға мәжбүр болады. Ауылға қайтқасын да олардың арыздануға шамалары болмайды. Себебі, шетелдегі «заң бұзғандықтары туралы» жаңағы делдалдар бұларға қатаң ескертулер беріп тастайды, демек, өз дертін өзі ғана білген бір тобы Қытайдың өзінде де арыздануға қорқатын болады. Сонымен, бұл сценарий ары қарай жалғасын таба береді, таба береді...

Қазақтың бандыдан парықсыз парақор сақшыларының жаман дақпырты осылайша күллі халықараға танымал болатұғын. Ал, қазақ пен қытайдың одақтасқан делдалдары осы арқылы үнсіз-түнсіз қыруар ақшаны жасап, шетелдерден саяжайлар алып, Швейцарияға миллиондап арам ақшаларын жасырып, өз елінде, өз жерінде екі қолға бір жұмыс таба алмай, аштықтан бала-шағасы шиқылдап отырған қазақтың жігіттерін келемеждей күліп, алшаң басып жүре беретін еді. Қазақтың Үрімжідегі және Бейжіңдегі елшіліктерінің алдында сапырылысқан қазақ ала алмайтын визалардың, аяқ астынан «таусылып қалатын» визалардың нағыз шынайы сыры осы болатұғын. Ауық-ауық ауысып тұратын елшілеріміздің елші емес, саудагер екенін, саудагер болғанда да, ұлтының мүддесін секунд сайын мың мәрте сатып тастайтын нағыз ұятсыз саудагерлер екенін мұндағы жұрттың бірі білсе, бірі біле бермес-ау...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 19:32:46

Қазақстаннан нан тауып жеп, бала-шағасын асырап жүрген қырғыздар мен өзбектерге, тәжіктерге, ресейлік орыстар мен украиндерге, әзірбайжандарға, армендерге салыстырғанда, мынау сықылды арнайы топ-тобымен ұшақ арқылы тасымалданатын еңбеккүштердің үлкен айырмасы бар еді. Бұлар қазақтың «екінші Швейцария» атанған құт мекендеріне, Баянауыл мен Бурабайға, Кемпіркөл мен Сексенкөл-Сабындыкөлге, Оқжетпеске, шығыстағы Қатонқарағайға, оңтүстіктегі Сарыағашқа немесе түбі бір түркінің рухани астанасы Түркістанға немесе айтып тауысуға ғасырлаған уақыт кететін қазақтың жәннәт сынды асыл мекендерін тамашалауға, сайрандауға, саяхаттауға бара жатқан жоқ болатұғын. Бірақ қолдарындағы Қытай паспортына жапсырылған қазақтың саяхат визалары арқылы қазақтың Ақтөбесіне «саяхаттап» бара жатқандардың барлығын тұтасымен алданғандар деудің өзі қисынға сыймайтын еді. Заңсыз болса да, нәпақа табу үшін тәуекелге бел буғандардың да бар екені шындық. Ал қазақтың мұнайға бай батыстағы үш өлкесінде осы уақытқа дейін шетелдің осы тектес заңсыз жұмыскерлерімен жергілікті қазақтардың арасында болған дау-дамайдың сонау замандардан басталып, қазірге дейін, басылғанның орнына үздіксіз өршіп келе жатқаны көзі ашық ғаламтор оқырманына бейтаныс дүние еместұғын. Ал қазақтың мұнайлы өлкелерінің бірінің тізгінін ұзақ уақыт ұстаған орыстың ең соңында барлық қазақтың аузын аңқайтып, Ресей азаматтығын жасырын түрде алып алғанымен қоймай, қазақтың білдей бір облысын басқарып отырған әкімдік қызметте ұзақ жыл отырғанын ескерсек, істің анық-қанығын оп-оңай түсіне қойған болар едік. Демек, «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген ата-баба аманатын бүгінгі қазақ билігі түсінер емес, түсінгісі де келмейді. Себебі оларда ұлттық мүддеден гөрі, қарын мүддесі басым екені баршаға аян. Себебі қарын мүддесі ұлтқа, ұлысқа айырылмайды ешқашан!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 19:45:34

Улап-шулаған көпті артқа тастап шуаш иісі, қолаңса иісі, пияз иісі, аздап арақ иісі қосылған, біріккен құрама жаман иіс мүңкіген эконом клас бөлмесінен сытылып, ұшақтың алдыңғы жағына орналасқан өз орныма келіп жайғаса бергенімде, екі-үш адам сүйемелдеп әзер шыққан бір еуропалық ақ нәсілді жігіт, Қазақстанда қалыптасқан үрдіс бойынша айтсақ, еуропейст жігіт ұшаққа кіріп келген еді. Кіріп емес-ау, кіргізген болатұғын. Оның аузынан мүңкіп тұрған арақ иісінен қатты жиіркеніп кеткен едім. Демек, халықаралық рейстің өзін межелі мерзімінен кешіктіріп, осыншама тосқызғанына қарағанда, оның жай адам емес екені бірден белгілі болатұғын. Әуебикештерге қайта-қайта тапсырғыштап кеткен үшеудің де жай адамдар емес екені киіністерінен, сөз-әрекеттерінен білініп тұратын. Қалай болмасын, халықаралық рейсті кешіктіруге құқықтары жететін дөкейлер екені белгілі еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 21:48:28

Жігіттің түрі-түсінен орыс екендігі шығып тұр еді. Қазақстандағы орыстардың Ресейдегі орыстардан көп айырмасы бар болатын. Соның бірі – бұлардың өңдері Ресей орыстарынікіне қарағанда қоңырқай тарта бастаған болатын. Шаштары да қара мен қоңырқайға бейім еді. Бойлары да азияттар құсап бара жатқан болатұғын. Осы ерекшеліктеріне қарап оның қол баққан орыс екенін бірден пайымдаған едім. Айтса айтқандай, орыс орнына отырар отырмастан әуебикештерден сыра сұрады. (Әуебикешті, мүмкін, «ұш-бике» деп алсақ, тіпті дұрыс болар. Үш емес, ұш! Арлы-берлі ұшып жүреді ғой! Орысша: стюардессы деп алғаннан жақсы емес пе?!)

