Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

РлыҚтаҒы ӘскерлердіҢ негізгі бӨлімдеріндегі еҢбек гигиенасы

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Бағалаудың негізгі сипаттамасы
  4. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары
  5. Кімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
  6. Курс қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы студенттеріне «Еңбек гигиенасы» пәнінен емтихан тест сұрақтары. 1 страница
  7. Курс қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы студенттеріне «Еңбек гигиенасы» пәнінен емтихан тест сұрақтары. 10 страница

 

Кіріспе. Мотоатқыштар, танктік және басқа әскер түрлеріндегі әскери еңбектің гигиеналық ерекшеліктері туралы айтпастан бұрын бұл ерекшеліктердің нені білдіретінін анықтау қажет.

Қандай да бір еңбектің «гигиеналық ерекшеліктері» түсінігіне адамдар өздерінің еңбек әрекетінде әсеріне ұшырайтын факторлар жиынтығы (жағымды және жағымсыз) жатады. Бұндай әсердің нәтижесінде адамдардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігі (яғни, жауынгерлерде соғыс қабілеттілігі) өзгереді.

Еңбек гигиенасында, жалпы әскери еңбекте көбінесе бірінші кезекте жұмысшылардың денсаулыған зиян келтіретін және олардың жұмыс қабілеттілігін (соғыс қабілеттілігін) төмендететін факторларға көңіл бөледі.

Сыртқы жағдайы адамдарға өзінің механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық, ақпарттық және басқа қасиеттермен әсер ететін қоршаған орта элементтерінің жиынтығынан құралады.

Механикалық факторларға машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөліктері, газдарды қолдану мен алу объектілеріндегі қысымды жарылыстарды жатқызуға болады.

Физикалық факторлар тобына қоршаулар мен ауаның жоғары және төмен температурасы, жарық, ультракүлгін сәулесі, жоғары жиіліктегі электромагнитті өрістер, лазерлік сәулелер, иондаушы сәулелер, электр тогы, шу, діріл, қатты толқындар, газды - жалынды ағымдар, тербелу, удеу, жоғары және төмен барометрлік қысым және басқалар жатады.

Химиялық факторларға ауадағы әртүрлі зиянды қоспалар, киім мен терінің бетін ластайтын заттар, әртүрлі сұйық отындар түрлері, антидетонаторлар, лактарды, бояуларды, майларды еріткіштер, қозғалтқыштарды шаюға арналған сұйықтықтар, зиянсыздандыруға арналған ерітінділер (уайт-спирит, скипидар, бензин, дихлоратан т.б.), аккумулятор сұйықтығы, отынның толық жанбауының өнімдері және басқалар жатады.

Биологиялық факторлаға жабық баспаналар мен тіршілік етудің басқа да объектілерінде жиналған респираторлық аурулар мен туберкулез қоздырғыштары, қан сорғыш жәндіктер, улы жануарлар т.б. жатады.

Ақпарттық факторларға байланыстың әртүрлі каналдары бойынша және басқару пульттерінен түсетін табло, аспаптар шкаласынан берілетін сигналдар жатады.

Әлеуметтік-психологиялық факторлар тобын мыналар құрайды: әскери-саяси жағдай, соғыстың мақсаты мен міндеттерінің әділдігі, ұжымның болуы, адамдар арасындағы өзара қатынас, бірге жұмыс істейтін және бірге тіршілік ететін адамдардың психологиялық сәйкестігі, адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіптіліктің болуы, жанұядағы өзара қатынас.

Еңбек процесіне әсер ететін факторларға орындаушының немесе топтың еңбек іс-әрекетін қамтамсыз етуге арналған тиісті техникалық құралдармен жабдықталған жұмыс орны құрылымының ұтымдылығы жатады. Техникалық құралдарға ақпараттық құралдар (сызбалар, индикаторлар, сигнал берушілер, пульттер, табло т.б.), басқару құралдары (қосқыштар, басқыштар, басқару аспабы, батырмалар және т.б.), жұмыс орнындығы мен әртүрлі қосымша құралдар жатады.

Еңбектің сыртқы факторларының жұмысшыларға әсер ету қарқындылығы мен бағыты көптеген жағдайларға байланысты, мысалы: климаттық-географиялық және ауа райы ерекшеліктері (жергілікті жердің рельефі, флора, фауна, ауданның сумен қамтамасыз етілуі және т.б.), тәулік пен жыл уақыты; тіршілік ететін объекті немесе жұмыс орны (ашық кеңістік, жылжымалы машиналарда, жұмыс бөлмесінде); жұмыс орнының сипаты мен жабдықталуы (ауданы және кубатура, жылудың болуы, жарық жағдайы, су құбыры мен канализацияның болуы), жұмыс орнының геометриялық көлемінің оператордың антропометрлік көрсеткіштеріне сәйкес келуі, жұмыс орнының тұрақтылығына; дірілдің, тербелістің, ауыртпалықтың болуына; жұмыс орнының жарықталуына, қабырғалар мен байқалатын аспаптардың боялуына; байқау жүргізілетін аспаптардың санына; басқыштардың, қосқыштардың және басқа басқару аспаптардың жағдайы, олардың физикалық күштерге қарсылығы және т.б.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы әскери еңбектің гигиеналық жағдайы жасанды және табиғи факторлардың көптігімен сипатталады. Бұл факторларды анықтау, олардың жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін білу және осы зиянды факторлардың алдын алу үшін дәрігерден жоғары біліктілік пен қажыр-қайрат талап етіледі. Еңбек пен демалыс тәртібін жақсарту бойынша ұсыныстарды дәрігер тек еңбек процесі мен еңбек физиологиясы және гигиена саласындағы теориялық ілімдерді терең игеруі негізінде ғана жасай алады.

