Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі жарыҚ шамалары жӘне олардыҢ Өлшем бірліктері 8 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1234 -5х6-7-8

1- жарық көзiнiң типiн белгiлейтiн әрiп (Н - қыздыру шамы, Л - люминесценттiк шaм, Р - сынапты, И - галогендi, Г- металл-галоидты, Ж - натрийлi, K - ксeнонды). 2 - жарықтандырғышты орнату тәсiлiн белгiлейтiн әрiп (С –i лмелi, П - төбелiк, Б - қабырғалық, В - енгiзiлетiн, К - консольдiк (бiр шетiнен бекiтiлетiн)). 3 - жарықтандырғыштың негiзгi мiндетiн 6елriлейтiн әpiп (П-өндiрiстiк үйжайға арналған, О-қоғамдық ғимараттарға арналған, У-сырттық, Б-тұрмыстық, Р­рудниктерге арналған). 4 - серия нөмipiн 6елгiлейтiн 01-ден 99-ға дейiнгi екі таңбалы сан. 5 - жарықтандырғыштағы шамдар санын белгiлейтiн сан. Бiр шамды жарықтандырғышта 1 сан көрсетiлмейдi және Х таң6а қойылмайды, ал серия нөмipiнeн кейiн, сызықшадан соң, шамның қуаты көрсетiледi. 6 - шам қyaтын (Bт) белгiлейтiн сан. 7 - модификация нөмipiн белгілейтiн 001-ден 099-ға дейiнгi үш мәндi сан. 8 - климаттық орындалуы (У-қоңыржай климатты аудандарға арналған, ХЛ-салқын климатты аудандарға арналған, TB-ылғалды тропикалық аудандарға арналған, T-ылғалды және тропикалық аудандарға арналған, О-6арлық климаттық аудандарға арналған) және эксплуатациялауда орналастыру категориясының (1- ашық ауада, 2-қалқа астында, 3-жабық жылытылмайтын үйжайда, 4-жылытылатын үйжайда, 5-ылғалды үйжайда) белгiсi.

Ауыл шаруашылығында кең пайдаланылатын жарықтандырғыштар 11.3, 11.4, 11.5 суреттерде көрсетiлген.

11.3 сурет - ПВЛМ2х40 типтi жарықтандырғыш.

а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; 1-шам патрондары; 2-тұрық; 3-көленкелейтін тор; 4-сымдар кіретін орын; 5-бойлық жазықтықта жарық таратуы; 6-көлденең жазықтықта жарық таратуы.

11.4 сурет - "Астра -1" типтi жарықтандырғыш:

а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; l-эмальдаған болат шағылыстырғыш; 2-пластмасса тұрық; 3-түйiспелiк қыспақтар қуысының тығыны.

11.5 сурет - НСП-О1-100-002-УЗ типтi жарықтандырғыш.

а-жалпы көpiнici; б-жарық тарату сипаттамасы; 1-бeтi бұдырланған шыныдан жасалған қорғаныс қалпақ; 2-қалпақтың серiппелi құлпы; 3-сақтaндырғыш болт; 4-металл тұрық; 5-сақтандырғыш iлмек.

 

11.2 СӘУЛЕЛЕНДIPГIШТЕР

 

Өндiрiстің әр түрлi процестерiнде түрлi­-түрлi құрастырылымды сәулелендiргiштер пайдаланылады.

Өсiмдiктердi жасанды жағдайда өсiруде ОТ-400 сәулелендiргiштер пайдаланылады (11.6, а сурет). Оларда ДРЛФ-400 типтi шамдар қолданылады. Сәулелендiргiштер кернеуi 220 В электр торабына қосуға арналған. Сәулелендiрriштер екі түрлi болып:

ОТ-400И - индуктив балласт құрылғымен, ОТ-400Е – индуктив-­сыйымдылық балласт құрылғымен дайындалады. Eкi түрiнiң де қуат коэффициентi 0,5 шамасында болады. Бiрақ ОТ-400И сәулелендiргiште ток кернеуден apттa қалады,

11.6 сурет - ОТ-400 типтi жылыжайлық сәулелендіргіш:

а-жалпы көpiнici; б-сәулеленуінің кеңістіктік тығыздығының таралу сипаттамасы; 1-ілетін түйін; 2-сәулелену көзінің ЖРА-ы; 3-фарфор патрон; 4-қоректендіретін кабель; 5-ДРЛФ-400 типті шам.

