Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі жарыҚ шамалары жӘне олардыҢ Өлшем бірліктері 7 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

9.6 сурет – ДНаТ шамының құрылысы:

1-ішкі керамикалық разрядтық түтік; 2-вольфрам электрод; 3-сыртқы колба

9.7 сурет – ДНаТ шамын электр торабына қосу сұлбасы

 

Түтіктің ішіне натрий буларымен бірге ксенон және сынап булары енгізіледі. Активтелген вольфрам электродтар түтіктің екі шетіне дәнекерленеді. Жанарғы қызуға төзімді шыныдан дайындалған колбаның ішінде орнатылады. Жанарғыны жылулық оқшаулау үшін колбаның ішінен ауа сорылып алынған. ДНаТ шамын электр торабына қосу сұлбасы 9.7 суретте берілген.

Шам жұмыс істеу үшін разряд тогын шектейтін және тұрақтандыратын балласт кедергі - дроссель және тұтандырғыш құрылғы ТҚ қажет. Құрылғы импульстік трансформатордан, конденсатордан және басқа арнайы элементерден тұрады. Конденсатор мезгіл-мезгіл импульстік трансформатордың бірінші орамасына разрядталғанда құрылғыда жиілігі 500 Гц болатын импульстер пайда болады. Осы кезде импульстік трансформатордың шамға паралель жалғанған орамасында амплитудасы 4,5 кВ шамасында болатын кернеу импульстері индукцияланады. Жоғары кернеу импульстері жанарғыда разрядтың тұтануын қамтамасыз етеді. Шамды тұтандырғаннан кейін тұтандырғыш құрылғы өзінің жұмысын тоқтатады.

ДНат шамы тұтанғаннан кейін 10…15 минут ішінде жұмыс режиміне аусады, сөндіргеннен кейін 1…2 минуттан соң оны қайта тұтандыруға болады.

Натрий булары сәулеленуінің жарық бергіштігі 130 лм/Вт, бірақ оның 70% -ке дейіні толқын ұзындығы 560…610 нм қызғылт-сары сәулеленуге жатады, сондықтан түс берілісі өзгереді. Қуаты 400 Вт ДНаТ 400 шамының жарық ағыны 43 клм, ал кызмет ету мерзімі 10000 сағат болады. ДНаТ шамы қоршаған орта температурасы – 600 С –тан +400 С –қа дейін болғанда сенімді тұтанады және жұмыс істейді. Бұл шамдардың жарық-техникалық қасиеттеріне электр торабы кернеуінің аутқуы өте жоғары әсер етеді.

ДНаТ шамдар түс беріліске арнайы талап қойылмайтын жерлерде: техникалар тұратын орындарды, көшелерді, автострадаларды, үлкен құрылыстық аландарды жарықтандыруға қолданылады.

 

9.4 ДОFАЛЫҚ КСЕНОНДЫ ШАМДАР

 

ДКсТ типтi доғалық ксенонды түтiктi шамдар разрядтық токты тұрақтандыру балласт кедерriнiң көмегісіз жүзеге асырылатын жоғары қысымды газ-разрядтық шамдардың қатарына жатады. Toкты балласт кедерriсiз тұрақтандыру бұл шамдарда разрядтың плазмада өтyiнe байланысты. Өйткенi плазмада ток тығызды газдың иондану дәрежесiне байланысты емес дерлiк, себебi электрондар санының көбеюi олардың epкiн жол ұзындығын пропорционал қысқартады. Плазма бағанасының үйлесiмдi геометриялық мөлшерi және оның тұрақты меншікті электр кедергісі қаныққан разрядтың омдық кедерriсiнiң тұрақтылығын қамтамасыз eтeдi.

ДКсТ шамдары арнайы өте күрделi және қымбат келетiн жүргiзу-реттеу аппараттары арқылы iскe қосылады. Шамдарда арнайы салқындату жүйесi қолданылады.

Ксенонды шамдардың спектрiнде керiнерлiк, ультракүлriн және инфрақызыл сәулелер болады. Ультракүлгiн сәуле ұзақ yaқыттa адамға зиянды әсер етеді, сондықтан арнайы сүзгілер қолданыланып, шамның сәулелену спектрi жақсартылады. Мұндай шамдар ДКсТВ және ДКсТЛ деп аталады. Доғалық ксенон шамдарының бiрлiк қуаты және жарық ағыны басқа жасанды жарық көздерiне қарағанда жоғары келедi. Сондыктан олар өте үлкен құрылыстық және басқа аландарды жарықандыруға, сондай-ақ спектpдiң ультракүлгін және инфрақызыл бөлiктерiнде сәулеленуiнiң спектрлiк тығыздығы коррекцияланғанда өсiмдiктердi өcipyre арналған сәулелендiргiш қондырғыларда пайдаланылады.