Мотоатқыштар және танк әскеріндегі еңбек гигиенасы. Армияның жаңа техникалармен жоғары дәрежеде жабдықталуы танктік және мотоатқыштар бөлімдеріндегі жеке құрамның еңбек жағдайы айырмашылығын барынша азайтты. Жаяу әскерлердің әскери машиналарының болуы (бронетранспортерлердің, жаяу әскердің соғыс машинасы және басқа машиналардың түрлері) жеке құрамның қарсылас қаруының көптеген түрінің зақымдаушы әсерінен қорғануын күшейтті.

Өтімділігі жоғары тез жүретін бронды машиналарға әсер ете отырып, мотоатқыштар әскері үлкен қашықтықтарға марш жасауға, соғыс алаңында барлық қарулану мен техниканы пайдалана отырып тез маневр жасауға қабілетті, олар әскердің басқа түрлерімен әрекеттесе отырып соғыстың бір түрінен екінші түріне тез өтуге қабілетті.

Өркендеген техникалық жабдықталу мен күрделі міндеттердің көпшілігі денсаулық үшін сыртқы ортаның қолайсыз факторларының санының өсуі мен әсерінің күшеюіне әкеледі. Дегенмен, бұл факторларды тек қана мотоатқыштар әскеріне тән деп бөліп алу қазіргі уақытта мүмкін емес.

Негізінде, мотоатқыштар әскерінің құрамына кіретін танкистердің әскери еңбегінің сипаты бронды танк әскеріндегіден айырмашылығы жоқ; мотоатқыштар әскерінің құрамына кіретін артиллеристтердің әскери еңбегі артиллерия бөлімі мен бірікпелер ерекшеленбейді. Мотоатқыштардың әскери еңбегінің негізгі ерекшеліктері: жаяу әскер машиналарымен, бронды транспортермен және қарапайым машиналармен ұзақ қашықтықта марш жасау; жаяу көптеген бұзылған жолдар арқылы, жаудың қорғаныс бөлімдері арқылы өту; қарапайым атқыш қарулардан оқ ату, соның ішінде жабық кеңістіктерде; окоптарда және басқа қорғаныс бекіністерінде ұзақ уақыт болу т.с.с.

Әскери және транспорттық машиналарда, әсіресе ұзақ қашықтықтарға марш жасағанда экипаж бен десант физикалық және химиялық факторлардың кешенді әсеріне ұшырайды: тербелістер, дірілдер, үдеулер, шу, метеофакторлар, тозаң, оқ газдары және басқа.

Көрсетілген факторлардың, әсіресе ұзақ марштарда қосарланған әсерлердің салдары: тербелу, қажудың дамуы, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, жауынгерлердің соғыс қабілеттілігінің төмендеуі.

Транспорттық машиналармен қозғалыс кезінде жеке құрамның күшін сақтау үшін қозғалыс пен демалысты жақсарту қарастырылады. Қозғалыстың әрбір 2-3 сағаты сайын демалу үшін 20-30 минут үзіліс жасайды, тәуліктің екінші жартысының басында үлкен демалыс (2-4 сағат) жасайды. Аязды қысқы күндері әрбір 1,5 сағат сайын жасайды. Үлкен демалыстарда және күндізгі (түнгі) демалыс аудандарында жеке құрамға ыстық тамақ беріледі.

Жеке құрамды жаңбырдан, қардан, желден, тозаңнан газдан, күн инсоляциясының қарқындылығынан қорғау шаралары қарастырылуы тиіс. Жаяу маршты гигиеналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Қазіргі заманғы армияның жоғары механикалануына қарамастан әскердің қозғалыс мүмкіндігі, оларды әскери әрекет барысында транспорттың әр түрімен тасымалдануы шектеледі, ал кей уақытта мүлдем болмайды: көктем мен қыс жағдайында, үлкен қар көшкіндерінде, таулы және тасты жерлердегі әскери әрекетте, орманды, батпақты, шөлді жерлерде, жолсыз жерлерде. Бұндай жерлерде техникамен жабдықталу әбден шектелген. Шабуыл жасау үшін бұндай қиын өткелді жерлер кенеттен болатын жаудың соққысынан сақтану үшін өте қолайлы.

Дене жүктемесінің өсуі солдатқа үлкен күш түсіреді. Автоматтық қарудың жетілуі мен дамуы патрон санын көбейтеді. Гранаттан, қарудан, патроннан басқа мотоатқыштың толық әскери жабдығына мыналар жатады: далалық жабдық комплектісі, (иыққа асатын тартпа (лямка), гранат және патрон салынған сумка, фляга т.б.): арнайы қапшықта жалпы әскери қорғаныс компоненті, азық-түліктің артық қорын салатын қапшық, қазанша, кружка, плащ-палатка, іш-киімдер, шинель, газқағар, химиялық заттарға қарсы және таңу пакеттері. Экипировкаға сонымен қатар арнайы әскери киімдер мен аяқ киімдер жатады. Бұлардың барлығының салмағы шамамен бір адамға 30-35 кг (әскери жабдықтардың өсуіне байланысты десант әскерлерінде оның салмағы 40-42 кг), бұл гигиеналық нормадан әлдеқайда артық. Норма бойынша жүктің салмағы адамның салмағының үштен бірінен – 1/3 аспауы керек.