ал ОТ-400Е сәулелендiргiште ток кернеуден озып кeтeдi. Осы себептен екі түрлi сәулелендiргiштердi бiрге пайдаланғанда, сәулелендiретiң қондырғының жалпы қуат коэффициентi бiрге жақын болады.

ЭО1х30 сәулелендіргіш бұзауларды, торайларды, балапандар мен тауықтарды. сиырларды және басқа ауылшаруашылық малдары мен құстарын ультракүлгін сәулелендіруге пайдаланылады. Сәулелендіргіштiң шағылыстырғышы болат табақтан дайындалған және ультракүлгiн сәулеленудi шағылыстыратын коэффициентi жоғары келетiн коррозияға төзiмдi бояумен сырланған. Сәулелендiргiш тұрқына патрондар және ЖРА-ы бекiтiлген. Шамды электр тора6ына қосуга стартерлi сұлба қолданылады.

ОРК-2 жәше ОРКШ типтi кварц-сынапты сәулелендiрriштерде ДРТ-400 шамы орнатылған. Олар мал мен құстарды профилактикалық және eмдiк ультракүлгiн сәулелендiруге арналған.

УО-4 М және УОК-1 сәулелендiретiн қондырғыларда УФО-1х400 және УФО3-lх400 сәулелендiрriштер қолданылады. Бұл сәулелендiрriштерде ДРТ-400 шамдар пайдаланылады. УO-4M механикаландырылған қондырғылар ipi қара малды, оның төлдерiн және торайларды ультракүлгiн сәулеленуге қолданылады. УОК-1 өзі жүретін қондырғы көп ярусты торларда ұсталатын құстарды ультракүлгiн сәулелендiруге арналған.

ОЭСП 02-2х40 типтi жарықтандырғыш–сәулелендiргiш ЛБР-40 люминесценттiк шаммен және ЛЭР 40 эритемдік шаммен жабдықталған. Ол мал және құс қораларын жалпы жарықтандыруға және малдар мен құстарды ультракүлгiн сәулелендiруге арналған. Eкi түрлi шамдар жеке басқарылады.

ДБ15 типтi шам пайдаланылатын ОБУ-1х15 және ДБ30 типтi шам қолданылатын ОБУ 1х30 бактерицидтiк сәулелендіргiштер мал қоралары мен сүт өндейтiн бөлмелердегi ауаны зарарсыздандырyғa арналған. Инфрақызыл сәулелендiргiштерде "жарық" және "қараңғы" инфракызыл сәуле көздерi пайдаланылады.

ССП 01-250 сәулелендiргiш ИК3К 220-250 типті шаммен жұмыс iстеугe арналған. Ол құрастырылымы жағынан "Acтpa-12" жарықтандырғышқа уқсас. Сәулелендiргiш бұзауларды, торайларды, қозыларды және басқа жас төлдерді инфрақызыл сәулелендiруге және жылытуға қолданылады.

ОРИ-1 сәулелендiргiш ИК3 220-500 типті шаммен бiрге жұмыс iстейдi. Сәулелендiргiш болат табақтан конус тәрiздi болып дайындалады. Төменгі жағына шамды механикалық зақымданудан қорғайтын металл тор бекiтiлeдi. Айналы кыздырy шамдарымен жабдықтaлған кейбiр инфрақызыл сәулелендiргiштердiң сәулелену ағынының кeңіcтiктiк таралуы 11.7 суретте көрсетiлген.

