Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пневмоторакс.

Өкре тінінің зақымдануы кезінде плевра қуысына ауаның шығуы өкпенің қысылуын, дірілін щақырады.

Пневмоторакстың негізгі клиникалық белгілері:

Аускультативті- везикулярлы тыныстың әлсіреуі және жоғалуы. Перкуторлы- тимпанит анықталады.

Тері астылық эмфиземаның болуы- плевра қуысында қысымның жоғарылауында ауа қабырға бөлшектерімен зақымдалған париетальді плевра арқылы тері асты қабатына өтеді (тері астылық эмфизема), ал көкет аралықтың зақымдануы кезінде тері астылық эмфизема біріншілік қабырғалар зақымдалған орын астында түзіледі, ал мойын аймағында пальпаторлы тері астында ауаның «жалжуы»ғ аускультативті- «қар сықыры» анықталады. Тері асты эмфиземасының өлшемдері жергіліктіден толыққа аяқтарға, мойынға, бетке, дейін әр түрлі (сурет 5).

Пневмоторакстың рентгенологиялық белгілері-

· Тері астылық эмфизема- қорытынды рентгенограммада «қабатталған қамыр» түрінде көрінеді (сурет 6), толық тері асты эмфиземасында қабырғалар құрылымы, өкпе тіні нашар жіктеледі, үлкен кеуде бұлшықеті бойымен радиальді «сәулелер» анықталады (сурет 7).

· өкпеліе суреттің жоғалуымен «ағару» аймақтары (сурет 8)

· өкпе шеті анықталады (сурет 8).

 

 


Сурет 5. Дене, мойын, беттің толық тері асты эмфиземасымен науқастың типті түрі.

 

 


 

 


Сурет 6. Кеуде қуысының қорытынды рентгенограммасында пневмоторакс кезіндегі тері асты эмфиземасы.

 
 

 


Сурет 7. Толық тері асты эмфиземасы кезіндегі қорытынды рентгенограмма. Қабырға құрылымдары, өкпе тіні нашар жіктеледі, үлкен кеуде бұлшықеті бойымен радиальді «сәулелер» көрінеді.


 

       
 
   
 

 


Сурет 8. Пневмоторакс кезінде қорытынды рентгенограмма:

Сызықтармен өкпе суреті және өкпе шеті жойылған «ағарған» бөліктері көрсетілген.

Ашық пневмоторакс кезінде плевра қуысындағы ауа жара арқылы атмосфералық ауамен байланысады. Біріншілік дәрігерге дейінгі көмек ретінде жедел жәрдем дәрігерлері жараға стерильді ауа өткізбейтін таңғыш салады. Стационарлық жағдайда жараны БХӨ жүргізіп, герметикалық тігіс салады.

Теріасты эмфиземасының үлкен аймаққа жайылуы,ентікпе, тахикардия ішкі қақпақшалы пневмоторакстың дамуын дәлелдейді. Бұл кеуде қуысы жарақаттарының ішіндегі ең ауыр пневмоторакс түрі. Әр дем алған сайын өкпе тінінен плервра қуысына сорылады,ал дем шығаруда қақпақша жабылады да қысым жоғарылап, көкірек қуысының қан тамырлары қисайып, ығысады – кернеулі пневмоторакс. Тыныс және жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі дамып, плевропульмональді шок дамуына қауіп төнеді. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайды көпке созбай қарқынды емді тез арада бастау керек, біріншілік көмек ретінде плевра қуысын Петров әдісімен дренаждау, ал стационарға жеткізілгеннен кейін Бюлау дренажына ауыстыру қажет.

Плевра қуысын Петров бойынша дренаждау. Көрсеткіш – кернеулі пневмоторакс. Шұғыл түрде жасалады. Теріні және астында жатқан тіндерді антисептикалық ерітінділермен /спирт, вокадин, т.б./ өңдегеннен кейін, новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтративті жансыздандыру жүргізеді. Жуан инені түтікшеге жалғастырып, екінші ұшында қақпақшасы бар және су немесе физ.ерітінді құйылған ыдысқа салынады. Бұғана орта сызығы бойынша II қабырға аралықпен төменгі қабырға үстінен жуан инені плевра қуысына дейін еңгіземіз /9-сурет/. Осылайша кернеулі пневмотораксті аздап қауіпсіз жабық пневмотораксқа айналдырамыз. Арықарай науқасты стационарға жеткізеді. Ол жерде Петров дренажы Бюлау дренажына ауыстырылуы мүмкін.

 
 

 


9-сурет. Плевра қуысын Петров бойынша дренаждау.

Гемоторакс – плевра қуысына қанның жиналып қалуы – сонымен қатар кеуде қуысы жарақаттарының біріншілік асқынуы болып табылады. Қан ағу көзі болып, қабырға аралық немесе қабырға ішілік артерия, зақымдалған өкпе тінінің тамырлары. Жалғасып жатқан қан ағу кезінде қан басында ұйыйды содан кейін дефибрилизация және фибринолиз нәтижесінде, сонымен қатар плевра қуысынан бөлінген серозды экссудатпен араласып, қайта сұйық күйге айналады.