Доғалық ксенонды шамдардың негiзгi кемшiлiктерiне олардың жарық бергiштiгi мен қызмет ету мерзiмiнiң аздығы, стробоскопиялық эффектiң айқындығы, журriзу-реттеу аппаратарының күрделiгi мен қымбаттылығы жатады. [kgl]

 

[gl]ӨНДIРIСТЕ ПAЙДAЛAНЫЛAТЫН ГАЗ-РАЗРЯДТТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРI[:]

 

10.1 ТӨМЕН ҚЫСЫМДЫ ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРI

 

УК-С облысына жататын сәулелену микроорганизмдердi өлтiредi, яғни бактерицидтiк әсер етедi. Осы сәулеленудi алуға ДБ типтi төмен қысымды доғaлық газ-разрядтық шамдар пайдаланылады. ДБ бактерицидтiк шамдарының жарықтандыратын люминесценттік шамдардан айырмашылығы - олардың түтігінің арнайы увиол шыныдан дайындалуы және түтiктiң ішкi бетiнде люминофордың жоқтығы. Қолданылатын арнайы увиол шыны УК-С облысына жататын ультракүлгiн сәулелердi өте жақсы өткiзедi. ДБ шамдарының сәулелену спектрi сызықша болады. Әpi сәулелену ағынының 80 процентке дейiнi толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін сәулелерден тұрады.

УК-В облысына жататын ультракүлгiн сәулелену адамға және ауыл шаруашылығы малдарына рахитке қарсы және эритемдік әсер етедi. УК-А облысына жататын сәулелену зерттелетiн заттардың жарық шығаруын қоздырады, сондықтан люминесценттік анализ тәсiлiмен заттардың сапасын aнықтayғa пайдаланылады. УК-А және УК-В облыстарына жататын сәулеленудi алуға ЛЭ типті люминесценттік эритемдік шамдар қолданылады.

Сырттай қарағанда ЛЭ шамдардың жарықтандыратын люминесценттік шамдардан айырмашылығы жоқ, бірақ олардың түтігі увиол шыныдан дайндалады. Бұл шынының толқын ұзындығы 280...380 нм диапазонында болатын сәулеленуді өткізу коэффициенті жоғары болады. Түтіктің ішкі бетіне арнайы құрамды люминофор жалатылған.

ЛЭ шамдарды сәулелену энергиясының 37%-і УК-В сәулелеріне, 33%-і УК-А сәулелеріне және 30%-і көрінерлік сәулелерге жатады.

ЛЭР типті эритемдік (рефлекторлық) шамдар өте шанды үйжайларда қолдануға арналған. Бұл шамдарда түтік периметрінің жоғарғы 1/3 бөлігінде люминофордың астында сәулелену ағынының төмен бағыттайтын шағылыстырғыш болады.

Қызметету мерзімінде люминофордың жарық шығаруының төмендеуінен және ультракүлгін сәулелердің әсерінен колбаның мөлдірлігінің жойылуынан төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін шамдарының сәулелену ағыны бастапқы мәнінің 60 процентіне дейін төмендейді.

Электр торабы кернеуі ауытқуы және қоршаған орта жағдайлары осы шамдардың қызмет ету мерзіміне, тұтану сенімділігіне және сәулелену ағынының мәніне жарықтандыратын люминесценттік шамдарға сияқты әсер етеді.

 

10.2 ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРІ

 

ДРТ типті жоғары қысымды сынапты түтікті шамдар қуаты ультракүлгін сәулелену көздері болып саналады. ДРТ шамының құрылысы 10.1 суретте көрсетілген.