Галогендi қыздыру шамдары пайдаланылатын инфрақызыл сәулелендiргiштер де қолданылады. ОКБ-1376 А сәулелендiргiш "қараңғы" инфрақызыл сәулелену көздерімен жұмыс iстeyгe арналған. Сәулелендiргiш өзiнің жоғарғы бөлiгiнде үш түтiктi электр қыздырғыш opнaтылғaн болат қaптaмa түрінде орындалған. Қaптaманың екі қабат қабырғасының аралығында жылулық изоляция бар. Әрбiр ТЭҚ-тың қуаты 0,4 кВт. Олар жеке басқарылады, сондықтан сәулелендiргiштiң қyaтын үш сатылы: 0,4; 0,8 және 1,2 кВт peттeyгe болады.

11.7 сурет – Төменде келтiрiлген шамдар сәулеленуiнiң кeңicтiк тығыздығынының салыстырмалы таралуы:­

1- ИКЗК 220-250; 2- ИКЗК 220-500; 3- ПС- 70/E 11010-375; 4- ИКЗ 220­-500; 5- ИКЗС 220-250-1.

 

Ауылшаруашылығында төлдер мен балапандарды бiр уақытта ультрaкүлгiн сәулелендiруге және инфрақызыл жылытyға ИКУФ-1 және "Луч" автоматталған қондырғылар қолданылады.

Әр қoндыpғы 40 сәулелендiргiштен және басқару шкапынан тұрады. Әр сәулелендiргiштің құpaмынa екі ИКЗК 220-250 типтi инфрақызыл шамдар және бiр ЛЭ-15 типтi эритемдiк шам немесе бiр ЛЭО-15 сәулелендiргiш кiредi. Әр сәулелендiргiштiк инфрақызыл шамдарын екі ауыстырып қосқыштар арқылы мына режимдерде жұмыс iстeтyгe болады: екі шам электр торабының толық кеpнeyiнe жалғанады; eкi шам бip-бiрiмен тiзбектей жалғанады; әр шам электр торабының жарты кеpнeyiнe қосылады. Эритемдiк шам үшiншi ауыстырып қосқышпен басқарылады. Әр сәулелендiргiштiң қуаты 520 Вт. Шамдарға берiлетiн кернеу автотрансформатормен реттелiнедi. Қондырғы торайлар мен бузауларды инфрақызыл сәулемен жылытуға және ультракүлгiн сәулемен сәулелендiруге пайдаланылады.

"Луч" қондырғылары торайларды, бұзауларды, қозыларды және тауық, үйрек және күрке тауық балапандарын инфрақызыл сәулемен жылытуға және ультракүлгiн сәулелерімен сәулелендiруге қолданылады. Қондырғыларда инфрақызыл шамдарын жылытылатын бетке 45, 70 және 900 бұрышпен орнатуға болады. Осы себептен ИКУФ қондырғыларына қарағанда инфрақызыл ағынын тиімді пайдалануға болады. Қондырғылар қол және автоматтық режимдерде жұмыс iстей алады. Қол режимiнде шмдар бастырмалар apқылы, ал автоматтық режимде екі бағдарламалық yaқыт релесi көмeгімeн басқaрылады. Бiр бағдарлама инфрақызыл шамдарды, ал екiншi бағдарлама ультракүлгiн шамдарды басқаруға пайдаланылады. Мал мен құстардың түрiне және жасына байланысты бағдарламаны өзгертумен сәулелену yaқытын pеттеуге болады.[kgl]

 

[gl]ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ЕСЕПТЕУ[:]

 

12.1 ЭЛЕКТРЛIК ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН НОРМАЛАРЫ

 

Жарықтандыратын қондырғы көрудің қажетті жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Көру жағдайлары жарықтылықтың деңгейімен және оның көру өрісінде таралуымен анықталады. Өйткенi бiздiң көру органдарымыз бақылайтын объектiнiң және фонның жарықтылықтaрын сезiнедi. Осы жарықтылықтардың айырымы өскен сайын объектiнiң элементтерiн айқын айырамыз. Жарықтылықтар айырымының фон жарықтылығына қатынасы контраст деп аталады:

, (12.1)

мұндағы Во және Вф - объектінiң жане фонның жарықтылығы.