Энергияның бөліну шамасына мен жүктің орналасуына дененің ыңғайсыз жағдайы да әсер етеді. Жүк кеуде клеткасын қысады, қан айналымын қиындатады, бұлшық ет тобының уақытынан бұрын қажуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, жорық жабдықтары дененің шамамен 70% жаба отырып, жылу бөлу мен дененің бетінен булануды қиындатады. Жаңбыр күндері киімдері суланады, оның салмағы 3-5 кг-ға артады. Су болған киімдер жүріс кезінде жылудың берілуін қиындатып, демалыс кезінде тез тоңазуды тудырады.

Жорық жабдықтарының дененің әр бөлігінде орналасуы келесідей: арқа мен белдемеде 50 %, оң жақ иық – сол жақ бүйір және сол жақ иық – оң жақ бүйір – шамамен 15-19 %-ке дейін, белде – 5 %-ке жуық, қалғандары кеуде клеткасының алдыңғы жағында. Арқа мен бел шамасындағы салмақтық күш түсу кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы күштен 2-3 еседен аспауы керек. Бұндай жағдайда ауырлық түсу орталығы омыртқа сызығы бойынша өтеді және қажу жай дамиды.

Маршты гигиеналық қамтамасыз ету дайындық кезеңінен және маршты жетілдіру кезеңінен тұрады. Дайындық кезеңінде дәрігер қысқа және ұзақ демалыс орындарын, тамақтану мен химиялық барлау сұрақтарын, жүру маршруты бойынша дозиметрлік бақылауды және басқа да жұмыстарды жоспарлайды. Бұл кезеңде маршқа 1,0-1,5 сағатқа дейін жеке құрамның әбден тамақтанып алуын ұйымдастырады; әлсіреген және науқас адамдарды анықтайды; киімнің климатқа және ауа – райына сәйкестігін бақылайды және т.б.

Неғұрлым қиын және шаршататын марш – қыста, шөл далада, тауда, түнгі марш.

Темір жолмен қозғалыста жеке құрамға мынадай қолайсыз факторлар әсер етеді: жабық вагондарда ұзақ уақыт болу, адамдардың көп жиналуы, демалу үшін, дене мен киім тазалауға, тез бұзылатын тамақтарды сақтауға толық жағдайдың болмауы, сумен және ыстық тамақпен жүйелі түрде қамтамасыз етілмеуі. Әскери эшелондар эпидемиологиялық тұрғыдан жайсыз өйткені елді-мекендерден өткенде жергілікті халықпен, соның ішінде жұқпалы аурулары бар адамдармен байланысуы мүмкін. Сондықтан тасымалдау кезеңінде профилактикалық шаралардың маңызы зор. Егер әскери эшелонда жеке құрамның 2% бірдей инфекциямен, 5 %-ті әртүрлі инфекциямен ауырса, сонымен бірге оба немесе басқа да аса қауіпті инфекциямен бір ғана адам ауырса, әскери эшелонды обсервациялық пунктке жібереді.

Бөртпе сүзекпен бір адам табылғанның өзінде вагондағы жеке құрамды жақын станцияларды толық саниатрлық тазалаудан өткізіп, вагонға дезинфекция жасайды.

Әскерді су және авиация жолымен тасудың да өзіндік ерекшеліктері бар және ол жеке құрамға сәйкес санитарлық-гигиеналық және медициналық шараларды жүргізуді талап ететін қолайсыз факторлар әсерімен байланысты.

Танкистердің еңбек гигиенасы. Танкистерге келесі қолайсыз факторлар әсер етеді:

1. Жұмыс орындарының шағындығы және осымен байланысты қозғалудың шектелуі: танктың жалпы көлемі 4 м3 (командир 0,8 м3, наводчик – 0,8 м3, зарядтаушы 1,6 м3, механик-жүргізуші 0,8 м3).

2. Метал қоршаулардың болуы соққылар мен жарақаттардың қауіптілігін туындатады.

3. Қолайсыз температуралық әсерлер, бронның ысуы, әсіресе оңтүстікте, қыста төмен температура радиациялық тоңазуға әкеледі.

4. Танк ауасының шығарыс және оқ газдарымен ластануы.

5. Жазда танк ауасының жоғары шаңдануы (1-60 м/м3).

6. Жанармай және майлау материалдарымен жанасу.

7. Атыс кезінде қатты шудың, қозғалтқыштардың жұмысы кезіндегі дірілдің, жолсыз жерлермен жүргенде соғудың әсері.

8. Көру аймағының шектелуі және осымен байланысты соғыс кезіндегі нервтік-психикалық салмақтың жоғары болуы.

9. Соғыс жағдайында адам киімінің тұтанып жану қауіптілігі; көп жағдайда экипаж киімі жанар-жағар майлармен сіңіріледі.

10. Соғыс машинасының өрт және жарылыс қаупі – олардың алдын алу үшін 70% этиль бромиді мен 30% көмірқышқыл газынан тұратын қоспа қолданылатын өртке қарсы жабдықтар жүйесі бар. Өрт кезінде СО2 концентрациясы 15-17 % жетуі мүмкін және бромды этильдің концентрациясы да көбейеді (ШРЕК – 0,005 мг/м3). Сондықтан өртті сөндіру кезінде жеке құрам міндетті түрде оқшаулаушы газқағарлар кигеннен кейін ғана өрт сөндурі жүйесін іске қосу керек.

11. Танктен көріп отыру, байқау және көздеу тесіктерінен болады, олар жиі ластанып, анық көру шектеледі.

12. Ашық люкте жарық 30-200 лк, жабық люкте 2-10 лк. Жергілікті жарық 5 лк аспауы керек, әйтпесе түнде көру нашарлайды. Барлық аспаптардың жанатын циферблаттары болады.