10.1 сурет - ДРТ шамының құрылысы:

1-кварц түтiк; 2- электрод; 3- шамды ұстағыштар; 4-мыс фольгадан таспа

 

Шамның колбасы 1 ультракүлгін сәулелерді өткізу коэффициенті жоғары болатын баяу балқитын кварц шыныдан дайындалады. Түтік колбаның eкi ұшына активтелген вольфрам электродтар 2 бекітілген. Колбаның iшiне аproн және белгiлi бiр мөлшерде сынап енгiзілген. Түтік сәулелендiретін арматураға металл ұстағыштар 3 көмегімен бекітіледі. Түтіктің сыртқы бойына жұқа мыс таспа 4 ұстағыштармен бекiтiлген. Ол разрядтың тұтaнyын женiлдетуге арналған. Шам электp торабына токты шектеуге және разрядты тұpaқтaндыpyғa арналған дроссельмен тiзбектеп қосылады (10.2 сурет). Шамға бастырма ЖБ және конденсатор Cl параллель жалғанған. Олар дроссель мен конденсатордың өзара әрекеттесу нәтижесінде разрядты тұтандыруға жеткілікті жоғары кернеу импульсін алуға арналған.

10.2 сурет - ДРТ шамын электр торабына қосу сұлбасы.

 

Тұтанғаннан кейiнгi бастапқы 5...10 минут iшiнде шам қызады. Шамның iшiндегi қысым жоғарылайды, түтiктiң oci бойында температурасы 6000... 8000 К болатын разрядтың жарқыраған баусымы пайда болады. Шамның электрлiк және жарық- техникалық сипаттамалары өзгередi (10.3 сурет). Сөнгеннен кейін 5...10 минут iшiнде шам салқындағаннан соң оны қайта тұтaндыруға болады.

l0.3 сурет - ДРТ шамының негiзгi параметрлерiнiң өзгеруi.

 

ДРТ шамының сәулеленуi сынап буларында өтетін разрядқа тән сызықтардан тұрады. Ол сызықтар көрiнерлiк сәулелер аймағында, сондай-ақ ультракүлгін сәулелер аймағында да орналасқан.

ДРТ шамдар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде мал мен құстарды ультракүлгiн сәулелендiруге арналған жылжымалы қондырғыларда пайдаланылады.

Қызмет ету мерзiмiнде ДРТ шамының сәулелену ағыны колбаның мөлдiрлiгiнің бiртiндеп төмeндeyiнeн азаяды. Қызмет ету мерзiмiнiң соңындa сәулелену aғыны екі есе төмендейдi. Шамның жарық-техникалық және электрлiк сипаттамаларына электр торабы кернеуiнің ауытқуы айтарлықтай әсер eтeдi. Сәулелену ағыны сан жағынан да, сондай-ақ сапа жағынан да өзгередi. Қopeктeндipy кернеуi 1 %-ке ауытқығанда шамның эритемдік ағыны сәулелену ағынының спектрлiк құрамы мен мәнiнің өзгеруiне байланысты 4 %-ке өзгередi.

 

10.3 ӨCIМДIK ШАРУАШЫЛЫFЫНДА ПАЙДAЛAНЫЛAТЫН ГА3-РАЗРЯДТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРI

 

Фотосинтез оптикалық сәулелену әpeкeтiнeн өсiмдiктерде өтeтiн энергияны көп тұтынатын процесс болып табылады. Өсiмдіктер өсу және жемiстену үшiн сәулелену деңгейi өте жоғары болуы керек. Жасанды жағдайларда бұл мақсатқа тек электр сәулелену көздерi көмeгiмeн жетуге болады.

Жылыжайлар мен көшетжайларда тұтынылатын электр энергиясының негізгі белiгi өсiмдiктердi сәулелендіруге шығынданады. Сондықтан осы мақсатқа фитобергiштiгi жоғары болатын үнемдi сәулелену көздерiн пайдалану керек.

Фитошамдарға арнайы талаптар қойылады:

1) фитобергiштiгi жоғары болуы;

2) шамның сәулелену ағынында өсiмдiктердiң дамуына қысым көpceтeтiн сәулелердің болмауы;

3) сәулелендiрiлетiн бетте сәулелендiрiлiнудiң қажеттi деңгейiн және таралуын тиiстi арматурамен бiрге немесе арматурасыз жасау үшiн кeңicтiккe сәулеленуiн тарату сипаттaмасы мақсатқа сәйкес болуы;

4) өciмдiктep өceтiн үйжайларға тән жоғары температуралы және ылғалды ауада сенiмдi тұтануы және жұмыс icтeyi. Шам колбасы оған су тамшылары түскенде де сынбауы керек;

5) сәулелену көзi құнының қолайлығы;

6) шамдарды пайдаланудың ыңғайлығы және қаупсiздiгi.

Осы талаптарға жауап беретiн тиiмдi сәулелену көзiн ойлап шығару-өте күрделi мәселе. Бұл мәселе әpi шешуiн күтyдe.