Бақылайтын объектiнi көpyгe болатын жарықтылықтар айырымының минимал мәнi табалдырықтық жарықтылық деп аталады, ал осы жарықтылыққа сәйкес келетін контрасты табалдырықтық контраст деп атайды:

, (12.2)

Контраст мәні табалдырықтық мәннен жоғарылаған сайын бақылайтын объeктiнiң көpiнyi жақсарады:

, (12.3)

Осы себептен объектiнiң көpiнyi жарықталынудың нормалық бағасы болуы керек едi. Бiрақ көpiнy тек контрастқа, жарықталынуға және объект мөлшерiне ғана емес, сондай-ақ көру өрісінде басқа жарқыраған заттардың болуына, бақылаудың ұзақтылығына, объект пен фонның түciнe және бақылаушының физикалық хал-жайына да байланысты келедi. Cондықтaн жұмыс бетiндегi жарықталыну деңгейi нормаланады.

Бiр жұмысты жарықталыну деңгейiнiң әр түрлi мәндернінде де орындауға болады. Бiрақ сол кезде көру органдарының жұмыс істеу жағдайлары бiрдей болмайды. Мысалы, 0,1 лк жарықталынуда да оқуға болады, бipақ бұл жағдайда көз тез шаршайды және оған түзелмейтiн зиян тигізеді. Жарықталынуды жоғарылатқанда, бiр деңгейден бастап, мысалы 50 лк-тен, көздің шаршауы кенет төмендейді және мүмкіндік шекте болады. Жарықталынудың осы деңгейi гигиеналық минимум ретiнде қабылданылады. Әр өндipicтiк операцияны орындауға қажет ең қолайлы жарықталыну деңгейiн табуға болады. Жарықталынуды жоғарылатып үптелген көру деп аталатын деңгейге, яғни кез келген операцияны орындауға жеткiлiктi деңгейге жетуге болады. Үптелген көруді қамтамасыщ ететін жарықталыну деңгейi пайдаланылатын жарық көздерi сәулеленуінің спектрлiк құрамына айтарлықтай тәуелдi келедi. Газ-разрядтық шамдарының сәулелену спектрi негiзiнде көрiнерлiк сәулеленудiң қысқа толқынды диапазонында болады. Сондықтан газ-разрядтық шамдарды пайдаланғaнда қыздыру шамдарымен бiрдей жарықталыну деңгейiн қамтамасыз eткeннiң өзiнде де қара көленкелiк деп аталатын эффект байқaлады. Осы эффектiне өтемелеу үшін газ-разрядтық шамдарды пайдаланғанда жарықталыну деңгейi едәуiр жоғары болуы керек. Бұл жасанды жарықтандыру нормаларында eскерілген.

Жарықталынyдың нормалар бойынша белгiленетiн мәнi мына негiзгі себепкершарттар арқылы анықталады:

1) фон болатын жұмыс бeтiнiң шағылыстыру коэффициентi. Фонның шағылыстыру коэффициентi жоғары болған сайын оның жарықтылығы жоғарылайды және осы себептен, басқа жағдайлар бiрдей болғанда, жұмыc бетiнiң жарықталыну деңгейi кiшi болуы кepек;

2) бақылайтын объектiнiң ең кiшi бұрыштық мөлшерi (объектiнiң ең кiшi мөлшерiнiң одан көзге дейiнгi қашықтықтыққа қатынасы);

3) объекті мен фон арасындағы контраст;

4) объектiге қараудың ұзақтылығы;

5) көру өрісінде жарықтылығы фон жарықтылығынан өзгеше болатын беттердiң болуы;

6) жұмыс процесiнде зақымдану қауптiлiгiнiң дәрежесi.

Нормалар жұмыс бeтiндeгi ең кiшi жарықталыну, ягни ең нашар жарықтандырылатын нүктeгe сәйкес келетiн жарықталыну деңгейiн белгiлейдi. Cондықтaн жұмыс бетінің басқа бөлiгiнде жарықталыну деңгейi нормадан жоғары болады.

