Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Далалық жағдайда судың сапасына қойылатын талаптар (кесте 3).

Читайте также:
  1. Байқауға қатысушылар және байқау талаптары
  2. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  3. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастардыемдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Композиттік материалдардан пломбы қойылатын жағдайда тісжегі қуыстарын егеп-тазалау ерекшеліктері.
  5. Онак үйге пакты жіктеу беру кезінде келесі талаптар есептелмейді --->>> Меншік формасына деген талаптар
  6. Скери тәртіптің талаптары.

Кесте 3 – Дала жағдайында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар.

Көрсеткіш Рұқсат етілген мөлшер
  Улы заттардың максималды рұқсат етілген шамасы: ядролық жарылыс өнімдері, мкКи/л 20 артық емес
  Микробиологиялық көрсеткіштер:  
  - жалпы колиформалы бактериялар, ЖКБ/100 мл-де Болмауы керек
  - жалпы микробтық сан, ЖКБ/1 мл-де 100 артық емес
  Колифагтар, ЖКБ/100 мл-де Болмауы керек
  Органолептикалық көрсеткіштер:  
  Мөлдірлігі, см 20-дан артық емес
  Түстілгі, град. 35-тен артық емес
  Лайлығы (бұлыңғырлығы), мг/л 2-ден артық емес
  Иісі, балл 3-тен артық емес
  Дәмі, балл 3-тен артық емес
  Белсенді қалдық хлор, мг/л 0,8-1,2
  Химиялық көрсеткіштер:  
  - мыс, мг/л 3-тен артық емес
  - хлоридтер, мг/л 350-ден артық емес
  - нитраттар, мг/л 45-тен артық емес
  - минералдануы (құрғақ қалдық), мг/л 1500-ден артық емес

Ескертпе: 1)УЗ мен РБЗ ШРЕК-сы тиісті нұсқаулықтарда келтіріледі;

2) Нақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақыланатын көрсеткіштердің көлемін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекітеді.

Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.

Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру. Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.

Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:

1. судың артық қорын қолдану жолымен

2. тылдағы су пунктерінен тасу жолымен

3. әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.

Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.

Мәңгі мұз басқан (вечная мерзлата) аймақта сумен қамтамасыз етуде мұзды, қарды пайдаланады.

Тауда сумен қамтамасыз ету. Мұзды, қарды, бұлақтарды пайдаланады. Тауда ұзақ болған кезде және еріген қар суын пайдаланғанда 1 шелек суға 0,3 г езілген әк пен 1 г хлорлы натрий қосады.

Шөл далада сумен қамтамасыз ету. Минерализацияланған су, сульфаты көп су еріген ағын суға бірте-бірте (8-10 күн) айналады. ПОУ-3 (жылжымалы тазарту қондырғысы) бір сағатта 3,5 м суды дистиляциялайды. Суы аз, шөл далалық жерлерде әскер жүрген жерінде суды бөлу пунктері ұйымдастырылады.

Судың уландырғыш және радиобелсенді заттармен бүліну мәселелері. Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).

Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.

Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін.

Сұйық түріндегі УЗ-дың күштілігі олардың ұшпалылығына және гидролизге бейімделуіне байланысты (гидролиз УЗ-дың сумен әрекеттесу реакциясы, нәтижесінде УЗ бұзылады).

Неғұрлым күштілікке УЗ-дың жабысқақ рецептурасы ие. Суды дегазациялау практикасында УЗ-дың гидролиз құбылысын есте ұстау керек. Мысал ретінде фосген мен дифосген гидролизін келтіруге болады. Бұл кезде түзілген улы емес гидролиз өнімдері судың сілтілік резевтерінен тез бейтараптанады. Егер судың сілтілігі жоғары болса иприт суда усыз өнімдерге дейін гидролизденеді. УЗ гидролизін процесін оны химиялық өңдеу есебінен жеделдетуге болады, мысалы суды сілтілеумен. Кейбір УЗ гидролизінің процесін оны қыздыру жолымен жеделдетуге болады. Суды активті көмірмен өңдеу жақсы нәтиже береді.

Судың УЗ, РБЗ, БЗ бүлінуін тапқан кезде немесе күдіктенген жағдайда суды арнайы өңдеу керек.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 303 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)