Фитошамдар тиiмдiлiгiнің жоғары болуы олардың сәулеленуiнiң спектрлiк құрамының сәулеленудi қабылдағыштың (жасыл өсiмдiктiң "орташа жапырағының") спектрлiк сезгiштiгiмен сәйкестендiруiне байланысты болады.

ЛФ40-2 типтi кiшi қысымды фитошамдар сәулеленуiнiң ерекшелiгi - толқындар ұзындықтары 400 нм-ден 450 нм-ге дейiн және 600 нм-ден 700 нм-ге дейiн болатын сәулеленудiң спектрлiк тығыздығының жоғарылығы. Осы толқын ұзындықтарынa өciмдiктің спектрлiк сезгiштiгiнiң максимумдары келедi. ЛФ40-2 шамы сәулеленуiнiң қажеттi спектрлiк құрамы люминофор компоненттерiн таңдап алумен байланысты. Бұл шамдардың жарықтандыруға арналған люминесценттiк шамдардан басқа құрастырылымдық айырмашылығы жоқ. Шамның қуаты 40 Вт, сондықтан жарықтану қажеттi деңгейде болу үшiн жылыжайларда көп шамдар пайдалану керек болады. Бұл жарық көздерiн жылыжайда орнатуды қиындатады және күндiз табиғи жарықтану деңгейiн төмeндeтeдi. Ocы себептерден тиiмдiлiгiнiң жоғарылығына қарамастан ЛФ40-2 шамдары жылыжайларда сирек қолданылады. Жоғары қысымды ДРЛ-400, ДРВ-750, ДРФ-1000 типті фитошамдарды пайдаланғанда жоғарыда айтылған кемшiлiктердi бiрқатар жоюға болады.

ДРЛФ-400 фитошамдардың ДРЛ жарықтандыратын шамдардан ацырмашылығы – пайдаланылатын люминофор ұүрамының өзгешелігі және люминофордың астында сәулелену ағының кеңістікте керекті түрде тарататын шағылыстырғыш болуы. Бұл шамдар ОТ 400 сәулелендіргіштермен жылыжайларда жиі қолданылады.

ДРВ 750 шамдарда балласт кедергі ретінде вольфрам спираль пайдаланылады. Ол шам колбасының iшiне opнатылады. Балласт ендергінің сәулеленуi люминофор шығаратын сәулелерге қосылып, шамның жалпы сәулелену спектрін жақсартады. Балласт кедергі колба iшiнде орналасқан газ-разрядтық шамдарды пайдалану сәулелендiретiн қондырғыларға жұмсалатын күрделi қаражатты 5...6 есе азайтyға мүмкiншiлiк бередi. Бiрақ актив кeдepгiдe (спиральде) қуат шығыны көп болғандықтан шамның индуктив балласт пайдаланатын шамдардан тиiмдiлiгi 1,5...2,0 есе кем болады.

ДРФ1000 фитошамының құрылысы 10.4 суретте көрсетiлген.

10.4 сурет – ДРФ1000 шамының құрылысы:

l-iшкі кварц колба; 2- негiзгi электpодтар; 3- сыртқы колба; 4- ток шектейтiн резистор; 5- қосымша электрод.

 

Кварц шыныдан дайындалған жанарғының 1 iшiне аргон, литий жане индий иодидтерi қосылған сынап булары еңгiзiлген. Сыртқы колба 3 қызyғa төзiмдi шыныдан дайындалған. Шыны бетіне су тамшылары түскенде жарылмайды. Колбаның ішкi қабатында алюминийден және оның тотықтapынaн дайындалған шағылыстырғыш бар. Негiзгi электродтар 2 торий тотықтарымен активтелген вольфрамнан дайындалған. Қосымша тұтандырғыш электpод 5 кедергiсi 10…15 кОм болатын ток шектейтін резистор 4 арқылы жалғанған. ДРФ 1000 шамдар жарықтандыруға арналған метал-галлоидты шамдар сияқты жұмыс iстейдi. Жанарғы iшiне металл иодидтерi еңгiзу 90 фт-ке тең фит-ағынының және 90 мфт/Вт фит-бергiштiгiн алуға мүмкiншiлiк бердi. Шам электр торабына ДБ 1000-2/220 В балласт құрылғы көмeгiмeн қосылады.[kgl]

 

[gl] ЖАРЫҚТАНДЫРАТЫН ЖӘНЕ СӘУЛЕЛEНДІРЕТIН ҚОНДЫРFЫЛАР[:]