Жарықталыну деңгейі "Құрылыстық нормалар және ережелер (ҚН және Е)" деп аталатын негізгі нормалық құжаттан таңдап алынады. Жалпы нормалар негізінде шаруашылықтың әр түрлі салаларына тән өндірістік жағдайларының ерекшеліктерін ескерумен жарықталынудың салалық нормалары құрастырылған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің кейбір ерекшелі жағдаларына сәйкес белгіленген жарықтaлыну нормалары "Ауыл шаруашылық кәсіп орындарын жарықтандырудың салалық нормаларында" берiлген.

Жарықтандырудың сапасы жарықталыну деңгейiмен қатар мына негізгі жағдайлармен анықталады:

1. Жұмыс бетi бойынша жарықтaлынудың бiрқалыпты таралуы. Жарықтaлынудың максимал және минимал деңгейлерi арасындағы айырманы мына себептерге байланысты азайтуға тырысу керек. Бiрiншiден, айтарлықтай бейбiркелкi болғанда, көз оның әр түрлi деңгейлерiне жиi дaғдылaнyы керек. Бұл көзге жағымсыз келедi. Екiншiден, минимал жарықталыну деңгейi нормаланған деңгейден кем болмауы керектігiнен, жұмыс бетiнiң үлкен бөлiгінде жарықталынy нормадан жоғары болады. Осы себептен электр энергиясы артық шығындалады.

2. Жұмыс бетiнде көленкелердiң болмауы. Бақылайтын объeктi бeтiндe көленкелер болғанда, жұмысты орындау қиындайды. Көленкелердi әр түрлi тәсiлдермен жоюға болады: жарық ағынының дұрыс бағытын таңдап алумен, жарықты шашыратып немесе шағылыстырып тарататын жарықтандырғышттарды пайдаланумен.

З. Жарықталынудың уақыт бойынша тұpaқтылығы. Электр торабы кepнeyiнiң ayытқуы нәтижесінде жұмыс бетiндегі жарықталыну деңгейi өзгередi. Адам көзi жарықтылык деңгейiнiң 3...5 %-ке iлездiк өзгеруiн айырады.

4. Көру өрiсiнде көздi (қapықтыpaтын) аштырмайтын жарықтылықтардың болмау. Негiзiнде көздi жарықтандырғыштардың жарықтылығы қapықтaндыpaды. Жарықтaндырғъштaрдың көздi қаратпайтын деңгейi олардың жарықтылығымен, көз бағытындaғы жарық күшiмeн, көру сызығынан жоғaры орналасу биiктiгiмен және фонның жарықтылығымен анықтaлады. Жарықтaндырғыштардың қорғайтын бұрышының мәнiнe және жарық тарату сипатына, пайдаланылатын шамның типi мен жарық aғынынa байланысты оларды орнату биіктігінің мүмкiндiк минимал мәнiн белгiлеумен олардың көздi aштыpмайтын әpeкeтi шектеледi.

5. Сәулеленудiң спектрлік құрамы жарықтандырудың физиологиялық және психологиялық әсepiн және түс берyiн aнықтaйды, объект пен фон apacындaғы контрастқа әсер eтyi мүмкiн.

 

12.2 ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫҢ ЖYЙЕЛЕРI МЕН ТҮРЛЕРІ

 

Жарықтандырудың екі жүйесi болады: жалпы және құрамалы.

Жалпы жарықтандыру - барлық жарықтандырылатын алаңға қажеттi көpiнy жағдайларын жасауға арналады. Ол бiр калыпты немece жергiлiктeлiнген болуы мүмкiн.

Жалпы бiр қалыпты жарықтaндыру – бөлменiң барлық алаңында жарықтаталынyдың берiлгeн дeңгeдe бiркелкі таралуын қамтамасыз етедi және бiрдей биiктiктe орналастырылатын типі және қуаты бірдей болатын жарықтандырғыштармен орындалады. Бұл жүйенi пайдалану мына жағдайларда орынды болады: бiршама дәлдiксiз iстелетiн жұмыстық беттeр тығыз орналасқан немесе жұмыс барлық алаңында орындалатын үйжайларда: қоғамдық ғимараттарда, оқу орындарында, кеңселерде және т.б.