Танктегі зиянды факторларды есепке ала отырып, олардың профилактикасы бойынша шаралар қолайсыз микроклиматпен күрес дәрежесін жақсартуға бағытталған:

1. жазда тиімді желдету;

2. қыста соғыс бөлімін жылыту;

3. экипаж мүшелері үнемі сүйенетін металл қабырғаларды жылу оқшаулаушы материалдармен қаптау (киіз, поролон).

Соғыс бөлімінің шығарыстарымен және оқ газдарымен ластануының профилактикасы ретінде ығыстыру-сору желдету қондырғысы қолданылуы керек.

Ауаның тозаңдануын азайту үшін танктер маршының арасындағы дистанцияны сақтап, қақпаларын (люктерді) тығыз жабуы керек.

Қозғалтқыштардың қозғалысы кезінде өзара сөйлесуді қиындататын деңгейі 110-120 дБ шу пайда болады, бұдан қорғану үшін шлемдер киеді, байланыс лингофондар арқылы жүреді.

Танктің қозғалысы кезінде пайда болатын сілкілеу, діріл жарақаттарға әкелуі мүмкін, сондықтан қазіргі заманғы танктердің күшті амортизаторлары болуы тиіс.

Танк әскерінің жеке құрамы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар олар арнайы киімдер – комбинезонмен, кеудешелермен, шлеммен, шлем астынан киетін бас киіммен, қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімдер жеңіл шешілуі керек – бәрі сырмамен шешілетіндей, комбинезонның жоғары бөлігі жақсы жылытатын, жанар-жағар майлардан қорғайтын және жанбайтын, жалын тұтандырмайтын материалдан жасалуы керек.

Танкистердің еңбегі ауыр категориялы еңбекке жатады, яғни танкистер орташа тәулігіне 4000 ккал энергия, механик-жүргізушілер 4500 ккал-дан жоғары энергия жұмсайды.

Танкті су астында жүргізу ерекшеліктері. Алғашқы кездерде танкті су астында жүргізу экипаж мүшелері үшін қиын іс болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл іс-әрекет түрі танкистерді әскери дайындаудың әдеттегідей түріне айналып отыр. Танкистерден қырағылық пен танкті су астында жүргізудің ережелерін қатаң білу керек.

Қырағылық немесе салқын қандылық – бұл тәрбиелеу мен өздігінен тәрбиелеу процесінде пайда болатын адам мінезінің сапасы. Мұндай көрсеткіш ерік-жігердің қалыптасуынсыз, қажетті тәжірибелік дағдылар мен әскери техникасыз, тіршілікті қамтамасыз ететін құралдарсыз мүмкін болмайды.

Танкті су астында жүргізуде пайда болатын гигиеналық ерекшеліктерге жатады:

1. адамдарға жоғары нервтік-психикалық ауыртпалыққа соқтыратын қолайсыз жағдайлар;

2. көру бағытының болмауы;

3. танктен еркін шыға алмау;

4. қозғалтқыш істен шыққан кезде экипаж мүшелерінің ауамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

5. танктегі ауаның газдармен ластану мүмкіндігі;

6. су қабатынан құралатын жоғары қысым;

7. оқшаулаушы газқағарды дұрыс қолданбағаннан өкпеде баротравманың болу мүмкіндігі;

8. жылдың салқын мезгілінде су астында адамдардың тоңазу мүмкіндігінің жоғарылауы.

Машинаның ақауы болмай, оны дұрыс басқара білсе, қозғалтқыштар үздіксіз жұмыс істейді және мұндай жағдайда ешқандай апат болмауы керек.

Су астында жүргізудің әдеттегіден өзгешелігі – адамдардың суға кету қаупі. Жаттықпаған адамдарда әрқашан қорқыныш сезімі болады, жағдайды объективті бағалай алмайды, осының нәтижесінде жұмыста қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыратын қателіктер жіберіледі.

Экипаж белгілі бір уақыт аралығынан соң бейімделіп, су астында танкті оңай жүргізуге дағдыланады.

Су астында жүргізудің тағы бір өзгешелігі судың лайлануынан танктен көру нашарлайды, экипаж радио немесе полугирокомпас көрсеткішімен бағытты біледі. Көру бағытының болмауы су асты кедергілерінен баяу өтудің себебі болады. Басты қорқыныш экипаж дұрыс бағыттан айырылып, су қоймасының түбі лайлы бөлігіне немесе тереңдігі 5 метрден жоғары жерге тап болу мүмкіндігі. Мұндай тереңдікте қозғалтқыш сөніп қалады, су үлкен жылдамдықпен танкке құйылады. Бұл, адамдардың нервтік-психикалық жағдайына бірден-бір әсер етеді.

Егер су астында қозғалтқыш сөніп, ол іске қосылмаса, командирдің бұйрығымен экипаж машинаны босатуы керек. Бірақ ішіне су кіргенде, танк әбден батпайынша шығу мүмкін емес. Бұл танктің бетіне, әсіресе ашылатын люкке судың қосымша қысым түсіретіндігімен және оны танкистердің жай бұлшық ет күшімен ашу мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Ауамен салыстырғанда судың неғұрым жоғары қысымы оның меншікті салмағының салыстырмалы түрде жоғарылағаны. Судың бір куб метрі 1 тоннаға тең, яғни ауаның куб. метріне қарағанда мың есе көп.

Қақпақтың (люктің) беті 1 шаршы метрден аз, бірақ оған түсетін қысым күші өте жоғары. Бір метр тереңдікте оның салмағы 300-400 килограмға тең, бұл адам күші жетпейтін жағдай.