 

ЖАРЫҚ ҚҰРAJIДAPЫ МЕН СӘУЛЕЛEНДIРГIШТЕРI

 

11.1 ЖАЛПЫ МАFЛҰМАТТАР. ЖАРЫҚТAНДЫРFЫШТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

 

Көп жарық көздерiнің жарықтылығы жоғары келедi, сондықтан олардың көз шағылыстыратын әcepiн кeмiтy керек болады. Сонымен қатар, жарық көздерiнiң жан-жаққа таралатын жарық aғынын жарьrқталынатын бетке бағыттаy қажет болады. Жарқ көздерiн көп жағдайда механикалық бүлiнуден және сыртқы ортаның зиянды әcepiнeн де caқтay керек болады. Осы талаптарды орындау үшiн арнайы жарық құралдары қолданылады. Жарық көзінен және оны (шамды) бекiтуге, электр торабына қосуға, жарық ағынын қажеттi жаққа таратуға, шамның көз шағылдыратын әcepiн кeмiтyгe, механикалық бүлiнуден және сыртқы ортаның зиянды әсерінен caқтayғa арналған құрылғыдан тұpaтын құралды жарық құралы деп атайды. Өзiнен өте қашықтықта емес (құралдың геометриялық мөлшерiнен 20 еседен қашық емес) объектiлердi жарықтандыруға арналған құралды жарықтандырғыш деп атайды, ал үлкен қашықтыққa арналғaн құралдарды прожектор деп атайды. Жарықтандырғыштарды жарық ағынын тарату сипаты, атқару мiндeтi, дайындaлуы және орнату тәсiлi бойынша кластарға топтастырады.

Атқару мiндетi бойынша жарықтaндырғыштар үйжайларға, aшық аландарғa, кемелерге, тeмip жолға және басқа объектiлерге арналған болуы мүмкiн.

Дайындалуы бойынша жарықтандырғыштар оларды қоршаған ортаның зиянды әcepiнeн қорғау дәрежесiне байланысты үш класқа (шаңнан қорғалмаған, шаңнан қорғалғaн, шаң кiрмейтiн) белiнедi, ал ылғал әcepiнeн қорғау дәрежесiне байланысты сегiз класқа (ылғалдан қорғалмаган, тамшылардан қорғалған, бүркiн тамшыларынан қорғалған, санылаусыз және т.б.) топтастырылады.

Жарықтандырғыштардың дайндалуы өрт қаупсiздiгiн қамтамасыз ету дәрежесiне де бaйланысты келедi.

Жарылудан қорғау дәрежесi бойынша жарықтандырғыштаp жарылуға қарсы сенiмдiлiгi жоғарылатылған, жарылудан қаупсіз және жарылудан өте қаyпсыз болып үш класқа бөлiнедi.

Қызмет көрсетушiлердi электр тогы әpeкeтiнен қорғау дәрежесi бойынша жарықтандырғыштарды бес класқа топтастырады.

Орнату тәсiлiне байланысты жарықтандырғыштар iлмелi, төбелiк, қабырғалық, енгiзiлетiн, столға қоятын, консольдiк (бiр шетiнен бекiтiлетін) болып бөлiнедi.

Жарықтандырғыштың негiзгi сипаттамалары: жарық таратуы, қорғау бұрышы және п.ә.к.

Жарықтандырғыштардың жарық таратуы мына екі тәуелсiз белгiлермен анықталады: жарық тарату класымен, яғни жоғарғы және төмeнгi жарты сфералар аралығында сәулелену ағынын таратумен және жарық күшiнiң кисығымен (ЖКҚ), яғни жарық тарату қисығының пiшiнiмен.

Жарық ағынын жоғaрғы және төмeнгi жарты сфераға бағыттауы бойынша жарықтандырғыштаp 5 класқа бөлiнедi (11.1 кесте).

 

11.1 кесте - Жарық таратуы бойынша жарықтандырғьштaрдың кластары

Жарықтaндырғыш класының белгiсi Жарық таратyы бойынша жарықтaндырғыш класының аты Tөмeнгi жартылай сферағa бағыттaлынатын жарық aғынының үлеci, %
П Тура бағытты жарықты 80 %-тен жоғaры
Н Негiзiнде тура бағытты жарықты 60...80
   
Р Шашыранқы жарықты 40...60
В Негiзiнде шағылысқан жарықты 20...40
   
О Шағылысқан жарықты 20 және одан кем

 

Жоғары немесе төмeнгi жарты сферағa жарықтандырғышпен сәулелендiретiн жарық ағынының кеңiстiкте таралуы әр түрлі пiшiндi болуы мүмкiн. Таралу пiшiнi жарық күшiнiң қисығымен (ЖКҚ) сипатталады.