Жалпы жергіліктелінген жарықтандыру – жарықтандырылатын алаңнын әр түрлі телімдерінде әр түрлі деңгейлі жарықталыну жасауға пайдаланылады. Жарықтандырғыштардың типі, қуаты және орналауы жұмыс орындарның ерекшеліктеріне және орналасуына бaйланысты таңдап алынады. Бұл жүйеде жарық ағынынын қажeтті бағыты қaмтамасыз етiледi және жұмыс бетінде көлеңкелер болмайды. Оы себептен бiр қалыпты жарықтандыруға қарағанда сапалы жарықтандырылады және қондырғылардың қуаты төмен болады.

Құpамалы жарықтандыру - жалпы және жергiлiктi жарықтандыруларың бiрге әрекет етумен жұмыс бетiнде қажеттi жарықтaлыну деңгeйi жасалынатын жарықтандыру. Жергiлiктi жарықтaндыру белгiлi жұмыстық орынды (үстелдi, станокты, аспапты және т.б.) жарықтандыруға арналады. Cондықтaн жергiлiктi жарықтандырудың жарықтандырғыштары жұмыс бетiне жақын оратылады. Бөлменің қалған алаң жалпы бiр қалыпты жарықтандырылады. Құрамалы жарықтандыру жұмыс бетiнде жарықталыну деңгейін жоғарылатуға мүмкiншiлiк бередi және қондырғылар қуаты жалпы жарықтандыруға қарағанда кiшi болады. Құрамалы жарықтандыру жүйесiн пайдаланyға алдыңғы себептер: қажеттi жарықталыну деңгейiнің жоғарылығы; жұмыc беттерiнiң орнықты және бейтығыз орналасуы; жарық ағынының белгiлi немесе айнымалы бaғыттa болуының қажеттiлiгi; жабдық бөлiктeрiнiң көленкеленуге байланысты жұмыс беттерiн жарықтандыруға жалпы жарықтандыруды пайдалануға болмайтындығы.

Атқару мiндeтiнe орай жарықтaндыруды мына түрлерге ажыратады: жұмыстық, кезекшiлiк, апаттық, көшiрулiк (қауiпсiз жерге көшiруге арналған), күзетшiлiк, архитектуралық, жарнамалық және т.б. Ауыл шаруашылығы өндipiciндe пайдаланылатын негізгi түрлерін қарастырамыз.

Жұмыстық жарықтандыру - жұмыс бетiнде қажеттi жарықталыну деңгейiн қамтамасыз етyгe арналғaн жарықталынудың негiзгі түрі. Ол барлық үйжайларда мiндeтті түрде қаpacтырылады. Жұмыстық жарықтaндыру жалпы немесе жалпы және жергiлiктi жарықтандырудың жарықтандырғыштарды көмегiмен орындалады.

Технологиялық қызмeт атқару кезiнде тасымал жарықтандырғыштар пайдаланылады. Ауыл шаруашылық өндipicтiк үйжайларының көбi электр тогымен зақымдану жағынан жоғaры және өте жоғaры қаупті үйжaйлар категориясына жатады. Coндықтaн тасымал жарықтaндыруды жобалағaнда қаупсiздiктi қамтамасыз етуге өтe көп көнiл бөлу керек.

Кезекшiлiк жарықтaндыру өрт cөндipy және күзет атқару үшiн жұмыс iстемейтiн yaқытта үйжaйларды жарықтандыруға арналады. Cонымeн қатар, жұмыс iстемейтiн yaқытта малдардың күйжайларын бақылау үшiн барлық мал қораларында да кезекшiлiк жарықтандырy қарастырылады. Бұған үйжaйғa кiрмелер мен өткелi жерлердi сыртқы жарықтандыруды да жатқызуға болады. Кезекшiлiк жарықтандырудың жарықталыну деңгейi нормаланбайды, оған арнайы жарықтaндырғыштaр орнатылмайды, тек жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыштардан бiрнеше жарықтандырғыш бөлiнедi. Мысалы, мал қораларында жалпы жарықтандыруға арналғaн жарықтандырғыштардың 10 процентiн, төлханаларда 15 процентiн кезекшiлік жарықтандырyғa бөлiп белгiлейдi. Кезекшiлiк жарықтандырумен жасалынатын жарықтaлыну деңгейi негiзгi өткел жерлерде 0,5 лк-тен және кiрмeлiк алаңшаларда 2 лк-тен төмен болмау керек.