Машина су түбіне батқан кезде адамдарға әсер ететін ішкі қысым сыртқы қысымға тең болады. Сондықтан люкті ашуға аса көп күш кетпейді. Танктің батуы мен одан адамдардың шығуы танкистерден жоғары жігерлілік пен су астында сақталатын инструкцияны қатаң білуді талап етеді.

Су асты жағдайында адамдардың тыныс алуын қамтамасыз етуді арнайы тыныс алу аспаптарымен қамтамасыз етеді (мысалы, ИП-46, ИП-45 М және басқалар). Бұл аспаптар құрылысының негізгі бөліктері: регенеративті және іске қосу патрондары, тыныс алу қабы, маскалар және шлангалар. Оларды басқалай оқшаулаушы газқағарлар деп те атайды. Бұлар судың тыныс алу мүшелеріне түсуін болдырмайды. Оқшаулаушы газқағар арнайы мақсатпен құрастырылған: тыныс алу барысында оттегімен қанығады да, көмірқышқыл газынан және су буларынан тазарады. Бұл процесс арнайы химиялық реагенттер бар регенеративті патронда өтеді. Оқшаулаушы газқағарлардың қалыпты жұмысы реагенттердің жаңаруымен және температурамен іске асырылады. Төмен температурада көмірқышқыл газы мен судың жұтылуы баяулайды, сондықтан ауаға түсетін оттегінің мөлшері азаяды. Қалыпты тыныс алуды қамтамасыз ету үшін бірден регенеративті патронды қыздыру керек. Осы мақсатпен газқағарда арнайы батырманы басқаннан кейін іске қосатын механизм пайдаланылады. Бұл жағдайда регенеративті патронды қыздыру процесін тездететін арнайы реагенті бар шыны ампуланы басады.

Айтылғандарды есепке ала отырып, регенеративті патронды бастапқы қыздыруды танк батқанға дейін және газқағарға су кіргенге дейін жүргізу керек. Оқшаулаушы газқағарда қалыпты демалу үшін алдын ала газқағарды ауаға толтырып алу керек. Осы мақсатта газқағар маскасын киерде терең демалып, демді ұстай тұрып, газқағарды киеді де регенеративті патрон арқылы тыныс алу қабына демалады.

Танкке су кіріп, одан шыққан кезде тыныс алу қапшығын басылып қалудан, зақымдалудан қорғау керек. Тыныс алу қапшығының басылып қалуы демалуға кедергі жасайды, соның әсерінен адам 2-3 минутта тұншығу, естен тануы мүмкін. Тыныс алу қапшығына оқыс соққы тию адамның өкпе тінінің жарылуына әкелуі мүмкін.

Судың бетіне бірден тез шығу да зиян. Ол жағдайда адам біріншіден су бетінде жүзіп жүрген әртүрлі заттарға (бөренелер, қайықтар, понтондар) соқтығысып, жарақат алады. Екіншіден, терең су астында болған кезде қанда еріген газдар көпіршіктер түзіп, қан тамырларының кеңістігін бітеп тастауы мүмкін, сондықтан жиналған газдарды шығару үшін судан асықпай шыққан жөн. Қажет болған жағдайда декомпрессиялық камераны пайдалануды ұсынады. Қозғалтқыш ақаусыз жұмыс істеп тұрған жағдайда танктегі жағдай қанағаттанарлық болып саналады.

Радиотехникалық әскердегі еңбек гигиенасы. Радиотехникалық әскер әртүрлі радиолокациялық қондырғылармен жабдықталған, олардың ең бастысы радиолокациялық станция (РЛС) мен радиостанция (РС). Олар іздеген мақсатты табуға, оларды бақылауға, командалық пунктер мен әскери басқаруларға хабарлама жіберу үшін арналған. РЛС мен РС жұмыс істеу аса көңіл бөлуді, іс-әрекет дәлдігін, нақтылықты, көру мен есту мүшелері қызметінің жоғарылығын талап етеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары адамның еңбек қабілеттілігінің, көңіл-күйінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты РЛС-да жұмыс жасайтын мамандар мен жеке құрамның денсаулығына зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын шаралар жүргізу қажеттілігі туады.

Жеке құрамға әсер ететін РЛС-дағы факторларды екіге бөлуге болады: арнайы және арнайы емес. Арнайы факторларға мыналар жатады: РЛС кабинетіндегі жаз айында жоғары, ал қыс айындағы төмен темпетура, шу, діріл, рентген сәулелері, жеткіліксіз жарық, ауаның зияды химиялық заттармен ластануы, ең соңында нерв жүйесі мен көру мүшесіне түсетін үлкен ауыртпалық. Арнайы емес факторларға мыналар жатады: өте жоғары жиіліктегі импульсты электромагнитті сәулелер (ӨЖЖ).

Станцияның түріне байланысты жеке құрам әртүрлі дәрежеде жоғары да көрсетілген факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін.

Гигиеналық көзқарас бойынша ең қауіпсіз, жақсы жағдай РЛС-ның стационары. РЛС стационарында қабылдау-беру аппаратурасына арналған жеке бөлме, анықтайтын бөлме, командалық пункт болады. Бұндай жағдайда жеке құрамды ӨЖЖ сәулесінен толық сақтауға, қалыпты микроклимат жағдайын жасауға, шу мен діріл әсерін жоюға мүмкіндік бар.