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 21:58:00

Сенделектеп ұшаққа әзер шыққанына қарамастан, мұның есі дұрыс еді. Ұш-бикені арлы-берлі мазалап жүріп, бір демнің ішінде бес-алты шишаны босатып тастады. Сосын, орыстардың ежелгі салтына басып, қыздарға қылмыңдай бастады. Қатынынан бес қадам алыстаса, өзін бойдақ сезінетін ақ нәсілділердің ұятсыздығы осындайда ашыққа шығатын еді. Онысын романтика деп жасырып-жапқандарымен, шын мағынасында, зинақорлық екені ақылды адамға белгілі дүние болатын. Менің бұл алқашты соншама бақылап отыруымда гәп бар болатұғын. Себебі, жоғарыдағы айтылған арзан еңбеккүштердің шекара аттап саудалануына осының қатысы бар ма екен деп ойлап отырған болатынмын. Ойлағаным теріс кетпеген екен! Онсыз да қылмыңдап, тіленіп, байсырап болмай тұрған қытайдың қызына бөсіңкіреп жіберген орыстың жігіті осы ұшақтағы барлық адамды жалғыз өзінің жұмысқа әкетіп бара жатқандығын айтып салды. Орыс пен қытай одақтасқан арам тірліктің ар жағында, өз жерінде өзі жұмыссыз отырған қазақтың қаншама қара домалағының есесі кетіп бара жатқандығын ойлап, менің ішім ыза отынан өртенді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-25 16:51:39

Есіме ертеректе шетелде жүргенімде, атышулы Бен Ладеннің бейне таспалары мен мәлімдемелерін жариялау арқылы араб әлеміне ғана емес, күллі адамзатқа атағы жайылған Катар мемлекетінің атақты «Әл-Жазира» телеарнасының бір хабары түсті. Онда Ираққа өз отандастары жағынан алдап апарылған қытайлардың Ирақтағы леңкестер жағынан барымтаға алынғандығы жайлы хабар берген болатын. Кейін Қытай жағы берген ақпараттарға қарағанда, бұлардың барлығы лаңкестердің қолынан тұтасымен аман-есен құтқарылған екен. Қытай деректерінде айтылуынша, Қытайдың шығысындағы Фужян өлкесінің қиырдағы шет ауылдарынан шыққан осы жеті еркек кісі саудалағыш «жыланбастардың» алдауына түсіп, онсыз да жарылыстар мен соғыстар толастамай, отқа оранып отырған Ираққа жұмыс істеп ақша тапқалы келгендер екен. Демек, келуден бұрын, бұлар Ирақтың қандай ел екенін де білмеген ғой, болмаса, есі дұрыс адам бейбіт ортадан қашып, қырғын соғыс ішіне келер ме еді? Жыланбас (蛇头) – қытай тіліндегі осы тектес адам делдалдарының лақабы. Атынан заты білініп тұрғанындай, бұл жыланбастардың қуатты болғаны соншалық, олар Қытай ішінен бастау алып, әлемнің кез-келген еліндегі заңсыз ұйымдармен төте байланыста болады. Әрине, Қытайдың заң органдары ежелден бұлармен қатты айқасып келеді, бірақ, соның өзінде де заңсыз жұмыскерлерді шетел асыру жұмысы тоқтаған емес. Себебі, шетелге барып жұмыс істеп, ырғын байлыққа кенелу туралы жыланбастардың жасырын жасаған жарнамалары Қытай билігінің бұларға қарсы ашық үгіттеріне қарағанда, қараңғыдағы надан қауым үшін өтімді еді. Негізінде, адамзат тарихындағы аса ашынышты оқиғалардың легі де осы тектес жыланбастар жағынан сонау ХVIII ғасырда-ақ Қытайдың оңтүстік өлкелерінде жасалынған болатын. Мұның өзі Қытай тарихындағы аса ашынышты беттер болып қалғаны шын. Африкадан қара негрлерді зорлықпен тасыған ақ нәсілді еуропалық зорекерлер үшін алғанда, Оңтүстік тынық мұхит аймағындағы жаңа отар жерлеріне егін егуге, бау-бақша өсіруге қытайлардан артық арзан еңбеккүш жоқ еді. Сонымен, ең алғашқы заңсыз еңбеккүштердің жасырын түрде шетелге саудалануы осылай басталғантұғын. Мұнымен қатар жаңадан ашылып, дамып-өркендеп келе жатқан Америкадағы барлық темір жолдардың жатқызылуында Қытайдың оңтүстік теңіз жағасынан зорлықпен тоналып әкетілген немесе арзан бағаға сатып алынған «торапайлардың» қаны мен көз жасы, оған қоса тері төгілгені шын еді. Батыс қоғамындағы бүгінгі баяшат тұрмыстың түп тамырында азиялық және африкалық сормаңдай «түсті терілі» халықтардың қор болған өмірлері жатқанын кейінгі жұрт ұмытпағаны жөн.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)