Жалпы мақсатқа пайдаланылатын жарықтaндырғыштардың жарық таратуы жарық күшiнiң бойлық қисығымен көрсетiледi (11.1, а сурет). Кеңістікте жарық ағыны жарықтандырғыштың симметриялық осіне симметриялы таралатын, яғни тік сызықпен α бұрыш құрайтын барлық бағытта да жарық күші бірдей болатын, жарықтандырғыштар кең таралған. Осындай жарықтандырғыштарға симметриялы осі арқылы өтетін қандай болса да жазықтықта жарық ағынының таралуын көрсету жеткілікті болады. Құpacтырылымының әр түрлі болуына қарамастан, жарықтандыpғыштардың 7 типтiк ЖКҚ болады (11.1, б сурет): К -шоғырланған, Г - созынқы, Д - косинусты, Л - жартылай жалпақ, М - ­бiр қалыпты, С - синустық.

11.1 сурет - Жарықтандырғыштардың жарық тарату сипаттама­лары:

а-бойлық жарық тарату қисығы; б-жарықтандырғыштардың жарық тарату түр­лерi (жарық ағыны 1000 лм жарық көзiне).

 

Суретте жарық aғыны 1000 лм болатын "шартты" шамы бар жарықтандырғыштардың типтік ЖКҚ-ы берiлген. Ic жүзiнде жарықтандырғыштардың ЖКҚ-ы типтiк қисықтардан өзгеше болуы мүмкiн екендiгін айтып кету керек, бiрақ олардың пiшiнi не ол, не бұл типтiк ЖКқ-на жуық жақындау болады.

Әр түрлi жарықтандырғыштардың ЖКҚ және жарық күшiнің кестелерi жарық ағыны 1000 лм болатын "шартты" шамға арналып тұрғызылады. Бұл пайдаланылатын шам жарық ағының әр түрлi мәніне сәйкес келетiн әрбiр жарықтандырғышқа көптеген анықтамалық қисықтарды тұрғызудан қутқарады. Жарық ағыны 1000 лм-нен өзгеше болатын басқа шамның жарық күшi пропорционал қайта есеп айыру тәсiлiмен анықталады. Таңдап алған шаммен жарықтандырғыштың α бұрыш бағытындағы жарық күшi (кд) мына өрнек бойынша есептелiнедi:

(11.1)

мұндағы Iα0 - жарық aғыны 1000 лм "шартты" шамы бар жарықтандырғыштың жарық күшi (кд); F - жарықтандырғышта iс жүзiнде пайдаланылатын шамның жарық aғыны, лм.

Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы оның адам (жануар) көзін шамның шағылдыру әpeкeтінeн қорғау деңгейін сипаттайды. Бұл - горизонталь мен қызу денесiнің шеткі нүктecін шағылыстырғыштың қарама-қарсы қырымен қосатын сызық арасындағы бұрыш (11.2 сурет). Қорғау бұрышының мәнi жарықтандырғыштың құрастырылымына тәуелдi келедi және оны мына өрнекпен анықтауға болады:

(11.2)

Жарықтандырғыштардың қорғау бұрышы 12...400 шегінде болады.

11.2 сурет - Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы.

 

Жарықтандырғыштың ПӘК - жарықтандырғыштың жарық ағынының Fж шамның жарық ағынына Fш қатынасы:

(11.3)

Жарықтандырғыштың ПӘК–і оның үнемдiлiгiн сипаттайды және жарықтандыратын арматураның материалы мен жарықтандырғыштың құрастырылымына байланысты келеді.

Практикалық пайдаланылатын жарықтандырғыштардың ПӘК-i 0,45...0,9 шегiнде болады. Жарықтандырғыштың өз аты болуы (мысалы "Астра"), артикул нөмipiмeн белгiленуi (мысалы, арт. 135), немесе аббревиатуpамен маркалануы (мысалы, ПВЛ-шаңнан және судан қорғaлған люминесценттiк) мұмкiн. Бiрақ барлық жағдайлIарда да жарықтандырғыштарға мемлекеттiк үлгiқалып бойынша шифр берiледi. Шифрдың құрылымы мынадай болады:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)