Гигиеналық көзқарас бойынша автокөліктерге, автоприцептерге тіркелген жылжымалы РЛС-терде, ұшақтарда жеке құрамды қолайсыз факторлар әсерінен қорғау қиындау. Әсіресе РЛС-ның бір машина шассиіне орналасуы аса зиян, өйткені бұл жағдайда жеке құрам ӨЖЖ генераторлармен, фидерлі тракттармен бір бөлмеде болады. Желдеткіштер, салқындатқыш радиоаппаратуралар, агрегаттар шу мен дірілді күшейтеді және РЛС кабинасын зиянды химиялық қоспалармен ластайды. Ауа райының ыстық және суық күндерінде жылжымалы РЛС-да қолайсыз микроклиматтық жағдай туындайды.

РЛС күрделі радиоэлектрлік кешен болып табылады, оның негізгі бөліктері: беру, жіберу (передатчик) блогі, қабылдау блогі, синхрондау блогі, антенналар, индикаторлар мен қоректену көзі болгі. Генератор блогінің радиошамдары, антенналық жүйелер ӨЖЖ сәулеленудің көзі болып табылады. Одан басқа 12-15 кВ жоғары анодты кернеуде (напряжение) жұмыс істейтін радиошамдар және электронды-сәулелік түтіктер рентген сәулелерінің көзі болуы мүмкін.

РЛС-де радиожиілікті спектрдің бөлігі ғана қолданылады – бірнеше милиметрден 1-4 метрге дейін. Сондықтан РЛС милиметрлік (7-10 мм), сантиметрлік (1-10 см), дециметрлік (10 см-1 м) және метрлік (1-4 м) диапазонындағы станцияларға бөлінеді.

ӨЖЖ -сәуленің биологиялық әсерінің қуаты оның сәулесінің қарқындылығына, сәуле қабылдау уақытына, толқын ұзындығына, сәуле қабылдайтын беттің көлеміне, мүшелердің құрылысына байланысты.

Арнайы емес немесе термиялық әсерлер электромагнитті толқындардың барлық шкалаларына тән (инфрақызыл, көрінетін, ультрокүлгін, рентгендік, гамма-сәулелер, радиотолқындар). СВЧ-сәулелердің әсер етуі олардың энергиясының тіндер молекуласына берілуімен және бұл тіндердің тербелісінің, яғни жылулық қозғалысының күшеюімен көрінетін кеңістіктік бағытының өзгеруінде. Суы мол мүшелер мен тіндер энергияны жақсы жұтады және жақсы қызады. Бұндай мүшелерге бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, бүйрек, ми тіні, қуық, бұлшықеттер, асқазан жатады.

ӨЖЖ -сәулеленудің термиялық шамасы сперматогенезді зақымдап, кейбір сырқаттардың созылмалы етіп, асқындыруы мүмкін, қан кету, тіпті асқазан мен ішек жараларының тесілуін туындатуы мүмкін. Термиялық әсердің сипаты толқын ұзындығына да байланысты. Ішкі мүшелердің қызуы үшін ең қауіптісі толқын ұзындығы 30-70 см ӨЖЖ ағымдары.

ӨЖЖ -өрістің әсерімен байланысты синдромның 3 дәрежесін бөледі: бірінші (жеңіл) нейроциркуляторлық дистрофияның астениялық және жеке бастапқы құбылыстарымен сипатталады; екінші (орташа) – нейроциркуляторлық дистонияның айқын астенизациясымен, эндокринді өзгерістермен, лейкозбен және тромбозбен сипатталады. Үшінші (ауыр) – сирек кездеседі, екінші дәрежеге тән симптомдарға ОЖЖ қызметінің өзгеру белгілері, эндокринді бұзылулар қосылады. ӨЖЖ -сәулелердің әсерінен болатын алғашқы өзгерістер сәуле қабылдаудың қарқындылығы 7-100 мкВт/см2 болған кезде байқалады. 10 мкВт/см2 шамасы 8 сағат ішінде қауіпсіз болып саналады. Сәуле қабылдау деңгейі 1000 мкВт/см2 жоғары жағдайда он минут ӨЖЖ өрісімен жұмыс жасағанда міндетті түрде қорғану киімдерін пайдаланумен жүргізіледі.

Мамандығы бойынша сәуле қабылдаумен байланыссыз азаматтардың электромагниттік сәуле қабылдау деңгейі сәуле қабылдау режиміне байланыссыз тәулігіне 1 сағат ішінде 25 мкВт/см2 белгіленген.

ӨЖЖ -сәулелер мен арнайы емес факторлардан қорғану ұйымдастырылған, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және медициналық шаралар жүйесімен іске асырылады.

Зымырандық әскердегі еңбек гигиенасы. Зымыран – кейінгі ғасырлар (XX) қаруы. Қазіргі қарулы күштерде зымыранның ролі мен маңызы қорғаныста жаудың күшін басу мен жоюда жоғары. Әскери күштердің барлық түрлері: құрлықтағы, әскери-әуе күштері, әскери–теңіз флоты әртүрлі мақсаттағы зымырандармен жабдықталған.

Жаңа қарудың пайда болуы әскердің жаңа түрінің – стратегиялық мақсаттағы зымырандық әскердің пайда болуына әкелді. Олар санаулы минутта мыңдаған километр қашықтыққа жететін көп тонналы алып зымырандармен жабдықталған.

Зымыранның құрылымы туралы мәліметтер. Әскери зымыран – бұл зымырандық күштердің әсерімен ұшатын және соғыс бөлігін белгілі нысанаға жеткізуге арналған ұшқыш адамсыз басқарылатын немесе траекторияда басқарылмайтын ұшатын аппарат.