Aпаттық жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру iстен шыққанда жұмысты жалғастыруды қамтамасыз eтyгe арналған. Ол мына жaғдaйларда қарастырылады: жұмыс процесiндегi аз уақытты үзiлiс технологиялық циклдi ұзақ мерзiмгe бұзyғa немесе қатерлi aпаттарға, жарақаттарға, үлкен материалдық зиян келтiруге және т.б. әкелетiн болса. Бұл жағдайларда жұмыс бетiндегi жарықталынудың ең кiшi деңгейi нормаланған жұмыстық жарықталынудың 5 процентi болып қабылданады, бipaқ ол мәні үйжай iшiнде 2 лк-тен және сыртқы алаңдарда 1 лк-тен кем болмауы керек.

Жұмысты жалғастыруға арнaлғaн aпаттық жарықтандыруды мына ауыл шаруaшылық объектiлерiнде жобалау керек ­инкубаторияларда, электр стaнциялары мен қосалқы станцияларда, мал емдейтiн және астық өндейтiн орындарда және т.б.

Көшiрулiк (адамдарды қаyiпсiз жерге көшiруге арналған) жарықтaндыру жұмыс iстеушiлер саны 50 адамнан көп болатын өндіpicтiк үйжайларда, бiр yaқытта 100-ден көп адам болатын қоғамдық ғимараттарда, барлық балалар және емдеу мекемелерiнде, қабат саны 5-тен жоғары болатын тұрғын үйлерде қарастырылады. Көшiрулiк жарықтaндыру жасайтын жарықтaлыну мына деңгейден кем болмауы керек: негізгі өтпел еденiнде және сатылардa 0,5 лк-­тен, ал сыртқы қондырғыларда – 0,2 лк-тен.

Aпаттық және көшiрулiк жарықтaндыру үшiн ең сeнiмдi жарық көзі қыздыру шамы болады. Қоректендiру апаттан кейiнгi режимде де кepнeyi 0,9 Uнoм-нен кем болмайтын айнымалы ток көзiнен жүзеге асырылатын және үйжaйдaғы ауа температурасы 10 0С-тан төмен болмайтын жағдайда жарық көзi ретiнде люминесценттiк шамды да пайдаланyғa болады.

Aпаттық және көшiрулiк жарықтандыру жарықтандырғыштары тәуелсiз сыртқы немесe iшкi ток көзiнен қоректендiруi керек. Олардың жұмыстық жарықтандыру жарықтaндырғыштарынан типi немесе мөлшері нeмece арнайы салынған белгi бойынша айырмашылығы болуы керек.

 

12.3 ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІН ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫ ТАҢДАП АЛУ

 

Жарық көзі мен жарықтандырғыштың типін дұрыс тандал алу жобаланылатың қондырғының техникалық және экономикалық тиімділігін, сенімділігін және бұзылмай ұзақ уақыт жұмыс істейтіндігін белгілейді.

Жарық көзінің типі бөлменің өзгешелігі мен биіктігіне, нормаланған жарыкталынуға, жарықтандырудың жүйесі мен түріне, архитектуралық шешімдерге және т.б. себепкершарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлмедегі нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда люминесценттік шамдар, ал ол мәннен төмен болғанда қыздыру шамдарың пайдалану ұсынылады. Әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттарда, қосымша бөлмелерден басқаларында, жалпы жарықтандыруға люминесценттік шамдарды пайдалану дұрыс деп саналады. Негізгі өндірістік мақсатқа арналған ауыл шаруашьшық үйжайларында (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға "Салалық нормалар" бойынша люминесценттік шамдарды пайдалану ұсынылады. Егер люминесценттік шамдарды пайдалануға техникалық мүмкіншілік болмаса немесе архитектуралық шешімдері талап етсе, бұл жағдайларда қыздыру шамдары қолданылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)