Жиналған қанның көлеміне байланысты: аз гемоторакс / 500мл дейін/, орташа /500-1000мл/, және үлкен / 1000мл жоғары/. Кей жағдайда қан ұйындылары сұйылмайды, мұндай гемотораксы ұйыған гемоторакс деп атайды. Плевра қуысындағы жиналған қан іріңдесе инфицирленген / іріңдеген/ пневмоторакс деп атайды.

Клиникалық түрде аз пневмоторакс анықталмайды және 10-12 тәулікте өздігінен шешіледі, егерде инфицирленбесе. Диагностикада кеуде қуысының рентгенографиясы көмектеседі, науқасты арқасынан жатқызған күйде /зақымдалған жақта өкпе тінінің мөлдірлігі төмендеген/. Орташа немесе үлкен гемотораксте науқастың жалпы жағдайы жедел қан кетуге байланыста ауыр. Бозару, көгеру анықталады. Науқас мәжбүрлі жағдайда, яғни орташа отырған күйде. Тамыр соғысы жиі, артериялық қан қысымы төмен.

Гемоторакстің негізгі клиникалық белгілері:

· Аускультацияда – везикулярлы тыныс әлсіреген немесе мүлдем анықталмайды;

Гемоторакстің рентгенологиялық белгілері:

· Синустар проекциясында өкпе тінінің анықталмауымен «қараю» бөлікшелері – шектелген гемотораксте плевра қуысында қиғаш сұйықтық деңгейі /Дамуазо сызығы/ анықталады /10-сурет/.

 

10-сурет. Шектелген гемоторакс оң жақты.

Оң жақ синусында қараю,бағаршалармен Дамуазо сызығы көрсетілген.

 

Емдік тәжірибеде маңыздысы плевра қуысына қан құйылу жалғасуда / жалғасқан гемоторакс / немесе ол тоқтады / тұрақтаған гемоторакс /. Егер плевра қуысының пункциясынан алынған қан пробиркада ұйыса /Рувилуа-Грегуар сынамасы оң/, қан ағу жалғасуда, ал егер ұйымаса – тоқтаған. Сынама оң болған жағдайда гемостатикалық ем жүргізген дұрыс, ол нәтиже бермесе – торакотомияға көрсеткіш, қан ағып жатқан тамырға лигатура салынады өкпе жарасының ревизиясын жүргізеді. Алынған пунктатқа 4-5рет дистелденген су қосқан кезде лайланса, іріңдеген гемотораксті көрсетеді /Петров сынамасы/.

Гемопневмоторакс – Плевра қуысында бір уақытта ауа мен қанның жиналуы. Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы көлденең сызық бойынша плевра қуысының төменгі қабатында анықталады, ал жоғарғы қабатында – тимпанит. Рентгенологиялық плевра қуысындағы сұйықтық көлденең сызық бойымен анықталады /11-сурет/. Гемопневмотораксте іріңді-қабыну асқынулары 10рет жоғарылайды.


 

 


11-сурет. Гемопневмоторакс оң жақта.

Оң жақ синуста қараю, бағдаршалармен көлденең сұйықтық көлемі көрсетілген, қолтық асты ойығында тері асты эмфиземасы және үлкен кеуде бұлшыеті бойымен радиальді «сәулелер».

Өкпе соғылуы /контузия,ушиб/ өкпе ішілік гемотоманың дамуымен бірге жүреді, олар көлемене байланысты сегментарлы, бөліктік, ал ауыр жағдайларда – тотальді болады. Клиникалық көрінісі пневмонияға ұқсас – кеуде қуысында және сынған қабырға тұсындағы ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, дискомфорт, зақымдалған жақта қысылу сезімі, қан аралас жөтел және т.б. Салыстырмалы диагностикада маңызды рөлді рентгенологиялық тексеру және диагностикалық пункция алады.

Стационарда көмек көрсету. Стационарға түскен науқастың алдымен витальді өзгерістерін, жарақаттық және плевропульмональді шок белгілерінің бар жоқтыған анықтайды. Анықталған жағдайда шокқа қарсы ем жүргізеді. Ал анықталмаса, клиникалық тексерулер жүргізеді, яғни қабырға сынығының белгілерін және болуы мүмкін асқынуларын анықтайды. Содан кейін ретген тексеру жүргізеді.

Асқынулардың бар жоқтығына байланысты емдік тактика әртүрлі.

Асқынбаған қабырға сынығында бірнеше қабырға /1-3/ травматолог бақылауымен амбулаторлы ем жүргізіледі. Пневмонияның алдын алу үшін науқасқа анальгетиктер, антибиотиктер, қақырық түсіретін дәрілер, тыныс алу гимнастикасын, емдік дене шынықтыру тағайындайды.

Асқынбаған 4қабырға және одан да көп қабырға сынығында стационарға жатқызып динамикада бақылау керек. Ереже бойынша келесі күні рентгенографияны қайталау керек, кеш дамыған асқынуларды жоққа шығару үшін. Ары қарай рентгенографияны көрсеткіш бойынша жасайды. Сонымен қоса жарақаттан кейінгі пневмонияның алдын алу үшін науқасқа анальгетиктер, антибиотиктер, қақырық түсіретін дәрілер, тыныс алу гимнастикасын, емдік дене шынықтыру тағайындайды.

Асқынған қабырға сынығын емдеудің этаптары:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)