Құрылымы, мақсаты немесе қолданылуы бойынша әскери зымырандар бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан оларды жеке кластар мен топтарға жіктелу қабылданған:

1. Оперативті-техникалық сипаттағы белгілерді неғұрлым жиі есепке алады:

- зымыранның қарулы күштер түріне жататындығы

- оның әскери мақсаты

- старттың орны мен мақсаттың орналасуы.

2. Өзгеше белгілердің бірі болып конструктивті сипаттамасы да болуы мүмкін:

- қозғалтқыш түрі

- сатылы бөлшектері саны

- басқару жүйесінің болуы, оның түрлері және т.б.

Аталған топтардың әрбіреуін қысқаша қарастырайық. Қарулы күштер түріне жататындығы бойынша әскери зымырандар, 5 түрге бөлінеді:

- Әскери әуе күштері

- Әуеге қарсы қорғаныс

- Әскери теңіз флоты

- Құрлықтағы әскер

- Бронотанктік әскер және артиллерия

Құрлықтағы әскердің қарулануы жақын ұрысқа арналған реактивті снарядтар, танкіге қарсы басқарылатын зымырандар, алысқа әсер ететін әскери зымырандар. Жоғарыда аталған басқа қарулы күштерде зымырандардың түрлері өте көп. Соғысу мақсаты бойынша тактикалық, оперативтік-тактикалық және стратегиялық болып бөлінеді.

а) Тактикалық зымырандар жалпы әскери әрекеттер мақсатында қолданылатын зымырандар, олар соғыс алаңында орналасқан объектілерді жою үшін қолданылады немесе қарсы жақтың тактикасына арналған.

б) Оперативті-тактикалық зымырандар – атына байланысты тактикалық және оперативті сипаттағы міндеттерді орындауға арналған.

в) Стратегиялық зымырандар – қуаттылығы үлкен ядролық зарядтарды белгілі мақсатқа жеткізу үшін арналған құрал. Ол мынадай топтамаларға бөлінеді:

- 6-8 мың км жерге әсер ететін орташа радиусты зымырандар

- континент аралық – 14-15 мың км қашықтық

- шегі жоқ қашықтыққа әсер ететін жаһандық зымырандар.

Зымырандар ұшар нүктесі мен нысанасына байланысты жіктеледі: «жер - жер», «жер - ауа», «жер - кеме», «ауа – жер», «ауа – кеме», «кеме - жер», «кеме - ауа», «кеме - кеме».

Дәрігер-гигиенистердің көңіл аударатыны қозғалтқыштардың құрылысы бойынша зымырандардың жіктелуі, өйткені бұл зымырандық әскердегі жеке құрамның еңбек гигиенасы сұрақтарына әсер етеді.

Қозғалтқыш конструкциясына сәйкес барлық зымырандар бес класқа бөлуге болады:

1. Әскери (соғыс) зымырандар, сұйық зымырандық қозғалтқыштармен жабдықталған – сұйық отынмен жұмыс істейді. Оның компонентері – жанармайлар мен тотыққыштар – арнайы ыдыста (бакте) зымыранның бортында орналасады.

2. Қозғалтқыштары қатты отынмен (оның агрегаттық жағдайы бойынша) жұмыс жасайтын көптеген зымырандар. Сондықтан да оларды қатты отынды зымырандар двигателі деп атайды. Олардың ерекшелігі отын қорының тікелей жану камерамында орналасатындығында. Олардың жабдықталуы заводтық жағдайда ғана өткізіледі.

3. Әуе -реактивті әскери зымырандар неғұрлым аз әмбебапты. Зымыран жер бетінде тек жанармаймен толтырылады, ал тотықтырғыш ретінде ауа оттегісі қолданылады. Осыған байланысты бұндай зымырандардың ұшу биіктігі тропо- және стратосфераның төменгі қабатымен шектеледі.

4. Әскери зымырандарда қатты және сұйық зымырандық отын компоненттерінің қоспасын пайдаланатын да қозғалтқыштар бар. Мысалы, тотыққыш – сұйық, ал жанармай – қатты немесе керісінше. Бұндай компонент қатты күйде болады, жану камерасында толығымен орналасады, ал сұйығы оған құйылады. Бұндай зымырандарды гибридті зымыранды қозғалтқыштар деп атайды.

Барлық қарастырылған зымырандық қозғалтқыштардың бәріне тән ортақ белгісі – зымыранды кеңістікте ұстау үшін қажет энергия химиялық жану реакциясы есебінен алынады, бұнда зымыранның қозғалысы жану камерасында түзілетін газды одан шығару кезінде қозғалтқышта пайда болатын реактивті күштердің есебінен ешқандай көмексіз іске асырылады.

5. Бөліну, синтез немесе кейбір элементтер атомдарының радиоактивті ыдырауы нәтижесінде алынатын әскери зымырандардың қозғалтқыштары мен ядролық энергиялардың қолданылуы мүмкін. Бұндай түрдегі күш беруші қондырғылары ядролық реактивті қозғалтқыштар деп аталады.

Сатылар саны бойынша әскери зымырандар бір және көпсатылы болып бөлінеді (әдетте екі және үш сатылы).

Зымырандар түрі – аса маңызды белгі емес. Осыған байланысты зымырандарды баллистикалық және қанатты деп бөледі. Баллистикалық зымырандарға баллистикалық траектория бойынша ұшатын зымырандар жатады. Баллистикалық траекторияға, мысалы, адамның қолмен лақтырған тасы, қарудың стволынан ұшып шыққан снарядты жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда зымырандар атмосфераның тығыз қабатында тұрақты ұшуды қамтамасыз ететін шағын стабилизаторлармен жабдықталған.

Әскери қанатты зымырандардың айырмашылығы оларда планерлердің болуы. Сыртынан қарағанда бұл класқа жататын кейбір зымырандар реактивті жойғыш ұшаққа ұқсайды.

Қазіргі уақытта әскери зымырандар мүмкіндігіне байланысты екі топқа бөледі: басқарылатын және басқарылмайтын.

Басқару әдісі бойынша олардың барлығы төрт негізгі класқа бөлінеді:

- автономды (басқармалық) басқарумен

- телебасқарумен (дистанциялық немесе командалық)

- өздігінен басқарылатын

- біріккен басқарумен, яғни әртүрлі басқару жүйелерінің бірігуімен.

Мақсаты мен түріне қарамастан басқарулардың әрбір жүйесі мына элементтерден тұрады: бағдарламалық, өлшеуші (сезімтал), басқарушы, орындаушы.

Зымырандық кешен – бұл құрамына зымыраннан басқа жер жабдықтары (кемелік, авиациялық) кіретін қарулар жүйесі: жіберу қондырғылары, басқару аппаратурасы, сынау, жанармай толтыру, көтеру-транспорттық және қосымша жүйелер, зымыранның пайдалануын қамтамасыз ететін агрегаттар, механизмдер.

Зымырандық әскерде қызмет етудің гигиеналық ерекшеліктері. Зымырандық әскерде қызмет ету жеке құрамға кәсіптік зияндылықтарды туғызатын факторлар әсерімен байланысты.

1. нервтік-психологиялық факторлар.

· отанды қорғау жауапкершілігін сезіну.

· команданы орындау тездігі мен жылдамыдығы.

· жауға соққы бергенде психологиялық қорқынышты жеңу.

· зиянды факторлармен жұмыстың қауіптілігін білу.

· зымырандық әскердің елді мекеннен алыс дислокациясы.

· соғыс позицияларының жиі өзгеруі.

· алғашқы соққының қаупін білу.

· түнгі уақытта қиын жолдар жағдайында ұзақ марш жасау.

· жұмыс күнінің тұрақсыздығы немесе ритмге сай келмеуі.

2. химиялық факторлар.

· зымырандық отынның жоғары улы компоненттері (ЗОК)

· зымыран отынының жану өнімдері.

· агрессивті техникалық сұйықтықтар.

· кейбір жұмыс ауасында оттегінің жетіспеуі

3. физикалық факторлар.

· қатты және аса қатты шулар.

· ядролық және басқа да көздерден шығатын иондаушы сәулелер.

· газды-жалын ағымының қатты күші.

· қатты салқынның әсері.

· жылу алмасудың бұзылуы.

· күн сәулесінің жетіспеуі.

· өрт қаупі.

· жоғары жиіліктегі ток. ӨЖЖ- өріс (РЛС-мен жұмыс).

4. механикалық факторлар.

· биіктіктегі (арнайы сатылармен) жұмыс (зымыранның сыртын жауып, ұшыруға дайындау).

· қысымдағы ауа.

· жарылыс.

Зымырандық отын компоненттерінің сипаттамасы. Зымырандардың сипаттамалары, олардың ұшу ұзақтығы, әртүрлі соғыс жағдайында пайдалану ерекшеліктері көп жағдайда жанармайлар мен тотықтырғыштың қасиетіне байланысты. Сондықтан отынға мынадай талаптар қойылады:

- суу қасиетінің жақсы болуы.

- жану жеңілдігі

- жану кезеңінің аздығы

- тез және толық жану

- улылығының аз болуы

- қату температурасын төмендігі мен қайнау температурасын жоғары болуы

- химиялық және физикалық төзімділігі

Дегенмен, осы барлық талаптарды қанағаттандыратын отын сирек кездеседі.

Сондықтан конструкторлар белгілі жұмыс жағдайында қозғалтқыштары жақсы сипаттамаға ие болатын зымырандық отын компоненттерін (ЗОК) таңдайды.

Зымыранға арналған отындар қатты, сұйық және аралас агрегатты күйде болуы мүмкін. Қатты отында неғұрлым қауіпсіз, оларда заводта зымырандарға салады.

Қазіргі уақытта аумақты және континент аралық зымырандарды сұйық отынмен шығарады, оның көмегімен зымырандар дәл және нақты ұшады.

Сұйық отындар – қауіпті, жедел және созылмалы уланулар, күйіктер мен үсіктер, сонымен қатар бірнеше зақымданулардың туындауына себепші болуы мүмкін.

Сұйық отындар бір және екі компонентті болуы мүмкін. Отынның бір компоненті (онда тотыққыш та, жанармайда болған кезде) түрлері экономикалық жағынан тиімді (сальниктер, бактар, вентильдер, құбыр жолдары, көлік екі есе аз керек).

Дегенмен, қазіргі уақытта негізгі сұйық отын түрлері екі компонентті.

Отын дегеніміз – жылудың, газдың, энергияның түзілуімен айналымға ұшыруға қабілетті жүйе.

Жану – жылу мен газдың көп мөлшері бөлінумен жүретін күрделі тотығу-тотықсыздану процесі. Бұл процесс үшін тотыққыш пен жанармайдың қалыпты қатынасы талап етіледі, әдетте 2-3 кг.

Зымырандық отын компоненттерінің өнімдері (ЗОК). Зымырандық қозғалтқыштардың жұмысы нәтижесінде көптеген толық жанбау өнімдері түзіледі, олар соплодан шығып қоршаған ортаны қатты ластайды.

Зымырандық кешенді есептеу уақытында жасырынып, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы керек.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.06 сек.)